- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •7.Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •8.Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Анасы мен баласы
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Таным патшалығы Байланыстырушы етістіктер
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Студенттің бос уақыты
- •Студент және уақыт
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Ауру – астан
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Домбыра
- •Күй атасы – Құрманғазы. Күйші Дина.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Өлең – сөздің патшасы
- •Абай – қазақтың бас ақыны
- •1. Жазылым.
- •Хакім Абайдың философиясы немесе отыз тоғызыншы қарасөзі
- •1. Жазылым.
- •Абайдың әкесі
- •1. Жазылым.
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •1. Жазылым.
- •2. Жазылым.
- •Ауыз әдебиеті
- •2. Ауыз әдебиетінің қосымша атауын көрсетіңіз:
- •Көркем сөз – көркем өнер
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Мұхтар Әуезов – суреткер
- •«Абай жолынан» үзінді
- •«Абай жолынан» үзінді
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Атақты аудармашы
- •Атақты аудармашы
- •Адам және табиғат – егіз Бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуі
- •Себеп және салдар қатынастары себебі, өйткені, неге десеңіз және сондықтан жалғаулықтары арқылы беріледі:
- •Себеп және салдар қатынастары есімшеден болған баяндауыштарға ‑дықтан, ‑діктен күрделі қосымшасының жалғануы арқылы да беріледі:
- •Қызыл Кітап
- •Қызыл Кітап
- •Қазақстанның тарихи орындары Құбылыстардың арақатынасының, байланысының салыстырыла, салғастырыла берілуі
- •Қазақстанның көне қалалары
- •Қарсылықты мәнді қатынастың берілуі
- •Астана – бас қала Қалағандықтың-қаламағандықтың берілуі
- •Қатысымның оқу-кәсіби саласы. Менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі
- •Басшы келбеті
- •Қайырымды қаланың басшысы қандай болуы керек?
- •Басшы дұрыс болса, қосшы қайда кетер дейсiз?
- •А) қарапайым халықты жақтырмайды
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •Әркім бастық болмайды…
- •А) ізгілікті болсын
- •Қоғам және жастар
- •Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
- •Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Қазақ жастары – зияткерлік ұлттың тірегі
- •Әлем таныған Қазақ Елі
- •Жастар және «Қазақстан - 2050» стратегиясы
- •Білім мен ғылым
- •Ақш Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы көшбасшы рөлін құптайды
- •Қазақстанның сыртқы саясаты – тмд елдерінің ішіндегі ең сауаттысы
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жинақтау салымы
- •Академик Асқар Жұмаділдаевпен сұхбат
- •Енді велосипед те ұшады
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Ғылым мен техника
- •Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов
- •Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- •Ғарыштағы қазақ құрты
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Ағымдық, аралық бақылау тапсырмалары і семестр
- •Бақылауға арналған сұрақтар іі семестр
1. Жазылым.
Мәтіндегі бір біріне антоним болатын сөздерді тауып жазыңыз.
Бай –
....
.....
.....
2. Жазылым.
Мәтіндегі бір біріне синоним болатын сөздерді тауып жазыңыз.
оқу, ....
....
....
Тыңдалым.
Тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Шәкірімнің әкесі Құдайберді қандай мінезді жан еді?
Кішкентай Шәкәрім қандай болды?
Абай тағылымы Шәкәрімге қалай ықпал етті?
Ақын халықты неге шақырды?
Шәкәрімнің ойынша, бақыт пен мақсат қандай болады?
Анықтама:
Сарп ету (фраз.) – отдавать, жертвовать
арын қозғау – ар-ұятын ояту
жаратқан ие – жаратушы (создатель, творец)
халықты ағарту – халыққа білім, ғылым үйрету
жаратылыс – натура, природа, естество
талау – растерзать; грабить, расхватать
қылық – характер, замашки, действие
азулы айуандар – күшті, жыртқыш хайуандар (зверство)
әлсізді құлдану – әлсіз адамды құл ету
ашуланшақ – вспыльчивый, раздражительный
негізсіз –необоснованный
тезаурус:
бес уақыт намаз – күніне бес рет намаз оқу, намазға жығылу
жаратқан ие – Алла, тәңір, жаратушы, құдай
еңбегі жану – еңбегі өз жемісін беру
5-сабақ Ауыз әдебиеті
Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:
Айрықша, көркемдік нәр, тас дәуірі, наным-сенім, өз еншісі, жаппай, айтыс, беташар, жар-жар, бата, толғау, әдістеме.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Ауыз әдебиеті
Ауыз әдебиеті – халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте «халық шығармашылығы», «халықтың ауызша сөз өнері» «халық поэзиясы» деген атаулары да бар. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған «фольклор» сөзі ауыз әдебиетінің атауы ретінде халықаралық термин болып орнықты. Бұл атаулардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік идеялық нәрімен, эстетикалық қуатымен, түрі, жанрының молдығымен ерекшеленеді. Ауыз әдебиетінің қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мәні бар. Ол көне тас дәуірінде пайда болып, одан бері қазақ халқының қалыптасу кезеңімен тығыз байланыста дамыды. Ауыз әдебиеті байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Әрі ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар бойғы тарихи өзгерісін, жүріп өткен жолын көз алдымызға елестетеді. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да – халық. Сондықтан ол шын мәнінде халықтың өз еншісі болып табылады. Көшпелі қоғам мәдениетінде ауыз әдебиеті барлық белгілері бойынша классикалық деңгейге көтерілді.
