Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции Қазақ тілі аудармалар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
421 Кб
Скачать
☆

Ақыл-есі кем оқушылардың сөйлеу дамуының мақсаты мен жолдары

Ақыл-есі кем балалардың сөййлеуінің дамуы – барлық оқыту пәндерін үйрету процесінде арнайы (түзету) мектебінде қарастырылатын ең бір маңызды міндеті болып табылады. Балалардың сөйлеуінің дамуына соншалықты көңіл бөлу жайдан жай емес. Әртүрлі сөйлеу бұзылысын бұзылысын түзету жұмысын істей отырып және сөйлеу білімі мен біліктілігін қалыптастыра отырып, біз оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытамыз және психикалық функцияларын барынша жетілдіреміз.

Зерттеулер көрсеткендей, «сөздік жүйені меңгеру баланың барлық негізгі психикалық процестерін құрады және сол арқылы сөз психикалық іс-әрекетті қалыптастырушы қуатты фактор, нақтылықты жетілдіруші және зейіннің ес пен елестетушіліктің, ойлау және әрекеттің жаңа түрлерін құрушы болып табылады».

Баланың толық сөйлеуі бұл коммуникабельность (тез тіл табысу) деңгейін арттыру құралы, тұлға ретінде даму жолы және ең жақсы әлеуметтік бейімделуге жету әдісі болып табылады.

Ақыл-есі кем балалардың сөйлеуі құрылғандағы басты қиындық қазақ тілі сабағында байқалады, бұл жағдайда тіл тек оқыту құралы ғана емес және де оқыту пәні болып келеді. Балалар зейіні сөздердің дыбыстық құрамына, оны қағазға кодпен жазу, ойын аңығырақ жеткізу үшін лексикасын жинақтау, мәтінде бір-бірімен байланыстыру үшін сөйлеуінің дұрыс құрылуына назарын аудартады.

Қазақ тіліне арналған бағдарламада кіші сыныптарға ауызекі сөйлеу тілінің дамуына арнайы мазмұны белгіленген, оқушылардың сөйлеу білігін талап ету құрылған және соған байланысты сабақтар бөлінген (1-2 сағат аптасына).

Ақыл-есі кем балалардың қазақ тілі сабағында дамуға арналған нақты жұмыс міндеті келесі бағытта беріледі:

  1. Оқушылардың сөйлеуін дамыту арқылы меңгеруі;

  2. Сөйлеу дефектісін түзету және сөйлеу білігін игеруі;

  3. Сөздік қорын анықтау, байыту және жетілдіру;

  4. Сөйлемнің грамматикалық дұрыс құрылу қабілетін дамыту;

  5. Ауызекі сөйлеу түрлерін монологтік және диалогтік дамыту және кемшіліктерін түзету;

  6. Жазу түрінде өз ойын логикалық жеткізу және байланыстыру қабілетін дағдыландыру.

Қазақ тілі сабағында 3-5 міндеті барлық оқу кезеңінде орындалады. Мұғалімнің сұрағына жауап ретінде оқыған мәтінді өздігінше түсінік айту, сурет бойнша ауызша әңгіме құру және бұл жаттығу түрлері барлық сыныпта қолданылады.

Басқа тапсырмаларды іске асыру белгіленген сынып аралығында көбіне зейінді қажет етеді. Әрбір оқушының сөйлеу дамуының нақты білімдік деңгейі – жұмыс жүйесінің дұрыс дамуының шарты болып табылатындықтан, балалардың сөйлеуге үйренуі оқудың 1 жылында іске асырылады. Сонымен қоса, балалардың спецификалық ерекшеліктеріне зейін қоюы болашақта жоғалмауы керек. Оқу барысында оқушылар сөзді анық түсінбеуі , оларды басқа сөзбен байланысын дұрыс емес құруы, ой құрылуының кезектілігін бұрмалауы мүмкін.

Ақыл – ойында бұзылысы бар бастауыш сынып оқушылардың ең негізгі тапсырма сөздің дыбысталуындағы кемістікті жою, түзету. Жазбаша сөйлеу тілінің негізгісі жоғарғы сыпыптарда меңгеріледі, бірақ бастапқы түсініктері бастауыш сыныпта қалыптасады. 2 – сынып оқушылары жазудың сөйлем түрінде суреттердің астына жазып отырады (3 – 4 сурет), нәтижесінде байланысы бар қысқа әңгіме болып шығады. Мұғалім тапсырған 3 – 4 сөйлем, суреттің деформалық мәтіндермен жұмысты өз бетінше орындайды. 4 – ші сыныпта бұл жұмыстың түрі күрделенеді, таныс немесе алдын ала талдаудан кейін, тапсырманы өз бетінше орындайды.

