Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МОП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

20 Лекция. Өлшеу құралын тексеру

Дәріс жоспары:

  1. Салыстырып тексеру түрлері

  2. Салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі

Өлшем құралдарына бастапқы, мерзімдік, кезектен тыс, инспекциялық және сараптамалық салыстырып тексерулер жүргізіледі.

Бастапқы салыстырып тексеру

Бастапқы салыстырып тексеруге Қазақстан Республикасының аймағында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аймағына әкелінетін, ҚР СТ 2.21 сәйкес типті бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке сынаудан немесе ҚР СТ 2.30 сәйкес метрологиялық аттестаттаудан өткен және ҚР МӨЖ тізіліміне енгізілген, сондай –ақ, жөндеуден шығарылған өлшем құралдары жатады.

Қазақстан Республикасының аймағына әкелінетін өлшем құралдары Қазақстан Республикасында бастапқы салыстырып тексеруден өтуге тиістіемес. Егер басқа елдерде жүргізілген салыстырып тексеру нәтижелері, ҚР СТ 2.40 халықаралық келісімдерді іске асыру мақсатында әзірленген нормативтік құжаттарда белгіленген тәртіп бойынша халықаралық келісімдерге сәйкес уәкілетті органмен танылады.

Өлшем құралдарының әр бірлігі бастапқы салыстырып тексеруден өтуге тиіс.

Кейбір жағдайларда, салыстырып тексерудің әдістемесінде көрсетілген өлшем құралын таңдап алып салыстырып тексеруге болады. Таңдап салыстырып тексеру ГОСТ 18242 және ГОСТ 20736 талаптарының нұсқауы бойынша жүргізілуі керек.

Таңдап салыстырып тексерудің оң нәтижесі салыстырылып тексерілетін партияның барлық бірлігіне таралады.

Бастапқы салыстырып тексеруді мына жағдайларда жүргізеді:

-өлшем құралдарын дайындау орнында;

-Өлшем құралдарына жөндеу жүргізу орнында;

-өлшем құралдарын пайдалану орнында;

-өлшем құралдарын өндіру орнында біршама және жартылай өлшем құралдарын қолдану орнында біршама.

Салыстырыптексеру орнын салыстырып тексеруді жүргізетін мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесі және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері бекітеді.

Өндірістен және жөндеуден шыққан өлшем құралдарын бастапқы салыстырып тексеруден өткізу үшін, олар алдымен техникалық бақылау міндеті жүктелген бөлімшенің қабылдауында болуы керек.

Ескерту –жылжымалы бригада өлшем құралына жөндеу жүргізу кезінде өлшем құралын алғашқы салыстырып тексерудіңтехникалық міндеті жүктелген бөлімшенің алдын –ала қабылдауынсыз –ақ, өлшем құралына жөндеу жүргізген тұлға салыстырып тексеруге жіберуіне болады.

Бастапқы салыстырып тексеруді өлшем құралын өндіретін және заңды тұлғалардың ұйымдастыруы бойынша бақылау –салыстырып тексеру пунктінде (БСП) жүргізуге болады.

Мерзімдік салыстырып тексеру

Мерзімдік салыстырып тексеруге қолданыстағы және сақтауда тұрған өлшем құралдары жатады, олар белгілі бір салыстырып тексерудің аралық интервалдары арқылы жүргізіледі және салыстырып тексерудің аралық кезеңінде қолдануға жарамдылығын қамтамасыз етуді есепке ала отырыпбекітіледі.

Ұзақ сақтауда тұрған өлшем құралдарының сақталған мерзімі салыстырып тексеру аралық интервал мерзімінен асатын болса, онда оларды мерзімдік салыстырып тексеру жүргізбеуге болады.

Өлшем құралдарын ұзақ мерзімге сақтауға беру, өлшем құралының бумаланған, консервіленген түрі және оларды сақтау жағдайы мен соңғы салыстырып тексеру мерзімі көрсетілген акт бойынша құжат толтыру керек.

Мұндай өлшем құралдарын салыстырып тексеруден өткізу оларды пайдалану алдында жүргізіледі.

