Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекц курсы каз ТКН.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.

Қауіпті өндірістік фактор – белгілі жағд-рда жұмысшыға жарақат алу немесе басқа да денс-ғының күрт нашарлауына әкелуі м-н факторлар әсері. (эл. тогы, қызып тұрған денелер, биіктіктен құлауы мүмкін з-рдың болуы, өзінің құлап кету қаупі, жоғары қысымда жұмыс істейтін құрылғылар, т.б.)

Зиянды өндірістік фактор - белгілі жағд-рда жұмысшыға ауру қаупін туғызатын немесе жұмысқа қаб-гін төмендететін факторлар әсері. (қолайсыз метеоролог-қ жағд-р, ауадаға шаң-тозаң, газдар, шу, діріл, ИД, УД, ЭМӨ, лазер, иондаушы с.ш., т.б.).

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың табиғатына қарай жіктелуі:

  • Физикалық – метеожағд-рмен б-сты (оптималды t, ылғ-қ, W(O2)=21%, біркелкі жарық, шу75 дБ, т.б.)

  • Химиялық – токсикалық, тітіркендіргіш, канцерогендіғ мутагенді, репродуктивтік ф-яға әсер етуші з-рдың болцымен б-сты.

  • Биологиялық – биол-қ нысандар мен олардың тірш. әрекеті өнімдері (бакт-р, вирустар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар т.б.)

  • Психофизиологиялық - әсер ету сипатына қарай: физикалық шамадан тыс қызмет ету; жүйке-псих-қ жүйеге салмақ түсудің болуы.

Иондаушы сәуле шығарулар. Радиация.

Радиация – з-рды иондаушы қаб-ке ие, табиғатта кездесетін және жасанды жолмен алынатын түрлі микробөлш-р мен физ-қ өрістер немесе с.ш.

Түрлері: , , нейтрондық, , рентген.

с.ш. – «+» з-дталған ауыр бөлш-р. (Не+ ядролары). Көздері: радиоактивті эл-ттердің ыд-уы кезінде және ядролық р-ялар нәт-нде п.б.

Қаупі ең аз с.ш. түрі б.т., ену қаб-ті төмен, қағаздан, сырт киімнен немесе 9-10 см ауа қабаты арқылы да өте алмайды. Ағзаға тік-й түскенде ғана ә.е. (мутагендік, канцерогендік эффектілер).

с.ш. - -ыд-у кезінде п.б.-н з-дталған бөлш-р. + - позитрон; - - электрон.

Ену қаб-ті: <<нейтрондық<

Әсер етуі: сәулелі күйіктер, сәулелі ауру*

Орг. Шыны, Al шыны – қорғаныс экрандарының мат-лына жатады.

Нейтрондар (n0) – атом реакторлары маңында п.б.-н электробейтарап бөлш-р, Н. с.ш. - нейтрондар ағынынан тұратын ядролық с.ш.

Әсер етуі: тірі ұлпаны иондайды, сәулелі ауруды өршітеді

Парафиндер, Ве, С (графит), В қосылыстары бетон – қорғаныс экрандарының мат-лына жатады.

с.ш. – қысқа толқынды ЭМ с.ш., табиғаты жағынан көрінетін жарық сияқты, бірақ ену қаб-ті өте жоғары.

Әсер етуі: созылмалы және жіті сәулелі ауруға ұшыратады, онколог-қ ауруларға тап қылады.(мутагендік, тератогендік эфф-р де болады)

-кванттарынан құрамында ауыр ядролы элементтер кездесетін з-р (Pb, W, U) қорғай алады.

Рентгендік с.ш. – көрінбейтін ЭМТ. Ену қаб-ті жоғары.

Әсер етуі: сәулелі күйіктер, сәулелі ауру, мутагендік, канцерогендік эффектілер

Pb, Fe (болат) W құймалары жақсы қорғайды.

Иондаушы сәуле шығарулардан қорғану шаралары.

  1. с.ш. көзінен алыстау;

  2. қауіпті зонада ұзақ болмау;

  3. с.ш. көздерін жоғары тығыздықты мат-лдармен экрандау;

  4. қорғаныс имараттарын пайд-у (панаханалар);

  5. ЖБҚҚ қолдану;

  6. Қ-о үнемі дозиметриялық бақылау жүргізіп отыру:

  7. Шұғыл түрде йодтық алдын-алу** іс-шарасын жүргізу.