Сөйлеу тілі дамуының жұмыстары бір – бірімен байланысты және кешенді жүргізіледі. Әр сөйлеу тіліндегі бірліктері (дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін),иерахиялық деңгейдегі байланыстарға қарамай, коммуникация прцессін ретттейді, дамытады. Дыбысталу біліктілігі баланың сөздік қорын қалыптастыру бірге жүргізіледі. Сөздерді тек басқа сөздермен, әр түрлі формада,мәтінде байланыстырып меңгеруге болады. Сөйлемде сөздердің реті, формальді және т.б. ерекшеліктер анықталады.

Арнайы мектепте сөйлеуді әржақты дамытумен қоса, сөйлеу жетіспеушілігіне арналған түзету жұмыстары жүргізіледі. Әсіресе кіші сыныптарда артикуляция анықтығымен, орфоэпиямен, интонациямен жұмыс істей отырып, мұғалім логопед арқылы бекітілген сөзге енгізілмеген дыбыстармен шұғылданады (бұл кезең ақыл-есі кем балалармен жұмыс жасау кезінде қиындық тудырады және логопед пен мұғалімнің бірлесіп ат салысуын қажет етеді).

Сөздік қорын түзету жұмысы арқылы сөздігін байыту мен оны анықтау бағытымен жүргізіледі. Бұл процесс сөз тыңдауда оралымсыз стереотиптерді жоюға және сөздік қарқынына әкеледі (бала мейірімді, ұқыпты, батыл, адал, мейірбан, тек жақсы деген сөз ғана емес).

Сөйлем құру мен байланыстыру кезіндегі кемшіліктерді түзету жұмысы өте қажет. Бұл жетіспеушілікті жою үшін мемлекеттік бағдарлама әр түрлі сөйлем типтерін этап бойынша балалар жұмысымен өтеуді және септік пен шақ түрлерін дұрыс қолдануды ұсынады. Сонымен қатар айқындау түрлері кезіндегі жұмыс (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) пен мазмұн ату арасы тығыз байланыста болу керек (заттар, құбылыстар және өмірдегі олардың бір-бірімен байланысы).

8 сыныпта көрсетілетін кинофильм немесе видеофильмнің түсінігі бойынша түрі жағынан әртүрлі, мазмұны жағынан бірдей тақырыпқа түседі: Бізге жануарлар туралы фильм өте ұнайды;Біз жануар туралы фильм көргенді ұнатамыз; Біз жануар туралы баяндалатын фильмдерді өте ұнатамыз.

Оқушылар үшін ең бастысы өз ойларын дұрыс жеткізе білу болып табылады. Егер бала өз ойын, сезімін жеткізе алмаса, тіпті сөйлемейтін болса оның сөйлеуін қалыптастыру мүмкін емес.

Сөйлеу қалыптастыруының бірінші әдістік шарты болып қоршаған ортаның құбылыстары мен заттар туралы оқушылардың елестетушілігін анықтау мен байыту. Оқу сабағында оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін грамматика және дұрыс жазуын (орфографиясын) дамытуда айтылатын тақырыптың мазмұнымен танысады, оқылғанды егжей-тегжей реттейді, ауызекі сөйлеуін дамыту сабағында өткендерді қайталайды, зат пен құбылысты әржақты меңгереді, соған қатыстылардың орнын анықтайды, басқа заттар мен құбылыстардың байланысын анықтайды, практикалық жұмыстар қатарын орындайды, жиналған білімді, біліктілікті және байқаушылығын жүзеге асырады. Осының нәтижесінде мұғалім оқушылардың сөйлеуіне әсерін тигізеді.

Баланың сөйлеу кезіндегі қызығушылығын арттыру – бұл ақыл-есі кем балалардың сөйлеуін дамытудағы жұмыс жетіспеушілігінің 2-ші әдістік шарты.

