- •§ 3. Ерте орта ғасырлардағы Корея
- •§ 4. Ерте орта ғасырлардағы Индонезия
- •§ 5. Ерте орта ғасырлардағы Вьет мемлекеті
- •§ 7. Ерте орта ғасырлардағы Закавказье
- •§ 8. Ерте орта ғасырларда Индияда феодалдық
- •§ 9. Араб халифатындағы феодалдық
- •§ 12. Дамыған орта ғасырлардағы Жапония
- •§ 17. Дамыған орта ғасырлардағы
- •§ 22. Х―хv ғасырлардағы тропикалық Африка
- •§ 23. Кейінгі Орта ғасырлардағы Қытай
- •§ 25. Кейінгі Орта ғасырлардағы Корея
- •§ 28. Кейінгі орта ғасырлардағы Монғолия
- •§ 30. Кейінгі орта ғасырлардағы Орта Азия
- •§ 31. Индия Ұлы Моғолдар билігі кезінде
- •§ 33. Кейінгі орта ғасырлардағы араб елдері
§ 33. Кейінгі орта ғасырлардағы араб елдері
1. Түрік османдардың араб елдерін жаулап алуы.
2. Осман империясының құрамындағы Ирак пен Шығыс Аравия.
3. Сирия мен Ливия — Осман империясының құрамында.
4. Түріктер кол астындағы Солтүстік Африка.
5. Түріктер кол астындағы Египетте кейінгі орта ғасырларда
қолөнері мен сауданың дамуы.
6. Кейінгі орта ғасырлардағы араб елдерінің мəдениеті.
XVI ғасырдың басында араб елдері түріктер шапқын-шыншылығына ұшырады. Месопотамияны басып алған соң
І-Селим /1512—1520/ сұлтанның əскері Сирия, Ливия жəне басқа
мамлюктер кол астындағы араб облыстарын жаулап алуға аттанды.
Түріктер мен мамлюктер армиялары 1516 жылғы тамызда
Халебтін Солтүстігінде бетпе-бет кездесті. Бұл шайқаста каруы
жағынан да, соғысу тактикасы жағынан да басым осман армиясы
жеңіске кетті. Мамлюктер армиясы талқандалып, үкімет басшысы
Кансу Гури шайқаста қаза тапты. Қазан айының ортасында түріктер
Дамаскті басып алды. Сөйтіп, бүкіл Сирия түріктер қол астына
көшті.
Түріктер жаулап алушылығының жеңілдеуінің бір себебі
жергілікті халықтардың мамлюктерді өздерін қанаушы деп са-науында болды. Сондықтан олар түріктерді өздерін азат етушілер
ретінде қарсы алып отырды. Тек Египетте ғана мамлюктер барлық
күштерін жинап, қатты қарсылық көрсете алды. Бірақ түріктер
мамлюктер əскерінің бұл қарсылығын басып, 1517 жылдың басында
Каирды алды. Түріктер Египетті басып алған соң Меккенің басшысы
сұлтан Селимге елшісін жіберіп, оған бүкіл Хиджаз облысының
бағынатындығын білдіріп, адал болуға ант берді.
1538 жылы түріктер Аденді /Меккеден де төмен, оңтүстікте/
де басып алды. Оның алдында, 1534 ж. түріктердің Ирак үшін
Иранмен соғысы жеңіспен аяқталды. Сөйтіп, ХVІ ғасырда арабтар
қоныстанған Ирак, Сирия, Ливан, Палестина, Египет, Хиджаз /Сауд
Аравиясы/, Алжир, Ливия, Тунис Осман империясының құрамына
енді.
Түріктер барлық жерлердің, шаруашылықтың есебін анықтап,
олардан алынатын салық мөлшерін белгіледі. Барлық басып
алынған араб елдері пашалықтар мен эйалеттерге /уалаят/ бөлінді.
Сирия үш провинцияға: Дамаск, Триполи, Халебке бөлінді. Иракта
Бағдад, Басра, Мосул уалаяттары құрылды. Египет өзінше жеке
пашалыкка бөлінді. Иемен, Бахрейн /Аравия/, Ақ /Палестинада/
пашалыктары құрылды. Əр облыстың басында пашалар тұрды.
Пашалардың қарамағында жергілікті көмекші отрядтармен қатар
сұлтанның тұрақты армиясының бөлімдері болды. Мысалы Багдад
эйалетінде 12 мыңдық янычарлар орналасты. Ал пашаның қасында
тағы да үш мың қарулы жауынгерлер болды. Пашалыққа 1-2 жылға
тағайындалатын, бірақ көптеген пашалар əлдеқайда ұзақ қала
беретін.
Əр пашалыктың, эйалеттің бағыныштылығы əртүрлі болды.
Бағдад, Басра, Лахса /Азияда/, Египет, Тунис, Алжир, Триполи /
Солтүстік Африка/ салық төлеп тұрды, ал ішкі құрылысы, тəртібі
бұрынғысынша қала берді. Тек Бағдад эйалетінде біраз өзгешіліктер
болды. Ол 20 санжақка бөлінді. Оның 8-інде түріктік жер иеленуші-лік тəртібі үстемдік етті. Дамаск, Триполи /Сирияда/, Халеб,
Мосулдағы көптеген жерлер түрік феодалдарына үлестіріліп берілді
/тимар, зеаметтер ретінде/. Ирак Османдық түріктер мен сефевидтік
Иран арасындағы күрес аренасына айналды. 1516 жылы жоғарғы
Месопотамия кызылбасылардан тазартылып, Осман империясы-
ның құрамына қосып алынды. Орталық жəне оңтүстік Ирак Иран-ның қол астында қала берді, 1516 жылы түріктер Бағдадты басып
алды. Сунииттік, шииттік ағымдарға бірдей бостандық берілді.
1546 жылы Оңтүстік Ирак Осман эйалетіне айналды. Оның
орталығы Басра қаласы болды, 1550 жылы түріктер Португалияның
Парсы шығанағындағы маңызды порты Аль-Катифты басып
алды. Бірақ оны ұзақ ұстап тура алмады. 1555 жылғы Амасиядағы
бейбіт бітім бойынша сефевидтер Ирактағы түріктер үстемдігін
мойындады.
1574—1595 жылдардағы Мосул провинциясында заң бойынша
жердің ең төменгі /аз/ мөлшері 40 қадамға /ені, ұзындығы/ тең денюм
348 349
болып табылды. Ал суармалы, құнарлы жерлердегі шаруалардың
толық үлесі 80 денюмге теңелді. Ол үлес “чифтилик” деп аталды.
Нашар жерлердегі чифтилик мөлшері 150 денюм болды. Егер кімде-кім өз үлесін игермей, тастап кетсе, бос қалдырса, ол 75-тен 300-ге
дейін ақша төледі. Толык үлесі бар мұсылмандар 50 ақша төледі. Əр
үй 3 күндік /аптасында/ барщина өтеуі тиіс болды. Оның əр күні 2
ақшаға бағаланды.
Жиналған бидайдын 1/5, кара бидайдын 1/6, арпаның 1/7 бөлігі
салық ретінде өткізілетін. Малшылардан да салық жиналды.
Мосулда əр 100 қойдың біреуі, ал келімсектерден — екеуі алынатын.
Малшылар қыста өз жерінде қыстап шықса, əр 300 қойдың біреуін
беретін болды. Салық бал ұяларына да, диірмендер мен алма
ағаштарына, жүзім, мақта егістеріне де салынатын. Қалыңдық үшін
де салық салынатын. Күйеуге тиетін қыздардың əкесі 60 ақша, жесір
əйелдің əкесі /туысы/ 30 ақша төледі. Бұл ақшаның жартысы ірі жер
иесіне, жартысы қазынаға кететін.
Сирия мен Ливан.Сирия эйалеті он бір санжакка бөлінді. Оның
жетеуінде түрік феодалдарының өздері салық жинап алып отырды.
Калған төртеуінде санжақтан түсетін салық қазынаға кететін.
Бұл екі эйалет 10 мың əскер жасақтап беріп отыруға тиіс болды.
Сирия эйалетіне Дамаск, Сафад, Иерусалим, Наблус, Сайд, Бейрут
округтері кірді.
Түріктер билігі кезінде таулы Ливанның феодалдары біраз
жеңілдіктерді пайдаланды. Түріктер басып алғаннан кейінгі 100
жылдай бойы Ливанда феодалдық Маанид əулетінің беделі күшті
болды. Түрік үкіметі маанидтерді əлсірету үшін басқа феодалдарды
оған қарсы айдап салып отырды. Бірақ бұл əрекеттері айтарлықтай
нəтиже бермеді.
1584 ж. ливандықтардың қарулы отряды Сирия мен Египеттен
жиналған алым-салықты Стамбулға алып бара жаткан керуенге
шабуыл жасады. Сұлтан үкіметі бұл шабуылды Маандар
ұйымдастырды деп жала жауып, Египет пашасына маандарды
талқандауға бұйрық берді. Түрік əскерлері Маанидтер иелігіне
басып кіріп, талқандады. Маан эмирі тауда корғаныс ұйымдастырып,
берілмеді. Ақыры сол қамалда өлтірілді. Ливанның кейбір
феодалдары Стамбулға пара апарып, өз бастарын əрең корғап
қалды,
Түрік үкіметінің мұндай зорлық-зомбылығына қарсы халық
наразылығы калыптасып, көтерілістер болып тұрды. Бұл
көтерілістерді Маанидтер Ливанның толық тəуелсіздігін жеңіп
алу үшін пайдаланып қалуға тырысты. Бұл əрекет ІІ-Фахреддин
эмирдің атымен тығыз байланысты. Оны Ливан феодалдары 1585
жылы, 13 жасар кезінде барлық Маанидтер иеліктерінің билеушісі
деп мойындады.
Ол билікке іс жүзінде 16 ғасырдың аяғына жуық ие болып, күннен-күнге ұлғая түскен иелікті 1635 жылға дейін басқарды. Алғашында
ол түрік сұлтаны алдындағы міндетін адал орындап отырды. Иелігі
өскен сайын салықты да көп төледі. Сондықтан түрік өкіметі оның
иелігін кеңейте беруіне қарсылық көрсетпеді. Фахрединнің карулы
күштерінің саны бірте-бірте 40 мыңға жетті.
Осындай қуатты қарулы күші мен бай қазынасы бар
Фахреддин Түрік үкіметінің рұқсатынсыз өз бетімен шет ел-дермен дипломатиялық қатынас орната бастады. Ол Италиямен,
Франциямен қатынас орнатты. Флоренциямен де сауда каты-насына барды. Түркияға бұл тəуелсіздік ұнамады. 1609 ж. Дамаск
пашасы болып Ахмед Хафиз тағайындалды. Оның карамағына
əскер бөлініп, Фахреддин иеліктеріндегі түріктер билігін калпына
келтіру тапсырылды. Бірақ Ахмед Хафиз түріктер билігін бірден
орната алмады. Тек 1613 жылы Фахреддин күресін тоқтатып,
Француз кемесімен Италияға барды. Онда Фахреддин Италия мен
Францияны Осман империясына карсы күреске тартуға тырысты.
Бірақ 5 жыл бойғы бұл əрекетінен түк шықпаған соң, 1618 жылы
ол Ливанға қайтып келді. Ливанда Фахреддинді жергілікті халық
ұлттың батыры санап, қатты кұрметтейтін. Фахреддин еліне
кайтып келіп, түріктерге қарсы үндеу тастағанда оның қол астына
100 мың адам жиналды. 5 жыл ішінде Фахреддин Дамасск пашасын
талқандап, Антиохиядан Сафадқа дейінгі аралықта Түрік үстемдігін
жойды. Көп кешікпей Палестинаны жаулап алды.
Ұланғайыр аумақты басып алу Фахреддиннің күшін ыдыратты.
Осындай жағдайды түрік үкіметі пайдалана қойып, Фахреддинді
жеңді. Өзін тұтқынға алып, 1635 жылы өлім жазасына кесті.
Солтүстік Африка. ХVІ ғасырдын басында Солтүстік Африкаға
жаңа басқыншылар — түріктер келіп кіре бастады. Хайреддин
Барбаросса деген Мителендік қарақшы түрік Алжирге келіп
коныстанып, оны түрік сұлтаны І-Селимнің иелігі деп жариялады.
Сұлтан Хайреддинге көмекке екі мың артиллеристер мен төрт
мындык янычарлар үлгісінде құрылған əскер жіберді. 1518 жыл-дан бастап Хайреддин Алжирдің маңызды портты калалары —
Бен, Колло, Шершельді басып алып, елдің ішіне ене бастады,
Константинаны басып алып, Кабилия тауындағы тайпаларға алым-
350 351
салық төлеткізді. 1529 жылы түріктер Алжирде түпкілікті бекініп,
испандықтардың жақсы қорғалған қамалы Пеньонды алды.
Түрік басқыншылары жергілікті феодалдардың иеліктері мен
таптық артықшылықтарына зиян келтірмей, сол қалпында кал-дырды. Хайреддин паша болып тағайындалып, “бейлер — бей” де-ген атақ алды. Ол жаулап алынған жерлердегі феодалдардан салықты
уақтысында жəне толык төлеп отыруды талап етті. Жинап алынған
салықтың жартысын Стамбулдағы қазынаға жіберіп, жартысын өз
қарамағындағы əскер, кеңсе, уəзірлер ұстау үшін жұмсап отырды.
Хайреддиннен кейінгі Алжирдегі түрік сұлтанының пашасы 1541
жылы V Карлдың испандық əскерін талқандады. Испандықтарды
Алжирдегі бекіністерінен ығыстырды. Батыста олар Тлемсен үшін
мароккандықтармен күресте жеңіске жетті.
1535 жылы Тунисте испандықтар өзін V Карлдың вассалы деп
мойындаған Эмирді таққа отырғызды. Түріктердің өз үстемдігін
орнату əрекетінен еш нəтиже шыкпады. Тек 1574 жылы ғана Түрік
сұлтанының əскері испандықтарды қуып шығып, Тунисті Осман
империясына қосты.
Солтүстік Африкадағы Триполи қаласы үшін еуропалықтар мен
түріктер арасында күрес жүрді — 1510 жылдан 1530 жылға дейін бұл
облыс испандықтар билігінде болды. Сонан соң ол Родос аралынан
түріктер қуып шыққан Мальта рыцарьларының қол астына көшті.
1551 жылы түріктер теңізден шабуыл жасап, Триполиді басып
алды. Рыцарьлар Мальтаға қашты /Италияның оңтүстігі/. Сөйтіп,
Солтүстік Африканың үш елі — Алжир, Тунис, Триполитания /
Ливия/ түріктер қол астына көшті. Тек Марокко өз тəуелсіздігін
сақтап қалды. Суфизм бағытын ұстанушы мұсылмандар халықты
христиан дініндегі испандықтар мен португалдықтарға қарсы
“қасиетті соғыска” — Джихадқа ұйымдастыра алды.
1550 жылы өзінің шыққан тегі жағынан “ислам дінінің негізін
қалаушы “Мұхамедтен тарайтын-мыс шериф Мұхаммед-аль
Махди Фесті басып алды. Ол бұған дейін Оңтүстік Мароккода қант
тростнигі егістігін иеленуші болатын. Маринидтік əулеттің түрік-тер көмегімен өз билігін калпына келтіру əрекетінен түк шықпады.
1554 жылы Маринидтер əулеті толық қуылды.
Шерифтер Оңтүстік Мароккодағы өз тіреніштері болып
табылатын араб тайпаларына көп қаражат бөліп отырды. Ахмед-алъ
Мансур /1578—1603/ шерифтің тұсында бұл тіреніш көмегі онан əрі
кеңейтілді. Түріктердің кол астында калғысы келмеген Солтүстік
Шығыс Марокко тайпаларына Фес облысынан əскери лендер бөліп
берілді.
Марокконың қорғаныс қабілетін күшейту жəне феодалдардың
өзара қақтығыстарын тежеп отыру мақсатымен тұрақты армия
құрылды. Оны арнаулы мекеме — махзен басқарды. Бұл армия ислам
дінін қабылдаған еуропалықтардан, негрлерден тұрды. Əскерді
түрік офицерлері мен солдаттары оқытып, үйретті.
Канша мықты болғанымен бұл армия феодалдық быты-ранқылыққа карсы тұра алмады. ХVІ ғасырдын ортасында ше-рифтерге қарсы Марабуттар көтірілісі болды. Оның нəтижесінде
Марокко бірнеше феодалдық иеліктерге бөлініп кетті.
