Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2_370047952657317893.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Кәсіптік бейімделу (кәсіби адаптация)

Жас дәрігердің кәсіптік әрекетке үйренуі екі жылдай мерзімді алады. Бұл уақыт бойы ол өзін жана әлеуметтік ролінде сенімді сезініп, жекеше мамандық имиджін құрастырып және жұмыс жағдайында әрекеттенуге алгоритм дағдыларын жинастырады. Өзіндік жұмыс атқарудың бастапқы кезінде, жас дәрігер өзіне сенімсіз болуына байланысты, күрделі және жауапты жағдайларда, ол тәжірибелі дәрігерге бет ұстайды. Ол ақпарат жинастыра, мамандық дағдыларын машықтандырумен қатар, жас әріптестерімен арала­сып, өзіне әмоциялық қолдау алады. Үйренудің нәтижесінде ол өз білімін, біліктілігін және дағдыларын жетілдіреді.

Мамандық қарым-қатынас құру жағдайында науқастың эмоциялық «қосылуының» дәрежесін анықтау дағдылары дәрігердің мамандық бейімделуінің әмоциялық құрастырушысы болып саналады. Бейімделудің бұл түрі әмпатиямен, дәрігердің науқаспен тұлға аралық араласуының эмпатиялық түрін мөлшерлеуімен байланысты. Жас дәрігердің өзіндік мамандық әрекетінің алғашқы жылдарында науқасқа жақсы жәрдем берем деген ойымен, өз әрекеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарап, мамандық дәрежесіне сенімі жеткіліксіз болуы салдарынан, уайымға кіріп, өзіне өте жоғары эмоциялық салмақ түсіреді. Науқастың проблемасына артық эмоциялық араласуы, белгісіз жағдайға байланысты теріс нәтижелерге қатты үрейленуі, қауіптеніп, сақ болуы, созылмалы әмоциялық салмақ түсуіне әкеп соғады. Дәрігердің бейімділігі мен компенсаторлық мүмкіншіліктері төмендейді.

Эмоциялық жану синдромы. Дәрігерлік жәрдем көрсетуде пациенттермен тығыз эмоциялық жанасуы себебінен пайда болатын өзгеріс, яғни дәрігер психикалық әлсіреуге душар болады. Бұл жағдайда үнемі қалжырап жалығуы салдарынан дәрігердің иммунитеті төмендеп, тұмауратуы жиілейді, созылмалы дерттері өршиді. Бұның иәтижесінде дәрігердің кәсіптік әрекеттенуінің тиімділі төмендейді, дәрігер бұрынғыдай жұмысына толық беріле алмайды, өзіндік бағалауы төмендейді, оның ісіне жетістікті баға берілмейді. Ауру адамдарға теріс, негативтік көзқарасы байқалуы мүмкін.

Мұндай дәрігер науқастарымен әрекеттесуде, оның сырқаттануына байланысты дамыған психологиялық феномендерге назар аудармай, аурудың ішкі бейнесін, үрейленуін, депрессивтік peaкциясын байқамай, оны елемейді. Дәрігердің науқастары туралы айтылған пікірінде немқұрайлық суық көзқарас, ал кейбір жағдай, әрекетсіздік пайда болады. Ауру адам бұндай дәрігерден бас тартып тәжірибесі аз болса да, жас, бірақ кайырымды мамандарға баруға мәжбүр болады. Мұндай кризис жағдайында, дәрігер демалуы, ісін ауыстыруы, психологиялық «жеңілденуі» немесе психологиялық жәрдем алуы қажет. Әйел дәрігерде бұл жағдай жиі байқалады. Бұл адамдарға психологиялық сипаттама бергенде, олардың әмоциялды тұрақсыздығын, көңіл күйінің қобалжуын, интроверттілігін aйту керек.

«Әмоциялық жану синдромының» үш сатысы белгілі:

• зорығу сатысы;

• қарсылық көрсету сатысы;

• әлсіреу сатысы.

Әмоциялық «жанудың» алғашқы, зорығу сатысының басым және даму себебі ретінде белгіленген, үрейленудің күшеюі жағдай байқалады: көңіл-күйі төмендеуі, жиі тітіркенуі, депрессивтік реакциялары.

Екінші сатысында келесі қорғану реакциялары байқалады: ештеңеге араласлау, эмоциялардан кашу, өз эмоцияларың сездірме. Эмоцияларын шектеу жағдайында науқаспен қатынасуы жеңіл түрде сапасы төмен, үстірт және формальді түрде өтеді.

Үшінші сатысында әнергетикалық әлсіреу мен психовегетативті тік бұзылыстар дамиды: көңіл-күйі болмау, күдер үзу, келешексіздігі қатты үрейлену және психикалық әлсіреу (есте сақтай aлy қабілетінің, назарының төмендеуі, т.б.). Сонымен қатар, соматикалық симптомдар да пайда болады: түрлі ауыру сезімдері, жүрек-қан тамыр және басқа жүйелерінің бұзылысы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]