- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •7.Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •8.Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Анасы мен баласы
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Таным патшалығы Байланыстырушы етістіктер
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Студенттің бос уақыты
- •Студент және уақыт
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Ауру – астан
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Домбыра
- •Күй атасы – Құрманғазы. Күйші Дина.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Өлең – сөздің патшасы
- •Абай – қазақтың бас ақыны
- •1. Жазылым.
- •Хакім Абайдың философиясы немесе отыз тоғызыншы қарасөзі
- •1. Жазылым.
- •Абайдың әкесі
- •1. Жазылым.
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •1. Жазылым.
- •2. Жазылым.
- •Ауыз әдебиеті
- •2. Ауыз әдебиетінің қосымша атауын көрсетіңіз:
- •Көркем сөз – көркем өнер
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Мұхтар Әуезов – суреткер
- •«Абай жолынан» үзінді
- •«Абай жолынан» үзінді
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Атақты аудармашы
- •Атақты аудармашы
- •Адам және табиғат – егіз Бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуі
- •Себеп және салдар қатынастары себебі, өйткені, неге десеңіз және сондықтан жалғаулықтары арқылы беріледі:
- •Себеп және салдар қатынастары есімшеден болған баяндауыштарға ‑дықтан, ‑діктен күрделі қосымшасының жалғануы арқылы да беріледі:
- •Қызыл Кітап
- •Қызыл Кітап
- •Қазақстанның тарихи орындары Құбылыстардың арақатынасының, байланысының салыстырыла, салғастырыла берілуі
- •Қазақстанның көне қалалары
- •Қарсылықты мәнді қатынастың берілуі
- •Астана – бас қала Қалағандықтың-қаламағандықтың берілуі
- •Қатысымның оқу-кәсіби саласы. Менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі
- •Басшы келбеті
- •Қайырымды қаланың басшысы қандай болуы керек?
- •Басшы дұрыс болса, қосшы қайда кетер дейсiз?
- •А) қарапайым халықты жақтырмайды
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •Әркім бастық болмайды…
- •А) ізгілікті болсын
- •Қоғам және жастар
- •Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
- •Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Қазақ жастары – зияткерлік ұлттың тірегі
- •Әлем таныған Қазақ Елі
- •Жастар және «Қазақстан - 2050» стратегиясы
- •Білім мен ғылым
- •Ақш Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы көшбасшы рөлін құптайды
- •Қазақстанның сыртқы саясаты – тмд елдерінің ішіндегі ең сауаттысы
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жинақтау салымы
- •Академик Асқар Жұмаділдаевпен сұхбат
- •Енді велосипед те ұшады
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Ғылым мен техника
- •Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов
- •Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- •Ғарыштағы қазақ құрты
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Ағымдық, аралық бақылау тапсырмалары і семестр
- •Бақылауға арналған сұрақтар іі семестр
Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Мүгедектік, асыраушы, айырылу, әлеуметтік қорғау, ынтымақтастық, қағидат, қатерлі жағдайлар, жарна, көзделу, жәрдемақы, заңнама, санат, әл-ауқат, пәрменді жәрдемақылар, атаулы көмек, мұқтаж, қатер, төлем, еңбеккерлер, аударым, есебінен жүргізу, қамсыздандыру, басымдық, бір жолғы жәрдемақы.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Біздің елімізде мүгедектігіне, асыраушысынан айрылуына байланысты, жұмыссыздығы мен жасы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі толық ынтымақтастық қағидатына негізделген. Барлық жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өмірдегі қатерлі жағдайлар туындаған кезде еңбек қызметіне қатысуына және жарнасына қарамастан, егер заңдар мен халықаралық шарттарда басқаша көзделмесе, бірдей деңгейде мемлекеттік жәрдемақылар алады.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі мен жалпы реттеушісі мемлекет болып табылады. Заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары халықаралық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдаудан туындайды:
Барлық еңбекке қабілетті азаматтар өзінің жеке басының болашағы мен өз отбасының әл-ауқаты үшін жауапты болуға ұмтылуы тиіс;
- Пәрменді жәрдемақылар атаулы болуы тиіс, яғни оны алуға құқығы бар және оған аса мұқтаж адамдарға беріледі;
- Барлық азаматтарға әлеуметтік қатерлерге қарай бюджет қаражатының есебінен бірдей деңгейдегі мемлекеттік төлемдер беру;
- Алғашқы кезеңде міндетті әлеуметтік сақтандыруды жұмыс берушілер есебінен және келешекте еңбеккерлерді де аударымдары есебінен жүргізу;
- Ана мен баланы кең ауқымды әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттің бүкіл әлеуметтік қорғау жүйесінің басымдықтарының бірі болады.