Сауда, колөнері. Африка төңірегіндегі теңіз сауда жолының
ашылуы Египет саудасына ауыр соққы болып тиді. Соған қарамастан
Египет көптеген Шығыс жəне Батыс елдерімен сауда жасай берді.
Сыртқы саудаға ауыл шаруашылық өнімдері /бидай, мақта, кендір,
күріш, тері/ мен қолөнер бұйымдары /мата, кант т.б./ шығарылды.
Египет көпестері Индиядан, Еуропа мен Қиыр Шығыстан келген
шетелдік тауарлармен де сауда жасады.
Сауда Каир, Александрия, Булак, Дамъетт, Розетт, Суэц, Кусеир,
Тальх, Абузир, Фуэ калаларында шоғырланды. Египеттің басты
порттары Жерорта теңізі жағалауындағы Дамьетт, Розетт жəне
Александрия, Қызыл теңіздегі Суэц пен Кусеир болды. Суэц пен
Кусеир арқылы Үнді жəне Аравия тауарлары түсіп тұратын.
Сол кездегі Египеттің ең ірі сауда орталықтарының бірі
Александрия Каирмен канал арқылы қосылған болатын. Александрия
гаванына көп елдердің сауда кемелері ағылып келіп жататын.
Мұнда венециялык та, флоренциялық та, католондық та, Генуя
мен Франция көпестерін кездестіруге болатын. Александрияда тек
халықаралық сауда ғана шоғырланып қойған жоқ. Қала тұрғында-ры жақын маңдағы ауылдардың ауыл шаруашылық өнімдерімен
толық қамтамасыз етіліп тұратын.
Нил өзені негізгі сауда жолдарының бірі болды. Каир тек
сауданың ғана емес, қолөнерінің де ірі орталығы болды. Ол көлемі
мен халқының саны жағынан Египеттің ең үлкен қаласы болды.
ХVІ ғасырда Каирдің халқының саны 100 мыннан асатын. Онда
армяндар, итальяндықтар, гректер, француздар, поляктар, еврейлер
тұрды. Египет саудасында құл сату кең орын алды. Жыл сайын елге
4—5 мың африкандық құлдар əкеліп сатылатын. Каирде көптеген
Еуропа елдерінің консулдығы орналасты. Көптеген консулдар мен
шетелдік көпестер Египетте 20, одан да көп жылдар бойы тұрып
жатты. Мұнда дінге қудалаушылық болған жоқ, əр діннің шіркеу-мешіттері жеткілікті болды.
352 353
Қолөнері негізінен қалаларда шоғырланды. Дегенмен қолөне-рімен ауылдық жерлерде де кеңінен айналысты /кəрзеңке тоқу, жіп
иіру т.б. Египетте мақтадан маталар тоқылды, қару-жарақ, оқ-дəрі,
гончарлық бұйымдар жасалды, иіссулар мен шараптар, нашатырь,
селитра шығарылды. Бұл өнімдер Еуропа елдеріне, Осман
империясына, Африкаға жөнелтіліп жатты.
Қазынаға саудадан көп табыс түсіп жатты. Негізгі табыс жер
салығынан жиналатын. Сонымен қатар қолөнері өнімдерінен де
салық жиналып, казынаға түсіп тұрды. Үкімет барлық қолөнері
өнімдерінің 5 процентін алып отырды. 1568 жылы ақындар мен
жазушыларға салық салына бастады. Сумен қамтамасыз ету үшін
де салық төленді.
Александрия, Розетт, Дамьетт, Суэц жəне Булак қалаларында
мемлекеттік кедендер болды. Алым-салық шеттен əкелінетін
ақшаларға да салынатын. Құлдыққа түсіп калған, бірақ əлі ис-лам дінін қабылдап үлгермеген христиандарды сатып алу бағасы
белгіленді. ХVІ ғасырда шетелдік христиан дініндегі көпестер
тауарының құнынан 10 процент салық төлейтін.
1535 жылғы Францияға берілген жеңілдіктен кейін ол жеңілдікке
ие болғандар 2—3 процент, ал Осман империясының көпестері 10
процент салық төлейтін болды. Осман империясындағы мұсылман
емес тұрғындар /байлығына қарай/ үш категорияға бөлінді; 1) жы-лына төрт алтын монета телейтіндер; 2) екі монета; 3) бір монета
төлейтіндер. Жеке бас салығы — джизья. Бұл салық тек еңбекке жа-райтындардан алынатын.
Батыс Еуропа елдері көпестеріне берілген артықшылықтар,
көптеген ішкі кедендер, түрік үкіметі мен жергілікті феодалдардың
зорлық-зомбылықтары сауда байланысының дамуына көп кедергі
келтірді.
Мəдениет. Ислам дінінің абыздары Африка елдеріндегі
мəдениеттің дамуына елеулі үлес қосты. Солардың бірі аш-Шарани
(1565 ж. өлген) болды. Оның басты еңбегі «Шашыранды маржан-дар кітабы» болып табылады. Бұл еңбегінде аш-Шарани жаман
мінез-құлықтарды келемеждеп, жақсы мінез-құлықты уағыздады,
байлардың дүниеқоңыздығын сынап, кедейлерді қорғады.
Тарихнама саласында ибн-Халдун (1332—1406) зор еңбек сіңірді.
Өзінің «Кіріспе» деген еңбегінде тарихи процестердің теориясы-на талдау, мұсылмандық тарихына шолу жасады. Мароккандық
Маккари (1590—1632) «Андалусияның Коңыржай желі» деген
еңбегінде арабтардың Пиреней жарты аралындағы үстемдігінің
тарихын баяндайды. Тарихшы Мұхаммед ибн Ияс (1524 ж. өлген)
«Ғасырлар оқиғаларына байланысты түстер ерекшелігі» («Бадан
аз-зухур фи вакаи аз-духур») деген еңбегінде осман түріктерінің
Египетті басып алып, алғашқы 6—7 жылдық билік жүргізуін ба-яндайды. Египетті түріктердің жаулап алу тарихын («Фатх Мыср»)
ибн Зунбул ар-Раммал да (1553 ж. өлген) жазды.
ХVІ ғасырда араб елдерінде кітап басу ісі қолға алына баста-ды. Ең алғашқы баспахананы 1519 ж. Алеппо қаласында еврейлер
ашты. 1605 ж. еврейлер баспаханасы Дамаскіде де ашылды. 1610 ж.
Казхайяда (Ливан) Римнен əкелінген баспа станогінде сирия тілінде
дұғалар басылып шықты.
Бұл кездегі сəулет өнерінің ескерткіштерінің қатарына Дамаскі-дегі Теккис, Дервишие, Синание мешіттерін жатқызуға болады.
Олар фаянспен өте əсем безендірлген. Сондай-ақ Фахр-ад-диннің
тұсында зəулім құрылыстар Бейрутте де салынды.
Ə д е б и е т т е р:
1. История Востока Т. ІІІ. Восток на рубеже средневековья и
нового времени ХVІ—ХVІІІ вв.— М.: Восточная литература РАН,
1999.— 67—98 бб.
2. Видясова М. Ф. Социальные структуры доколониального
Магриба: Генезис и типология.— М.: 1987.
3. Иванов Н. А. Османское завоевание арабских стран (1516—
1574).— М.: Наука, 1984.
§ 34. XVI—XVII ғасырдың бірінші жартысындағы
Африка мемлекеттері
1. Еуропалықтардың Африкаға енуі.
2. XVI ғасырдағы жəне XVII ғасырдың ортасындағы Мали,
Сонгай, Канем-Борну мемлекеттері.
3. Ойо, Бенин, Алтын жаға жəне Піл сүйегі мемлекеттері
кейінгі орта ғасырларда.
4. Ашанти конфедерациясы. Эфиопия жəне Судан XVI—XVII
ғасырларда.
5. XVI—XVII ғасырлардағы Көларалық мемлекеттерінің
экономикалық-əлеуметтік жағдайлары.
6. Мономатапа, Мадагаскар жəне Конго өзені жағасындағы
мемлекеттердің ішкі, сыртқы жағдайлары.
354 355
ХV ғасырдың екінші ширегінен бастап Батыс Африканың
мұхит жағасындағы аудандарына еуропалықтар, негізінен пор-тугалдықтар мен испандықтар ене бастады. 1434—1482 жылдары
аралығында олар Бахадор мүйісінен Конго өзеніне дейінгі жа-ғалықты аралап шықты. Португалдықтардың 1460—1469 жылдары
отарлаған Көгілдір Мүйіс аралдары Батыс Африкадағы ең алғашқы
құл саудасының базасына айналды.
Португалдықтардың Батыс Африкаға ағылуы əсіресе 1475 жыл-дан кейін күшейді. Осы жылы Лиссабондық көпес Фернан Гомиш-тің экспедициясы Анкобр мен Вольта өзендерінің төменгі саласында
алтынға бай елді анықтаған болатын. Бұл ауданда тұратын фанти
тайпасы португалдық көпестердің африка халықтары арасындағы
ең бірінші құрбаны болды.
Алтын жағадағы өз позициясын тез нығайту үшін 1482 жылы
Сан-Хорхе-да-Мина /қазіргі Элмина/ деген тастан қаланған форт /
бекет/ салды. Алғашқы кезде Африкадан тек алтын ғана тасылды.
Құл сату онша кең өріс ала қойған жоқ.
Латын Америкасының жергілікті халықтарын қырып-жою
арқылы жүргізілген Америка континентін жүйелі түрде отар-лауға, ондағы плантациялық шаруашылыктың кең өріс алуына
байланысты өте көп жұмыс күші қажет болды. Ол күштің көзі
Африканың жергілікті халықтары болды. Батыс Африка бірнеше
жүз жыл бойына тегін жұмыс күшінің резервуары болып, үлкен Құл
саудасы рыногына айналды.
ХVІ ғасырдың аяғына дейін Португалия Батыс Африка
жағалауына орныққан ең бірінші еуропалық ел болды. Бірақ
португалдықтар көпке дейін материктің ішіне терең ене алмады.
Тек Сенегал мен Гамбияның арасына ғана біраз енді. Осы өзендер
арқылы португалдықтар 1534 жылы Малиге, 1565 жылы — Том-буктаға жетті. Сенегал мен Гамбия арқылы португалдықтар ішкі
мандинг рыноктары — Кантора мен Бамбукке жетті. Бұл жердегі
ірі мемлекеттерді португалдықтар басып ала алмады. Олардың
басты назары Төменгі Гвинея өзенінің жағалауларына ауды /Сьерра
Леонеден Камерунға дейін/. Олар бұл жағалауды төрт зонаға бөлді:
1. Перечный жағалауы.
2. Піл сүйегі жағалауы.
3. Алтын жаға.
4. Невольничий жағасы /Вольта өзені мен Нигер атырауы ара-лығы/.
Португалдық көпестер, əсіресе Алтын жаға мен Неволь-ничий жағасында зор белсенділік көрсетті. Элминадан басқа
португалдықтар Аксимде, Шамда т.б. жағалық пункттерде бірнеше
жаңа форттар салды. Онда барлық сауданы шоғырландырды. ХVІ
ғасырдың басындағы португадықтардың Африкада өндіретін алты-ны дүниежүзілік алтын өнімінің 1/10-ін құрады. Жағалық жергілікті
халықтар португалдықтармен сауда қатынасында белсенді болды.
Бірақ алтынды португалдықтар өте арзанға алып отырды.
Оңтүстік Нигерияның жағалауы алғаш португалдықтар на-зарына онша іліге қойған жоқ. Күшті Иоруб мемлекеттері ішкі
аудандарға жылжуға берік тосқауыл болды. Бенин мемлекеті пор-тугал тауарларының орнына Еуропа рыноктарында өте жоғары
бағаланатын келімдəрі беріп отырды.
1486 жылы португал көпестері Гватода Бениннің экспорттық пор-тына айналған сауда пунктін ашты. Бірақ 1506 жылы бұл пункттің
маңызы болмай қалды. Себебі Африка келімдəрісінен түсетін табыс
индия келімдəрісінің табысынан əлдеқайда аз болды. Сондай-ақ
португалдықтар тауарлары бениндіктерде өте төмен бағаланды.
Фернандо-По жəне Сан-Томе аралдарына бекініп алып,
португалдықтар қант тростнигін өсіретін плантациялық ша-руашылықпен айналысты. Оларға бұл шаруашылық үшін жұмысшы
күші керек болды. Сол себепті құл саудасы кең өріс ала бастады.
Ал құлдарды Нигер дельтасы мен Оңтүстік Нигерияның басқа
аудандарындағы ұсақ тайпалармен жиі соғысып отыратын Бенин
көптеп сата алды. Португалдық көпестер құлдарды қант планта-
356 357
цияларына жақын Алтын жағаға апарып, алтынға айырбастап от-ырды. Португалдық құл саудасы, əсіресе ХVІ ғасырдың аяғында
Бразилияны отарлай бастағанда кең қанат жайды.
Бұл кезде Испания мен Англияның, Францияның Америкада ба-сып алған басқа да аудандарында плантациялық шаруашылық тез
қарқынмен дами бастады. Құл еңбегіне сұраныс бірнеше есе өсті.
Еуропа елдерінің арасында Африкадағы жұмысшы күшінің рыно-гын басып алу үшін қызу күрес басталды. Бұл күресте Португалия
өте күшті Еуропа мемлекеттерімен қақтығысты. Бұл күрестің ба-сты құрбаны, əрине, африкандықтар болды. ХVІІ ғасырда құлдар
мен Африка жерлерін басып алу үшін ешбір заңға бағынбаған
қарақшылық соғыстар басталды. Тек 1530—1600 жылдар аралы-ғында ғана португалдықтар Америкаға 900 мың африкандықтарды
апарып сатты.
1610 жылы португалия монополиясы голландтар бəсекелестігіне
шыдай алмай, жеңіліске ұшырай бастады. Голландтар Вест-Индия
компаниясын ұйымдастырып, Батыс Африка жағалауындағы
португалдықтардың сауда бекеттерін басып ала бастады. 1642 жылға
қарай Аргуин, Гори, Сан-Томе порттары голландтар қолына көшті.
Олар португалдықтардың Алтын Жағадағы порттарын да басып
алды. 1648 жылы португалдықтар біраз уақыт тəуелсіздігін жеңіп
алған Сан-Томені қайтадан өзіне қаратып алды. Бірақ Атлантикадағы
құл саудасындағы Португалияның монополиясы біржолата жойыл-ды. Оның орнын Голландия басты. ХVІІ ғасырдың бірінші жарты-сынан бастап Голландия Испанияның Америкадағы отарларына
негізгі құл жеткізуші делдал болды.
Голландия үстемдігі де ұзаққа созылмады. ХVІІ ғасырдың
екінші жартысында отар үшін күреске Англия мен Франция
кірісті. Бұл елдердің плантаторлары құлдар үшін алтын сұрайтын
португалдықтардың делдалдығынан құтылып, құл саудасының
негізгі рыноктарын басып алуға тырысты. Англиямен, Франциямен
қатар құл саудасына Еуропаның басқа елдері — Швеция, Дания,
Бранденбург те кірісті. Сөйтіп, ХVІІ ғасырдың екінші жартысы
мен бүкіл ХVІІІ ғасырдағы Еуропаның басты державаларының
арасындағы қайнаған бəсекелестіктің өзекті мəселесі — құл
саудасындағы үстемдік болды. Бұл күрестің аренасы Африка
континенті, əсіресе Батыс жəне Орталық Африка аудандары болды.
Англия мен Франция африкандық құлдармен саудада үстемдік
құқы берілген ірі сауда компанияларын құрды. Мұндай компания-ны Франция 1664 жылы құрса, Англия 1672 жылы құрды. Ағылшын
компаниясы «Корольдік африкандық компаниясы» деп аталды.
Француздардың сауда экспансиясының тіреніш пункті Сенегал
болды. Мұндағы алғашқы француз бекеті 1630 жылы салынды,
ал кейінгі жылдары Сен-Луи аралында бекет салынды; голланд-тардан Аргуин жəне Гори форттары тартып алынды. Гори бірте-бірте француздықтардың Батыс Африкадағы басты теңіз базасына
айналды. ХVІІ ғасырда Америкаға 2 млн. 750 мың құл апарылып,
сатылды. Оның 2/3-ге жуығы Батыс Африкадан болды. Əрбір
6-шы африкандық жолда қаза тауып отырды. Құл саудасы Африка
континентінің, əсіресе Батыс Африканың халық санын кемітті.
Африка континенті келешегі зор жап-жас жұмыс күшінен айрыл-ды.
