Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекц курсы каз ТКН.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Жұқпалы ауру қозд-штарының алдын-алу, салдарын жою, емдеу іс-шаралары

Карантин – зақымдану ошағынан тыс аймаққа ауру қозд-штарының таралуына жол бермеу және сол ошақтағы қозд-штарды жою мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар.

  • Кіріп-шығуға қатаң тыйым салынады;

  • Қызметтер тоқтатылады;

  • Қарыи-қатынасқа түсуге жол берілмейді.

Обсервация – инфекцияның басқа аймақтарға таралуына жол бермеу мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар.

  • Кіріп-шығуға максималды шектеу қйылады;

  • Эпидемиологтар мен медицина қызм-рінің рұқсатынсыз тағам және суды өз бетінші пайдалануға болмайды.

Дезинфекция – жұқпалы ауру қозд-штарының көзін құртуға бағытталған шаралар кешені.

Хмиялық улы з-р қолдану арқ. микроағзалар мөлшерін барынша азайтады (толық құрта алмайды), залалсыздандырудың 1 түріне жатады. 3 түрі бар:

  • Профилактикалық – эпидем-қ жағд-рға т-сіз, үнемі жүргізіліп отыратын шаралар (арнайы бактерицидтік қоспалары бар жуғыш, тазартқыш з-р қолдану, тазалық сақтау);

  • Ағымдағы – ауруға шалдыққан адамның айналасында үнемі сақталуы тиім гигеналық іс-шаралар (хлорлы ер-дімен жуу-сүрту, кварцтеу, т.б.);

  • Қорытынды – ауруға шалдыққан адам жазылғаннан немесе өлгеннен кейін жүргізілетін ақтық іс-шаралар.

Дератизация – кеміргіштердің көзін жою.

Дезинсекция – жәндіктерді құрту.

Егу (вакцинация) – ауруға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында ағзаға антигенді материал енгізу. Нәт-нде ауру жұқтырудың алдын-алуға болады немесе әсері төмендейді. Антигенді материал ретінде микробтардың тірі немесе әлсіз штаммдары, инактивтендірілген (өлі) микробтар, м-ағза ақуыздары немесе жасанды вакциналар қолданылуы м-н.

4 түрі бар

  • Тірі вакциналар (әлсіз);

  • Инактивтендірілген (өлі);

  • Анатоксиндер (бакт-рдың уы бар токсиндері);

  • Биосинтетикалық (гендік иженерия жолымен алынған).

ЖЫНЫС ЖОЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ЖҰҚТЫРЫЛАТЫН ИНФЕКЦИЯЛАР

Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекциялар (ЖЖЖИ) – бұл жұқпалы аурулар, оның себебі құрамында вирустар, бактериялар немесе қарапайым қоздырғыштар болуы мүмкін микробтар (қоздырғыштар) болып табылады. Бұл микробтар (қынаптық, көтен немесе ауыз арқылы) жыныстық қатынас жасау барысында ауру адамнан сау адамға жұғады. Оның үстіне кейбір инфекциялар (АИТВ, В,С,Д гепатиті) қан арқылы да жұғады.

Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекцияларға жататындар:

  • соз,

  • хламидиоз,

  • мерез,

  • трихомониаз,

  • гениталдық ұшық,

  • ВИЧ/СПИД,

  • гарднереллез,

  • микоплазмоз,

  • гениталдық кандидоз,

  • гениталдық үшкір кандиломдар

  • В, С, Д гепатиттері

  • басқалары (барлығы 20-дан асатын ауру түрі).

ЖЖЖИ несімен қауіпті 

ЖЖЖИ қоздырғыштарының көбісі бала көтеру органдарын зақымдайды, соның салдарынан бедеулік, импотенция, жатырдан тыс жүктілік, түсік сияқты аурулар туындауы мүмкін. Мысалы, егер мерезді емдемесе ішкі органдардың қатты бұзылуын, орталық жүйке жүйесінің бұзылуын туындатады, және де ұрпақтарына беріледі. Кейбір ЖЖЖИ қатерлі ісіктердің (обырдың) себепкері болуы да мүмкін.

ЖЖЖИ жұқтырған адамдарда АИТВ-ны (адамның иммундық тапшылығының вирусын) жыныс жолдары арқылы жұқтыру қаупі он есеге көбееді.

