- •26. Фагтардың морфологиялық және құрылымдық ерекшеліктері
- •27. Вирулентті және әлсіз фагтар
- •28. Фагтың бактерия клеткасымен әрекеттесу сатылары
- •29. Лизогения және оның маңызы
- •30. Профаг. Келісті фагтар. Фагтық конверсия
- •31. Фагтардың табигатта таралуы
- •32. Фагтарды өсіру әдістері
- •35. Микробиологиялық лабораториялардың құрылымы және қызметі
- •33. Индикациялау және титрлеу
- •34. Микробиология фундаментальдық ғылым ретінде. Зерттеу объектілері
- •36. Бактериологиялық зертханаларды жұмыс істеу ережелері
- •37. Микроорганизмдер систематикасы
- •39. Бактериялар морфологиясы
- •40. Прокариоттар, эукариоттар айырмашылығы, мысал келтір
- •41. Бактерия клеткасының құрылымы: капсула, клетка қабырғасы, цитоплазмалық мембрана, рибосома
- •42. Микроскопиялық зерттеу әдістері
37. Микроорганизмдер систематикасы
Микроорганизмдер- (бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, вирустар) өзара ұқсастықтарына, ерекшеліктеріне және қарым-қатынасына қарай өз іішнде жүйелендірілген. Мұнымен арнайы ғылым- микроорганиздер систематикасы (жүйесі) айналысады. Систематика үш бөлімнен тұрады: түрлерге жіктелуі, яғни классификация, таксономия және идентификация. микроағзалар таксономиясының негізіне олардың морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық және молекулярлық-биологиялық қасиеттері жатыр.
Келесідей такосномиялық категорияларды өзара бөліп қарастырады: патшалық, патшалық ішілік, бөлім, класс, тұқымдас,түр, түр іші және т.б. Белгілі бір таксономиялық категория шегінде келесі таксондарды бөліп қарастырады- бірдей қасиеттер менсипаттарға ие организмдердің біріккен тобы.
Микроорганизмдер клеткаға дейінгі формалармен (вирустар- Vira патшалығы) және клеткалық формалармен (бактериялар, архебактериялар, саңырауқұлақтар және қарапайымдылар) болып бөлінеді.
Үш доменді (немесе империяны )қарастырады: «Bacteria», «Archaea» және «Eukarya»:домен «Bacteria»-бұл нағыз бактериялармен көрсетілген прокариоттар. домен «Archaea» —архебактериялар ретінде сипатталған прокариоттар;домен «Eukarya»-бұл клеткалы ядролық қаптамаға ие , ал цитоплазмасы жоғары дәрежеде ұйымдастырылған органеллалардан-митохондрия, Гольджи аппаратынан және т.б. тұратын эукариоттар болып табылады. «Eukarya» домені келесілерді біріктіреді: Fungi патшалығы (саңырауқұлақтар); Animalia аңдар патшалығы (Protozoa қарапайым-патша ішілік жіктелімді қосады); Plante өсімдіктер хандығы. Домендер патшалықтарды, класстарды, тұқымдастарды,тектерді және түрлерді біріктіреді.
Түр. Негізгі таксономиялық категориялар ретінде түр табылады. Түр- ұқсас сипаттар арқылы біріктірілген ,бірақ өзге топтардан айрықшаланатын өзара ұқсастылардың бір жікке бірігуі.
Таза мәдениет. Қоректену ортасындағы өзара ұқсастықтарымен біріктірілген, ұқсас морфологиялық, биохимиялық және антигендік, тинкториалды (бояғыштарға әсері) және мәдени қасиеттерімен сипатталатын бірігу түрі-таза мәдениет.
Штамм. Белгілі бір қайнар көзден қалыптасқан және өзге түрлерден ерекшеленетін микроорганизмдердің таза мәдениеті штамм деп аталады. Штамм- түрге қарағанда әлдеқайда тар ұғым.
Клон. Штамм ұғымына ұқсас ұғым клон болып табылады. Клон ретінде бір ғана микробты клеткадан қалыптасқан ұрпақтардың өзара жиыны түсіндіріледі.
Микроорганизмдер-бір жасушалы тірі организмдер, олар тек қана микроскоптың көмегімен көрінеді. Микроағзалардың өлшемі микрометр-мкм (1*1000мм) немесе нм (1/1000мкм) арқылы есептеледі.
Микробтар бактерияларға, вирустарға және фактарға, саңырауқұлақтар мен ашытқыларға жіктеледі. Бөлек түрде бактерияның келесі түрлері қарастырылады: рикетсиилер, микоплазмалар, ал басты орынға қарапайымдылар ие.
