Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2_370047952657317893.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Дәрігер - науқас түлға аралық қатынасының негіздері

Мұнда ең жауапты және маңызды болатыны ~ дайындық кезеңі. Қатынасудың уақытын, орнын дұрыс таңдап, оның нәтижесінде өз ұстамаларын анықтап, жоспарлау қажет.

Қатынасудың бірінші кезеңі - көзбен, қас-қабағын бақылап тұлға аралық жанасуға ену. Мұнда дәрігердің өзін-өзі дайындауы, науқастың жағдайы мен көңіл-күйін сезуі, өзін еркін сезінуі өте маңызды. Науқастың өзіне бейімдеу, сұхбаттың біркелкі басталуын қамтамасыз ету де маңызды болады. Бұл кезең психологиялық жанасуды бекітумен аяқталады.

Қатынасудыц екінші кезеңінде назарын тікелей науқастың дертіне аударып, әңгіменің тақырыбын анықтап, мотивациялық казбалауға (зондажға) көшеді. Оның мақсаты - науқасты ашық пікірлесуге қызықтыра отырьш, тарту.

Келесі, үшінші кезеңде науқастьщ ойында әртүрлі күмәндік болған жағдайда, дәрігердің аргументті түрде оны өз пікіріне сендіруі.

Төртінші фазада, дәрігер мен науқас бір нәтижеге жетіп, оны бекітуі. Бұл арақатынастың ең бір күрделі ксзеңі. Егер қатынас ажыраса, жанасу да осымен аяқталады.

Дәрігер - науқас арақатынасының құралдары. Қатынас құрудың негізінде, ақпарат алмасу жатады. Бұл қарым-қатынастың ең маңызды жағы. Нәтижелі арақатынас құру үшін вербальды және вербальды емес құралдар қолданылады.

КОММУНИКАТИВТІК ҮРДІСТІҢ НЕГІЗДЕРІ

Емдеудің нәтижелілігі, науқастың тез арада сауығуы, аурудың «құлан-таза жазылам» деген сеніміне байланысты екені көпшілікке мәлім. Мұндай ой науқасқа, дәрігердің біліктілігі мен адамгершілігіне күмәні болмаған жағдайда ғана туатыны әйгілі. Дәрігер науқастың көңіл күйін түсініп, оны сөзіне иландырған жағдайда ғана, дұрыс кеңес беріп, науқаспен жанасуы мүмкін болады. Дәрігердің кабылдауына келген науқас ол туралы мол мәлімет жинастырғанын, оны жақсы білетінін әрқашанда естен шығармауы шарт. Осыған байланысты, алғашқы қатынас кұру кезінде дәрігер өте абай болуы қажет.

Коммуникативтік үрдіс (процесс) - дәрігердің басқа адамдармен (наукас және оның жақындары, туысқандары, әріптестері) қарым-қатынас жасауы арқылы олардың ойларымен, көңіл күйімен және мүдделерімен танысуы, хабардар болуы нәтижссінде әрекеттесуі.

Дәрігердің жүмыс бабына байланысты басқа адамдармен қатынас кұруы өте күрделі, сан алуан процесс. Мұнда, басқа адамдар­мен тіл табысьш, мәліметтермен алмасу арқылы басқаларды үғып, сезініп, қабылдауға, тануға, бағалауға мүмкіншілік туады.

Тұлғааралық қатынасу, көбінесе диалог түрінде — медицина саласындағы кәсіптік әрекеттің негізгі компоненті. Ол дәрігер мен пациент арасында қарым-қатынастың алғашкы кезінен басталып сенімділік түрінде дамуына ықпал етеді.

Дәрігердің түр-келбеті, айтылған сөзі - өте маңызды психологиялык фактор. Науқастың айтқанын тыңдай білу, оның ойын дұрыс бағыттап, сөзіне, бет келбетіне назар аударып, көзқарасын байқап, бақылап, «айтайын» деген ойын сезіну — дәрігердің жоғары дәрежелі қасиеттеріне жатады.

