- •§ 3. Ерте орта ғасырлардағы Корея
- •§ 4. Ерте орта ғасырлардағы Индонезия
- •§ 5. Ерте орта ғасырлардағы Вьет мемлекеті
- •§ 7. Ерте орта ғасырлардағы Закавказье
- •§ 8. Ерте орта ғасырларда Индияда феодалдық
- •§ 9. Араб халифатындағы феодалдық
- •§ 12. Дамыған орта ғасырлардағы Жапония
- •§ 17. Дамыған орта ғасырлардағы
- •§ 22. Х―хv ғасырлардағы тропикалық Африка
- •§ 23. Кейінгі Орта ғасырлардағы Қытай
- •§ 25. Кейінгі Орта ғасырлардағы Корея
- •§ 28. Кейінгі орта ғасырлардағы Монғолия
- •§ 30. Кейінгі орта ғасырлардағы Орта Азия
- •§ 31. Индия Ұлы Моғолдар билігі кезінде
- •§ 33. Кейінгі орта ғасырлардағы араб елдері
§ 17. Дамыған орта ғасырлардағы
Орта Азия мен Закавказье
1. Дамыған орта ғасырлардағы Орта Азия мен Закавказъедегі
феодалдық қатынастар.
2. Закавказъе елдері селжук түріктері мен моңғолдар билігі
кезінде.
3. Моңғолдардың жəне Əмір Темірдің билігі кезіндегі Орта Азия.
4. ХV ғасырдағы Закавказъе елдерінде феодалдық
қатынастардың онан əрі дамуы.
5. ХІ—ХV ғасырлардағы Орта Азия мен Закавказъе
халықтарының мəдениеті.
Орта Азияны қарахандықтар жаулап алғаннан кейін мемлекетті
басқару ісіне өзгерістер енгізілді. Бюрократиялық аппараты же-тілген, мемлекеттік жер қоры өте мол саманилер мемлекеті құлады.
Енді оның орнына еншілік жер жүйесі қалыптасқан қарахандық
мемлекет орнады. ХІ—ХІІ ғасырлардағы Қарахандар мемлекетінің
аумағы ұланғайыр болды. Оған Шығыс Түркістан, Жетісу, Ферғана,
Мəуераннахр кірді. Қарахандар əулетінің мүшелері жеке еншісі
бар кішігірім (илек) хандар болып саналды. Мемлекет басында
хандардың ханы — Тамғаш хан тұрды.
XI ғасырдың бірінші жартысынан бастап жекелеген кіші хан-дар өзінің тəуелсіздігін нығайта түсуге ұмтылды. 1089 ж. Қарахан-дықтар селжуктер империясының əскерінен жеңілді де, солардың
вассалына айналды.
1128 ж. Солтүстік Қытайдан қуылған көшпенді кидандар (қара
қытайлар) Жетісу мен Шығыс Түркістанды басып алды. 1141 ж.
олар өздеріне Мəуреннахрды толығымен бағындырды. Қарахандық
жекелеген хандар кидандар мемлекетінің басшысы — гурханның
салық төлеушісіне айналды. Кидандар Жетісуға орнығып алып,
көшпелі өмір сүрді.
XI—XII ғасырларда Орта Азияда жер қоры қайта бөлінді. Тек
вакфтың иеліктері ғана өзгеріссіз қала берді. Бұрынғы мемлекеттік
жəне мүліктік жерлердің едəуір бөлігі жаңа жер иелерінің қолына
көшті. Жер иеленудің XI ғасырдағы негізгі түрі ихта болды. Ол
XII ғасырға қарай уақытша бенефициден біртіндеп мұрагерлікпен
пайдаланатын ленге, феодқа, яғни мемлекеттік сыйдан феодалдық
жер иеленуге айналды. Ихтаны енді көбінесе көшпелі əскери
ақсүйектердің өкілдері алатын болды. Олар тек көшпелі мал-шылардан ғана емес, ихта жеріндегі отырықшы егіншілерден де
алымсалық жинап алып отырды. Ихта иелері XIII ғасырға қарай өз
қоластындағыларды соттау құқына да ие болды.
Диқандардың мүліктік жерлерінің көшпелі əскери ақ-сүйектер
өкілдеріне көшуі жəне жердің ихтаға айналуы бірте-бірте
егіншілердің жойылуына əкеліп соқты. Əрине диқан деген термин
біржолата жойылып кеткен жоқ, кейінірек мұндай сөзбен барлық
шаруаларды атайтын болды.
Селжук мемлекеті кезінде ірі əскер басылары ихтаның есебінен өз
жасақтарын қамтамасыз ету міндетімен бірге тұтас аймақты иеленіп,
сол аймақтың əкімі болып саналды. Ол өз иелігіндегі Ихтадан қол
астындағыларға жер бөліп беру құқын алды. Сөйтіп ихта иелері
феодалдық саты жүйесінің маңызды бір буынын құрады.
Саманилер билігі кезінде Хорезмекіге бөлініп кеткен еді.
Орталығы Қият қаласы болған оңтүстігі жергілікті князь —
Хорезмшах билігінде болса, орталығы Үргеніш қаласы болған
Солтүстігінде араб əмірі билік құрды. 996 ж. бұл екі бөлігі бір
феодалдық мемлекетке бірікті.
ХІ—ХІІ ғасырларда Хорезмнің экономикасы мен мəдениеті
ірі жетістіктерге жетіп, құлпыру кезінде болды. Оның эконо-микасының негізін егіншілік пен жеміс-жидек, көкөніс құрады.
Мол өнім жинауға суару жүйесінің жетілуі себеп болды. Хорезмнің
қалаларында қолөнер дамып, көшпенділермен жəне Хазарлармен,
Еділ жағасындағы халықтармен жəне Киев Русімен транзиттік сауда
өсе түсті. Бұл елдерден тері, былғары, бояулар, жылқы жəне ірі қара
мал əкелінсе, Хорезмнен кептірілген жеміс-жидек, астық, күріш,
кілем, ертоқым, теріден тігілген бұйымдар мен мата шығарылды.
Хорезмдік көпестер Қытаймен, Иранмен жəне Мəуереннахр
қалаларымен сауда жүргізді. Хорезмнің астанасы Үргеніш XI
ғасырдың басына қарай Шығыстың ең əдемі де абаттындырылған
қалаларының бірі, ірі мəдени орталық болды. Хорезмшахтың сарай-ында бір кездерде Шығыстың көрнекті ғұламалары, олардың ішінде
Ибн Сина мен Бирунилер тұрып, атақты еңбектерін жазды.
1043 ж. Хорезм Селжуктер мемлекетінің вассалына айналды.
Бірақ XII ғасырдың екінші жартысында қуатты шаруашылығы, жал-дамалы əскері бар хорезмшахтар тəуелсіздікке ие болды. Хорезмді
сельжуктерден 1194 жылы Төкеш ибн иль-Арслан /1172—1200/ азат
етті. XII ғасырдың аяғы — XIII ғасырдың басында өздері белсенді
сыртқы саясатқа көшіп, Хорасанды, Батыс Иранды, Ауғаныстан мен
166 167
Мəуреннахрды басып алды, кидандар мемлекетін талқандады. XIII
ғасырдың басында Хорезм үлкен феодалдық империяның орталығы
болды.
Бұхар жазирасында XII ғасырда садрлар басқарған князьдық
құрылды. Садрлар дін саласының қызметкерлері болды. Олардың бай
жер иеліктерінде шаруалар жұмыс істеді. Садрлар дін ісімен қатар
саудамен де шұғылданды. 1206 ж. Бұхар жазирасында садрларға
қарсы қолөнершілер көтерілісі болды. Көтерілісті диқандар, шаруа-лар да қолдады. Бұл көтерілістің басында қолөнерші Мелік Санжар
тұрды.
Иран мен Орта Азия моңғол-татар
шапқыншылығы қарсаңында
Көтерілісшілер Бұхар жазирасындағы билікті басып алып сад-рды, оның туған-туысқандары мен вассалдарын қуып жіберді, мал-мүліктерін тартып алды. Бұл жағдайды хорезмшах Мұхаммед пай-далана қойды: бұхар ісіне араласып, 1207 ж. көтерілісті басты да,
Бұхарды өз иелігіне қосып алды.
X ғасырда күшейген Византия XI ғасырдан бастап Армениямен
Грузиякнязьдіктері мен патшалықтарына қарсы басқыншылық
саясат жүргізді. Арменияға ирактық оғыздардың басып кіруін
(1021 ж.) пайдаланып, Византия өз иелігіне армяндық Васпуракан
патшалығын қосып алды (1022 ж.). Енді Византия өкіметі Арме-нияның ең ірі патшалығы Ширактың (Ани) ісіне қайта-қайта ара-ласа берді. 1045 ж. Византия императоры Константин IX Мономах
Ани патшасы Гагик II-ні келіссөз жүргізейік деп алдап
Константинопольге шақырып алып, сарайынан шығармай, ұстап
қалды. Сонан кейін əртүрлі сый-сияпаттар мен артықшылықтар
алған армян феодалдары католикос басшылығымен Ани пат-шалығының Византияға қосып алынуына мойынсұнды.
Закавказье елдері моңғол-татар
шапқыншылығы қарсаңында
Византия өкіметі армян феодалдарына сенім білдірмеді,
сондықтан да шекараны қорғау қажеттігі деген сылтаумен олардың
көпшілігін Киликияға, Солтүстік Сирия мен Болгарияға жер аудар-ды. Бұл жағдай Армениядағы феодалдық жасақтардың əлсіреуіне,
сүйтіп елді селжуктердің оңай жаулап алуына əкеліп соқты. Селжук
түріктерінің алғашқы шабуылы 1048 ж. басталды. 1065 ж. олар
Арменияның астанасы Аниды басып алды. 1071 ж. Манцикертте
селжуктер византия əскерін талқандады. Осы шайқастан кейін олар
Армения мен бүкіл Кіші Азияны бағындырды.
Селжук түріктерінің билігі орнағаннан кейін көптеген армян фео-далдары мен шаруалары, қала тұрғындары елін тастап, Кіші Азияға,
негізінен Киликияға барып қоныстанды да, сол жерде 1080 ж. армян
князьдығының негізін қалады. 1198 жылдан бастап ол патшалық
168 169
деп аталды. Киликиялық армян мемлекеті (1080—1375) Жерорта
теңізі төңірегіндегі елдер тарихында едəуір маңызды рөл атқарды.
Ол жақта армян мəдениетінің жаңа орталықтары — Сис жəне Тарс,
Мамедия жəне Адана қалалары пайда болды.
Киликия қалалары Венециямен, Генуямен, Пизамен, Франциямен,
Сириямен, Египетпен қызу сауда жүргізді. Киликия халқының
құрамы ала-құла болды. Онда армяндардан басқа гректер мен
сириялықтар, итальяндықтар мен француздар (қалаларда) көптеп
тұрды.
XI ғасырдың аяғынан 1182 жылға дейін Киликия мемлекеті
Византиямен сəтті соғыстар жүргізіп, тəуелсіздігін сақтап қалды.
Мемлекет ІІ-Левонның (1198 жылдан — патша) тұсында өз дамуының
шыңына жетті. Бұл кезде ауыл шаруашылығы, қолөнері, сауда
жоғары дəрежеде дамып, зор табыстарға жетті. 1266 жылдан бастап
Киликиялық армян мемлекеті египет сұлтандарымен үздіксіз күрес
жүргізді. 1375 ж. Киликияны мамлюктер жаулап алды, Левон VІ
патша тұтқынға түсті. Армяндық Киликия мемлекеті өмір сүруін
тоқтатты.
XIII ғасырдың 60- жылдарында Армения Алтын Орда ханда-ры мен Хулагулер арасындағы қызу күрестің аренасы болды. XIV
ғасырдың аяғында Тохтамыстың жəне Темірдің жорықтары кезінде
Армения талан-таражға ұшырап, зор зардап шекті. ХV ғасырдың
басындағы Арменияға көшпенді Қара-қойлы, кейінірек Ақ-қойлы
тайпаларының басқыншылықтары да халықтың қырылуына,
елдің күйзеліске ұшырауына əкеліп соқты. Шаруалардың то-налуы, қолөнерінің күйреуі ХІV—ХV ғасырларда Арменияның
шаруашылығын орны толмас шығынға ұшыратты. Осы кезде Арарат
облысы мен Ереван қаласының елді біріктіру орталығы ретіндегі
маңызы өсе түсті. 1441 ж. Эчмиадзин қаласына «барлық армяндар
католикосының» тағын көшіру оның қасындағы Ереван қаласының
мəн-маңызын арттыра түсті.
1001 ж. Грузияның екі патшалығы — Тао — Кларжет жəне Абхаз
Грузия Абхаз патшалығына біріккен болатын. Баграт ІV (1027—
1072) патшаның билігі кезінде грузиндер Тбилисиді мұсылман
əмірінен тартып алды. Кахетиді қосып алғаннан кейін Грузияның
саяси бірігуі аяқталды. Бірақ патшаның ірі феодалдардың (əсіресе
Липариттер руының) сыртқы жауға қарсы күрестегі елдің қорғаныс
қабілетін кеміткен сепаратистік пиғылымен көп күресуіне тура
келді.
170 171
1080 ж. Грузияға селжук түріктері басып кірді. Георгий II —
(1072—1089) патша ауыр бітім шартын жасауға мəжбүр болды.
Оның билігінде тек Батыс Грузия (Имерети) мен Абхазия ғана
қалды. Ол селжук сұлтанына алым-салық төлеп тұруға міндеттенді.
Шығыс Грузия Тбилиси қаласымен бірге селжуктер империясының
құрамына қосып алынды.
Грузин-абхаз патшасы Давид ІV Құрылысшы (1089—1125) ірі са-яси қайраткер ретінде танылды. Селжук түріктерімен күресу үшін
ол соғысқа мықтап дайындалды. Алдымен мемлекеттік билікті бір
орталыққа бағындырып, нығайтты. Ұсақ феодалдарға, көпестер
мен еңбекші халыққа арқа сүйей отырып, бүлікшіл ақсүйектерді
ауыздықтады. Владимир Мономахтың əскерінен жеңіліп, Қаратеңіз
жағасынан қашқан қыпшақтардан 40 мыңдық тұрақты атты əскер
құрды. 1101 жəне 1120 жылдар аралығында Шығыс Грузияның көп
бөлігі селжуктерден қайтарып алынды.
1121 жылы Дидгар шайқасында грузин əскерлері селжуктер
əскерін жеңді. 1122 жылы Грузиндер Тбилисиді азат етіп, астана-сын Кутаисиден сонда көшірді. Тамара /1184—1207/ патша тұсында
Грузия əскери-саяси табыстарға жетті. Ани, Карс, Двин қалалары
мен Арменияның солтүстігі де селжуктерден қайтарылып, Захарилер
басшылығымен Грузияға вассалдық тəуелділіктегі армян князьдігі
құрылды. Захарий армениялық князьдер əулетінен шыққан, грузин
əскерінің бас қолбасшысы болатын.
XIII ғасырдың екінші жартысында Грузияны моңғол-татарлар
басып алды, XIV ғасырдың екінші жартысында Грузияны Темір
талқандады. Бұл басқыншылықтар барысында қатты күйзеліске
ұшыраған Грузия ХV ғасырдың аяғында бірнеше тəуелсіз
патшалықтарға — Картлиге, Кахетиге, Имеретинге жəне Самцхе —
Саатабаго князьдығына бөлініп кетті.
XII ғасырда Грузия феодалдық дамудың жоғарғы сатысына
көтерілді. Мұрагерлік лендер мен иммунитет жүйесі біржолата
қалыптасты. Үстем таптың жоғарғы сатысында ірі феодалдар — ди-дебулилер мен дінбасылары жəне ұсақ феодалдар-азнаурлар тұрды.
Бұл феодалдар дидебулилердің вассалдары болды. Феодалдық
тəуелді шаруалар — глехтер жер иелеріне оброк төлеп, еңбек
міндеткерлігін атқарды.
ХІІ—ХІІІ ғасырларда Грузия экономикасы жоғары дəрежеде да-мып, гүлдене түсті. Үлкен суару жүйелері — Самгор, Алазан канал-дары салынды. Грузия сыртқа астық (бидай), шарап, жібек, жүн,
мақта, былғары, жылқы шығарып отырды. Грузия мен Солтүстік
Арменияда қалалар қатары тез өсіп, олардың қолөнері дамыды.
Тек Ани қаласында XIII ғ. басында қолөнерінің 38 түрі болды.
Грузиядағы қолөнері мен сауданың орталығы Тбилиси, Дманиси,
Самшвил, Гори, Ахалцихе, Кутаиси болса, Солтүстік Арменияда —
Ани, Лори, Двин жəне Карс қалалары болды.
XII ғасырда грузин патшалары орталықтандырылған күшті
мемлекеттік аппарат құрды. Оны мцигнобарт (канцлер) басқарды.
Бұл қызметке өне бойы чхондидтік архиепископ тағайындалып от-ырды.
1070 жылға қарай селжук түріктері астанасы Тебриз қаласы
болған оңтүстік Əзербайжанды өз иеліктеріне қосып алды. 1080
ж. селжуктер Ширваншахты да бағындырды. 1088 ж. селжуктер
сұлтаны Мелікшахтың əскері Гянджаны басып алды.
Солтүстік жəне Оңтүстік ƏзербайжандаXII ғ.— XIII ғасырдың
басында екі ірі мемлекет: Ширвандар мен атабектер мемлекеттері
болды. Ширваншахтар мемлекеті оңтүстікте Кура, солтүстікте
Самур өзендерімен шектелді. Оңтүстік Əзербайжанда Ильдегиздер
əулетінен шыққан атабектер билік құрды. Оның астанасы алғаш
Нахичеван, кейін — Тебриз болды. Солтүстік Əзербайжан сыртқы
жаулары — хазарлармен, қыпшақтармен, селжуктермен күресте
үнемі Грузиямен одақтасып отырды. Ірі саяси қайраткер Ахситан
I (1154—1205) Ширваншахтың саяси қуаттылығының зор болған-дығы соншалық, деректерде ол «Ұлы қаған» деп аталады.
XIII ғасырдың 30- жылдарында Əзербайжанды моңғолдар
жаулап алды да ол ХІV ғасырдың 60—70-ші жылдарына дейін
Хулагулер империясының құрамында болды. XIV ғасырдың аяғын-да Əзербайжан Темірдің шапқыншылығына ұшырады. ХV ғасырда
Əзербайжан Қара-Қойлылар мен Ақ-Қойлылар мемлекеттеріне
бөлініп кетті.
172 173
Əмір Темір
(1336—1405)
Хорезмшахтар империясы
Əмір Темірдің империясы
174 175
ХІІ—ХІІІ ғасырларда Əзербайжан экономикасы жоғары дəрежеде
дамыды. Елде бидай, арпа, күріш, мақта өсіріліп, сыртқа шығарылып
тұрды. Сонымен қатар Əзербайжаннан жібек, жүн, мұнай, тұз, мыс
кені, бояу шығарылды. Оңтүстік Əзербайжандағы Тебриз, Марага,
Ардебил, Солтүстік Əзербайжандағы Нахичеван, Байлакан, Гянджа,
Шемаха қалалары, əсіресе жібек маталарының ең жақсы сорттарын
шығаратын Гянджа бай сауда — қолөнер орталықтары болды.
Əзербайжандағы жер мен суға феодалдық меншіктің үстем түрі
ихта болды. Ол іс жүзінде мұрагерлік ленге (феод) айналды. Ірі ке-руен саудасына белсенді түрде араласып отыратын қалалар да ірі
феодалдарға тəуелді болды. XII ғасырда қолөнер корпорациялары-мен тығыз байланысты, ақсүйек феодалдарға қарсы көзқарастағы
ахилер бауырластығы қалыптасты. Олар қаналушы халықты «ти-рандардан» құтқару идеясын қорғап, тиранды өлтірудің зандылығы
туралы ілімді жақтады.
XI—XII ғасырларда Əзербайжан халқының ұзаққа созылған
қалыптасу процесі аяқталды. Түрік жүйесіндегі Əзербайжан тілі
қалыптасты. Ол тілде фольклор шығармалары, ал кейінірек — жаз-ба əдебиетінің туындылары жазылды.
Закавказьеге орыстар XIII ғасырда ене бастады. Тарихшы Ибн
Əл-Асир Тебризге ең алғаш орыс көпестерінің келгендігін хабарлай-ды. Грузиндер мен армян көпестері Киевте, Галичте, Новгородта,
т.б. қалаларда сауда жүргізді. Грузин жəне армян ықпалы Ростов-Суздаль жерінің сəулет ескерткіштерінен байқалады. Армяндармен
сауда қатынасының бір айғағы — Русьте алғаш армян көпесте-ріне арнап «Армения ағартушысы» əулие Григоридің құрметіне
салынған шіркеу. Орыс шіркеуі де мойындайтын «əулие Григоридің
өмірі» армян тілінен орыс тіліне аударылған. Грузия мен Русьтің
қарым-қатынас жасап тұрғандығының бір дəлелі — кейін грузин-дер патшасы болған Тамараның бірінші күйеуі орыстың ұлы князі
Андрей Боголюбскийдің баласы Юрий болғандығы.
