- •§ 3. Ерте орта ғасырлардағы Корея
- •§ 4. Ерте орта ғасырлардағы Индонезия
- •§ 5. Ерте орта ғасырлардағы Вьет мемлекеті
- •§ 7. Ерте орта ғасырлардағы Закавказье
- •§ 8. Ерте орта ғасырларда Индияда феодалдық
- •§ 9. Араб халифатындағы феодалдық
- •§ 12. Дамыған орта ғасырлардағы Жапония
- •§ 17. Дамыған орта ғасырлардағы
- •§ 22. Х―хv ғасырлардағы тропикалық Африка
- •§ 23. Кейінгі Орта ғасырлардағы Қытай
- •§ 25. Кейінгі Орта ғасырлардағы Корея
- •§ 28. Кейінгі орта ғасырлардағы Монғолия
- •§ 30. Кейінгі орта ғасырлардағы Орта Азия
- •§ 31. Индия Ұлы Моғолдар билігі кезінде
- •§ 33. Кейінгі орта ғасырлардағы араб елдері
§ 23. Кейінгі Орта ғасырлардағы Қытай
1. XVI ғ.―XVII ғ. бірінші жартысындағы Қытайдың ауыл
шаруашылығы.
2. Капиталистік қатынастардың қалыптаса бастауы.
3. Еуропалықтардың Қытайға енуі.
4. 1639―1646 жылдардағы шаруалар соғысы. Манчжурлар
билігінің орнауы.
5. XVI―XVII ғасырлардағы Қытай мəдениеті.
XV ғасырдың басында Қытай экономикасы мен мəдениеті
гүлдену кезеңін бастан кешірді. Бірақ осы ғасырдың аяғында елде
көтерілістер, бүліктер, қырқыстар орын алды. Бұл феодалдық
құрылыстың ыдырай бастауының белгісі еді.
Бұрын игерілмеген жердің есебінен егістік көлемі ұлғая
түсті. Еңбек құрал-жабдықтары қарапайым күйінде қала берді.
Бірақ шаруалардың еңбекқорлығы мен шеберлігінің есебінен
еңбек өнімділігі арта түсті. Еңбек құрал-жабдықтарының қара-пайымдылығы жердің құнарлығын сақтауға, соның арқасында
түсімін арттыруға жағдай жасады. Қытай шаруалары дəнді
дақылдар, бұршақ, шай егіп, жеміс-жидек, май жəне бағалы ағаштар
өсірді. Мақта егістігі де кең қанат жая бастады. Тауар ― ақша
қатынастары жетіле бастаған XV―XVII ғасырларда шаруалар жер
иеліктерінен айырылып, тез кедейлене түсті. Олар өз жерлерін түгел
немесе жартылай, ашық немесе жасырын сатуға мəжбүр болды.
Мұның басты себебі өсімқорларға қарызданып қалу немесе салықты
уақтылы төлей алмау еді.
Шаруалардың қарыздануының өсе түсуіне əкімдердің па-рақорлығы мен əртүрлі қулық-сұмдықтары да себеп болды. Жерге
жаңа помещиктер, өсімқорлар мен көпестер, ауыл əкімдері ие бола
бастады. Феодалдар, олардың ішінде император үйінің мүшелері
мүмкін болған жерлердің бəрін басып алып жатты. Бұл жолда олар
императорларға жарлықтар да шығартты, күш қолданды, алдап
244 245
арбады. Тек бос жатқан жерлерді ғана емес, əлсіз жеке меншік
иелерінің жерін де, мемлекеттің жерін де өз иеліктеріне айналдыра
бастады.
1456 жылы Миндік императорлардың өздері мемлекеттік жерді
өз поместьелеріне айналдыра бастады. XVI ғасырдың аяғына
қарай астаналық облыс маңында көлемі 1280 мың му болатын бес
поместье пайда болды. XVII ғасырдың басына қарай императорлар
поместьелерінің саны 300-ге жетті. 1489 жылғы есеп бойынша
императорлар əулетіне кірмейтін 332 феодалдық жер иеліктерінің
көлемі 3300 мың муға жетті. Помещиктерден алған жерлері үшін
шаруалар азық-түлікпен де, ақшамен де, өз еңбектерімен де есептесіп
отырды. Сонымен қатар шаруалар үкіметке жылына екі рет салық
төлеп тұрды. Ол салықты ақшамен, азық-түлікпен, өнеркəсіп
өнімімен де, мерзімді еңбекпен де өтеді. XVI ғасырдың аяғында
салықтар жүйеге келтірілді, енді міндетті еңбек салығы ақшалай
салықпен ауыстырылды. Мемлекеттік салықтың құрамы деревняға
тауар ақша қатынасының ене бастағанын, шаруалардың айырбасқа
араласа бастағанын көрсетеді.
Қазынаға төленетін ақшалай салық күміспен есептелетін.
Шаруалардың мұндай күміс теңгесі болмағандықтан мыс жəне
темір теңгемен есептесетін. Теңгенің бір түрін оның екінші түріне
есептегенде қазына қызметкері шаруаларды алдау арқылы көп
пайда табатын. Мемлекет меншігіндегі жерді иеленуші шаруа
феодал жеріндегі шаруадан салықты артық төледі. Көп жерлер
жеке адамдардың меншігіне көшкенде, бірақ ол жер əлі мемлекет
қарамағында деп есептелсе, шаруалар əрі помещикке, əрі үкіметке
салық төлеп тұрды.
Шаруа шаруашылығының кедейлігі оны табиғи апатқа қарсы
күресте дəрменсіз етті. Сондықтан егін шықпай қалушылық,
ашаршылық жиі болып тұрды. Адамдар өсімдіктердің тамырын,
ағаштардың қабығын жеген кездері болып тұратын дейді
тарихшылар. Бір шаруаның құлдырауы қалған көрші шаруаларға
да зиянын тигізетін. Мұндай қиыншылықтар XV―XVI ғасырларда
шаруалар көтерілістерін жиілетті. Бұл көтерілістер, бүліктер мен
қырқысулар ауылдық жерде феодалдық қатынастардың ыдырай
бастауының белгісі еді.
Қолөнерінің ауыл шаруашылығынан бөлініп шығуы оның енді
қалалық жерде шоғырлануына əкелді. Үлкенді-кішілі қалалар Қы-тайдың барлық провинцияларында жеткілікті болды. Мысалы, XVI
ғасырда Юньнанда 90 ірі, 130 майда қала болса, Цзянсиде 37 ірі,
XV―XVII ғғ. Қытай.
1. Мин империясының аумағы; 2. Ұлы Қытай қабырғасы; 3. Қолөнері мен
мануфактуралық өндірістің маңызды орталықтары;
4. 1628―1645 жж. шаруалар соғысы қамтыған аудандар;
5. Моңғолдардың əскери жорықтары; 6. манчжурлардың 1644 ж. дейінгі
жорықтары; 7. Жапон шапқыншылықтары; 8. Чжэн Хэ саяхаттары;
9. Еуропалықтардың Қытайға бірінші рет келіп жетуі.
246 247
190 майда, Шаньсиде 174 қала болды. Жеке шаруалар үйіндегі
өнеркəсіппен, цехтық қолөнерімен жəне қазыналық өнеркəсіппен
қатар орталық жəне оңтүстік-шығыс Қытайда мануфактуралық
өндіріс пайда болды. Қытай шеберлері жіп иіретін үлкен де күрделі
станоктар ойлап тапты, қорыту пештерін жетілдірді, зеңбіректер
мен мылтықтар жасауды меңгерді. Сарай газетін шығарып тұрды.