Жат адамдар алғашқы қатынасуында бір - бірін зерттеп, танып, білуге тырысады. Адам туралы алғашқы пікір, ықшам мәлімет негізінде кұрастырылуына байланысты, оны өзімен салыстыру, бір-бірі үшін ойластыру арқылы мінез-құлқын тану өте маңызды.

Науқаспен қатынасуда дәрігер оның мәдениетіне, тәрбиесіне назар аударады, себебі, кейбір адам сыпайылык танытып, басқаларды түсініп, жәрдемдесуте даяр, ал басқалары нашар мінез көрсетіп, қатынасқан адамнан тез арада босап, оған уақыт бөлгісі келмейді.

Дәрігердің қатынасу техникасы өте маңызды: аурумен тіл табысу, оны түсініп, тиісті жауап қатынасьн тұру, оның ішкі, жасырын ой-пиғылына жету. Мұнда, коммуникативтік процестің түрлі құралдары, тәсілдері белгілі: жест, мимика, интонация, көзқарасы және ең маңыздысы – сөз қолданылуы.

Көптеген жағдайларда дәрігер мен науқас арасында шынайы өзара сенімділікпен, науқастың денсаулығын жақсартуга бағытталған диалог жүргізіледі. Кейде, пациент жүргізіліп жатқан ем нәтижелеріне канағаттанбай, дәрігерге наразылық білдіруі мүмкін. Мұндай жагдайда түсініспеушіліктің себебі екі жақты болады, ал көбінесе, науқас наразылығы оның маңайындағыларға байланысты болуы мүмкін. Кейбір науқас дертінің салдарынан жүйкесі тозьш, теріс әмоцияларын тежемей, дәрігерге жоғары талап қояды. Мүндай адамдармен карым-қатынас жасағанда дәрігер ерекше әдептілік, шыдамдылык, кайырымдылық байқатуы қажет.

Сенімділік тұрғысынан жургізілетін диалогтың өз ерекшеліктері бар. Егер дәрігер асығыс түрде, жүріп келе жатып коридорда немесе асығантіге оты, е рып, аурудын тарихын қараумен қатар, мейірбикеге нұскау беріп жатса, әрі оған қосымша басқа наукаспен сөйлесу үстінде болса, бірде - бір науқас онымен ашылып, терең ойымен бөлісіп, сенімділік жағдайда қатынас жасамайды. Өкінішке орай, бұндай ситуациялар жиі кездеседі. Оның салдарынан науқас адам дәрігерге сенімін жоғалтып, ренішін, өкінішін білдіреді.

Дәрігер науқаспен және оның жақын туыстарымен оңаша жағдайда бөгде адамдардан тыс жерде қарым-қатынас жасауы керек. Олардың ой-пікіріне назар аударып, асықпай тындап, басқа істеріне араластырмай қатьшасады. Оларды жайлы, қарама қарсы отырғызып, пікірлессе, көз қарасу арқылы жақын жанасуы және қатынасуы дұрыс бағытта өтеді. Осымен қатар, тұлғааралық жанасуларда поза және жест өте маңызды орын алады. Егер дәрігер орындықтың бір шетіне ғана отырса, қатынасушы адам онын асығыста екенін, әңгіме қысқа арада болатынын, ашық және шын көңімен пікірлесу мүмкін емсс екенін болжайды. Науқас сеніммен, шынайы қарым-қатынас жасауы үшін дәрігердін отырысы, жүрісі, тұрысы, орындықтан калай түрғаны, дауысының құбылыстары, күліп қарауы, жестикуляциясы, мимикасы, бет келбетінің мағынасы үлкен болады.

Дәрігердің сөзі өте маңызды қатынасу құралы болып есептеледі. Сондықтан, сөйлескенде дәрігер медициналық, әсіресе латын тліндегі терминдерді сирек колданғаны дүрыс, себебі оларды ауру теріс түсінетіндіктен, ол сөздер оны мазалауы мүмкін. Науқастың психикасына теріс әсер етпеу үшін оның хал-жағдайын хабарлағанша, және дерттің барысының болжамын (прогнозын) жасауда өте абай болу қажет.

