- •26. Фагтардың морфологиялық және құрылымдық ерекшеліктері
- •27. Вирулентті және әлсіз фагтар
- •28. Фагтың бактерия клеткасымен әрекеттесу сатылары
- •29. Лизогения және оның маңызы
- •30. Профаг. Келісті фагтар. Фагтық конверсия
- •31. Фагтардың табигатта таралуы
- •32. Фагтарды өсіру әдістері
- •35. Микробиологиялық лабораториялардың құрылымы және қызметі
- •33. Индикациялау және титрлеу
- •34. Микробиология фундаментальдық ғылым ретінде. Зерттеу объектілері
- •36. Бактериологиялық зертханаларды жұмыс істеу ережелері
- •37. Микроорганизмдер систематикасы
- •39. Бактериялар морфологиясы
- •40. Прокариоттар, эукариоттар айырмашылығы, мысал келтір
- •41. Бактерия клеткасының құрылымы: капсула, клетка қабырғасы, цитоплазмалық мембрана, рибосома
- •42. Микроскопиялық зерттеу әдістері
39. Бактериялар морфологиясы
Морфологиясы бойынша бактериялардың келесі пішіндерін ажыратады.
Кокктар – шар тәрізді жасушалар (көлденең өлшемі ұзындығына тең, яғни - 0,5-1,5 мкм), тізбектеліп орналасқанда байланысқан орны жазық болуы мүмкін, осындай қос-қос, екі-екеуден орналасқан жасушаларды диплококктар деп атайды (Neisseria meningitidis). Тізбектелген кокктар - стрептококктар (Streptococcus lactis). Стрептококктар тізбектері қысқа (5 жасушаға дейін) және ұзын (5-9 және одан да көп) болады. Хаос түрінде, шоғырланып орналасқан “жүзім дәндер бұтағына ұқсас” кокктарды стафилококктар деп атайды (мысалы, Staphylococcus aureus). Микрококктар дара орналасқан жасушалар. Сарциналар қапшық (пакет) тәрізденіп, 8,16,32 болып орналаады.
Таяқшалар – таяқшалы микроорганизмдер (ұзындығы көлем өлшемінен ұзын). Жұғын-препараттары бір-біреуден орналасады (мысалы бациллалар – Escherichia coli). Жұптасып орналасқан таяқшаларды, V әріпіне ұқсас таяқшаларды диплобациллалар деп атайды (мысалы, Klebsiella pneumoniae). Кейбір таяқшалар тізбектеліп орналасады - стрептобациллалар (мысалы, Bacillus subtillis). Жасушалар сәл имектелуін вибриондар деп атайды (мысалы, Vibrio cholerae).
Иллюстративті материал
Бактериялардың негізгі пішіндері: 1-3. Кокктар (стафилококктар, диплококктар, стрептококктар. 4. Таяқшалар (стрептобациллалар). 5. Клостридиялар. 6. Вибриондар. 7. Коринебактериялар. 8. Фузобактериялар. 9. Нокардиялар (шынайы тармақтану). 10. Актиномицеттер (жалған тармақтану). 11. Спирохеталар.
Таяқшаларды микроскоптан қарағанда тек жасушаның көлденең өлшемі, жұғын-препаратта орналасуына ғана назар аударғаннан басқа, тағы жасушалардың терминалды бөлімдерінде қарайды. Көп жағдайда жасушалардың шеттері домаланған, кейбіреулерінде шоқпар секілді бүршіктелген, осындай жасушаларды коринебактериялар деп атайды (corine, лат. – түйреуіш (булава) – Corynebacterium diptheriae; басқа жасушалар ортасында немесе терминальды ісінулері көрінеді, оларды эндоспора деп атайды (боялмаған аймағы) – осындай жасушаларды бациллалар немесе клостридиялар деп атайды (мысалы, Clostridium botulinum). Бір жасушаның шеттері "кесіліп қалғандай" (бұндай морфология Bacillus anthracis-қа тән) немесе үшкірленген – арқан секілді, оларды фузобактериялар деп атайды (fusium, лат. – арқан).
Таяқшалар тармақталған құрылымдар құруы мүмкін. Бұл жағдайда ажырату керек – шынайы тармақтарды (Nocardia israellii) жалған тармақтардан (Actinomyces odontolytica). Шынайы тармақта әр "тармақтар" арасында қосылуы бөлінбеген, сондықтан тармақталған құрылымдар бір жасуша құрайды. Жалған тармақтыларда әр "тармақтар" арасында арнайы шектелу бар, сондықтан әр бөлек "тармақ" бөлек клетка түрінде көрінеді.
Имектелген пішінділер –спираль тәріздес бактериялар, олардың біреуін спирохета деп атайды (мысалы, Treponema pallidum). Спирохеталар бір-бірінен оралымдары бойынша олардың жиілігіне қарай дифференцияциясы жүргізіледі
