- •«Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» пәнінен лекциялар жиынтығы
- •050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы үшін
- •Шымкент-2012 ж қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»
- •Мазмұны
- •1 Лекция. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні
- •2 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мен құқықтары
- •Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
- •Өндірістің метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
- •5 Сурет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
- •5 Лекция. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
- •4 Сурет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
- •Кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жалпы сипаттамасы
- •3 Сурет. І және іі топтардағы кәсіпорынның метрологиялық қызметінің құрылымдық сызбасы
- •Метрологиялық қамтамасыз етуге және оның тапсырмаларына қатысатын кәсіпорын бөлімшелері
- •6 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушы негіздері
- •7 Лекция. Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі (әрі қарай ужмқ) және заттар мен матиериалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі (сүмқ)
- •9 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және нормативті-құқықтық негіздері
- •10 Лекция. Өндірістің метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттары өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің заңды негізі
- •11 Лекция. Метрологиялық қызметтер. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және рмк „Метрология“ метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
- •12 Лекция. Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
- •13 Лекция. Стандарттардың, техникалық шарттардың метрологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі
- •14 Лекция. Өнім өндіруді және оны шығаруды технологиялық дайындау сатысында мқе талдау
- •15 Лекция. Стандартты емес өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу
- •16 Лекция. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі
- •17 Лекция. Өлшеуді, өқ–ның күйін, және қолданылуын метрологиялық қадағалау
- •18 Лекция. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау түрлерi
- •19 Лекция. Өлшеу құралына тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және тәртібі
- •20 Лекция. Өлшеу құралын тексеру
- •Өлшемдерді орындау әдістемесі
- •Өлшемдерді орындау әдістемесін әзірлеу тәртібі
- •Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттауды жүргізу тәртібі
- •21 Лекция. Өлшеу құралын калибрлеу
- •22 Лекция. Тексеру схемалары
- •23 Лекция. Тексеру схемаларының мазмұны және құрылуы
- •24 Лекция. Өқ-ын мемлекеттік сынау. Мемлекеттік қабылдап және бақылап сынау
- •25 Лекция. Сынау жабдығын аттестаттау
- •26 Лекция. Техникалық құжаттаманы мс және мө жайлы ұғымдар
- •27 Лекция. Мс-ге және мө-ге жататын өқ-ына конструкторлық құжаттама
- •28 Лекция. Конструкторлық құжаттаманы метрологиялық бақылау.
- •29 Лекция. Технологиялық құжаттаманы метрологиялық бақылау
- •30 Лекция. Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың міндеттері мен құқықтары
- •3 Лекция. Метрология саласындағы қызметкердің біліктілігі
- •4 Лекция. Метрология саласындағы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары
29 Лекция. Технологиялық құжаттаманы метрологиялық бақылау
Дәріс жоспары:
Технологиялық құжаттаманы метрологиялық сараптау
Метрологиялық сараптаудың қажеттілігі
Метрологиялық сараптауда орындалатын жұмыстар
Технологиялық құжаттаманы метрологиялық сараптау мына мақсаттармен жүргізіледі: жаңа техниканы игеру туралы мәлімдемелерді сараптау; техникалық тапсырмаларды сараптау; конструкторлық және технолдогиялық құжаттарды сараптау; стандарттар жобасын сараптау.
Жаңа технианы игеру туралы мәлімдемелерді сараптаудың барысында өлшем құралдарының дәлдік нормаларын белгілеудің дәлдігі мен жеткіліктілігі анықталады. Дәлдік нормаларының жеткіліктілігі деп белгіленген нормалардың өнім сапасын қамтамасыз ету үшін жеткіліктілігін айтады.
Метролгиялық сараптау кезінде ерекшекөңіл аударатын мәселелер-техникалық талаптар мен тексеру және қабылдау тәртіптері.
Өнімнің шығыс параметрлерінің болуы, мұндай параметрлердің жасалуы, физикалық шамалар мен олардың бірліктерінің метрологиялық терминдері, атаулары, белгіленулері тексеріледі.
Технологиялық құжаттарды метрологиялық сараптау барысында өнімнің өлшенетін параметрлері , дәлдік нормалары, өнімнің өндірілуі, сыналуы, пайдаланылуы, жөнделуі, өлшеу әдстерімен және өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілуі анықталады.
