- •«Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» пәнінен лекциялар жиынтығы
- •050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы үшін
- •Шымкент-2012 ж қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»
- •Мазмұны
- •1 Лекция. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні
- •2 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мен құқықтары
- •Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
- •Өндірістің метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
- •5 Сурет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
- •5 Лекция. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
- •4 Сурет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
- •Кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жалпы сипаттамасы
- •3 Сурет. І және іі топтардағы кәсіпорынның метрологиялық қызметінің құрылымдық сызбасы
- •Метрологиялық қамтамасыз етуге және оның тапсырмаларына қатысатын кәсіпорын бөлімшелері
- •6 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушы негіздері
- •7 Лекция. Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі (әрі қарай ужмқ) және заттар мен матиериалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі (сүмқ)
- •9 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және нормативті-құқықтық негіздері
- •10 Лекция. Өндірістің метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттары өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің заңды негізі
- •11 Лекция. Метрологиялық қызметтер. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және рмк „Метрология“ метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
- •12 Лекция. Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
- •13 Лекция. Стандарттардың, техникалық шарттардың метрологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі
- •14 Лекция. Өнім өндіруді және оны шығаруды технологиялық дайындау сатысында мқе талдау
- •15 Лекция. Стандартты емес өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу
- •16 Лекция. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі
- •17 Лекция. Өлшеуді, өқ–ның күйін, және қолданылуын метрологиялық қадағалау
- •18 Лекция. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау түрлерi
- •19 Лекция. Өлшеу құралына тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және тәртібі
- •20 Лекция. Өлшеу құралын тексеру
- •Өлшемдерді орындау әдістемесі
- •Өлшемдерді орындау әдістемесін әзірлеу тәртібі
- •Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттауды жүргізу тәртібі
- •21 Лекция. Өлшеу құралын калибрлеу
- •22 Лекция. Тексеру схемалары
- •23 Лекция. Тексеру схемаларының мазмұны және құрылуы
- •24 Лекция. Өқ-ын мемлекеттік сынау. Мемлекеттік қабылдап және бақылап сынау
- •25 Лекция. Сынау жабдығын аттестаттау
- •26 Лекция. Техникалық құжаттаманы мс және мө жайлы ұғымдар
- •27 Лекция. Мс-ге және мө-ге жататын өқ-ына конструкторлық құжаттама
- •28 Лекция. Конструкторлық құжаттаманы метрологиялық бақылау.
- •29 Лекция. Технологиялық құжаттаманы метрологиялық бақылау
- •30 Лекция. Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың міндеттері мен құқықтары
- •3 Лекция. Метрология саласындағы қызметкердің біліктілігі
- •4 Лекция. Метрология саласындағы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары
9 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және нормативті-құқықтық негіздері
Дәріс жоспары:
Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және нормативті-құқықтық негіздері
Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативті-құқықтық негіздері
МҚЕ техникалық негізін мыналар құрайды:
құрылуын және ұстауын мемлекет жүзеге асыратын шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондарының жиынтығы;
республика аумағында қолданылатын шамалар бірліктерінің эталондарының, өлшем құралдарының, сондай-ақ заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің жиынтығы;
заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректерінің жиынтығы.
ҚР МӨЖ нормативтік негізі Қазақстан Республикасында өлшемдердің бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету және бағалау бойынша жұмыстарға қойылатын талаптарды және жүргізу тәртібін анықтайтын, бірыңғай ережелер мен нормаларды белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік құжаттардың кешенінен тұрады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарға мыналар жатады:
1) халықаралық стандарттар;
2) метрология бойынша аймақтық стандарттар, ережелер мен нұсқаулар;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары;
4) мекемелер стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының метрология бойынша нұсқаулары;
6) басқа елдердің метрология бойынша ержелері, нормалары және нұсқаулары, мекеме стандарттары.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар мыналарды регламенттейді:
- шамалар бірліктері;
- шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары және мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары;
- өлешм құралдарын салыстырып тексерудің және калибрлеудің әдістері мен құралдары;
- өлшем құралдарына және нормаланатын метрологилық сипаттамаларға қойылатын талаптар;
- өлшемдердің дәлдік нормалары;
- өлшемдер нәтижелерінің және өлшемдердің дәлдігін көрсеткішиердің баяндалу тәсілдері және ұсыну нысандары;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері, өлшемдерді орындау әдістемелері;
- заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілеріне, заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректеріне қойылатын талаптар;
- өлшем құралдарын сынауды, метрологилық аттестаттауды, салыстырып тексеруді және калибрлеуді және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы басқа да жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы терминдер мен анықтамалар.
МҚЕ нормативтік құжаттары:
- негізг, жалпы талаптарды, ережелерді, нормаларды белгілейтін және ҚР МӨЖ ұйымдастырушылық-әдістемелік ережелері;
- өнімді, қызмет көрсетулерді, процесстерді бақылау талаптарын және әдістерін белгілейтін болып бөлінеді.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттар қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
МҚЕ техникалық негізі
МҚЕ нормативтік құжаттары
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар
