- •26. Фагтардың морфологиялық және құрылымдық ерекшеліктері
- •27. Вирулентті және әлсіз фагтар
- •28. Фагтың бактерия клеткасымен әрекеттесу сатылары
- •29. Лизогения және оның маңызы
- •30. Профаг. Келісті фагтар. Фагтық конверсия
- •31. Фагтардың табигатта таралуы
- •32. Фагтарды өсіру әдістері
- •35. Микробиологиялық лабораториялардың құрылымы және қызметі
- •33. Индикациялау және титрлеу
- •34. Микробиология фундаментальдық ғылым ретінде. Зерттеу объектілері
- •36. Бактериологиялық зертханаларды жұмыс істеу ережелері
- •37. Микроорганизмдер систематикасы
- •39. Бактериялар морфологиясы
- •40. Прокариоттар, эукариоттар айырмашылығы, мысал келтір
- •41. Бактерия клеткасының құрылымы: капсула, клетка қабырғасы, цитоплазмалық мембрана, рибосома
- •42. Микроскопиялық зерттеу әдістері
36. Бактериологиялық зертханаларды жұмыс істеу ережелері
Жұқпалы аурулардың алдын алу және диагноз қою мақсатында бактериология зертханасы базасында төмендегідей зерттеу түрлері жүргізіледі: - Микро ағзалардың әр түрлі топтарын сәйкестендіру; - Бак.егу: жіті ішек ауруларының бактериялы негізі ішек тұқымдас патогенді бактериялар: сальмонелла, шигеллама, эшерихияма арқылы таралады. Әр түрлі жағдайларда қоздырғыштың бөлінуі арқылы диагноз расталады, сондықтан барлық ұқсас ауруларды зерттеу үшін бактериялық әдістер қолданылады; ішек дисбактериоз түсінігі микрофлора мен микро ағза түрлерінің өзара қатынасы арқылы құрамының сапалық және сандық өзгеруі. Асқазан ішек жолдарының қалыпты микрофлорасы микро ағзалардың бірлестігін құрайды. Жағымсыз факторлардың әсер етуінен ішек флора қалпын бұзуы мүмкін. Клиникалық спектр көрсетуі бойынша ас қорыту жолдарында дисбиоз жеткілікті. (іш өту (диарея), іш жүрмеу (запор), тоқішек қабынуы (колит), ойықжара аурулары, гиперхолестеринемия (қанда холестериннің көбеюі), несептік тас аурулары, тісжегі, әр түрлі аллергиялар т.б.); - Этиологиялық ауруларды анықтау үшін биоматериалдардағы ( зәр, өт, тыныс алу жолдары, жара, көз, құлақ, әйелдердің жыныс мүшелері) микроағзаларды анықтау; - Бөлінген микрофлораның антибиотик сезімталдығын анықтау. Тәжірибеде антибиотиктер мен басқа да химиялық дәрі-дәрмектерді қолданғанда микро ағзалардың клиникалық маңызды штаммдарының сезімталдығын анықтау қажет. Жұқпа табылған жағдайда және әр кезеңдік емдеу қабылдаған кезде микро ағзалардың сезімталдығын анықтау қажет; - Менингокок жұқпасын қоздырушыны анықтау; - Іш өту (дифтерия). Іш өтуге қарсы егілген антитоксиндік іріткі аурудың шығуына байланысты алдын ала диагноз қою қажет, уақытында емделуді қамтамасыз ету керек; - Стрептококкоктың ішкі түрін ұқсастыру; - Қауіпсіздік көрсеткіші бойынша микробиологиялық талдау: ауыз су, ашық су қоймалары, жүзу хауыздары, топырақ, тағам өнімдері, балалар тамағы; - ЕПҰ ауаға аспирациондық және седиментациондық әдістерімен микробтардың себілу деңгейі; - «HI - LYTE» жылдам индикаторында шайынды, дайын тағам өнімдерінің жалпы бактериологиялық ластану бағасы; - Трансфузия үшін дәрі-дәрмек құралдары, хирургиялық және тігіс материалдары, шприцтер, жүйелердің зарарсыздануын бақылау; - Микробты ластану көрсеткішіне дәрі-дәрмек құралдары, дәрі жіберу ерітінділері, дәріханалық ыдыстарды зерттеу.