Құл саудасы Батыс Африка елдерінің экономикасына, саяси
жағдайына орны толмас зиян келтірді: өндіргіш күштер тоқырауға
ұшырады, континенттің солтүстік облыстарымен дəстүрлі
сауда-саттық байланыстары үзілді, ірі мемлекеттер құлдырауға
ұшырады.
Батыс Африканың қорғаныс қабілеті əлсіреді, Африка мемле-кеттерінің құл саудасына қатысқан үстем таптарының азғындауы
байқалды.
ХVІ—ХVІІ ғасырлардың ортасындағы Мали. ХVІ ғасырда
Мали онан əрі ыдырап, құлдырай берді. Оның ең басты қарсыласы
Сонгай патшалығы болды. 1498—1499 жылдарда сонгайлықтар ірі
Баган облысын жаулап алды. 1500—1501 жылдарда Малиге тəуелді
Диар патшалығы, 1506—1507 жылдарда Малиге тəуелді Галам
мемлекеті тартып алынды. Малидің батысынан да шабуыл жасал-ды. 1530 жылы Малиге тəуелді алтын өндірісінің орталығы Бамбук
мемлекетін Текрур патшалығы жаулап алды. Мали патшасы ІІ-Мамаду 1534 жылы португалдықтардан көмек сұрауға мəжбүр бол-ды. Португалия елшісі Перес Фернандес екі ортадағы татуластыру-шы рөлін атқарды. Текрурліктер 1535 жылы басып алған жерлерінен
кеткенімен, Бамбук Малиге қайта бағынбай, тəуелсіздігін алды.
1546 жылы Сонгай патшасы Дауд біраз уақыт Малидың астанасын
оккупациялап тұрды.
Мароккандықтардың Суданның солтүстігіне шабуылы, Сонгай
патшалығына қарсы күресі Сонгайлықтардың Малиден кетуіне се-беп болды. Бірақ ХVІІ ғасырда Малидың басқа жауы — бамбар тай-палары пайда болды. Олар 50 жылдай Малидың қол астында болып,
1600 жылы Сегу облысында өз мемлекетін құрған еді. Діні жағынан
анимистер бола тұрып, бамбарлар 1645 жылы Малидың мұсылман
патшаларына қарсы соғыс жариялап, оның оңтүстік провинцияла-рына шабуыл жасай бастады.
358 359
1670 жылға қарай бамбарлардың айтарлықтай күшті Сегу мем-лекеті құрылды. Битон Құлбала басқарған кезде Сегу патшалығы
Малиден Сансадинг, Массин, Баган облыстарын жаулап алды.
Мароккандық патша əскерінің қалдығымен шайқасып, Битон
Құлбала Женне жəне Томбукты облыстарын басып алды.
Сол кездерде Каартте екінші бамбарлық мемлекет пайда болды.
Оны Сунса Құлбала басқарды. 3 жыл бойы /1667—1670/ Мали бам-бар əскерінің шабуылына төтеп берді. Бұл күрес Малиды өте қатты
əлсіретіп, кішкентай князьдыққа айналдырды. Оның аумағы Кейт
əулетінің иелігі — Кангаб ауданымен ғана шектеліп қалды. Мали
енді /ХVІІ ғ./ Африка континентінде елеулі саяси рөл атқара алма-ды.
ХVІ—ХVІІ ғасырлардың ортасындағы Сонгай мемлекеті.Ол
ХVІ ғасырдың басында Малиден бөлініп шыққан. ХVІ ғасырдың 20-
жылдары І-Мухаммедке /1493—1528/, оның орталықтандырылған
үкімет билігіне қарсы Сонгай феодалдарының күресі басталды.
Олар өз мақсатына жету үшін аскидің /патшаның/ балаларын пай-даланды. 1528 жылы І-Мухаммедке қарсы көтерілісті оның баласы
Мұса басқарды.
1528 жылғы тамызда бүлікшілер Гаоға келіп кірді. Мухаммед
тақтан бас тартуға мəжбүр болды. Мұса өзінің бірге туған
бауырларының тақ үшін таласынан корқып, оларды жойып жіберуге
тырысты. Бірақ өзара талас-тартыста 1531 жылғы сəуірде Мұса-ның өзі өлтірілді. Сонгайдың аскиі болып оның туысқан ағайыны
Бенгай Корей жарияланды. Ол ІІ-Мухаммед деген атпен 1531—1537
жылдар аралығында патшалық құрды. Оның билігі кезінде үздіксіз
жəне сəтсіз соғыстардан күйзеліске ұшыраған Сонгай держава-сы құлдырай бастады. Сəтсіздіктер ел басшылары — провинция
губернаторларының наразылығын тудырды. Солардың бірі — Денди
Мар Тамзу деген губернатор 1537 жылғы сəуірде көтеріліс жасап,
II-Мухаммедті тақтан түсірді. Оның орнына 1-Мухаммедтің бала-сы Исмаилды /1537—1539/ отырғызды. Бенгай-Корей Томбуктуда
тығылды.
Өзінің алдындағы патшалар сияқты, Исмаил тонаушылық
соғыстар жүргізді. Əскери тұтқындар көбейген соң, құлдарға деген
сұраныс азайды; құлдың құны түсті. Бір құлдың құны 300 каури
раковинасына тең болды.
Сонымен қатар Сонгайде əскери кликаның рөлі — билігі ар-тып, оған аскидің тəуелділігі күшейе түсті. Бұл тəуелділіктен
құтылу əрекетін аски І-Иссихак /Ысқақ/ /1539-1549/ жасады. Ол
өзінің əскери қолбасшыларының, губернаторлық қызмет атқа-ратын туысқандарының көпшілігін қырып тастады. Дегенмен
үздіксіз жүргізіліп жатқан соғыстар əскер басшыларының рөлін
əлсірете алмады. 1545—1546 жылдарда аскидің ағайыны Даудтың
басшылығымен Сонгай əскері Малиге жорық жасап, астанасын ба-сып алды, елді тонады. Бірақ онда I аптадан артық тұра алмай, қайта
қуылды.
Осы кездерде Текқазы деген тұз өндіретін жер үшін сонгайлықтар
мен мароккандықтар арасындағы жанжал болды. Бұл жанжал,
əсіресе Даудтың /1549—1582/ патшалығы кезінде шегіне жетті.
Даудтың Малиге, Кеббиге т.б. елдерге қарсы жорықтарын пайда-лана отырып, 1556 жылы Мароккандықтар Сонгай гарнизондарын
талқандады, Текқазыны басып алды. Тұз шығара бастады. 1578
жылы мароккандықтар Даудтан тұз шығатын орынды бір жылға
жалға алды. Ақысына 10 мың алтын монета төлеуге уəде берді.
Басқа көршілерімен қырылысып жатқан Даудтың мароккандық-тарға қарсыласуға шамасы келмей, олардың ұсынысын қабылдады.
Ал мароккандықтар Сонгайға қарсы соғысқа дайындала бастады.
Мəлімет алу мақсатымен 1584 жылы Сұлтан Ахмед Гаоға, Даудтың
мұрагері ІІІ-Мухамедке /1582—1586/ қымбат сыйлықтармен елшілік
жіберді. Мұның артынша 20 мыңдық Мароккан армиясы оңтүстікке
Томбуктуге қарай жорыққа аттанды. Ол сəтсіз болды. Барлық армия
түгел дерлік жолда тамақ пен судың жетіспегендігінен қырылып
қалды. Аман калған шағын тобы Мароккоға қайтып оралды. Осындай
сəтсіздікке ұшыраған Мароккоға сонгайлықтар қарсы шығып, 200
адам оқпен атылатын қарумен қорғап тұрған Текқазыны тартып
алуға сонгайлықтардың батылы бармады. Ақыры 1585 жылы сон-гайлықтар Текқазыдан бас тартуға мəжбүр болды.
ІІІ-Мухаммедтің мұндай сəтсіздіктері оның ағайындарын
көтеріліске шығуға мəжбүр етті. Көтерілісшілер 1536 жылы желтоқ-санда Мұхаммед Баниды Сонгайдың патшасы деп жариялады. Екі
жылдан соң Салық Түнқара деп аталып кеткен інісі Мұхаммед
Садық көтеріліс жасап, Гаоға шабуыл бастады. Сонгайдың аскиі деп
Даудтың баласы ІІ-Ысқақ /1588—1591/ жарияланды. Оның əскеріне
қарсылық көрсете алмаған Салық Түнқара əскерлері Гаодан ше-гінді. Салық Томбуктуға қашты. Нигердің оң жағына өтіп кеткен
жерінде ұсталып, өлтірілді.
Сонгайдағы өзара қырқысуды мароккандықтар пайдаланып
қалуға тырысты. 1589 жылы Сұлтан Ахмед Ысқаққа сəлем жолдап,
онда Текқазыдан толық бас тартуды ұсынды. Ысқақ сонгайлық-тардың ондай талапқа көнбейтіндігін, соғысқа дайын екендігін ха-барлады.
360 361
1590 жылғы қарашада 3 мыңдық Мароккан армиясы Джудердің
басшылығымен /шыққан тегі Испандық/ Гаоға жорыққа шықты. 1591
жылғы 12 сəуірде Гаоның солтүстігіндегі 50 шақырымдық жердегі
Тондибо ауданында екі армия бетпе-бет кездесті. Ыскақтың 30 мың
жаяу, 12,5 мың атты əскері болды. Бірақ мылтықпен қаруланған
мароккандықтар сонгайлықтардың қатарын ыдыратты. Ысқақ Гао
мен Томбукту қалаларының тұрғындарын Нигердің оң жағасына
қоныс аударуға бұйырды.
Джудер əскері Сонгай астанасына кірді. Ысқақ Джудерге «100 мың
алтын монета, мың құл беремін, тек елдеріңе қайтыңдар» деген сəлем
хат жіберді. Джудер шабуылды онан əрі жалғастырып, 1591 жылғы
30 мамырда Томбуктуны алды. Ол жерде Мароккоға бағынышты
Томбукту патшалығы құрылды. Сонгайдың оңтүстігіндегі шағын ау-даны ғана Денди патшалығы деп аталып, Ысқақтың басшылығында
қалды. Сөйтіп, қуатты Сонгай мемлекетінің көлеңкесі ғана қалды.
Ол державаның егіншілігі мен қолөнерінде құл еңбегі кең өріс
алды. Сонгайдын ақсүйектері 300 ден 1000-ға дейін құлдар ұстады.
Құлдар натуралды рента төледі. Құлдар тəуелділігі жағынан бірнеше
сатыға бөлінді. Ең алғашқы қүл-банья-еш құқы жоқ құл болса,
оның баласы корсоныңбіраз құқы болды. Оны сатуға, сыйлауға
болмады. Үшінші ұрпақ — суле, ал төр-тінші ұрпақ — суле-гуле
деп аталды. Бұлардың балалары құл деп есептелмеді, бірақ өз
иелеріне экономикалық тəуелділікте болды. Түрлі категориядағы
құлдармен қатар Сонгайда ерікті қауымдастар /общинники/ да бол-ды. Сонгайдың 10 мыңдаған тұрғындары бар бірнеше ірі қалалары
болды. Астанасы Гаода 75 мыңдай адам тұрды.
«Тарих-аль-Фетташ» хроникасының дерегі бойынша Томбуктуда
əрқайсысында 50-ге дейін еңбекшісі бар 26 тігін шеберханасы бо-лыпты. Тіпті 70 тен 100-ге дейін адам істейтін шеберханалар да
болған. Сонгай тарихында бірнеше рет құлдар көтерілісі болған. Ол,
əсіресе Мароккан агрессиясы кезінде кең өрістеді. Құлдар көтерілісі
Сонгайды ішінен əлсіретіп, оның жойылуының бір себебі болды.
Канем-Борну мемлекеті.Бұл мемлекет Чад көлінің Батысы мен
шығысын алып жатты. Ол тарихта VІІІ ғасырдан бері белгілі. ХV
ғасырдың аяғындағы Канем мемлекетінің сыртқы саясатындағы
сəтсіздігі уақытша болды. Катакармаби /І504—І526/ патшалығы
кезінде сыртқы жаумен күресте елеулі табыстарға қол жете баста-ды.
Бұл кезде булалтайпасының Канемді басып алған бөлігі жеңіліп,
астана Нджими қайтарып алынды. Дунам /1546—1563/ патшалығы
кезінде Булал тайпасы толығымен Канем-Борну мемлекетіне
бағындырылды. Ыдырыс Алум /І58І-І603/ билігі кезінде Канем-Борну мемлекеті гүлдене түсті. Туниспен қатынас орнатып, Ыдырыс
мылтық, оқ-дəрі алып, сондай-ақ түріктер əскер-соғыс ісіне дайын-дап, үйреткен солдаттарды жалдай алатын болды. Сөйтіп, əскерін
күшейтті. Оңтүстігіндегі гамерга, мусгу-котеко, будуматайпалары
бағындырылды. Сонан соң Ыдырыс армиясы Аирга еніп, бербер
тайпаларын бағындырды. Ыдырыс тұз қоймасы орналасқан Кауар
көгал алқабын басып алған соң Борну бүкіл орталық Судандағы
бірден-бір тұз саудасының иесіне айналды.
ХVІІ ғасырдан бастап Борнуге туарегтер мен коророфа
тайпаларының шабуылы қайталанды. Олардың бірлескен отрядтары
астана Каср Эггмоны қоршап алды. Əрең дегенде қоршау бұзылды.
Феодалдық құрылыста алғашқы қауымдық, құл иеленушілік
құрылыстардың, матриархаттың қалдықтары сақталып қалған еді.
Патша шешесі — магира мен елдің бірінші бикесі — гумсаның сая-си өмірдегі рөлі зор болды. Патшаның билігі мемлекеттік кеңеспен
шектелді. Оның беделді мүшелері армия қолбасшысы — каигама,
премьер-министр галадима, патшаның əкесі немесе баласы — ери-ма, астаналық облыстың губернаторы — чирома болды. Канем-Борнудың мəдениеті көрші халықтарға зор ықпал етті.
Оңтүстік Нигерия мемлекеттері. Оңтүстік Нигерия мемле-кеттері бірінші болып еуропалықтардың құл саудасына тартыл-ды. Бұл іске араласу олардың экономикасы мен саясатына елеулі
өзгерістер енгізді. Оны осы аудандағы ірі мемлекет — Ойоның мы-салынан көруге болады.
ХVІІ ғасырдың ортасына қарай Ойо мемлекетінің билігі Нигер
өзенінен Анечоға /Ломенің шығысында/ дейінгі бүкіл оңтүстік
Нигерияға жайылды. Құл саудасына тартылу үкіметті үлкен ар-мия ұстауға, көршілермен құл алу үшін үздіксіз соғыс жүргізуге
мəжбүр етті. Бұл соғыстар тек Ойоның ғана емес, оған тəуелді
мемлекеттердің де экономикасын күйзелтті. Орталық үкімет билігі
əлсіреді. Ойоның солтүстіктегі иелігінде қауіпті жау-фульбе тайпа-сы күшейді.
Негізін эдо халқы құрайтын Бенин патшалығы Оңтүстік
Нигериядағы ежелгі мемлекеттердің бірі болды. Оның құрылу
уақыты белгісіз. XII ғасырдың ортасына дейін жергілікті əулет
басқарды. Агефа патша өлген соң билеуші топ діни көсемнен ақыл-кеңес сұрады. Ол Эвек дегенді патшалыққа ұсынды. Бенин осы
маңдағы елдердің ішінде ең бірінші болып еуропалықтармен ара-ласа бастады
362 363
1484 жылы Бенинге Португалдық д’Авейро келді. Ол мұнда оқ-дəрімен атылатын қару əкелді. Ол кезде Бенин патшасы Окпама
еді. Оның баласы Эзигие португал тілін меңгерді, Португалияға
католик дінімен танысуға миссия жіберді. Португалдық монахтар
тəрбиесінде болған Орхогба патша /1540/ католик дінін қабылдады.
Бенин құл саудасына тартылып, одан тек зардап шекті.
Алтын Жаға, піл сүйегі мемлекеттері. Олар ежелден Батыс
Суданның рыногымен алтынмен, қола жаңғағымен сауда жа-сап, тығыз байланыста болды. Жағалауда ерте заманда-ақ ерекше
өркениет қалыптасты. Оны материалдық мəдениет қалдықтары
дəлелдейді. Мемлекеттік бірлестіктер ерте қалыптасты. Алғашқы
мемлекет жағалаудың солтүстігінде пайда болды. ХІІІ ғасырдан ба-стап ірі Боно жəне Банда мемлекеттері белгілі. Боно мемлекетінің
астанасы Боно-Мансу қаласының қалдығы жоғары дəрежеде
дамыған мəдениет пен экономика болғандығын көрсетеді.