ХІV ғасырдың ортасына дейін Закавказье халықтары Хулагулердің
билеуінде болды. Хулагу мемлекетінің негізін қазіргі Əзербайжан
құрады. Тұтас жер округтері жаулап алушы монғол феодалдарына
əскери лендер ретінде /ихта/ беріліп отырды. Қазына жерлері «ди-ван» деп аталды. Ол монғол чиновниктерінің уақытша басқаруына
үлестіріліп берілді. Жердің едəуір бөлігі мұсылмандардың діни
мекемелерінің қарамағында болды. Ол жерлер «вакуф» деп аталды.
Ақырында өмір бақилық жеке меншік болып табылатын шағын жер
иелігі «мүлік» деп аталды. Грузин, армян, əзербайжан феодалдары
хандардан өз иеліктеріне жарлықтар алып отырды.
Шаруалар бірқатар міндеткерліктер атқаруға тиіс болды: ханның
пайдасына ауыл шаруашылық салығын, 100 қарадан бір қара жай-ылым салығын /кубчур/ төледі. Закавказьедегі қолөнері мен сау-да Бердаа, Дербент, Тбилиси, Ани жəне басқа қалаларда дамыды.
Закавказье халықтары тəуелсіздіктерін жеңіп алу үшін күресті.
Халық жасақтары бірігіп, монғол əскерлеріне шабуыл жасап отыр-ды. Закавказьеге 1337 жылы Хорасанда /Иран/ болған Хулагулерге
қарсы көтерілістің дүмпуі жетті. Бұл көтеріліс Хулагулер билі-гін əлсіретті. ХV ғасырда Закавказье елдерінде феодалдық быты-раңқылық күшейді.
Грузияда феодалдық қатынастардың дамуы ХV ғасырдың
аяғында ерікті жер иеленушілердің жойылуына əкеліп соқты.
Əкеден балаға мұра ретінде көшіп отыратын сатавадо деп аталған
феодалдық жүйе қалыптасты. Ерікті жер иеленушілерді басыбайлы
шаруаларға айналдыру күшейе берді, барщинаның мерзімі ұзарып,
оброктың мөлшері өсе түсті.
Орта Азиядағы қуатты мемлекеттердің бірі Үргеніштің басшы-сы Мамун Ибн Мұхаммед 995 ж. біріктірген Хорезм мемлекеті бол-ды. Бірақ оны 1017 ж. Махмуд Газнауи, 1043 ж. селжук түріктері
жаулап алды. XI ғасырдың аяғында Үргеніште ұлы хорезмшахтар
əулеті билікке келді. Ол əулеттің 1127—1156 жж. билік құрған өкілі
Атсыз Орта Азияның бүкіл солтүстік-батыс бөлігін біріктірді. Оның
немересі Текеш ибн Арсылан (1172—1200) 1194 ж. Хорезмді селжук-терден азат етті. Текештің баласы Мұхаммед II — Ала-ад-диннің
(1200—1220) тұсында хорезмшахтар мемлекеті өз дамуының ең
жоғарғы шыңына жетті.
1219 жылы Орта Азияға моңғолдар шабуылы басталды. Келесі
жылы Мұхаммед II — Ала-ад-дин моңғолдардан жеңіліп, Каспий
теңізіндегі бір аралға қашып кетті. Ақыры сонда қайтыс болды.
XIII ғасырдың бірінші жартысында орнаған моңғол үстемдігі
Орта Азия халықтарының өсіп-өркендеуіне көп кедергі жасады. Онда
егіншілік мəдениеті құлдырады. Қиратылған қалалар қиындықпен
қалпына келтірілді.
Басқақтар бастаған моңғолдардың əскери отрядтары мен алып-сатарлар халықты күйзелтті. 1224 жылы құрылған Шағатай ұлысын
1251 жылы Батый мен Мөңке бөліске салды. Батыйға Мəуереннахр
тиді. XIII ғасырдың 60 жылдарында Шағатай немересі Алға ұлысты
қайта қалпына келтіріп, Шағатайлар билігін орнатты. Алғаның
мұрагерлері Мубарак пен Барақ ислам дінін қабылдаған болатын.
Ұлыстың астанасы Жетісудан Мəуераннахрға ауысты /1266/. Кебек
176 177
ханның /1318—1326/ тұсында етек алған феодалдық қырқысулар ол
өлген соң ұлысты ыдыратты. Ақсақ Темір билігінің /1370—1405/ ор-науымен Мəуереннахрдағы Шағатай билігі жойылды.
Темірдің жеңісті жорықтарының нəтижесінде Орта Азияда оның
бастауымен қуатты держава құрылды. Темір Иранға, Хорезмге,
Закавказьеге, Кіші Азияға, Индияға жорықтар жасады. Жаулап
алынған елдерден алтын, күміс, бағалы заттар алып келіп, Темір сал-танатты сарайлар, мешіттер салғызды. Ол Орта Азия қалаларында
қол өнері мен сауданы өркендетуге, суландыру жүйесін кеңейтуге
тырысты.
Темір өзінің əулеттері мен əмірлеріне /өзі де «əмір» атанды/ тұтас
облыстарды мұралық иемденуге /«Союргал»/ үлестіріп беріп от-ырды. Ол жерлерден түсетін табыстардың біраз бөлігі жергілікті
əкімшілікке, біраз бөлігі мемлекеттік қазынаға өтіп отырды.
Шаруалар XIII—XIV ғасырлардағыдай, «харадж» деп аталған жер
салығын, «джизья» теп аталған жан басы салығын төледі. Сонымен
қатар шаруалар «бегар» деп аталған барщиналық міндеткерліктер
де атқарды.
ХІV ғасырдың екінші жартысында Орта Азияда бірнеше халық
көтерілістері болды. Мысалы, 1365 жылғы Самарқандағы халық
көтерілісін Мəулен-заде деген медресе шəкірті мен Əбу Бəкір Келеви
деген мақта түтуші басқарды. Қаланың еңбекші халқы өкімет
билігін өз қолына алды. 1388 жылы көтеріліс Хорезмде болды. Бұл
қозғалыстарды Темір басып тастап отырды.
1395 жылы Темір өзіне қарсы шыққан Тоқтамысты /Алтын Орда
ханы/ талқандап, орыс жеріне қарай аттанды. Оның қолдарының
орыс жерлеріне келіп кіруі Мəскеуде қауіп-қорқыныш туғызды.
Қала қорғанысқа дайындала бастады. Бірақ Темір Рязань жерінің
шекарасында екі апта аялдағаннан кейін, Азов пен Каспий
бойындағы далаларға қарай бұрылды. Кетер алдында Елец қаласын
талқандады.
Темірдің Алтын Орданы талқандауын Мəскеу өкіметі тиімді
пайдалана қойды: ол Алтын Орда бекіткен алым-салықты тө-леуін тоқтатты. Темір өлген соң Орта Азиядағы билік үшін өзара
қырқысулар күшейді. Темір империясы бұрын басып алған
жерлерінен қайта айырыла бастады. Темірдің баласы, əрі мұрагері
Шахрухтың (1405—1447) тұсында Темір ұрпақтарының қолында
Орта Азия, Ауғаныстан мен Иран ғана қалды. Шахрух сұлтан аста-наны Гератқа көшіріп, Мауераннахрды 1409 ж. өзінің үлкен ұлы
Ұлықбектің (1394—1449) еншісіне берді. 1447 ж. Шахрух сұлтан
өлген соң Ұлықбек 1449 жылға дейін атасы Темірден қалған жердің
бəріне билігін жүргізді.
1449 ж. Ұлықбектің баласы Əбділ-Латиф төңкеріс жасап, əкесін
тақтан құлатты. Артынша жалдамалы қаскөйлерді жіберіп, əкесін
өлтірткізді.
1452—1469 жылдары билік құрған Темірдің ұрпағы Əбу-Сеиіттің
тұсында дəруіш шейхтерінің ықпалы күшейді. Ол өлген соң
Темірдің мемлекеті екі сұлтанатқа бөлініп кетті. Біреуі Хорасан мен
Ауғанстанды қамтыса, екіншісі Мауреннахрды қамтыды.
ХV ғасырдың басында Шейбан ұлысы мен Ақ Орда Өзбек
хандығына біріккен болатын. Көшпелі өзбектердің Бұл хандығы
Əбілхайырдың (1428—1468) билігі кезінде нығайды. ХV ғасырдың
50- жылдарының екінші жартысында ол хандықтан Жəнібек пен
Керей сұлтандар басқарған тайпалар бөлініп кетіп, Талас пен Шу
өзендері аралығында Қазақ хандығын құрды.
1500—1510 жылдары билік құрған Əбілхайырдың немересі
Мұхаммед Шейбани бытырып кеткен хандықты қайта біріктірді.
Ол 1499—1500 жылдары Бұхара мен Самарқандты басып алды да,
келесі жылдары Темір ұрпақтарын Мəуераннахрдан қуып жіберді.
Сөйтіп, Мəуераннахрда Шейбанилер билігіндегі Өзбек хандығы
құрылды.
Мəдениет. ХІ—ХV ғасырлар Орта Азия мен Закавказье елдері
үшін ерте орта ғасырларға қарағанда əлдеқайда қиын қыстау кезең
болды. Дегенмен мəдениеттің дамуы тоқтап қалған жоқ, ол араб
ғылым-білімінің ықпалымен онан əрі жетіле түсті. Орта Азиядағы
Ғазнауилар мен Қарахандар билігі кезінде, əсіресе əдебиет саласын-да жаңа жетістіктерге қол жетті. XI ғасырда түрік ғұламасы Махмұд
Қашқари түркі тілдерінің тарихы жөніндегі маңызды дерек болып
табылатын сөздік жасады. Ол: «Түркілер көркемдік, сүйкімділік,
жарқын жүзділік, əдептілік, жүректілік, үлкендерді, қарияларды
құрметтеу, сөзінде тұру, мəрттік, кішіктік, тағы сондай сансыз көп
мақтаулы қасиеттерге ие», деп түркі халқына рухани дəл де құнарлы
мінездеме берген.
Ұлы тəжік ақыны, ойшыл Насир-и Хусрау (1004—1088) «Саяхат
кітабы» деген еңбегінде, көптеген өлеңдерінде тек Орта Азия ғана
емес, сондай-ақ Сирия, Египет, Аравия халықтары мен олардың салт-дəстүрлері, шаруашылығы жайлы құнды деректер мен ой-пікірлер
қалдырған. Түркі халқының ғұламасы Жүсіп Баласағұн (1015 —
шамамен 1075) өзінің «Құтты білік» (1069 ж.) деген дидактикалық
поэмасында ел басшыларын əділ болуға, заңды түзеуге, ізгілікке
178 179
шақырды. Əр қилы əлеуметтік топ өкілдерінің бəрін кісілікке ба-стайтын, теңестіретін — білік, кісілік, ізгілік дейді.
Орта Азия мəдениетінің дамуына тəжік-парсы халықтарының
əлемге əйгілі ұлы ақыны Омар Хаиям Гияс-ад-дин (1048—1122) зор
үлес қосты.
XII ғасырдан бізге тағы да бір түркі ғұламасы Қожа Ахмет
Яссауидың (1094—1167) өлеңдер жинағы жеткен. Өзінің даналық
хикметтерінде ол Бұл дүниедегі қызық-думан, мансап-байлықтың
уақытша екенін, оны басты мақсат тұтпай, ертеңгі ана дүниедегі
жағдайды ойлау керектігін ескертеді. ХІ—ХІІІ ғасырлардағы ақын-жазушылардан сұлтан Жəлел-ад-дин Мелік-шах пен оның ұлы
Санжарды, Ахмет Югнаки мен Насриддин Тусиды, Джемаладдин
Бухорои мен Əлишах Бухороиды, Шамсиддин Самаркандиді ерек-ше атап өтуге болады.
ХІ—ХІІІ ғасырларда оқымыстылар ан-Несеви мен əл-Хазанилар
Орта Азиядағы ғылымның дамуына зор үлес қосты. ХV ғасырда
ғылым мен білімге қамқорлық көрсеткен ел басшыларының бірі
Темірдің немересі Ұлықбек болды. Ол Самарқандта биіктігі 55 метр
обсерватория салғызды. Онда сол кездегі ең көрнекті астрономдар
қызмет атқарды. Ұлықбектің өзі Еуропа мен Азияда мəлім болған
астрономиялық кестелер құрастырды.
XII ғасырда өмір сүрген грузин ақыны Шота Руставели əйгілі
«Арыстан терісін жамылған батыр» деген поэмасын жазды. Ал
Əзербайжан ақыны Низами Гянджеви /XII ғасыр/ «Лəйлі мен
Мəжнүн» поэмасын өмірге келтірді.
Əзербайжан поэзиясында XIII ғасырда парсы тілі мен қатар
əзербайжан тілі де пайдаланыла бастады. Парсы тілінде жазған
ақындар арасында XIII ғасырда өмір сүрген Зүлфықар Ширванидің
шоқтығы биік тұрды. Əзербайжан тілінде жазған ақындар ішінде
1417 жылы күпір деп отқа жағылған Несими /1369—1417/ ірі тұлға
болды. Ол өз шығармаларында əлеуметтік əділетсіздікке қарсы
наразылық білдірді, фанатизмді сынады.
Гератта өзбектің ұлы ақыны Ə.Науаи /1441—1501/ өмір
сүрді. Ол Хусейн Байқараның уəзірі болған. Оның энциклопе-диялық білімі кең, ол поэзиямен, музыкамен, көркем суретпен,
ғылыммен шұғылданған. Науаи отыздан астам шығарма жазған.
Ол шығармаларын ана тілі — өзбек тілінде жазды. Аса көрнекті
гуманист болған Науаи əлеуметтік əділетсіздік пен езгіге қарсы
күресті, еңбекті дəріптеді. Оның «Фархад пен Шырын», «Лəйлі
мен Мəджнүн», «Жеті планета» деген шығармаларын халық əлі
күнге дейін қызыға оқиды. Оның бастамасы бойынша жəне ішінара
оның өзінің қаржысына кітапханалар, ауруханалар, оқу орындары
салынған.
Гератта, сондай-ақ тəжік халқының көрнекті ақыны, ойшыл
Абдрахман Джами /1414—1492/ өмір сүрді. Оның «Хафт авранг»,
«Бахаристан» деген шығармалары жазушының терең білімді,
мəдениетті, ойшыл болғандығын білдіреді.
Дамыған орта ғасырлар кезінде Грузияның сəулет өнерінің тама-ша ескерткіштері өмірге келді. XII—XIII ғасырларда Давид Гареджа,
Вардзиа монастырлары, Гелатиде, Гегутиде тамаша сарайлар салын-ды. ХVІ ғасырда Ананури қамалы салынған.
Арменияда XIII ғасырда Ани қаласында Саргис сарайы, Мренде
Сахмадин сарайы салынды. ХІІІ—ХІV ғасырларда Армениядағы
Гладзор, Ахпат, Санаин, Татев монастырларында жоғары мектептер
білім беру ісін жалғастырды. ХV ғасырда өмір сүрген армян тарих-шысы Товма /Фома/ Мецопский Тимур билігі кезіндегі Армения та-рихын жазды. XIII ғасырда ірі армян ақындары Фрик, Константин
Ерзнкайскийлер /1250—1340/ өмір сүрді. Оның «Көктем» деген по-эмасы сақталған.
ХІІІ—ХV ғасырларда Əзербайжанда да сəулет өнері дами түсті.
Сəулет өнерінің ең тамаша ескерткіштері XIII ғасырда салынған
Пифханег мавзолейі, XIV ғасырда салынған Карабаглардағы
башняға ұқсас кесене, Бакуде ХV ғасырда салынған “диванхане”
деп аталатын ширван-шахтар сарайының кешені. ХV ғасырдағы
əзербайжан сəулет өнерінің тағы бір тамаша ескерткіші Тебриздегі
зəулім көк мешіт.
Сəулет өнері ХІV—ХV ғасырларда əсіресе Орта Азияда зор
табыстарға жетті. ХІV ғасырда Үргенште биіктігі 60 метрлік
минарет, Наджым-ат-дин Кубр мен сұлтан Əлидің кесенелері, Төре
Бике ханымның кесенесі салынды. Темірдің билік құрған кезінде
Самарқанда Шахтинзинде кешені, Бибі ханым мешіті, Гур-эмирлер
кесенесі салынды. Кеш қаласында Ақ Сарай, Түркістанда — Қожа
Ахмет Яссауи мешіті салынды. ХV ғасырдағы сəулет өнерінің
ескеркіштерінен Бұхарадағы Сейф-ад-дин Бахарзидің мешіт
кесенесін, Ұлықбек медресесін, Ашхабат маңындағы Анау мешітін,
Самарқандағы Ишратхан кесенесін атап өтуге болады. Биіктігі
55 метрлік Ұлықбек обсерваториясы салынды. Үлкен қалаларда
медреселер болды.
Сондай-ақ Əмір Темірдің бұйрығы бойынша жасалған тайқазан да
қолданбалы өнердің маңызды ескерткіші. Оны 1399 ж. Түркістаннан
180 181
25 км. жердегі Қарнақта зергер ұста Əбілəзиз ибн Шарафутдин
жеті күрделі асыл құймадан əзірлеген. Қазанның салмағы 2 тонна,
сыйымдылығы 3 мың литр, диаметрі 2,42 м., биіктігі 1,62 м. Оны
Темір Əзірет сұлтанның кесенесіне алты шырағданмен бірге
сыйлаған.
Сөйтіп, дамыған орта ғасырлар кезінде Закавказье мен Орта Азия
халықтарының мəдениеті онан əрі жетіліп, əлемдік өркениетке өз
үлесін қоса түсті.
Ə д е б и е т т е р:
1. История Востока. Т. 2. Восток в середние века. — М.,
Восточная литература РАН, 1995.— 443—450, 514—518 бб.
2. История Востока. Т. 3. Восток на рубеже средневековья и но-вого времени ХVІ—ХVІІІ вв.— М., 1999.— 120—130, 259—267 бб.
3. Тамерлан. Эпоха, личность, деяния /Сост. Р. Рахманалиев/.—
М., 1992.
§ 18. Х—ХV ғасырлардағы Иран
1. Аббасилер халифатының құрамындағы Иран.
2. Иран аумағындағы феодалдық мемлекеттер (Саманилер,
буидтер, газнауилер мемлекеттері).
3. ІХ—ХІІІ ғасырлардағы ауыл шаруашылығы, қолөнері, сауда,
əлеуметтік-экономикалық құрылыс.
4. Селжүктер билігі кезіндегі Иран.
5. Монғолдар шабуылы. Хулагулер мемлекетінің құрылуы.
Газанхан реформалары. Сербедарлар, Сеид мемлекеттері.
6. Сефевилер мемлекетінің құрылуы, Иранның феодалдық
бытыраңқылығы.
7. Мəдениеттің дамуы.
ІХ ғасырдың 60- жылдары Аббастар халифатының əлсіреуі
нəтижесінде Иранның шығысында Саффар əулеті басқарған
мемлекет құрылып, Систан мен Хорасанда өз билігін орнатты.
900 жылдан кейін Саффарилер жаулап алған жерлер 819 ж.
Мауераннахрде қалыптасқан Саманилер əулетінің қолына көшті.
Саманилер өкіметі 999 жылға дейін өмір сүрді.
Иранның батысы мен оңтүстік батысында 935 жылдан 1055 жылға
дейін Буидтер мемлекеті өмір сүрді. Каспий теңізінің оңтүстігіндегі
тау халықтарының кедей отбасынан шыққан үш ағайынды Буидтер
алғаш жалдамалы əскер қатарында болды, кейін əскер басы болып,
935 жылы Батыс Иранды, 945 жылы Бағдадты басып алды. Іс
жүзінде халифты да бағындырып алып, Ахмед ибн Буид оны өзіне
«Эмирлердің эмирі» деген атақ беруге мəжбүр етті.
Сөйтіп Буид арабтық Ирактың, бүкіл батыс Иранның тақсыры
болып, халиф тек сунниттік мұсылмандардың діни басшысы ғана
болып қалды. Шираз бен Рейде Ахмед Буидтің інілері Хасан мен
Əли ел басшылары болды. Буидтік басшылардың ішінде белсенділі-гімен, əсіресе Азуд-ад-Доулэ (949—983 жж.) ерекше көзге түсті.
Ол Ширазды басқаратын. Ол феодалдық рентаны қатаң тəртіпке
келтіріп, суару жүйесін кеңейтті. Сөйтіп, ауыл шаруашылығын
көтеру жолында көптеген шаралар қолданды.
Буидтер шийзмге қамқорлық жасап отырды. Саманилер мен
Буидтер мемлекеттеріңде арабтар билігі кезінде қалыптасқан жерге
феодалдық меншіктің түрлері сақталып қала берді. Х ғасырдың
аяғына қарай ерікті қауымдық шаруалардың көпшілігін феодалдық
басыбайлы шаруаларға айналдыру процесі негізінен аяқталды.