Өлшем құралдарын салыстырып тексерудің күнтізбелік мерзімін белгілейтін, осы стандарттың В қосымшасында көрсетілген нысан бойынша өлшем құралдарын салыстырып тексеру кестесіне сәйкес жүргізілуі мүмкін.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру кестесін құру және келісу тәртібін мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесі немесе салыстырып тексеруді іске асыратын аккредиттелген заңды тұлғаның метрологиялық қызметі белгілейді.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге, консервілеуден шыққан, шаң –тозаңнан тазартылған , қажетті жағдайда, төлқұжат, техникалық сипаттау, пайдалану нұсқауы, соңғы салыстырып тексеружөніндегі сертификатты және салыстырып тексеру әдістемесі мен қажетті жинақтаушы қондырғылары мен қоса берілуі тиіс.

Егер өлшем құралы бірнеше физикалық шамаларды өлшеуге (қайталауға ) арналған болса немесе өлшемнің бірнеше ауқымын өлшейтін болса, алайда физикалық шаманың ең кіші санын тұрақты өлшеуге немесе өлшем ауқымының ең кіші санын өлшеуге арналған болса, онда иегердің талаптары бойынша мерзімдік салыстырып тексеру шарасын, салыстырып тексерудің нормативтік құжаттарына сәйкес тексеруге болады. Сонымен қатар, өлшемнің қолданыстағы ауқымы мен өлшем құралының жарамдылығын анықтайтын физикалық шаманың санын анықтайды.

Мұндай жағдайларда өлшем құралдарына қолдану саласын көрсететін анық жазу немесе шартты белгілеулер басылуы тиіс. Сәйкес жазулар пайдалану құжаттарында және салыстырып тексеру туралы сертификаттарда да болуы тиіс.

Өлшем құралдарын күрделі салыстырып тексеру барысында (мысалы, өлшем жүйесін салыстырып тексеруде ) салыстырып тексеру мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесінде немесе заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері шектеулі түрде ғана жасалған болса(салыстырып тексеру нормативтік құжаттарының барлық талаптарына сай келмесе), онда салыстырып тексеруді тізбектеп толық түрде жүргізуге болады: алдымен бір мемлекеттік метрологиялық бөлімшемен немесе бір аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметімен , содан кейін басқа аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерімен немесе басқа мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесімен тексеріледі. Бұл жағдайда салыстырып тексеру нәтижесін рәсімдеуді мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесі жүргізеді, ал мемлекеттік метрологиялық қызметтің қатысуынсыз жүргізілген болса, онда салыстырып тексерудің соңғы бөлігін жүргізген аккредиттелінген заңды тұлға рәсімдейді.

Кезектен тыс салыстырып тексеру

Кезектен тыс салыстырып тексеруді өлшем құралын пайдалануда (сақтауда) салыстырып тексерудің аралық интервалы аяқталғанға дейін жүргізеді.

Кезектен тыс салыстырып тексеру мына жағдайларда жүргізіледі:

-салыстырып тексерудің аралық интервалын реттеу қажеттілігі болғанда;

-өлшем құралын қолдануға жарамдылығын растау қажеттілігі болғанда;

-салыстырып тексеру таңбасының, өзі жабысатын лейблдің, пластикалық пломбаның зақымдануын, сондай –ақ, өлшем құралдарының бастапқы және мерзімдік салыстырып тексеруден өткенін, олардың сақталуын растайтын құжаттың жоғалу кезінде;

-сақтаудан кейінгі өлшем құралдарын қолданысқа енгізу кезінде өлшем құралын консервациялау немесе өлшем құралдары бар бұйымдарға қойылатын талаптарға байланысты сол сақтау мерзімі ішінде өлшем құралдарына мерзімдік салыстырып тексеру жүргізілмеген болса;

-өлшем құралдарын, өлшем құралдары қолданылатын бұйымдар жинағын қайта консервациялау барысында;

-өлшем құралдарын салыстырып тексерудің аралық интервалының жартысы өткеннен ұзақ сақтауға берген жағдайда;

-өлшем құралдарын салыстырып тексеру аралық интервалының жартылай ғана аяқталуына орай, әзірлеуші айналымға түсіріп үлгермеген өлшем құралын тұтынушыға жіберген жағдайда.

Ескерту –сақтау және тасымалдау шараларынан кейін қоймадан алынған өлшеу құралын қолданысқа енгізбей тұрып салыстырып тексеруден өткізуге кеңес беріледі.

Инспекциялық салыстырып тексеру

Мемлекеттік қадағалау және метрологиялық бақылау жүргізген кезде олардың жарамдылығын, дұрыстығын, қабылданған салыстырып тексерудің аралық интервал дәлдігін және өлшем құралын пайдаланудың дұрыстығын бекітуде инспекциялық салыстырып тексеру жүргізіледі.

Инспекциялық салыстырып тексерудің нәтижесі актіде еркін түрде келтіріледі.

