- •Арнайы (түзету) көмекші мектептерге арналған қазақ тілі пәнінің негізгі әдістемелері. Қазақ тілінің арнайы әдістемесі ғылым ретінде.
- •Негізгі дидактикалық принциптерді қазақ тілі сабағында ұйымдастыру
- •Ақыл-ойында кемістігі бар оқушыларды қазақ тіліне оқытудың әдістемелік принциптері
- •II Тарау сөйлеудің дамуы Ақыл-ойында кемістігі бар балалардың сөйлеу дамуының ерекшеліктері.
- •Ақыл-есі кем оқушылардың сөйлеу дамуының мақсаты мен жолдары
- •Сөздік жұмыс ( словарная работа)
- •Қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттарды зерттеуге байланысты арнайы сабақтарда ауызша сөйлеудің дамуы
- •Сауаттылыққа оқыту әдістемесінің лингвистикалық негіздері
- •Әліппеге дейін кезең
- •Әліппеге арналған жұмыс кезеңдері
- •Оқуға үйрену Оқуға үйретудің психологиялық әдісінің негізі
- •Ақыл есі кем оқушылардың оқу біліктілігін үйрену ерекшелігі
- •Оқу дағдысын қалыптастыру
- •Оқу жылдамдығы
- •Мәнерлеп оқу
- •5.Бірінші әңгіменің рөлге бөліп оқытылуы.
- •Оқудың түрлері
Сөздік жұмыс ( словарная работа)
Тілдің негізгі бірлігі сөз болып табылады. Жеке тұрғанда сөз номинатты функцияны атқарады, яғни нақты бір заттың атын, әрекетін, белгілерін, адамның сезімін , әлеуметтік көріністерді және жеке түсініктердің атын айтуда қолданылады.
Сөз грамматикалық сөйлемдермен байланысса коммунникативті сөйлеу құралына айналады.
Л.С.Выготский сөз тек сөйлеу құралының бірлігі ғана емес , сонымен қатар ойлау қабілетінің де бірлігі . Осы берілген тезиске сүйене отырып, ол сөздің мағынасын / жалпылау , түсінік дегенді білдіреді. Берілген психикалық процестердің әрекеттеріне қарап , Л.С.Выготский « ой білінбейді, ол сөз арқылы жасалады» , яғни ой сөз арқылы дамиды, шыңдалады. Бұл сөздің когнитивті (тану) атқаратынын көрсетеді, өйткені сөйлегенде сөздік қор және ойлау процестері ғана емес, сонымен қатар басқа да психикалық процестер дамиды.
Сондықтан да ақыл есі кем баланың қоршаған ортамен байланыс жасауын түзетуде және дамытуда сөздің атқаратын рөлі , маңызы,ықпалы зор.
Балалардың лексикалық сөйлеуінің жетіспеуін ескере отырып( сөздік қордың жетіспеуі, оның анық еместігі, активті сөздік қордан гөрі пассивті сөздік қордың көп болуы), қазақ тілі бағдарламасыкелесі жолдар арқылы тапсырма жұмысын анықтайды:
Сөздік қорды байыту
Балалар меңгеріп алған, бірақ дұрыс қолданбайтын сөздің мағынасын түсіндіру.
Сөздік қорды активизациялау.
Аталған тапсырмалар барлық сабақтарда жүзеге асырылады( оқу, грамматика және сауат ашу, ауызша сөйлеуін дамыту) және сабақтың кезеңіне қарай бірінші немесе екінші тапсырма алдыңғы планға өтуі мүмкін.
Әдебиет сабақтарында жаңа сабақпен танысуда нақты тапсырма (негізгі материал) болып алдыңғы екі тапсырманы шешуболып табылады. Әдебиет сабақтарының ір кезеңінде сөздің мағынасын талқылау немесе берілген мәтінге байланысты сөздің маңызын (мәнін) талқылайды. Мәтіндегі, шығармаларындағы сөздің жартысының мағынасын мұғалім түсіндіреді, ал қалғандарын оқушылар өздері кітаптан немесе сөздіктен қарап алады. Оқылған шығарманың қалғанын оқушылар өз беттерімен оқып алады, ал келесі кезеңде сұраққа жауап, түсінік айту , бір шығарманың кейіпкерлерін екінші шығарманың кейіпкерлерімен салыстыру , өмірде болған жағдайлармен салыстыру жұреді. Бұл тәсілдерді пайдалану арқылы нақтыланған және қалыптасқан лексиканы біртекті қайталауға мүмкіндік аламыз.