Үлкен де мықты кемелер жасады, олардың мачталарын өте шыдам-ды затпен аптады.
Қалаларда үлкен сарайлар мен храмдар соғылды, тас
көпірлер салынып, ұлы Қытай қабырғасын нығайту жүргізілді.
Тоқымашы суретшілер сурет мата-кестерді ойлап тапты. Фар-фор бұйымдарының сапасы жетілдірілді. Қытай шеберлері əдемі
төсек-орындар жасауды меңгерді. Қант қайнататын, шəй өңдей-тін, тəтті тағамдарын жасайтын шеберханалар ашылды. Тастан,
ағаштан, сүйектен əшекей бұйымдар жасау онан əрі дамыды. Қала
өнеркəсібінің дамуына мануфактуралардың ашылуы ықпал етті.
Мануфактуралар негізінен ішкі рынокты қамтамасыз етті: біраз
өнімін сыртқа да шығарып тұрды. Мануфактураларда таңдамалы
шеберлер мен жұмысшылар істеді. Мануфактуралар ең қажетті тау-арлар өндіріп, өндіріс тəсілдерін жетілдіре берді.
Еңбектің аумақтық бөлінуіне байланысты жеке қалалар, аудан-дар мен облыстар тауардың белгілі бір түріне ғана мамандана ба-стады. Мысалы: Ханьчжоу мен Сучжоу жібек маталар шығарып
тұрса, солтүстіктегі қалалар жүн матасын тоқуға маманданды.
Аньхуде тушь жасалды. Цзянси фарфор мен қағаз жасау орталығы
болды. Шаньси – пышақ, ал Фуцзянь-лак шығару орталықтары бол-ды. Жекеменшік мануфактураларға қарсы үлкен қазыналық ману-фактуралар тұрды. Қазыналық мануфактуралар негізінен фарфор,
қару-жарақ жəне жібек тоқу өндірісінде болды. Сауда да өз даму-ында айтарлықтай табысқа жетті. Көпестердің кемелері мен түйе
керуендері тауарларды ауыл-ауылға таратып сатты. Елдің түкпір-түкпірінен шығарылған тауарларды қабылдайтын 33 ресми ірі
жəрмеңкелік пункт болды. Пекин, Ханькоу, Ханьчжоу, Яньчжоу
сияқты қалаларда қандай тауар іздесең де табатынсың. Нанкинде
бүкіл бір флот сыйып кететін кемелер тұрағы /причал/ салынды.
Сыртқы сауданы Қытай Жоңғария, Қашқария, Сібір, Жапониямен
жасады. Бұл саудаға кейде мемлекеттік қазына да ат салысып
отырғанымен, негізінен көпестер өз қаражаттары арқылы жүргізді.
XV ғасырдың басында Сучжоуда 62 кемеден тұратын флотилия
дайындалды. Оған Қытай тауарлары, алтын тиеліп, 27800 жауынгер
отырғызылды. Бұл флотилия Чжэн Хэның басшылығымен Үнді-Қытай жағалауымен жүзіп отырып, Суматра мен Ява порттарына
жетті. Ол флотилия екі жылдан соң көп табыспен жəне тұтқынға
түскен патша Палембангамен оралды.
1408 жылы Чжэн Хэ тағы да Цейлон жаққа аттанды. Цейлонның
патшасы мен басқа да басшылары тұтқындалып, Қытайға тəуелділігін
мойындап, 1457 жылға дейін салық төлеп тұрды. Чжэн Хэ оңтүстік
теңізі елдеріне: Малаккаға, Бенгалияға, Персид шығанағы мен
Оңтүстік Аравияға, Шығыс Африкаға жеті əскери жорық жасады.
Жиырмаға жуық патшалық өзінің Қытайға тəуелділігін мойында-ды. Олар өз порттары мен рыноктарын Қытай көпестері үшін ашты.
Олардың қалаларында Қытай колониялары пайда бола бастады.
Ұшан-теңіз сауда байланыстарының, қолөнері мен ману-фактуралық өндірістің, ақша қатынасының дамуы қалалардың
көбейіп, байи түсуіне əкелді. Қолөнершілер мен шəкірттер, ұсақ
саудагерлер мен мануфактура жұмысшылары жалдамалы жұ-мысшылардың ең алғашқы тобы болды. Осылардың арасынан
болашақ пролетариат шықты. Əлеуметтік полюстің екінші жағын
қала байлары құрады. Оның құрамына бай көпестер мен қатар
өсімқорлар, мануфактура иелері, ірі шеберлер мен цех старшинала-ры, ғұлама ұстаздар кірді. Бұл құрам болашақ буржуазияның негізін
қалады.
Индияға баратын жол ашылғаннан кейін еуропалықтардың
Шығыс елдерімен қатынасы тез өсті. 1511 жылы португалдықтар
Малаккада /Сингапурдың Солтүстігі, Тайландтың оңтүстігі/ қоныс
тепті. Португалдықтардың Индиядағы губернаторы Албукерки
Қытай жағалауын зерттеп келуге Рафаэль Перестреллоны жіберді.
1516 жылы Кантонға Фердинанд Перес Андрада басқарған
Португалия кемелері келді. Елші Перес Пекинге барып орналасты.
Еуропалықтар Қытайдың үнді мұхитындағы бай колонияларын ба-сып алды. Малаккадан, тағы басқа оңтүстік теңізі жақтағы елден
келіп тұратын байлықтар енді Лиссабонға қарай ағылды. Жақында
ғана Қытайлықтар үстемдік жүргізген порттарда енді еуропалықтар
кемелері орналасып алды. Еуропалық көпестер мен теңізшілер
Қытай көпестерін қырып, жергілікті халықты тонай бастады.
Енді Қытай үкіметі еуропалықтардың Қытайға қоныс-тануына,
сауда жасауына тыйым салды. 1521 жылы елші Перес Нанкиннен
қуылды. Шет елдер кемелерінің Макаодан басқа Қытай портта-рына кіруіне тыйым салынды. Алдымен португалдықтар, сонан
соң испандықтар бұл бұйрыққа бағынғысы келмей, баса көктеп
248 249
кіргенде шайқастар болып, онда қытайлықтар жеңіп отырды.
1574 жылы испандықтар Филиппиныдан қуылды, голландықтардың
Тайваньды басып алу əрекетінен түк шықпады. 1596 жылы
ағылшын кемелерінің Қытай жағалауларына тоқтауына рұқсат
берілмеді. Еуропалықтармен саудаға өте шектеулі мөлшерде ғана
рұқсат берілді. Шетелдіктер Қытайдан жібек пен зергерлік əшекей
бұйымдарын алып, өздері қару-жарақ, темекі əкеліп отырды.
Қытайға миссионер — иезуиттердің енуіне мүмкіндік болды.
Матео Риччи деген иезуит өзінің сағат жасау шеберлігімен Мин
сарайының назарына ілігіп, 1601 жылы Пекинге келіп орналасуға
рұқсат алды. Риччиден кейін келген миссионерлер де өздерін астро-ном, механик, артиллерист деп жариялап, Қытайда тұру құқығын
алуға тырысты. Мин сарайын олар өздерінің оқ-дəрімен атылатын
қару-жарақты жақсы білетіндігімен қызықтырды. Миссионерлер
Қытайда отарлар басып алуға дайын-дықтың бастамасы болды.
ХVІ ғасырда Кытайдың Ресеймен қатынасы орнай бастады.