Ескерту –егер инспекциялық салыстырып тексеру мемлекеттік метрологиялық бақылау шеңберінде жүргізілсе, онда салыстырып тексерудің нәтижесі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша актіде көрсетіледі.

Инспекциялық салыстырып тексеру өлшем құралдары иегері өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

Сараптық салыстырып тексеру

Сараптық салыстырып тексеруді өлшем құралдарының бұзылғаны, қолдануға жарамсыздығы туралы тиісті метрологиялық сипаттардың мәселесіне келіспеушіліктер туындаған жағдайларда жүргізеді.

Сараптық салыстырып тексеруді өлшем құралдарының бұзылғаны, қолдануға жарамсыздығы туралы тиісті метрологиялық сипаттардың дұрыстығына, өлшем құралдарының қлодануға жарамдылығына және өлшем құралдарын пайдаланудың дұрыстығына келіспеушілік туындаған жағдайда мемлекеттік органдардың жазбаша түрдегі талабы(арызы), жеке және заңды тұлғалардың жазбаша түрдегі арызы бойынша жүргізіледі.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру шарасына өтініш берушілер, сондай –ақ мүдделі талаптардың өкілдері қатыса алады.

Сараптық салыстырып тексеру нәтижелері бойынша үш дана қорытынды құжат жасалады, оны мемлекеттік метрологиялық қызмет бөлімшесінің басшысы немесе аккредиттелген заңды тұлғаның метрологиялық қызметі бекітеді. Қорытындының бір данасы сараптық салыстырып тексеру жүргізген мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесінде немесе аккредиттелген заңды тұлғаның метрологиялық қызметінде сақталуы тиіс, екінші данасы –өтініш берушіге жолданады, үшінші данасы –өлшем құралын сараптық салыстырып тексеруге ұсынған тұлғаға беріледі.

Ескерту –мемлекеттік органдардың талаптары (өтініш) бойынша жүргізілген сараптық салыстырып тексеру кезінде қорытынды осы органдардың талаптарына сәйкес рәсімделеді.

Заңды және жеке тұлғалардың өтініші бойынша сараптық салыстырып тексеруді жүргізу үшін төлемді өтініш беруші жүргізеді.

соттың және құқық қорғау органдарының талабы (өтініші) бойынша сараптық салыстырып тексеру жүргізу кезінде, салыстырып тексеру үшін төлем жүргізетін тараптысараптық салыстырып тексеруге өтініш берген орган белгілейді.

Өлшеу құралдарын тексеруді жоспарлау

Өлшеу құралдарын, сонымен бірге стандартталмаған, қолданыстағы және сақтаудағы өлшеу құралдарын мемлекеттік және ведомствалық тексеруді жоспарлауды бас метролог бөлімі (метрологиялық қызмет функциясын атқаратын бөлімше) жүзеге асырады.

Тексеруді жоспарлау өзіне келесі кезеңдерден тұрады:

- мемлекеттік немесе веомствалық тексеруге жататын өлшеу құралдарының номенклатурасын орнату;

- өлшеу құралдарының қолданудың қарқындылығы мен оқу шарты;

- ГОСТ 8.513-84 және РД 50-33082 талаптары есебімен тексеру аралық интервалды орнату;

- тексерудің жылдық күнтізбелік кестесін құру, бекіту және келісу.

Периодты тексерудің жылдық күнтізбелік кестесінде келесі мәліметтер болады: өлшеу құралдарының атауы мен типі, зауыт нөмірі, тексерудің периодтылығы, тексерудің күнтізбелік мерзімі.

Тексеру аралық интервалды (тексерудің периодтылығы) эксплуатациядан тәуелсіз өлшеу құралдары үшін БМБ анықтайды:

- өлшеу құралының типі;

- өлшеу құралдарын қолдану жарамдылығы;

- өлшеу құралдарын қолдану шарттары;

- орындалатын өлшеуші операцияның жауапкершілігі.

Өлшеу құралдары үшін тексеру аралық интервалдар орнатылады:

- құрал құрылысты кәсіпорынмен орнатылған, кепілдік мерзімдері;

- өндірістен шықаннан кейін сақтауға түскен, өлшеу құралдары үшін;

- эксплуатацияда болған, өлшеу құралдарын тексеру үшін орнатылған, тексеру аралық екі еселенген интервал.

Ұзақ сақтауда болған өлшеу құралы талаптарды сақтаған кезде, периодты тексеруге түспейді.