Текнологиялық құжаттаманы МС кезінде мыналар жүзеге асырылады;
бақылау кезінде сапаны бақылаудың және өзара алмастырушылықтың тиімділігін және анықтығын қамтамасыз ету мақсатында өлшенетін парамертлер атау тізімінің тиімділігін анықтау.
бұйымды дайындау, сынау, пайдалану және жөндеу процесінде қажет параметрлерді бақылау мүмкіндігін , бұйым конструкциясымен қамтамасыз етуді бағалау.
өлшемдер дәлдігі көрсеткіштерінің бақылауының және өзара алмастырушылықтың тиімділігін және анықтығына қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу.
өлшемдер дәлдігі көрсеткіштерінің техникалық процестердің тиімді режимдерін қамтамасыз ету қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу.
ө.қ және өлшемдерді орындау әдістемелеріне қойылатын талаптардың толықтығын және дұрыстығын белгілеу.
ө.қ және өлшемдерді орындау әдістемелерін, өлшемдердің ұлттық және халықаралық эталондардан бақылаудың дұрыстығын бағалау.
өлшемдердің берілген дәлдігін және қажетті өнімділікті алуды қамтамасыз ету бірыңғайланған, автоматтандырылған ө.қ айқын басымдылықпен қолданылатын мүмкіндігін жабу.
ө.қ заңды пайдалануды бағалау.
ө.қ өнімділігінің техникалық жабдықтың өнімділігіне сайлылығын бағалау.
ҚР аумағында қолданып жіберілген шамалар бірліктерін пайдалануды және атаулар мен белгіленулердің дұрыстығын белгілеу.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өлшемдерді ұйымдастыру және жүргізу бойынша көрсетулердің дұрыстығын белгілеу.
Бақылау сұрақтары:
Технологиялық құжаттаманы метрологиялық сараптау
Метрологиялық сараптаудың қажеттілігі
Метрологиялық сараптауда орындалатын жұмыстар
30 Лекция. Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың міндеттері мен құқықтары
Дәріс жоспары:
Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың міндеттері
Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың құқықтары
1. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және оның аумақтық бӨлімшелерінің лауазымды адамдары стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырады. 2. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар атқарып жүрген қызметтерiне сәйкестiгiн анықтау және кәсiби даярлығын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi аттестаттаудан Өтуге тиiс. 3. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың: 1) тексеруге тапсырмасын (жолдамасын) және қызметтiк куәлiгiн кӨрсеткен кезде заңдарға сәйкес мемлекеттiк метрологиялық қадағалау үшiн белгiленген объектiлерге кедергiсiз кiруге; 2) жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттiк метрологиялық қадағалау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер сұратуға және алуға; 3) техникалық құралдарды пайдалануға және тексерiлетiн объектiлердiң мамандарынан ақпарат алуға; 4) сынаудан және түрiн бекiтуден, салыстырып тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан Өтпеген, бекiтiлген түрге сәйкес келмейтiн өлшем құралдарын қолдануға, өткiзуге, өндiрiстен және жӨндеуден шығаруға тыйым салуға; 5) егер өлшем құралдары жұмысқа жарамсыз болса олардың көрсетулерiнiң қателiгi рұқсат етiлген нормалардан асып кетсе немесе салыстырып тексеру туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi бiтсе, салыстырып тексеру таңбаларының баспа-таңбасын өшіруге немесе өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттың күшiн жоюға; 5-1) өлшем құралдарының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу үшiн оған инспекциялық салыстырып тексеру жүргiзуге; 6) метрологиялық нормалар мен ережелердiң бұзылуын жою, қолдануға жарамсыз өлшем құралдарын және заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін пайдаланудан алып тастау туралы орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге; 7) буманың iшiндегi тауардың санын көрсететiн шаманың буманың бетiнде белгiленген шамаға сәйкессiздiгi анықталған жағдайда бума тауарлар партияларын Өткiзуге тыйым салуға құқығы бар.
Бақылау сұрақтары:
Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың міндеттері
Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың құқықтары
