- •1. Баланың психикалық дамуының жалпы заңдылықтары
- •2. Есту қабілеті зақымдалған балалардың психикалық дамуының спецификалық заңдылықтары
- •3. Есту бұзылыстары бар балалардың психикалық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған әдістер
- •4. Есту қабілеті зақымдалған балалардың сезіп тануының жалпы сипаттамасы
- •5. Есту қабілеті зақымдалған балалардың естіп, көріп түйсінуі мен қабылдауы
- •Қр білім беру жүйесінде мшб, мүгедек балалардың құқықтары
- •7. Есту қабілеті зақымдалған балалардың тері арқылы түйсіну және сипап сезіп қабылдаулары
- •8. Есту қабілеті зақымдалған балаларда зейіннің даму шарттары
- •9. Ойлау түрлері және оның естімейтін балаларда даму ерекшеліктері
- •В.В.Лебединский бойынша психикалық дамудың ауытқушылығының типтері
- •10. Ойлау операциялары және олардың өзіндік ерекшеліктері
- •11. Есту қабілеті зақымдалған балаларда түсініктің қалыптасу ерекшеліктері
- •13. Сөйлеу тілінің физиологиялық механизмдері және оның бұзылыстары
- •14. Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің психологиялық сипаттамасы 50бет
- •15. Естуінде ауытқушылығы бар баланың тұлға ретінде даму ерекшеліктері және онық өзіндік қалыптасуына әсер ететін факторлар 67 бет
- •16. Инклюзивті білім беру ортасында есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесінде психологиялық қолдау:
- •17. Естуінде ауытқушылығы бар баланың отбасында тұлға болып қалыптасуы:
- •18. Қр инклюзивті оқытудың жүзеге асу жағдайы:
- •19. Актуальды даму, дамудың жақын аймағы:
- •20 Есту қабілеті зақымдалаған балаларда ой әрекетінің қалыптасу этаптары
- •21 Дамудың сензитивті кезеңдері
- •22 Ой дамуын сипаттайтын теориялар мен концепциялар
- •23 Есту қабілеттері зақымдалған балалардың ес қабілетінің ерекшеліктері
- •24 Сурдопсихологияның ақш–да дамуына тарихи шолу
- •25 Жүйке жүйесінің құрылымы
- •26 Психопрофилактикалық жұмыс кезеңдері
- •27 Естімейтін балалардың дактильдік және мимикалық қол-қимыл (жестік) сөйлеу тілі
- •43 Сөздік ес, сөздік есті дамыту кезеңдері
- •44 Ес және оның түрлері
- •45 Арнайы психологиялық көмектің үлгісі
- •62. Адам эмоциялары туралы жалпы түсінік.
- •67. Хискей Небрас тесті.
- •68. Мектепке дейінгі жастағы, бастауыш сыныптарда, жеткіншек жастағы естімейтін балалардың сөздерді сөйлеу барысында қолдану ерекшеліктерін атаңыз
- •69. Естімейтін баланың меңгеретін сөйлеу тілінің түрлерін атаңыз «Полиглоссия», «екі тілділікті» түсіндіріңіз.
- •80. Бине-симон тесті
- •81. Векслер шкаласы
- •82. Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация
- •83. Галпериннің зейін гипотезасы
- •84. Адаптация
- •85. Эмоция туралы түсініктің дамуының негізгі бағыттары
- •86. Н.Е. Баланың сөзді қолданудағы жиі кездесетін алмастырулар 53бет
- •88. Оқуға қабілеттілік (Тигранова л.И.)
- •89. Психологиялық көмек көрсет у әдістері
9. Ойлау түрлері және оның естімейтін балаларда даму ерекшеліктері
Ойлау – айнала қоршаған ортаны, санада бейнелеудің жоғары формасы. Ойлау – бұл шынайы өмірді қорытындылау мен бейнелеп көрсететін танымдық үдеріс. Қазіргі кезде, балалар ойлауының 3 негізгі сатысы анықталған: көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық ойлау
Естімейтін балалар еститін балаларға қарағанда, сөйлеуді өте кеш меңгеретіндіктен оны өзгеше сенсорлық жолмен игеретіндіктен, ойлаудың дамуында басқа танымдық үдерістермен салыстырғанда, анағұрлым көп спецификалық ерекшеліктер байқалады. Көрнекі-әрекеттік ойлауға, затпен сырттай әрекет ету жатады, мұнда бала өз мақсатына жету үшін, түрлі заттарды құрал ретінде пайдаланады. Естімейтін балалар көрнекі-әрекеттік мәселелерді шешуді өте кеш, әрі қарапайым жолдармен меңгереді. Бастауыш сынып жасындағы естімейтін балалар, тапсырманы орындауда, тек үлгіні қайталауға тырысады, әрекет етудің жалпылау немесе қорытындылау жолын пайдалана алмаған, сондықтан тапсырманы дұрыс орындау үшін, оларға еститін балалармен салыстырғанда, үш–төрт рет артық көрсету немесе түсіндіру қажет болған. Сондықтан, естімейтін баланы сөйлеуге үйрету, оның ойлау қабілетінің жетілуінде өте маңызды.