999 жылы Саманилер мемлекеті құлағаннан кейін Амудария
өзенінің батысы мен оңтүстігіндегі Хорасан, Систан жерлері жəне
Ауғанстан 977 жылдан 1187 жылға дейін өмір сүрген Газнауилер
мемлекетінің қол астына көшті. Бұл мемлекеттің негізін Газни
қаласы маңындағы шағын вассал князьдық қалады. Газнауилер
түркі тілдес халықтар болған. Газнауилер мемлекеті өзінің саяси
қуаттылығының шегіне Махмуд сұлтанның (998—1030) тұсында
жетті. Махмуд пұтка табынушы индустарға қарсы Солтүстік
Индияға “Қасиетті соғыс” жариялады. Махмуд Индияға 17 рет
жорық жасады. Тек бір жорығында ғана, деректердің мəліметі
бойынша, Махмуд Индиядан 57 мың құл, 20 млн. дирхемдік байлық
пен 350 піл əкеткен. “Дін үшін” соғыс туының астына жерсіз қалған,
байығысы келген мыңдаған шаруалар өз еркімен жиналатын.
Махмуд Газнауи Буидтер мемлекетімен де соғысты. 1017 жылы ол
Хорезмді басып алды.
XI ғасырдың басында Орта Азиялық селжук оғыздары Иранмен
Кіші Азияға қоныс аударды. Қарахандық түріктерден қудалаушылық
көрген оғыздар сұлтан Масуд Газнауиден Абиверда, Серахс, Ниса,
Мерв аудандарынан көшіп-қонып жүретін жер сұрап алды. Ақысына
əскери қызмет атқаруға уəде берді, əскері жетіспеген Масуд оғыздар
тілегін қанағаттандырып, 1035 ж. олардың сұраған жерлерінің біраз
бөлігін берді.
182 183
Бірақ жыл өткен сайын оғыздардың жерлерін кеңейту талабы
өсе түсті. Ашуланған Масуд Газнауи оғыздарға қарсы əскер
жіберді. Сельжуктық оғыздар көсемдері ағайынды Тоғрылбек пен
Шағрылбектер 1040 жылы ол əскерді талқандап, өздеріне Хорасан
мен батыс Иранға жол ашты. 1043 жылы Газнауилер Хорасан мен
Хорезмнен айрылды. Тоғрылбек басқарған Сельжук мемлекеті
құрылды. 1040—1055 жылдар аралығында Сельжуктер бүкіл
Иранды басып алды. Сельжуктер батысқа қарай жылжи отырып
Иракты, Əзербайжан мен Арменияны басып алды. 1055 жылы олар
Бағдадты басып алып, аббасид халифы Қаимды Тоғрылбекке сұлтан
атағын беруге мəжбүр етті. 1077 жылы Рум сұлтанаты құрылып,
оның қол астында Кіші Азия қалды.
Исмаилилік шиит Хасан ибн Саббах басқарған секта 1090 жылы
Казвин қаласының солтүстігіндегі Аламут (“Бүркіт ұясы”) қамалын
басып алды да, өз орталығына айналдырды. Кейін исмайлилер
Альбрус, Кухистан, Сагс, Ливан тауларында бірнеше қамалдар
мен замоктарды басып алды, сөйтіп, “таулық қарт” басқаратын,
теократиялық исмаилилік мемлекет құрылды. Ол 1090—1256 жыл-дар аралығында өмір сүрді.
Секта мүшелері қатаң тəртіппен, антпен берік топтасқан ұйым
құрды. Исмаилилер сельжуктерге қарсы аянбай күрес жүргізді,
өмірін қиюға дайын тұратын фидайлар өздеріне қас деп санайтын
саяси жəне мемлекеттік қайраткерлерді өлтіріп отырды. Адамның
басын айналдырып, мас қылатын есірткі тартатын Хасан Саббахтың
исмаилилері “хашиш тартушылар” атанды. Арабтар оларды
“хашишийун” деп атаған. Осы сөзден еуропалықтар исмаилилер
сектасының мүшелерін ассасин деп атап кетті. Бұл француз,
итальян тілдерінде “өлтіруші” дегенді білдіреді. Алғаш исмаилилер-ассасиндер бұқарасын қолөнершілер мен шаруалар құрады. ХІІ
ғасырдағы Сириялық араб Усама ибн Мунқыз, мемуарлар авторы,
исмаилилерді “кедейлер”, “жүн түтушілер еді” дейді. Замоктар
мен жерлерді басып алып, сектаның басшылары бай феодалдарға
айналды. ХІІІ ғасырдың басына карай Ирандағы исмаилилер
мемлекеті кəдімгі феодалдық мемлекетке айналды.
Сельжуктер билігі кезінде қолөнершілер мен көпестер арасын-дағы қырқысулар ондаған жылдарға созылды. Тегеран тұрғындары
қорғауға ыңғайлы болу үшін жерден үй жасап, сонда тұра бастады.
Рейде ХІІІ ғасырдың басында ақсүйектер жеңіске жетті. Бұл жеңіс
өте қымбатқа түсті. Екі жақтан 100 мыңдай адам қаза тапты дейді
тарихшылар. Мұндай қанды қырқысулар Нишапур мен Исфаханда
Ғазнауилар империясы
184 185
да орын алды. Бұл қырқысулардың идеологиялық негізінде діни
нанымдағы қайшылықтар-шииттер мен сунниттер келіспеушілік-тері жатты. XI—ХІІ ғасырларда Ирандағы феодал ақсүйектер
сунниттердің, қала мен деревня кедейлері-шииттердің идеологтары
болды.
“Ұлы Сельжуктер” сұлтанатына Балх ауданында көшіп-қонып
жүретін түрік-оғыздар көтерілісі ауыр соққы болып тиді. Балх
оғыздары ауыр салыққа — жылына сұлтан дастарханына 24 мың
қой беріп отыруға наразы болып, көтеріліске шықты. Олар 1153 ж.
сұлтан əскерін талқандап, сұлтан Санжардың өзін тұтқынға алды.
Сонан соң Мерв пен Нишапур қалаларын, Хорасанды тонап, талан-таражға салды. Парсы ақыны Анвар бұл тонаушылықты өзінің
“Хорасанның көз жасы” атты элегиясында өте шебер бейнелеген.
Бұл көтерілісті оғыз тайпасының басшылары пайдаланып калды.
Соғыста қолға түскен олжаларды иемденіп, жер үлестерін кеңейтті.
Ондағы басыбайлы шаруалар қатары да көбейді. Қарапайым
шаруалар бұқарасы көтерілістен пайда таппады. Санжар сұлтан
(1118—1157 жж.) өлген соң “Ұлы Сельжуктер” сұлтанаты бірнеше
ұсақ князьдыққа бөлініп кетті. Бұл сұлтанаттың əлсіреп ыдырауына
байланысты ХІ ғасырда бұрынғы Сельжук империясының леннигі
болған Хорезмнің саяси маңызы күшейді. Суару жүйелерінің дамуы,
ауыл шаруашылығының жоғары дəрежеде жетілуі, Орта Азияны
орыс, Иран жерлерімен қосатын керуен жолының бойына орналасуы
Хорезм басшыларының қуатын өсірді. “Ұлы Сельжуктердің”
құлауын пайдаланып, Хорезм шахтары ХІІ ғасырдың 80—90
жылдарында Мерв пен Хорасанды өз мемлекеттеріне қосып алды.
1210 жылы Мұхаммед Хорезмшах тұсында Хорезмге Бұхара мен
Самарқан қалалары орналасқан Мауереннахр қосып алынды. Ал
1215 жылы Ауғанстан толығымен түріктерге қосылды.
ХІІ—ХІІІ ғасырлар аралығында Иран экономикасы біраз жандана
түсті. ХІІІ ғасырдың басында жазылған “Табаристан тарихының”
авторы Ибн Асфандияр Мазендаран облысы туралы былай дейді:
“Бұл жерде арпа-бидай, жеміс-жидек, аң мен төрт түлік дегенің өте
жеткілікті. Байлық көзіңді тойдырады. Бір жапырақ бос жатқан
жерді кездестіре алмайсың”. Соңғы Хорезм шахтар Сельжук
сұлтанатындағы дағдарысты пайдаланып, 1132 жылы төменгі Ирак
пен Хузистанда саяси биліктерін қалпына келтірген Аббасидтік
Бағдад халифатымен сəтсіз соғыстар жүргізді. Ақыры 1220 жылы
Хорезмшахтар империясы монғол жаулап алушыларының оңай
жеміне айналды.
Дін. ХІІ ғасырдың басында сунниттік қағидалар тұжырымдалып
бітті. 1112 жылы қайтыс болған имам Мұхаммед Газалы “Ихья улум-ад дин” деген еңбегін жазды. Ол мұсылмандық діни қағидаларды
қарапайым халыққа жақындатуға, қызықырақ етуге тырысты.
Мұхаммед Газали атеистік философияға қарсы еңбек те жазды
(«Философтардың күйреуі”). Атеист философтар оған “Күйреудің
күйреуі” деген трактатпен жауап берді. XI ғасырда Иранның қала
тұрғындары арасында суфизм (ислам дініндегі мистикалық-аскеттік
бағыт) ықпалы күшті болды. ХІІ ғасырдағы ақын Сенан өзінің
сопы болуын кезбе дуананың ықпалы деп көрсеткен. Ол дуана
сұлтанның дүние-коңыздығын айыптап, “көзі ақсын” деп қарғайтын
дейді. Сопылықпен бүркемеленген шииттік дін Ирандағы қала
кедейлерінің, шаруалардың дініне айналды. Ол үстемдік етуші
сүнниттік дінге қарсы бағытталды.
Иранды Монғолдардың жаулап алуы. Монғол əскерлері Иранға
1220 жылы басып кірді. Жебе мен Сүбедей басқарған монғолдықтар
қолы Хорасан, Мазендаран мен Гилян арқылы өтіп, Рейді алды.
1231 жылы монғолдар Тебризді, 1237 жылы Исфаханды басып
алды. Иран 1253—1256 жылдары Шыңғысхан немересі Хулагу
хан басшылығымен толық бағындырылды. 1256 жылы монғолдар
исмаилиттер мемлекетін талқандап, Аламутты; ал 1258 жылы
Аббасилер халифатын талқандап, Бағдадты басып алды. Иранның
көп бөлігін, Армения мен Əзербайжанды, Ирак пен Түркістанды,
Грузияны қамтыған ұланғайыр Хулагид мемлекеті құрылды.
Монғолдардың ұлы ханы Құбылайдан Хулагу “илъхан” деген атақ
алды. Сол себепті бұл мемлекеттер “Ильхандар” мемлекеті деп
те аталды. Оның астанасы Тебриз қаласы болды. ХVІ ғасырдың
басында астана Сұлтание қаласына көшірілді.
Монғол жаулап алушылығынан кейін Иранның көп жері
жайылымдарға айналып, егіншіліктен гөрі мал шаруашылығы
басым бола бастады. Монғолдар Иранда өздерінің “Ұлы ясы”
заңдарын таратты. Ол бойынша Иранда қайтадан құлдар еңбегі
едəуір орын алды. Мұның бəрі қолөнерінің құлдырауына себеп
болды. Монғол шапқыншылығына аз ұшыраған батыс жəне оңтүстік
Иран қалаларында ерікті қолөнершілер еңбегі өз мəн-маңызын
жоғалтқан жоқ. Дегенмен ол қалаларда да қол өнерінің дағдарысы
орын алды. Ерікті қолөнершілерді қанаудан түсетін табыс Ильхандар
қазынасының едəуір бөлігін құрады.
Шығыс Иранның монғол шапқыншылығынан көп зардап шегуі
батыс пен оңтүстіктегі қалалардың рөлін күшейтті. Исфахан, Иезд,
186 187
Шираз қалаларының маңызы артты. Хулагулік Иранның сыртқы
саудасында, əсіресе парсы шығанағындағы Хормуз портының
маңызы артты. Бұл порт арқылы Индияға Иран жылқы апарып
сатты. Ал Индиядан индиго, лак, мата əкелетін.
Хулагулер билігі кезінде Тавриз қаласы дамып гүлдене түсті.
Ильхандардың алғашқы астанасы болған бұл қаланың колөнершілері
жасаған бұйымдар, тоқыған маталар кеңінен белгілі болды. Қала
сауда керуені жолындағы маңызды қойма пунктінің рөлін атқарды.
Кейінірек мұндай маңызды рөлге Хулагулердің екінші астанасы
— Сұлтание ие болды. Оның негізін Арғын хан (1284—1291 жж.)
қалаған болатын. Қала негізінен 1305 жылы салынды.
Иранда монғол билігінің орнауы елдің жер қатынасына өзгерістер
енгізді. Жерге феодалдық жеке меншіктікке қатты соққы берілді.
Хулагидтер тарихшысы Васаф ұлы Сеидтер сияқты қадірлі де
бақуатты əулеттердің жер иеліктері мемлекет меншігіне көшті деп
көрсетеді. Арғын ханның уəкілдері жүздеген жылдар бойы əкеден
балаға мұра ретінде қалып келе жатқан жеке меншіктегі жерлерді
сот арқылы тартып алды. Орта жəне ұсақ жер иелері өз меншіктерін
арзанға сатып жіберіп, күйзеліске ұшырады.
Гейхат хан (1291—1295 жж.) тұсында монғол əскер басылары жер
иеліктерін алып, баий бастады. Олар жергілікті байлармен араласып,
тату өмір сүруге тырысты. 1295—1304 жылдары билік құрған
Арғын ханның баласы Газан хан сунниттік Ислам дінін қабылдады.
Онымен бірге ислам дінін бүкіл монғол əскері де қабылдады. Олар
Иранда көптеген жаңа зəулім мешіттер салғызды.
Газанхан жетінші елхан болды. Ол өзінің ғұлама оқымысты уəзірі
Рашид-ад-динмен бірлесе отырып, елеулі реформалар жүргізді. Олар:
1) Исламды мемлекеттік дін деп жариялады; 2) 1304 жылы тұрақты
алым-салық мөлшері белгіленді. Əр облыс, қала, деревня үшін
ақшалай жəне заттай салық мөлшері анықталып, бекітілді. Шаруалар
əскерлерді, шабармандарды өз есебінен асыраудан босатылды. Олар
енді мемлекет тарапынан қаржыландырылатын болды. Пошта
станциялары ұйымдастырылды. Солар шабармандарды, уəкілдерді
қарсы алып, тамағын, көлігін қамтамасыз етіп отыратын болды.
3) Монғол жауынгерлеріне жеке меншік жерлер бөлініп берілетін
болды. Ол үлес ихта деп аталды. Сонымен бірге ірі əскери бөлімдерге
де жер үлесі берілді. Ол үлес жүздік, ондық əскери бөлімдерге
үлестірілді. Ихта иесі салық иммунитетін пайдаланды. Ол қазынаға
иеліктен жиналған өнімнің аз мөлшерін ғана сый ретінде беріп
отыратын. Ол əскери қызметін атқарып, шаруалардың жерді уақтылы
өңдеп отыруына басшылық ететін.
1303 жылғы жарлық монғол əскерлеріне таратылып берген
жерлерге шаруаларды заңды түрде бекітті. Бұл жарлық бойынша
“Шыңғыс хан ясасына” сай шаруалардың бір иеліктен екінші иелікке
кетуіне тыйым салынды. Қашқын шаруаларды іздеп табудың,
қайтарудың 30 жылдық мерізімі белгіленді. Ихта иесінің шаруаны
құлға айналдыруына тыйым салынды. Газан хан шеберханалардағы
құлдар еңбегін жойды. Ерікті қолөнершілер енбегі өнімді болды.
Газан хан бірыңғай күміс тиын енгізді. Суару жүйесін жетілдіруге
көп қаржы бөлінді. Сөйтіп, Газан хан реформалары бір орталыққа
бағынған мемлекетті, оның өкіметін нығайтуға бағытталды.
XIV ғасырдың 30 жылдарынан өзара қырқысулар басталды.
Ол елхандар мемлекетінің ыдырауына, оның аумағында бірнеше
тəуелсіз мемлекеттің құрылуына əкеп соқты. Ол мемлекеттер:
оңтүстік Ирандағы, Фарс жəне басқа облыстардағы Мозаффарилер
(1333—1393 жж.) мемлекеті, астанасы Бағдад болған Жалаирлар
мемлекеті (1340—1411 жж.), Тебриздегі Чобанилер мемлекеті (1344
—1356 жж.), т.б. болды. Хорасанның шығысында елхандар билігі
1353 жылға дейін сақталды.
Хорасанның батысында 1337 жылы монғолдар билігіне қарсы
көтеріліс бұрқ ете түсті. Ол Себзевар маңындағы Баштин ауылында
басталды. Шаруалар монғол уəкілін өлтірді. Көтерілісшілер
Себзеварды алып, оны өз мемлекетінің астанасы деп жариялады.
Себзеварлар əскери-көшпелі Монғол-түріктік үш жасақты тал-қандап, Нишапур қаласы мен батыс Хорасанды азат етті. 1344 жылы
Сербедар мемлекеті ұзындығы 550 км, ені 200 км жерге тарады.
Каспий теңізінің онтүстігіндегі Гурган аймағында көшіп-қонып
жүрген соңғы монғол елханы Тоғай Темір хан сербедарлар көсемін
келіссөз жүргізу үшін өз ордасына шақырды. Ол көтерілісшілер
басшыларын алдап қолға түсірмекші болды. Сербедарлар көсемі Яхья
Керраби хан ордасына 300 (бір деректер бойынша 1000) жауынгер
жасақшысымен келді. Елханның арам ойын сезіп қойған сербедарлар
ханнан бұрын қимылдауға бел байлады. Шарап құйылған кеселер
таратыла бастағанда Яхья басын қаси бастады. Осы белгі бойынша
сербедарлар қылыштарын суырып алып, монғолдарға шабуыл
жасады. Елхан жауынгерлері жеңіліп, тымтырақай қашты. Сөйтіп,
1353 жылы елхан ордасы жойылды.
Сербедарлар мемлекеті 1337 жылдан 1381 жылға дейін өмір сүрді.
Мұндай көтерілістер ХІV ғасырдың ортасында Иранның басқа
облыстарында да болып тұрды. Осындай көтерілістердің бірінің
нəтижесінде Мазендеранда Сеидтер мемлекеті құрылды. Ол 1392
188 189
жылға дейін өмір сүрді. Көтерілістің жəне кейін құрылған өкіметтің
басшысы сеиттік Кавам-ад-дин Мараши болды. Амул қаласы Сеид
мемлекетінің астанасы болды.
1373 жылы сербедарлар көтерілісі Керман қаласында да болды.
Көптеген ихта иелері мен дін басылары өлтірілді. Олардың мал
мүліктері кəмпескеленді. Көтеріліс тоғыз айдан кейін жеңілді.
Ирандағы феодалдық бытыраңқылық, өзара қырқысулар оны
Темірдің жаулап алуын жеңілдетті. Жаулап алушылық 1380 жылдан
1393 жылға дейін созылды. 1381 жылы Темір əскері Себзеварды
алып, Сербедарлар мемлекетін жойды.
1383 жылғы Сербедарлар көтерілісін Темір асқан қатыгездікпен
басты. Екі мың адам тірідей көмілді деген дерек бар. 1387 жылы
Темір Исфахандағы көтерілісті де басып тастады. Жетпіс мың
көтерілісшілердің кесілген басынан мұнара тұрғызылды дейді
тарихи деректер. Ал 1392 жылы Мазандерандағы халық қозғалысы
талқандалды. Көтеріліске қатысқан кедей халықты жазалай отырып,
Темір феодалдар тарапынан қолдаушылыққа ие болып отырды.
Темір қайтыс болған соң 1405—1447 жылдары Хорасанды оның
баласы Шахруқ басқарды. Батыс Иранды Шахруқ балалары мен
немерелері басқарды. 1441—1442 жылдары Хузистанда үлкен халық
көтерілісі болды. Оны сеиттік Мұхаммед басқарды. Ол халық
арасында Мұшаш аталып кеткен болатын. Оның қол астына он
мыңға жуық адам жиналып, олар өздерін фидайлар, яғни өз істері
үшін өмірін қиюшылар деп атады. Мұхаммед Мұшаш 1465 жылы
өлді. Оның ізбасарлары 1508 жылға дейін Хузистанда билік құрды.
ХV ғасырдың ортасында көшпелі түрік оғыздардың Қарақойлы
мемлекеті Темір ұрпақтарынан батыс Иранды басып алды. 1468
жылы бұл жерді Ақ қойлылар басып алды. Батыс Иранның астанасы
Тебриз болды. Ақ қойлылар билігі 1502 жылға дейін созылды.
ХV ғасырдың екінші ширегінде Оңтүстік Əзербайжандағы
Ардебил қаласында діни Сефевилік феодалдардың ықпалы күшейе
бастады. Олардың арғы атасы Ардебилдегі сопы орденінің басшысы
Сефи-ад-дин болатын (1252—1334 жж.).
Олардың арғы “қасиетті тегі” сефевидтердің шах атағы үшін
күресін жеңілдетті. Сефевилерді жергілікті халықтан басқа Кіші
Азия мен Сирия аралығындағы шииттік мұсылман түрік көшпелілері
де қолдады. Бұл көшпелілер “қызылбастар” деп аталатын. Олай
аталу себебі бастарына өздері қасиетті деп санайтын 12 имам
санына қарай 12 қызыл жолағы бар шалма орайтын.
1499 жылы осман түріктерінің орталықтандыру саясатына
наразы болып, Ақ қойлылар билігін мойындағысы келмеген қызыл-бастылар өз басшысы деп жас Исмаил Сефевиді жариялады. Олар
Солтүстік Əзербайжанға басып кіріп, Ширванды талқандады. Сонан
кейін олар оңтүстікке бет алып, Ақ қойлылардың басты күшін
талқандады. 1502 жылы Исмаил Тебризді басып алып, Иранның
шахиншахы деп жарияланды. Сөйтіп, Иранда 1502 жылдан 1736
жылға дейін Қызылбастылардың Сефевилік мемлекеті өмір сүрді.