Сауат ашу және грамматика сабақтарында тілдік және сөйлеу материалдарын тиянақты таңдау керек, себебі бұл сабақтарда негізгі тапсырма сөздік қорды нақтылау болып табылады. Лингвистердің тұжырымдауы бойынша сөзде тілдің барлық компоненттері көрсетілген дейді: фонетика,графика және орфография , лексика және грамматика.
Сөздік қордың едәуір белсенді қолданылуы және дамуы тәжірибелік сабақтарда артады , себебі ол кезде оқушылар тек қана затқа қарап қана , оны қимылдату, бөлшектеп көру, зерттеу арқылы бақылағанда.
Әдебиет сабақтарында сөздің мағынасын түсіндіру үшін көрнекіліктер ғана емес , сонымен қатар жест, мимика , драматизациялау (ол жымиды, қабағын шытты ,т.б.) әдістерді қолданады.
Сөздің мағынасын балаларға түсіндіру жеңіл болуы үшін оны мәтінде пайдаланған жөн. Мысалы кішкентай сөзі түсінікті болуы үшін кәшкентай бала кәляскіде ұйықтап жатыр деген сөйлемді пайдаланған жөн.
Сөзді түсіндірудің тәсілдері (амалдары) сөздің типологиясына(түріне) , білім алушылардың жасына, ақыл ес қабіілетінен және өз бетінше жұмыс істеуіне де байланысты қолданылады.
Көрнекілік тәсілдерді жоғары сыныптарда да қолданады, себебі қарап, ұстап көрмейінше оқушылардың оның не екенін түсініп білмейтін сөздері болады, олар ескі заттың аты, кәсіби терминдер, спецификалық көріністер және т.б.
Егер бір сөз балаларға түсініксіз болса, онда оны синоним сөзге ауыстыру керек, бұл арнайы мектепте кең қолданылған тәсіл. Бірақ синонимдес сөздерді көп пайдалану балалардың сөздік қорының көбеюіне мүмкіндік бермейді. Өйткені бала жаңа сөздің орнына соған синонимдес ескі сөзді алмастырады да , соңғы сөзді белсенді қолданбайтын болады. Соған қоса, синонимдес сөз жаңа сөздің мағынасын дәл бере алмауы мүмкін. Мысалы , талып түсті деген сөзбен шаршады деген сөз синонимдес , бірақ шаршады сөзі автордың ойын толық бере алмауы мүмкін.
Сөз мағынасын түсіндіру процесінде білім алушылардың барлығы толық максималды түрде қатысуы керек. Сол үшінде балаларға өз бетінше сөздің мағынасын түсініп көрудің маңызы зор. Соған қоса, балаарға мағынасын толық түрде ашып берудің де маңызы зор, мысалы қорқу \найзағайдан қорқу, күлу \ күлкілі бір нәрсе көргенде ғана күлу еместігін түсіндіру керек.
Сөздік жұмыс істеуде балаларға мәтінді оқытып , сол мәтін ішінен өздеріне түсініксіз сөздерді тапқызу маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Ақыл есі кем балалар арнайы дайындықсыз өздеріне түсініксіз сөз ретінде таныс , бірақ өзгертілген лексикалық сөз тірексті көрсетуі мүмкін. Балалардың қабылдауын дамыту барысында әрдайым өтілген сабақта баларға қай сөз түсініксіз екенін сұрап , оны түсіндіріп және сөз, сөйлем арасында пайдаланып отыру қажет. Мұндай мақсатты жұмыс балалардың мәтінге көңіл бөлуін қалыптастырып қана қоймай , сонымен қатар коммуникативті біліктерінің артуына ықпал жасайды, яғни білім алушылар бір \бірімен қарым \қатынас жасайды,білмегендерін сұрайды ,сыныптастарының толық емес жауаптарын толықтырады .