Естеріңізде болсын, адам ұзақ уақыт бойы өзіне инфекция жұқтырылғандығынан бейхабар болуы мүмкін. Өйткені қоздырғыш, адам ағзасына түскеннен соң сол жерде көбее бастайды. Бірақ, ауруды білдіртетін бастапқы белгілер пайда болғанға дейін біршама уақыт өтеді. Ол әр ауру түріне қарай әртүрлі болады. Бұл – аурудың жасырын (инкубациялық) кезеңі болып табылады.

Оның үстіне, ауру жұқтырылғаннан кейінгі біршама мерзім ішінде тіпті арнайы зертханалық анализдер де адамның ауру жұқтырғанын анықтай алмауы мүмкін. Аурудың мұндай кезеңі «терезе кезеңі» деп аталады (әдетте бұл ЖИТС туралы сөз қозғалған жағдайда). Алайда ауру жұқтырылған адам инфекцияны өзіне ауру жұқтырылған сәттен бастап сау адамға жұқтыра алады.

ЖЖЖИ жиі кездесетін белгілері

((ерлер үшін де, әйелдер үшін де))

Егер сен жыныстық қатынас жасауды бастасаң, онда өзіңе және өз денсаулығыңа абай бол, және де келесі белгілердің ең болмаса біреуі пайда болса дәрігерге тексерілуге бар:

  • жыныс органдарының терісі мен шырышты қабығында өзгерістер (қызару, бөрту, тығыздалу, ауырсыну, жыныс органдарының ісінуі) болса;

  • зәр шығару кезінде ауырсыну пайда болса (ашыту, түйілу және т.б.);

  • (ерлердің) зәр шығару жолдары мен (әйелдердің) қынабынан жағымсыз бөлінділер, тікішектен іріңді бөлінділер (соз болып аурған кезде) шықса, кейде жағымсыз иісі болуы да мүмкін

ЖЖЖИ жұқтырудан қалай сақтануға болады

  • Некелескенге дейін жыныстық қатынас жасама.

  • Бір адаммен ғана жыныстық қатынас жаса;

  • Мүшеқап қолдану арқылы өзіңнің жыныстық қатынасыңдағы қауіптілікті азайт.

Егер сенде ЖЖЖИ жұқтырдым-ау деген күдік туындаса не істеу керек

  • Барынша тезірек маман-дәрігерге барып тексеріл.

  • Егер сен емдеу курсын дер кезінде әрі толық өтсең көптеген ЖЖЖИ емделеді.

  • Өз серігіңмен міндетті түрде сөйлес. Егер екеуің де емделмесеңдер, сендер бір-біріңе қайда жұқтыруларың мүмкін.

Еске сақтағаның дұрыс!

  • Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекциялар өздігінен жойылмайды!

  •  Көбінесе инфекциялар білдіртпей зақымдайды!

  • Тек қана дәрігерге барып емделу керек!

Емделмеген (созылмалы) инфекциялардың салдары ауыр болуы мүмкін: ерлерде бедеулік пен импотенцияға, әйелдерде бедеулікке, мерзіміне жетпей түсік тастауға және нәрестелердің патологиясына алып келеді.

СОЗ (ТРИПЕР)

Бұл ауруды гонококк бактериясы туындатады. Негізгі жұқтыру жолы – бұл мүшеқапты пайдаланбай жыныстық қатынас жасау. Жыныстық қатынас жасау түріне орай (қынаптық, көтен немесе ауыз арқылы) соз ауруы зәр шығару жолдарын, тікішекті немесе тамақты зақымдауы мүмкін. Бастапқы белгілері жыныстық қатынас жасалғаннан кейін тек 5-7 күннің ішінде ғана пайда болады.

Соз ауруының белгілері:

  • ерлерде – жыныс мүшесінен «кілегей тәріздес» іріңді бөлінді шығады, қышиды, ауырсына және жиі зәр шығарады;

  • әйелдерде – зәр шығару жолдарынан және қынаптан сарғыш немесе жасыл түстес бөлінді шығады, қышиды, ауырсына зәр шығарады.

Тамақ созы онша білінбей жүре береді. Тік ішек созы көтен аумағы қышып, тікішектен іріңді бөлінділер шығады.

Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия.

Алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.

Қауіптілігі: емделмеген (созылмалы) соз ауруы салдарынан бедеулік туынгдауы мүмкін.

ХЛАМИДИОЗ

Бұл ауруды хламидия бактериясы туындатады. Негізгі жұқтыру жолы – мүшеқапты қолданбай жыныстық қатынас жасау.