Мəдениет. Арабтар билігі кезінде Ирандағы əдебиет араб тілінде
дамыды. VІІІ ғасырдан бастап Иранда шуубиттік (Шууб-арабтардан
басқа ислам дінін қабылдаған халықтар) бағыт өріс алды. Бұл
бағыттың өкілдері арабтың саяси жəне мəдени үстемдігіне қарсы
тұрған оппозицияны кұрады. Олар арабтардың қол астындағы
халықтар мəдениетінің араб мəдениетінен жоғары екенін дəлелдеуге
тырысты. Бірақ шуубиттердің өздері шығармаларын араб тілінде
жазды. 923 жылы өлген Табари мен оның жолын қуушы Ибн
Мискавейхтың (1030 жылы өлген) жалпы тарих бойынша еңбектері,
XI ғасырдағы ибн Хордад-бектің жəне X ғасырдағы Истахридің
жағырапия саласындағы еңбектері араб тілінде жазылды.
X ғасырдың ортасында саманидтық уəзір Балами Табаридің
тарихи шығармаларын парсы тіліне аударды. 970 жылы парсы
тілінде Абулмансұр Муваффактың фармакология саласындағы (970
ж.), жағырапия саласындағы белгісіз автордың, сондай-ақ 1050 жылы
Гардизидің тарихи енбегі де парсы тілінде жазылып шықты. 1077
жылы өлген Абулфазыл Бейхактың Шығыс Иранның əлеуметтік
тарихы жөніндегі еңбегі де парсы тілінде жазылды.
Парсы тілінде тек Иранда емес, Орта Азияда, Əзербайжанда,
Сельжуктік Кіші Азияда да жазды. Осы тілде Фирдоусидің (940—
1030 жж) “Шахнамасы” (‘Патшалар кітабы”) жазылды. Ол еңбегінде
Фирдоуси “Хвадай намак” деген еңбекке сүйене отырып, Иран
мен Орта Азияның сонау ерте заманнан арабтар жаулап алғанға
дейінгі тарихын баяндайды. Ол халық көтерілісінің көсемі Маздак
туралы сүйіспеншілікпен жазады. “Шахнамеде” Иран патшасы ІІ-Хосров (591—628 жж.) пен оның əйелі Шырынның махаббаттары
жырланған. Фирдоуси “Шахнамасын” жазып бітіргеннен соң, біраз
уакыт қудалауға ұшырады. Сол кездегі Газни сұлтаны Махмудқа
шығарманың арабтар үстемдігіне қарсы бағыты, мұсылмандыққа
дейінгі пұтқа табынушы батырларды мақтауы ұнамады. Фирдоуси
шиит еретик деп есептелді.
XI ғасырдағы Иранның көрнекті ақындары Миничихри Гургани
болды. Гургани “Вис пен Рамин” деген поэманың авторы. Дүние
190 191
жүзіне əйгілі Омар Хайям (1048—1122) ақын, философ болды.
Сондай-ақ Анвар мен Аттар да ірі ақын, философтар болған. XI
ғасырдағы Ирандағы əкенің балаға деген өсиеті “Кабус наме” деген
шығармада тұжырымдалған. Иранның бейнелеу өнері араб жаулап
алушылығына байланысты біраз кідіріп қалды. Арабтар адамның
бейнесін салуға рұқсат етпеді. Дегенмен байлар мен ақсүйектердің
үйлері ою-өрнекпен əсем безендірілетін. Орталығы Кашан мен Рей
болған керамика өнері зор табысқа жетті. Сəулет өнері де дамып,
жетіле түсті. Көп бұрышты мұнара-кесенелер салынды. Мысалы,
ХІ ғасырда Кабус кесенесі салынды. Мешіттер мен медреселер де
сəулет өнерінің көрсеткіштері болды. Əсіресе, X ғасырда салынған
Дарғандағы Тарик ханэ мен Наиндегі мешіт сол кездегі сəулет
өнерінің ең жоғарғы жетістіктері.
Əбілқасым Фирдоуси
(932 немесе 940, Түс қаласы — 1020 немесе 1030, сонда),
парсы-тəжік ақыны
Омар Хайям Гияс аддин
(1048—1122) парсы жəне тəжік ақыны,
математик, философ
Мораге қаласында атақты математик, астроном, дəрігер əрі ақын
Насреддин Туси (1201—1272 жж.) өте бай кітапхана, үлкен аурухана
жəне обсерватория ашты. 1260 жылға жуық Ата-Мелик и-Джувейни
парсы тілінде «Тарих и-жиһангупаи» («Əлемді бағындырушы тари-хы») деген Шыңғысхан туралы үлкен тарихи еңбек жазды. Газан
ханның уəзірі Рашид-ад-дин фазлаллах Хамадани (1247-1318) біздің
заманға дейін сақталмаған жаратылыстану ғылымының энци-клопедиясын құрастырды. Сонан кейін парсы тілінде «Джами ат
Таварих» («Жылнамалар жинағы») деген үлкен тарихи енбек жазды.
Оның бірінші бөлімі монғолдар тарихын, олар кұрған мемлекет-тер тарихын баяндайды. Екінші бөлімі дүние жүзі халықтарының
тарихын қамтиды. Бұл еңбекті жазу үшін Рашид-ад-дин Венеция
көпестерінен сатып алған Батыс Еуропа елдерінің тарихы жөніндегі
кітаптарды пайдаланған. ХІV ғасырда Васааф пен Хамадаллах
Казвинилердің тарихи еңбектері жазылды.
Ширазда ұлы парсы ақыны Муслихаддин Саади (1184—1291 жж.)
өмір сүрді. Ол Гуджаратта үнділіктер тұтқынында болып, Сирияда
кресшілердің қол астында құлдықты бастан өткізген. Ол «Гүлстан»,
«Бустан» деген дидактикалық əңгімелер жинағын жазды. Қала
тұрғындарының өмірін жырлаған ақындардың бірі Хафиз (1300—
1389 жж.) болды. Ол Шираз қаласында тұрған. Парсы тілінде жазған
ірі ақындардың бірі Джелаладдин Руми болған (1207—1273 жж.).
ХІІІ—ХV ғасырлардағы архитектура ескерткіштерінен Хама-дандағы Гумбади Алавийан кесенесін, Сұлтаниедегі Олжайт-хан
192 193
мешіт кешенінің (ХІV ғ.), Вераминдегі (ХІV ғ.), Мешхедтегі (ХV
ғ.) мешіттерді, Гераттағы Намазгах (ХV ғ.) мешітін атап өтуге бо-лады. Олардың бəрі түрлі-түсті ою-өрнектермен əсем безендірілді.
Гератта ХV ғасырда суретші-миниатюристер мектебі қалыптасып,
оның атағы Еуропа, Азия елдеріне жайылды. Бұл мектептің талант-ты шеберлерінің бірі Бекзат болды.
Ə д е б и е т т е р:
1. История Востока. Т. 2. Восток в средние века.— М.: Восточная
литература РАН, 1995.— 250—261 бб.
2. Шабани Риза. Иран тарихы.— Алматы: «Зерде», 2002.
3. Безертинов Р.Н. Татары, тюрки — потрясатели вселенной. –
Новосибирск, 2001.— 129—135 бб.
§ 19. XI—ХV ғасырлардағы Индия
1. ХІ—ХІV ғасырлардағы Индия. Дели сұлтанатының құрылуы.
2. Дели сұлтанатындағы жерге феодалдық меншіктің түрлері.
3. ХІІІ—ХV ғасырлардағы Дели сұлтанатының ішкі саясаты.
4. Алау-ут-дин Хилжаның патшалық құруы.
5. Мұхаммед Тоғалақ империясы.
6. ХІV—ХV ғасырлардағы Дели. Бахмани жəне Виджаянагар
мемлекеттері.
XI ғасырдың аяғына қарай Индия экономикасы өз дамуын-да елеулі жетістіктерге жетті. Ауыл шаруашылығында əртүрлі
дақылдар өсірілді. Ганг өзенінің шығысында негізінен күріш егілді.
Бенгалия мен Вихардан батысқа қарай күріш орнына бидай өсіру кең
өріс алды. Раджастхандағы негізгі дақылдар қара бидай мен тары
болды. Дəнді дақылдармен коса бір жерде бұршақ тұқымдастар да
егілетін. Шағын учаскелер май алатын зығыр, сезам /кунжут/ сияқты
өсімдіктерге бөлінетін. Бенгалияда кендір пен мақта да өсірілді.
Ылғалды жерлерде қант құрақтары, бояу алынатын өсімдіктер
өсірілді. Ганг алқабының ылғалды жерлерінен жылына екі мəрте
өнім жиналып отырды. Ал батыстағы ылғалы жетіліксіз, суғару
жүйесі жоқ жерлерден өнім бір-ақ рет жиналды.
Раджастхан, Пенджаб, Синд жəне Белуджистан аудандарын-да мал шаруашылығы басым болды. Өзен, көлдері жоқ жерлерде
қауым мүшелері қолдан құдықтар қазып, байламалар жасады. Су
оңай шығатын жерлерде əр үйдің немесе екі-үш үйдің жеке меншік
құдықтары болды. Су тереңнен қиын шығатын жерде құдықтар
аз қазылды: ондай жердегі құдықты бүкіл қауым бірлесе қазып,
бірлесе пайдаланған. Ал байламалар оны тұрғызған қауымның не-месе феодалдың меншігі болды.
ХІІ ғасырға қарай Солтүстік Индияда бұрыннан келе жатқан
қалалар өсіп, кеңейіп қана қойған жоқ, сонымен қатар көптеген
жаңа қалалар да пайда болды. Бұл қалалар бұрынғысынша негізінен
Иңдияның феодалдық княздерінің астанасы болды. Олардың
ішіңдегі ірілері өзен-көлдердің жағасындағы, үлкен жолдың
бойындағы, теңіз жағалауларындағы қалалар болды. Ол қалалар қол
өнерінің жəне сауданың орталықтары болды, жергілікті феодалға,
сондай-ақ қалаға жақын жердегі феодалдарға қызмет көрсетті.
Солтүстік Индия бірнеше княздықтарға бөліңді. Олардың
ішіндегі ірілері Джамна-Ганга өзендерінің Қанаудждан Бенареске
дейінгі жерінің иесі Раджпуттық Ғахарварлар əулеті, Аджер мен
Делиді иемденген Чаухандар əулеті, Банделкханды иемденген
Манделдер əулеті, Бихардағы Палдар, Бенгалиядағы Сендер əулеті
болды. ХІІ ғасырдың екінші жартысында олардың арасында Ганг
өзенінің алқабы үшін ұзақ күрес жүрді. ХІІ ғасырдың 80 жылдарында
Притхва князі Чаухан Чанделдер əулетіне сокқы беріп, Қанаудждың
билеушісі Гахарварға қауіп төндірді. Бірақ бұл қырқысуды шет ел
басқыншылығы тоқтатты.
Солтүстік Индияның саяси бытыраңқылығы мен Раджпут
княздарының жиі-жиі өзара кырқысуларын Газни мемлекетінің
басшысы Махмуд пайдаланып қалды. Бұл мемлекет Иранның
шығысында, Индияның батыс шеқарасында құрылған болатын. 1001
жылы Махмуд Индияға жорық жасады. Оның əскері Джамна-Ганг
өзендерінің алқабын, бай Анхилвар княздігін /қазіргі Гуджаратта/
талқандап, тонады. Индияға жасалған əр жорық Газни мемлекетіне
əжептəуір табыс түсіріп тұрды: храмдар мен княздардың сарайларын-да ғасырлар бойы жиналған қазыналар, мыңдаған құлдар əкелінетін.
Газни мемлекетінің астанасы Газни қаласы Индиядан əкелінген
құлдардың қолымен салынған зəулім сарайлардан тұратын. Ол са-райларды асыл тастармен, қымбат металмен безендіріп, салтанатқа
бөлеген де сол құлдыққа салынған Үнді қол өнерші тұтқындары бо-латын. Газни патшалығының Индияға жорықтарының нəтижесіңде
Канаудж мемлекеті жойылды.
1175 жылы Шихаб-ат-дин Мұхамед сұлтанның əскері Пенджабқа
басып кірді. Қалған Үнді княздары алауыздықты тастап, бірігуге
194 195
мəжбүр болды. 1191 жылы біріккен Үнді əскерлерін басқарған
князъ Притхви Раджа /Аджмир мен Делидің князі/ Шихаб-ат-дин
Гуридің əскерлерін жеңді. Бірақ, келесі 1192 жылы жеңіліп қалды.
Притхви Раджа соғыста қаза тапты. Шихаб-ат-дин Аджмирды
басып алды. Бірақ Притхви Раджаның баласы князъ болып қала
берді. Ол тек Шихаб-ад-динге тəуелді екендігін мойындап, вассалы
ретінде салық төлеп тұратын болды. Өзі Газниге қайтып, Шихаб-ад-дин Гури түркі тұқымынан шыққан əскери қолбасшы Кутуб Ад-дин Айбекті Индияға наместник етіп қалдырды. Айбек Солтүстік
Индияны жаулап алуды онан əрі жалғастырды. 1193 жылы ол Делиді
алды, оны өзінің астанасына айналдырды. 90- жылдардың аяғында
Айбек Бихар мен Бенгалияны да басып алды. Бұл жақтағы Палдар
мен Сендер княздықтары жойылды. Бүкіл Солтүстік Индияда түрік,
ауған, тəжік феодалдарының билігі орнады.
1206 жылы Шихаб-ад-дин /Мухамед Гури/ өлген соң оның
Солтүстік Индиядағы наместниктері Газнидің жаңа патшасын мой-ындаудан бас тартты. Солтүстік Индиядағы наместниктер Кутуб-Ад-дин Айбектің қол астына бірігіп, соның билігін ғана мойындады.
Газни мемлекетінен бөлінген мұсылман феодалдары Дели сұлта-натын құрды. Айбектің қол астына біріккен наместниктер бара-бара
бір-бірімен соғысып, сұлтанат əлсіреді. Осы жағдайды Үнді княз-дары пайдаланып қалуға тырысты. Олар тəуелсіздіктерін қалпына
келтіре бастады. Осындай жағдайда мұсылман наместниктердің
көпшілігі қайтадан Айбектің төңірегіне топтасып, біріккісі келме-ген облыстарды күшпен қосып алды. Сөйтіп, Дели Сұлтандығы
нығая түсті. Бірақ 1221 ж. Пенджабқа Хорезм шахы Джелал-ад-динді
қуып келген монғолдар басып кірді. Шыңғыс ханның əскері батыс
Пенджабты талан-таражға ұшыратып, кейін қайтты.
1241 жылы моңғолдар тағы да Шығыс Пенджабқа басып кірді.
Осы жерден Делиге шабуыл ұйымдастыра бастады. Монғол
шапқыншылығына қарсы жергілікті феодалдар бір орталыққа
бағындырылған мемлекетті нығайтуға бет бұрды. Дели сұлтандығы
1206—1526 жж. өмір сүрді. Оны ХV ғасырдың ортасына дейін түрік
халқының өкілдері, ХV ғасырдың ортасынан — ауғандық Лоди
əулеті басқарды.
Феодалдық меншік түрлері. Дели сұлтанатында жер мемле-кеттің меншігі болып табылды. Жерді беру, оның салық мөлшерін
анықтау мəселелері сұлтан билігіңде болды. Əрбір жеке феодалға
сұлтан мемлекеттік рентадан үлес алуға грамота беретін. Сұлтанның
жекелеген феодалдарға рента салық үлесін алып беретін жерлері үш
категорияға бөліңді.
1. Ихта. Бұл əскер басыларына берілетін жер үлесі. Ол үлес
уақытша берілді. Үлес əкеден балаға мұра ретінде берілмеді. Үлестің
мөлшері əскер басының атақ лауазымына, соған сай ұстайтын
əскерінің санына қарай белгіленді. Үлестен түскен табыстың оннан
бірі немесе ең азы — жиырмадан бірі əскер басына қалатын. Сол
табысқа əскер басы — феодал атты əскер ұстауы тиіс болды. Сұлтан
шақыра қалған кезде өзі қаруландырған əскерімен келуі тиіс болды.
Ихтаның мөлшері əскери феодалдың атақ шені өскен сайын ұлғая
түсетін.
2. Инам жəне вакф. Инам дін басыларының, оқымыстыларының,
молдаларының жер үлесі. Инам əкеден балаға мұра ретінде қала
беретін. Вакф — мешіттер мен медреселердің жері болды. Ол меке-мелер жабылып қалса, жер қайтадан мемлекет қарамағына көшетін.
3. Заминдарлар. Заминдар деген жергілікті үнді феодалдары. Олар
өз қарамағындағы шаруалардан жер салығын жинап алып үкіметке
өткізетін. Өз жалақысы ретінде жиналған салықтың белгілі бір
мөлшерін алып қалатын. Заминдарлар əскери міндеткерлік атқарған
жоқ. Олар өз қарамағындағы жерлерді басқа біреулерге сыйлауға,
үлестіруге, кеңейтуге құқылы болды. Заминдарлар жері де əкеден
балаға мұра ретінде қалып отыратын. Бірақ мемлекеттің қажет
болған жағдайда жерді алып қоюға құқы болды.
Бірақ үкімет ешқашан Заминдарлар жерін тартып алмаған.
Феодалдарға таратылып бермеген жерлер тікелей мемлекет меншігі
болып қала берді, ол жерлер «халисэ» деп аталды. Сонымен қатар
«мүлік» деп аталған жекеменшік жерлер де болған.
Илтутмыш өлген сон Дели сұлтанатында төңкерістер кезі ба-сталды. Үкімет билігі үшін күшті ақсүйектер арасында күрес қыза
түсті. Бұл күресте 1245 жылы талантты ел басшысы Илтутмыштың
қызы Разия қаза тапты. Одан кейін екі сұлтан бірінен соң бірі
өлді. Ақыры 1245 жылы маликтер үкімет басына Илтутмыштың
немересін отырғызды. Бұл əлсіз сұлтан кезінде іс жүзіндегі үкімет
басшысы Гияс-уд-дин Балбан болды. Ол ақыры кəмелетке жетпеген
жас сұлтанды у беріп өлтірді. Өзін сұлтан деп жариялап, мемлекетті
1265 жылдан 1287 жылға дейін басқарды.
Ол өлген соң қайтадан сарай төңкерістері басталды. Ол төңкерістер
үкімет басына Ала-уд-дин Хильжа сұлтан келген соң ғана тоқтады.
Бұл сұлтан 1296—1316 жылдар аралығында билік құрды. Үкімет
билігін қолына алысымен Ала-уд-дин күшті əскер құрды. Тек өзінің
жеке басын қорғайтын жетпіс мыңдық атты əскері болды. Сол
əскердің күшімен феодалдар арасындағы алауыздықты, олардың
үкіметке қарсы шығу пиғылдарын су сепкендей жым қылды.
196 197
Ол əскермен қатар бір-бірінен тəуелсіз үш түрлі тыңшылар мен
жазалаушылар мекемеларін құрды. Ірі ақсүйектердің, княздердің
бір-біріне қонаққа баруына тыйым салды. Үкіметке қарсы пікір ай-тушылар қатаң жазаланды. Тіпті өлім жазасына кесілді. Ала-уд-дин
өлген соң түрмелерден он жеті мыңнан астам жазықсыз адамдар бо-сатылды. Ала-уд-дин арпа-бидайға, күріш пен бұршақ дақылдарына
тұрақты баға енгізді. Нанның бағасын үкімет өзі белгіледі. Ол өте
төмен баға болды. Бірақ, барлық жерде тек сол бағамен сатылатын
болды. Қазынаға түсімді кебейту үшін егістік жер қайтадан есепке
алынды. Ал жер салығының мөлшері жерден түсетін өнімнің жар-тысына дейін ұлғайды. Тарихи хрониканың авторы Барани салық
жинаушылардың қаталдығын ашына жазады.
Оның айтуынша үкімет халықтың артық азық-түлігін өзі
белгілеген арзан бағамен сыпырып алып отырған. Бұл арзан бағамен
тартып алынатын астық үлкен армияны ұстау үшін жұмсалып
жатты. Ала-уд-дин енгізген тəртіптер экономиқаны құлдыратты.
Бірақ біраз уақыт алдағы мақсатқа жету үшін пайдалы болды.
Мемлекеттің барлық ресурстарын корғаныс қабілетін нығайтуға
жұмсау алғаш өзін-өзі ақтады. Үкімет Солтүстік-батыс шеқарадағы
армияны нығайтып, монғолдарға бірнеше ауыр соққы берілді.
1308 жылы Деканға жорық басталды. Бұл жорықтың басшы-сы Малик Гафур ерекше ерлік көрсетті. Ол барлық Декан жарты
аралын басып алды. Жаулап алынған жердің елдері контрибуция
ретінде патша қоймаларында жиналған байлықтарын, үш жүз жа-уынгер пілдерін, жиырма мың жылқы беріп, салық төлеп тұруға
міндеттенді. Ала-уд-дин ихта иелерінің əскери міндеткерлеріне
қатаң бақылау орнатты. Жауынгерлерді қаруландыру соншалықты
қиын іс болған жоқ. Ол кездегі қару-жарақ қарапайым еді. Қылыш,
семсер, найза, қалқан, оққа толы дорбасымен садақ. Мұндай қару-жарақ əркімде болуға тиіс еді. Сондықтан ихта иесі оларға көп
шығынданбайтын.