Ұзақ сақтауға өлшеу құралдарын беру қораптау түрі мен сақтау шарттарын көрсетіп, актпен рәсімделеді.

Периодты тексерудің жылдық күнтізбелік кестесін мемлекеттік тексеруге жататын өлшеу құралдарына, ведомствалық тексеруге жататын өлшеу құралдары бөлек БМБ рәсімдейді.

Мемлекеттік тексеруге жататын өлшеу құралдарының жылдық күнтізбелік графигі мемлекеттік метрологиялық қызметтің органымен және кәсіпорын жетекшісімен бекітіледі.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері

Салыстырып тексеру әдістемелері мына түрде дайындалады:

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты;

-пайдалану құжаттамасының немесе пайдалану құжаттамасының бөлімдерінің (мысалы, пайдалану бойынша нұсқаулар) құрамындағы жеке құжаттар(мысалы, салыстырып тексеру бойынша нұсқаулар).

Салыстырып тексеру әдістемелері Қазақстан Республикасында өлшем құралдарын айналымға шығару және өндіріске дайындау кезінде дайындалады.

Салыстырып тексеру әдістемелері өлшем құралдарын дайындаушы кәсіпорындармен (дайындаушылармен) және осы стандарт талаптарына сәйкес тиісті өлшем саласында мамандандырылған кәсіпорындармен дайындалады.

Өлшем құралдарын дайындаушылар немесе олардың өтінімі бойынша тиісті өлшем саласында мамандандырылған кәсіпорындар келісімді негізде қолда бар салыстырып тексеру базасына байланысты қолданыстағы салыстырып тексеру әдістемелерін қайта қарай алады

Мемлекеттік стандарттар түрінде дайындалатын салыстырып тексеру әдістемелері ҚР СТ 1.2 сәйкес дайындалады, бекітіледі және тіркеледі.

Пайдалану құжаттамасының немесе пайдалану құжаттамасының бөлімдерінің құрамындағы жеке құжаттар түрінде дайындалатын салыстырып тексеру әдістемелері салыстырып тексеру әдістемелерін дайындаушымен бекітіледі. Салыстырып тексеру әдістемелері сынамалаудан кейін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен келісуге және Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізімінде (ҚР МӨЖ тізімі) тіркеуге жатады.

Салыстырып тексеру әдістемелерін сынамалауды мемлекеттік метрологиялық орталық өлшем құрылдарының түрін бекіту мақсатындағы сынақтарды және метрологиялық аттестаттауды жургізу кезінде іске асырады.

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекеттік Кеңес шеңберінде дайындалған салыстырып тексеру әдістемелері қолдануға ҚР МӨЖ тізімінде есепті тіркеу өтусіз жіберіледі.

ТМД елдерінде дайындалған салыстырып тексеру әдістемелері қолдануға ҚР МӨЖ тізімінде есепті тіркеуден өткеннен кейін жіберіледі.

Есепті тіркеу түрін бекіту және бекітілген түрге сәйкестік мақсатындағы сынақтар нәтижелерін тану, метрологиялық аттестаттау қатысушы – мемлекеттерде жүргізілетін өлшем құралдарын салыстырып тексеру процедураларын жүргізу кезінде, сондай ақ республикада жүргізілетін өлшем құралдарын сынау және метрологиялық аттестаттау кезінде іске асырылады.

Салыстырып тексеру әдістемелерін құруды, баяндауды, рәсімдеуді және мазмұнын ҚР СТ 1.5 талаптарын ескере отырып іске асырады.

Салыстырып тексеру әдістемелері кіріспе бөлімнен және келесі бөлімдерден тұрады:

- салыстырып тексеру операциялары;

- салыстырып тексеру құралдары;

- қауіпсіздік талаптары;

- салыстырып тексеру шарттары;

- салыстырып тексеруге дайындық;

- салыстырып тексеруді жүргізу;

- өлшемдер нәтижелерін өңдеу;

- салыстырып тексеру нәтижелерін рәсімдеу.

Кіріспе бөлімде салыстырып тексеру әдістемелерің мақсатын белгілейді, сондай ақ стандарттау обьектін және салыстырып тексеру әдістемесінін тиісті мемлекетаралық құжаттарға және халықаралық ұйымдардың құжаттарына сәйкестік дәрежесін нақтылайды.

Кіріспе бөлімде салыстырып тексеру арасындағы аралық көрсетілуі қажет.

Салыстырып тексеру операциялары бөлімі салыстырып тексеру кезінде жүргізілетін операциялар тізімінен тұрады.