Дәрітердің коммуникативтік дағдылары - онын мәдениетін, тәрбиесін, өзін - өзі ұстай білу қабілеттерін сипаттайды, яғни өзін кұрметтеген және мамандығын сүйген, гуманистік міндетін жоғары сезінетін адам басқа адамға немқұрайлы қарай алмайды, менмендік және тәкәппәрлік мінез ешқашанда көрсстпейді.

Сонымен бірге, дәрігер өзімен сұхбаттасқан науқастың эмоционалдықерекшеліктерін,

мінез - құлқын да ескеруі кажет.

Қазіргі заманда, тұрғындардың әлеуметтік деңгейінін., өмірдің кұндылығының өсуіне байланысты, тұрғындар тарапынан медициналық жәрдемнін саласына және дәрігердің біліктілік қабілетіне жоғары талап қойылады. Медициналық жәрдемнің тиімділігі, сапасы және кажеттілігі, дәрігер мен мейірбикенін коммуникативтік дағдыларына, өз міндеттерін жоғары деңгейде сезінулеріне тікелей байланысты. Дәрігердің жоғарыда айтылған қасиеттерінің жеткіліксіздігі жағдайында, қазіргі медицинаның мүмкіншіліктеріне қарамай, емдеу шаралары ешқандай нәтиже әкелмеуі ғажап емес.

АҚПАРАТТЫ ЖЕТКІЗУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ (ТАСЫМАЛДАУ)

Адамдар арасында әрекет жасау тек қарым-қатынас жүргізу негізінде мүмкін болатыны мәлім.

Қарьш-қатынас дегеніміз - адамдар жанасу негізнде ақпаратпен алмасуы, бір-бірін қабылдауы және әрекеттесуі. Карым-қатынас жасаудың негізінде, коммуникативтік процесс (үрдіс) арқьлы ақпаратты бір адамнан басқа адамға жеткізу және оның бұл ақпаратты қабылдауы жатады.

Коммуиикативтік урдістіц келесі маңызды жақтары белгілі:

• ақпарат көзі (жіберуші, коммуникатор);

• өткізгіші;

• кабылдаушысы;

• акпаратты алушы (коммуникант, адресат).

Өз ойын «басқа адамга жеткізем» және «оған тиісті әсер етем» деген кездейсоқ индивид, ақпарат көзі ролін атқара алады. Сонымен қатар, ақпарат жіберуші де ақпарат көзі болып есептелуі мүмкін.

Ақпарат алушыға мәліметті жіберу үшін оны «белгі жіберуші жүйесі» негізінде кодтайды (белгілейді). Ақпаратты сигналға айналдыру үшін, коммуникатор «өткізгіш» ретінде биологиялық органдарды (мысалы, дауыс желбезектерін) немесе техникалык кондырғыларды (әлектр таблосы) пайдаланады. Сонымен қатар, жіберуші сөз, жазу, схема және мимика, жест арқылы да өз ойын жеткізе алады.

Коммуникатордың сигналдары қабылдағышқа, яғни биология­лык органдарға немесе техникалық қондырғыларға жеткізіліп, мәлімет декодталынады. Коммуникативтік тізбек ақпарат адресатына жіберіліп, бекітіліп, адресат оны қабылдап, талқылайды.

Жіберушіден қабылдаушыға (адресат) акпараттың жүру жолын «коммуникация арнасы» деп атайды. Ақпарат алмасуда екі жакта белсенділік көрсетіп, бір-бірінің назарын аударуға ықпал жасайды. Мұнда өте маңызды роль атқаратын әлементтер келесі:

• мәліметтің жаңалығы;

• мәліметтің мағыналығы.

Арақатынастың нәтижесі ақпарат жіберіп-қабылдау үрдісіне қосалқы жүретін көптеген әлеуметтік-психологиялық факторларға байланысты болады. Мысалы, қатынасқан субъектілердің әлеуметтік ролінің ерекшеліктері, олардың жасы, кәсібі, т.б.