Сонымен, түзету (коррекционды) мектептегі сөздік жұмыс жүргізудің жалпы талаптарын атап өтейік:
Сабақ өту уақытына сәйкестелген сөз бірлігі болу керек. Бұл жерде кез келген вербалды материалдарды меңгерудегі сияқты , материалдарды бөлшектеп (біртіндеп) өту принципі сақталуы керек. В.А.Сумарокованың зерттеулері көрсеткендей ,кіші сынып оқушыларының орташа оптимальды сөздердің саны бірінші кезеңде 2-3 , жоғары сынып оқушылары үшін 3-5 болуы керек.
Жаңа сөздерді түсіндіруде мәтінге сүйену керектігі. Психологтардың зерттеулері бойынша жаңа сөздерді меңгерумен жаттап алу үшін оларды тақырыппен немесе оқиғалармен байланыстыру керек дейді.
Сөзді презентациялау (таныстыру) процестері барлық анализаторлардың жұмысына сүйенуі керек. Жаңа сөзді міндетті түрде мұғалім оқиды, ал оқушылар есту арқылы есте сақтайды ,әрі қарай көрнекіліктерді пайдалану арқылы сөздің толық мағынасы ашылады,содан соң ол сөзді оқушылар бір рет дауыстап оқиды, содан соң егер грамматика болса,жазып алады.
Сөздің мағынасын түсіндіру \ лексикамен жұмыс істеудегі алғашқы кезең ғана. Ол сөзді сөйлеу тіліне енгізу үшін жүйеленген жаттығулар қатарын орындау керек,ол сөзді қайталап отыру керек.
Лексиканы белсендіруде шарттардың табиғилығын сақтау қажет. Балалар құрастыратын сөйлемдер оқылған мәтінге сәйкес жасалуы керек не мұғалімнің тапсырмасы бойынша басқа сабақта ,экскурцияда, телебағдарламада көргендеріне қарай сөйлем құрастыруы керек.
Лексикамен жұмыс істеу грамматикамен,фонетикамен тығыз байланыста болуы керек. Сөздің грамматикалық негізін ,дұрыс айту механизмін үйренбей жатып жаңа сөзді меңгеру мүмкін емес . Жаңа сөзді меңгеру тілдің барлық жағына кешенді жұмыс атқарусыз мүмкін емес,бұл жағдайда жаңа сөз баланың есте сақтауында (жадында) мағынасыз сақталады немесе тез ұмытылып кетеді.
81бет
Тілдің ауызша байланыс дамуы
Тілдік байланыс бөлшек, құрылымдық және мағыналы болып бөлінеді. Басқа сөзбен айтқанда тілдік байланыс деп- бір-бірімен сөйлемдер байланыс жасау үшін, сондай-ақ тілдік қатынасты бір құрылымға нақты тақырыпқа бағынуды айтады. Тіл, сонымен қатар байланыс қызметі болып табылады. Қарым-қатынастың түрлері:түсіне алуы (импрессивтік), сөйлеу алуы (экспрессивтік). Тілдің экспрессивтік формасы екіге бөлінеді: диалогтік және монологтік. Мақсаттары бір: сөйлеу функциясын орындайды. Сонымен қатар әрқайсының өзіндік орны бар. Әңгімелесушінің дайын және дайын емес түрі диалог деп айталады. Диалогта сөйлемдер ретсіз және толық емес келеді. Мимика, жест, жалпы ситуация, ауыз екі сөйлеу кеңінен қолданылады.