Хламидиоздың белгілері:

  • ерлерде – зәр шығару жолдарынан (аздаған) бөлінді шығады, зәр шығару функциясы бұзылады;

  • әйелдерде – зәр шығару функциясы бұзылады, зәр шығару жолдары мен қынаптан бөлінді шығады.

  • ауру көбінесе білінбейді.

Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия.

Алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.

Қауіптілігі: емделмеген хламидиоз салдарынан бедеулік пен импотенция туындауы мүмкін; әйелдерде - бедеулік, мерзіміне жетпей түсік тастау және нәрестелердің патологиясы орын алуы мүмкін.

МЕРЕЗ

Бұл ауру бозғылт трепонема бактериясынан туындайды. Хламидиоз жұқтырудың негізгі жолы – мүшеқапты пайдаланбай жыныстық қатынас жасау. Бастапқы белгілері жыныстық қатынас жасағаннан кейінгі 10-80 күн ішінде ғана пайда болады.

Топтастыру (белгілері бойынша):

  • Ілкі мерез – (бактерия кірген жерде) ойық жарасы бар ауырмайтын қызыл түсті тығыз өсіндісімен сипатталады, ол қатты шанкр деп аталады; жыныстық қатынастың түріне байланысты жыныс мүшесінің беткі жағында, жұтқыншақ бездерінде, тік ішік аумағында немесе теріде пайда болуы мүмкін.

  • Қайталанған мерез – теріге және шырышты қабатта бөрітпелердің пайда болуымен, мерездік таз болумен сипатталады;

  • Салдарлық мерез – ауру жұқтырғаннан кейін бірнеше жылдардан соң дамиды және негізінен жүйке жүйесін, тірек-қозғалыс аппаратын, жүрек-тамыр жүйесін зақымдайды.

Диагностика: «мерез» диагнозы негізінен қан анализіне сәйкес қойылады. Тек зертханалық тексеру нәтижелеріне қарай сауыққаны туралы тұжырымды жасауға болады.

Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия. Емдеуді барынша ерте бастаған дұрыс (ауыр салдарларға жол бермеудің табысты болуы осыған байланысты).

Мерездің алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.

ТРИХОМОНИАЗ

Бұл жұқпалы ауруды бір жасушалы трихомонад паразиті туындатады. Трихомониазды негізгі жұқтыру жолы – мүшеқапты қолданбай жыныстық қатынас жасау.

Белгілері:

  • ерлерде – әдетте ауру белгілері білінбейді, бірақ ер кісілер инфекция тасымалдаушылар болуы мүмкін;

  • әйелдерде – зәр шығару кезінде ауырсыну, күйдіру, қышу байқалады және жағымсыз исі бар көпіршікті көп бөлінділер шығады (әдетте ауру жұқтырғаннан кейінгі 3-11 күннің ішінде білінеді).

Емделу жолы: паразиттерге қарсы препараттармен. Терапия дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.

Трихомониаздың алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.

Қауіптілігі: созылмалы дәрежесіне тез көшеді.

ГЕНИТАЛДЫҚ ҰШЫҚ

Гениталдық ұшық – қарапайым ұшықтың вирусы туындататын көп таралған вирустық инфекция. Гениталдық ұшық жұқтырудың негізгі жолы жолы – мүшеқапты қолданбай жыныстық қатынас жасау.

Белгілері:

Гениталдық ұшықтың негізгі белгілері: жыныс мүшелеріндегі, ауыртатын, қышытатын бөртпелер, кейде – құйрықта және көтеннің айналасында болады, олар кейіннен ашылады (жарылады) да, қабыршақтанып кебеді.

  • ерлерде – бөртпелер жыныс мүшесінің басында, түпкі жағында және зәр шығару жолдарында орналасады;

  • әйелдерде – бөртпелер жыныстық қатпарларда, шошақайда, қынапта және жатыр мойнында орналасады; бөртпелермен қатар көбінесе дене қызуы көтеріледі, бас ауруы, белі ауруы, әлсіздік туындайды

Емделу жолы: вирусқа қарсы терапия.

Алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.

Қауіптілігі: ұшық иммундық жүйені бұзылысқа түсіреді. Ауру көп қайталанған жағдайда иммун тапшылығы жағдайын туындатады. Қарапайым ұшық вирусы жүктілік пен босану патологиясы дамуының, аяқ-асты түсік тастаудың, ұрықтың жатыр ішінде өлуінің себепкері болуы мүмкін.