Бұл ауданның экономикалық дамуында Алтын жағаның
жергілікті халқы гуанамның құрған Гонжа патшалығы маңызды рөл
атқарды. Ол кола жаңғағына ең бай мемлекет болды. ХV ғасырда
Гонжаны дагомба халқы жаулап алды. Бірақ бірнеше он жылдықтан
соң дагомба үкіметі құлатылды. Азаттық күресі шыққан тегі ман-динго Сумейл Ндевур Якпа басшылығымен жүргізілді. Ол Гонджа
мемлекетін қайта орнатып, оның аумағын кеңейтті. Астана — Нианг
қаласы болды. Салагу қаласында Алтын жағадағы кола жаңғағы-ның ең ірі рыногы болды.
Ашанти Конфедерациясы. Алтын жағаның ең ірі мемлекеті
Ашанти болды. Ол ХVІ ғасырда бірнеше мемлекеттің бірігуінен
пайда болды. Астанасы — Кумаси. Бұл мемлекет құрамына кірген
халықтар ақан тілдік тобына жататындар болды. Кішкентай Ашанти
князьдықтары дома тайпасына қарсы күресте бірікті. Ол күрестегі
жеңіс одақты нығайтып, үлкен феодалдық мемлекеттің негізін
қалады. Кейін көрші Денкире патшалығының қаупі бұл одақты
онан əрі шыңдай түсті. Мемлекетті атадан балаға мұра ретінде
беріліп отыратын патша-ашантехене басқарды. Ол патша — ананың
кеңесі бойынша сайланатын. Оның кандидатурасы көсемдер мен
ақсақалдар жиналысында бекітілетін.
Ашанти үкіметінің əкімшілік аппараты министрлер мен
кеңесшілерден тұрды. Саясатта патша ана елеулі рөл атқарды. Оның
ақыл-кеңесін ашантехене ескеріп, басшылыққа алып отырды. Пат-ша — ананың өз кеңесшілері болды.
Эфиопия.ХVІ ғасырдың басында Эфиопияда феодалдық
бытыраңқылық күшейді. Елдің ішкі жағдайы сондай-ақ көрші
көшпелі тайпалардың шабуылымен де нашарлап кетті. Арабтар
Эфиопияны басып алуға тырысты. Сыртқы қауіп негустерді
еуропалықтармен одақ құруға итермеледі. 1510 жылы эфиоптықтар
Португалияға елшілік жіберді. Келіссөз көпке созылып кетті. Тек
1520 жылы ғана Массауаға шағын португалдық елшілік келіп жетті.
Ал оның алдында, 1516 жылы негус Лебна Денгаль ірі Сомали эми-раты Адалға шабуыл жасап, Зейлу аралын басып алды. Бұл та-быс Эфиопияның уақытша бірігіп, өзара қырқысуды тоқтатуының
нəтижесі болды. 1527 жылы Лебна Денгаль жаңа жорық жасап,
Адалға тағы да қатты соққы берді.
Харрара патшасы Ахмед Гран өз қаласына шағын жағалық
эмираттарды біріктіріп, Эфиопия аумағына шабуыл бастағанда
теңіздегі жағдай өзгерді. Ол Эфиопия армиясын екі рет талқандап,
Харрараға көп олжамен оралды. 1529 жылы Гран Эфиопияға екінші
жорық жасап, алдымен Шоа, сонан кейін Амхара провинцияла-рын басып алды. Гранның əскері Аббаидың сол жағаларындағы
барлық Эфиопия қалаларын талқандап, өртеп жіберді. 1534 жылы
Эфиопияның ежелгі астанасы Аксумды талан-таражға салып
өртеді. Лебна Денгаль аман қалған əскерімен Тан көлінің оңтүстік
шығысындағы Дараға қашты.
1535 жылы Гран тағы да Эфиопияға шабуыл жасап, талан-таражға салды. Эфиопия негусының қол астында шағын ғана аумақ
қалды. Лебна Денгаль Португалияға екінші елшілік жіберді, əскери
көмек сұрады. Елшілікті португалдық Бермудес басқарды. Ол
Эфиопиядағы шіркеудің абуны /митрополиты/ болатын. Эфиопияға
көмекке португалдық Гао провинциясынан 500 солдат жіберілді.
Бірақ бұл отряд Эфиопияға 1541 жылғы маусымда ғана келіп жетті.
Алғашында Эфиопия əскері мен Кристоф да Гама басқарған порту-гал отряды Гранның қолын артқа шегіндерді. Бірақ 1542 жылғы та-мызда португалдық əскер жеңілді. Кристоф да Гама болса тұтқынға
түсіп, басы алынды. 1543 жылы эфиоптар мен португалдықтар
барлық күшін жиып, 10 мыңдық Гран əскерін талқандады. Ахмед
Гран өлді. Қысқа мерзімде эфиоптықтар барлық жоғалтқан
аумақтарын қайтарып алды. Хадийя жəне Дамот облыстарын басып
алып, эфиоптықтар өз аумағын бұрынғысынан бетер кеңейтті.
ХVІ ғасырдың бірінші жартысында рулық құрылыстың
кұлдырау кезеңіндегі көшпелі мал шаруашылығымен айналыса-тын галла тайпалары Абиссиния қырқалары жақтағы облыстарға
жақындай бастады. Эфиопияның бұл солтүстік аудандары Гран-ның жорықтарынан кейін бос қалған еді. Галла тайпалары бұл
364 365
аудандарға еш соғыссыз-ақ кіре бастады. Бірте-бірте галлдықтар
жергілікті халықпен араласып кетті. Негустер галлдықтардан жалда-малы əскер құрды. ХVІ—ХVІІ ғасырларда галлдықтар Эфиопияның
оңтүстігіндегі Шоа жəне Амхара облыстарының тұрғындарының
едəуір бөлігін құрады.
Эфиопия негустарының Гранмен күресінде көмек көрсеткен
португалдықтар өздерінің саяси ықпалын бекітіп, онан əрі кеңейтуге
тырысты. Бұл ықпалды күшейтуді олар католицизмді тарату арқылы
жүзеге асырмақ болды. Олар шіркеудің өте зор идеологиялық, сая-си ықпалын ескерді. Португалдықтар католик миссионерлерінің
қызметіне рұқсат алды.
ХVІ ғасырдың ортасы сепаратистік пиғылдағы феодалдардың
орталық үкіметке қарсы бүліктерімен, феодалдық қырқысуларымен
белгілі. 1561 жылы негусқа қарсы феодалдық бүлік болды. Үкімет
əскері бүлікшілерді талқандады. Жеңілген бүлікшілер Түркияға
қашып, оның патшасынан көмек сұрады. Жеңіске жеткен күнде
түріктерге Дебороа мен Массауа аралығын бермек болды. Бүлікті
епископ басқарған португалдық миссионерлер де астыртын
қолдады. Бұл əрекет жөнінде біліп қойған негус католик дінін
əрмен қарай таратуға, португалдықтардың Эфиопиялық əйелдерге
үйленуіне тыйым салып, миссионерлерінің басшыларын елден
қуды. Португалдықтар католик дініне көшуге уəде берген бүлікшіл
феодалдар жағына ашықтан-ашық шықты. Бүлікшілерді 1562
жылы Эфиопия армиясы талқандады. Көмекке кешігіп келген түрік
əскерлері де жеңілді.
Дегенмен кейінірек Эфиоптық негус пен феодалдарға пор-тугалдықтар ықпалы күшейді. Негус бастаған бір топ феодалдар
католик дінін қабылдады. Эфиопия шіркеуі негусқа қарсы көтеріліс
ұйымдастырды. Бұл діни соғыс елден португалдық миссионерлер
мөн көпестерді қуумен аяқталды.
Португалдықтар қуылған соң Эфиопия шіркеуінің ықпалымен
елде оқшаулану, жекелену, басқа елдермен қатынас үзу үрдісі орын
алды. Сыртқы қауіптің жойылуы феодалдардың орталық үкіметтен
құтылу ниетін тудырып, Эфиопияның феодалдық ыдырауын
тездетті.
ХVІІ ғасырдың басында ірі феодалдардың сепартистік пиғыл-дары күшейді. Негустер ірі феодалдардың артықшылықтарын
кысқартуға /шектеуге/ тырысты. Бірақ бұл əрекет қарсы күресті
үдетті. Галла тайпаларының шонжарлары бұл жанжалға белсене
араласып, орталық үкіметті жоюға күш салды. Ақыры көптеген
провинциялардағы үкімет билігі галлалардың қолына көшті.
ХVІ—ХVІІ ғасырлардағы Судан. ХVІ—ХVІІ ғасырларға
қарай Суданда ислам діні берік орнықты. ХV ғасырдың екінші
жартысында ең соңғы христиандық басшы Алва тақтан құлатылды.
Бірнеше жаңа мемлекеттер құрылды. Оның ішіндегі ең ірісі
Сеннар мен Дарфур болды. Біріншісінің негізін фунг халқы құраса,
екіншісінің негізін фур /фор/ халқы құрады. Бұл жоғарғы Нилдегі ең
бірінші мұсылман мемлекеттері болды. Сеннар мемлекеті Ақ жəне
Көк Нил аралығын, Рахад жəне Диндар өзендерінің алқаптарын алып
жатты. Бенимар, беджа т.б. көшпелі тайпалар Сеннарға тəуелділігін
мойындады. Сеннардың негізгі шаруашылығы — суармалы егін-шілік болды. Олар бидай, тары, жүгері, бұршақ, қауын, қарбыз,
келімдəрі екті, мақта өсіріп, одан дамур деп аталатын ерекше мата
тоқыды. Мал шаруашылығы да кең орын алды. Қодас, түйе, есек,
жылқы ұстады.
Сеннар сыртқы саудаға белсене қатысты. Дəстүр бойынша
көпестердің басым көпшілігі шет жерліктер /египеттіктер, түріктер/
болды. Олар Таяу Шығыс елдеріне Сеннар басшыларының оңтүстік
пен батысқа жиі-жиі жасап отырған шапқыншылық жорықтарында
қолға түскен тұтқындарын құлдыққа апарып сатып отырды. Елге
темір, əйнек, қару, əшекей бұйымдары, келімдəрі əкелінді.
Сеннардың өз ақшасы болмады, саудада египет, түрік, испан
ақшалары пайдаланылды. Жергілікті шикізаттар, бұйымдар
айырбас ретінде пайдаланылды: мысалы, тұз, темір, дамур матасы,
найзаның ұшы /наконечник/. Ірі рыноктар тек Сеннарда ғана емес,
сондай-ақ Донгол, Бербер, Суакин, Шенди жəне басқа қалаларда
болды. Кейбір аудандар ауылшаруашылықтың, қолөнердің белгілі
бір түрімен ғана шұғылданды. Бидай мен финиктер Сеннар мен
Шендиден шығарылса, Эфиопиямен шекаралас жерлерден алтын
аралас құм, темір, мыс өндірілді, ал Кордофаннан құлдар əкелінді.
Донголда жылқы өсірді.
Үкімет басында сұлтан тұрды. Оның билігі ақсүйектер кеңесімен
шектелді. Ол кеңеске провинция əкімдері кірді. Əсіресе өз қолына
нақтылы билікті шоғырландырған текті вельможадан тұратын
құпия кеңестің рөлі зор болды. 1577 жылы қайтыс болған Декин
шариатқа негізделген заңдар шығарды. Сұлтан тағайындайтын
кадидің билігі күшті болды. Тек өте маңызды мəселелер ғана сұлтан
сотында қаралды.
Сеннардың орталық бөлігінің тұрғындары адам басынан
жерге, малға, саудадан түскен табысына салық төледі. Провинция
тұрғындары мен көшпелі тайпалардан үнемі алым-салық жиналып
366 367
тұрды. Бірақ оның мөлшері дəл анықталып, бекітілген жоқ еді.
Сонымен қатар үкімет басшылары рыноктан жəне кедендік
салықтардан, əскери жорықтардың олжаларынан, сотталғандардың
тəркіленген мүлкінен табыс тауып отырды.
Сеннарда, зерттеушілердің пікірі бойынша, ХVІ ғасырда
феодалдық меншік қалыптасты. Ең ірі феодал сұлтанның өзі болды.
Оның ең жақсы егістік, жайылым жері, сансыз көп малы болды. Ол
шонжарларға уақтылы салық жинап бергені, əскери жорықтарға
қатысқаны, керуен тасысқаны үшін жер үлестіріп берді. Сонымен
қатар шаруалардың қауымдық меншігі де сақталды. Біртіндеп ол
қауымдар тəуелділікке түсе бастады. Құл иеленушілік те сақталды.
Ең ірі құл иеленуші де сұлтанның өзі болды. Құлдар еңбегі
негізінен үй шаруашылығында пайдаланылды. Құлдардан ұлан
отрядтары құрылды, құлдарды шекараны қорғауға бекіністерде
пайдаланды. Оларға жер бөлініп берілді, сол үшін түскен өнімнің
белгілі мөлшерін үкіметке өткізіп отырды.
Дарфурде ислам діні үстемдік құрды. Заң негізіне мұсылмандар
шариаты алынды. Мұра ретінде əкеден балаға көшіп отыратын
сұлтанның билігін тайпа көсемдерінен шыққан тектілер кеңесі
шектеп отырды. Оның мүшелері “абу” /”əке”/ деген атақ алатын /
мыс. абу коджара-коджара тайпасының əкесі; абу дунуга-дунуга
тайпасының əкесі, т.с.с/. Сондай-ақ кіші құпия кеңес те болды. Абу-фор деген де қызмет болды. Ол сұлтанның ең жақын көмекшісі,
кеңесшісі, орынбасары /оң қолы/. Заң бойынша ол сұлтанмен
бірге өлуі керек болатын. Үлкен кеңестің мүшелерінің міндеттері
дəл анықталып қоятын. Оның 2 мүшесі, мысалы, салық жинауға,
бірі — жер дауын шешуге, енді бірі — сыртқы істерге, тағы бірі
— сұлтанның құлдары мен малдарына жауапты болды. Кеңестің
құрамында бірнеше əскер басшылары да болды. Провинцияларда
жергілікті үкіметті сұлтан тағайындайтын əкімдер басқарды.
Олардың колындағы билік өте күшті болды. Олардың қарамағында
əскери отрядтары да болды.
Салықты қауым емес, оның жеке мүшелері төледі /əркім өзі
үшін/. Тек көшпелі тайпаларда салық əрбір адамға емес, тайпаға
немесе сол тайпаның бір шағын тобына салынатын. Салық мал-мен, азық-түлікпен өтелетін. Қосымша салық та болды. Мысалы,
рынокқа шығарылған тауардың құнының 1/10 бөлігі, балық аулау,
сыртқы саудамен айналысу құқығы үшін ақы төленетін. Сонымен
қатар қазынаның табысы сотталғандарға салынатын айып пен
жазаланғандардың мүлкін тəркілеу есебінен толықтырылып отыра-тын.
Сеннардағы сияқты, Дарфурда да құлдық болғанымен,
ол шаруашылықта айтарлыктай рөл атқарған жоқ. Ең ірі құл
иеленушілер сұлтанның өзі, оның шонжарлары болды. Ол құлдар
шағын учаскелер алып, қожайындарына жұмыс істеді.
Керуен жолы Дарфурды Сеннармен, Египетпен, Туниспен
Алжирмен, Эфиопиямен, тіпті Аравиямен байланыстырды. Ол
жолдың бойында қалалар салынып, өсе түсті. Əсіресе елдің
орталығындағы Коббе қаласы үлкен болды. Елге қару-жарақ, темір,
мыс, индия мен египет маталары, айна, қағаз, т,б. товарлар түсіп жат-ты. Ал Дарфур сыртқы рынокқа түйе, піл сүйегін, теріден жасалған
мес, құлдар шығарып отырды. Елде біркелкі ақша жүйесі болмады.
Бұйымды-бұйымға, матаға, тұзға айырбастап алатын.
ХVІ—ХVІІ ғасырларда Судан халықтарының мəдениеті өзінің
ескі дəстүрін сақтай отырып, енді жалпы араб мəдениетінің құрам-дас бөлігі ретінде дами бастады. Бастауыш мектептер көптеп ашыл-ды. Онда балалар құранды, араб тілін оқыды. Араб тілінде сот істері
жүргізіліп, жарлықтар шығарылды.