Ең басты шығын ат болды. Атты əскер сол кездегі соғыстың
құдіретті күші болатын. Ал Индия жағдайында жылқы жақсы тұқым
бермейді. Ондағы туған жылқылар бірте-бірте жылқылық қасиетін
жоғалтады. Сол себепті Үнді мемлекеттері əскери соғыс қажеттіктері
үшін Орта Азия мен Арабиядан, Ауғанстан мен Ираннан жыл сай-ын он мың жылқы сатып алып отырды. Бірақ соғыстың бұл негізгі
күші өте қымбатқа түсетін. Сондықтан ихта иелері мүмкіндігінше
жылқы сатып алмай, əскери мекемені алдап соғуға тырысты. Бұл
зиянкестікпен күресу үшін Ала-уд-дин Үнді тарихында бірінші рет
жылқыны таңбалауды енгізді. Байқауларда ихта иесінің отряд саны
ғана тексеріліп қойған жоқ, сонымен қатар таңбасы арқылы аттың
кімдікі екені де тексерілді.
Ала-уд-дин тұсында үкімет билігінің орталықтандырылуы,
бір қолға шоғырлануы өзінің ең жоғарғы шыңына жетті. Əрбір ірі
феодалдың өзімсінуі түбірімен жоғалды. Орталық Үкіметтің рұқсат,
нұсқауынсыз жергілікті басшылар өз еріктерімен əрекет ете алмай-тын болды. Ала-уд-дин өте қу, айлакер, іскер ұйымдастырушы, батыл
да тапқыр қолбасшы болды. Өз мақсатына жету үшін ешнəрседен
тайынбайтын.
Ала-уд-диннің мұндай қатал орталықтандыру саясаты алғаш
біраз тиімді болғанымен оның ақырғы жемісі өте ащы болды.
Экономика ауыр дағдарысқа ұшырады. Сондықтан да Ала-уд-дин
өлісімен оның орнатқан тəртібі толығымен жойылды.
Сұлтанаттың экономикалық жандануы Мұхамет Тоғалақтың
/1325—1351/ патшалық құруы кезінде басталды. Ол таққа өз əкесі
Гияс-уд-дин Тоғалақты ым-жымсыз өлтірген соң отырды. Бенгалияға
сəтті жорықтан соң əскердің салтанатты шеруі өткізілді. Сол шеру
кезінде жауынгер пілдер Гияс-уд-дин отырған шатырды құлатып
кетеді. Патша құлаған шатырдың астында қалып, қайтыс болады. Бұл
кезге қарай Мұхамет Тоғалақ тəжірибелі қолбасшы, саясаткер болып
қалыптаса бастаған еді. Ол тарихта екінші Ескендір, яғни Александр
Македонский ретінде қалуды армандады. Алғаш оның бұл арманы
орындалатын сияқты болып көрінді. Ала-уд-дин өлген соң сұлта-наттан бөлініп кеткен жерлерді ол бірінен соң бірін қайтадан қосып
ала бастады. Ол Ала-уд-дин тұсындағы Дели сұлтандығын онан сай-ын кеңейтіп, бүкіл Индияны дерлік өзінің қол астына бағындырды.
Бұл Дели сұлтандығының аумағының ең үлкен кезі болды. Мұндай
жеңісті жорықтар тек соғыс қимылдары үшін ғана емес, сондай-ақ
басып алынған жерлерді бағыныштылықта ұстау үшін де көп қаржы
мен əскерді қажет етті. Сол себепті Мұхамет Тоғалақ Ала-уд-диннің
салық саясатын қайталауға мəжбүр болды.
Ол саясат шаруаларды, жалпы халық шаруашылығын күйзеліске
ұшырата бастады. Салықты ұлғайтумен қатар Мұхамет Тоғалақ
ихта иелерін нығайтуға тырысты. Олар қайтадан қатал бақылауға
алынды. Өз иеліктеріндегі жерден түсетін табыстың оннан бірін
өздеріне алып қалуға рұқсат берілді. Аттарды таңбалау қайтадан
енгізілді. Жеңістер жалғасып жатқанда халық Мұхамет Тоғалақтың
мұндай өзгерістеріне шыдады. Соғыс тоқталысымен феодалдар ол
жаңа тəртіптерге бағынбауға тырысты.
198 199
Тоғалақтың патшалық құруындағы сəтсіздіктің негізгі екі себебі
болды. Біріншісі: астананы елдің дəл ортасына орналасқан Дева-гири деген қалаға көшіруі болды. Ол қаланың атын Дəулет-Абад
деп өзгертті. Қанша қаржы шығындап, зəулім сарайлар салғанымен
жаңа қала саяси өмір орталығына айналмады. Патша басқа қалаға
көшкенімен Делиде қалып қойған мықтылар ел тағдырын шешуде
бұрынғы ықпалынан айырылмады. Ақыры Тоғалақ бірнеше жыл-дан соң Делиге қайта көшуге мəжбүр болды.
Тоғалақтың екінші сəтсіздігі — ақша реформасына байланысты
болды. Ол алтын-күміс монеталарды мыстан жасалған монетамен
ауыстырды. Алтын монетаның құны сол мыстан жасалған монета-да көрсетілетін: «он алтындық», «жүз алтындық» деп. Мұндай мо-неталар көбейіп кетті. Əр үй монета сарайына айналды. Бара-бара
мұндай ақшаның құны балшықтың құнымен бірдей болып қалды.
Монета көбейгенімен мемлекеттік қазына қаңырап бос қалды.
Тоғалақ ызаға булыға отырып, бұрынғы ақша жүйесіне қайта
көшуге жарлық шығарды. Қазынаны қайта толтыру үшін Тоғалақ
алым-салықтарды өсірді.
Ол халық наразылығын туғызып, көтерілістер басталды. 1339
жылы Бенгалия, бір екі жылдан соң Декан жарты аралы Дели
сұлтандығынан бөлініп шығып, тəуелсіздігін жариялады. Осындай
қиын-қыстау кезде таққа Фироз-Шах Тоғалақ /1351—1398/ отыр-ды. Ол ихта иеліктерін жекеменшікке айналдыруға рұқсат беріп,
феодалдарға біраз жеңілдіктер жасауға мəжбүр болды. Шаруалар
жағдайын жақсартуға да көніл бөлді. Əскерге бөлінетін қаржы
қысқартылды. Делидің Солтүстік-батысында Джамна мен Сатледж
арасында канал салына бастады. Жылына екі рет егін егіп, жинауға
мүмкіңдік туды. Бір қарыс жер бос қалмайтын болды. Сөйтіп, ауыл
шаруашылығы жандана бастады.
ХІV ғасырдың аяғында феодалдық өзара қырқысулар жаңа қар-қын алды. Сұлтанаттан Мальва, Гуджарат, Хандеш бөлініп шықты.
Осындай жағдайда 1398 жылы Солтүстік Индияға Тимур əскерлері
басып кірді. Ол Делиді алды. Қаланы талқандап, талан-таражға са-лып, олжаларын алып, Тимур Орта Азияға қайтып кетті. Осыдан
кейін Дели сұлтандығы қайтып оңала алмады. Сейіттер тұқымы
сұлтандық құрған /1414—1451/ жылдары Дели сұлтандығы Делидің
өзінен басқа шығыс Пенджабты ғана қамтыды. ХV ғасырдың орта-сында Делидегі үкімет билігін Афғандық Лоди Бахлул кландары
басып алды.
Оның арғы аталары Индияға ХІV ғасырдың аяғында қоныс
аударған болатын. Оның жиырма мыңдық əскері ауғандықтардан
құрылған болатын. Бахлул Лоди 1451—1489 жылдар аралығында
патшалық құрды. Ал оның тұқымы Делиде 1526 жылға дейін билік
құрды. Соңғы сұлтан Ибрайым Лоди орталық өкіметті нығайтуға
тырысты. Ол сарай кызметкерлерін қатаң тəртіп бойынша ұстады.
Олар ұлы тақсырдың малайы деп саналды. Мұндай менмендік сарай
қызметкерлерінің, ірі ақсүйек феодалдардың наразылығын туғызып,
биліктің құлауына себеп болды. 1526 жылы Индияны Бабыр басып
алып, ұлы моғолдар тұқымының билігін орнатты.
Бахмани мемлекеті/ХІV—ХVІ ғасырлар/. 1347 жылы декан-да Бахмани мемлекеті құрылды. Оны иктадарлар мен сұлтанат
наместниктері құрды. Олар Бахмани деген жергілікті ірі иктадар-ды шах деп жариялады. Бұл мемлекетте, Дели сұлтандығындай,
феодалдық жер иеленудің негізгі екі түрі болды. Бірі əскери бе-нефиций, екіншісі — мемлекеттік қызметке байланысты емес
бұрынғы индус феодалдарының мұрагерлік жекеменшігі. Бахмани
шахтарының ең күштілерінің өзі де жеке дара билеуші бола алма-ды. Билік негізінен ірі иктадарлар мен облыс бастықтары — тараф-дарлар қолында болды. Əсіресе тарафдарлар күшті болды. Олардың
өз əскерлері болды.
Бахмани мемлекетіндегі саяси жағдайдың бір ерекшелігі —
ескі феодалдар мен Деканға кейін көшіп келген жаңа феодалдар
арасындағы күрес. Бұл шииттік бағыт ұстанушы келімсектер, əсі-ресе басты министр Махмуд Гаванның тұсында күшейді. Бахманиге
Ираннан көпес ретінде келген Гаван ХV ғасырдың 50 жылдарының
аяғында сұлтанның жақын ақылшысының біріне айналып, біртін-деп барлық билікті өз қолына алып алды. Ол өзін тек мемлекеттік
басшы ретінде ғана емес, əскери қолбасшы ретінде де таныта білді.
Бахамани мемлекеті 1336 жылы құрылған Виджаянагар мемлеке-тімен соғыс жүргізіп отырды. Күресалмасқа бай Райчур үшін ал-макезек жеңіспен жүріп отырды. Бахманидтердің соғыс жеңістері
Махмұд Гаванның есімімен байланысты болды. Ол солтүстіктегі
көршісі Мальваға соққы беріп, Мальваның Ориссамен жəне
Теленганамен одағын ыдыратты.
Махмуд Гаван Виджаянагар мемлекетіне де соққы беріп, Малабар
жағалауындағы маңызды порт Гоаны тартып алды. Наместниктер
ықпалын əлсірету мақсатымен Махмуд Гаван облыстардағы əскер
басыларын тағайындау құқын өз қолына алды. Ихтаны да мемлекетті
нығайту жолына пайдалана білді. Енді əр ихта көлеміне сай əскер
200 201
ұсталуы тиіс болды. Егер тиісті мөлшерден аз ұсталса, ихтадан
түсетін табыстың көп бөлігін қазынаға өткізіп отыруы тиіс еді.
Осыған байланысты жыл сайын əскери байқау — санақтар
өткізіліп отырды. Бұл шаралар феодалдар наразылығын туғызды.
Мухамед Гаванның дұшпандары оның атынан мөр басылған, қол
қойылған жалған хат ұйымдастырып, сатқын, опасыз деп айыпта-ды. Жалған хатқа сенген сұлтан ашуға булығып, Махмуд Гаванды
өлтіруге бұйрық берді. Ол бұйрық табан астында орындалды. Бұл
1481 жылы болған еді. Барлық уақытын көңіл көтерумен, ойын-сауық, той-думанмен өткізуге əдеттенген сұлтан мемлекет басқа-руға қабілетсіз еді. Махмуд Гаван өлтірілген соң сұлтан феодалдар-мен ірі ақсүйектердің билік тізгіні үшін жанталаса жүргізген өзара
қырқысының ортасында қалды. Наместниктер өздерін тəуелсіз
сұлтандар деп жариялай бастады.
1489—1490 жылдары Биджапурда, Бидар мен Ахмаднагарда,
1512 жылы Голкондада дербес сұлтандықтар құрылды, ХV ғасырда
астана болған Бидар қаласында отырған Бахмани династиясының
сұлтандары олардың қол астында болып саналған иеліктерді
басқаруда айтарлықтай рөл атқарған жоқ, олардың билігі сарай-мен, гареммен шектелді. 1525 жылы ең соңғы бахмандық сұлтан
Бидардан қашты. 1526 жылы Бахманидің ең соңғы шахының уəзірі
Қасым Барид өзін Бидар княздігінің шахы деп жариялады. Сөйтіп,
билік жаңа əулеттің қолына көшті. Бахмандар мемлекетінің тарихы
осылай аяқталды.
Виджаянагар мемлекеті: Бахмани мемлекеті ыдыраған-нан кейін, Декандағы ең ірі держава Виджаянагар болды. Бұл
Мемлекеттің негізін Мұхамед Тоғалақтың қол астына оңтүстік
Индиядан келіп қосылып, ислам дінін қабылдаған ағайынды Буки
мен Харихара қалады.
1336 ж. Мухамед Тоғлақтың империясынан Кришна өзенінің
оңтүстік жағы бөліне бастады. Бұл жақты басқарып отырған
ағайынды Буки мен Харихара жақсы қоршалған Виджаянагар
қамалын салды. Бұл қамал күшейіп, төңірегіндегі феодал иеліктерін
бағындырып, жеке мемлекетке айнала бастады. ХІV ғасырдың
аяғына қарай Виджаянагар басшылары бүкіл дерлік Оңтүстік
Индияны өздеріне бағындырып, Бахмани сұлтандарымен күрес
бастады. Бұл күрестің себебі Кришна мен Тунгабхарда өзендерінің
аралығы жəне үндістанның батысындағы теңіз жағалауы мен Гоа
порты болды. Соғыс алмакезек табыспен жүрді.
Виджаянагар махараджалары 1356, 1391 ,1417 жж. сəтті жорық-тар жасады. Виджаянагар 1391 ж. Гоаны басып алды. Империя
əсіресе 11-Деварайя /1424—1446 жж./ билік құрған кезде өз
күшеюінің шырқау шегіне жетті. Ол Цейлонға табысты жорық жа-сады. Оған Куилок, Пегу, Тенассерим салық төлеп отырды. Кейбір
кезде Виджаянагар жеңіліп те қалып отырды. Ондай жағдайда ол
солтүстіктегі көршісіне көп сыйлық-салық төлеп, əрең құтылатын.
ХV ғасырдың аяғында күшті феодалдар Салювтер бастаған кү-рес күшейіп, бұл əулеттің өкілі Нарасимха 1485 ж. өкімет билігін
басып алды. Бірақ жаңа əулет билікті ұзақ ұстап тұра алмады. Көп
ұзамай Виджаянагарда жаңа əулет — Тулувтар патшалық құра ба-стады.
Виджаянагар мемлекетінің құрамына кірген кейбір жер-лер вассалдық княздер билігінде болды. Княздардың белгілі бір
мөлшерде дербестіктері болды. Олар кейде бір-бірімен соғысып та
отырды. Бірақ жердің көпшілік бөлігі үкіметтің қарамағында болды.
Ол жерлер провинцияларға бөлініп, орталық үкімет тағайындайтын
губернаторлар билігінде қалды. Губернаторлардың міндеті —
алым-салықтар есебін жүргізіп, оны уақтылы жинап, өткізіп отыру,
өз провинциясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, вассалдар бүлі-гін басып отыру болды. Үкімет губернаторлардың күшейіп кетуінен
қауіптеніп, оларды əр 2—3 жыл сайын басқа жұмысқа ауыстырып
отырды.
Феодалдық жер иеленудің басты түрі амаранболды. Бұл ихтаға
ұқсас уақытша шартты иелік болды. Амаран иесі əскери отряд
ұстады, патша шақырған кезде отрядымен армияға барып қосылуы
тиіс болатын. Жиналатын салықтың біраз бөлігін қазынаға өткізіп
отырды. Иелік өмір бойына берілетін де, феодал өлген кезде мемле-кет қарамағына қайта көшетін. Бірақ иелік негізінен əкеден балаға
қала беретін. Ол үшін өлген феодалдың баласының бірауыз өтініш
білдіруі жеткіліктітін. Бара-бара иелік ешбір рұқсатсыз-ақ мұраға
қала беретін болды. Иеліктен түсетін табыс қазынаға бөлінуді қоя
бастады. Амаранаяктар өздерінің əскери мідеттерінен де бас тартуға
тырысты. Отрядтағы жасақшылар саны қысқарды. Əсіресе жылқы
үндістер үшін қымбатқа түсетін, ол тек шет елдерден сатып алына-тын.
Храмдар мен брахманадардың да ірі жер иеліктері болды. Ірі
храмдар — патшаның, шағын храмдар — жергілікті княздердің вас-салдары болып есептелді. Храмдар мен брахмандардың жерлерін
тартып алу үлкен, кешірілмес күнə болып табылды.
202 203
Х—ХІV ғғ. Индия
1. Мемлекеттер шекаралары; 2. 1398—1399 жж. Тимур жорығы;
3. Жорық бағыты; 4. 1191—1192 жж. Тараландағы шайқас
Картадағы цифрлар:
1. Газневидтер; 2. Синд; 3. Чаухандар; 4. Томарлар; 5. Соланктар;
6. Парамарлар; 7. Гахадавалдар; 8. Чанделлдер; 9. Калачурлер; 10. Палдар
мен Сендер; 11. Шығыс Гангалар; 12. Шығыс Чалукилер;
13. Батыс Чалукилер; 14. Чолдар.
Виджаянагар армиясы императордың өзінің жалдамалы əске-рінен, амаранаяктар мен вассалдардың отрядтарынан құрылды.
Ол əскердің үш түрі болды: жаяу, атты жəне жауынгер пілдер. Ең
бастысы — жаяу əскер болды. Атты əскер аз, əрі қымбат саналды.
Себебі Индияда жылқы өсірілмейтін. Сондықтан Виджаянагар жыл
сайын он үш мыңдай жылқыны басқа елдерден сатып алып отырды.
Үнділіктер атпен жүріп соғысуға басқа Азия елдеріндегі жауынгер-лерге қарағанда осал болатын. Сондықтан Виджаянагар императо-ры көбіне мұсылмандардың атты əскерін жалдайтын.
ХV ғасырдың екінші жартысында феодалдар дербестігі күшейіп,
орталық үкімет əлсірей бастады. Амаранаяктар өздерінің өкімет пен
мемлекет алдындағы міндеттерін жөнді атқармады, ал өкімет бас-шысы билікті босаңсытып, көңіл көтеруге көп көңіл бөле бастады.
Осындай себептер 1555 ж. империяның құлауына əкеп соқты.
Ə д е б и е т т е р:
1. История Востока. Т. 2: Восток в средние века.— М.: Восточная
литература РАН, 1995.— 418—429, 451—486 бб.
2. История Индии в средние века.— М., 1968.
§ 20. ХI—XV ғасырлардағы Түркия
1. Селжуктік Рум сұлтандығының құрылуы.
2. Селжук жаулап алушылықтары.
3. Османдық түріктер империясының құрылуы.
4. Түрік-османдардың жаулап алушылықтары.
5. Түркиядағы феодалдық қатынастар.
6. Түріктердің Византияны, Албанияны жаулап алуы.
ХІ ғасырдың 40- жылдары Шығыста жаңа түркілік мемлекеттің
жұлдызы жанды. Ол селжук түріктерінің мемлекеті еді. Жаңа
мемлекеттің негізін 993—1063 жж. өмір сүрген Тоғрыл-бек қалады.
Ол Х—ХІ ғасырларда Сырдарияның ортаңғы ағысы мен Қаратау
маңын мекендеген оғыз тайпалық одағындағы қайы руының көсемі
Селжук ибн Тугактың немересі болатын. Х ғасырдың аяғында
Селжук бастаған топ Сырдарияның төменгі ағысына қоныс ауда-рып, Аралдық оғыздар көтерілісін қолдады. Көтеріліс басылған соң
Селжукты қолдаушылар Мауераннахрға қоныс аударды.
204 205
Ол кезде Мауераннахрдағы саманилер Шығыстан қауіп төндірген
қарахандықтарменкүресіп жатқан еді. Селжуктер саманилер
жағында шайқасып, жеңіліс тапты. 999 жылы саманилер мемлекетін
қарахандар басып алды. Селжуктер енді қарахандар жағында
ғазнауиларға қарсы соғысты.
1008 жылдан бастап селжуктер ғазнауилердің қорғауында бол-ды. 4000 түрікпен селжуктеріне Амудариядан өтіп, Серахс пен
Авиберда (қазіргі Түркмения) маңында қоныстануына рұқсат
берілді. Тарихшылар Махмұд сұлтанның бұл ісін үлкен ағаттық
деп санайды.
Селжуктер Хорасанға қоныстанғаннан соң жергілікті халыққа
зəбір көрсете бастады. 1025 ж. ғазнауилар селжук ибн Тугактың
үлкен ұлы Исраилды (ол Шағрыл-бек, Тоғрыл-бектің əкесі еді)
тұтқындап, түрмеде өлтірді. 1028 ж. Махмұд Ғазнауи селжуктерді
Хорезмге қуып тастады. Бірақ 1030 ж. билік үшін күрес кезінде
Масуд Ғазнауи Селжук түріктерін өз жағына тартты. Солардың
көмегімен 1031ж. қаңтарда таққа отырды. Селжуктер Балхан (Балх)
тауына қоныс тепті.
