Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Мұхтар Әуезов – суреткер

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Туынды, мақсат, оқырмандар, көркем, атсалысу, шексіз, негіз, шешім, өту.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Мұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей уезі, Шыңғыс болысында дүниеге келген. Семей қаласында медреседе, одан соң бес кластық орыс мектебінде, ал 1915-1919 жылдары мұғалімдер семинариясында білім алған. 1923-1928 жылдары Ленинград университетінде оқып, тіл мен әдебиет факультетін бітіреді. Ленинградта оқыған соңғы жылында екі тамаша повесть жазған: «Қараш –Қараш» және «Көксерек».

М.Әуезов 1920 жылдардың өзінде проза мен драмматургияда келелі туындылар беріп, қазақ әдебиетінің классигіне айналды. 30-жылдары Абайды тереңдеп, кеңінен тануды өзіне өмірлік мақсат ету ол кезде даналық қана емес, үлкен ерлік те болғаны хақ. М.Әуезов 15 жыл бойы «Абай жолы» атты өзінің 4 томдық роман-эпопеясын жазды. «Абай жолы» 30 тілге аударылып, дүйім дүние оқырмандарынан жоғары баға алды.

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопесы – қазақ халқының ғана емес, әлем әдебиетінің де баға жетпес құнды мұрасы, тіл ескерткіші. «Абай жолының» тек бірінші кітабының өзі 1942 жылдан бастап 1961 жылға дейін бес рет қайта басылып шыққан. Одан басқа жазушының мұражай-үйінде сақталған автордың 449 беттік қолжазбасы да басылған еңбектермен жолма-жол, сөзбе-сөз салыстырулар арқылы талданған. Осындай зерттеулердің нәтижесінде 1976 жылы ғалым Е.Жанпейісовтің «М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі» деген монографиясы жарыққа шығады. Бұл еңбек қана емес, басқа да түрлі зерттеулер атақты романның тілін, поэтикасын зерттеуге арналды. Дегенмен, бұл еңбектермен «Абай жолы» сияқты керемет туынды түгел зерттеліп болды деген сөз емес. Романның орыс тіліне аударылуындағы ерекшеліктер мен қиыншылықтар, қазақтық лингвомәдени сөз аспектілерінің аудармасы туралы мәселе өзекті болып қала береді. Онда қазақ тілінің байлығы, сарқылмас мүмкіншіліктері, ғасырлар бойына қалыптасқан сөздік қорының арғы-бергі қат-қабаты барынша мол қамтылған. Төрт кітаптан тұратын бұл кітапта осы күнгі сөздіктерден кездесе бермейтін тіл құбылыстары көптеп кездеседі.

Ұлы жазушы көркем аударма жұмысына да белсене атсалысты. И.Тургеневтің «Дворян ұясын» аударды, КСРО жазушыларының ІІ съезінде көркем аударма туралы арнаулы баяндама жасады. Ол қырғыздың «Манас» эпосы туралы монография жазды.

Үлкен ғалым, педагог М.Әуезов қазақ әдебиеті тарихын зерттеу, әдебиет кадрларын даярлау жөнінде шексіз көп еңбек сіңірді. Абайтану ғылымының негізін салды.

1961 жылы 27 маусымда қайтыс болғаннан кейін, республика үкіметінің қаулысымен Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасы Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институына, Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына оның есімі берілді. Туғанына 100 жыл толуына орай мерекесі ЮНЕСКО шешімімен дүниежүзілік деңгейде аталып өтті.

(Қазақ энциклопедиясынан)

Оқылым мәтіні бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. М.Әуезов қай жерде дүниеге келді?

А) Алматыда

В) Оңтүстік Қазақстанда

С) Мәскеуде

D) Семейде

Е) Таразда

2. М.Әуезов қандай орыс мектебінде оқыды?

А) бастауыш орыс мектебінде

В) бес кластық орыс мектебінде

С) oн жылдық мектепте

D) ауылдық орыс мектебінде

Е) дарынды балаларға арналған мектепте

3. Қандай семинарияда оқыды?

А) бастауыш сынып семинариясында

В) жастар семинариясында

С) мұғалімдер семинариясында

D) ер жігіттерге арналған семинарияда

Е) білім жетілдіру семинариясында

4. «Көксерек» және «Қараш-Қараш» повестері қай жерде жазылды?

А) Ленинградта

В) Мәскеуде

С) Семейде

D) Алматыда

Е) Шыңғыс болысында

5. 1920 жылдары қандай жанрда өнімді жұмыс істеді?

А) проза мен драмматургияда

В) лирикада

С) аудармада

D) тарихи жыр –дастандарда

Е) сын жанрында

6. Абайды тану, зерттеу ісі ұлы жазушының несіне айналды?

А) өмірлік арманына

В) өмірлік мақсатына

С) болашақ мамандығына

D) аудармашылығына

Е) сыншы болуына

7. Жазушының 1930-жылдары Абайды зерттеу ісін қалай бағалауға болады?

А) арманына жеткені деп

В) жазушылық кемеліне келгенінің белгісі деп

С) даналық, ерлік деп

D) ақын өлеңдерін жетік білгісі келгендігінен деп

Е) оқырмандарының алғысын алмақшы болғандығынан

8. Ұлы жазушы «Абай жолы» романын жазуға неше жылын арнады?