Көрнекі-бейнелік ойлау. Мұнда негізгі рөлді сөйлеу атқарады. Заттың өзіндік белгілерін меңгерген бала, осы бейнелер арқыл, ойлау әрекетіне көше алады. Естімейтін балалар, сөйлеуді меңгергенге дейін, меңгергеннен кейін, ұзақ уақытқа дейін, көрнекі-бейнелік ойлау сатысында қала береді. Мысалы, Т. В Розанова естімейтін балалардың көрнекі–бейнелік ойлау қабілеттерін, Дж. Равен матрицаларының көмегімен зерттейді. Алынған нәтиже, еститін балалар мен саңырау балалардың көрнекі-бейнелік ойлау әрекетіндегі айырмашылық негізінен мектептегі оқудың басында (1 сынып), айқын көрінеді. 7-10 жастағы естімейтін балаларда, көрнекі-бейнелік ойлау қабілеті, еститін балаларға қарағанда, өте қарқынды дамиды. Жоғары сыныпта оқитын естімейтін балалар, көрнкі-бейнелік ойлауы күрделі мәселелерді шешуде анық байқалады. Бұл олардың мәселе немесе тапсырма негізінде жатқан, нақты белгілер мен қатынастарды толық және нақты қабылдай алмауымен түсіндіріледі. Мәселені немесе есепті шешу қағидасын санада анық ұғынбау, сырттай әртүрлі, бірақ құрылымдық қағидасы жағынан ұқсас бір тапсырмадан, екінші тапсырмаға ауысу қиындығы мәселелер кезігеді. Жақсы дамыған көрнекі- -бейнелік ойлау, балаларды логика сатысына бастап әкеледі, жалпыланған, қорытындыланған модельдік мағлұматтардың пайда болуына мүмкіндік жасайды, демек, ұғымдар қалыптасады. Көрнекі-бейнелік ойлау сатысының және сөйлеудің кеш қалыптасуына байланысты, саңырау балалар сөздік-логикалық ойлау сатысына, ұзақ уақытқа дейін көтеріле алмайды, бұл үдеріс тек 17 жаста аяқталады.
Т. В. Розанова саңырау балалардың сөздік-логикалық ойлау түрінің даму шарттарын ажыратып көрсетеді:
Бірінші шарты – бұл сөйлеудің ойлау әрекеті ретінде, көрнекі-бейнелік және көрнекі-әрекеттік негізде қалыптасуы. Саңырау бала, көрнекі құралдардың көмегімен, мәселені шешу тәжірибесін жинақтауы қажет. Мұнда сөйлеу бейнелерді ерікті түрде басқару құралы болып табылуы тиіс.
Екінші шарты – бұл кері ойлай білуге үйрету, қандай бір құбылыстың кері қатынасын ұғындыру. Ол үшін, естімейтін балалар қажетті сөйлеу құралдарын, сөздер байланысы мен сөйлеудің заттық мазмұнын, кері байланыстарды заттардың сан түрлі сыртқы белгілерін, әртүрлі өзара қатынастарын игеруі керек.
Үшінші шарты – бұл барлық ойлау операцияларының дамуы (анализ, синтез, салыстыру, абстракция немесе дәйексіздендіру, қорытындылау). Естімейтін балалар, осы аталған операциялардың барлығын кеш меңгереді.
Төртінші шарты – бұл естімейтін балалардың логикалық сауаттылығының басы. Бұған классификация қағидалары, дедуктивтік және индуктивтік ой қорытындылары, логикалық байланыстар жүйесі жатады (себеп – салдар, мақсат, шарт). Бұл жағдайда, естімейтін балаларды түрлі деңгейдегі қорытындылардан шығатын, ұғымдар мен ой операцияларын жасауға үйретеді.