1035 ж. селжук ибн-Тугактың баласы Мұса ибн Селжук пен
немелері Дауд Шағрыл-бек, Мұхаммед Тоғрыл-бектер бастаған
түріктер Амудария өзенінен өтіп, қазіргі Түркмения жеріне қоныс
тепті. Олар Масуд Ғазнауиден Ниса мен Ферав жерлерінен мал-дарын бағып, көшіп-қонып жүретін жайылым сұрады. Ақысына
əскери қызмет атқарып, салық төлеп тұруға міндеттенді.
Ғазнауилердің əмірі Хорасаннан айырылып қалудан қауіптеніп,
1035 жылғы жазда селжуктерге қарсы əскер жіберді. Бұл кез-ге қарай күшейіп алған селжуктер ыңғайын келтіріп сұлтан
əскерін талқандады. Мұса, Тоғрыл-бек пен Шағрыл-бектер Масуд
Ғазнауимен келісім шартын жасап, қоныстанған жерлеріне қоса
Дахистан (қазіргі батыс жəне оңтүстік Түркмения) облысын иемде-не тұруға алды.
1038 ж. Масуд Ғазнауи селжуктік түріктерге қарсы Сюбашы
басқарған əскер жіберді. Серахс маңында селжуктер бұл əскерді
де талқандады. Тоғрыл-бек Нишапурде сұлтан деп жарияланды.
Теджен өзенінің бойындағы Дих-и Базарген аулының маңында қан
төгіс шайқас болды. Біраз үзілістен кейін, 1039 жылдың қысында
соғыс қайта жалғасты. Сол жылғы қараша айында Масуд Тоғрыл-бекті Нишапурден қуып шықты.
1040 ж. сəуір айында Масуд селжук түріктеріне қарсы кезекті
жорығын бастады. Мамыр айында Данденакан қамалында шешуші
шайқас болып, ғазнауилік əскер талқандалды, Масудтың өзі əрең де-генде аман құтылып шығып, Гератқа қашты. Данденакандағы жеңіс
Батыс Азияда селжуктік түріктер мемлекетінің өмірге келгенін жа-рия етті.
Тоғрыл-бек 1040—1050 жж. аралығында Хорезмді, бүкіл Иранды,
Əзербайжанды, Күрдістан мен Иракты басып алып, өз билігін орнат-ты. 1049 ж. Арменияны жаулау басталды. 1055 ж. Бағдад қаласы да
селжуктер қол астына көшті. Аббастық халиф Қайым Тоғрылбекке
«сұлтан» атағын беріп, екі жылдан кейін «Шығыс пен Батыстың
патшасы» деген атағын бекітті.
Тоғрыл-бектің мұрагері Алып Арыслан /1063—1072/ кезінде, 1064
жылы Армения басып алынды. 1071 жылы селжуктер Манцикерт
маңында византиялықтарды жеңді. 1071 жəне 1081 жылдар
аралығында сельжуктер Кіші Азияны, т.б. жерлерді жаулап алды.
Мелік-шах сұлтан /1072—1092/ тұсында сельжуктер мемлекеті
өзінің саяси қуаттылығының шырқау шегіне жетті. Бұл кезде олар
Грузияны, қарақандар мемлекетін басып алды. 1077 ж. Рум сұлта-наты құрылды. 1081 жылдан бастап оның астанасы Никей (қазіргі
Изник) қаласы болды. Сонымен қатар бұл сұлтанның билігі кезінде
феодалдық бытыраңқылық та орын алды: сельжуктер басқарған
бірнеше сұлтандықтар құрылып, олар орталық өкіметке номинал-ды ғана тəуелді болды. Олар: Керман сұлтандығы /1041—1187/, Рум
/1077—1307/, Сирия /1094—1117/ сұлтандықтары. Бірінші кресшілер
жорығынан кейін /1096—1099/ сельжуктер Палестинадан, кейінірек
Сириядан, Кіші Азияның теңіз жағалауларынан, Грузиядан айы-рылды.
1118 жылы Селжуктер мемлекеті Мелік-шах балаларының
арасында бөліске түсті. Санжардың үлесіне астанасы Мерв /
Мары/ болған шығыс облыстары, Махмудтың үлесіне — Батыс
Иран мен Ирак тиді. 1141 жылы қарақытайлықтардан жеңілген
Санжар Орта Азиядағы билігінен айырылды. 1153 жылы балх-тық оғыздар көтеріліске шығып, Марыны, Нишапурды, Тусты, т.б.
Хорасан қалаларын талан-таражға салды. Санжар өлген /1157/ соң
Хорасандағы «Ұлы селжуктер» билігі жойылды. 30 жылға созылған
феодалдық өзара қырқысулардан кейін Керманды, Хорасан мен
Батыс Иранды хорезмдықтар басып алды. Сельжуктер тек Кони
сұлтандығын ғана сақтап қалды. Кони /Рум/ сұлтандығының қуаты
əсіресе Алад-дин Кей Қуат /1219—1236 жж./ сұлтанының тұсында
күшейді. Ол Қырымға жорық жасап, қыпшақтарды жеңді, олардан
Судак қаласын тартып алды.
206 207
1239 ж. Баба Исхак басқарған көтеріліс болды. Олар сұлтан
жіберген əскерді жеңіп, Амасью қаласын басып алды. Сұлтан ІІ- Кей-Хосроу көтерілісті əрең басты. Көтеріліс сұлтанатты əлсіретті. 1243
ж. моңғолдар Кесе-даг маңында селжук əскерін талқандады. Кей-Хосроу ІІ — «монғолдың ұлы ханына» вассалдығын мойындады.
1307 ж. Рум (Кони) сұлтандығы монғолдарға бағынышты бірнеше
бейлікке бөлініп кетті. Сол бейліктің (округ) бірі — Осман бейлігі
1299 жылдың аяғында құрылған Осман түріктері мемлекетінің
ядросы болды.
Османның арғы атасы Сүлеймен-шах бастаған түріктер мон-ғолдар шапқыншылығы кезінде, яғни ХІІІ ғасырдың 20- жылда-ры Хорасан жақтан қашып келген оғыздық тайпа өкілдері болатын.
Бірақ сол ғасырдың 40- жылдары монғолдар Кіші Азияға да жеткен
еді. Солармен шайқастағы ерлігі үшін селжук түріктерінің сұлтаны
Хорасаннан келген түріктерге Византиямен шекаралас эпиктеттік
Фригиядан (Сакария өзенінің алқабы) жайылымдық жер сыйлаған
болатын. Ол Фригияның орталығы Сөгет елді мекені болды. Осы
Сөгетте Сулеймен шахтың баласы Ертоғрылдың отбасында 1258 ж.
болашақ билеуші əулет атын алған Осман өмірге келді.
Осман І — Ғази əкесі Ертоғрылдан өз үлесіне тиген бейлікте
1282—1324 жж. билік құрды. Оның бейлігі 1299 ж. тəуелсіздігін
жариялап, 1307 жылдан бастап эмират деп аталды. Осман əкесінен
қалған мұраны Кіші Азиядағы Византия империясының есебінен
ұлғайтқан болатын. Ал Османның баласы Орхан (1326—1359) Бурса
мен Никеяны басып алып, көрші Караси мемлекетін бағындырды.
Орхан эмираттың астанасын Бурса қаласына көшірді. Сөйтіп,
Орханның тұсында Византияның Кіші Азиядағы иеліктері түгел
дерлік Осман эмиратына қосылды да, ол империяға айнала баста-ды.
Орхан жақсы қаруланған, қатаң тəртіпке бағынған атақты
янычарларкорпусын құрды. Бұл жаңа əскер османдар жаулап
алушылығының басты күші болды.
1354 жылы Османдық түріктер Балқан түбегін жаулауға кірісті.
Алдымен Еуропадағы Галлиополь қаласын басып алды. Бұл кез-де Балқандық елдер арасында бірлестік жоқ еді. Орханнан кейін
Осман эмиратын басқарған оның баласы І Мұрат /1359—1389 жж./
сұлтан деп аталды. Ол Балқанда Адрианополь /1362 ж./ қаласын,
Фракияны, Филиппопольды, Марица өзенінің алқабын басып алып,
тез қарқынмен батысқа қарай жылжи берді. Эмираттың астанасын
І-Мұрат Адрианопольге көшіріп, ол қаланы Эдирне деп атады. 1389
жылы османдар Сербияға шабуыл жасады. Шешуші ұрыс Косово де-ген алаңда 15 маусымда болды. Серб королі Лазарьдың сербтер мен
босниялықтардан, албандықтардан, валахтар мен венгерліктерден
тұратын 20 мындық əскеріне түрік сұлтаны І-Мұрат басқарған 30
мыңға жуық əскер қарсы тұрды. Сербтер жеңілді. Князь Лазарь
тұтқынға түсті, соңынан өлтірілді. Милош Обилич деген серб
жауынгері жасырын түрде сұлтанның шатырына кіріп, І-Мұратты
қапыда өлтірді.
15 маусым — сербтердің қырылған күні — қаралы күн ретінде
аталып өтеді. М. Обилич сербтердің ұлттық батыры болып сана-лады. Оған ескерткіш қойылған. Түріктер осы жеңістен 70 жыл
кейін Сербияны толық басып алды. Орталық Еуропа елдеріне
түрік османдарының шабуыл жасау қаупі төнді. Рим папасының
көмегімен оларға қарсы бірнеше крест жорығы ұйымдастырылды.
Бірақ жорықтың барлығы да кресші-рыцарьлардың толық талқан-далуымен аяқталды.
1396 жылы османдық Түркияға қарсы кресшілер жорығына венгр,
чех, поляк, француз, т.б. рыцарьлары қатысты. Ол жорықты венгр
королі Сигзмунд басқарды. Дунайдағы Никопольде олар түріктерден
жеңілді. Он мыңға жуық кресшілер тұтқынға түсті, қалғаны
қырылды, қашты. Баязит үш жүзге жуық бай рыцарьларды салық
төлеткізіп босатты да, қалғанын құлға айналдырды. І-Мұратттың
баласы — Баязит /1389—1402 жж./ Болгарияны, Македонияны ба-сып алды. Енді Фессалоникиді алып, Константинопольдің берілуін
талап ете бастады. Баязит — «Иылдырым» — «Найзағай» — деп
аталды.
Еуропада жаулап алынған жерлерге қоныстанған түріктер
отырықшылық өмірге көшті. Ал Кіші Азияда қалған түріктер
отырықшылыққа кейін көшті. І-Баязит 1402 жылы 20 шілдедегі
Анкара маңындағы шайқаста Ақсақ Темірден жеңіліп қалды. Өзі
тұтқынға түсіп, сонда өлді. Түрік əскерлері Балқан жаққа қашып
құтылды. Оған гректер мен т.б. еуропалықтар көмектесті. Темір
бұрынғы эмираттарды қайтадан қалпына келтірді. Олардың арасын-да араздық туғызып отыруға тырысты. Баязиттің артында қалған
4 баласының арасында бақталастық туды. Бұл бақталастықта
1413 жылы Мұхаммед жеңіп шықты. Ол түрік елін қайта қалпына
келтіруге кірісті.
Осман мемлекетіндегі феодалдық қатынастар. Түркияда жер
мемлекет меншігі болды. Жердің едəуір бөлігі феодалдарға уақытша
меншікке берілді. Бұл уақытша берілген жер ленник деп аталды. Ол
208 209
екі категорияға бөлінді: табысы 3-тен 20 мың сомға дейін жететін
тимариоттар жəне 20 мыңнан 100 мың сомға дейін табыс табатын
займдар болып. Əсіресе əскери лендер басым болды. Леннің иелерін
сипахилер деп атады. Олар сұлтанның атты əскерінде қызмет
атқарып, өздерінің лендерінің мөлшеріне сəйкес жорыққа белгілі бір
əскер шығаруға міндетті болды. Жоғары əскер басшылары мен чи-новниктер неғұрлым ірі лендерді-хассаларды алып отырды. Үкімет
шығарған заңдар феодалдардың алатын рентасының мөлшерін жəне
олардың шаруалармен қарым-қатынастарын қадағалады.
Осман бей
Түркия жаулап алған Балқан жерлерінде ұсақ феодал — хри-стиандар біршама мол сақталып қалды. Уақыт озған сайын олар
мұсылман дінін қабылдап отырды немесе өздерінің жерлерінен ай-ырылды.
Халықтың басым бөлігі — феодалдық тəуелділіктегі шаруа-лар өздерінің жер үлестерін мұрагерлікпен пайдаланды. Еңбекке
жарамды бүкіл ересек христиан еркектері сұлтанның қазынасына
ақшалай салық — харадж, джизья төлеп тұрды.
Барлық халыққа салынатын ақшалай салық испандже деп атал-ды. Джизья — кəпірлерден алынатын қосымша салық болды. Ауыл
шаруашылығы өнімінен алынатын салық /оннан бірі/ ушур деп
аталды.
Малдан да салық алынды. Егіншілікпен айналысатын халықтың
басым бөлігі жерге бекітіліп қойылды жəне феодалдық немесе
жергілікті өкіметтің рұқсатынсыз өз үлесін тастап ешқайда кете
алмады. Түркиялық заңдар бойынша қашқын шаруаларды іздеп
табудың мерзімі 10—15 жыл болып белгіленді.
ХVІІ ғасырдан бастап шаруалардың жерлерін сауда-өсімқорлық
капиталдың өкілдері мен янычарлардың жоғарғы топтарының не
басып алып, не сатып алуларының нəтижесінде феодалдық жер
иеленудің жаңа түрі пайда болды. Олар чифтиликтер деп аталды.
Еуропаға қоныс аударған түріктер отырықшылыққа көшіп, Кіші
Азиядағылары көшпелі мал шаруашылығымен айналыса берді. ХV
ғасырдың 20- жылдарында Баязит балалары арасындағы араздық
басылып, Түркия мемлекеті қайта күшейген кезде, олар назарын
қайтадан Константинопольге аударды.
1422 жылы түріктер Константинопольді қоршап алды. Бірақ, көп
ұзамай, елде ақсүйектер бүлігі қайталана бастаған соң ІІ-Мұрат
сұлтан қоршауды қойып, кейін қайтуға мəжбүр болды. Дегенмен
Византия Македония мен Фракиядағы бірсыпыра қалаларды
түріктерге беруге мəжбүр болды. Сөйтіп византиялықтар бір кездегі
ұланғайыр иеліктерінің болмашы қалдықтарын ғана сақтап қалды.
1430 жылы түріктер Византияның ең ірі экономикалық орталығы
— Фессалониканы басып алды.
Осындай жағдайда Византия үкіметі қалайда Батыстан көмек
алуды ойлады. 1439 жылы Феррар-Флоренция шіркеуі соборын-да католик жəне православие шіркеулері арасында папа тағының
басшылығын мойындаған шартпен уния жасалды. Соншама
қымбатқа түскен Уния Византияға ешқандай нақтылы көмек көрсете
алмады. Ол — ол ма, унияға байланысты Византияның өзінде
əлеуметтік-саяси күрес бұрынғыдан да шиеленісіп кетті, мұның өзі
мемлекетті түріктерден қорғау үшін барлық күшті топтастыруға
бөгет болды.
«Біріктіру комедиясы» папаға православие шіркеулерін, ең ал-дымен орыс шіркеуін жəне Констанинополь патриархын бағындыру
үшін қажет болды. Жоғарыдан келісіліп, католик шіркеуімен
жасалған унияны византия халқы қолдамады да, ол толық сəтсіз-дікке ұшырады.
1452 жылдың жазында түріктер Константинопольді сыртқы
дүниеден кесіп тастап, блокада ұйымдастырды.
1453 жылғы сəуірдің басында ІІ-Мехмед сұлтан құрлықтағы
жəне теңіздегі үлкен күшпен Византия астанасын қоршады.
Констанинополь түбінде сол кездегі тамаша артиллериямен
жабдықталған 200 мыңдық түрік армиясы болды, ал қыруар түрік
флоты қаланың теңіз жағын бүркемеледі.
210 211
Османлы түріктерінің мемлекеті
Кіші Азиядағы 1311—1402 жж.
Сұлтан Баязид
(1354—1404)
Византия тарихшысы Дуканың айтуы бойынша империяның
ежелгі астанасын қоршап алушының 20 адамына қорғаушылардың 1
адамы қарсы тұрды. Оның үстіне қаланың қорғанысының əлсіреуіне
өзінің ішіндегі саяси партиялардың арасындағы таластартыстың
тоқтатылмауы да көп əсер етті. Византия əскерінің басым көпшілігі
жалдамалылар /неміс, француз, испан/ болды, гректер өте аз еді.
Астана тұрғындарының түріктерге ерлікпен қарсылық көр-сеткеніне қарамастан Константинополь 1453 жылы 29 мамырда
толық жеңілді. Константинопольдің құлауымен Византия им-периясы да өмір сүруін тоқтатты. Византияның соңғы императо-ры ХІ Константин Палеолог /1449—1453 жж./ шайқас кезінде қаза
тапты. Константинопольдің атын Стамбул деп өзгертіп, Осман им-периясы астанасын осында көшірді. Іле-шала түріктер бұрынғы
Византия мемлекетінің Орта Грециядағы жəне Пелопоннестегі басқа
аймақтарын да басып алды, ал 1461 жылы Трапезунд империясының
астанасын да өзіне қаратты.
ХVІ ғасырдың қарсаңында Осман империясы өзінің қол астына
Балқан түбегін түгелдей дерлік бағындырды. 1457 жылы Албанияны
басып ала алмаған түріктер оны 1468 жылы ақыры бағындырып
алды. Албан халқының ұлттық батыры Скандар-бег /1405-1468/
212 213
шайқаста қаза тапты. Скандарбег Кастриоти деген албан князінің
əулетінен шыққан. Ол бала кезінде түрік сұлтанына кепілдікке
берілген. ІІ-Мұрат сұлтанның қолында тəрбиеленіп, ат жалын тар-тып мінісімен, соның əскерінде қызмет атқарды. Əскер басқарудағы
ерекше қабілеті үшін «бэй» атағын жəне Александр Македонскийдің
құрметіне Ескендір атын алды. Бұл ат бұрмалана келіп «Скандербег»
болып кеткен. Өз халқының түрік сұлтандығына қарсы күресіне жан-жақты дайындалды. Оның ішкі жəне сыртқы жауларымен қатынас
орнатты. Венгр əскербасы Янош Хуньядимен келіссөз жүргізді.
1443 жылы 3 қарашада Нише түбіндегі венгр əскерлері жеңіске жет-кенде Скандарбег үш жүз сенімді серіктермен түріктер лагерінен
қашып шығып, Дибрге келді. Онда албан халқын түріктерге қарсы
күреске көтерді. Бірнеше күннен кейін Круяға келіп, 28 қараша күні
Кастриоти княздығының басшысы деп жарияланды. Қамалдардағы
түрік гарнизондары қуылды.
Скандарбегтің қолбасшылығымен албан халқы 24 жыл бойы
түріктер үстемдігін қайта орнатуға мүмкіндік бермеді. Скандарбег
талантты əскер басшысы ғана емес, көреген, айлакер саяси да
қайраткер болды. Ол албан феодалдарының ішіндегі ішкі өзара
кикілжіңдерін де, венециялықтар мен папаның қулықтарын да ше-бер іске асырмай, тиып тастап отырды. Албан Халық Республикасы
Скандарбег атындағы орден шығарған. Албандықтардың жеңілуіне
италияндықтардың көмекке келіп үлгермеуі себеп болды.
1463 жылы түріктер Боснияны басып алды. Шығыспен теңіз
саудасына қожалық түріктер қолына көшті. 1475 жылы түріктер
Қырымдағы Каффаны /қазіргі Феодосия/ генуялықтардан тартып
алды. Көп өтпей түріктер Донның Азовқа қосылатын алқабын тар-тып алып, онда Азов қамалын салды.
ХV ғасырдың ІІ жартысында түрік-османдар Қырымды бағын-дырды. Қырымда тұрған татарлар түрік сұлтанының вассалы-на айналды. Кескілескен ұрыстан кейін Дунай князьдықтары —
Молдавия мен Балахияның княздары түрік сұлтанының вассалда-рына айналғанын мойындады.
Молдавия 1456 жылы Түркияға салық төлеп тұруға уəде берді.
Бірақ 1457—1467 жылдары ІІІ Иванмен одақтасып, түріктерге
қарсы соғысты. 1487 жылы жеңіліп, сонан 300 жылдан астам уақыт
Түркияның қол астында болды. /1793 жылы Речь Посполитаяны
екінші рет бөлу кезінде Молдавия Ресейдің қол астына көшті/.
1473 жылы Кіші Азиядағы Караман эмиратын басып алғаннан
кейін шығыста көшпелі түрікпен тайпаларының Ақ-қойлы деген
мемлекетінің қарсылығына тап болды.