АИТВ және ЖИТС

ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы – адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындайтын ауру.

АИТВ – дегеніміз адам ағзасында иммун тапшылығы вирусының болуы. Бұл инфекцияны жұқтырғаннан кейін адам өзін ұзақ уақыт (5-10 жыл) бойы сау сезініп жүреді. Дегенмен де, вирус дененің иммундық жүйесін бірте-бірте зақымдай береді. Иммун жүйесінің бұзылуынан адам ағзасы тіпті сау адамдар үшін түкке тұрмайтын түрлі инфекцияларға қарсы тұра алмайтын болады. Мұндай инфекцияларды ««оппортунистік», яғни қолайлы жағдайларды пайдалана алатын деп атайды. АИТВ-инфекциясының соңғы сатысын ЖИТС деп атайды.

АИТВ-инфекциясының даму қарқынын тежеуге қабілетті дәрі-дәрмектер қазіргі кезде бар. Және де кейбір оппортунистік аурулардың алдын алатын немесе емдей алатын препараттар да бар. Сондықтан, адам өзінің сырқаттығы туралы қаншалықты ертерек білсе оның өзінің өмірін өзгертіп, емделуді бастау мүмкіншілігі де көбірек болады

Адамдар АИТВ қалай жұқтырады?

Вирус ағзадағы барлық сұйықтарда болады, бірақ адам тек қан, шәует, қынаптық бөлінділер мен емшек сүті арқылы жұқтырады. Аздаған мөлшерде ол сілекейде, терде, көз жасында, кіші дәретте (зәрде) және басқа да физиологиялық сұйықтықтарда болады.

АИТВ-инфекциясын жұқтырудың бірнеше жолдары бар:

  • қорғалмаған (мүшеқапсыз) ішіне кіргізілген жыныстық қатынас арқылы (жыныс жолдары арқылы жұқтыру);

  • зақымдалған тері қабаты мен шырышты қабаттар арқылы сау адамның қанына ауру жұқтырылған қан құйылған кезінде (донорлық жолмен жұқтыру);

  • анадан балаға емшекпен емізу кезінде немесе босану жолдары арқылы өту барысында жұқтырылады (тікелей жұқтыру жолдары)

  • зарасыздандырылмаған инені немесе шприцтер мен басқа да инъекциялық құралдарды бірлесіп немесе қайтара қолданған кезде;

  • татуировкалар немесе пирсингтер жасау үшін зарасыздандырылмаған құралдарды пайдаланған кезде;

  • қан қалдықтары көрініп тұрған өзгенің қырыну құралдарын, тіс шөткесін пайдаланған кезде;

  • қан құю кезінде (донорлық тәртіп бұзылған кезде).

Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын (соз, мерез, хламидиоз, гарднереллез, трихомониаз және т.б.) кез-келген инфекцияның болуы сақтанусыз жыныстық қатынас жасау барысында АИТВ жұқтыру қаупін он есеге арттырады.

Егер сенің жыныстық қатынас жасайтын серігің есірткіні қантамыр ішіне егу арқылы тұтынған болса немесе тұтынып жүрсе, басқа жыныстық қатынас жасайтын серігі бұрын болған болса немесе болса сенің АИТВ жұқтыру қаупің өте жоғары. Өзіңнің серігіңмен сөйлесіп, осындай қауіпті факторлар туралы талқылау керек, сөйтіп өзіңді қорғау шараларын қабылдау керек.

АИТВ келесі жағдайларда жұқтырылмайды:

  • қол алысу, құшақтасу мен сүйісу, жөтелу мен түшкіру;

  • тағамды ішіп-жеу, ортақ ыдысты, асхана құралдарын, сүлгілер мен төсек жаймаларын пайдалану;

  • бассейнге, дәретхана мен душқа бару;

  • АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адаммен бір бөлме ішінде болу;

  • жәндіктердің шағуы мен хайуандардың тістеуі.

АИТВ жұқтырған адамдарды оқшаулауға ешқандай негіз жоқ. Керісінше, мұндай адамдар біздің көмегіміз бен қолдауымызға мұқтаж.  

АИТВ жұқтырмау үшін не істеу керек?