Тұлғааралық қарым-қатынас жасаған кезде түрлі кедергілер де болуы мүмкін. Кейбір ақпарат берушілер оны дұрыс кодтамауына байланысты (мәліметті тиісті сөздерге айналдыра алмауы), ойланбай. абайсыз айтылған сөз арқылы адамның қарсылық әмоцияларына және әрекетіне әкеп соғуы мүмкін. Бұл жағдай талас, дауға да айналуы мүмкін. Сонымен қатар, ақпаратпен алмасу кезінде түрлі барьерлер (бөгеттер) де байқалуы мүмкін: мәліметті асығыс талқылап бағалау, нейтралдык позиция сақтау орнына, оны қолдау немесе қолдамау, бімдерінің, тәжірибесінің айымашылықтары.

Ақпаратпен алмасу түрлі белгі жүйелеріне негізделеді (вербальды, вербальды емес). Науқаспен карым-қатынас жасау кезінде аурудың ойын толық түсінуі және өз ойын оған жеткізуі ем нәтижелігіне өте маызды әсер ететіні күмәнсіз.

Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас, олардың бірін бірі түсінуі және қабылдауы, көптеген жағдайларға байланысты: адам тұлғасының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, дәрігердің білімі мен білгерлігі, беделі және т.б. Сонымен қатар, мұнда дәрігердің қарым-қатынас жасауы, жалпы адамзаттың тәжірибесінен алынған, психологиялық принциптерге негізделіп, ғылыми дәрежеде өтуі керек.

ДӘРІГЕРДЩ КОММУНИКАТИВТІК БІЛГЕРЛІГІ (КОМПЕТЕНТТІЛІГІ)

Дәрігердің коммуникативтік білгерлігі - кәсіби маңызды қасиет. Мамандығына байланысты дәрігер үнемі және тығыз қарқынды қарым-қатынас жасауға мәжбүр болады: науқастармен және олардың туыстарымен, жақындарымен, басқадай медициналык қызметкерлермен (әріптестері, мейірбикелер, кіші мейірбикелер), мекеме әкімшілігімен, т.о. Тиісті мамандық дәрежеге және табысқа жету үшін дәрігер қатынасу біліктілігін, басқа адамдармен қарым-қатынас құру тәсілдерін, үнемі дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. Науқаспен тиімді психологиялық жанасу арқылы нақтылы түрде және толық мәлімет жинастыру мүмкіншілігі туады. Дәрігср алдында тұрған мәселелердің нәтижелі шешілуі, ауру адаммен сенімділік және түсіністік жағдайға жетуі, оның қарым-қатынас икеміне, ягни коммуникативтік білгерлігіне байланысты.

Сонымен, комиуникативтік білгерлік (компетенттік) дегеніміз- дәрігердің басқа адамдармен (науқас және оның жақындары мен туыстары, әріптестері, мейірбикелер, кіші мейірбикелер, т.б.) коммуникация тәсілдерін нәтижелі қолдана білу арқылы карьш-қатынас жасау қабілеті. Дәрігср тағайындаған диагностикалық және емдеу шараларьшың дәлдігі мен дұрыстығына күдікті болма-ған және дәрігерге толық сенім білдірген жағдайда ғана науқас дәрігер нұсқауларын толық орындайды, қажетті процедураларды сеніммен өтеді. Алайда, дәрігер мен пациент арасында бұндай психологиялық жанасу тұрақтанбаса ол дәрігерлік нұсқауларды немқұрайлық орындап, басқа дәрігерлерге бас бұрып немесе өзін-өзі емдеуге мәжбүр болады.

Қазіргі заманға сай, ақылы медицина жағдайында, пациент тапсырыс беруші ретінде, яғни дәрігерге көрсеткен қызметі үшін ақы төлеуіне байланысты, олардың арасындағы психологиялық қатынас өте күрделі және маңызды болады. Бұндай жағдайда пациент дәрігердің кәсіптік білгерлігімен қатар, оның адамгершілік және жеке түлғалық қасиеттерінен хабардар болады: қадірлігі мен сенім білдіруі, назар аударуымен ілтипаттылығы, өзіне карай адамды бейімдеуі, қатынасуға ынталануы, ұқыптылығы мен қайырымдылығы. Кейбір ауру адамдар, дәрігердің психологиялық қасиеттерін, оның кәсіптік біліктілігі мен білімінен де жоғары мән береді.