Сөйлеу мотивациясының көтеріңкілігі әртүрлі көмекші тәсілдер қолдану жолымен жүзеге асырылады, бұл сөйлеуге сыртқы әсер етуші әдіс-тәсілдер: көрнекі құралдар, мұғалім сұрақтары, қызықтырушы тақырыптар, қызық жағдайлар, ынталандыру шаралары және т.б.

Тағы да бір балалардың сөйлеу дамуының шарты – қажетті сөйлеу тәсілдері арқылы пікір айтуын қамтамасыз ету оқушылардың қажетті «құрылыс» мареиалдарын меңгеруге үшін арналған дайындық жұмысы шарттары орындалады. Олар: сөздер, сөз тіркесі, сөйлемдер болып табылады.

Сөздік жұмыс

Сөз – тілдің басты бірлігі. Жекеше алға басу арқылы, ол алдымен номинативті функцияны орындайды – нақты заттарды, әректтерді, белгілерді, адам сезімдерін, қоғамдық құбылыстарды және дерексіз ұғымдарды атайды. Сөйлемді грамматикалық құрастыру арқылы сөз құрылыс материалына айналады және соның көмегімен сөз коммуникативті роль орындауға мүмкіндік алады.

Л.С. Выготский сөзді сөйлемнің бірлігі ретінде ғана емес, оны ойлау бірлігі ретінде де анықтады. Берілген тезисті негіздей отырып, сөз қорыту, түсінік деген мағынаға сүйенеді. Өз қатарында әрбір қорыту ойлау актісі болып табылады. Сонымен сөзде ойлау мен сөйлеу тұтастығы ұсынылған.

Берілген психикалық процестердің байланысын қарастыра отырып, Л.С.Выготский «ой білдірілмейді, бірақ сөзде іске асырылады» , яғни ой сөз арқылы дамиды, жетіледі. Бұл мағынада сөз когнитивті (танымдық) функцияны орындайтыны белгілі, яғни сөздік қорының дамуы ойлауды ғана емес, сонымен қатар басқа психикалық процестерді де қалыптастырады.

Балалардың лексикалық сөйлеу жағының негізгі жетіспеушіліктерін ескере отырып (сөздіктің шектелуі, оның анық еместігі, пассивті сөздіктің активті сөздіктен басым болуы) және қазақ тілінен бағдарлама келесі жолмен анықталады:

  1. Сөздік қорды байыту

  2. Балалар меңгерген бірақ нақты қолданылмаған сөздердің мағынасын анықтау

  3. Сөздік қорды белсендіру

Берілген тапсырма қазақ тілінің барлық сабақтарында іске асырылады, бірақ пән спецификасына (оқу, грамматика және орфография, ауызекі тілдің дамуы) және саьақ кезеңіне байланысты бұл немесе тапсырмалар бағыттаушы болуы бірінші орынға түсуі мүмкін.

Әрбір оқу сабағы кезінде сөз мағынасының түсінігі немесе мәтіннен бөлек олардың мағыналарын анқтау жүзеге асырылады. Соынмен қатар сөздер бөлімін мұғалім түсіндіред, қалғандарын оқушылар оқулық түсіндірмесінен анықтайды, лексеманың (сөз тұлғасының тұтастығы) негізгі тобы балалардың мәтінмен жұмысы кезінде анықталды және меңгеріледі. Келесі оқылған әдеби миатериалдарды игеру сөздік қордың белсендірілуіне әсер етеді, яғни талдау туындысының кезеңінде сұрақтарға жауап, түсінік айту, өмірлік жағдайларға байланысты берілген туынды кейіпкерлеріңнің сюжетін басқа персонаж сюжетімен салыстыру сияқты тәсілдер қолданылады. Бұндай тәсілдерді қолдану меңгерілген және нақтыланған лексиканы бірнеше рет қайталауды болжайды.

Грамматика мен орфография сабағында тілдік және сөздік материал жинақталады, ереже бойынша сөз мағынасының өтелуіне орай, негізгі тапсырмасы сөздікті анықтау болып табылады. Лингвисттардың болжауы бойынша сөзде тіл компоненттерінің барлығы берілген: фонетика (берілген сөз дыбыстардан тұрады), графика және орфография (ауызша сөз ереже бойынша әріптер кодпен жазылады), лексика (әрбір сөз мағынаны білдіреді, ал басқа сөздер оған жақын немесе қарама-қарсы мағына береді), грамматика (сөз тілде белгілі бір грамматикалық формада беріледі).

64-72бет