Бурнаш Ялычев мырза мен атаман Иван Петров бастаған елшілікті
IV Иван 1558 ж. Қытайға жіберген болатын. Олар Пекинге жеткен де-ген мəлімет бар. Екінші елшілік 1567 ж. Батыс Қытайға жіберілді.
ХVІ ғасырда Қытай өз шекарасында қорғаныс шайқастарын
жүргізді. 1529, 1550, 1563 жылдары моңғол феодалдары Қытайға
бірнеше басқыншы шабуылдар жасады. 1550 жылы моңғолдар
астанаға дейін жетіп, қытайлықтарды қырып, жойды, тұтқынға
алып кетті. Тек өте көп халық жасақшыларының арқасында
басқыншылар Қытайды жаулап ала алмады. 1549 жылы Чжецзян
жағалауында Қытайға жапондықтар шабуыл жасады, ал 1555 жылы
олардың кемелері Янцзы өзенінен өтіп, Нанкин, Тайпин жəне басқа
қалаларға қауіп төндірді. 60- жылдардағы ауыр шайқастардан соң
Жапон флоты мен əскері талқандалып, Қытай жағалаулары Жапон
қарақшыларынан тазартылды.
1592 жылы 140 мындық Жапон əскері Кореяға басып кіргенде
Қытай өз вассалына көмекке көп əскер жіберді. Елді ұзаққа созылған
Қытайдың вассалы болып есептелетін Манчжурлармен соғыс
қатты күйзелтті. Манчжурлар негізінен мал шаруашылығымен,
аңшылықпен айналысатын, егіншілік-пен, қолөнермен жəне сауда-мен тиіп қашты айналысатын. 1609 жылдан Манчжур елінің бас-шысы Нұрғазы Мин императорына салық төлеуден бас тартып, 1618
жылы оған соғыс жариялады. Нұрғазының қолы Қытай əскеріне
соққы бере отырып, оның бірнеше қамалдарын басып алды.
Нұрғазының мирасқоры Абықай /1626—1643/ Қытаймен соғысты
жалғастырды. 1636 жылы ол өзін Хуанди /император/ деп жария- Фарфордан жасалған пагода. 1412 ж.
250 251
лады. Өз əулетінің атын Цин /«светлая»/ деп өзгертті. Осы əулет
кейін бүкіл Қытайды басып алып, 1911 жылға дейін билігін орна-тады. Кейінгі жылдары Манчжурлар ішкі Моңғолияны, Кореяны
толық басып алғаннан кейін /1637/ Қытайдың Чжили /қазіргі Хэбэй/,
Шаньдун, Хэнань тағы басқа провинцияларын басып алып, талан-таражға салды.
Қытай халқының манчжурлықтарға қарсылығы үкіметтің тара-пынан жеткілікті қолдау таппады. Қытай əскербасылары көбінесе
қорқақтық, ынжықтық, сатқындық танытты. Бұл сəтсіздіктер
Қытайдың экономикалық жəне саяси жағдайын шиеленістірді.
Осындай саяси жағдайдың шиеленісуінің барысында Дунлинь
ұйымы құрылды. Ол феодалдық тəртіпке қарсы құрылған ұйым бол-ды. Ол ұйымның негізін ірі əкім /чиновник/, əрі ғұлама оқымысты
Гу Сянь-Чэн қалады. Ол сарай евнухтарының құпия қастандығынан
кейін қызметінен босатылып, туған еліне қайтқан еді. Сондағы
«Дунлинь шуюань» академиясында дəріс оқыды. Өз дəрістерінде
сол кездегі өкімет билігінің кемшіліктерін сынады. Оның айналасы-на жақтас-тілектестері топтасып, «дунлиньдіктер» деп аталып кетті.
Олар сауда мен қолөнеріне еркіндікті кеңінен беруді, феодалдық
қанауды жеңілдетуді, парақорлықпен күресті күшейтуді, əскердегі
тəртіпті жақсартуды, шекараны қорғауды күшейтуді, тағы басқа
шараларды талап етті. Бұл ұйым үкімет тарапынан қуғынға ұшырап
отырды.
Феодалдарға, олар орнатқан тəртіпке, сондай-ақ əскердегі
көтерілістер де қауіп төндіріп тұрды. Шаруалар мен қала халықтары
да үкіметке қарсы құпия ұйымдарға бірігіп жатты. Моңғолдар
үстемдігіне қарсы күресте маңызды рөл атқарған «Ақ лотос» деген
құпия ұйым қайтадан өз қызметін жалғастырды. Оның қатары тез
өсе бастады. Сол ұйымның басшылығымен 1622 жылы Шаньдуньде
үлкен көтеріліс болды. Бірақ үкімет бұл көтерілісті басып тастады.
1625—1627 жылдары Шэньси провинциясында үлкен толқулар
болды. 1628 жылы бұл толқулар кең өріс алды. Көтерілісшілер
кішігірім қалаларды басып алып, жергілікті үкіметтің кейбір
мүшелерін өлтірді, олардың үйлерін тонап, түрмеден тұтқындарды
босатты. Тауда жиналып, көтерілісшілер 10 отряд құрды, басшы-ларын сайлады. Шэньсидің оңтүстігінде көтерілісшілер Ханьчжун
қаласына жақын келді: осы провинцияның солтүстігі мен баты-сында көтерілісшілер біраз жерлерді басып алып, өз биліктерін
орнатты. 1629 жылдың аяғына қарай көтерілісшілер отрядтары
Шэньси-Ганьсу провинциясын толығымен өз бақылауында ұстады.
Көтерілісшілер отрядтарының кейбір жас басшылары, мысалы,
Ли Цзычен, Чжон Сяньчжун кейін кеңінен танымал болды. Пекин
үкіметінің Шэньсиге жіберген əскері көтерілісшілерді бірте-бірте
ығыстыра берді.
1631 жылы 36 көтерілісшілер отрядтары бірікті. Оның қолбас-шысы Ван Цзыюн болды. Ол кеңес мүшелерімен ақылдасып отыр-ды. Келесі жылдың көктемінде көтерілісшілер Хуанхэ өзенінен өтіп,
астанаға қарай жорық бастады. Шаруалар отрядтарының қатары
күннен-күнге өсе түсті. Олар провинциялық əскерлерге соққы
бере отырып, кішігірім уездік қалаларды басып алды, үстем таптар
өкілдерін қырды. Шаруалар отрядтары оқпен атылатын қаруы бар
күшті əскермен шайқаста жеңіліске ұшырай бастады. Көптеген бас-шыларынан, оның ішінде Ван Цзюннен де айрылды.
1633 жылдың қысында қатары өте қатты сирей бастаған шаруалар
отрядтары Хуанхэ өзенінен кері қайтып, оңтүстікке қарай шегінуге
мəжбүр болды. Хэнань, Хубей, Сычуан провинцияларының шару-алары көтерілісшілерді қуана қарсы алып, оларды азық-түлікпен
қамтамасыз етіп отырды, олардың қатарына кірді. Янцзы жағасына
жеткен соң көтерілісшілер отрядтары қайтадан солтүстікке қарай,
Шэньсиге беттеді. Енді отрядтар бөлек əрекет жасады, əр отряд
өз еркімен, өз мүмкіндігінше соғысты. Тек бір рет қана қосылып,
бірлесуге əрекет жасады.
