- •Катализ анықтамасы
- •1.2 Катализатордың негізгі қасиеттері
- •1.3 Катализатордың және каталитикалық процестердің классификациясы
- •1 Кесте. Карбкатиондар түзілудің стандартты жылулығы
- •1.4 Өнеркәсіптік катализаторлардың түрлері және оларды таңдау тәсілдері
- •Сурет. Реакцияның элементарлы сатысында энергиялардың өзгерісі
- •3 Тарау. Адсорбция. Катализатордың энергетикалық біртекті және әртекті беттерінде адсорбцияның ерекшелігі
- •4 Тарау. Катализ теориялары
- •4.1 А.А. Баландиннің мультиплеттік теориясы
- •4.2 Н.И. Кобозевтің активті ансамбльдер теориясы және аггравация эффектісі
- •4.3 С.З.Рогинскидің активті бет теориясы. Катализатордың промоторлануы және улануы. Катализаторды модификациялау.
- •Тарау 5. Мұнайды өңдеуде гидрогенизациялық процестер. Гидрокрекинг және гидротазалау
- •Тарау 6 . Каталитикалық риформинг
- •7 Тарау. Мұнай өңдеудегі алкилдеу процесі
- •Әдебиет тізімі
- •Мазмұны
Тарау 6 . Каталитикалық риформинг
Каталитикалық риформинг бұл – белгіленуі бойынша екінші процесс, каталитикалық крекингтен кейінгі мұнайды өңдеудегі екіншілік процесс, яғни жоғары бензин отынын (оның ішінде, авиационды және ракеталы) және бензол қатарындағы ароматты көмірсутектер алуға арналған. Процесс Т= 480 – 520 о С температурада, Н2 Р= 1,5–4,0 МПа қысымда, бифункциональді катализатор қатысында, гидрлеуші-дегидрлеуші қасиетке ие және активті орталықтардың оттекті табиғатымен жүреді.
Риформинг шикізаты ретінде тура айдалған бензин фракциясы болып табылады. Осымен қоса, процесте гидротазалау іске асқаннан кейін бензин фракциясы басқа да процестерде қолданылуы мүмкін. Егер процестің мақсаты бензин өндіру болса, онда риформингте шикізаттың фракциялы құрамы температура интервалында қайнаудың басталуы мен аяқталуы 62–180 о С және 85–180оС тербеліп тұрады, С6 – С10 көмірсутек құрамына сәйкес келеді. Ал кейбір жағдайда, мақсатты өнім ретінде ароматты көмірсутектер болған кезде, шикізаттың фракциялық құрамы 62-140оС дейін төмендейді. Шикізаттың көбінесе мақсатты компоненті, циклоалкандар болып табылады.
Катализатордың табиғатына байланысты риформинг өндірісі процесінің 3 негізгі айырмашылығы:
Платинаформинг (платформинг);
Ренийформинг;
Молибденийформинг.
Көп
жағдайда қолданыста болып саналатын
осылардың ішіде платформинг. Катализатор
ретінде
,
промотирлеуші қоспа ретінде Re
қолданады. Платина үлесі 0,3 ден 0,6
масс.%
дейін құрайды. Платина құрамының 0,3
% аз болуы
катализатордың активтілігіне және
бензиннің сапасының түсуіне әкеліп
соқтырады. Рений 0,3–0,4
масс.%.
мөлшерінде платиналы балқыма түзеді,
оның дезактивация және кокстелуіне,
процесс қысымын 3,5
1,5 МПа дейін
түсіруге және бензиннің октан санымен
95(зерттеу әдісі бойынша) 6
% көлемінде
шығымын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Катализаторды мынадай Ir, Be, Sn, Pb, La, Ce, Nd промоторлаушы қоспаларға енгізгенде, катализатордың таңдамалылығы жоғарылайды және кейбір жанама реакциялар жүреді (арендердің дементанирленуі, циклоалкандардың әсерлесуі). Сонымен қоса, бұл қоспалар катализатордың жарамдылық мерзімін 5-тен 6 – 7 жылға дейін жоғарылатады.
Катализатордың қышқылдық функциясын көтеру үшін, оны эксплуатациялаудың бастапқы сатысында, катализаторға 0,5–2 % хлор қосады. Осымен шикізатта судың үлесі 1 ррт аспауы керек. Шикізаттағы ұшқыш хлордың жоғалу компенсациясы үшін, оған хлорорганикалық қосылыстардың қоспасын СН2 Сl – CH2Cl, CCl4, CH3 – CH2Cl аздаған мөлшерде енгізеді.
Риформинг процесінің негізгі реакциялары болып табылады:
а) бастапқы шикізаттың дегидроциклизация жолымен н-алкандарға ароматталуы;
б) алкилді циклопентендардың дегидроизомеризациясы;
в) алкилді циклогександардың дегидрленуі;
г) н-алкандардың изо-алкандарға изомеризациялануы;
д) алкандардың және гетероатомды көмірсутектердің (күкірт және азот құрамды) гидрокрекингіленуі.
Риформинг процесінің жылдамдығы каталитикалық крекингке қарағанда жоғары, қолданылған катализатордың табиғатына және процесті жүргізу жағдайына байланысты процестің жылдамдығы жоғары болып келеді.
Алкандардың негізгі айналу реакциялары болып табылады:
-изомеризация;
-дегидроциклизация;
-гидрокрекинг.
Изомеризация карбкатионды механизм бойынша өтеді. Изомеризация жылдамдығы көмірсутектердің молекулярлық массасының ұлғаюымен өседі.
