Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mirush_rubezh.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66 Кб
Скачать
☆

29. Лизогения және оның маңызы

Лизогения — бактериялар мен кейбір бактериофагтардың симбиозы. Мұндай бактериофагтар торшада ерекше жұқпалы емес профаг түрінде сақталады. Лизогенияның негізі жөніндегі теорияны 50-жылдардың басында А. Львов құрған. Профагы бар торшаларды лизогенді деп атайды, ал өсіп жетілген фаг бөлшектерін шығаратын торша қасиетін лизогендік дейді. Лизогендік — бактерия штаммының тұрақты қасиеті. Лизогенді торшалардың профаг қатысымен анықталатын жаңа қасиеттері де болады, оның ішінде фагпен екінші рет зақымдауға төзімділігі. Бұл төзімділік лизогендік бактерияда репрессор белогының болуымен байланысты. Ол белок профагтың ДНҚ-ның бақылауымен түзіледі де, фагтың вегетативті кебеюіне жауапты фаг генінің көбеюін тежейді. Лизогения — бактериялардың өзгерушілігі мен тұқым қуалаушылығын тексеруге өте қолайлы үлгі

30. Профаг. Келісті фагтар. Фагтық конверсия

Профаг — қалыпты бактериофагтардың жасырын түрі. Әдетте қалыпты фаг геномдары профаг жағдайына өткенде ДНҚ белгілі бір бөлігіне онымен бірге енеді. Бұл фаг геномының арнайы аймағымен қадағаланады. Кейде бактериофаг хромосомаға косылмайды да, одан бөлек, тұйық ДНҚ түріндебактерия торшасы ішінде өмір сүреді.

. Бактерияларға әлсіз фаг жұққанда олар кейбір жаңа қасиетке ие болады. Осындай құбылысты лизогендік (фагтық) конверсия (өзгеріс) деп атайды. Лизогениялық құбылыс микробтардың барлық жүйелік топтарының арасында кездеседі.

31. Фагтардың табигатта таралуы

Бактериофагтарды пайдалану. Фагтарды жұқпалы ауруларды емдеу үшін, диагноз қоюға және аурулардан сақтану мақсатында қолданады.

Емдеу үшін стафило-, стрепто-, дизентериялық, іш сүзектік, салмонеллездік, коли - протейлік т.б. фагтар бар. Таблетка, ұнтақ немесе сұйық күйінде шығарылады.

Профилактикалық мақсатта тиісті фагтарды ауру қаупі төнген кезде, немесе науқаспен жанасқан адамдарға береді. Емдеу профилактикалық фагтарды ауыз арқылы және жарақаттарды өңдеу әдістерімен қолданады, инъекциялық әдіс қолданбайды.

Фагтардың тиісті микробтарға спецификалық әсерін жұқпалы ауруларға диагноз қою үшін және сыртқы орта объектілерінің тиісті микробтармен ластанғанын анықтау үшін жиі қолданады. Мысалы, судың, топырақтың, ас- тағамдарының ішек тұқымдас бактериялармен ластанғанын анықтау үшін фагтардың титрының реакциясын қояды. Егер де зерттелетін затта микроб бар болса спецификалық фаг оған еніп, өсіп - өніп, оның титрі көбейеді. Фаготипін анықтау әсіресе ішек инфекцияларында, стафилококкты инфекцияларда жиі атқарылады.Фаготипін анықтаудың эпидемиологиялық маңызы бар, яғни инфекция көзін, таралу жолдарын байқауға болады.

32. Фагтарды өсіру әдістері

Вирулентті фагты алу үшін фильтрат дайындайды, бактериальды фильтр арқылы материалды (суды, нәжіс суспензиясын) өткізеді. Фильтратты осыған тиісті бактерия дақылын бульонға егіп 37оС 18-24 сағатқа инкубациялайды. Дақылдың лизиске ұшырағаннан кейін қалған бактериальды жасушаларды центрифуга арқылы немесе фильтр қағазы арқылы алып тастаймыз. Фильтраттарға фагтарды сапалық және сандық әдіспен анықтаймыз.

Сапалық әдіс бойынша фагтарды анықтау үшін сорпаны дақылды қоректік агары бар Петри табақшасына егеміз және 37оС-та кептіреміз. Сонан соң газон бетіне фагтың 1 тамшысын тамызып табақшаны еңкейтеміз, келесі бетіне ағуы керек. Термостатқа бір тәулікке қойылған табақшаны алып қарағанымызда, фаг тамшысының аққан жол бойында лизиске ұшыраған аймақты байқаймыз. Сандық әдіс бойынша бактериальды газонның жаппай бетіндегі дақтардың санын анықтаймыз. Егілген араласпамен фагты бөлшектің санына сәйкес келеді. Фаг суспензиясының 1мл-гі дақ түзуші бірліктің мөлшерін есептеп шығару. Бұл өлшем фагтың концентрациясы титр деп аталады.

Қоректік ортасы бар табақшаны квадратқа бөледі, әрқайсысына тиісті сорпаны дақылды тамызады және сыналатын фагты тамызады. Инкубацияланғаннан кейін қайсы квадратта бактерияның тегіс лизиске ұшырағанын белгілейміз. Сыналатын фагтардың әсері бойынша әртүрлі бактериальды дақылдардың лизиске ұшырауына байланысты, олардың литикалық әсерінің спектрінің кеңдігін анықтайды.

Зерттелетін тәуліктік сорпаны дақылды бактериядан фагтарды бөліп алу үшін центрафугациялаймыз, бірақ бактериялар тез арада фагтарды өндіріп шығарса, ерітіндінің тұнбасы болады. Тұнбадағы фагтарды анықтау үшін индикаторлы бактериальды дақылды газонға егеміз, бір тәуліктің инкубациядан кейін, лизис ошақтары пайда болады.