Көшпелі тіршілікті бастан кешіріп жатқан қазақ даласында болған зерттеушілер мен ғалымдар, саяхатшылар өздері бұрын Еуропада көрмеген жаппай әншілік, жыршылық, жыраулық, ақындық, шешендік өнерден нәр алған ауызша байлыққа қызығып та, таңданып та қарады. Г.Н. Потаниннің «маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деуінде терең шындық жатыр.
Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау жұмысы ХҮІІІ ғасырдан басталады. Фольклор үлгілерін жинау бүгінге дейін жалғасып келеді. Ауыз әдебиетінің кейбір жанрлары қазір де сақталған. Мысалы, айтыс, беташар, жар–жар, бата, толғау, тұрмыстық өлеңдер – соған дәлел. Қазақ әдебиетінде ауыз әдебиетінің тарихы мен әдістемесі жан-жақты зерттелді.
(Қазақ энциклопедиясынан)
Оқылым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.(1- нұсқа)
Мәтінге сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.
A) Қазақтың әншілік, ақындық өнері шыңына жетті.
B) Ауыз әдебиеті жанрларының бірталай түрлері әлі де өміршең болып отыр.
C) Ауыз әдебиетінің үлгілерін жинау жұмысы тоқтатылды.
D) Халық шығармашылығы оның мәдениетімен ғана тығыз байланысты.
Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.
A) Қазақ әдебиетінің тарихы әлі зерттелу үстінде.
B) Г.Потаниннің қазақтарға берген бағасына тәнті боласың.
C) Ауыз әдебиеті – қазақ сөз өнерінің асылы, мәдениет көрсеткіші.
D) Ауыз әдебиетінің жанрлары қазір жаңаша түрлене түсті.
Мәтінде бар ақпаратты табыңыз.
A) Ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәнін ешкім жоққа шығара алмайды.
B) Еуропа елдерінің ғалымдары қазақ әншілік өнерін зерттеуге кірісті.
C) Дала перзенттерінің ән, жыр шығармайтындары болмайды.
D) Айтыс өнерінде суырыпсалма қасиет болуы шарт.
Мәтінде жоқ ақпаратты табыңыз.
A) Фольклор термин ретінде жеке ғылым атауы саналады.
B) Потаниннің қанатты сөзі Шоқан елінде болғанда айтылды.
C) Дала мәдениетіне саяхатшылар қызығып, таңданып қарады.
D) Ауыз әдебиеті үлгілерінде көшпелілер өмірі көрініс табады.
Мәтіндегі қосымша ақпаратты табыңыз.
A) Қазақтың барлық даласы ән салып тұрғандай сезіледі.
B) Фольклор үлгілерін жинау әлі де жалғасып келеді.
C) Қазақ ауыз әдебиеті көшпелі өмір салтында классикалық биікке көтерілді.
D) Ауыз әдебиеті – кез-келген елдің ұлттық құндылығы саналады.
Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.
A) Ауыз әдебиеті - ата-бабаларымыздың биік мұратының көрінісі.
B) Халықтың наным-сенімі оның өлең-жырларынан байқалады.
C) Ауызша шығарылып, ауызша тарайтын туынды бірнеше атауға ие.
D) Ауыз әдебиетінде батырлар жырының орын ерекше.
Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.
A) Қазақ фольклор үлгілерін жинастыру жұмысы 18 ғасырда қолға алынды.
B) «Фольклор» сөзі халықаралық термин ретінде бекітілді.
C) Көшпелі өмір салтындағы тұрмыс, дәстүр, түсініктер де жырланады.
D) Фольклор – жеке ғылым ретінде арнайы зерттеле бастады.
Мәтіннің түйінін көрсетіңіз.
A) Шешендік, жыраулық өнерді бағаламайтын адам жоқ.
B) «Сөз өнері – бар өнердің асылы» деп бағалайды қазақ.
C) Ауыз әдебиетінің шығу тарихы көне замандардан басталады.
D) Ауыз әдебиеті ұлттың баға жетпес мәдени мұрасы болып қала береді.
Оқылым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз. (2- нұсқа)
1. Ауыз әдебиеті – халық шығармашылығының, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың қандай атауы?
А) көркем
В) термин
С) жыр
D) жиынтық
Е) жиын