Сонымен, дәрігердің коммуникативтік маңызды қасиеттеріне кетесілер жатады; адамгершілігі, адамға назар аударуы, мамандыльт-ғын сүюі, кайырымдылығы, кішіпейілдігі, әдептілігі. Жақсы көңіл-күй жағдайында жанасу кұрастыратын дәрігердің тұлғалық қасиеттеріне пациенттер өте жогары баға береді.

Дәрігсрде психологиялық біліммен қатар (тұлға түрлері, тем­перамент, шиеленісті шешу кабілеті т.б.), коммуникативтік тұрғыдан білгерлік жогары болған жағдайда, оның науқаспен қатынасы арнайы біліктілікпен кұрастырылады, мысалы жанасу кұруды білуі, тыңдай білуі, коммуникацияның вербальды емес белгілерін білуі, сауалдар құрастыруы.

Сонымен қатар, дәрігер өз әмоцияларын, яғни көңіл-күйін түрақты ұстай білуі, құпияны сақтауға қабілеттілігі. өз реакцияларын бақылап қадағалауы, әдеп сақтай білуі де мағыналы.

Дәрігердің тиімді арақатынасы дегеніміз — ол ауру адамды дұрыс түсінуі және науқастың ойы мен кеңіл-күйіне, сөзіне сәйкес әрекеттесуі. Науқастың көңіл-күйіне карамай оның ашулы, ызалы, кайғылы, қобалжу және өкінішті жағдайлы болуында да, дәрігер онымен әрекет жасай білу және қарым-қатынас құруга даяр больш, өз мамандық мәселелерін шешеді. Осыған байланысты медицина қызметкерлерінің ең бір маңызды кәсіби қасиетіне жататыны - оның коммуникативтік төзімділігі (толеранттығы).

Коммуникативтік потенциал - бұл дарігердің мүмкіндігі туралы сипаттама ол оның қатынасының сапасын білдіреді. Қарым-қатынаста дәрігердің комнетентілігі екі кұрама бөліктен тұрады: тұлғаның коммуникативтік қасиеті - қарым-қатынасқа қажеттілікті сипаттайды, сұхбаттасу және коммуникация жасауға қабілеттілігі науқаспен сұқбаттасу, жанасу кезінде жағдайды өз колында ұстай білу қасиеті белсенділікті көрсете білу қабілеттілігі, науқас жағдайына әмоциональды көмектесе алуы, өзінің алдындағы жекеше іс-әрекетінің бағдарламасын орындай білуі.

Дәрігердің ең пегізгі қасиеттерінің бірі болын, науқастарға ұзақ және нақтылы әсер ете алуы саналады. Бұл - маманның коммуникативтік қасиеттеріне тікелей байланысты.

Коммуникативтік қабілеттілік - дәрігер мен науқастың сұхбаттасуы кезінде байқалады, спецификалық көріністе нәтижелі әсер ету түрінде білінеді.

Дәрігердің негізгі коммуникативтік шеберлік келесі түрде болады:

  • тулғааралық коммуникацияға шеберлік;

  • бір-бірін қабылдауға және түсінуге шеберлік;

  • тұлғааралық әсер ету шеберлігі;

  • коммуникативтік жағдайларда нысана жасай білу шеберлігі;

  • науқастың психологиялық қорғанысын және жасырын себептерін анықтай алу шеберлігі;

  • науқастың эмоцинальды жағдайын түсіне алу шеберлігі;

Дәрігердің тұлғааралық коммуникативтік шеберлілігі, келесілерді қарастырады;

  • мәліметті бере алу шеберлілігі;

  • мәліметті беру кезінде вербальды емес тәсілдерді қолдана білу шеберлілігі;

  • науқасты белсенді тыңдай білу шеберлілігі.