Сеннар мен Дарфурдың тұрғындары жоғары білімді аль-Азхарда
/Каирде/ алатын. Бұл елдерге басқа ислам елдерінен білімді адамдар
келіп қоныстанды. Хроникалар, үрім-бұтақ кестелері, əдеби-тарихи
шығармалар жазылып отырды. Сол кездегі көрнекті жазушылардың
қатарына Хаммад ибн Мухаммед ибн аль-Мумаих /1646—1730/ пен
Мухаммедан-Ну аль Джам /1728—1809/ жатады.
Іші-сырты көрікті безендірілген, қымбат жиһаздарға толы
мешіттер де көптеп салынды. Француз саяхатшысы Понсенің дерегі
бойынша Сеннарда ХVІІ ғасырдың аяғына қарай 100 мың халық
тұрған. Сұлтанның 6 қабат сарайы, қала тұрғындарының кірпіштен
салынған үйлері, əсем мешіттер болған.
ХVІ—ХVІІ ғасырлар Танганьика мен Ньяса, Виктория мен
Альберт көлдерінің аралығындағы Китараның бірнеше шағын
мемлекеттерге бөлініп кету кезеңі болды. Оның орталық бөлігінде
құрылған мемлекет Буньоро болды. Елді азық-түлікпен егінші
банту тайпасы қамтамасыз етіп отырды. Бірақ билеп-төстеушілер
мал шаруашылығымен айналысатын нилот тайпасы болды.
Əскери отрядтардың да негізгі күші солар болды. Үкімет басшы-сы омукаманыңбилігі күшейе түсті. Биліктің əкеден балаға мұра
ретінде көшетіндігі туралы заң болмағандықтан, тақ үшін талас
туып отырды. Соның салдарынан ХVІІІ ғасырда Буньоро мемлекет
болудан қалды. Китараның бұрынғы вассалдары Нкоре /Анколе/
мен Буганда қуатты тəуелсіз мемлекеттерге айналды. Нкоренің ең
алғашқы үкімет басшысы — омугабесі — Нкуба болды.
368 369
Бұл елдің тұрғындарының басым көпшілігін Танту тілінде
сөйлейтін байрутайпасының диқандары құрады. Олар бүкіл қоғамды
егінмен, көкөніспен қамтамасыз етіп отырды, қолөнерімен айналы-сты. Байрулардың ірі қара мал ұстауға, құнарлы жайылымдарға
қоныстануға құқы болмады. Олар негізгі салық төлеушілер,
жұмыс күші болды, бірақ олар əскерге алынбады, басшы қызметке
тағайындалмады. Бұл міндеттер нилоттілдес мал шаруашылығы-мен айналысатын бахималардыңүлесі болды. Малы бар адамдар
құрметті адамдар деп есептелді. Малға бай адамдар үлкен қызмет
орындарына тағайындалатын. Малды — жақсы кызметі мен əскери
ерлігі үшін жалақы-награда ретінде беретін. Бағынбағаны, тəртіп
бұзғаны үшін малын алып қоятын.
ХVІ ғасырдың аяғына қарай көлдердің оңтүстігінде Руанда
жəне Бурунди мемлекеттері құрылды. Оларда негізінен 3 тайпа
халықтары: тутси, хуту, тватұратын. Малшы тутсилер басшы рөл
атқарды. Тутсилерге əскери іспен ғана айналысу керек деген қағида
қалыптасты. Олар басқа тайпаларға менмендікпен қарады.
Диқан хутулар тəуелді, қаналушы топ болды. Олар жердің иесі
деп есептелді. Олардың мал ұстауға құқы болмады, тек тутсилердің
малын бағуға рұқсат етілді. Малдан түсетін азды-көпті табысты пай-даланды. Ал үшінші топты құрайтын тваның ешбір құқы болмады.
Олар тутси, хутулардың малайлары болды. Тек Буганда деген мем-лекетте ғана малшылар көрнекті роль атқармады. Мұнда диқандар
да, малшылар да тең құқықты болды. Басшы қызметке қабілетіне
қарай тағайындалды. Буганда ХVІ ғасырдың аяғына карай толық
тəуелсіздігін алды.
Замбези мен Лимпопо өзендерінің аралығында Мономотапа де-ген мемлекет өмір сүрді. Оның халқының негізін мошона тайпасы
құрады. Мемлекеттің негізін қалаушы Мутота /ХV ғ./ болды. Оның
үрім-бұтағы 1917 жылға дейін басқарды. Мономотапаның құрамына
қазіргі Зимбабве толығымен, Мозамбиктің бір бөлігі кірді. Чикуйдің
/1494—1530/ басқарған жылдарында елде тыныштық болды. Ірі жер
иелері — фумостың қатары өсе түсті. Шаруашылықтың басты сала-сы егіншілік болды. Сондай-ақ аңшылықпен, балық аулаушылық-пен де айналысты.
Қолөнері, металл өндіру мен өңдеу кең өріс алды. Шаруаларға
азық-түлік салығы салынды: аңшылар, қолөнершілер де нату-ралды салық төледі. Салық уақтылы жиналып отырды. Құлдық
болғанымен, ол елеулі рөл атқармады. Салт-дəстүрлер берік
сақталды. Əруақтарды құрметтеу кең орын алды. Португалдық
миссионерлердің тұрғындарды католик дініне енгізу əрекетінен
түк шықпады. Дегенмен олар 1561 жылы үкімет басшыларын
шоқындырып үлгерген еді.
Мономотапаның жеке облыстарының арасындағы байланыс на-шар болды, ортақ рынок қалыптаспады. Натуралды шаруашылық,
провинциялардың экономикалық тəуелсіздігі сақталды.
ХVІ—ХVІІ ғасырларда Мономотапа шығыста жаңа күшпен
— португалдықтардың алғашқы экспедициясымен қақтығысқа
ұшырады. Олар өздерінің оңтүстіктегі базалары Мозамбик пен
Софаладан шықты. 1550 жылға қарай португалдықтар материктің
түкпірінде /ішінде/ Сену жəне Тете деген тірек пункттерін салып
үлгерді. Бұл пункттер мен бекеттер үшін португалдықтар қымбат
сыйлықтар мен ақша төледі. Сол себепті олар еш қарсылықсыз,
тежеусіз елдің ішінде жүріп-тұруға рұқсат алды. ХVІ ғасырдың
екінші жартысында португалдықтар шет елдерде əскер күшімен
емес, келісімдер арқылы орнығып алу бағытын ұстанды.
Дегенмен 60—70 жылдарда күшпен жаулап алуға да əрекет жа-сады. 1563 жылғы экспедиция елді жаулап алу, алтын кеніштерін
анықтап, оларды басып алу мақсатын көздеді. Найзамен, садақпен
ғана қаруланған жергілікті əскер португалдық мушкетерлерді
тоқтата алмаса да, шамасы келгенше қарсыласып бақты. Келесі
экспедициялар да қарудың күшімен жүргізілді. Сол кездегі
шайқастарды көзімен көрген куəлер қара түсті жергілікті халықтың
қайтпас қайсарлығын, ерлігін ерекше атап өткен. Ұзаққа созылған
соғыстың бірінші кезеңі — 1569—1573 жылдар — португалдықтар
үшін сəтсіз аяқталды — олар Мономотапаны басып ала алмады..
Жаңа жорық 1574 жылы басталды. Португалдықтар Читеве
облысының басшысынан оның жері арқылы жүріп-тұру рұқсатын
ала алмады. Əскери жорықтың басшысы Мономотапа уəкілдерінен
Чиков облысындағы күміс рудниктерін пайдалануға рұқсат
алғанымен жергілікті басшы бұл келісімді мойындаудан, рудникті
көрсетуден бас тартты. Португалдықтар ішкі облыстарды басып
ала алмады. Дегенмен олардың мономотапа басшыларына саяси ық-палы сақталып қала берді. Үкімет өзіне бағынғысы келмей, бөлініп
кетуге тырысатын вассалдарын бағындыру үшін португалдықтар
көмегіне сүйенетін. Ол көмекті, əсіресе Гатси Русере /1596—1627/
кеңінен пайдаланды. Португалдықтарға ризашылығын білдіре от-ырып, олар үшін елдің ішінде емін-еркін жүріп-тұруға, қару ұстап
жүруге рұқсат етілді. Мұны португалдықтар баю мақсатына пайда-ланды. Олар тонаушылықтан да тайынбайтын.
370 371
Бұл шектен шығушылық қалың халық бұқарасының наразы-лығын туғызды. Ол наразылық үкімет пен оның одақтасы
португалдықтарға қарсы көтеріліске əкеп соқты. Көтерілістің
шырқау шегі 1607 жылы болды. Оны басқарған бұрынғы бақташы
Матузиане өзін ел басшысы деп жариялап, сауда жолдарын кесіп
тастады. Португалдық аркебузерлердің көмегімен Мономотап
үкіметі Матузианені қуып жіберді. Бұл көмегі үшін үкімет басшысы
барлық алтын, күміс, мыс, темір, қалайы кеніштерін Испания мен
Португалия короліне беруге мəжбүр болды. Ол жөнінде 1607 жылы
1 тамызда келісім жасалды.
Бұл шара уақыт ұтып, тойтарыс беруге қажетті күш жинау үшін
жасалса керек деген пікір де айтылады. Осы келісім арқасында
көтеріліс толық басылып, оның көсемі өлтірілді. Орталық өкімет
билігін қалпына келтіріп алып, 1609 жылы патша тонаушылық,
зорлық-зомбылық, қатыгездік күнделікті істеріне айналған шетелдік
келімсектерді қуып шығуға бекінді. Оған сылтау да табылды: жаңа
португалдық əскер басшысы Мономотапаға бұрынғы əдет бойын-ша жіберілуге тиісті сыйлықты — круаныжібермеді. Сөйтіп, осы
1609 жылдан өз билігінің соңына /1627/ дейін Гатси Русере Еуропа
басқыншыларына қарсы ашық күреске шығып, оларды өз еліне
жібермеді. Бұрынғы келгендері қала берді. Бірақ олар кеніштерге
жолатылмады.
Гатси Русеренің мұрагері Капранзине сол саясатты əрі
жалғастырды. Ол 1628 жылы португалдықтар мүлкін тəркіледі,
оларға қарсы соғыс ашты. Алғашқы қысқа мерзімді жеңістен кейін
оның əскері жеңіліп қалды. 1629 жылы Капранзине тақтан түсті.
Оның орнына португалдықтарды жақтайтын Мануза отырды. Ол
өзін Португалия королінің вассалы деп мойындады. Келісім бойын-ша келімсектердің кеніштердегі жұмысына рұқсат етілді, мұсылман
көпестері қуылды, əрбір жаңа португалдық əскер қолбасшысына
сыйлық жіберілетін болды; миссионерлер уағызына рұқсат етілді.
Манузаның өзі христиан дініне кіріп, Филипп деген ат алды.
Бірақ португалдықтарға деген өшпенділік, оларға қарсы күрес
Манузаның тұсында да, одан кейін де тоқтаған жоқ. Бұл күрес на-шар ұйымдастырылғандықтан тез басып тасталып отырды. Тек
1684 жылы розвихалқының көсемі Чангамир Домбо жеңіске жетіп,
португалдықтарды қуып шыға бастады. Бірақ 1685 жылы Чангамир
Домбо қайтыс болған соң ғана португалдықтарды толық қуып
шығу мақсаты орындалмай қалды. Бірақ енді португалдықтар
бұрынғы дандайсуларын тежей бастады. Мономотапа империясы
да қалжырап, ыдырай бастады. Ол бірнеше шағын мемлекеттерге
бөлініп кетті.
ХVІ—ХVІІ ғасырлардағы жағалық шығыс Африка.ХVІ—
ХVІІ ғасырларда жағалық қалалар тəуелсіз болды. Оларды ескі
əулеттер басқарды. 1498 жылы Малиндиге Индияға бара жатқан
Васко да Гама тоқтаған болатын (жергілікті лоцман оның эскадра-сын Каликутке бастап барған). Португалдықтардың басты мақсаты
Индия болатын. Ал Африканың шығысындағы жағалық елдер мен
мекендер алыс сапарда тоқтап, дем алып, азық-қорын толықтырып,
кемелерді жөндеп алу үшін керек еді.
Бірақ 1502 жылы Килва көсемі салық төлеп тұруға уəде берді.
Ал 1505 жылы Килвада еуропалықтар бекінісі салынып, 500 сол-дат орналастырылды. Сол жылы Софала мен Мозамбикте де
португалдықтар форттары пайда болды. Осы кезден бастап шығыс
жағалықтағы жетекші рөл тəуелсіздігін жоғалтқан Килваның ор-нына оның Солтүстігіндегі Пата, Момбаса, Малинди қалаларына
көшті. Бұл бай, гүлденген қалалар еді.
Негізгі дəнді дақылдар тары мен күріш болды. Сонымен
қатар мұнда жеміс те /апельсин, лимон, банан, гранат, жүзім.../
өсірілді. Көкөніс, мақта, қант тростнигі де өсірілетін. Балық ау-лау шаруашылықтың маңызды саласының бірі болды. Теңіз
тасбақаларының кабыршығын жəне інжу жинаумен де шұғыл-данды. Мал шаруашылығы онша маңызды орын алған жоқ. Кенияда
сиыр малы өсірілді. Қой да бағылатын. Аңшылықпен де айналыса-тын. Піл сүйегі, барыс, жираф, леопард, маймыл т.б. аңдардың бағалы
терілері едеəуір пайда келтіретін. Жағалық елдердің тұрғындары
пайдалы кен қазбаларын өндірумен де шұғылданды.
Қолөнершілер əртүрлі металдан, сүйек пен ағаштан əшекей
бұйымдар, қару-жарақтар, еңбек құрал-жабдықтарын жасады.
Саудамен де айналысты. Сауда негізінен Таяу Шығыс елдерімен,
Индиямен, тіпті Қытаймен, Индонезиядағы елдермен де жүргізілді.
Бұл бай қалалар мен мемлекеттер ХVІ ғасырдың аяғында, ХVІІ
ғасырда қиын жағдайда болды. Оңтүстігінен-португалдықтар,
солтүстігінен арабтар қыспағына ұшырады. Осындай қауіп алдын-да жағалық қалалардың басшылары, көбінесе португалдықтармен
одақтаса бастайтын. Тек Момбаса ғана біраз уақыт өз тəуелсіздігін
сақтап тұрды. Ол 1505, 1528, 1589 жылдарда португалдықтар шабу-ылын тойтара алды.
ХVІІ ғасырдағы португалдықтарға қарсы күштің орталығы
Пате қаласы болды. Онда 1637, 1660, 1678, 1686, 1687 жылдарда ірі
көтерілістер болды. Олардың азаттық күресіне Оманнан жіберілген
отрядтар көмектесті. Бірақ барлық көтерілістер ақыры жеңіліп от-
372 373
ырды. Тек 1698 жылы Пате мен Оманның біріккен қарулы күштері
португалдықтардан Момбасаны, кейінірек — Занзибарды азат
етті. ХVІІІ ғасырда шығыс жағалықтағы Африка калалары Оман
сұлтанының вассалына айналды. Оның наместнигі Занзибарды
өзінің резиденциясы етті.
Мадагаскар. Бұл аралдың халқы бір жағынан африкандықтар
болса, екінші жағынан шығыс азиялық полинезеестер болса керек.
Олар мал бағумен, балық аулаумен, егіншілікпен айналысты.
Дақылдардың негізін күріш пен банан құрайтын. Өте қолайлы ауа
райы тəтті өсімдіктерді негізгі табыс көзіне айналдырды.
Аралдағы қалалардың біріккен одағы болмады. Аралдың
орталығында ХІV ғасырда Имерина мемлекеті құрылып, 150 жыл өз
билігін бүкіл Мадагаскарға таратты. Аралда байлар «андриандар»
деп, ерікті егіншілер мен бақташылар — «хува» деп, құлдар — «ан-деву» деп аталды. ХVІ—ХVІІ ғасырлар аралығында аралда оқпен
атылатын қару тарала бастады. Оның көмегімен мемлекеттік билік
күшейе түсті. Радзита /1547—1567/ мен Раламбу /1575—1610/ деген
үкімет басшылары арабтарға, еуропалықтарға құлдар сатумен де
айналысты. ХVІ ғасырда аралдың батысында сакалавтар мемлекеті
құрылды. XIX ғасырда Имерна əскерінің соққысына шыдай алмаған
сакалавтар мемлекеті кұлады. ХVІ ғасырда еуропалықтар арал-ды отарға айналдыруды ойластыра бастады. Арал оларға Марко
Полоның айтқанынан ХІІІ ғасырда-ақ белгілі болған еді.