1635 жылы Хэнань провинциясында 72 отряд басшылары Ли
Цзычэн ұсынған бірлесе қимылдау жоспарын қабылдады. Бірақ от-рядтар көп ұзамай қайтадан ыдырап кетті. Біреулері Хэнаньда, енді
біреулері Шэньсиде əрекет етті. Чжан Сяньчжун басқарған отряд
Янцзы өзенінің алқабымен үлкен жорық жасады. Қайсыбір кездер-де көтерілісшілер отрядтары үлкен үкімет əскерін де жеңіп отыр-ды. Бірақ көтерілісшілер өз жеңістерін дұрыс пайдалана алмады.
Кішігірім қалаларды басып алған соң онда берік базасын құрмай,
əрмен қарай жылжи берді. Көтерілісшілер отрядтары кеткен соң ол
қалалар қайтадан үкімет жағына шығып кетіп отырды.
Көтерілісшілер басып алған жерлерде халыққа барлық
қарыздарынан, салық төлеуден құтқарамыз деп уəде берді. Бірақ
өздері халықтан азық-түлік, қару-жарақ пен киім-кешек үшін
қаржы жинап алып отырды. 1636 жылғы маусымда император
барлық көтерілісшілерге кешірім жасайтындығы, өз жерлеріне
қайтқан шаруаларға, үкімет əскеріне қайтып оралған солдаттарға
көмек көрсету жөніндегі жарлығын жариялады. Көтерілісшілер
отрядтарының басшыларына офицер атағын бермек болды. Кейбір
салықтар мен қарыздар жойылды. Сөйтіп, көтеріліс басылды.
252 253
Бірақ үкімет уəдесін толық орындай алмады. Елдің эко-номикалық жағдайы нашар болды. Ашаршылық болып, халық
қырыла бастады. Осындай қиыншылықтар 1639 жылы қайтадан
шаруалар көтерілісінің басталуына себеп болды. Көтерілісшілер
арасына бұрынғы басшылары Чжан Сяньчжун, Ли Цзычэн, тағы
басқалары қайтып оралды. 1640 жылы Ли Цзычэн басқарған от-ряд Хэнаньге жорық жасап, 50 шақты қаланы басып алды. Хэнань
қаласы императордың ағайыны Фудың резиденциясы болатын. Ол
империядағы ең бай адам еді. Көтерілісшілер оны өлтіріп, байлығын
талан-таражға салды.
Көтерілісшілер өте күшті қала-қамал Кайфынды үш рет қоршап,
ақыры ала алмады. 1642 жылы көтерілісшілер отрядтары бірікті.
Оның қолбасшысы болып Ли Цзычэн сайланды. Қатаң тəртіп ор-натылды. Отряд жауынгерлері тұрақты əскердегідей артық бұйым
ұстамай, палаткада тұрып, соғыстан бос уақытында жаттығумен
айналысатын болды. Чжан Сяньчжун ғана бөлініп кетті. Ол
Хунаньдағы Чаншаға жорық жасады, кейін Сычуанға кірді. 1643
жылдың аяғында Ли Цзычэнь бастаған көтерілісшілер Шэньсиге
кіріп, Сиань қаласын басып алды. 1644 ж. ақпанда ол өзін император
деп жариялады. Қыста оның əскері Пекинге аттанды. Округтер мен
уездердің шаруалары оның əскерінің қатарын толықтырып отыр-ды. Қамалдар қақпаларын ашты. Көптеген қалалардың тұрғындары
көтерілісшілерді «Чуан ваны /Ли Цзычэн/ келіп бізді салықтан
құтқарды...» деген өлеңмен қуана қарсы алып отырды.
Астана айтарлықтай қарсылық көрсете алмай, берілді. Император
өзін-өзі өлтірді. 1644 жылғы 25 сəуірде көтерілісшілер Пекиннің
«Ішкі қаласын», яғни ең маңызды үкімет органдары орналасқан
мекемелерді басып алды. Көтерілісшілер барлық бай, бақуатты
адамдарды /феодалдарды, князьдарды, əкімдер мен үкімет əскерінің
басшыларын/қырды. Басып алған жерлерінде көтерілісшілер
барлық қазына байлығын талан-таражға салды, халықты өкіметтің
бұрынғы салықтарынан уақытша босатты. Сөйтіп, халықты көз
бояушылықпен өз жағына тартып алуға тырысты. Астананы басып
алып, үкімет басшыларын қамап, көбін өлім жазасына кесті.
Байларға контрибуция /зорлық, күштеп салынатын салық/
төлеткізді. Кейбір қызметкерлерді қызметтеріне қайта алуға
бүлікшілер мəжбүр болды. Көтерілісшілер өз өкіметін құрды.
Өкіметке тек өздерінің тілін алып, тілектестігін білдіретін адам-дарды тағайындады. Бүлікшілер көсемдерінің əлеуметтік құрамы
бірдей емес еді. Олардың ішінде бақуатты отбасынан шыққандар да
болды.
Феодалдар елдің солтүстік-шығысында күш жинай бастады.
Ондағы ұлы Қытай қабырғасында маньчжурларға қарсы У Саньгуй
басқарған күшті үкімет əскері тұрған еді. Бүлікшілер У Саньгуймен
келіссөз жүргізді. Ол қарақшыларды қолдаудан бас тартты. Осы
кезде Ли Цзычен мен Лю Цзунмын бастаған бүлікшілердің жақсы
қаруланған əскері солтүстіккке қарай жорыққа аттанды. У Саньгуй
манчжур князьдарынан көмек сұрады. Бірнеше рет жіберілген
елшіліктен кейін манчжурлықтар көмекке келді.
Олардың біріккен күштері бүлікшілердің тас-талқанын шығарды.
Ли Цзычэн Пекинге қарай шегінді. Бірақ тез арада ол қаладан да
қуылды. Жеңіске жеткен біріккен Қытай-манчжур əскерлері 1644
жылғы 6 маусымда Пекинге келіп кіріп, жас манчжур мұрагерін им-ператор деп жариялады. Осы маньчжур үрім-бұтағы Цин деген ат-пен Қытайда 1911 жылға дейін билік құрды. Шаруалар əскері астана-дан шығып, батысқа қарай бет алды. У Саньгуй басқарған əскермен
көтерілісшілер бірнеше рет шайқасты, бірақ шамасы келмей, шегіне
беруге мəжбүр болды. Шаруалар көтерілісшілерді қолдай беру əбиір
əпермейтінін түсініп, оларды қолдаудан бас тарта бастады.
Көтерілісшілер лагеріндегі қолбасшылар арасында алауыз-дықтар туып, олардың қатары күннен-күнге ыдырай берді. Ли
Цзычэн басқарған көтерілісшілердің бір тобы Сианьде орналасып
алып, өз қолбасшысын император деп есептесе, көрші Сычуань
провинцясындағы көтерілісшілер Чжан Сяньчжунді Батыстың
патшасы деп жариялады. Екі көсем ортақ жауға қарсы бірікпеді.
1645 жылы көтерілісшілер Сиань, Шаньси провинцияларын та-стап, алдымен Хэнаньге, кейін — Хугуанға шегінуге мəжбүр бол-ды. Олар Янцзы өзенінен өтіп, онан əрі оңтүстікке бет алды. Хубэй
провинциясында Ли Цзычэн қаза тапты. 1646 жылы Сычуаньда
манчжурлықтармен шайқаста Чжан Сяньчжун да қаза тапты. Оның
орнын басқан Ли Динго манчжурлықтармен соғысты онан əрі
жалғастырды.
Ақыры шаруалар көтерілісі толық жеңіліп, басылды. Ол дегенмен
шаруалардың біраз жеңілдіктер жеңіп алуына мүмкіндік жасады.
