Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сурдопсих отв.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55 Мб
Скачать
☆

5. Есту қабілеті зақымдалған балалардың естіп, көріп түйсінуі мен қабылдауы

«Түйсік пен қабылдау, өзара тығыз байланысқан жан құбылыстары. «Түйсіктер сезім мүшелеріне байланысты көру түйсігі, дәм түйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі кинестетикалық, вибрациялық және органикалық болып бірнеше түрге бөлінеді»

«Есту мүмкіндігінің орнын толтыруда, көру арқылы қабылдау қабілетінің маңызы зор. Көру арқылы қабылдау қабілетін, баланың жасқа сай даму кезеңдерімен бірге қарастырған дұрыс. Жоғарыда айтылып өткендей, бұл балалардың сау балаларға қарағанда, заттардың кескіндерін тану дағдысы кеш қалыптасады. Демек, саңырау балалардың қабылдауындағы аналитикалық тип, қабылдаудың синтетикалық типінен басым екендігі белгілі болады. Мектепке дейінгі жастағы естімейтін балаларда, 2-5 бөліктен тұратын кеспе суреттерді құрастыруға мүмкіндік беретін, заттарды тұтас түрінде қабылдау қабілеті қалыптасады. Кеспе суреттерді құрастыра білу олардың көру арқылы қабылдау үдерісіндегі талдаумен жинақтаудың болатынын дәлелдейді. А. А. Венгер, Г. Л. Выгодская және Э. И. Леонгардтың мәліметтері бойынша, 4 жастағы естімейтін балалардың тең жартысы 2-3 бөліктен тұратын кеспе суреттерді құрастыра алады, ал 5 бөліктен тұратын суреттерді құрастыруға, тек 6 жастағы балалардың шамасы келеді. Бұдан басқа, заттардың формаларын қабылдау қабілетін зертеу мәліметтері, 7-8 жастағы 174 саңырау балалардың сөйлеу әрекетінсіз, зат формаларын ажыратуы, өте нашар екендігін көрсетеді. Мағыналы қабылдау қабілетінің орнығу ерекшеліктері бейнелерді, картиналарды қабылдаудағы талдаудан анық байқалады. Себебі, картинада шынайы өмірдің жеке бөліктері бейнеленеді, сөйтіп, балаға оны көрсете отырып, бала өзі нақты өмірді қабылдауда, жүріп өтетін сатылары туралы білуімізге мүмкіндік туады. Естімейтін балалардың қоршаған орта туралы мағлұмат алуының бірден-бір мүмкіндігі – ол көру арқылы қабылдау. Сонымен бірге, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға жағдай тудырады. Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау, дактиль тілінде, нәзік және сараланған мимика, ымдау, саусақтардың, еріннің, беттің, бастың қимылын ажыратумен жүзеге асады. Демек, саңырау баланың көру арқылы қабылдауын, ерте кезеңде сөйлеуді меңгертумен қатар дамытқан дұрыс.

  1. Қр білім беру жүйесінде мшб, мүгедек балалардың құқықтары

Осы Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі және «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымын қоспағанда, меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.

      31-бап. Мүгедек баланың толымды өмiрге құқықтары

  1. Мүгедек баланың қоғам өмiрiне белсене араласуына ықпал ететiн өз қадiр-қасиетiн қамтамасыз ету жағдайындағы толымды өмiрге денi сау балалармен бiрдей құқығы бар.

  2. Мүгедек бала өзiнің дене бiтiмiне, ақыл-ес қабiлетiне және тiлегiне сай бiлiм алуға, қызмет түрi мен кәсiптi таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметтерге қатысуға құқылы.

  3. Ақыл-есiнiң немесе дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балаларды қоса алғанда, мүгедек балалар мамандандырылған балалар ұйымдарында медициналық-әлеуметтiк көмек алуға құқылы.

  4.       33-бап. Мүгедек балаларға мемлекеттiк көмек

      1. Мемлекет мүгедек балаларды қолдауға бағытталған медициналық, құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық шаралар кешенiн жүзеге асырады.

      2. Мүгедек балаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк көмек Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

      3. Мүгедек балаларды тәрбиелеушi және оларды күтiп-бағуды жүзеге асырушы ата-аналардың және басқа да заңды өкілдердің мемлекеттiк көмек алуға құқығы бар