1528 жылы португалдықтардың мұндай əрекетінен ештеңе
шықпады. ХVІІ ғасырдың ортасында аралды басып алу əрекетін
Англия жасады. Əсіресе Франция бұл іске белсенді кірісті. Француз
теңізшілері аралда ең алғаш 1529 жылы болған еді. ХVІІ ғасырдың
ортасындағы əрекетінен еш нəтиже шықпаса да, 1686 жылы
Францияның Мемлекеттік кеңесі аралды өз иелігі деп жариялады.
ХVІ—ХVІІ ғасырлардағы Конго өзені бойындағы мемле-кеттер. ХVІ ғасырға қарай бұл регионның халықтары алғашқы
қауымдық қоғамның ыдырау сатысында еді. Тек аз бөлігі ғана
алғашқы таптық қоғам сатысына өтіп, өз мемлекеттерін құрған
болатын. Экватордың оңтүстігіндегі банту халқы ол жерге біздің
ғасырымыздың мың жылдығында қоныстанды. Олардың басқа
халықтардан ерекшелігі бар еді. Құпия қоғамдарға бірігу, жас
ерекшелігіне қарай топтасу, құдай соты дегендер кең өріс алды. Бұл
институттар жалпы қоғам мүддесін емес, билеп төстеуші топтардың
артықшылықтарын нығайтуды көздеді. Жоғарғы басшының билігі
ақсүйектер кеңесінің шешімімен шектеулі болды.
ХІІІ—ХІV ғасырларда баконгохалқы құрған Конго мемлекеті
көрші халықтарды бағындырып, оларды салық төлеп тұруға мəжбүр
етті. Конго мемлекеті халқының негізін ерікті диқандар құрады.
Жер қауымның иелігі деп саналды, ал шын мəнінде қауым басшыла-ры арқылы жерді үкімет басшысы Мани-Конго өз қолында ұстады.
Шаруалар түскен өнімнің жəне аңшылықтағы олжасының белгілі
бір мөлшерін деревня басшысына беріп отырды. Сонымен қатар
əрбір қауым арнаулы бөлініп берілген жерді өңдеп, одан түскен
өнімді мемлекет қазынасына өткізіп отырды. Аңшылық пен балық
аулау қосымша, қол боста айналысатын жұмыс болды. Колөнері
кəдімгідей дамыды: балшықтан ыдыс жасау, өсімдіктерден ыдыс-аяқ тоқу, ағаштан, сүйектен ойып бұйымдар, əшекейлер /зергерлік
бұйымдар/ жасау кең өріс алды. Ұсталық ісі үлкен құрметке бөленді.
Таққа таласушы алдымен өзінің ұсталық өнерін көрсетуі керек бол-ды.
Сауда да кең қанат жайды. Жағалаулардан керуендер елдің ішіне
тұз тасыды, ал жағаға қарай пілдің сүйегі, аң терілері, өріп жасалған
бұйымдар тасылатын. Сыртқы саудаға үкімет пен ақсүйектер билік
етті.
Ерікті шаруалармен қатар құлдардың бірнеше категория-сы болды. Əскери тұтқындар мен ауыр қылмысы үшін құлға
айналдырылғандардың жағдайы өте ауыр болды. Олардың сұрауы
жоқ болды: қожайын ондай құлды өлтірсе де өзі білді, сатып та
жіберуге құқылы болды. Құлдан туғандар мен қарызы үшін құлға
айналғандар «үйдің құлы», «отбасы ошақ құлы» деп аталды. Олардың
жағдайы біртабан жақсырақ болды. Байлардың еуропалықтармен
құл саудасына қатысуы еріксіз құлдардың жағдайын бұрынғыдан
бетер қиындатып, қожайындар құқын өсіріп, елдегі құлдардың
қатарын көбейтті.
ХV ғасырдың аяғында Конго жағалауында португалдықтар
қоныс тебе бастады. Ең алғашқы экспедиция бір топ жергілікті
тұрғындарды өздерімен ала кетті. Олар португал тілін үйреніп,
христиан дінін қабылдады да, қайтып оралған соң отаршылдардың
одақтастары болды. Ол кезде Португалия «бейбіт бағындыру» сая-сатын ұстанған болатын. Жер басып алмай, Конго аумағында ме-кендер салмай, португалдықтар Мани-Конгоны /елдің басшысы/
өз ықпалына бағындырып, қалаған саясатты сол арқылы жүзеге
асырып отырмақ болды. Алғашында Конго басшыларына мұндай
одақтастар пайдалы да болды. Конголез билеушілері өз вассалда-рын бағыныштылықта ұстау үшін күш қолдануға мəжбүр бол-
374 375
ды. Күшпен бытыраңқылыққа ұмтылу пиғылын басып отырды.
Шекаралас күшті тайпалардың шабуылына тойтарыс беру үшін
де күш керек болды. Сондай-ақ кезекті тақ үшін күрес те күшті
одақтасты қажет етті.
Сол себепті Конгоның билеуші тобы өзін оқпен атылатын
қарумен қамтамасыз ететін португалдықтармен достық қатынаста
болуға тырысты. 1491 жылы Конгоға католик миссионерлері келді.
Елдің басшысы Нзинга-а Нкуву христиан дінін қабылдап, есімін,
Жоао да Сильва деп өзгертті. Мбанза-Конгоның астанасы онда
салынған католик шіркеуінің атымен Сан-Сальвадор деп атала-тын болды. Көсемнің Энрике деген баласы онбір жасынан бастап
Лиссабонда тəрбиеленіп, ең алғашқы африкандық епископ болды
/1518 ж./. Билеуші топ еуропалықтардың құл саудасына белсене ара-ласты.
Бірақ оған бақылауды өз қолдарында ұстап тұра алмады.
Португалдық құл саудасымен айналысушылардың тонаушылығын
шектеу үшін Конго көсемдері ХVІ ғасырдың бірінші жартысын-да Ватиканнан көмек сұрай бастады. Бірақ еш нəтиже шықпады.
Келімсектер зорлығына қарсы халық көтеріліске шығып тұрды. Оның
қысымымен португалдықтардың құқтары мен артықшылықтарын
шектеу саясаты жүргізілді.
Құл саудасы елдің экономикасын əлсіретті. ХVІ ғасырдың
екінші жартысында көптеген Конго вассалдары тəуелсіздігін
алды, көршілердің шапқыншылығы күшейді. 1568 жылы көрші
тайпалардың бірі астананы басып алды. Елдің басшылары тағы
да португалдықтардан көмек сұрауға мəжбүр болды. Мани-Конго
1-Алвару Португалия королінің вассалы болуға келісті. 1641 жылы
португалдықтардың тірегі болған Луанда қаласын голландтар басып
алды. 1642 жылы Конго Голландиямен достық бітім жасады. Бірақ
1649 жылы португалдықтар күш жинап, голландтарды Луандадан
қуды.
Соғыстардан, ішкі талас-тартыстан əлсіреген Конго 1651 жылы
Португалиямен «патронаж» жөнінде келісім жасады. Португалдықтар
ықпалынан құтылу жолындағы соңғы əрекет І-Антониу тұсында
/1663 жылдан кейін/ жасалды. Луандалық Португал үкіметімен
қырғиқабақтық əскери қақтығысқа жетті. 1665 жылғы 29 қазанда
Амбуилдегі шешуші шайқаста Конго əскері толық жеңілді.
Конгоның жеңілу себебінің бірі — онда күшті мемлекеттің
құрылмауы болды. Армия мен полиция сияқты зорлау аппараттары
халықтан толық қол үзіп, өзінің жетілу шыңына жетіп үлгермеген
еді.
Ə д е б и е т т е р:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2 ч.— М.: МГУ,
1987.— 249—277 бб.
2. История тропической Африки [с древнейших времен до 1800]
Пер. с фр.— М., 1984.
3. Хэир П. Встреча с Африкой: европейские контакты и свиде-тельства 1450—1700 гг.— М., 1997.
376 377
ҚОРЫТЫНДЫ
Ортағасырлық Азия жəне Африка елдеріндегі феодалдық
қатынастардың дамып жетілуінің өзіне тəн біраз ерекшеліктері болды.
Ол елдерде қауым ұзақ уақыт бойы сақталды. Мемлекеттің орталық
аймағындағы отырықшы халық арасында тайпалық қауымдар орын
алса, шеткі аймақтарда көшпенділер тайпалары өмір сүре берді.
Алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауы бірнеше жүз жылдарға со-зылды. Оның барысында көршілік қауымға өтетін кездегі түрі —
үлкен отбасылық жəне патронимиялық құрылым қалыптасты.
Қауымдық құрылымның тұрақтылығы, оның нормаларының
заңдастырылуы шаруалардың мүліктік жəне əлеуметтік жіктелуін
кешеуілдетті, жеке тұлғалардың ұжымнан бөлініп шығуын те-жеп отырды. Сөйтіп, шығыс феодализмін біраз уақыт тоқырауға
ұшыратты.
XVI—XVIII ғасырларда Азия жəне Африка елдерінің көпшілігінде
тек қауымдық жер иеленудің ыдырауының элементтерін ғана
байқауға болады. Бұл үрдіс, əсіресе XII—XVI ғасырларда мемле-кеттік жерлердегі үлестік қауымның ыдырауы орын алған
Жапонияда ертерек байқалды. Жекеменшік жер иеліктеріндегі
қауымдар өзін-өзі басқару мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланды, ал
шаруаларға салынатын салық мөлшері төмен болды. Бұл жағдай
Жапониядағы жеке шаруа меншігінің қалыптасуының, феодалдық
аграрлық жүйенің дағдарысының əрі алғы шарты, əрі көрсеткіші
болды.
Патриархалдық қатынастардың қалдықтарының күштілігі мен
жеке тұлғалардың құқтарының арасындағы алшақтыққа қарама-стан, соңғысы орта ғасырлардың аяғына дейін қауымның ұжымдық
кұқтарымен шектеулі күйінде қалды. Қауым мүшесінің өзіне тиісті
жерін сату үшін ұжымның рұқсаты керек болды. Ең алдымен сол
қауым мүшесінің ғана сатып алу құқы болды, қауым ішінен ондай
адам табылмаса ғана бөгде адамға сатуға рұқсат берілді.
Көршілік қауымдардың өзін-өзі басқаруының автономиялығы
оларды шаруалардың феодалданып жатқан элементтерге, жекелеген
ұсақ жəне орташа феодалдарға əлеуметтік қарсылық көрсету кұра-лына айналдырды. Мұндай жағдайда егін шаруашылығынан түсетін
артық өнімді жинап алып отыру үшін орталықтандырылған күшті
əскери-əкімшілік билік қажет болды. Мемлекет қауымды қазына
табысының қайнар көзі ретінде пайдалана отырып, оның сақталуына
мүдделі болды, оның нығаюына қолдау көрсетіп отырды.
Сөйтіп, ортағасырлық шығыстың өзіне тəн бір ерекшелігі
өкіметтің жеке меншікке қарсы тұруы болды. Жеке меншік иесінің
шектен тыс байып кетуі мемлекет үшін қауіпті деп саналды. Қоғам
мүшелерінің санасында ең алдымен мемлекет мүддесін ойлау,
өкіметке күмəнсіз бағыныштылық сезімі қалыптастырылды. Ең
бастысы — мемлекет, оның өкіметі, ал жеке тұлғалар мен олардың
меншігі — екінші орындағы құндылық деген қағида басшылыққа
алынды. Сол қағиданың нəтижесінде жеке меншіктік мемлекеттің
бақталасы болудан қалып, оның алдындағы тəуелді қызметкеріне
айналды. Мемлекеттік меншіктің жеке меншіктік жер иелігінен ба-сым болуы — Азия жəне Африка елдеріндегі феодализмге тəн сипат
болды.
Мемлекет — ұжымдық қанаушы, ұланғайыр меншік иесі болды.
Ол ауыл шаруашылығындағы, қолөнеріндегі артық өнімнің негізгі
бөлігін иемдене отырып, орталықтандырылған тəртіп бойынша
билеуші таптың өкілдеріне өзі бөліп беріп отырды.
Азия мен Африка елдерінің арасында мемлекеттік меншік,
əсіресе Кытайда айқын көрініс тапты. Таяу Шығыста мемлекеттік
меншік Осман империясында кең қанат жайды. Шаруашылықты,
оның ішінде ең алдымен сауда мен қолөнерін мемлекет өз қолында
ұстады.
Азия мен Африка елдерінің ішінде ерекше орын алған мемлекет
Жапония болды. Ол елде ерте орта ғасырларда (VІІ—ХІ) қызметі
үшін үлестіріліп берген жер үлестері кейін мұрагерлікпен пайдала-натын иелікке айналды.
Мемлекеттік меншіктің үстем болуы Азия-Африка елдерінде
феодалдық қатынастар болды ма деген сұрақ туғызады. Бұл
сұраққа тарих: иə, шығыста мемлекеттік феодализм болды деп жау-ап береді. Батыста жеке құқықтық феодализм болса, Русьте Шығыс
пен Батыс феодализмдерінің жиынтығы орын алды. Азия-Африка
елдеріндегі жеке меншіктік XVI ғасырда басталған отарлау кезінде
де мемлекеттік меншікті жоя алмады.
Мемлекеттік феодалдық меншіктің үстем болуына байланысты
билеуші таптың жоғарғы баспалдағында қызметтегі ақсүйектер
тұрды. Шыққан тегі ғана ақсүйек болып, мемлекеттік қызмет
атқармаған өкілдері қоғамдағы беделі мен ықпалы жағынан төменгі
баспалдақта тұрды. Шығыста мемлекеттік биліктің озбырлық
түрі үстемдік құрды. Оған Жапониядан басқа елдерде көбінесе
жат жерліктердің (арабтар, түріктер, моңғолдар, маньчжурлар)
билік құруы да себеп болды. Жат жерліктер өздері басып алған
378 379
саяси жəне əлеуметтік жеңістерін тек озбырлық билікпен ғана
ұстап тұра алатын еді. Ал орталықтандырылған күшті озбырлық
билікті нығайтуға бағытталған саясаттың құрамдас бір бөлігі —
мемлекеттік меншікті нығайтып, жеке меншіктікті шектеуге, же-келеген феодалдардың күшейіп кетуіне жол бермеуге бағытталған
шаралар болды.
Орта ғасырлардағы əлемді дүр сілкіндірген күштің бірі көш-пенділер болды. Көптен бері өмір сүріп келе жатқан мемлекеттердің
шет жақтарындағы көшпенділер орталықтың ықпалында бола
тұрып, өздері де феодалдық үрдістерге, феодалдық формацияның
ішкі ортасына əсерін тигізіп отырды. XI ғасырдағы селжук
түріктерінің, XIII ғасырдағы моңғолдардың қуатты миграция-лары бір жағынан феодалдық бытыраң-қылықты тоқтатып,
қуатты орталықтандырылған мемлекеттік биліктің орнауына
əкеліп соқса, екінші жағынан мəдени орталықтардағы өндіргіш
күштерді кұлдыратты, егіншілік аймақтардың қысқарып, мал
шаруашылығының басым болуына əкеліп соқты. Көптеген шығыс
елдерінде халық санының өсімі төмендеп кетті.
Көшпенділер жаулап алушылықтары мен миграциялары
шығыс қоғамының бəріне бірдей əсер ете қойған жоқ. Олардың
ықпалынан Жанония мүлдем тыс қалды. Егер феодализм генезисі
кезінде көшпенділердің отырықшы халыққа орнатқан билігі қоғам
үшін тиімді болып, феодалдану үрдісін тездетуге үлес қосса, кейін
керісінше, ол процеске тежеу бола бастады.
Азия, Африка елдерінде кұлдық сақталды, бірақ құлдар
шаруашылықта шешуші рөл атқармады, негізінен үйде малайлар
ретінде пайдаланылды. Құл иеленушіліктің сақталуына ірі жаулап
алушылықтар, жеңілген елдердің халықтарын қуып əкету себеп бо-лып отырды. Құлдық ерте орта ғасырларда кеңірек орын алғаны-мен, ол дамыған феодализм кезінде бұрынғы маңыздылығынан
біржолата айырыла бастады. VІІІ—ХІ ғасырларда Жапониядағы
кұлдар оның барлық халқының 10—15 %-н кұрады.