10-дәріс

ИОНДАУШЫ ЕМЕС СӘУЛЕ ШЫҒАРУЛАР

Иондаушы емес сәуле шығару дегеніміз – электромагниттік өрістің кеңістіктегі күй өзгерісі немесе электрлік және магинттік өрістердің бір-бірімен өзара әрекеттесуі.

Жіктелуі:

  1. Электромагниттік сәуле шығарулар;

  2. Тұрақты және ауыспалы магниттік өрістер;

  3. Өндірістік жиілікті электромагнитті көрістер;

  4. Электростатикалық өрістер;

  5. Лазерлік сәуле шығару.

Электромагниттік өріс – электрлік зарядталған бөлшектердің өзара әрекеттесуіне жағдай туындататын материяның айрықша формасы.

Электрлік өрісті кеңістікте электрлік зарядтар мен зарядталған бөлшектер туғызады.

Магниттік өрісті өткізгіш арқылы қозғалысқа түсетін электр зарядтары туғызады.

Электромагниттік өрістің негізгі көздері:

- Электр өткізгіш желілер;

- Тұрмыстық электр жабдықтары;

- Жеке компьютер;

- Теле-, радиобайланыс станциялары;

- Жерсеріктік және ұялы байланыс;

- Радарлы құрылғылар.

Электр өткізгіш желілерінен (ЭӨЖ) аймаққа өндірістік жиілікті электрлік және магинттік өрістер тарайды. Олардың таралу қашықтықтары ондаған метрді құрайды.

Электр өрісінің таралу қашықтығы электр желісінің кернеулік класына тәуелді (кернеулік класын көрсететін сан ЭӨЖ атауында тұрады, мысалы, ЭӨЖ 220кВ., кернеулік шамасы артқан сайынэлектрлік өріс зонасындағы электр өрісінің деңгейі де соғұрлым арта түседі).

Магниттік өрістің таралу қашықтығы ток күші мен желіге түсетін жүктемеге (нагрузка) тәуелді болады.

Электрлік және магниттік өрістердің биологиялық нысандарға әсер етуі.

Электр өткізгіш желілерінен электр өрісі тарайтын аймақтарда өмір сүретін жәндіктердің іс-әрекетінде агрессия, мазасыздық, жұмысқа қабілеттілігінің және өнімділігінің төмендеуі байқалады екен.

Ол аймақтарда өсетін өсімдіктерде де даму аномалиялары байқалған – күлте, жапырақ, сабақтарының пішіндері, өлшемдері өзгеріске ұшырап, артық күлтелердің пайда болуы орын алуы жиі аңғарылады екен.

Электр өткізгіш желілері өрісінде ұзақ уақыт болған дені сау адам да оның зардабын шегеді. Яғни, мұндайда жүрек-қан тамыры және жүйке жүйелерінің аурлары, кейде, тіпті, қатерлі ісік ауруларына шалдығуы мүмкін.

Тұрмыстық электр жабдықтарындағы магниттік өрістің шамасы құралдың қуаттылығына байланысты әр түрлі болып келеді.

Негізінен, электромагниттік өріс шамасы нақты модель түріне және оның жұмыс істеу режиміне тәуелді болады. Сол себепті бір типті құралдың өзінде туындайтын электромагниттік өріс түрлі шамаға тең болуы мүмкін (1-суретте тұрмыстық электр жабдықтарындағы магниттік өріс шамасының құрал түрлеріне қарай және әр түрлі модельдерде түрліше мәнге ие болуын көрсететін сызба келтірілген):

1-сурет

Лазерлік сәуле шығару.

Лазер (ағылшын тілінде - LASER – light amplification by simulated emission of radiation – күштеп (еріксіз) сәуле шығару арқылы жарықты күшейту дегенді білдіреді) – оптикалық квантты генератор, электр, жылу, химиялық, т.б. энергия түрлерін поляризацияланған монохроматты сәуле шығару энергиясынаайналдыратын құрылғы.