Мəдениеттің дамуы. Өнеркəсіптің дамуы, мануфактураның
құрылуы, техникалық жетістіктер, сондай-ақ алыс елдерге жүзу
арқасында дамыған сыртқы жəне ішкі сауданың нығаюы — осының
бəрі Қытай жұртшылығының ғылым-білімге құштарлығын арт-тырып, мəдениет пен өнердің дамуына ықпал етті. Сонымен қатар
Қытайда ескі білім беру жүйесі, ресми чжусиандық идеология,
ортағасырлық мистика мен схоластика үстемдік құрып қала берді.
254 255
ХV ғасырдың басында Қытай ғұламалары бұрынғы атам за-маннан бері жинақталған білім жүйесін қамтитын көлемі жағынан
алып энциклопедия жасады. Ол астрономия, медицина, мате-матика, биология, тарих, философия, дін, ауылшаруашылығы
жөніндегі шығармалардан құрылды. Ол император Юнлэ тұсында
жасалғандықтан «Юнлэ да дянь» деп аталды. ХVІ жəне ХVII
ғасырларда бірнеше салада сөздіктер /словари/, оның ішінде
ауылшаруашылық энциклопедиясы жасалды. Медицина саласында
біраз табыстарға қол жетті. Əсіресе Ли Шичженьнің фармакология
мəселелеріне арналған «Бэн цао ганму» деген еңбегі кеңінен таны-мал болды. Ли Шичжень бұрыннан белгілі өсімдіктермен олардың
шипалы қасиеті жөніндегі толып жатқан мəліметтерді жинап, рет-ке келтіріп жазып, медициналық білімнің дамуына зор үлес қосты.
Чжан Чжунцзин деген оқымысты сүзек емдеу жөнінде зерттеу жаз-ды.
Географиялық мəліметтер мен Қытайдың толық, дəлме-дəл кар-тасы пайда болды. Тарихшылар тарихи шығармаларды онан əрі
жалғастырып, байыта түсті. Жаңа типті тарихи материалдар — ме-муарлар өмірге келді. Оңтүстік-батыс Қытай халықтары мен тайпа-ларына арналған тарихи шығармалар көбейді. Кейбір шығармаларда
ресми ғылым мен идеологияны сынау кездесе бастады. Ол сын
қарама-қарсы тұрғыдан жасалды. Көрнекті ортағасырлық философ
Ван Янмин /1472—1528/ адамның ой-өрісі, қоршаған өмір жайлы
пікірі өзіне, оның туғандағы ақыл-ойының мөлшеріне байланысты
болады деп, конфуциандық шындыққа күмəн келтірді. Ван Янминнің
көптеген жақтастары болды. Оның ішінде ресми идеологияның
Ли Чжи /1527—1602/ сияқты батыл сыншылары бар еді. Оны сын-шыл көзқарасы үшін үкімет жиі-жиі қудалауға салды. Чжусиандық
конфуцишілдікті, идеалистер мен мистиктерді материалистер өткір
сынға алды. Олардың өкілі Хуан Цзунси /1610—1696/ үнемі өзгеріске
ұшырап отыратын дүниенің негізінде материалдық субстанция жа-тады деп санады.
Көрнекті философ-материалистердің бірі Ван Чуаньшань /1619—
1692/ болды. Ол материяның мəңгілігі, дене мен қозғалыстың бірлігі
туралы теорияны жасады, ол табиғат қозғалыста байқалады деп
санады. Ван Чуаньшань, Хуан Цзунси жəне басқалары жалынды
патриоттар жəне антифеодалдық қозғалыстың белсенді мүшелері
болды. Олар басты мəселені-жерді шаруаларға беру арқылы шешуді
ұсынды.
Өз заманының озық ойлы азаматтарының бірі — əрі тарихшы,
əрі əдебиетші, əрі социолог Гу Яньу /1613—1682/ болды. Кейін ол өз
өмірін манчжур басқыншыларымен күреске арнады. ХІV ғасырда
көркем əдебиетте орын алған жана жанрлар онан əрі дами түсті. Тан
Сяньцзудың «Пионовая беседка» пьесасы, “Цзинь Пин Мэй” романы
сияқты көптеген драмалық шығармаларында феодалдық қоғамдағы
келеңсіз көріністерге қарсы наразылық білдірді.
Осы кезде алыстағы оңтүстік елдеріне саяхат, таулар мен шөл
далалардағы шытырман уақиғалар жайлы драмалар мен романдар жа-зылды. ХVI ғасырда будда монахы Сюаньның VII ғасырда Орта Азия
мен Индияға жасаған саяхатын əсерлеп бейнелеген “Батысқа саяхат”
деген атақты романы жазылды. Бейнелеу өнері де онан əрі жетіліп,
дами түсті. Қызықты əдеби шығармалар оның желісіне сай суреттермен
безендіріліп отырды. Фарфор өңдеу, одан əсем əшекей бұйымдар жасау
да күннен-күнге жетіле берді. Оған дəлел XVI ғасырда фарфордан
жасалған «Будда» жəне «Бодистава Гуаньинь» мүсіндері.
Ə д е б и е т т е р:
1. Васильев Л. С. История Востока: В 2 т. Т. 1.— М.: Высшая
школа, 1998.— 381—395 бб.
2. История Востока. Т. III. Восток на рубеже средневековья и
нового времени. XVI—XVIII вв.— М.: Восточная литература РАН,
1999.— 268—301 бб.
3. Крюков М. В., Малявин В. В., Софронов М. В. Этническая
история китайцев на рубеже средневековья и нового времени.— М.,
1987.
4. Кычанов Е. И. Кочевые государства от гуннов до маньчжуров.—
М., 1997.
§ 24. ХV—ХVІІ ғасырдың бірінші
жартысындағы Жапония
1. Экономикалық жағдайы.
2. Еуропалықтардың Жапонияға енуі.
3. Жапонияны біріктіру үшін күрес.
4. ХVІІ ғасырдағы Токугава режимі. «Жабық есік» саясаты.
5. Капиталистік қатынастардың қалыптаса бастауы.
6. Кейінгі орта ғасырлардағы Жапон мəдениеті.
ХV ғасырдың ІІ-жартысында қалалар тез қарқынмен дами түсті.
Олардағы қолөнері мен сауда жедел дамыды. Ескі қалалар өсе түсті,
256 257
жаңа қалалар пайда болды. Жапон көпестері өз тауарларын Тайвань
мен Филиппиніге, Үндіқытай жағалауына апарып жүрді. Онда ХV
ғасырдың аяғында Жапон сауда факторийлері мен елді мекендері
орын тепті. Бұл кезде жапондықтардың географиялық мəліметтері
кеңейіп, кеме жасау ісі дамыды, суда жүзу өнерін, тау-кен ісін, алтын,
күміс, мыс өндіруді жетілдіре түсті. Өндірістің бұл салаларының
дамуы сыртқы жəне ішкі саясатқа байланысты болды.
Ірі феодалдарға көп қару-жарақ керек болды, соғыстар мен
феодалдардың баюға ұмтылуы алтын мен күмістің көптеп
өндірілуін қажет етті. Жапондықтар мысты Қытайға тасыды. Ол
жақтан мыс тиындар алып отырды. Өз тиындарын жапондықтар
тек ХVІ ғасырдың соңынан шығара бастады. Қытайға мыстан
басқа семсер, желдеткіш, кермелер апарып тұрды. Еуропалықтарды
бəрінен бұрын жапондықтардың алтыны мен күмісі қызықтырды.