Операцияларды 1кестеде келтірілген нысанда көрсетеді.

1 -кесте

Операциялардың атауы

Салыстырып тексеру әдістемесі тармағының нөмірі

Операцияларды жүргізу

Алғашқы салыстырып тексеру кезінде

Мерзімді салыстырып тексеру кезінде

Өндірістен шығару кезінде

Жөндеуден кейін

Ескерту –Операцияларды жүргізуді «Иә» немесе «жоқ» деген сөздермен көрсетеді

Алғашқы және мерзімді салыстырып тексерулердің бірдей көлемдері кезінде операцияларды тізім түрінде келтіреді.

Бөлімде салыстырып тексеру операцияларын жүргізу уақытының нормалары туралы мәліметтерді көрсетуі мүмкін.

Салыстырып тексеру құралдары бөлімі негізгі және көмекші салыстырып тексеру құралдары, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері, осы құралдардың негізгі техникалық сипаттамалары және метрологиялық немесе техникалық талаптарды регламенттейтін нормативті құжаттардың белгіленуі және атауы көрсетілетін жабдықтар мен материалдар тізімінен тұрады.

Тізім 2 кесте түрінде баяндалады

Салыстырып тексеру әдістемесі тармағының нөмірі

Негізгі немесе көмекші салыстырып тексеру құралының атауы және типі, салыстырып тексеру құралының негізгі техникалық сипаттамаларыжәне метрологиялық немесе техникалық талаптарды регламенттейтін нормативті құжаттардың белгіленуі және атауы.

Бөлімге тізімде келтірілмеген, бірақ талап етілетін дәлдікпен салыстырып тексерілетін өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын анықтауды (бақылауды) қамтамасыз ететін құралдарды қолдану мүмкіндігі туралы көрсетулерді енізеді.

Салыстырып тексерушілердің біліктілігіне қойылатын талаптар» бөлімі салыстырып тексеру жүргізуге рұқсат етілген тұлғалардың біліктілік деңгейі туралы (кәсібі, білімі, лауазымы, практикалық тәжірибесі, салыстырып тексеру қызметі бойынша жұмыс стажы және т.б.)мәліметтерден тұрады.

Қауіпсіздік талаптары бөлімі салыстырып тексеруді жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігін, өндірістік санитарияны, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін талаптардан тұрады.

Бөлімге салыстырып тексеруді жүргізу процесін еңбектің зиянды немесе аса зиянды шарттарына жатқызу қажеттілігі туралы көрсетулерді енгізеді.

Салыстырып тексерушілердің біліктілігіне қойылатын талаптар және «қауіпсіздік талаптары» бөлімдері салыстырып тексеруді жүргізу үшін салыстырып тексеруші танысуы қажет құжаттар тізімімен толықтырыла алады, бұл тізімде құжаттардың белгіленуі және атауы көрсетілуі қажет.

Салыстырып тексеру шарттары бөлімі ГОСТ 8.395 сәйкес номиналды мәндерден ( номиналды салалардың шектерінен) ауытқу шектерінің мүмкіндік мәндерін және номиналды мәндерді көрсету арқылы салыстырылып тексерілетін өлшем құралдарының метрлогиялық сипаттамаларына ықпал ететін, салыстырып тексеру кезінде қамтамасыз етуі қажет физикалық шамалардың тізімінен тұрады.

Салыстырып тексеруге дайындық бөлімі салыстырып тексеру алдында жүргізілетін жұмыстардың, және оларды орындау тәсілдері тізімінен тұрады.

Салыстырып тексеруді жүргізу» бөлімі мына бөлімшелерден тұрады:

-сыртқы тексеру;

-сынамалау;

-метрологиялық сипаттамаларды анықтау(бақылау).

Сыртқы тексеру бөлімшесі жиынтықтық, сыртқы түрі және бақылау құралдары бөлімінде салыстырылып тексерілетін өлшем құралдарына қойылатын талаптар тізімінен тұрады.

Сынамалау бөлімшесі салыстырылып тексерілетін өлшем құралының қызметін, сондай ақ оның жекелеген бөліктері мен элементтерінің өзара байланысын тексеру үшін өлшем құралдарын пайдаланумен немесе пайдаланусыз өткізуі қажет операциялардың тізімінен және суреттелуінен тұрады.

Метрологиялық сипаттамаларды анықтау бөлімшесі «Салыстырып тексеру операциялары» бөлімінде көрсетілген операцияларды суреттеуден тұрады және салыстырып тексерілетін өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын анықтау әдістерін белгілейді.