А) төрт жылын

В) он жылын

С) жиырма бес жылын

D) он бес жылын

Е) он шақты жылын

9. «Абай жолы» романы дүние жүзіндегі оқырмандарынан қандай баға алды?

А) бестік баға

В) қанағаттандырарлық

С) қызу пікірталас туғызды

D) жазушыдан ары қарай жалғастыруды сұрады

Е) жоғары баға

10. Көркем аударма саласында қалай еңбек етті?

А) студент кезінде өнімді еңбек етті

В) «Абай жолын» жазып болғаннан кейін біраз шұғылданды

С) белсене атсалысты

D) өз кітабын аудару үшін меңгерді

Е) баяндама жасау үшін жақсы меңгерді

11. Қырғыз елінің эпосына арнап не жазды?

А) мақала

В) очерк

С) поэма

D) дастан

Е) монография

12. Жазушының тағы басқа да қырларын көрсетіңіз:

А) саяхатшы

В) музыкант

С) зерттеуші

D) заңгер

Е) журналист

13. М.Әуезов атындағы мекемені көрсетіңіз:

А) академиялық драма театры

В) опера және балет театры

С) балалар мен жастар театры

D) халық мұражайы

Е) Семейдегі бір аудан

14. ЮНЕСКО шешімімен жазушы мерейтойы қандай деңгейде тойланды?

А) Семейде бірнеше күн

В) Қазақстанның барлық облыс деңгейінде

С) көрші мемлекеттерде

D) дүниежүзілік деңгейде

Е) Мәскеу, Ленинград қалалары деңгейінде

15. Сөйлемге қажетті сөзді қойыңыз: М.Әуезов Ленинград университетінің ..... факультетін бітірді.

А) тарих

В) Шығыстану

С) заң, құқық негіздері

D) тіл мен әдебиет

Е) аударма

Жазылым.

Тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз:

1. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ халқының ғана емес, .......

2. Ұлы жазушы «Абай жолына» дейін де көптеген ......

3. М.Әуезов жазушы ғана емес, .....

4. Абайтану ғылымының .... М.Әуезовтің ізбасарлары қазақ әдебиеті ғылымына үлкен үлес қосуда.

5. М.Әуезовтің мерейтойы ..... аталып өтеді.

Тыңдалым.

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1.Мәтінге сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.

A) Абайдың өлең жазуына Біржанның сөзі әсер етті.

B) Әншілерге сый-құрмет жасауды Ұлжан міндетім деп білді.

C) Абай Біржанның әнін Әйгерім үйреніп алса екен деген ниетте болды.

D) Абайдың бұрын айтылмаған жырын шығаруына Біржанның әсем әндері себеп болды.

2. Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.

A) Абайдың Біржан салға деген құрметі.

B) Қазақ ән өнерін көтере білген Біржанның әншілік дарынын таныту.

C) Абайдың ән өнерінің құдіретін тереңнен сезінуі.

D) Абайдың Орта жүз әншілерінің әнін терең ұғынуы.

3. Мәтінде бар ақпаратты табыңыз.

A) Ұлжан Біржан салға жорға мінгізді.

B) Біржандар Құнанбай ауылынан үлкен сый-сияпат көрді.

C) Абайларды қонаққа Әмірдің өзі арнайы шақырып кетті.

D) Біржан сал Абайды өзінің інісіндей көрді.

4. Мәтінде жоқ ақпаратты табыңыз.

A) Абай өзінің жаңа әндерін Біржанға үш ай бойы оқып беріп отырды.

B) Біржанның ән өнеріне риза болған Абай сары жорға сыйлады.

C) Біржанның барлық жолдастарына бір-бір сәйгүлік мінгізді.

D) Абай ән өнерін – азамат өнерінің биігі деп санайды.

5. Мәтіндегі қосымша ақпаратты табыңыз.

A) Біржан сал жолдастарымен Ұлжан, Айғыздармен қимай қоштасты.

B) Жаз бойы Біржан Орта жүздің барлық әншілерінің әндерін шырқап берді.

C) Әйгерім Біржандармен қоштасу кешіне бармай қалды.

D) Әйгерімнің тартыншақтауына қазақы әдептен аспауы себеп болды.

6.Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Құнанбай ауылы Біржандарды асыға күтіп отырды.

B) Біржандар Құнанбай ауылынан кейін Әмірдікіне аттанды.

C) Абай Біржанға «Құлақтан кіріп, бойды алар» әнін оқып берді.

D) Абай өлең – сөздің патшасы екенін осы кеште айтты.

7. Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Біржандар Күнкенің жеке тіктірген үйіне түсті.

B) Абай, Ерболдар Әмірдікіне қонаққа келді.

C) Біржан Абайдың шын саналы ақын, кемел екендігін тани түсті.

D) Абай елі Біржан салмен қимай қоштасты.

Анықтама

Аттану – отправляться в пут

Оң сапар – ақ жол, сәтті сапар

Күміс тайтұяқ – слиток серебра величиной с копыта стригунка

Қарық қылу (фраз.) – тойғызу, молынан беру

Үй тіккізу – киіз үй орнату, құру

Бойды алу (фраз.) – бүкіл денесіне тарау

Тезаурус

Дәм татқызу – қонақ ету, тамақ беру

Сәлем – сауқат – түрлі сый-сияпат, сыйлық

Манат, мақпал – бағалы маталар

Тоғыз-тоғыз сый – бірнеше зат, мата, әшекейлерден тұратын сыйлық

8-сабақ: