Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сурдопсих отв.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55 Мб
Скачать
☆

10. Ойлау операциялары және олардың өзіндік ерекшеліктері

Ойлау – бұл шындықтың жалпыланған және жанамаланған көрінісімен сипатталатын таымдық процесс. Әдебиеттерде балалардың ойлау қабілетінің дамуының негізгі 3 кезеңі сипатталады:

  1. Көрнекі-әрекеттік ойлау;

  2. Көрнекі-бейнелік ойлау;

  3. Сөздік-логикалық(ұғымдық) ойлау;

Естімейтін балалар сөйлеу тілін қалыпты еститін балалардан кеш және өзге сенсорлық негізінде меңгеретіндіктен, басқа таным процестеріне қарағанда, әсіресе ойлаудың дамуында көп өзгешеліктер байқалады. Ерте естімей қалған балаларда ойлаудың даму мәселелері көптеген психологтардың назарын аударып отыр, өйткені естімейтін баланың өзіндік даму жағдайын талдай келе, сөйлеу тілінің ойлау қабілетінің қызмметі мен даму процесіндегі маңызын жақсырақ түсінуге болады.

Естімейтін баланың көрнекі-әрекеттік ойлауы оның қабылдауы мен әс-әрекетімен тікелей байланысты және ол заттармен практикалық амалдар орындау, яғни баланың қабылдап жатқан обьектісін ажыратып, құрастырып, сәйкестендіріп отыруы кезінде көрініс табады. Көрнекі-әрекеттік ойлау дамуының артта қалуы сөйлеу тілін меңгерген естімейтін балаларда да кездеседі. 9-10 жастағы естімейтін балалар үшін қимылдардың анағұрлым ұарапайым тәсілдеріі тән, мысалы, үлгіге еліктеу, үлкендердің іс-әрекеттік көшіру немесе қайталау.

ЕҚЗ баллаарда ойлау процестерінің қайтымдылығы кештеу қалыптасады: салмақты сақтау ұғымы – бес-алты жасқа (П.Олерон мәліметтері бойынша ), одан да күрделірек «ауданды сақтау» ұғымы- тіптен кеш мерзімдерде қалыптасады.

ЕҚЗ балаларды оқыту процесінде әр баланың жеке ойлау ерекшеліктерін, ойлаудың көрнекіі және үғымдық формаларының сәйкестігінің есепке ала отырып жұмыс жасау керек. Мысалы, Т.В.Розанова осы принциптің негізінде ерекше қолға алуды қажет ететін келесідей топтарды ажыратады.

  1. Көрнекі және ұғымдық ойлауы жоғары дәрежеде дамыған балалар кіреді.

  2. Көрнекі және ұғымдық ойлау дамуыың деңгейі орташа, яғни еститін құрдастарынан ойлаудың екі түрінен да артта қалатын балалар кіреді.

  3. Көрнекі ойлау қабілетіі жоғары, ал ұғыммдық ойлауы төмен дамыған балалар құрайды.

  4. Ұғымдық ойлау қабілеті жоғары, ал көрнек-бейнелк ойлауы төмен дамыған балалар құрайды.

Сонымен, естімейтін балалар арасында ойлаудың даму деңгейі бойынша еститін балалардан еш қалыспайтын балаларды ажыратуға болады. Бұл адекватты оқыту мен тәрбиелеу жағдайында еқз балалардың интеллектуалды дамуының компенсациясының үлкен мүмкіндіктерін көрсетеді.

11. Есту қабілеті зақымдалған балаларда түсініктің қалыптасу ерекшеліктері

Түсінік - заттың, кұбылыстың ең елеулі касиеттерін, байланыстарын, қатынастарын көрсететін ойлаудың формасы. Түсініктің негізгі қызметі - берілген топтың жеке заттарының барлық ерекшеліктерінен назарын аударту арқылы жүзеге асатын жалпылылықты бөлу. Түсінік сөзбен тығыз байланысты, сөздер мен белгілер түсінікті ғана білдіріп қоймайды, сонымен қатар олардың пайда болу құралы болып табылады. Түсініктер жалпы және жекелік, нақты және абстрактілі болады. Оқытудың міндеттерінің бірі оқытылатын оқу пәндері шектерінде түсінікті қалыптастыру. Оқушыларды сөздік түсінігінің қалыптасуы оқу материалын жеткілікті жоғары дәрежеде меңгерілуін көрсетеді.

Есту қабілеті зақымдалған балаларда түсінік кальштасуы мен жеке тулгалык дамуында отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Мундагы тулга дамуына ыкпал етртш мацызды фактор - ол ата-ананыц ездершщ есту кабшетгершщ бузылуы немесе бузылмауы. Мысалы, мектеп жасына дейін балалардың ата-анасы сацырау болса, олар өздерінің интеллектуалды эмоционалды куйлерін жеткізуде, сау балалардан кем емес, ал ата-анасы еститш сацырау балалардьщ мінез-кулкьщцагы эмоционалды кершктер ете жупыны болып келеді. Саңырау ата-аналардын, бастауыш сынып жасындагы саңырау балалары, өз курбыларымен анагурлым белсенді карым-катынас

жасайды, білуге куштар, ез достары арасында басшылыкка умтылады. Ал еститін балалардың ата-аналардын саңырау балалары, Kepicіншe, өте уялшак, белсецщ карым-катынастан кашкактайды, жалгыз болуга тырысады. Саңырау ата-аналардың саңырау балаларында, жасесшр1мдк шакка жеткенде, ездер! туралы, ез мумкшдхктер! мен кабшеттер1 туралы накты маглуматтары болады, ягни, еститш ата-аналардыц санырау бапаларына Караганда, анагурлым адекватты кезкарастары орныгады. Бул ерекшелж бьшайша тус1нд1ршеда: алгашкы кезден-ак, еститш ата-аналар ездершщ сацырау балаларымен эмоционалды карым-катынас орната алмайды, олардын кажеттіліктepi мен тшектерш нашар тус1нед1, шектен тыс камкорлык жасап, балага өз бетінен эрекет ету мумкіндігімен тәуелдс1здш бермейд! Tepic жеке тулгалык белгшердо

калыптастырады. Саңырау балалар өздеріің эмоцияларына, мінез- кулыктарына іштен бакылау жасай алмайды, оларда әлеуметтік жетілу өте баяу журеді‘. Санырау балалардыц бастауыш сынып жене жасөспірімдік шактагы, тулгалык калыптасуына ересек адамдардын жузеге асы- ратын окыту-тәрбиелеу әдістepi көп ыкпал етеді. Олардын өздері багалауына, мугалімнің кезкарасы мен niKipi, тгкелей есер етедк Санырау балалардыц ездер1 жагымды, дурыс деп есептейтш, жеке тулгалык белгшер, кеп жагдайда оку жагдаятымен байланысты: сабактагы зейшдшк, укыптылык, ецбек суйпштпс, жаксы улгер^м, есеп шыгару кабшетч т.б. Оган алам гатен сапалар косы лады: сез1мталдык, жанашырлык т.б.

12. ІС-ӘРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ, ИКЕМДІЛІК, ДАҒДЫ, ӘДЕТ

Іс-әрекет үдерісінде, яғни адамдардың қоршаған ортамен белсенді әрекеті барысында, психологиялық үдерістер жетіледі, кемелденеді,таным түрлері байиды, әрі күрделенеді, әлеуметтік тәжірибелер жинақталады. Негізгі іс-әрекет түрлері: еңбек, оқу, ойын болып табылады.

Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.

Дағды - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту процесінде, әсіресе, жалпы оқу дағдыларын, пәнаралық мәндегі, жазу дағдыларын қалыптастыру қажет.

Икемділік дегеніміз адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Мөселен, төменгі сынып оқушылары футбол ойнай алады, ойын ережелерін де біледі. Бірақ олардың ойнау дағдысы әлі жетілмеген. Ал нағыз футболшыда жақсы ойнай білу кемеліне келіп, дағдыға айналған.  мысал балада дағды болмағанмен, онда осы ойынға икемділіктің барлығын көрсетеді.