Микроорганизмдердің жіктелуі
РНҚ-лы
Вирустар
ДНҚ-лы
Микробтар әлемі
Эукариоттар Прокариоттар(эубактериялар мен архебактериялар)
қарапайымдылар бактериялар
жіпшелі саңырауқұлақтар спирохеталар
және ашытқылар актиномицеттер
риккетсиялар
микоплазмалар
Микроорганизмдерді зерттеп оларды бір-бірінен ажырату (идентификациялау), яғни жұқпалы ауруларға дұрыс диагноз қою микробтардың жіктелуі негізінде атқарылады. Жіктелу (классификация ) – ол бір-біріне ұқсас белгілері бойынша микробтарды топтарға бөліп (таксондарға) түрін анықтау.
Систематика - түрлердің көптігі және сол түрлердің организмдер жүйесіндегі орны туралы ғылым.
Таксон- жіктелу бірлігі (единица классификации).
Бактериялар үшін мынадай таксономиялық категориялар (таксондар) бар:
Түр- вид - Species
Туыстастық-род - Genus
Тұқымдастық- семейство - Familia
Реттілігі- порядок - Ozdo
Класы- класс - Classis
Бөлімі- отдел - Divisio
Әлемі- царство - Regium
Мысалы: Ішек таяқшасының таксономиясы
Әлемі - Procaryotes
Бөлімі - Scotobacteria
Тұқымдастығы- Enterobacteriaceae
Туыстастығы- Escherichia
Түрі - Escherichia coli
Морфологиялық варианты (марфовар)- “S” пішінді
Биохимиялық варианты (биовар) - Lac+
Патогендік варианты (патовар) - Ent+ энтеропатогенділік плазмида
Серологиялық варианты (серовар)- 0-55, 0-26, 0-ІІІ т.б.
Фагтық варианты (фаговар) - 2
Микробтардың түрден төменгі таксондарын, яғни варианттарын анықтаудың эпидемиологиялық маңызы бар.
Негізгі таксономиялық бірлік- ол түр болып есептелінеді.
Түр (вид) - бұл генотипі және шығу тегі бір, биологиялық белгілері бойынша ұқсас, ұрпаққа берілетін тиісті үрдістер қоздыра алатын қабілеттілігі бар микроорганизмдер бірлестігі.
Штамм- бұл әр жерден немесе бір жерден бірақ әртүрлі мерзімде (уақытта) бөлініп алынған бір түрге жататын микроб дақылы. Бір түрге жатқанымен штамдардың вируленттілігі, антибиотикке төзімділігі немесе ферменттік белсенділі бойынша айырмашылығы болуы мүмкін.
Клон - бір бактериалық жасушадан алынған бактериялар популяциясы (ұрпағы).
Таза дақыл- микробтың бір түрінен тұратын дақыл жиынтығы.
Бактерияларды жіктеу (классификациялау) 18 ғасырда басталған болатын. Алғашқы кездегі жіктеу бактериялардың морфологиялық қасиеттеріне негізделген еді. Тірі әлемнің жіктеуін ұсынған К.Линней (1707-1771) микробтардың барлығын жалпы бір туыстастыққа жатқызды - оны хаос (chaos) деп атады. О.Мюллер микробтарды 3 туыстастыққа бөлді- бациллалар, спириллалар, вибриондар. Петри (1852) микроорганизмдерді 2 топқа бөлді:
І. Protozoa, II. Protophyta. Ценковский (1855) микробтарды жануарлар және өсімдіктер тобына жатады деп бөлді. Леман және Нейман (1860) барлық микроорганизмдерді 3 тұқымдастыққа бөлді: Corraceae, Spirillaceae, Bacteriaceae. Шаттон (1937) барлық тірі жасушаларды эукариоттарға (жануарлар мен өсімдік тектестер) және прокариоттарға (бактериялар) бөлді.
Қазіргі кезге дейінгі белгілі микроорганизмдерді жіктеу бактериялардың морфо-физиологиялық қасиеттерінің ұқсастығына негізделген және тәжірибелік мақсаты - микробтардың бір-бірінен жылдам ажырату үшін оптималды кілтін табу. Міне осындай жалпы қабылданаған прокариоттардың Халықаралық классификациясын Бергидің бактериялар анықтауышы жатады (Bergey`s manual of Sistematic Bacteriologi). Бұл анықтаушының негізінде прокариоттардың құрылымы, яғни олардың жасуша құрылысының ерекшелігі жатыр.