Лазерлік сәуле шығару – зат атомдарынан электромагниттік сәуле шығару кванттарының (порцияларының) лазер арқылы күштеп шығарылуы.

Л азерден төнетін қауіптілік дәрежесі:

Сәуле шығару көзінің қуаттылығына;

Толқын ұзындығына;

Импульс ұзындығына;

Сәуле шығарудың шағылысуы мен шашаырауына

Лазерлік сәуле шығару қауіптілік дәрежесі бойынша 4 класқа жіктеледі:

І – қауіпсіз (сәуле шығару көзге зиянды әсерін тигізбейді);

ІІ – қаупі аз (тура түскен немесе айнадан шағылысқан сәуле көз үшін қауіпті)

ІІІ – қауіптілігі орташа (сәуле шығару көзіне 10 см қашықтыққа дейін жақын келетін болса, көзге өте қауіпті және тура түскен немесе айнадан шағылысқан сәуле теріге зақымдаушы әсер етеді)

ІV – қаупі жоғары (сәуле шығару көзіне 10 см қашықтыққа дейін жақын келетін болса, теріге өте қауіпті зақымдаушы әсер етеді)

І – ІІІ лазерлерінен қорғау үшін сәуле шығару көздерін экрандайды. Экран жасалатын материалдың сәулені шағылыстыру коэффициенті төмен, отқа төзімді және өзіне лазер сәулесі түскен кезде уытты заттар бөліп шығармайтын болуы керек.

ІV класс лазерлері оқшауланған бөлмелерде сақталады. Олармен қашықтықтан басқару арқылы жұмыс істеу керек.

Лазерлік сәуле шығару биологиялық эффектілер бойынша 2 топқа бөлінеді:

  1. Біріншілік эффектілер: сәулеленуге ұшыраған ағза ұлпаларында пайды болатын органикалық өзгерістер

  2. Екіншілік эффектілер: адам ағзасындағы сәулеленуге қарсы жауап ретінде пайда болатын спецификалықемес өзгерістер.

Жоғарыда айтылғандай, лазерлік сәуле шығаруға ең сезімтал болып келетін дене мүшесі – көз. Көз алмасын, қан тамырларын зақымдау арқылы лазерлік сәуле шығару көру қабілеттілігіне де зақымдаушы теріс әсерін тигізеді.

Сондай-ақ, тері мен ішкі мүшелерге де теріс әсері бар. (Термиялық күйікке ұқсас күйдіруі мүмкін).

Иондаушы емес сәуле шығарудың адам ағзасына кері әсерін тигізуші тағы 1 түрлері – инфрадыбыс және ультрадыбыс.

Ультрадыбыс – адамның есту шегі диапазонынан жоғары диапазондағы дыбыс. (дыбыс толқынының жиілігі  (нью) >20кГц).

Дыбыс қысымы дәрежесінің өлшем бірлігі – дБ (дециБел). Ултрадыбыс қарқындылғының өлшем бірлігі – Вт/см2

Ультрадыбыс адам ағзасына локальды түрде әсер етеді. Ұзақ уақыт бойында және жүйелі түрде әсер ететін болса, жүрек-қан тамыры, жүйке, эндокриндік жүйелерге кері әсер етеді. Есту және тепе-теңдікті сақтау қабілеттілігіне де зақымдаушы әсерін тигізеді.

Ағзада осындай өзгерістердің пайда болуы ультрадыбыстың әсер ету дозасына байланысты:

Төмен дозалар (80-90 дБ) – зат айналым процесін жақсартады, қабынуға қарсы, ауруды басатын емдік әсерлері де бар, сол себепті медицинада кеңінен қолданылаы.

Ал егер де жоғары дозалар (>120дБ) әсер ететін болса, зақымдаушы әсерлері көрініс табады.

Инфрадыбыс - адамның есту шегі диапазонынан төмен диапазондағы дыбыс. (<20кГц).

Техногенді ИД көздері:

Станоктардан;

Көліктерден;

Жер асты, су асты жарылыстары;

Вентилляциялық шахталардан шығатын қытты дыбыстар

Биологиялық әсері: орталық жүйке жүйесін, тыныс алу жүйесін зақымдайды. Тепе-теңдікті сақтау қабілеттілігіне де зиян келтіреді.