Монолог- диалогқа қарағанда тіл жағдайының күрделі қызметі болып табылады. Тыңдаушыларға анығырақ болу үшін сөйлем логикалық түрде болу керек. Текст тілдік монологтік қызметінің нәтижесі болып табылады. Тілдік байланыс және мағыналы қызмет болып табылады. Лексико-грамматикалық және интонациялық құралдар арқылы хабар беруші сөзді байланыстырады. Монологтік және диалогтік сөйлеу түрлері ақыл-есі кем балаларда болмайды. Импрессивті және экспрессивтік сөйлеу тілі жеткілікті дамымайды. Ақпарат алғанда ешқандай қызығушылық танытпайды, адамдармен сөйлеу қарым-қатынасына түспейді, айтылған сөздерге мән бермейді. Бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке көше алмайды, логикалық ойлауының болмауы, тақырыптан ауытқуы, ойының жеткізе алмауы, осының бәрі ақыл-есі кем балалрда кездесетін жағдай.Сөйлеудің толықтай құралы ретінде жоғары сынып оқушыларында сөйлеу тілі анық болмайды. Өмірдің шынайы бейнесі ретінде заттарды бейнелеу үшін 1-4 сынып оқушыларында ақыл-есі кем балаларда өткізіледі. Осы сабақтардың құрамына (жануарлар, табиғат әлемі, табиғаттағы өзгерістер) жалпы кірістермелі (транспорт, ауыл, қала, отбасы) және күнделікті жаруашылық болып табылады.
Оқытудың әдіс-тәсілдерінің мазмұны сабақ барысында талқыланады. Тәжірибе алмасады, сурет салады, кесіп қырқады, иәскейді, дәмін көреді, бақылайды, материалдармен таныстырады, көрнекі-құралдар және әдіс тәсілдер қолданады. Белгілі ақпаратты меңгереді. Грамматика мен әдебиет сабағы тілді дамытуға әсер етеді. Жазбаша және шығармашылық жұмысқа дайындау жөнінде жасалған экскурсия мен мерекелер жөнінде оқушылардың елестетушілігі, суретпен жұмыс, синтаксистік, орфографиялық және грамматикалық сабақтар ауызша байланыс тілі сабағында өткізілуі тиіс.
Диалогтік түрде оқушылардың ауызша байланыс тілі қазақ тілі болып табылады. Оқытушымен оқушының әңгемесі – негізгі құрал (әдіс) болып табылады. Сұрақтарға толық жауап берілмей қысым жасалмаған түрде өтілуі керек. Сұрақтарға толығымен жауап берілуі міндетті болуы керек және үнемі жаттығып отыруы қажет. Сол себептен бірінші сыныптан бастап мұғалім үнемі толық жауапты талап етіп отырады және жаттықтырады. Екі немесе үш сөйлемнен тұратын монолог түрлері сыныптан сыныпқа көшкен сайын тақырыптар ашық түрде өтіледі. Сұраққа жауап беруді үйрете қоймай оған, сұрақ қоюды да үйрету керек. Тіл белсенділігін арттыратын формасы болып табылады. «Оқушы», «оқытушы» деген диалог өткізу керек. Мысалы, бір оқушы екінші оқушыға түсініксіз болған сұрақтарын бір-біріне қоюды үйрету, сонымен «оқушы-ұстаз» диалогын өткізу қажет, оқушы түсініксіз сұраұтарын ұстазына қояды. Бір жағынан мұғалім қойылған сұраққа жауап алады, екінші жағынан оқушылардың тіл белсенділігі артады. Бақылап отырылған объектіні баяндау, бір суретті көркемдеп айтып беру. Суретке қарап әңгіме құрастыру, оқылған текстті ауызша және жазбаша түрде айтып беру, осының бәрі ауызша байланыс түрлері тәжірибеде қолданылады. С.Ю.Ильиннің тәжірибесінде көптеп көрсетілген. Оқушылар келесілерді меңгереді:
Жеке сөйлемдерге қарағанда ауызша байланыс ойларын ажыратуды
Тақырыптық ойларын анықтау
Ойлау идеясын ерекшелеу
Текстпен тексті байланыстыра білуді
Өзі текстке атау беруді, келісімді немесе идеяға байланысты табу.
Сөйлемдер ксөйлемдер арасындағы логикалық байланысты табу. Жыл өте келе материалдар күрделенеді.
89-106бет (Жамал, Үкілім)