Янычар
ХV ғасырдың 50—60 жылдарында астанасы Əзербайжандағы /
қазір Иранда/ Тавриз қаласы болған Ақ-Қойлы сол кездегі қуатты
мемлекеттердің бірі еді. Оған Армения, Əзербайжан, Карабах,
Күрдістан, Ирак, Парс жəне Керман елдері бағынды. Ақ қойлылықтар
Ұзын Хасан деген падишахтың бір орталыққа бағынған мемле-кет құруына қарсы болды. Венеция Ұзын-Хасанға қару-жарақ,
зеңбірек беруге тырысты. Ұзын-Хасан 1472 жылы Туркияға қарсы
соғыс ашты. Ол Қараманның қолдауына сүйенді. Бірақ одақтасы-Қараманның жерінде жеңіліске ұшырады. Қараманды 1473 ж.
түріктер өзіне қосып алды. Ұзын Хасанның əскерлері түрік янычар-ларына қарағанда өте нашар қаруланған еді. Оның үстіне Ұзын Хасан
түріктерге қарсы Египетті, Грузияны қосып, блок ұйымдастырмады.
Керісінше, Грузиямен соғысып, оны талан-таражға салып, əлсіретті.
1478 жылы кезекті Грузияға қарсы жорықтың бірінде Ұзын Хасан
өлді. 1501 жылы Əзербайжанда бұрынғы Ақ Қойлы мемлекетінің
орнына Сефевилер мемлекеті құрылды.
214 215
Осман эмиратының жаулап алушылық саясатының табысты
болуына өте қатаң тəртіп арқылы жақсы ұйымдастырылған күшті
əскер көп үлес қосты. Ол əскерде «Яны чар» — «Жаңа əскер» деген
тұрақты жаяу əскер үлкен роль атқарды. Бұл əскердің жауынгерлері
үкіметтен жалақы алып тұрды. Алғашында янычарлар əскері 5-10
мың адамнан тұрды. Түріктер жеңген елдерден денсаулығы мықты
балаларды ата-анасынан айырып алып, оларды əскери қызметке
дайындады, ислам дінін қабылдатты. Янычарлар өз басшыларының
бұйрығын мүлтіксіз орындауға үйретілді.
Сұлтан биілігі тежеусіз болды. Оның билігін мұсылман
дінбасылары қолдады. Олар дінге сенушілерді сұлтан — «құдай-дың жердегі көлеңкесі» деп сендірді.
Жаулап алынған халықтардың осман-түріктерге қарсы
көтерілістері. Ол халықтар өздерінің тəуелсіздік жолындағы күресін
тоқтатпады. Болгар жəне серб партизандары «гайдуктер» деп атал-ды. Олар мұсылман мекендерін өртеді, тонады, түрік чиновниктері
мен жауынгерлеріне шабуыл жасады. Гайдуктер жиі-жиі қажетсіз
қаталдыққа барып, тонаумен жəне зорлық-зомбылықпен айналы-сты. Славян феодалдарының едəуір бөлігі ислам дінін қабылдап,
сұлтан жағына қызмет істеуге шығып кетіп отырды.
Осман империясына кірген жерлер ірі əскери-əкімшілік
бірліктерге-уалаяттықтарға, ал олар — санджактарға бөлінді.
Уалаяттарды, санджактарды басқарушылар тек азаматтық билікке
ие болып қана қоймай, жергілікті əскерлерге де басшылық етті.
Сот билігі əкімшілік өкіметтерге тəуелсіз судьялардың-қадилердің
қолында болды. Көптеген шіркеулер мешіттерге айналдырыл-ды. Болгария мен Сербиядағы православиялық шіркеулердің
дербестіктері жойылды. Балқан түбегіндегі барлық православиелік
халық Константинопольдегі грек патриархының қарауына кірді.
ХІV—ХVІ ғасырларда Түркияның жəне оның жаулап алған
жерлерінің экономикалық жағдайлары біршама жақсарды.
Түркия үкіметі мен түрік армиясы қолөнері мен сауданың
өркендеуіне мүдделі болды. Қолөнершілердің цехтық бірлестіктері
эснафтар деп аталды. Түріктер əдетте сауда жұмыстарымен аз ай-налысты. Көпестер негізінен гректерден, славяндардан, армяндар
мен еврейлерден құралды. Өнеркəсіп товарларын шет елден əкеліп
тұруды көтермелеп отырған Турция үкіметі шет ел көпестеріне
сауда артықшылықтарын беріп, баға салығын төмендетті. Мұның
өзі жергілікті көпестердің қызметтеріне мейлінше кедергі жасап,
жергілікті қолөнер кəсібінің өркендеуіне зиян келтіріп отырды.
Ə д е б и е т т е р:
1. Безертинов Р. Н. Татары, тюрки-потрясатели Вселенной
(История Великих Империй).— Новосибирск, ЦЭРИС, 2001.— 135—
161, 544—571 бб.
2. История Востока. Т. 2: Восток в средние века.— М: Восточная
литература РАН 1995.— 268—283, 493—505 бб.
§ 21. Х—ХV ғасырлардағы Араб мемлекеттері
1. Араб халифатының ыдырай бастауы.
2. Бағдатты Буидтердің, кейін — селжук түріктерінің
басып алуы.
3. Х—ХV ғасырлардағы Магрибтегі фатимилер мен мəмлүктер
билігі кезіндегі кресшілермен, моңғолдармен күрес.
4. Бейбарыс сұлтан билігі кезіндегі Египет.
5. Х—ХV ғғ. араб мемлекеттерінің мəдениеті.
Араб халифатының ыдырауы VІІІ ғасырдың екінші жартысында-ақ басталған болатын. Оның ыдырауына бірнеше себептер ықпал
етті. Біріншіден бағындырылған халықтардың тəуелсіздікке
ұмтылуы халифаттың күш-қуатын əлсіретті. Екіншіден феодалдық
құрылыстың дамуына байланысты жер-жерде ірі феодалдар күшейе
бастады.
756 ж. Кордова Эмиратыбөлініп кетіп, ол 929 ж. жеке халифатқа
айналды. Ол халифат 1031 жылдан кейін ыдырап кетті. X ғасырдың
басында Марокко мен Тунис бөлініп шықты. IX ғасырдың екінші
жартысында Египет тəуелсіздік алды. Мұнда алғаш Тулун əулеті,
ал X ғасырда Əлінің фатимилер деп аталған ұрпақтары билік құрды.
969 ж. фатимилер Египетті егемен Каир халифатына айналдырды.
ІХ-ғасырда Шығыс Иран (Хорасан), Х-ғасырда — Батыс Иран да
Араб халифатынан бөлініп шықты.
Амударияның шығысындағы Мəуреннахрда Саманидтер мемле-кеті құрылды («Мəуреннахр — өзеннің арғы жағы» деген сөз). Оның
астанасы Бұхара қаласы болды. Басқа үлкен қалалары Самарқан мен
Ходжент болды.
X ғасырдың басында Ауғаныстан бөлініп шықты. Бағдад
Халифатының қарамағында тек Месопотамия ғана қалды. Бірақ оны
да Иран əміршісі өзіне бағындырып алды.
Тунис пен Египеттің араб халифатынан бөлініп шығуы негізінен
фатимилер əулетінің атымен тығыз байланысты.
216 217
Исмаилшыл имамдар 893 ж. Əбу Абдаллах деген миссионерді
Ифрикияға (Тунис) жіберді. Ол өзі құрған шииттік қауымды
күшті əскерге айналдырды. Оған жан-тəнімен берілген берберлер
жеті əскери құрамаға бөлінді. Олардың басшылары ақсақалдар
Кеңесін құрды. Өмір теңдік жəне əділеттілік принципіне негіз-делді. Берберлерді аббастық наместниктіктердің билікті заңсыз
басып алғандығы ызаландырды. Олар билікті фатиманың ұрпағы,
саламилік имам Убейдуллахқа алып беру үшін күресті.
Убейдуллах пен оның баласы кезекті уағыз кезінде тұтқындалып,
түрмеге қамалған болатын. Оны босату үшін Абу Абдаллах 909 ж.
берберлер отрядымен Магрибке (батыстағы облыстар) аттанды.
Убайдуллах пен оның баласы түрмеден босатылды. Убайдуллахтың
басшылығымен тек Əли мен Фатиманың ұрпақтарын ғана имам деп
мойындайтын шииттік-исмаилилік «Фатимииа» сектасы құрылды.
910 ж. қаңтарда Убайдуллах (ол өзін Əли мен Фатиманың ұрпағы
деп санаған) «махди» (əділетсіздіктен құтқарушы) деген атақ алып,
«діндарлар əмірі» деп жарияланды.
Бербер тайпаларының көмегімен Əбу Абдуллах Солтүстік
Африканың Тахерте, Сиджилмас, т.б. аудандарын басып алды.
Сиджилмаста Əбу Абдуллах халыққа: «Мынау Махди. Мен сендерді
оған бағынуға шақырамын!»,— деген үндеу тастады. Ал Махдидің
Əли мен Фатиманың ұрпағы екендігі жалған еді.
«Тарих ал-Кайруан» деген кітабында ибн Халликан ол (Убай-дуллах) Саламилік иудей еді, ол Саид деген ұста еді дейді.
Убайдуллах берберлердің үмітін ақтамады. Ол салық мөлшерін
ұлғайта түсті. Қарсы шыққандарды өлім жазасына кесіп отырды.
Ал Əбу Абдаллахтың халық арасындағы беделі күшті болды. Ол өзі
жариялаған теңдік пен əділеттілік принциптерін жүзеге асыруға ты-рысты. Бұл принциптері Махдидің саясатымен сыйыспады. 911 ж.
Əбу Абдаллах Махдидің бұйрығымен өлтірілді. Оған жауап ретін-де берберлер көтеріліске шықты. Бірақ көтеріліс басып тасталды.
914 ж. Махди Египетті жаулап алу əрекетін жасап, сəт-сіздікке
ұшырады. Мұндай сəтсіз əрекеттер 919, 935, 945, 966 жылдары
қайталанды.
969 ж. Египетте ашаршылық болды. Сəуір айында шыққан тегі
славяндық қолбасшы Жауһар басқарған 100 мыңдық фатимилік
əскер Египетке аттанды. Онымен бірге аш отырған Египет халқы
үшін егін тиелген кемелер де келді. Шілде айында египеттік əскер
талқандалды. 969 ж. 9 шілдеде фатимилік халиф — Муизздың аты-на мешітте Хұтба оқылды. Ол Египеттің халифы деп жарияланды.
Сөйтіп, Египет фатимилік мемлекеттің құрамына қосып алынды
да, оның негізгі аумағына айналды. Сол жылы жаңа астана — Каир
қаласының негізі қаланды. 973 ж. оған Муизз халиф көшіп келді.
974 ж. фатимилер Дамаск қаласын басып алды.
Фатимилер Египетте жер реформасын жүргізді. Ол бағдаттық ев-рей Йакуб ибн Киллис пен оның көмекшісі Услудж ибн Хасанның
атымен байланысты. Империядағы барлық жердің ең жоғарғы
иесі фатимилік халиф деп саналды. Ол мемлекеттік қордан ірі
шенеуніктер мен əскер басыларына ихта ретінде жер үлесін беріп от-ырды. Ихта берумен арнаулы диван (кеңсе) айналысты. Ихта иелері
өкіметке солдат беріп отырды. Лендердің көлемі оны иемденушінің
қызметінің үлкенді-кішілігіне байланысты болды. Лен қызмет істеп
жүрген кезіне ғана берілді.
Мемлекеттік табыстың басты көзі жер салығы — харадж болды.
Ол ақшалай да, азық-түлікпен де өтеле беретін. Харадждың есеп-қисабын екі диван жүргізді. Біреуі — төменгі, екіншісі — жоғарғы
Египеттің жер салығымен айналысты.
Муызз (Абу — Темим Маадд) (953—975) бен Азиз (Əбу Мансур
Низар) (975—996) халифтардың билігі кезінде фатимилер билігінің
қуаттылығы шырқау шегіне жетті. Фатимилер түрік жəне негр
гулямдарын көптеп сатып алды. Фатимилер əртүрлі елдердің
халықтарынан күшті мемлекет құрды. Олар, К. Э. Босворттың
1
ай-туынша феллахтарды жүмыс күші, христандарды — шенеуніктер,
еврейлерді — делдал көпестер ретінде шебер пайдалана білді.
Еврейлер Үндістанмен жəне Батыс Еуропамен сауда қатынасын
қайта жандандырды. Түріктер мен негрлерден ұлан құрылса, бербер-арабтардан жасақшылар құрылатын.
996 ж. таққа Хаким отырды. Ол 1021 жылға дейін билік құрды.
Хаким исмаилшылар мойындайтын исламның барлық дəстүрлі
əдет-ғұрыптарынан бас тартты, Кағбаға жапқыш жіберуді тоқтатты,
қажылыққа баруға кедергі жасап бақты. Оның қолөнерімен, сауда-мен күндіз айналысуға, əйелдердің үйден далаға шығуына тыйым
салуы ақыр заманның алғашқы белгісі деп қабылданды.
1011 ж. алдымен христиандарды, сонан кейін сунниттерді қудалау
басталды. Мамлюк негрлер мен түріктердің қақтығысы орын алды.
Шəлкес деспот халиф Хаким 1021 ж. із-түзсіз жоғалды. Оның орнын
басқан халиф Зəкір (1021—1036) Хакимнің жарлықтарын жойды.
Зəкірден кейін Мустансир (1036—1094) халиф болды.
1
Босворт К. Э.История стран зарубежного Востока в средние века.— М., 1970,
с. 367.
218 219
1055 ж. Бағдадты Тоғрыл-бек сұлтан басқарған — селжук
түріктері басып алды. Олар сунниттер болатын. Сондықтан да
селжук түріктері күпірлер деп санаған каирлік халифатты жоюды
көздеді.
Фатимилер тұсында Египеттің əскері ақын, əрі саяхатшы Насир-и
Хосроудың айтуынша, судандық негрлерден, түріктер мен славян-дардан құрылған 60 мыңдық гулямдардан, Магрибтік берберлер мен
Хиджаздық арабтардан құрылған 135 мыңдық жасақтан тұратын.
1062 ж. маусым айында негр гулямдар мен түрік гулямдарының
арасында қақтығыс болды. Негр гулямдар жеңілді. 1073 ж. халиф
Мустансир əскердегі қолбасшылыққа Бадр əл-Джамали деген ар-мянды тағайындады. Армян жəне сириялық əскер қулықпен түріктік
əскер басшыларын қолға түсіріп, қырды.
1064 ж. селжуктер Сирияға басып кірді. 1071 ж. Атсыз басқарған
селжуктер Иерусалимді басып алды. Сирия мен Палестинада
селжуктер империясына вассалдық тəуелділіктегі сұлтанаттар
құрылды. Олардың арасында жиі-жиі қақтығыстар болып тұрды.
Осындай жағдайды пайдаланып, фатимилер Акканы, Тирді жəне
бірнеше теңіз жағалық қалаларды басып алды (1089 ж.).
Фатимиліктердің əлсіреуі, селжуктер империясының ыдырауы
кресшілердің Таяу Шығысқа жорықтарына жол ашты.
1098 ж. қараша айында кресшілер Антиохиядан Иерусалимге
қарай бет алды. Босфор бұғазынан өтіп шыққан 700 мыңдық
əскерден Иерусалимге 25 мың адам ғана жетті.
Бұл кезде фатимилер Иерусалимді селжуктерден тартып алған
болатын. Фатимилер халифы Хаким кресшілердің Иерусалимге
қарусыз, шағын топпен табынуға келіп тұруларына рұқсат берді.
Бірақ кресшілер бұл шартқа көнбей, шабуылмен қаланы басып
алды.
Бірінші крест жорығы үш жылға созылды. Оның нəтижесінде
кресшілер Эдессаны, Антиохияны, Триполи мен Иерусалимді басып
алды. Бұл табыс еуропалық басқыншыларды жігерлендіре түсті. 1101
ж. көктемде еуропадан кресшілердің жаңа легі келіп жетті. Жарты
миллионға жуық кресшілер үш топқа бөлінді. Раймонд Тулузский
басқарған 260 мыңдық кресшілерді селжук түріктері Ғалиса өзенінің
бойында талқандады.
Кресшілердің екінші тобын селжуктер Тавр тауының етегінде
талқандап, бытыратып жіберді.
100 мыңға жуық үшінші кресшілер тобын түріктер Гераклея
маңында жеңді. 1101 жылғы крест жорығы осылай күйреді. Алып
үш армияны селжук түріктері құртып жіберді.
1147 ж. жазда əрқайсысы 70 мыңнан тұратын неміс жəне француз
əскерлері екінші крест жорығына аттанды. 1148 ж. Палестинаға ол
əскердің жартысына жуығы ғана жетті. Қалғанын жолда түріктер
жойып жіберді.
Иерусалимдік кресшілер батыстан келген кресшілердің жаңа
тобынан құтылу үшін оларға Дамаскіні жаулап алуды ұсынды.
Кресшілер ол қаланы қоршауға алған кезде Дамаскіге көмекке
Атабек жіберген түрік əскері келе жатыр екен деген хабар тарады.
Иерусалимдік кресшілер үшін Дамаскінің арабтар қолында қала
бергені тиімді еді. Сол себепті олар енді еуропалық рыцарларды
Дамаскіні қоршауды тоқтатуға көндірді. Еуропалық кресшілер кейін
шегініп, ақыры елдеріне қайтты. Сөйтіп, екінші крест жорығы зор
шығынға ұшырап, сəтсіз аяқталды.
1154 ж. Дамаск Солтүстік Ирактың қол астына көшті. Сəтсіз
аяқталған екінші жорықтан кейін де еуропалық рыцарьлар шығысқа
көз тігуін тоқтатқан жоқ. Оларды, əсіресе Египет қатты қызықтырып,
өзіне қарай тарта берді. Ондағы экономикалық құлдырау саяси
анархияға ұласып жатты. Фатимилік мемлекеттің ішкі ыдырауы
күшейді. Ол өз байлығын тиімді пайдалана алмады. Исмаилизмнің
ел ішіндегі тірегі берік болмады. Сарайлық төңкерістер, көшелердегі
қырқысулар, т.б. тəртіпсіздіктер XII ғасырдағы фатимилік Египетті
қатты қалжыратты.
Фатимилік халифаттың мұндай жағдайы кресшілер үшін пай-далы болды: оларға оңтүстіктен қауіп төнбеді. Бірақ өкімет басына
айюбилер əулеті келген соң жағдай күрт өзгерді.
1171 ж. халиф Адид өлген соң билікті оның уəзірі Салах-ад-дин
басып алды. Ол шыққан тегі жағынан курд (равадия тайпасы-нан) болатын. Сириялық əскер басшылығынан 1169 ж. фатимилер
халифының уəзірлігіне тағайындалған еді. Билік басына келген
əулеттің Айюблер деп аталуының себебі Салах-ад-диннің əкесінің
аты Айюб ибн Шади болатын. Бұл əулет кресшілерге қарсы күресті
басқарды. Əулет 1250 жылға дейін билік құрды.
Таққа отырысымен Салах-ад-дин Египеттің аумағын ұлғайтуға
кірісті. 1172-1173 жж. ол Барку мен Триполиді, ал 1174 ж. Иеменді
бағындырды. Сол жылы Сириядан Дамаск, Хама, т.б. жерлер ба-сып алынды. Сирияның наместнигі етіп Салах-ад-дин өзінің інісі
Тураншахты тағайындады.
1182 ж. египет əскері Халебті басып алды. Тонаушылықпен айна-лысып отырған Иерусалимдік рыцарьларға енді оңтүстіктен де,
шығыстан да қауіп төнді. Салах-ад-дин рыцарьларды 1177 ж. Аскалон
220 221
Саладин
маңында, 1179 ж. Иордан жағасында жеңді. 1184 ж. келісім жасал-ды. Ол бойынша кресшілер мұсылмандарға шабуыл жасамауға,
көпестерді тонамауға уəде берді. Ал Салах-ад-дин оларға тимеуге
келісті.
Бірінші болып уəделерін рыцарьлар бұзды. Олар Иорданның
жағасындағы Керакты басып алды, Дамаскіден Аравияға бара
жатқан сауда керуенін тонады. Келісімді бұзғаны үшін Салах-ад-дин кресшілерге соғыс жариялап, Иерусалим корольдігіне ша-буыл бастады. Жарты күнге созылған шайқастан соң рыцарьлар
талқандалды. Иерусалим королі мен тамплиерлер гроссмейстері
тұтқынға түсті. Корольдің басы кесілді.
Бірнеше аптаның ішінде Иерусалим мен Тирден басқа король-діктің қалалары Салах-ад-динге берілді. Сонан кейін ол Иеруса-лимді де басып алып, құнын төлеген қала тұрғындарын тұтқыннан
босатты.
Иерусалимнің мұсылмандар қолына көшуі Еуропаны қатты
шамдандырды. Папа Урбан ІІІ-барлық княздарды крест жорығына
аттануға шақырды. Сөйтіп, үшінші крест жорығы басталды. Ол
жорыққа Германия, Англия мен Франция қатысты. Неміс рыцарьла-ры король Фридрих суға ағып кетіп өлгеннен кейін Сириядан кейін
қайтты. Ал Англия мен Франция корольдері басқарған кресшілер
1191 ж. Сирияға жетіп, екі жыл қоршап тұрғаннан кейін Сен-Жан
д’Акра қаласын басып алды. Иерусалимді ала алмайтындықтарына
көздері жеткен соң ағылшындар мен француздар елдеріне қайтты.