Сыртқы сауданың дамуы кеме жасауды ұлғайтты.
Елдің экономикалық дамуы жедел қарқынмен жүріп жатты.
Бірақ бұл даму біржақты болды. Олай дейтін себебіміз өнеркəсіпке
қарағанда ауыл шаруашылығы өте баяу дамыды, ал халық тұтынатын
тауарлар өндіру тау-кен өндірісінен, қару-жарақ жасаудан əлдеқайда
артта қалды. Өндірістің кейбір салаларын ірі феодалдар-даймелер өз
қол астына алып алды. Тау-кен рудниктері, кеме жасау, қару-жарақ
өндірісі солардың қолында болды.
Сыртқы саудадағы сияқты, бұл істерге даймелер көпестерді де
араластырды. Кейбір қалаларда /феодалдарға бағыныштылығы
шамалы/ қару-жарақ жасау, мата тоқу өндірістерін өздері
ұйымдастырды. Теңіз арқылы алыстағы елдермен саудадан көп
табыс тауып отырды. Мысалы, Комигая Содзин деген көпес ХVІ
ғасырдың екінші жартысында Кореямен, Қытаймен, Сиаммен,
Люсонмен /Филиппин/ сауда жасады. Ол өз отаны Кюсю аралында
бояу шығаруды кеңінен жолға қойды, атақты «Хаката» матасын
шығаруды қолға алды. Хонсю аралының оңтүстігіндегі күміс
руднигін іске қосты, құрылыспен де айналысты. Накояда диктатор
Хидэесидің лагерін салды. Хидэесидің іс жүзіндегі банкирі ретінде
сол кездегі саяси өмірге белсене араласты.
Симай Сосицу деген тағы бір ірі көпестің Кореяда, Люсонда /
Филиппин/, Сиамда сауда агенттері болды. Шексіз байлық иесі
бола тұрып, ол іс жүзінде Кюсю аралының даймелерін өз қолында
ұстады. 1592 жылы ол Хидэесидің Корея мен Қытайға жорығын
дайындауға белсене араласты.
Жапондық қарақшы кемелер ХVІ ғасырда Қытайға шабуылдарын
қайталады. 1523ж. олар ірі портты Қытай қаласы Нинбоны талан-таржға салып, өртеді. 1555 ж. жапон кемелері Янцызы өзенімен
Нанкинге дейін жетті. Тек 60- жылдары ғана олар талқандалды.
Жапондықтар Қытаймен 1593 жəне 1597 жж. соғысып, жеңіліс
тапты.
ХVІ ғасыр ортасында Жапонияның еуропалықтармен сауда
қатынасы орнады. 1543 ж. Жапонияға португалдықтар келсе, 1580
ж. испандықтар келіп жетті. Еуропа көпестері, қарақшылары мен
миссионерлері Жапонияға Қытай мен Индиядан, Үнді қытайдан
негізінен жібек маталарын, т.б. бұйымдар əкеліп тұрды.
Сондай-ақ Еуропада жасалған қару-жарақтар көптеп сатыла
бастады. Көп кешікпей ондай қаруды Жапония өзі шығара бастады.
Жапониядан еуропалықтар алтын, күміс жəне еркінен айырылған
адамдарды алып келіп отырды. Өзара соғыстарда қолға түскен
тұтқындарын жапон феодалдары да сатып отырды. Оқпен атылатын
қару-жарақ енді жетік меңгерген маман-жауынгерлерді қажет етті.
Князьдар енді тек самурайлардан ғана құрылған қарулы
күштермен қанағаттанбай, шаруалар отрядтарын да қаруландыра
бастады. Жаңа замоктар саяси-əкімшілік орталықтарына, олардың
төңірегі нағыз қалаға айнала бастады. Өз замоктарында даймелер
самурайлардың басым көпшілігін ұстады. Оларға шаруалардан
жинап алынатын натуралдық рентаның есебінен күріштен паек
беріп отырды.
Португалдық, кейін — испандық көпестермен бірге келе бастаған
иезуиттер Жапонияда католик дінін уағыздады. Алғаш бұл уағыз
табысты болды: Кюсю аралының даймелері иезуиттерді қабылдап,
уағыздарына рұқсат беріп, мектептер мен шіркеулер ашуға
мүмкіндік жасады. Өздері де христиан дінін
қабылдап, ол дінге вассалдарын да тартып отырды. Даймелер
сол діннің көмегімен өз порттарына сауда кемелерін көптеп
тартуға, сөйтіп көбірек пайда табуға, ең бастысы — оқ-дəрімен
атылатын қару-жарақ қорын байытуға тырысты. Сонымен қатар
Еуропалықтарды өз қарсыластарына қарсы күресте де пайдалануды
ойлады. Еуропалықтардың келуі Жапониядағы феодалдардың өзара
қырқысуын шиеленістіре түсті.
Сонымен қатар теңіз саудасын дамытты, сөйтіп, портты қала-лардың көпестерін байытты. Еуропалықтардың мұндай пайда-сымен қатар, Жапонияның отарға айналу қаупі туды. Бұл қауіпті
испандықтардың Филиппиныны басып алуынан айрықша көруге
болатын еді. Бірақ феодалдар үшін басты қауіп шаруалар көтері-лістері сияқты болып көрінді. Осындай жағдайда феодалдар мен
258 259
ХІV- ХVІІ ғасырлардағы Жапония.
1. 1485—1493 жж. шаруалар көтерілістерінің аудандары;
2. 1428—1580 жж. шаруалар көтерілістері мен феодалдық қырқысулар
ауданы; 3. Токугава үйінің 1600 жылға қарай үстемдік жүргізген
аудандары; 4. 1637 ж. көтеріліс; 5. ХІІІ ғ. 70—80 жылдарындағы Монғол
шапқыншылығына қарсы тұрғызылған бекіністер.
ауқатты қала тұрғындары арасында Жапонияны біріктіруге, бір
орталыққа бағынған күшті мемлекетке айналдыру ниеті күшейе
түсті. Бұл біріктіру бастамасын белсенді түрде қолға алғандар
еуропалықтармен байланысы нығая қоймаған, оңтүстіктегі
даймелердің күшеюінен қауіптенген орталық арал Хонсюдің орта-ша жəне ұсақ феодалдары болды. Сонымен қатар Жапонияның
бір орталыққа бағынған күшті мемлекетке айналуына,феодалдық
құрылысты нығайтуғаықпалды феодалдар да мүдделі болды.
Олар мұндай үкімет өзара қырқысуды, шаруалар көтерілістерін
тоқтатады, сауда-ростовщиктік капиталдың өсіп бара жатқан
өктемдігін шектейді деп үміттенді.
1568—1582 жж. ең бірінші рет елді біріктіру ісін кедейлеу фео-дал Ода Нобунага басқарды. Аз ғана уақыттың ішінде ол орталық
Хонсю ауданының көптеген даймелерін өзіне бағындырып алды.
Ол Асикага əулетінің ең соңғы сегунын биліктен тайдырып /1573/,
өзара қырқысуға қатысқан бірнеше буддалық монастырларды
талқандады. 1580 жылға қарай Ода Нобунага Жапонияның жар-тысына жуығын өз қол астына біріктірді. Өзіне қаратқан жерлер-де Нобунага ішкі кедендерді жойып отырды. Жолдар салынды.
Нобунага Орталық үкіметке ХV—ХVІ ғғ. феодалдардан тəуелсіз-дігін жеңіп алған, Жапонияның ең бай қаласы Сакаиды /Осака
маңында/ бағындырып алды.