Дегидроциклизация риформингтің теңдеу бойынша өтетін ең маңызды реакциясына байланысты:
Катализаторды кокстеу жағдайында процесс сутек қысымының жоғарылауымен жүреді. Температура Т=500 о С толуолдың құрамындағы н-гептанның конверсиясы 95 % құрайды.
Алкандардың ароматталуының негізгі механизмі:
Дегидрлену Pt да триенге дейін оның келесі циклизациясына Pt немесе Al2O3:
Pt да циклді өтетін комплекс арқылы С5-циклизациялануы:
Pt да алкан мен алкендердің дегидрленуі және келесі Al2O3 те алкендердің циклизациялануы:
Алкандардың төмен молекулалы қосылыстардың түзуімен гидрокрекингтелуі келесі теңдеумен сипатталады:
Циклоалкандардың негізгі айналу теңдеулері болып табылады:
-изомеризация;
-ароматизация;
-гидрокрекинг.
Изомеризация процесі кезінде сақинаның сығылуы реакция теңдігі араласқан алкил түзілу жағына қарай, сондай –ақ көп жағдайда арендердің түзілу жағына қарай реакцияның тепе – теңдігі жүруі мүмкін:
Бұл процестің таңдамалылығы реакция жылдамдығының қатынасымен және бифункциональді катализатордың активтілігімен анықталады.
Циклогексан гомологтарын алкилбензолда дегидрлеу жылдамдығы циклогександарға қарағанда жоғары. Гемараласқан циклогександар мына схема бойынша дегидрленеді:
Бициклогександар моноциклдер сияқты нафталин түзе оңай дегидрленеді.
Циклоалкандардың гидрокрекингі схемада белгісіз дәрежеде, алкандарға анологты болып жүреді.
2) келесі изомеризация дегидроароматизация:
Соңғы реакция бойынша бензолдың шығымы температураның көтерілуімен және қысымның түсуімен (мысалға, 500 о С температурада 3,6 МПа дан 1,5 МПа дейін ол 45-тен 90 % дейін өседі) жоғарылайды;
3) сақинаның ашылуы (гидроформинг)
Гидрогенолиз алюмоплатиналы жаңа катализаторда, платинада реакция өнімінің қатынасында (10.12), (10.13) және (10.14) 2,4 : 2,1 : 1 қатынаста жүреді. Эксплуатациялау процесі кезінде платинаның активтілігі дезактивациядан кейін біртіндеп түседі, және де гидрогенолиз ары қарай карбкатионды механизм бойынша қышқылды ортада жүреді:
Метилциклопентанды гидрогенолиздеу нәтижесінде осы процестің негізгі өнімі н-гексан болып табылады.
Арендердің негізгі айналу реакциялары болып табылады:
-метил араласқан арендерді диспропорционирлеу;
-метил араласқан арендерді орынбасарлары бойынша изомеризациялау.
Араласпаған арендер тұрақты.
Алкиларендер үш және одан да көп көміртек атомынан орынбасарларда қышқылды ортада деалкилденеді, каталитикалық крекинг процесінде келесідей бифункциональды катализатор қатысында гидрлеу арқылы алкенді алу сияқты болып келеді. Риформинг процесінің каталитикалық крекингтен айырмашылығы оның метил араласқан арендері бензол және метан түзілу арқылы деалкилденуі мүмкін. Циклоалкандардың арендерде дегидрленуі басқа реакциялардың жылдамдығынан жоғары, онда циклоалкандардың арендерге айналу селективтілігі 100 % жақындайды.
Циклопентан гомологтары риформинг кезінде мынадай жағдайда болады:
Орынбасарлары бойынша изомеризацияланады
Процестің негізгі өнімі болып табылады:
Бензин октан санымен зерттелген әдіс бойынша 95-98. Бензиннің химиялық құрамы: арендер 70-90масс.%, алкандар 20-30 масс.%, циклоалкандар 10-15 масс.%; Көп мөлшерлі арендерді қатты риформингтегі бензин құрамы құрайды. Арендердің арасында бензолдың үлесіне 3% шамасында келеді, толуол - 22%- ке дейін, ксилолдар- 35% дейін және арендер - С9 – С10 –дан 10 % дейін.
Құрғақ газдан (С1 –С2) шығарылатын газ, төмендетілген газ (С3 – С4) және Н2- құрайтын газ, риформинг процесі кезіндегі сутекті жоғалту кезінде оны толтыру ретінде қолданады, сондай –ақ басқа гидро өңдеу процестерінде (гидротазалау, гидрокрекинг және т.б) қолданады. 90% көп Н2 гидро өңдеу процесі үшін оны риформинг процесінде алады.
Өзін –өзі бақылау сұрақтары:
Риформинг процесі неге негізделген?
Риформинг процесінің басқа гидрогенизационды мұнай шикізатын өңдеу процестерінен принципиальді айырмашылығы неде?
Риформинг процесінің негізгі парметрлерін сипатта.
Риформинг катализаторын және оның қасиетін сипатта.
Риформингтің негізгі реакцияларына мысал келтіріңдер.
Риформинг процесінде алкандардың қандай айналулары жүреді?
Риформинг процесінде циклоалкандардың реакцияларын келтіріңдер.
Риформинг процесінде арендердің қандай маңызды реакциялары бар?
Каталитикалық жүйенің риформинг процесіндегі құрамын атаңыздар және әр компоненттің маңызын сипаттаңдар.
Риформинг процесінің шикізаты болып не табылады? Шикізатқа қандай талаптар қойылады?
Риформингтің негізгі өнімдерін санаңдар және оны ары қарай қолдануға бағытталуы.