Келесі қауіпсіздік ережелерін сақтасаң АИТВ жұқтырмауға болады:

  • есірткіге әуестенбе;

  • оларды көктамырға егуден аулақ бол;

  • некелескенге дейін жыныстық қатынас жасама;

  • бір адаммен ғана жыныстық қатынас жаса;

  • мүшеқап қолдану арқылы өзіңнің жыныстық қатынасыңдағы қауіптілікті азайту

7-дәріс

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУІПТЕР

Әлеуметтік қауіптер дегеніміз – қоғамда, адамдардың қоғамдағы іс-әрекеті арқылы, яғнм, әлеуметтік ортады туындайтын қауіптер.

Әлеумет – бұл өзіндік заңдарға сай дамитын қоғам немесе қоғамдық құрылым. Бұл жүйе өзіндік күрделілігімен айрықшаланады, оған қатысатын адамдардың саны үлкен болады. Әдетте мұндай жүйеде көшбасшы және оның айналасындағы әлеуметтік топ болады, олар осы топқа енбейтін өзге адамдарға өз әсерлерін тигізеді.

Әлеуметтік қауіптерге 1 ғана адамға немесе отбасына, қалаға, тіпті мемлекетке зиянын тигізетін қауіптер жатады. Мұндай қауіптердің пайда болу заңдылығы - бірнеше тұлғаның, яғни қоғамның болуы міндетті шарт болып табылады. Адамның қоғамнан бөлініп кетуі, ондағы болып жатқан даму мен өзгерістерді елемеуі өте қиын, тіпті мүмкін емес, сол себепті әр адамның басына қандай да болмасын әлеуметтік қауіп міндетті түрде төнеді.

Табиғаты на қарай:

  • Адамға психикалық әсер етумен байланысты (бопсалау, алаяқтық, ұры-қарылық, күштеп алушылық (вымогательство));

  • Физикалық жәбір көрсетумен байланысты (тонаушылық, қарақшылық, лаңкестік, зорлау, тұтқынға алу);Психоактивті заттарды қолдану мен таратуға байланысты (нашақорлық, токсикомания, маскүнемдік, шылымшегу);

  • Жұқпалы аурулармен байланысты (ВИЧ, т.б.);

  • Суицид қаупі бар жағдаяттар.

Масштабтарына қарай:

- локальдық;

- аймақтық;

- жаһандық.

Жас-жыныс ерекшеліктеріне қарай:

  • Балалар мен жасөспірімдерге тән;

  • Жастарға тән;

  • Ересектерге тән;

  • Егде адамдарға тән.

Ұйымдастырылуы бойынша:

  • Кездейсоқ;

  • Алдын-ала ойластырылған.

Әлеуметік қауіптердің түрлері

Әлеуметтік қауіптер жөнінде сөз қозғалған кезде рухани және мәдени жұтаңдық, қаңғыбастық, жезөкшелік, маскүнемдік, алкоголизм және темекі шегумен байланысты болатын байланысты қауіптерді де есте ұстаған жөн.

Мысалы, қаңғыбастық дегеніміз адамның бір орыннан екіншісіне үнемі орын ауыстырып, үй-күйсіз, қайыр сұрау арқылы тіршілік етуі. Өкінішке орай, біздің заманымызда осындай қаңғыбастар өте көп, тіпті олардың заңды түрдегі анықтамасы да бар – БОМЖ (без определенного места жительства), әдетте олар көше кезіп, мешіт-шіркеулерді, жер асты өткелдерін жағалап қайыр тілеп жүреді. Мұндай өмір салты деградацияға ұшыратады және де мұндай ортада түрлі жұқпалы аурулармен ауру қаупі де өте жоғары болмақ.

Соңғы 50 жыл ішінде заңгер ғалымдардың жіті назарына қоғам үшін ең қауіпті, әрі ауыртпалықтары да зор болып келетін жезөкшелік атты әлеуметтік құбылыс ілініп отыр.

Жезөкшеліктің тарихы сонау ерте ғасырлардан басталады. Оның «ең көне кәсіп» аталуының да кездейсоқтық емес. Көне дәуірлерден бері қазіргі күндерге дейін жезөкшелік жайлы әр елдердегі философтар, ағартушылар, тарихшылар әлеуметтік феномен ретінде қарастырған. Әр кезде жезөкшелерге деген көзқарас та, қарым-қатынас та әр түрлі болған: бірде оларды қатты қудаласа, бірде ақындар жырға қосып, суретшілер өз туындылрын арнаған; бірде оларды түрмеге қамап, өлім жазасына кессе, бірде олардың кәсіптері заңды деп есептеліп, ашық түрде онымен айналысуға рұқсат етілген.