Нобунага елді толық біріктіріп үлгере алмады. Оны қапыда өзінің
бір вассалы өлтірді. Жапонияны біріктіруді оның жақын серігінің
бірі Тоетоми Хидэеси /1583—1598/ аяғына жеткізді. Хидэеси елде
қатаң тəртіп орнатты, шаруалардың қару-жарағын жинап алды. Ол
шаруаларды жерге бекітетін, басы ауған жаққа кетуіне тыйым сала-тын жаңа жер кадастрын /реестр тізімі/ енгізді. Жерді пайдаланғаны
үшін шаруа түсімінің 2/3 бөлігін салық ретінде феодалға өткізетін.
Хидэесидің сыртқы саясаты басқыншылық саясат болды. 1592-1597 жж. Хидэеси Кореяға екі үлкен жорық жасап, оның оңтүстігінен
солтүстігіне дейін жетті. Бірақ аяғында жеңіліп, Кореядан кету-ге мəжбүр болды. Бұл жеңілістен кейін Хидэесидің отаршылдық
саясатын белсенді түрде қолдаушы сауда буржуазиясы өзінің сая-сат пен экономикадағы бұрынғы ықпалынан айырылды. Дегенмен,
елдің бірігіуі, өзара қырқысулардың тоқтауы ішкі сауданың жедел
қарқынмен дамуына мүмкіндік жасады.
1598 ж. Хидэеси өлген соң елдің үшінші біріктірушісі рөлін
Хидэесидің қолбасшыларының бірі, Канто ауданының даймесі
Токугава Иэясу атқарды /1598—1616/. Токугава 1600 ж. Хидэесидің
260 261
баласын жақтаған қарсыластарын Сэкигахара түбіндегі шайқаста
жеңіп, 1603 ж. билікті ресми түрде баласы Хидэтадаға берді. Бірақ іс
жүзінде өзі басқара берді. Токугава əулетінің сегундері Жапонияны
1867-1869 жж. буржуазиялық революцияға дейін, яғни 265 жыл
биледі. Үкімет 1637 ж. Кюсю аралындағы Симабара қаласындағы
көтерілісті басты. Бұл көтеріліске қатысушылардың көпшілігі хри-стиан дініндегі самурайлар мен қала тұрғындары болғандықтан
оны «Христиан көтерілісі» деп те атады. 1633, 1636, 1639 жж. үш
жарлығымен үшінші сегун Иэмицу өлім жазасын қолдана отырып
жапондықтардың өз елінен кетуіне, алысқа жүзе алатын үлкен кеме-лер жасауына тыйым салды.
Елге шетелдіктердің келуіне де тыйым салынды. Тек қытайлық-тар мен голландықтарға рұқсат етілді. Дэсима аралындағы Нага-саки қаласында өткізіліп тұратын жəрмеңкеге Қытай, голланд сау-да кемелерінің келуіне болатын еді. ХVІ ғасырда жапондықтар тек
Корея, Қытай, Сиам, Филипинымен ғана емес, Еуропа елдерімен де
байланыс жасап тұрды. Мысалы, 1582-1590 жж. Римде Кюсю ара-лында христиан князьдықтарының елшілігі болды.
1587 ж. ең бірінші рет христиан дінін насихаттауға тежеу са-лынды, бірақ еуропалықтармен қатынас үзілген жоқ. Кезінде
Хидэеси еуропалықтардың кемелері мен қаруын Кореяға жо-рығында пайдалануға тырысқан еді. Токугава Иэясу да сол саясат-ты ұстанды. Ол ағылшындар мен голландықтарға кеңшілік білдіре
отырып, оларды испандықтар мен португалдықтарға қарсы айдап
салып отырды. Токугава Иэясу 1610 ж. Мексикаға, 1613 ж. Еуропаға
елшіліктер жіберді. Бірақ оның билігінің соңына қарай жəне баласы
басшылыққа келген соң еуропалықтардың Жапониядағы істеріне
үзілді-кесілді шек қойылды.
Бұл Жапонияның басқа елдермен қатынасын жасанды түрде
үзіп тастау 2,5 ғасыр бойы сақталды. Мұндай шаралар феодалдық
құрылысты тұрақтандыру мақсатын көздеді. ХV—ХVІ ғғ. сыртқы
сауданың дамуы теңіз порттарындағы пысық қала тұрғындарының
баюына мүмкіндік жасады. Мұндай бай қала тұрғындарының
қатары көбейе түсті. Күшейіп алған қала буржуазиясы феодалдық
құрылысқа қауіп төндірді. Сондықтан да Жапонияның жаңа үкімет
басшылары сыртқы саудаға тыйым салып, бұл күшейіп келе жатқан
сауда буржуазиясына соққы беруге тырысты. Тек голланд жəне
Қытай саудагерлеріне ғана Жапонияға келіп-кетіп тұруға рұқсат
етілді.
Шет елдермен сауда, одан түсетін табыс үкімет пен оның
өкілдерінің пайдасына түсіп отырды. Бұл шара саудагерлердің
де, оңтүстік феодалдарының да баю көзіне үлкен зиян келтірді.
Сонымен қатар жапон феодалдарына өз билігін Қытай мен Кореяны
бағындырып алған манчжурлар тарапынан зор қауіп төнді.
Дегенмен елді басқа əлемнен бөліп тастаудың басты себебі елдің
ішкі жағдайына байланысты болды. Елде шаруалар көтерілісі кең
өріс алды. Ол көтерілістер христиан дінінің туы астында өткізілді.
Сондықтан христиан дінін уағыздау жапон феодалдарына ерекше
қауіп төндірді. 1630 ж. Еуропа кітаптарын əкелуге тыйым салынды.
Христиан діні туралы мағлұматтары бар қытай кітаптарын əкелуге
де шек қойылды.
Жер феодалдардың /дайме/ меншігі ретінде бекітілді. Жер
иесінің табысы дəл есептеліп отыратын. Табыс күріш дақылымен
есептелетін. Барлық қаражат есеп-қисаптары күрішке аударылды.
Күріштің басты өлшемі-коку — 1,8 гекто литр /180 литр/ — барлық
құнның негізігі өлшемі болып табылды. Сол себепті феодалдардың
табысы күріш кокумен есептелді.
Жер иесі — дайме өзі басқаратын шаруашылықтағы тұр-ғындардың үстінен əкімшілік билігін, сот билігін бірге атқарды.
Оның қол астында көмекші вассалдары-самурайлар шаруашылық
жұмыстарынан қол үзіп, бақылаушы, есепші, дайменің шабарма-ны қызметін атқарды. Үкімет феодалдардың өзара қырқысуларына,
үкіметке қарсы бас көтерулеріне тыйым салды.
ХVІ ғ. аяғы ХVІІ ғ. басында қалалар қатары көбейіп, оның
халқының саны өсе түсті. Ең үлкен қалалар — Эдо, Киото, Осака
болды. Ол қалалардың тұрғындарының саны 300 мыңнан асты.
Онан кейінгі Нагоя, Нагасаки, Сакаи, Канадзава қалаларында 60
мыңнан астам адам тұрды. Хиросима, Окаяма, Хаката, Кумамота,
Акида сияқты қалалардың халқының саны 20—30 мың аралығында
болды. Ірі-ірі 17 қаладағы сауда мен қолөнері феодалдар биілігінен
алынып, тікелей орталық өкімет қарауына берілді.