Азия мен Африкадағы феодалдық қоғамның маңызды бір бөлігі
— сол қоғамның өзіне тəн белгілерін бейнелеген орта ғасырлық қала
болды. Еуропалық қалалар сияқты, шығыстық қалалардың дамуы
да өндіргіш күштердің жəне феодалдық əлеуметтік-экономикалық
қатынастардың даму дəрежесімен тығыз байланысты болып, сол
қатынастарды бейнелеп отырды. Шығыс елдеріндегі қалалар
қатарының шұғыл өсуі Х—ХІІ ғасырларда байқалды. Бұл кезде
қалалардағы өнеркəсіп қарқынды дамып, орта ғасырлық мəдениет
өркендеді.
Халықтың қалаларда шоғырлануы жағынан Шығыс бұл кез-де Батыстан едəуір алда болды. XVIII ғасырдың аяғына қарай
шығыс елдерінің қалаларында халықтың 10—15 % тұрып жатты
деген болжам бар. Ал ол кезде 10 мыңнан астам адамы бар еуропа
қалаларында халықтың 1 %-н 7 %-ке дейінгі бөлігі тұрып жатты.
Тіпті шығыс қалаларының еуропа қалаларына қарағанда аграрлық
қатынастармен байланысы əлдеқайда аз болды.
Шығыс қалаларында феодалдар көптеп тұрып жатты. Шығыс
қалалары феодалдық биліктің орталығы болды, сондықтан да
олардың автономиялық құқтары шектеулі болды. Олар феодализмнің
берік қамалы рөлін атқарды. Шығыстың қалалары антифеодалдық
оппозицияның орталығына айнала алмады. Азия мен Африка
қалалары өзінің тарихи миссиясын орындай алмады: олар ауылды
тауар-ақша қатынасына тарта алмады.
Шығыс қалаларында азық-түлік рыногы жақсы дамыды. Ол даму
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді толық болмаса да біраз жан-дандырып отырды. Сол себепті шаруалардың артық өнім өндіруге
деген ынтасы төмен болды. Сөйтіп феодалдар мен феодалдық
мемлекеттің қалаға қысымшылығы жəне феодалдық қанаудың
ауыртпалығы шаруа шаруашылығын ақша-тауар қатынасына тар-туды қиындатты, ауылды қауымның ішінде ғана қолөнері мен
егіншілікке бөлінген, өзімен-өзі экономикалық оқшауланып қалған
шағын бірлестікке айналдырды.
Осының бəрі Азия мен Африка елдеріндегі феодалдық
құрылымның баяу дамуының факторлары болды. Бұл елдер-де де, Еуропа елдеріндегідей, феодалдық қатынастардың дамып,
жетілуін екі кезеңге бөлуге болады. Біздің заманымыздың алғашқы
ғасырлары феодализмнің генезисі, яғни өтпелі кезең болды. VII
ғасырдан ІХ—Х ғасырларға дейін шығыс қоғамы ерте феодалдық
қатынастарды бастан өткізді. Феодалдық жер иеленудің басты түрі
еуропалық манор сияқты ұсақ феодалдық меншік болды.
Феодализмнің гүлденуінің басталуы деп əдетте моңғолдар
дəуіріне дейінгі кезең, яғни Х(ХІ) — XII ғасырлар саналады. Бұл
кезге қарай негізгі феодалдық рента өндірушілер натуралды рента
төлейтін қауымдық шаруалар мен жерлерінен айырылып қалған
жалгерлер болды. Еңбекпен өтеу аз мөлшерде ғана сақталды.
Рентаның бұл түрі негізінен мемелекет пайдасына атқарылатын
міндеткерліктер ретінде сақталды.
Феодалдық қоғамның жетілгендігінің көрсеткіші қалалардың
гүлденуі болып саналады. Орта ғасырлық мəдениеттің үлкен
380 381
жетістіктері қалалардың өз дамуының шыңына жеткендігін
дəлелдейді. Олардың онан əрі дамуы, жетілген феодалдық қоғамның
басқа да көптеген экономикалық жəне əлеуметтік элементтерінікі
сияқты, моңғол-татар жаулап алушылықтарына байланысты тоқтап
қалды.
Ортағасырлық шығыс елдерінің өзіне тəн ерекшелігінің бірі —
діннің мемлекеттік деңгейге көтерілуі болды. Феодализм генезисі
кезінде шығыста ең жаңа, ең соңғы халықаралық дін — ислам өмірге
келді. Ол мемелекеттік билікті де өз қолына шоғырландырды. Ислам
дінінің билігі əділетті болғандықтан ол тез арада көптеген елдерде
орнады. Ислам дінін ұстаушылар Индияда күшті мемелекет құрды.
Ислам дінінің, мемлекетінің басшылары IX ғасырға қарай алғашқы
адал да əділетті жолдан ауытқи бастаған кезде шығыс мемелекеттері
де əлсірей бастады.
Орта ғасырлардың аяғына қарай ислам дініне жан-тəнімен
берілген түріктер күшті Осман империясын құрып, бұрынғы араб
халифатының иеліктеріне билігін орнатты. Сөйтіп ислам діні
əлеуметтік топтардың ынтымағын нығайта отырып, өз ықпалындағы
мемлекеттердің əлемдік өркениеттегі беделін көтеріп, рөлін артты-ра түсті.
Орта ғасырлардағы Шығыс өркениетінің гүлдене түсуіне
транзиттік сауда өз үлесін қосты. XV ғасырдың ортасында түріктер
Батыс пен Шығыстың арасындағы сауда жолын шектеген соң ол
жол теңіздерге ауысып, өз ауқымын бұрынғыдан бетер кеңейте
түсті. Теңіз саудасының арқасында ислам діні Африка мен Оңтүстік
Шығыс Азия елдеріне таралып, даму жағынан артта қалған
халықтарды əлемдік өркениет шеңберіне тартты.
Сөйтіп, орта ғасырлардағы Азия мен Африка мемлекеттері фео-дализм теориясын байытып, əлемдік өркениеттің онан əрі дамып,
жетіле түсуіне өзіндік зор үлестерін қосты.
БІЛІМІН ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ
СҰРАҚТАРЫ
1.Жапониядағы «буси» деген кім?
A. мал бағушы;
B. қолөнерші;
C. саудагер-көпес;
D. өкімет басшысы;
E. əскери-поместьелік дворян.
2.Жапониядағы «гокэнин» деген кім?
A. мемлекет басшысы;
B. егінші-диқан;
C. кұрылысшы;
D. дін басшысы;
E. ірі феодалдың вассалы.
3.Жапониядағы “нануси” деген кім?
A. қарақшылар;
B. ойын-сауық ұйымдастырушылар;
C. емшілер;
D. бақсылар;
E. феодалдардың қарулы отрядтары.
4.Жапониядағы 1335—1392 жылдар қалай аталады?
A. ашаршылық жылдары;
B. бақыт құшағындағы жылдар;
C. дүрбелең жылдар;
D. “бес жорық” жылдары;
E. екі үкімет, екі астана жылдары.
5.1069 ж. Жапонияда қандай оқиға болды?
A. сарай төңкерісі болды;
B. самурайлар тобы қалыптасты;
C. фудзиваралар билікті басып алды;
D. ешқандай оқиға болған жоқ;
E. фудзиваралардың қарсыластары императорды үрлап кетті.
382 383
6.Жапон тарихындағы 1467—1477 жылдар қалай аталады?
A. тыныштық жылдары;
B. онин жылдарындағы дүрбелең;
C. жауын-шашын жылдары;
D. дағдарыс жылдары;
E. кэммудің қайта қалпына келу жылдары.
7.Жапониядағы “сеэн” деген не?
A. əскери тұтқындар;
B. əскери міндеттілер;
C. жер үлестері;
D. басыбайлы шаруалар;
E. жеке тұлғаларға мұрагерлікпен пайдалануға берілген жер
иелігі.
8.Жапонияның ең алғашқы заңдар жинағы қалай аталады?
A. “Тайхөре кодексі”;
B. Кэмму задары;
C. Фудзивара жарлығы;
D. “Омире кодексі”;
E. Тэнно заңдары.
9.Жапониядағы “мэцукэ” деген не?
A. қолөнершілер бірлестігі;
B. барлық басқару аппаратын бақылайтын топ;
C. жекеменшік шеберхана;
D. саудагерлер бірлестігі;
E. Жапонияны біріктіру үшін күресушілер.
10.Феодалдық Жапониядағы “хатомото” деген кімдер?
A. шартты түрде жер иеленушілер;
B. əскери міндеткерлер;
C. кедейленген самурайлар;
D. қауымнан бөлініп шыққан байлар;
E. сегунның қарамағындағы ерекше жағдайдағы самурайлар.
11.Ода Набунага деген кім?
A. Жапонияның ұлттық батыры;
B. Қытаймен соғыстағы халық батыры;
C. Жапониядағы олимпиада ойынын ұйымдастырушы;
D. Жапонияның бірінші біріктірушісі;
E. Тайк төңкерісінің ұйымдастырушысы.
12.Жапонияның екінші біріктірушісі кім болған?
A. Накатоми Камакура;
B. Фудзивара;
C. Тоетоми Хидэеси;
D. Ли Сун Си;
E. Че Гевара.
13.Марзбан деген кім?
A. Армениядағы басыбайлы шаруа;
B. Иранның жергілікті жерлерді басқарған əкімдері;
C. Ирандағы діни секта;
D. Салық жинаушы шенеунік;
E. Ихта иесі.
14.Дайвьеттегі вансуан деген не?
A. басыбайлы шаруа;
B. ірі феодал;
C. “сансыз көктем империясы”;
D. “бақыт құшағындағы жылдар”;
E. дін секта.
15.602 ж. Вансуанда (дайвьет) қандай оқиға болды?
A. сарай төңкерісі;
B. еуропалықтар келді;
C. азамат соғысы басталды;
D. қытайлық Суй əскері Вансуанға басып кірді;
E. Вансуан Тьямпаны басып алды.
16.Вансуан 622 жылдан бастап қалай аталды?
A. қарақшылар елі;
B. діндарлар жері;
C. “жуасытылған оңтүстік”;
D. тəуелсіз Вьетнам;
E. “Бұзық көрші”.
384 385
17.Дайвьет мемлекетінің құрылғандығы қашан жарияланды?
A. X ғасырдың басында;
B. 1230 жылы;
C. 879 жылы;
D. 1069 жылы;
E. 745 жылы.
18.Дайвьеттегі “вуа” деген не?
A. əскерлерге берілген жер үлесі;
B. монархтың жер иелігі;
C. Қытай əскеріне қарсы күресуші партизан;
D. дін басшысы;
E. миссионер.
19.Сы куан деген кім?
A. Дайвьеттегі ірі феодал;
B. Қытайдағы коммунистер;
C. Дайвьеттегі келімсектер;
D. Жаңа жер игерушілер;
E. Будда монахтары.
20.Дайвьеттегі “хо” деген не?
A. тайпалық одақ;
B. əлеуметтік ұйымның маңызды буыны — ру;
C. құлдар;
D. диқандар;
E. қолөнершілер.
21.580 ж. Вансуан мемлекетінде қандай уақиға болды?
A. Қытаймен соғыс болды;
B. Жапондықтар басып кірді;
C. Вансуан Тьямпаға тəуелділігін мойындады;
D. будда дінінің мектебі ашылды;
E. Қытаймен бітім шарты жасалды.
22.Дайвьет Қытайдың үстемдігінен қашан толық кұтылды?
A. X ғасырдың ортасында;
B. VІ ғасырдың аяғында;
C. 812 жылы;
D. 1150 жылы;
E. ХV ғасырдың басында.
23.Вьеттіктер негізінен қандай шаруашылықпен айналысты?
A. мал шаруашылығымен;
B. аңшылықпен;
C. термешілікпен;
D. егіншілікпен;
E. балық аулаумен.
24.Ежелгі малайлық өркениет қайсы аудандарда жоғары дəре-жеде дамыды?
A. Гуандун мен Чанъянда;
B. Гоби мен Олхонда;
C. Шығыс жəне оңтүстік суматрада;
D. Бохай мен Наньчжаода;
E. Чампа мен Фунаньда.
25.VІ ғасырда Индонезияда қандай мемлекет құрылды?
A. Малайю;
B. Гэин;
C. Прамбанан;
D. Джонггранг;
E. Агрире.
26.Индонезияда орта ғасырлардың басында құрылған алғашқы
мемлекеттер қалай аталды?
A. Кони сұлтандығы, Керман патшалығы;
B. Лангкасук, Тамбарменг;
C. Бахмани мен Виджаянагар;
D. Хандем, Малва;
E. Мадура мен Мултан.
27.Ерте ортағасырлық Индонезиядағы қауым қалай аталды?
A. панчаят;
B. мобедан-мобед;
C. вастрпотан салар;
D. деса;
E. чиребон.
28.“Жеті патшалықпен желкілдеген Явадип” туралы қандай
дастанда айтылады?
A. “Рамаянада”;
386 387
B. “Артхашачтрада”;
C. “Авестада”;
D. “Махабхадатада”;
E. “Шахнамэде”.
29.Ерте ортағасырлық Индонезияда қайсы дін кең тарады?
A. ислам;
B. иудаизм;
C. христиандық;
D. синтоизм;
E. будда жəне индуизм.
30.Ерте ортағасырлық Орталық Явадағы күшті мемлекетті
ата:
A. Чампа;
B. Систан;
C. Мекран;
D. Матарам;
E. Калимантан.
31.Шығыс Суматрада VІІ ғасырдың екінші жартысында қайсы
мемлекет күшейді?
A. Голконда;
B. Шривиджайя;
C. Малабара князьдігі;
D. Биджапур;
E. Ахмеднагар.
32.“Деса” деген не?
A. Шривиджайядағы облыстар;
B. Матарамдағы діни секта;
C. Малайюдағы шаруалар қауымы;
D. Палембангадағы ақсүйектер;
E. Шривиджайядағы басыбайлы шаруа.
33.Шривиджайядағы “кадатуан” деген не?
A. мемлекет басшысының атағы;
B. əскердің қолбасшысының атағы;
C. саудагер-көпестің дəрежесі;
D. Вассалдық тəуелсіздіктегі мемлекет;
E. Шеберхана.
34.Шривиджайя мемлекетінің құлдырауына не себеп болды?
A. феодалдық бытыраңқылық;
B. қытайлықтар шабуылы;
C. өкіметтің керағар саясаты;
D. тоталитарлық билік;
E. Суармалы егістіктің шектелуі.
35.870 жылы матарамда қандай оқиға болды?
A. құлдық жойылуы;
B. палембангамен соғыс басталды;
C. Шайлендра əулеті құлады;
D. басыбайлылық жойылды;
E. азамат соғысы болды.
36.Ортағасырлық Ява қоғамындағы “рака” деген кім?
A. патша;
B. шаруа;
C. құл иеленуші;
D. тəртіп сақшысы;
E. ірі феодал.
37.Ерте ортағасырлық Индонезиядағы көрнекті сəулет өнері-нің ескерткішін ата:
A. Хорюдзи монастыры;
B. Танджур храмы;
C. Тадж-Махал кесенесі;
D. Регистан дацаны;
E. Боробудур ғибадатханасы.
38.Кейінгі ортағасырларда Сеннарда шаруашылықтың қайсы
түрі басым болды?
A. мал шаруашылығы;
B. қол өнері;
C. Суармалы егіншілік;
D. аңшылық пен балық аулау;
E. кен өндіру.
39.Х—ХІ ғасырларда Жапониядағы мемлекеттік шаруалардың
жеке феодалдарға барып паналауына не себеп болды?
A. үкіметтің қудалауы;
388 389
B. мемлекеттік жердегі қақтығыстар;
C. жеке феодалдардың үгіт-насихаты;
D. Мемлекеттік салықтан босатылу;
E. жеке феодалдарға жұмысты аз істеді.
40.Сеннарда феодалдық меншік қашан қалыптасты?
A. Х—ХІ ғасырларда;
B. ерте орта ғасырларда;
C. кейінгі орта ғасырларда;
D. ХVІ ғасырда;
E. жаңа заманда.
41.Шривиджайя империясы өмір сүруін қашан тоқтатты?
A. XII ғасырдың ортасында;
B. XIII ғасырдың басында;
C. 1280 жылы;
D. 1310 жылы;
E. 1375 жылы.
42.Аббастар əулеті қайсы жылдары билік құрды?
A. 570—680 жж.;
B. 605—710 жж.;
C. 690—730 жж.;
D. 750—1258 жж.;
E. 578—728 жж.
43.960—1279 жж. Қытайда қандай əулет билік құрды?
A. Сун;
B. Мин;
C. Цзинь;
D. Юань;
E. Бохай.
44.Османдық Түркияның шаруалары қалай аталды?