Жезөкшелік тарихын зерттейтін авторлар оның үш түрлі формасы бар екендігін айтады: қонақжайлық жезөкшелік, діни жезөкшелік және заңды жезөкшелік.

Қонақжайлық жезөкшелік өте ерте замандарда болған, ол кезде сыйлы қонақты разы қылып қарсы алудың бір әдісі ретінде қалыптасқан. Үй иесі шеттен келген қонақты өзіндегі бар жақсысын ұсына отырып қарсы алып, құрметтеуге міндетті болған. Мұндай тәсіл арқылы халықтар арасындағы байланыстарды орнатып, сауда қарым-қатынастарын қалыптастырған.

Діни жезөкшеліктің екі түрі болған: қандай да бір құдайдың құрметіне арналған бір реттік және тұрақты. Бастапқыда әйел адамның ары құдайдың құрметіне «құрбандыққа шалынған» (діни-мистикалық акт ретінде). Осыдан барып жезөкшелердің арнайы касталары пайда болған. Оларды арнайы үйде ұстаған (қазіргі қоғамдық үйлерге ұқсас). Бұл түрі көбінесе Шығыс елдеріне тән болған.

Заңды жезөкшелік Еуропада қалыптасқан. Грецияда, Рим империясында б.э.д. IV ғасырдың өзінде бұл кәсіп кәдімгі сауда түріне айналдырылған. Оларға салық салынып отырған.

Алайда ХV ғасырдың аяғына қарай түрлі жұқпалы аурулардың жаппай етек алғаннан кейін заңды жезөкшелікке деген қарым-қатынас күрт өзгерді. Енді оларды қудалап, жазалау шаралары орын ала бастады. заңды Жезөкшеліктен бас тартып, оны шектеуге мәжбүрлік туындады. Бұл енді әлеуметтік қауіп ретінде қарастырылады. Бірақ бұл кәсіптің қоғамда әлі де орын алатыны өте өкінішті.

Бұл құбылыстың пайда болуы мына факторлармен сипатталады:

  • әлеуметтік-экономикалық: елдегі әлеуметтік теңсіздік, халықтың басым бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендігі, әсіресе, жастардың, әйел адамдардың өз-өздерін қажеттіліктерімен толық қамтамасыз ете алу мүмкіндігінің шектеулігі және материалдық тұрғыдағы қызығушылықтар (оңай ақша);

  • моральдық-этикалық: қоғамның моральдық дәрежесінің төмендігі, рухани байлықтың болмауы, затқа деген қызығушылық;

  • физиологиялық: екі жақтың да физиологиялық сұраныстары, ешқандай міндеттемелерді жүктемей, тән қалауын жүзеге асыру, адамға тұтыну тауары ретіндегі көзқарас.

Бұл кәсіппен шұғылданушыларды заң жүзінде қудалауға бола ма? (қоғамның өзі кінәлі, зорлық-зомбылықтың артып кетуі мүмкін)

Алкоголизм – спиртті ішімдіктерге салынушылық,

Алкоголь – жүйке жүйесін улаушы спецификалық зат. Ол алдымен миды зақымдайды. (Спирт майларды ерітеді, ми ұлпаларындағы басты зат, ол – майлар.) Қан құрамында алкоголь концентрациясының артуы мен мидың зақымдануы арасында тура тәуелжілік байқалған.

Мастықтың жеңіл дәрежесінде адам өзін жеңіл сезініп, проблемаларын ұмытады. Қан құрамында алкоголь концентрациясы 0.05%-тен асқаннан кейін ми қабыршағының зақымдалуы басталады, бір нәрсеге зер салу өз-өзін қалыпты ұстау қабілеті төмендейді. Адамның іс-әрекетінде батылдық, сөзшеңдік пайда болады, өз ісі үшін жуап бере алмайды, тепе-теңдігін жоғалтады.

Алайда алкогольдің пайдалы жақтары да бар. Аздаған мөлшерде стресстен құтылуға жәрдемдеседі. Спирт адам ағзасында тотыққан кезде энергия бөледі екен.