Қолөнершілер бірлестіктері «дза» деп аталды. Əр деревня бес
үйден тұратын аулаға бөлінді. Ол ауланың өз бастығы болды. Ол
бастық сол 5 үйдің ішіндегі ең пысығынан тағайындалды. Оның
міндеті — қарауындағы 5 үйдің мүшелерінің үкімет жарлықтары мен
тапсырмаларын, нұсқауларын бұлжытпай орындауларын қадағалау
болды. Шаруалардың бекітілген жерден кетуге құқы болмады.
Қашып кетсе оның міндетін қалған үйлердің шаруалары бірлесіп
атқарды, қарызын да, салығын да бірлесіп төледі. Қашқан шаруа
қатаң жазаланатын. Саудагерлер мен қолөнершілердің қызметтері
де шектеулі болды. Бірақ ол шектеу шаруалардың тұрмысы мен
262 263
қызметіндегі шектеу сияқты өте қатаң болмады. Іс жүзінде бұл
шектеулер өне бойы сақтала да бермейтін. Қолөнершілер мен
саудагерлердің жеке топқа бөлінуінің өзі олардың күшейгендігін
көрсетті. Бұрын Жапон хұқы тек «самурайлар» /жауынгерлер/
мен «халықты» мойындайтын да, саудагерлер мен қолөнершілерді
елемейтін.
Токугава шектеушілігі дворяндар сословиесінің ішіне де өзге-рістер енгізді. Барлық дворяндар тобының басында жоғары сюзерен
тұрды. Ол бұрынғыша «сегун» деп аталды. Оның жақын уəзірлері
«фудайлар» болды. Олардан кейін бөгде князьдар — «тодзамалар»
тұрды. Бүкіл самурайлар бұқарасы осы бөгде князьдардың қол
астында олардың вассалы ретінде болды. Сегун қарамағындағы са-мурайлар «хатомото» деп аталып, ерекше жағдайда болды. Əрбір
дайменің самурайлар отряды болды. Барлық басқару аппаратын
бақылайтын арнаулы топ «мэцукэ» деп аталды. Бұл топқа сегунның
бақылаушылары кірді.
Токугава шаралары ХVІ ғасырдың ортасынан басталған
феодалдық құрылыстың ыдырауын аз уақытқа болса да кідіртті.
Феодалық өзара қырқысулардың тоқтауы экономиканың дамуына
қолайлы жағдай туғызды. Ауыл шаруашылығында жаңа техникалық
құрал-саймандар пайда болды. Дəнді дақылдардан басқа қағаз жəне
лак ағаштары, шай жəне цитрус өсіру өркендеді; тəтті картофель,
қарбыз, темекі, мақта өсімдіктері əкелініп, өсіріле бастады.
Мұның бəрі халық санының өсуіне ықпал етті: ХVІ ғасырдың
аяғында 16 млн. халық болса, ХVІІ ғасырдың аяғына қарай оның
саны 25 миллионға жетті. ХVІІ ғасырдың 30 жылдарындағы шет
елдермен араласуға тыйым салынғаннан кейін жəне көпестерді пай-да табудың көзі — сыртқы саудадан айырған соң ақша — тауар
қатынастарының жапон деревнясына ағылуы басталды. Бұл ағылыс
натуралдық шаруашылықты тез ыдыратты. Дайме, самурайлар, ша-руалар көбірек сауда өсімқор капиталының ықпалына түсіп қалып
отырды.
Капиталистік өнеркəсіптің алғашқы түрлері — үйдегі өнеркəсіп
пен мануфактура өмірге келді. Мұндай өнеркəсіп алдымен мақта иіру
саласында орын алды. Аудандар матаның түр-түріне маманданды:
бір аудан тек жібек матамен айналысса, енді бір аудан жəй ғана мата
тоқумен шұғылданды. Саудагерлер бұл өнеркəсіптерді бірте-бірте
өз қол астына бағындыра берді. Тапсырысты да солар беріп отырды.
Капиталистік кооперациялар мен орталықтандырылған мануфак-туралар елдің өнеркəсібінде елеулі рөл атқара қойған жоқ. Мұндай
өнеркəсіп сакэ жасау ісінде, тоқыма өндірісінде бірлі-жарымды ғана
орын алды.
Үкіметтік жəне əулеттік мануфактуралар металл өңдеу, фарфор-фаянс өндірісінде кеңірек орын алды. Ондай мануфактураларда
жергілікті шаруалармен қатар жан-жақтан қашқан шаруалар да
істеді.
Сөйтіп, жапон деревнясына тауар-ақша қатынасының енуі,
капиталистік өндірістің алғашқы түрлерінің тууы, шаруалардың
мүлік жағынан жікке бөлінуі, қалалардың өсуі, айырбастың жетілуі
елде үстемдік еткен натуралдық шаруашылықты ыдырата бастады.
Мəдениет. Кейінгі орта ғасырлардағы Жапон мəдениеті
Хэнандық сарай ақсүйектері мен əскери-феодалдық дворяндар
мəдениеттерінің элементтерін біріктірді. Жапондықтардың сана-сезімдерін, эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға сондай-ақ Қытай мəдениеті мен дзэн сектасы да ықпал етті. Адамдардың
əсемдікке, сəн-салтанатқа деген ынта-ықыласы арта түсті.
Жаңа талғам, көзқарас, əсіресе сəулет өнері мен бақтарды
безендіруде айқын көрініс тапты. Оған Киотода сақталған Нан-дзэндзи, Дейтокудзи, Токуфукудзи монастырлары мен ХІV ғасыр-дың аяғы — ХV ғасырдың ортасында салынған Асикага сегундары
Кинкакудзи мен Гинкакудзидің резиденцияларынан көз жеткізуге
болады. Бұл кезде икэбанадеп аталған гүл шоғын құрастыру өнері
кеңінен дамып, жетіле түсті.
Кейінгі орта ғасырлардағы бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері
Сэссю (1420—1506), Кано Масанобу (1434—1530), Кано Мотонобу
(1476—1559) болды. Ғылым дамып, білім беру ісі де жетіле түсті.
1633 ж. Эдо қаласында өкімет қызметкерлерін даярлайтын Ака-демия ашылды.
Театр өнері де жаңа табыстарға қол жеткізді. ХІV ғасырда
қалыптасқан Ноо театры ХV ғасырдан бастап сегундардың
қамқорлығына алынды. Тез қарқынмен дамып келе жатқан қала-лардың қарапайым халқының мүддесін білдіретін Кабуки деген
тірі əртістің театры мен Нинге дзерури деген марионеткалар театры
мəдени өмірде үлкен рөл атқарды. ХVІІ ғасырдың басында ашылған
Кабуки театрының негізін храмдық биші, əнші Окуни қалады.
Алғаш Кабукидың труппасында тек əйелдер ойнады. 1629 ж. өкімет
əйелдердің ойнауына тыйым салды. Енді театр сахнасында тек жас
ұлдар мен жігіттердің ойнауына ғана рұқсат етілді. Бірақ 1652 ж.
өкімет бұл театрды да арсыздар деп таратып жіберді.
264 265
Ə д е б и е т т е р:
1. История Востока. Т. ІІІ. Восток на рубеже средневековья и
нового времени. ХVІ—ХVІІІ вв.— М: Восточная литература РАН,
1999.— 363—374, 626—630 бб.
2. Кузнецов Ю. Д., Навлицкая Г. Б., Сырицын И. М. История
Японий.— М: Высшая школа, 1988.— 89—140, 268—301 бб.