Әрбір операцияның суреттелуін «Салыстырып тексеру операциялары» бөлімінде көрсетілген рет бойынша жеке тармаққа шығарады.

Тармақ соңында анықталатын (бақыланатын) метрологиялық сипаттаманың мүмкіндік мәнін көрсетеді.

Операциялардың суреттелуі салыстырып тексерудің атауынан және әдісінен, қосу сұлбасынан, сызбалардан, операцияларды жүргізу тәртібі туралы көрсетулерден, формулалардан графиктерден, оған кіретін белгіленулердің түсініктемелері бар кестелерден , есептеудің шекті мүмкіндік қателігі туралы көрсетулерден, хаттамада бекітілген мән беретін цифрлардың саны бойынша ұсыныстардан, өлшемдер санынан, салыстырып тексеру жүргізілетін нүктелер санынан және т.б. тұрады

Өлшемдер нәтижелерін өңдеу бөлімін салыстырып тексеру әдістемесіне өлшемдер нәтижелерін өңдеудің күрделі тәсілдері бар болған жағдайда қосады.

Егер өлшемдер нәтижелерін өңдеудің тәсілдері сол немесе жоғарырақ санаттың нормативті құжатында анықталған болса, Бөлімде осы құжатқа сілтеме келтіріледі, мысалы: «Өлшемдер нәтижелерін өңдеу»-ГОСТ 8.207».

Салыстырып тексеру нәтижелерін рәсімдеу бөлімі өлшем құралдарын салыстырып тексеру нәтижелерін рәсімдеуге қойылатын талаптардан тұрады.

Салыстырып тексеру нәтижелерін рәсімдеу өлшемдер нәтижелерін хаттамада жазу арқылы жасалады, қажет жағдайда, оның нысаны салыстырып тексеру әдістемесіне қосымшада келтіріледі.

Бөлім салыстырып тексеру нәтижелері ҚР СТ 2.4 сәйкес рәсімделеді деген көрсеткіштен тұруы және рәсімдеу тәсілдерін көрсетуі (салыстырып тексеру туралы сертификат, салыстырып тексеру таңбаларын басу( өзі жабысатын лейбл, пластикалық пломба) ҚР СТ 2.20 сәйкес пайдалану құжаттамасына жазу енгізу) қажет.

Қосымшалармен мыналарды рәсімдейді:

-ЭЕМ өлшемдер нәтижелерін өңдеу бағдарламасы;

-салыстырып тексеру қателігін есептеу әдістемесі;

-бақылаушы ерітінділер мен аттестатталған қоспаларды дайындау әдістемесі;

-салыстырып тексеру хаттамасының нысаны немесе салыстырып тексеру нәтижелерін жазу;

-өлшем құралдарын салыстырып тексеру нәтижелерін сертификатта жазудың мазмұны және тәртібі (өлшемдер нәтижелерін жазу үшін сертификатқа қосымшаның нысаны онда келтірілген мәліметтердің көлемін көрсету арқылы);

-өлшемдер нәтижелерін өңдеу бойынша есептердің мысалдары, есептеу шамаларының кестелері, шама тәуелділігінің графиктері және басқа есептеу деректері;

-терминдерді түсіндіру;

-салыстырып тексеру әдістемелерінің параметрлеріне (өлшем құралының шекті мүмкін қателігіне, өлшем құралының жарамдығы туралы шешім қабылданатын бақылаушы жіберуге, салыстырып тексерілетін нүктелердің санына және т.б.) қойылатын талаптарды ғылыми –техникалық;

-көмекші қондырғыларды және салыстырып тексеру құралдарын техникалық суреттеулер;

-салыстырып тексерілетін өлшем құралдары, жұмысшы эталондар және көмекші салыстырып тексеру құралдары туралы қажетті қосымша мәліметтер;

-салыстырып тексеру таңбаларын басу тәсілдерінің қосымша ерекше көрсетулері;

-салыстырып тексеру және салыстырып тексеру жұмыстарының өнімділігін жоғарылату мысалы, есептеу техникасын қолдану бойынша көрсетулер кезінде қателіктерді жоюға икемдейтін басқа талаптар.

Бақылау сұрақтары:

Бастапқы салыстырып тексеру

Сараптық салыстырып тексеру

Инспекциялық салыстырып тексеру

Кезектен тыс салыстырып тексеру

Мерзімдік салыстырып тексеру