Алматы қаласы СЭСО бактериология зертханасы ҚР ГСС Мем.реестрде тіркелген, аккредитациялау аттестаты бар. Тағам өнімдеріне сертификат алу, Кедендік одақ бойынша тағам өнімдерінің Мемлекеттік тіркелуі, сонымен қатар санитариялық-гигиеналық қадағалау үшін жеке және заңды тұлғалардың арызы бойынша тағам өнімдеріне микробиологиялық талдау жүргізеді. Зерттеудің хаттамалары өнімнің түріне байланысты 3-10 күннен кейін беріледі. Зертханаға тағам өнімдерінің үлгілері тұтынатын ыдыста немесе зарарсызданған ыдыстарда герметикалық оралған түрінде жіберілуі қажет. Оралған тағам өнімдерінде келесі ақпараттар болуы тиіс: дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, өнімді сақтау шарттары, өнім құрамы, өнімнің жағдайы және өңделуі ( құрғақ, мұздатылған, жаңа т.б.). Ауыз суы эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз болуы тиіс. Эпидемиологиялық жағынан судың қауіпсіздігін микро ағзалардың жалпы саны мен ішек таяқшаларының бактериялық тобының санына байланысты анықтайды. Суға бактериология зертханасы жеке тұлға мен заңды тұлғалардың арыздары бойынша зерттеулер жүргізеді. Су сынамасын зертхана маманы сұрыптауы тиіс, сұрыптау кезінде зертхананың арнайы зарарсызданған ыдыстары қолданылу қажет. ПВФ-37 вакуумдық сүзгі аспабында су зерттеулерін жүргіземіз, зерттеу нәтижесі 24-48 сағаттан кейін беріледі. Бактериология зертханасы жұқпалы аурулардың алдын алу және диагноз қою мақсатында төмендегідей зерттеулерді жүргізеді: - Ішек топтарына (бак.егу) жататын жіті ішек ауруларының бактериалы негізгі қасиеті патогенді бактерия шақыратын ішек тұқымдас: сальмонелла, шигеллама, эшерихияма ауру түрлерін зерттейді; - Дисбактериозды микрофлора құрамының сапалық және сандық өзгеруі мен микро ағза түрлерінің өзара қатынасы арқылы зерттейді; - Биоматериалдар– мұрындағы сілемей, жұтқыншақ, аңқа, қақырық және кеңірдек тарамдарын (бронха) жуатын су, мойнақтық каналдан жағынды алу, құлақтан алынған жағынды, көз, жарадан ажырататын микро ағзаларды анықтау. - Бөлінген микрофлораның антибиотиктерге сезімталдығын анықтау; - Менингококк жұқпасын, дифтерия, стафилококк, көкжөтел қоздырушыларды анықтау; Талдау нәтижесі 2-5 күннен кейін беріледі.
Бактериологиялық бөлімнің міндеттері - зерттеу сапасын жақсарту және біліктілеу; - функционалдық диагностика дәрігерлерінің штаттарын жинақтау; - жылдың алдын ала тексерулерді белсенді және сапалы жүргізу; - зерттеудің жаңа тәсілдерін енгізу (микробиологиялық анализаторда); - жүргізілетін зерттеу тәсілін кеңейту; - мамандар құрамының санаттарын көтеру (4 тоқсанда сағат алуға клиникалық зертханашы Дюсембекова Ш. К.); - маман болмаған жағдайда ауыстыру үшін екінші маман дайындау; - аспаптар мен шығын материалдарға ұқыпты қару бойынша сабақ және нұсқаулар жүргізу; - лездемеде медицинанық өзекті мәселелері бойыеша дәрігерлердің баяндамаларын тыңдау; - медициналық университеттің ғылыми жұмыстарына қатысу; - бөлімнің ең жақсы қызметкері атағына байқау ұйымдастыру; - ұжымдық мерекелік іс-шара жүргізу; - қызметкерлердің біліктілігін арттырып отыру.
