Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сурдопсих отв.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55 Мб
Скачать
☆

14. Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің психологиялық сипаттамасы 50бет

15. Естуінде ауытқушылығы бар баланың тұлға ретінде даму ерекшеліктері және онық өзіндік қалыптасуына әсер ететін факторлар 67 бет

16. Инклюзивті білім беру ортасында есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесінде психологиялық қолдау:

Есту қабілеті зақымдалған тұлғалар арнайы жағдайда ерекше оқытуды қажет ететіні көрсетілген. Осыған байланысты, оқыту үрдісі есту қабілеті зақымдалған тұлғаның жеке ерекшеліктерін, жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескеріп құрылады және қажетті деңгейдегі (бастауыш, негізгі, толық орта білім) жалпы білімді, кәсіби білімді (бастауыш, орта, жоғары) меңгеруді, дамуының кемшіліктерін түзетуді қарастырады. Осыған қатысты әртүрлі мекемелер аясында есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға ұйымдастырылған білім беру ортасының ерекшеліктері бар: - Сөйлеу тілінің әртүрлі формасын қолдану (ауызша, жазбаша, дактильді) арқылы оқу материалдарын толық және нақты қабылдау қамтамасыз етіліп, оқу іс - әрекеті субьектілері арасында сөйлеу арқылы өзара әрекет етуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. - Қарым – қатынас жасаудың екі жүйесінің – жест пен сөздің өзара әрекеті естімейтіндері оқытуда кеңінен қолданылады. Естіп қабылдауын дамыту нәтижесінде тілдік және тілдік емес дыбыстарды қабылдау мүмкіндігінің сапалы өзгеруіне әкеледі; дыбыстарды қарапайымнан күрделіге қарай ажырату нақтыланып кеңейеді; сөйлеу тіліне және қоршаған орта дыбыстарын тыңдап үйрену дағдылары пайда болады.

Ақпаратты қабылдаудың сенсорлық тәсілдерін екі топқа бөледі:

1) бисенсорлы (есту – көру арқылы)

2) моносенсорлы (есту арқылы).

Сонымен қатар, бөлмелердегі жағымды акустикалық орта: дыбыс өткізбейтін жабынды, едендерге кілем төсеу, дыбыссыз желдеткіш ж/.б. маңызды болып табылады, қажет болған жағдайда арнайы құрылғылар қолданылады – мұғалімнің дауысын күшейтетін жеке радиокүшейткіштер. Ресейлік және отандық сурдапедагогика тарихында есту қабілеті зақымдалған балаларды бөліп оқыту тәжірибесі кеңінен қолданылады. Бөлек оқыту есту қабілетінің зақымдалуы әртүрлі деңгейдегі балалардың білімді меңгеру мүмкіндіктерін ескеріп білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді. Р.М.Боскистің педагогикалық топтастыруына сәйкес, ажыратып (бөлектеп, дифференциациялап) оқыту білім беруді ұйымдастырудың ерекше формасы ретінде қарастырылады, негізгі фактор ретінде есту мен сөйлеудің жағдайы, баланың жеке – психологиялық ерекшеліктері есепке алынады. Оқытудың27 осы аталған үлгісі кең құрылымға ие, сыртқы ажырату (дифференциация) макро және мезо деңгейде және ішкі ажырату қарастырады.

Интеграциялық оқыту есту қабілеті зақымдалған тұлғаларды қалыпты дамып жатқан құрдастарымен бірге қажетті білім беру ортасында оқыту. Интеграциялау білім берудің әртүрлі деңгейінде жүзеге асырылуы мүмкін – мектепке дейінгі, мектепте, кәсіби. Оқытудың осы үлгісін практикаға ендіру есту қабілеті зақымдалған тұлғаларды еститіндермен тең құқылы білім алуын қамтамасыз етіп, оларды әлеуметтік бейімдеудің маңызды шарты болып табылады.

Есту қабілеті зақымдалған балаларды еститін балалармен бірге оқытып тәрбиеледің бірқатар артықшылықтары бар: бұндай бала әрдайым еститін адамдар ортасында болады, оның ойлауы мен жүріс-тұрысы сөйлейтін ортада қалыптасады, отбасынан және күнделікті тұрмыстық жағдайынан ажырамайды.

Ғылыми – практикалық зерттеулер барысында есту қабілеті зақымдалған балаларды жалпы білім беретін ортада тиімді оқуына қажетті бірқатар жағдайлар анықталған: естудің зақымдалғанын ерте жастан анықтау, осы балаларға медициналық – психологиялық – педагогикалық көмек көрсету, интеграциялық оқытуға таңдау, оқу мекемесінде арнайы білім беру жағдайының болуы, ата – анасының дайындығы т.б.