Осыған байланысты дәрігердің коммуникативтік қабілеті келесілерді қамтиды:

  • таныс емес адамдармен қатынасқа түсе алу шеберлілігі,

  • пайда болған түсініспеушіліктерді уақытында шешу және алдын алу шеберлілігі;

  • өзін басқа адамға түсінікті болатындай етіп, ұстай алу шеберлігі;

  • басқа адамның өз қызықтарын және сезімдерін көрсете алуына мүмкіндік беру шеберлігі.

Дәрігердің тұлғалық қасиеттерінің жүйесі ретінде коммуникативтік мәдениетіне жататындар:

  • шығармашылықты түрде ойлай білу;

  • сөз сөйлеуінің әсер ету мәдениеті;

  • өз жағдайын психоэмоциональды реттеуге және карым-қатынасқа өз-өзін бейімдей алу мәдениеті;

  • қимыл және пластикалық қозғалыс мәдениеті;

  • науқастың коммуникативтік іс-әрекетінің қабылдау мәдениеті;

  • эмоциональдық мәдениеті.

Коммуникативтік компетенттік сияқты, тұлғалық коммуникативтік мәдениет, бос орнында пайда болмайды, ол қалыптасады. Оның қалыптасуын сұхбаттасу тәжірибесі құрайды.

Дәрігердің коммуникативтік білгерлігі (компетенттілігі)-айналадағы адамдармен тұлғааралық және профессионалды тәжірибесінің әсерінен қалыптасу дәрежесі. Бұл оған қарым-қатынаста және профессионалды сферада, функционалдық жетістіктерге жету үшін қажет. Коммуникативтік компентентік, дәрігердің тек өзіне тән қасиетті ғана емес, сонымен қатар, қоғамда, атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесінде, болып жатқан өзгерістерге және осыған орай, маманының өзінің әлеуметтік бейімделу қабілеттілігіне байланысты болады.

Сонғы он жылда, «органикалық» және «функционалды» аурулардың әдеттегі жіктелуі, бәсекелес ойларға негізделген. Медициналық қызметкерлер, аурулардың көбінесе түрлі этиологиялық факторлар нәтижесінде пайда болатынын түсіне бастады. Осыған байланысты психикалық және әлеуметтік факторларды зерттеуге қызығушылық пайда болды. Бұл бағыт тәжірибелік медицинаның көзқарасын кеңейтті: науқас енді тек бір мүше ауруының тасушысы түрінде емес, оны тұтас адам оганизмі ретінде қарастырып емдеу керек екендігі туралы көзқарас қалыптасты, яғни дерт – индивид пен әлеуметтік құрылым арасындағы қатынастың гармонияда дамымауынан туындайтыны дәлелденіп отыр.

Дәрігердің коммуникативтік компетенциясының келесі түрлері науқаспен емдік қатынасқа түсінуінің негізін құрайды.

  • науқасты жақсы білу, вербальды емес белгілеріне дұрыс жауап қайтару және жағдайына байланысты мәліметтерді көбірек алу;

  • науқастан емдеу жаспарына келісім алу, себебі , зерттеулер көрсететіндей, коммуникативтік дағдының қатысулары, науқастың келісімі берілген дәрілік заттарды қабылдағанда оң әсер ететіні анықталған;

  • науқастарға адекватты медициналық мәліметтер беру және оларды салауатты өмір сүруге шақыру, сөйтіп дәрігер ролінің денсаулықты жақсартуда және аурудың алдын алуда маңызды екенін көрсету;

  • аурудың түрлі көрністеріне оның әсер ету (эмоционалды , интелектуалды, себепті);

  • компенсаторлы механизмдерді белсендетуге, науқас тұлғасының психосоматикалық потенциалын жоғарылатуға, сау кезіндегідей өмірімен байланысты қайта құруға көмектесу;

  • дәрменсіздікті, көмексіздікті жеңуге, ауруға байланысты түзілген теріс стерсотиптерді бұзуға көмектесу, осыған сәйкес кажетті тиісті жауаптардың кескіндсрін жасауға ықпал ету;

  • «дәрігер-науқас» қарым-қатынасында дәрігердің абайлы болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]