- •«Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» пәнінен лекциялар жиынтығы
- •050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы үшін
- •Шымкент-2012 ж қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»
- •Мазмұны
- •1 Лекция. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні
- •2 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мен құқықтары
- •Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
- •Өндірістің метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
- •5 Сурет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
- •5 Лекция. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
- •4 Сурет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
- •Кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жалпы сипаттамасы
- •3 Сурет. І және іі топтардағы кәсіпорынның метрологиялық қызметінің құрылымдық сызбасы
- •Метрологиялық қамтамасыз етуге және оның тапсырмаларына қатысатын кәсіпорын бөлімшелері
- •6 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушы негіздері
- •7 Лекция. Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі (әрі қарай ужмқ) және заттар мен матиериалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі (сүмқ)
- •9 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және нормативті-құқықтық негіздері
- •10 Лекция. Өндірістің метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттары өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің заңды негізі
- •11 Лекция. Метрологиялық қызметтер. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және рмк „Метрология“ метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
- •12 Лекция. Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
- •13 Лекция. Стандарттардың, техникалық шарттардың метрологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі
- •14 Лекция. Өнім өндіруді және оны шығаруды технологиялық дайындау сатысында мқе талдау
- •15 Лекция. Стандартты емес өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу
- •16 Лекция. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі
- •17 Лекция. Өлшеуді, өқ–ның күйін, және қолданылуын метрологиялық қадағалау
- •18 Лекция. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау түрлерi
- •19 Лекция. Өлшеу құралына тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және тәртібі
- •20 Лекция. Өлшеу құралын тексеру
- •Өлшемдерді орындау әдістемесі
- •Өлшемдерді орындау әдістемесін әзірлеу тәртібі
- •Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттауды жүргізу тәртібі
- •21 Лекция. Өлшеу құралын калибрлеу
- •22 Лекция. Тексеру схемалары
- •23 Лекция. Тексеру схемаларының мазмұны және құрылуы
- •24 Лекция. Өқ-ын мемлекеттік сынау. Мемлекеттік қабылдап және бақылап сынау
- •25 Лекция. Сынау жабдығын аттестаттау
- •26 Лекция. Техникалық құжаттаманы мс және мө жайлы ұғымдар
- •27 Лекция. Мс-ге және мө-ге жататын өқ-ына конструкторлық құжаттама
- •28 Лекция. Конструкторлық құжаттаманы метрологиялық бақылау.
- •29 Лекция. Технологиялық құжаттаманы метрологиялық бақылау
- •30 Лекция. Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың міндеттері мен құқықтары
- •3 Лекция. Метрология саласындағы қызметкердің біліктілігі
- •4 Лекция. Метрология саласындағы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары
17 Лекция. Өлшеуді, өқ–ның күйін, және қолданылуын метрологиялық қадағалау
Дәріс жоспары:
Мемлекеттiк метрологиялық қадағалаудың мақсаты
Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау объектiлерi
Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау аясы
Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттардың және нормативтік құжаттардың талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау объектiлерi
Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау объектiлерi мыналар болып табылады: 1) шама бiрлiктерiнiң эталондары; 2) Өлшем құралдары; 3) Өлшемдердi орындау әдiстемелерi; 4) жеке және заңды тұлғалардың Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметi; 5) Өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегi оралған тауарлардың саны. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау аясы
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңында 22-бабында аталған объектiлерге қатысты мемлекеттiк метрологиялық қадағалау нәтижелерi: 1) азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жӨніндегі жұмыстар; 2) Өнiмнiң және көрсетiлетiн қызметтер сапасының нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестігiн сынау мен бақылау; 3) қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау; 4) еңбек жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау; 5) сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнiм берушi, өндiрушi, орындаушы) арасындағы, соның iшiнде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметтерiн көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар мен есеп айырысулар; 6) мемлекеттiк есеп операциялары; 7) бұйымдардағы, құймалардағы, жартылай фабрикаттардағы, дәнекерлемелер мен қалдықтардағы бағалы металдардың мөлшерiн анықтауға байланысты операциялар; 8) қару-жарақ, әскери және арнайы техника, арнайы Өнiмнiң басқа да түрлерiн өндiру; 9) геодезиялық, геологиялық және гидрометеорологиялық жұмыстар; 10) салық, банк, кеден және почта операциялары; 11) энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiн шығару, өндiру, ұқсату, тасымалдау, сақтау және тұтыну; 12) құрылыс салу; 13) мемлекеттiк басқару органдарының, соттың және құқық қорғау органдарының тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыстар; 14) ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тiркеу; 15) Өлшем құралдарын сынау, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру, калибрлеу; 16) ғылыми зерттеулер жүргiзу; 17) қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 18) ойын автоматтарын шығару және қолдану кезiнде пайдаланылатын өлшемдерге қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
Мемлекеттiк метрологиялық қадағалаудың мақсаты
Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау объектiлерi
Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау аясы