A. хариджилер;
B. ассасиндер;
C. райят;
D. дикхан;
E. томобэ.
45.Əмір Темір мемлекетінің ресми діні қай дін болды?
A. Иудаизм;
B. зороастризм;
C. буддизм;
D. ислам;
E. христиан.
46.Ерта орта ғасырлардағы Иран тарихының дерекнамасы
қалай аталады?
A. “Мукаддима”;
B. “тарих-и жиһангулай”;
C. “сиасет-намэ”;
D. “шанфар жыры”;
E. “Дарий-намэ”.
47.Токугава режимі дін саласында қандай саясат жүргізді?
A. діндерге шыдамдылықпен қарады;
B. христиан дінін ғана қолдады;
C. Христиан дініне тыйым салынды;
D. конфуциандықты ғана қолдады;
E. буддалық монастырға қарсы күресті.
48. Хижра жылы қайсы жыл?
A. 632 ж.;
B. 750 ж.;
C. 622 ж.;
D. 661 ж.;
E. 656 ж.
49.“Вакф” деген не?
A. азық-түлік салығы;
B. жер салығы;
C. мемлекет меншігіндегі жер үлесі;
D. шаруалардың жеке меншік жері;
E. Діни мекеменің қозғалмайтын меншігі.
50.Муканна көтерілісі қайда болды?
A. Египетте;
B. Орта Азияда;
390 391
C. Иранда;
D. Қытайда;
E. Сирияда.
51.Ерте ортағасырлық Иранның қалаларын зерттеуші кім?
A. Н. Конрад;
B. Н. Пигулевская;
C. К. Ашрафұлы;
D. Л. Симоновская;
E. А. Тюринцев.
52.Əмір Темір Мауераннахрда қайсы жылдары билік құрды?
A. 1110—1145 жж.;
B. 1205—1237 жж.;
C. 1370—1405 жж.;
D. 1410—1500 жж.;
E. 1500—1530 жж.
53.Мауераннахрдағы шағатайлар билігін кім жойды?
A. Шыңғыс хан;
B. Əмір Темір;
C. арабтар;
D. қарахандар;
E. хорезмшах.
54.Мехмед ІІ-Фатих қайсы жылдары билік құрды?
A. 1421—1451 жж.;
B. 1418—1432 жж.;
C. 1518—1525 жж.;
D. 1451—1481 жж.;
E. 1387—1415 жж.
55.Шыңғысханның ұланы қалай аталды?
A. кадутан;
B. нөкер;
C. хариджид;
D. ансар;
E. кэшик.
56.Сасандық Иран қоғамындағы топтар (Фирдоусише):
A. əскерилер, абыздар, есепшілер, шаруалар, қолөнершілер;
B. əскерилер, абыздар, шаруалар;
C. ақсүйек феодалдар, абыздар, салық төлеушілер;
D. шенеуніктер, феодалдар, шаруалар;
E. көпестер, шаруалар, шенеуніктер.
57.“Жылнамалар жинағының” (“Джами ат-таварих”) авторы
кім?
A. Низам əл-Мүлік;
B. Рашид-ад-дин;
C. Ибн Халдун;
D. муса ибн-Рушди;
E. Мамун ибн-Рашид.
58.Вьетнамдағы Ли əулеті қайсы жылдары билік құрды?
A. 460—510 жж.;
B. 570—630 жж.;
C. 630—750 жж.;
D. 751—1055 жж.;
E. 1010—1225 жж.
59.Вьетнамдағы 1010 ж. билікке келген Ли əулетінің алдында
қандай басты міндет тұрды?
A. елдің экономикасын дамыту;
B. салық жүйесін реттеу;
C. мемлекетті жəне орталық билікті нығайту;
D. мемлекеттің аумағын кеңейту;
E. елдің қорғаныс қабілетін нығайту.
60.Дайвьеттегі “чифулер” деген кімдер?
A. күпірлік секта мүшелері;
B. нашақорлар;
C. егінші диқандар;
D. уездердің басшылары;
E. ұсақ жалгерлер.
61.ХІ—ХV ғасырлардағы Дайвьеттегі “са” деген не?
A. Шаруашылық-əкімшіліктің негізі;
B. балаларды оқытатын мекеме;
C. жазалау мекемесі;
D. саудагерлер бірлестігі;
E. басыбайлы шаруа.
392 393
62.Вьетнамдағы феодалдық институттың ерекшелігі неде?
A. ешқандай ерекшелігі болған жоқ;
B. феодалдық жер иелену шартты болды;
C. Вассалдық, сюзерендік институттар, қалыптаспады;
D. жер иеленудің иерархиялық жүйесі орнықты;
E. экономикадан тыс қанау болмады.
63.Вьетнамдағы Хиньтхы кодексі қашан қабылданды?
A. VІІІ ғасырдың аяғында;
B. 529 жылы;
C. 726 жылы;
D. 1042 жылы;
E. 1499 жылы.
64.Вьетнамдағы Хиньтхы кодексі жер мəселесін қалай шешті?
A. жерді жұмысқа жарайтын азаматтарға үлестірді;
B. Жерді сатуға, сыйлауға қатаң тыйым салынды;
C. жерді əркім өз қалауынша иемденді;
D. жерді тек ірі феодалдар беретін болды;
E. жерді салық төлеушілер ғана алды.
65.XI ғасырдың басында билікке келген Ли əулетінің қандай
істері вьет халқының бірлігін нығайтуға үлес қосты?
A. кеден салығын жойды;
B. шет елдіктердің келуіне тыйым салды;
C. буддизмнен басқа діндерді кудалады;
D. конфуциандықгы қолдады;
E. Жол құрылысына жете көңіл бөлді.
66.1068 ж. Дайвьет əскері кімнің əскеріне тойтарыс берді?
A. Қытайдың;
B. Жапонияның;
C. Моңғолдардың;
D. Чампаның;
E. Шривиджайяның.
67.Моңғолдардың Вьетнамға шабуылы қашан басталды?
A. 155 жылы;
B. 970 жылы;
C. 1206 жылы;
D. 1215 жылы;
E. 1257 жылы.
68.1257 жылғы Дайвьетке шабуыл жасаған моңғол əскерін кім
басқарды?
A. Тоқан;
B. Кетбұқа;
C. Шайбан;
D. Үгедей;
E. Урянгидай.
69.Моңғолдардың Дайвьетке екінші шабуылы қай жылы той-тарыс алды?
A. 1028 жылы;
B. 1206 жылы;
C. 1211 жылы;
D. 1219 жылы;
E. 1284 жылы.
70.Тоқан басқарған Моңғол-Қытай əскерінің Дайвьетке үшінші
жорығы немен аяқталды?
A. өзара келісіммен;
B. вьеттіктердің жеңісімен;
C. вьеттіктердің толық жеңілуімен;
D. Моңғол-қытай əскері Дайвьеттің солтүстігін басып алды;
E. Моңғол-Қытай əскері алым-салық алып, қайтып кетті.
71.Дайвьеттегі Чан Зу Тон билігі (1341—1369 жж.) кезіндегі
ерекшелік неде?
A. натуралды салық ақшалай салықпен өзгертілді;
B. феодалдық бытыраңқылық орын алды;
C. ірі феодалдар қудаланды;
D. өкімет басына парақор, сатқын шенеуніктер келді;
E. ешқандай ерекшелік болған жоқ.
72.1396 жылы Дайвьетте қандай өзгеріс болды?
A. таққа жаңа əулет отырды;
B. Қытаймен соғысты тоқтату жөнінде келісімге қол қойылды;
C. шаруалардың басыбайлылығы жойылды;
D. Бұрынғы металл ақша қағаз ақшамен (бон) ауыстырылды;
E. “Жабық есік” саясаты енгізілді.
394 395
73.1428 ж. билікке келген Ли əулеті ірі жер иелерін неге қуда-лады?
A. шаруаларды қанауды күшейткені үшін;
B. салық төлеуден қашқаны үшін;
C. Қытай басқыншыларымен ынтымақтастықта болғаны үшін;
D. шіркеулер мен монастырларға қарсылығы үшін;
E. шаруалар еңбегін тиімді ұйымдастыра алмағандығы үшін.
74.Дайвьеттегі Ли Нян Тон (ХV ғ.) билігі кезінде ұсақ отба-сыларына қандай шаралар қолданылды?
A. олардың жерлері ірі феодалдар қарамағына көшірілді;
B. олардың жеке меншік жерлерін нығайтуға бағыт алынды;
C. постронимияны нығайту шаралары қолға алынды;
D. ірілендіру басталды;
E. ешқандай шаралар қолданылмады.
75.Дайвьеттегі ХVғасырдың аяғындағы “Хонг-дык” кодексінде
қандай мəселеге ерекше көңіл бөлінді?
A. сауда-саттық;
B. қолөнері;
C. басыбайлылықты нығайту;
D. Жерді иелену, мұраға алу, сату тəртіптеріне;
E. неке мен отбасылық мəселесіне.
76.Дайвьет 1471 ж. қайсы мемлекетті басып алды?
A. Қытайды;
B. Лаосты;
C. Фунаньды;
D. Кампучияны;
E. Тьямпаны.
77.Дайвьеттегі “тьыном” деген не?
A. жарлықтар жинағы;
B. ұлттық иероглифтік жазу;
C. баспахана;
D. аурухана;
E. астық қоймасы.
78.XIII ғасырдағы атақты вьетнам ақыны кім?
A. Фам Ван Донг;
B. Хо Ши Мин;
C. Чан Ань Тонг;
D. Ле Зуан;
E. Хан Тхюен.
79.Вьетнам жазушысы Ли Те Сюеннің шығармасы қалай
аталды?
A. “Линьамның таңғажайып тарихы”;
B. “Жауынгер жарының жоқтауы”;
C. “Ле Зуй маттың ерлігі”;
D. “Чандидың бақыты”;
E. “Вьет жерінің құпиялар жинағы”.
80.“Дайвьеттің тарихы” деген еңбек қашан жазылды?
A. X ғасырдың аяғында;
B. XI ғасырдың басында;
C. XII ғасырдың ортасында;
D. 1297 жылы;
E. 1272 жылы.
81.Нгю Ши Льеннің (1480 ж.) тарихи еңбегі қалай аталды?
A. “Вьеттің қысқаша тарихы”;
B. “ Аннам туралы жазбалар”;
C. “əскербасыларына үндеу”;
D. “Дайвьет тарихы”;
E. “Ұлы Вьет анналдарының жинағы”.
82.ХV ғасырдағы Дайвьет сəулет өнерінің ескерткішін ата:
A. “Мот Кот” пагодасы;
B. “Ваньмеу” əдебиет ғибадатханасы;
C. Лангшондағы императорлар қабірлерінің кешені;
D. Фусан маңындағы “Аспан феясы” пагодасы;
E. буттхаптағы будда храмы.
83.756 ж. Араб халифатынан қайсы ел бөлініп кетті?
A. Хорасан;
B. Мəкераннахр;
C. Кордова эмираты;
D. Сулавеси;
E. магриб.
396 397
84.Араб халифатының ыдырауы қашан басталды?
A. VІ ғасырда;
B. VІІ ғасырдың ортасында;
C. VІІІ ғасырдың басында;
D. VІІІ ғасырдың екінші жартысында;
E. IX ғасырдың басында.
85.Тунис пен Египеттің араб халифатынан бөлініп шығуы қай
əулеттің атымен байланысты?
A. фатимилер;
B. айюбилер;
C. омейялар;
D. тулунилер;
E. ғазнауилер.
86.Ифрикиядағы шииттік қауымды кім құрды?
A. ансарлар;
B. берберлер;
C. Əбу Абдаллах;
D. Убайдуллах;
E. Салах-ад-дин.
87.Фатимилік əскер Египетті қашан басып алды?
A. 661 жылы;
B. 656 жылы;
C. 705 жылы;
D. 775 жылы;
E. 969 жылы.
88.973 жылы фатимилер мемлекетінде қандай жаңалық болды?
A. монархиялық билік орнады;
B. сословиелік монархия жойылды;
C. астана Каир қаласына көшірілді;
D. құл иеленушілік жойылды;
E. əлеуметтік топтардың теңдігі орнады.
89.Фатимилік Египетте жер кімнің меншігі болды?
A. шниттік умманың;
B. сунниттік умманың;
C. фатимилік халифтың;
D. ірі феодалдардың;
E. діни мекемелердің.
90.Фатимилік Египеттегі табыс көзі не болды?
A. кеден салығы;
B. мал шаруашылығы;
C. егін шаруашылығы;
D. сауда мен делдалдық қызмет;
E. Жер салығы — харадж.
91.Фатимилер кімді делдал көпестер ретінде пайдаланды?
A. феллахтарды;
B. бедуиндерді;
C. христиандарды;
D. еврейлерді;
E. түркілерді.
92.Фатимилер ұланды қай халықтардан құрды?
A. берберлерден;
B. араб бəдəуилерінен;
C. славяндардан;
D. варварлардан;
E. Түріктер мен негрлерден.
93.1062 ж. Египетте қандай оқиға болды?
A. зинджалар көтерілісі;
B. Вегр гулямдар мен түрік гулямдарының қақтығысы;
C. сунниттер мен шниттердің қақтығысы;
D. Убайдуллах “Махди” деп жарияланды;
E. Əбу Абдаллах өлтірілді.
94.1171 жылы Египеттегі өкімет билігі қайсы əулеттің қолына
көшті?
A. мейялық;
B. аббастық;
C. айюбилік;
D. селжуктық;
E. тулунилік.
95.Египеттегі фатимилер əулетін кім құлатты?
A. Тоғрыл-бек;
398 399
B. Мұса ибн Селжук;
C. Гияс-уд-дин Айбек;
D. Салах-ад-дин;
E. Тулунилер.
96.Бахрилер деген кімдер?
A. Магрибтегі исмаилшылар;
B. Ифрикиядағы христиандар;
C. Египеттегі қыпшақ мəмлүктер;
D. жергілікті халықтан құрылған жасақ;
E. негрлерден құрылған ұлан.
97.Бейбарыс сұлтан Египетте қайсы жылдары билік құрды?
A. 1096—1110 жж.;
B. 1147—1171 жж.;
C. 1180—1192 жж.;
D. 1260—1277 жж.;
E. 1300—1332 жж.
98.XI ғасырдағы Шривиджайядағы «кадатуан» деген не?
A. құлдардан тұратын əскер;
B. вассалдық мемлекеттер;
C. ірі феодалдардың жеке меншік жасағы;
D. əскерилердің жер иеліктері;
E. салық жинаушылар.
99.Шривиджайяның экономикасы неге байланысты болды?
A. сыртқы саудаға;
B. мал шаруашылығына;
C. жер салығына;
D. кеден салығына;
E. егіншілікке.
100.Матарамдағы қауым старостасының қасында құрылған
Кеңес қалай аталды?
A. “Раммаллах”;
B. “Караман”;
C. “Умма”;
D. “Панчаят”;
E. “Дату”.
Тест жауаптары
1Е 35С 69Е 2Е 36Е 70В 3Е 37Е 71D 4Е 38С 72С 5Е 39D 73С 6Е 40С 74В 7Е 41С 75D 8А 42D 76Е 9В 43А 77В 10 Е 44 С 78 Е
11 D 45 D 79 Е
12 С 46 С 80 Е
13 В 47 С 81 Е
14 С 48 С 82 С
15 D 49 Е 83 С
16 С 50 В 84 D
17 D 51 В 85 А
18 В 52 С 86 С
19 А 53 В 87 Е
20 В 54 D 88 С
21 D 55 Е 89 С
22 А 56 А 90 Е
23 D 57 В 91 D
24 С 58 Е 92 Е
25 А 59 С 93 В
26 В 60 D 94 С
27 D 61 А 95 D
28 А 62 С 96 С
29 Е 63 D 97 D
30 D 64 В 98 С
31 В 65 Е 99 А
32 А 66 D 100 В
33 D 67 Е
34 Е 68 А
400
Сəкен Əсімбайұлы Тортаев
ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ
АЗИЯ ЖƏНЕ АФРИКА ТАРИХЫ
Оқулық
«Н±р-пресс» ЖШС бас директоры
Н. Н. Жансеитов
Оператор Р. М. Мамеков
Беттеуш³ А. А. Сляднева
Корректор Б. М. Джампеисова
Дизайн А. В. Милованов
«Зањ ºдебиет³» баспасы
050057 Алматы ќ.,
Ì. ¤çò‰ðiê ê-ñi, 12 ‰é.
Òåë./ôàêñ: (727) 2747-833, 2742-650.
Å-mail: law-literature2006@rambl