Мысалы шараптың емдік қасиеттері де бар. Оның құрамына кіретін органикалық қышқылдар ас қорытуға пайдасын тигізеді, зат алмасу процесінде де маңызы зор. Асқазан, буын, тыныс жолдары ауруларын емдеуге, қан аздықта қолдануға болады. Ең бастысы – шектен асырмау. Сол кезде ғана ол қауіпті болмайды.

Темекі шегу. Никотин – жүйке уы. Ешбір емдік қасиеті жоқ. Өкпені зақымдайды.

Сонымен қатар темекі шегудің мындай теріс жақтары да бар:

  • Спортта, жұмыста жақсы жетістіктерге жету мүмкін емес, дәлдікті қажет ететін приборларда жұмыс істеу қиын;

  • Бет терісінің ерте қартаюы, тістердің нашарлауы, яғни, әсемдіктен айрылу;

  • Дауыстың қарлығып шығуы;

  • Жалпы жағдайдың нашарлауы (жоғары артериялық қысыммен байланысты бас аурулары, жүрек қызметінің бұзылуы);

  • Жұмысқа қабілеттіліктің айтарлықтай төмен болуы, сған байланысты профессионалдық жарамдылықтың болмауы;

  • Импотенция, бұл, әсіресе, шылым шегуді ерте бастағандарда жиі кездеседі, себебі жүйке жүйесі тұрақсыз болып, мұндай жағдайларға тап болу жеңілдей түседі;

  • Обыр ауруына шалдығу ықтималдығының жоғары болуы.

Нашақорлық – (грек тілінен «narke» – мелшию және «manіa» – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.

Қорыта келсек, төмен әлеуметтік рухани және мәдени деңгеймен байланысты әлеуметтік қауіптер тұлғаның моральдық-этикалық сапасының төмендеуіне, деградацияға ұшырауына әкеп соқтырады екен. Сонымен бірге, түрлі ауруларға (тез емделетінінен бастап, мүлде емі табылмағанға дейін (СПИД)) кез қылатындығын да есте ұстаған жөн.

Маскүнем, нашақорлардың кесірінен қоғамда жол-көлік апаттары, өндірістік жарақат алулар, қылмыскерлік (адам өлімі, зорлық) етек жаюда.

Қоғамның әлеуметтік теңсіздігі, табыс көлемінің әр түрлілігі, билікке, мәртебеге құмарлық түрлі шиеленістердің туындауына себепкер болады.

Қоғамда көрініс табатын әлеуметтік қауіптердің басқа да түрлері:

Бопсалау - қандай да бір олжа (пайда) табу мақсатында масқаралық (ұят) немесе құпия мәліметтерді әшкерелеу мүмкіндігімен қорқыту, бұл – қылмыс. Ол жүйке жүйесіне кері әсер етеді.

Алаяқтық – алдау, сенімге қиянат ету арқылы мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке бас мүлкін иемдену қылмысы. Алаяқтық құрбаны болған адам қатты психофизиологиялық күйзеліске ұшырайды.

Қарақшылық – мемлекеттік және қоғамдық мекемелерге қарулы шабуыл жасау мақсатында құрылған бандалар ұйымының іс-әрекеті немесе жекеленген адамдардың осындай бандалар құрамына кіруі немесе олардың жасаған шабуылдарына қатысуы.

Тонаушылық – мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке бас мүлкін иемдену мақсатында жәбір немесе адам өмірі мен денсаулығына қатер туғызатын зорлық-зомбылық көрсете отырып басқыншылық жасау.

Зорлау – жәбірленушінің шарасыздығын пайдалана отырып, физикалық озбырлық көрсету мен қоқан–лоққы арқылы жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу. Қылмыстық құқық бойынша зорлау қылмысы үшін қатаң жаза қолданылады (өлім жазасына кесуге дейін)

Тұтқынға алу – өз талап-мүдделерін орындату мақсатында адамдарды (көбінесе әйелдер мен балалар) қамауға алу.

Лаңкестік– өз мақсатына жету үшін еш нәрседен тайынбай, зорлықпен үкімін жүргізуді көздеген саяси күрес, физикалық зорлық-зомбылық көрсетуден бастап, мүлдем жойып жіберуге дейін баруы мүмкін.

Суицид (өзіне өзі қол жұмсау). (лат.тілінен sui – өзін + caedere – өлтіру) — өзін-өзіне қол жұмсауға икемді адамның әрекеті.

Вандализм - өнер туындылары мен сәулет ескерткiштерін құрту.