Қолдау көрсету ретiнде бала туғанда бiр жолғы жәрдемақы және жасы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына қосымша жәрдемақы беру енгiзiлетiн болады.
Мүгедектiк проблемаларын шешу бойынша іс-шаралар әзiрлеу, мүгедектердiң мұқтаждарына арналған өндiрiстердi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру, мүгедектердiң негiзгi құқықтар мен көрсетiлетiн қызметтерге қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк стандарттарды енгiзу қарастырылады.
http://kk.wikipedia.org/wiki
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Әлеуметтік қорғау жүйесі неге байланысты негізделген?
Барлық жеке тұлғалар дегендер кімдер?
Әлеуметтік қорғау жүйесінде мемлекеттің рөлі қандай?
Барлық еңбекке қабілетті азаматтар неге ұмтылуға тиіс?
Пәрменді жәрдемақылар атаулы болғандықтан, кімдерге беріледі?
1-жазылым. Берілген сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз.
Ынтымақтастық, көмек, мемлекеттік, әлеуметтік, шарттар, қағидат, атаулы, кәмелеттік, іс-, жәрдемақы, халықаралық, жас, бір жолғы, сақтандыру, шаралар.
2-жазылым. Мәтіндегі термин сөздерді теріп алыңыз, олармен сөйлем құрастырыңыз.
Үлгі: жеке тұлғалар – Қазақстанның әрбір азаматы жеке тұлға деп саналады.
Тыңдалым
БАҚЫТ
Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
Диалог мазмұнында жауабы бар сұрақты табыңыз.
A) Адам өзінің бақытты екенін біліп жүрді ме?
B) Бақыттың не екенін түсіну үшін Адамға еңбек ету керек пе?
C) Адам ұйықтап тұрғанда бақта оянды ма?
D) Адамның іші пысатын сәттері болды ма?
Диалог бойынша дұрыс ақпаратты көрсетіңіз.
A) Адам өзінің бақытсыз екенін сезіп жүрді.
B) Адам бақыттың не екенін білген еді.
C) Адам адаммен ғана бақытты болады.
D) Ерінбей еңбек еткен бақытқа жетеді.
Диалог мазмұны бойынша қате ақпаратты көрсетіңіз
A) Адам бақта жүргенде ішерге тамақ мол болды.
B) Адам өзінің еңбек етуге тиіс екенін білді.
C) Адам бақыттың артта қалғанын түсінді.
D) Адам ұйықтап тұрғанда, енді не істеу керектігін түсінді.
Сұхбаттасушының ниетін білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
A) Адам өзіне қажетті нәрсені іздеп таппақ болды.
B) Адам бақытты көрсетуді сұрады.
C) Адам шөл даланы гүлдендірмек болды.
D) Адам бақытты ұстап көрмек болды.
Диалогтегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.
A) Адам бақытты қайдан табуға болатынын сұрады.
B) Адам айдалада тұрғанын көргенде, аштан өлермін деп ойлады.
C) Шөл даланы гүлге айналдыру үшін ерінбей еңбек ету керек.
D) Ештеңе істемей жүрген адам бақытты түсінбейді.
Анықтама
мүгедектік – инвалидность
асыраушы – кормилец
айырылу – лишаться
әлеуметтік қорғау – социальная защита
ынтымақтастық – сотрудничество
қағидат – положение, закон
қатерлі – опасный, рискованный
жарна – взнос
көзделу – быть нацеленным
жәрдемақы – пособие
заңнама – закон, законодательство
санат – категория
әл-ауқат – благосостояние, материальное положение
пәрменді – действенный
атаулы – именной, именованный
мұқтаж – нуждающийся
қатер – опасность
төлем – платеж, пошлина
еңбеккерлер – труженики, работники
аударым – перевод (денег)
есебінен жүргізу – за счет (налога)
қамсыздандыру – страховать, обеспечить
басымдық –преимущество, превосходство
бір жолғы жәрдемақы – единовременное пособие
Тезаурус
іші пысу (фраз.) – не істерін білмеу, бос отыру, зерігу
сауық құру –көңіл көтеру, қызық, ойын
айдала – ешнәрсе жоқ дала
бақшаға бөлеу – бау, бақша өсіру