Есту қабілеті бұзылған балаларда спецификалық емес манипуляцияларға көшу, еститін балаларға қарағанда , кешірек жүзеге асады. Саңырау балаларда арнайы үйретусіз бұл сала өте баяу және әркелкі дамиды. А.А.Венгер., Г.Л.Выгодская,. Э.И.Леонгард сияқты ғалымдардың мәліметтері бойынша, бұл балалардағы кейбір әрекет түрлері тек 2-2,5 жастан кейін, тіпті мектепке дейінгі ересектену жасында ғана пайда болады. Балалар тек өздеріне таныс заттармен ғана іс-әрекет етеді. Саңырау балалардың заттық әрекеттері, мектепке дейінгі жаста, яғни олардың бағдарлау әрекеттерінің тәсілдері өзгергенде жалғасады. Мектепке дейінгі жаста, олардың қарапайым бағдарлау әдістері, аағұрлым күрделі формаларға ауысады.

Сюжеттік-рөльдік ойын, саңырау балалардың мектепке дейінгі жасындағы жетекші әрекеті болып табылады. ЕҚЗ балалардың сюжеттік-рөлдік ойындарының дамуында, бірқатар ерекшеліктер бар. Мазмұны жағынан, бұл балалардың сюжеттік-рөлдік ойындары, еститін сау балалардың ойындарымен ұқсас (Г.Л.Выгодская).

Сау балаларға қарағанда, саңырау балалар заттық-әрекеттік ойындар деңгейінде тұрақатап қалады, ал олардың сюжеттік-ойындары бірыңғай, тым қарапайым болып келеді. Ойын әрекеті балалардың психикасын, тұлғасын дамыту үшін маңызды. Естімейтін және нашар еститін балалар ойын әрекеттерінде қоғамдық өміріндегі формаларымен және қоршаған ортамен танысады.

Арнайы мектептің сабақтарында жүргізілетін дидактикалық ойындардың да тәрбиелік мәні өте зор. Бұл жағдайда, кемістігі бар балалардың ұжымдық жұмысын ұйымдастыру формасы тәрбиелеуші фактор болып табылады, мұнда оқушылар бір-бірімен араласып,ортақ жауапкершілікті көтеріп, бір-біріне көмектеседі, тапсырмаларды шеше алмай жатқанда бір-біріне жандары ашиды. Міне, осы жағдайды арнайы мектептегі педагог, балалар арасындағы жолдастық, ізгі ниеттік қатынастарды қалыптастыруға, әдептілік және жолдастық сезімді тәрбиелеуге пайдаланады.

Саңырау балаларда ойын іс-әрекеті барысында, заттарды алмастыру қиындығы жиі кездеседі. Тіпті, қызметі жағыан жарайтын заттың өзін, қажет затты алмастырушы ретінде қабылдай алмайды (мысалы: машинаның орнына текшемен, қасықтың орнына таяқшамен ойнау сияқты, уақытша шартты әрекеттер болмайды). САңырау балалар ойын әрекетін меңгерген сайын, біртіндеп детальды кеңейтулер енгізе бастайды.

Оқу әрекеті бұл балаларда, мектепке дейінгі жаста қалыптасады. Оқу әрекетінің ерекшеліктері туралы Е.Г.Речицкаяның еңбектерінде беріледі. Оның мәліметтері бойынша, саңырау баллаарда оқу әрекетінің барлық түрткілері бар. Әсіресе жоғары баға алуға деген ынта, көбірек көзге түседі.

Есту қабілеті бұзылуыың орнын толтыру бағытында, саңырау балаларды өмірге әлеуметтік бейімдеуде, еңбектің, яғни еңбек іс-әрекетінің рөлі ерекше. Демек балаларға еңбек әрекеті үдерісінде олар тезірек нәтижеге жетуге, мақсатқа жылдам қол жеткізуге ұмтылады. Бірақ, оларда тапқырлық пен мақсаттылық жетіспейді. КЕңістікті бағдарлау деңгейінің төмендігі, іс-әрекет қарқының баяулығы сияқты ерекшеліктерімен түсіндіріледі.