Сөйтіп, үшінші крест жорығы да рыцарьлар үшін зор шығынмен
аяқталды.
1193 ж. 55 жасында Дамаскіде Салах-ад-дин қайтыс болды. Оның
мемлекеті балалары мен інісі Əділдің арасында бөліске түсті. Үлкен
ұлы Абдалға — Дамаск, Əзизге — Египет, Захирға — Халеб, Əділге
— Месопотамия тиді. 1198 ж. Əзиз қайтыс болған соң Каирдегі билік
Əділдің қолына көшті. Қайтадан мемлекет бірлігі орнады.
1204 жылғы төртінші кресшілер жорығы рыцарьлардың
Константинопольді басып алып, Латын империясын құруымен
аяқталды.
Барлық крест жорықтары Константинополь, сонан кейін Кіші
Азия арқылы жасалатын. Оған қатысушылар Селжук түріктерінің
қылышына тап болатын. Аман қалғандары Палестинаға азып-тозып,
жабырқап əрең жететін. Мұндай əскер Сирия үшін де, Египет үшін
де қауіпті болмады.
Тек крест жорықтары Рум сұлтанаты арқылы емес, кемелер-мен теңіз арқылы жүргізіле бастағанда жəне Еуропада Египеттің
өзіне басып кіру туралы сөз басталғанда ғана Египет сұлтаны өз
əскерін ұлғайта бастады. Халықты əскерге алып, шайқастарға
шығару мүмкін болмады. Жергілікті халық тек салықты уақтылы
төлеп тұрумен қанағаттанып, сыртқы жаулардан қорғану деген ой-дан аулақ болды. Сондықтан да əскерді сатып алынған кавказдық
черкестерден жəне Қара теңіз бен Еділ жағаларынан əкелінген
қыпшақтардан құруға тура келді. Бұл əскер мамлюктер деп аталды.
«Мамлюк» деген арабтың «біреудің меншігі» деген сөзінен
шыққан. Қыпшақ мəмлүктер Нил өзеніндегі ар-Рауда аралында
(əл-Бахр) орналасып, Бахрилер деп аталды. Олар египет əскерінің
негізгі күші болды. Черкестер Каир бекінісінде (əл-Бурдж)
орналасқандықтан бурджилер деп аталды. Мəмлүктер əскерінің
саны 9 мыңнан 12 мыңға дейін жетіп отырды. Оларды 24 бейлер
басқарды.
222 223
Иерусалимді қайтарып алу мақсатымен Еуропалықтар 1217
ж. бесінші крест жорығын бастады. Оған немістер мен венгрлер
қатысты. Олар Иерусалимге бармай, Египетке қарай бұрылды.
Дамиет қаласын басып алып, Египетті бағындырмақ болды. Бірақ
ақырында жеңіліс тауып, Дамиеттен аман-есен шыққандарына
қуана-қуана елдеріне қайтты.
Он жылдан кейін император Фридрих II алтыншы крест
жорығын бастады. Палестинаға келіп түсіп, ол Египеттің сұлтаны
Мəлік əл-Камилмен келіссөз жүргізді. 1229 жылғы келісім бойынша
Иерусалим кресшілер қолына көшті. Ол үшін Фридрих II- сұлтанға
Египеттің жауларына қарсы күресте көмектесіп отыруға уəде берді.
1231 ж. Хорезм шахы Жəлел-ад-дин қайтыс болғаннан кейін
оның түрік қыпшақтардан тұратын əскері иесіз қалды. Ол əскерді
Кони сұлтаны Ала-ад-дин Кей-Құбрат І жалдап алды. Бұл кезде
айюбилер мен түрік сұлтанының ара қатынасы шиеленісе бастаған
болатын. Ала-ад-дин Кей-Құбрат хорезмдіктерді айюбиліктер елін
басып алуға пайдаланғысы келді. 1233 ж. сұлтан хорезмдіктер
күшімен бұрынғы одақтасынан Хилатты тартып алды.
1237 ж. сұлтан Құбрат І қайтыс болғаннан кейін жаңа сұлтан
Гийас-ад-дин Кей-Хосроу ІІ хорезмдік əскердің басшысы Қырхан
Мəлікті адал қызмет етпейсіңдер деп айыптай бастады. Қырхан
қамауға алынып, көп ұзамай қайтыс болды. Хорезмдік əскер
Анадолыны тастап шығып, айюбиліктерге қызмет етуге көшті.
Хорезмдік əскер 1241 ж. 11 шілдеде Иерусалимді басып алып,
Египетке қайтарып берді.
Иерусалимнен хорезмдіктер Жерорта теңізі жағасына қарай бет
алып, Газа қаласын басып алды. Египеттің сұлтаны хорезмдіктерге
сол жерге тоқтауға бұйрық беріп, Рукн-ад-дин Бейбарыс басқарған
мəмлүктерді жіберді.
Сириялық айюбиліктер арабтармен жəне курдтермен келісіп,
египеттіктерге қарсы шайқасқа дайындала бастады. Сириялықтарға
кресшілер де қосылды. Себебі олар арабтармен соғысуға, оларды
жеңіп, тонауға болатынын, ал хорезмдік түркілер мұндайға жол
бермейтіндігін түсініп еді.
1244 ж. 17 қазан күні Газаға жақын маңдағы Харбийа ауылының
түбінде кескілескен шайқас болды. Хорезмдіктер мен мəмлүктер
барлық арабтарды, күрдтер мен кресшілерді қырып салды. 30 мың
адам өліп, 800 кресші рыцарьлар тұтқынға түсті.
1245 ж. қазан айында түркі мəмлүктер мен хорезмдіктер Дамаскіні
басып алды. Бірақ хорезмдіктердің қалаға жеңімпаздар ретінде
кіруіне египет сұлтаны тыйым салды. Бұл шараны хорезмдіктер
мұқату деп санап, египет сұлтанына бағынудан бас тартуды ұйғарды.
Бейбарыс сұлтан оларға іш тартып, қолдаушылық білдірді. Оның
əйелі де хорезмдік еді. Бейбарыс дереу Каирге шақырып алынды.
Хорезмдіктер Иерусалим мен Наблугты басып алып, Египет
сұлтанының наместниктерін қуып шықты. Бірақ 1246 ж. 26 мамырда
Хомс қаласының маңындағы шайқаста хорезмдік түріктер əскерін
сұлтан əскері талқандап, бытыратып жіберді. Сөйтіп, Хорезм əскері
өзінің тарихын тəмамдады.
1248 ж. Франция королі Людовик Əулие жетінші крест жорығын
бастады. 1249 ж. көктемде кресшілер Египеттің теңіз жағасындағы
Дамиет қаласына келіп түсе бастады. Нил өзенінің тасуы кресші-лерді бірнеше ай бойы Дамиеттен шығармай қойды.
Сұлтан ал-Мəлік ас-Салих бұл кезде қайтыс болып кеткен еді.
Оның өлгенін жесірі Шеджерет ад-дур құпия ұстап, хабарламады.
Ол өзінің Месопотамияны билеп отырған баласы Тураншахтың
келіп жетуін күтті.
Нил тасқыны басылысымен кресшілер Каир қаласына шабуылға
шықты. Бірақ əмір Бейбарыс басқарған мəмлүктердің ерлігінің
арқасында қала аман қалды. 300 француздықтар, 80 тамплиерлер,
барлық ағылшындар қаза тапты. Людовик əулиенің өзі əрең қашып
қүтылды.
Мəмлүктер бай кресшілерді құн төлеткізіп, босатты да, төлей
алмағандарын қырып тастады. Дамиет қайтадан Египеттің қолына
көшті. Кресшілер 800 мың алтын ақша төледі. Сегізінші крест
жорығы осылай аяқталды.
Түркілік мəмлүктер өз қожайындарын ұнатпады. Сондықтан да
1171 ж. олар исмаилилік халифты сунниттік сұлтанмен ауыстыруға
жол берді. Енді олар Тураншах дұрыс басқармайды деп тапқан соң
айюбилерге де, бұл елге де қызмет қылуды тоқтатуды үйғарды. Олар
енді елді өздеріне қызмет етуге көндіруге кірісті.
1250 ж. 2 мамыр күні əмір Бейбарыс басқарған мəмлүктер
Тураншахты тақтан тайдырды. Мəмлүктер билікті ал-Мəлік ас-Салих сұлтанның жесіріне берді. Оған мəмлүктердің əмірі, түрік
Айбекті үйлендірді. Қызғаншақ сұлтанның жесірі опасыздық
жасаған күйеуі Айбекті моншаға түсіп жатқан кезінде евнухтары-на өлтірткізді. Тақты жас Əмірге ұсынды. Əмір тақтан бас тартты.
1257 ж. 2 мамыр күні сұлтанның жесірі өлтірілді. Билік ал-Мəлік
ас-Салихтың кəмелетке жетпеген жас баласының қолында қалды.
1259 ж. мəмлүктер Бейбарыстың досы Құттызды Египеттің сұлтаны
етіп сайлады.
224 225
Мəмлүктердің билік құрған екі əулеті белгілі: 1. Бахрилер ― түрік
халықтарының өкілдері; 1250―1390 ж.ж билік құрды; 2. Бурджилер
— негізі кавказдық черкестер, 1390―1517 ж.ж билік құрды.
Кресшілер Египетке мəмлүктер билік қүрып тұрғанда Таяу
Шығысты бағындыра алмайтындығын түсініп, монғолдармен одақ
құру жолына көшті.
1258 ж. ақпан айында монғол əскері Бағдадты басып алды. Хулагу
халифтың сарайын христиан патриархына сыйлады. Мешіттерді де
шіркеуге айналдырды. Таяу Шығыстың христиандары мəз-мəйрам
болып, қуанышқа бөленді. Олар монғолардың арқасында өздерінің
Таяу Шығыстағы мақсаттарына жетуге ұмтылды.
Сидонның еуропалық билеп-төстеушілері монғолдарды арамдық
қылықтарымен таңқалдырды. Олар монғолдардың қол асты-на көшкен Сирияны əскер жоқ кезде тонап, талан-таражға салып,
тайып тұратын болды. Монғолдар еуропалықтардың одақтасына
жасаған мұндай опасыздығына қайран қалды. Шыдамы таусылған
Сирияның билеушісі Кетбұқа нойон Сидонды жермен-жексен етіп,
еуропалық тұрғындарының қашып құтыла алмағандарын қырып
жіберді.
Египет сұлтаны Құттыз монғолдардың өз еліне шабуыл жасауын
күтіп отырмай, өзі шабуылға шығуға бекінді. Ол əскерімен Сирияға
бет алды. Құттыздың əскері ұзақ жолдан шаршап, Акраға жеткенде
ондағы рыцарьлар өз одақтастары — монғолдарға тағы да опасыз-дық жасады. Египеттің əскеріне қарсы шықпай, керісінше олардың
дем алып, көліктерін əлдендіріп алуларына жағдай жасады.
Бұл көмегі үшін мəмлүктермен сауда келісімін жасады:
монғолдардан қолға түсірген жылқыларын мəмлүктер рыцарьларға
арзан бағаға сатуға келісті. Бірақ кейін мəмлүктер бұл келісімді
орындаудың қажеті жоқ деп шешті.
Найман Кетбұқа басқарған монғол əскері Құттыз бен Бейбарыс
басқарған мəмлүктермен Назареттің маңындағы Айн-и Жалуд де-ген жерде 1260 ж. 3 қыркүйек күні кездесті. Мəм-лүктер əскерінің
алдыңғы сапында шайқасқан Бейбарыстың жауынгерлері жеңісті
қамтамасыз етті.
Монғол əскері жеңілді. Кетбұқа тұтқынға түсті. Ол Құттызды
патша өлтіруші, опасыз деп айыптаған соң өлтірілді. Құттыздың
бұл əрекеті сол кездегі дəстүрге қайшы келетін шара еді. Кетбұқа
қылмыскер емес болатын. Олай болса ол өлім жазасына кесілмеуге
тиіс еді. Сөйтіп, Құттыз күнəкəр болды. Көп өтпей ол осы күнəсі
үшін жазасын алды.
Мəмлүктердің жеңісі христиан əлемінің үмітін ақтамады. Оның
үстіне 1259 ж. 11 тамызда монғолдардың ұлы ханы Мөңкенің қайтыс
болуы да еуропа рыцарьларының мəмлүктер қаупінен құтылу
үмітін біржолата үзіп жіберді. Қарақорұмда тақ үшін талас бастал-ды. Монғол ұлысындағы азамат соғысы олардың Египетті жаулап
алу жоспарын бұзды. Түрік-монғол əскері Тигрдің солтүстік жағына
өтіп кетті. Сирия мен Месопатамияда христиандарды жаппай қыру
басталды.
Құттыздың жеңісі оның досы Бейбарысты қатты наза-ландырды.
Ол өзін тағдыр орынсыз ренжіткен адам деп санады. Оған дəлелі
де жеткілікті болатын. Шынында да ол 1244 ж. хорезмдіктерді
басқарып, Газа маңында франк-сирия əскерін талқандады, 1250 ж.
Дамиетте француз королін тізе бүктірді, сол жылы Тураншахты
өлтіріп, Египеттегі курдтердің аюбилік əулетін тақтан тайдырды.
Соңғы соғыста да жеңісті қамтамасыз етті.
Осындай ерліктеріне қарамастан қыпшақтар сұлтан деп оны
емес, Құттызды сайлады. Ал Құттыз жеңістен кейін барлық
қолбасшыларға өте бай сыйлықтар беріп, Бейбарысты ескерусіз
қалдырды. Осындай əділетсіздіктер Бейбарыстың 1260 ж. 24
қазанда Құттызды өлтіруіне, сөйтіп, мəмлүктер сұлтаны атануына
əкеліп соқты. Ол таққа əл-Мəмлүк аз-Захир Рукн ад-дунийа ад-дин
Бейбарыс деген атпен отырды.
Мөңке хан өлгеннен кейін Алтын Орданың ханы Берке Хулагу-дың қол астында жүрген əскерінің басшыларына «егер елге қайта
оралуға мүмкіндік болмаса, Египетке кетіп, мəм-лүктер жағына
шығыңдар» деген нұсқау берді. Ол жерлестердің өзара тіл табысып
кететіндігіне сеніп еді, ол сенімі ақталды. Түркіліктер Египетке өз
еліне бара жатқандай лек-легімен ағылып келе бастады.
1261 ж. монғолдар мен мəмлүк сұлтанының қолдаушылығына
сүйене отырып, Византия императоры Михаил VIII Палеолог (1261-1282) кресшілерді Константинопольден қуып шығып, Византия им-периясын қайта қалпына келтірді.
Бейбарыс билігі орнағаннан бастап XV ғасырдың ортасына дейін
Египет пен Алтын Орданың арасында достық қатынастар үзілмей,
нығая түсті. Бейбарыс Берке ханның қызы Тəжі-Бақытқа үйленді.
Одан Сейітхан Мұхаммед деген тұңғыш ұлы болды. Кейде ол Нəсір-əд-Дин Берке деп те аталады. Бейбарыс осы ұлын Қалауынның қызы
Ғазияға үйлендірді.
Бейбарыс сұлтан 1265 ж. мазасыз кресшілерге қарсы шабу-ыл бастады. 1265 ж. кересшілер Цезарь мен Арзуфтан, 1266 ж.―
226 227
Сафадтан, 1268 ж. Яффа мен Антиохиядан, 1271 ж.― Хисн əл-Акрад
бекінісінен қуылды. 1267 ж. Бейбарыс монғолдармен одақтас кіші
Армения (Киликия) патшалығын талқандады. Армян патшасы
Египетке вассалдығын мойындап, жыл сайын салық төлеп отыруға
уəде берді.
«1277 ж. Бейбарыс қапыда өзінің уəзірі, əрі құдасы Қалауынның
қолынан қазаға ұшырады. Қалауын 1280 ж. күйеу баласы Сейітхан
Мұхаммед сұлтанды да у беріп өлтірді. Оған ыза болған қызы Ғазия-қатын əкесін сегіз жыл бойы қарғап-сілеп, дауыс салып жүріп өлді.
Сейтханды анасы 1281 ж. Дамаскідегі əкесінің күмбезіне əкеліп
жерледі».1
Сейтханды өлтіріп, оның орнына таққа отырған Қалауын сұлтан
(1279―1290) Бейбарыстың кресшілерді қуып шығу ісін аяғына
жеткізді, Сирия мен Палестинадағы христиандық мемлекеттер
толық жойылды.
1402 ж. Солтүстік Сирияға əмір Темір əскері басып кірді. Бұл
кезде Египет əскері əлсірей бастаған еді. Черкестік əулеттің билігі
кезіндегі маңызды уақиға Египеттің 1426 ж. Кипр аралын басып
алып, оны еуропалық қарақшылардан тазартуы болды.
1486―1491 ж.ж. бірінші египет-осман соғысы болды. Ол соғыста
ешкім жеңіске жеткен жоқ.
Мəдениет.Х―ХІ ғғ. Египет пен Сирия мəдениетінің гүлдену кезі
болды. Каир тез арада маңызды мəдени орталыққа айналды. Келесі
үлкен мəдениет ошағы Дамаск болды. Фатимилер ақындар мен
оқымыстыларға қамқорлық жасап отырды. Əсіресе өзі ақын болған,
əл-Азхар мешітінде мұсылман университетін ашқан, сарайдағы
кітапхана негізін қалаған халиф Азиз (975―996) мəдениет саласын
дамытуға көп көңіл бөлді. Хаким халифтың (990―1013) кезінде
«Білім үйі» (Дар ал-Хикма) ашылды.
Мəмлүктер ішінен де талай талантты өнер, ғылым қайраткерлері
шықты. Өте дарынды түркі ақындарының бірі Ала-ал-дин ибн-Абдаллах (1343 ж. өлген) болды. Ол Дамаскінің əмірі болған. X
ғасырда жасалған ірі прозалық туындының бірі араб ертегілерінің
бір желіге түсірілген жинағы «Мың бір түн» болды. Фатимилер
билігі кезінде Египетте атақты астроном Əли ибн Йунус (1009 ж.
өлген) пен ойшыл (философ), математик əрі физик Əли ал-Хасан ибн
ал-Хайсан маңызды туындыларын жазды. Олардың кейбір еңбектері
кейін латын тіліне аударылды.
1
Гумилев Л.Н.Қиял патшалығын іздеу.― А., «Балауса», 1992.― 221 б.
Египетте медицина бұрыннан зор жетістіктерге жетіп келе жат-қан болатын. Х―ХV ғасырларда бұл салада атақты оқы-мыстылар
қатары онан сайын өсе түсті. Олар: қан айналымының ғылыми
тұжырымдамасын жасаған Ибн ан-Нафис (XIII ғ.); көз аурулары ту-ралы құнды еңбектер жазған Ибн ан-Накид (XII ғ.); медицина тари-хы жайында еңбек жазған Ибн Аби Усейбиа; жаратылыс ғылымы
мен философия тарихын жазған ал-Кифти (XII ғ.).
Тарихшылардың ішінен аты шыққан оқымыстылар — саяси жəне
діни қайраткерлер мен оқымысты ғалымдар өмірбаянын (бəрі 865)
жазып шыққан Ибн Халликан (XIII ғ.); тарихшы əрі географ Абу-л-Фида (1332 ж. өлген); тарихшы Ибн Тагриберди (1463 ж. өлген);
Египет пен мəмлүк сұлтандарының тарихын жазған ал-Маркизи
(1442 ж. өлген); ұлы араб тарих-шысы Ибн Халдун (1406 ж. өлген)
т.б. болды.
Дамыған феодализм кезінде араб елдерінде өнер саласында
да елеулі табыстарға қол жеткізілді. Оған дəлел сəн өнерінің əсем
ескерткіштері болып табылатын ал-Азхар (972 ж.), ал-Хаким (1012
ж.), ал-Акмар (1125 ж.) мешіттері.
Бұл кезеңде мешіттермен қатар керуен-сарайлар, моншалар мен
əсем тұрғын үйлер салынған. Сəн өнерінің көрнекті ескерткіштерінің
қатарына Каирдегі Салах-ад-дин салғызған цитадельді, сұлтан
Қалауын салғызған мешіт пен аурухананы, Қайытбей сұлтан
салғызған медресе мен мешіт-кесенені жатқызуға болады.
Х―ХV ғғ. аралығында музыка өнері де онан əрі дамып, жетіле
түсті. Бұл кездегі араб музыкасы Еуропа мен Орта Азия елдерінің
музыка өнеріне, музыкалық аспаптарының қалыптасуына əсер
етті.
Ə д е б и е т т е р:
1. Безертинов Р. Н. Татары, тюрки — потрясатели все-ленной.— Новосибирск, 2001.
2. Большаков О. Е. История халифата.— М: Восточная лите-ратура РАН, 2000.
3. Босворт К. Э. История стран зарубежного Востока в средние
века.— М., 1970.
4. Гумилев Л. Н. Қиял патшалығын іздеу.―А.: «Балауса», 1992.
5. Ирмияева Т. Ю. От халифата до блистательной Порты.
История мусульманского мира.— Пермь: «Урал», 2000.
6. Стэнли Лэн-Пуль. Мусульманские династии.— М. Т. Б., 1996.
7. Фильштинский И. М. История арабов и халифата (750―1517).—
М.: ИД «Муравей Гайд», 1999.
228 229
