Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азия африка.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
672 Кб
Скачать
☆

§ 7. Ерте орта ғасырлардағы Закавказье

мен Орта Азия халықтары

1. Закавказьедегі феодалдық формацияға көшу.

2. Шетел басқыншыларына қарсы күрес.

3. Орта Азия халықтарының шаруашылығы.

4. Орта Азиядағы шетел үстемдігіне қарсы күрес.

5. Закавказье мен Орта Азия халықтарының мəдениеті.

Закавказьедегі феодалдық шаруашылық біздің заманымыздың

IV ғасырында қалыптасты. IV—V ғасырларда Армениядафеодал-дық жер иеленудің барлық негізгі түрлері: феодалдық вотчина —

хайреник, феод — хостак, бенефиций — паргеваканбелгілі бол-ды. Жер иеленушілердің өте күрделі иерархиялық сатылары бол-ды. Оның ең жоғарғысы патша жəне жеке аймақтарды басқаратын

князь тұқымынан шыққан аса ірі жер иелері нахарарлар болды.

Бұл сатының ең төменгі баспалдағында ұсақ жер иелері тұрды.

Едəуір көлемді жерлерді меншіктенген шіркеу феодалдары да

үстем тапқа жатты. Қарапайым қауым мүшелері шинакандар

56 57

егіншілікпен, жүзім шаруашылығымен, мал бағумен шұғылданды.

Əрбір шаруаның отбасындағы адамының санына қарай қауымдық

жерлер жыл сайын қайта бөлініп тұруға тиіс болды. Шинакандар

көптеген феодалдық міндеткерліктерді (канал қазу, жол, көпір салу

т.б.) атқарды. Басқа елдердегі феодалдық қоғамдағыдай, Арменияда

да IV—V ғасырларда белгілі бір дəрежеде құлдардың еңбегі пайда-ланылды. Бірақ құлдар еңбегі қоғамдық құрылыстың феодалдық

сипатын бұзған жоқ. Армян құл иеленуші мемлекеті бірте-бірте

феодалдық монархияға айналды.

Əр феодал тəуелсіз болуға, өз жерін шағын дербес мемлекетке

айналдыруға ұмтылды. Армян феодалдарының ала ауыздығын Иран

мен Византия пайдаланып қалмақ болды. Мұндай ала ауыздықтар

Грузия мен Əзербайжан феодалдары арасында да болды.

Армяндар грузиндермен одақтаса отырып, Иранға қарсы талай

рет көтеріліске шықты. Римдіктер 391 жылы Батыс Армениядағы

патшалықты жойды. Ал Шығыс Армения (Арменияның үштен төрт

бөлігі) Иранның қол астында болды. Ондағы өзін-өзі басқарушылық

428 жылы жойылды. Билікті иран наместнигі — марзпан жүр-гізді. Иран армяндардан христиан дінін тастап, зороастризмді

қабылдауды талап етті. Армяндар 450 жылы Иран билігіне қарсы

көтеріліске шықты. Оны Вардан Мамиконян басқарды. Ол алдын-да жеңіске де жетті. Арташатта өз билігін жариялады. 451 жылғы

26 мамырда Аварайрда шешуші шайқас болды. Вардан қаза тапты.

Армяндар партизандық соғысқа көшті. 571 жылы тағы көтеріліс

болып, оны Вардан Мамиконян Кармир басқарды. 572 жылы

армян көтерілісшілері Иран əскерін талқандады. Бірақ толық

тəуелсіздікке жете алмады. Иран наместнигі армяндардың өз ішінен

тағайындалатын болды.

Армения мен Картли үшін Иран мен Византия арасындағы күрес

жиырма жылға созылды. Сасандар патшасы Хормузд IV (1579—

1590) армяндарды қалайда өз жағында ұстап қалу үшін оларға біраз

жеңілдіктер берді. Ол Арменияның ишханы етіп армянин Давид

Сааруниді тағайындады. Сааруни 586—601 жж. билік құрды. Осы

кезден (586 ж.) бастап Армениядағы барлық азаматтық билік тізгіні

армяндардың ішінен тағайындалатын ишхандарға берілді.

IV ғасырдың аяғында Византия Арменияныңкөп жерін ба-сып алды. Армения Византияның вассалды мемлекеті саналды.

Дегенмен бұрынғыдай, ишхандар жергілікті армяндар арасынан

тағайындалып отырды. Византия қол астына көшкен соң ишхандар

патрикий, куропалаттардеп атала бастады. 651 жылы Арменияға

арабтар шабуылы басталды. Византия көмек көрсете алмады. 652

жылғы келісім бойынша армяндар араб халифатының билігін мой-ындады.

773—775 жж. Арменияда шаруалар көтерілістері болып өтті. 851

жылы арабтар билігіне қарсы көтеріліс басталды. Ол көтерілістің

басшыларының бірі Овнан Хутский ерекше ерлігімен көзге түсті.

Армяндар араб қолбасшысы Мысыр-Меліктің əскерін талқандап,

Муш қаласын алды, халифтің наместнигін өлтірді. Армян

халқының осы көтеріліс кезіндегі ерлігі «Давид Сасунский» деген

дастанда жырланды. Бірақ Буги басқарған араб əскері үш жыл бойы

көтерілісшілерді қатаң жазалап отырды.

Армениядағы арабтар билігі IX ғасырдың аяғында құлатылды.

Үкімет билігі армяндық Багратилер əулетінің қолына көшті.

IX ғасырдың 60- жылдарынан 1045 жылға дейін Арменияның

шығысында оның жерінің үлкен аумағын қамтыған Ани патшалығы

өмір сүрді.

Багратилік патшалардың Арменияны біріктіру əрекеті нəтижесіз

болды. Феодалдық бытыраңқылық Васпуракан (908), Сюнилік (970),

Кар (963) жəне Ташыр-Дзорагет патшалықтарының құрылуына

жол ашты. Олар Багратилерге вассалдық тəуелділікте болды.

Ауыз бірліктің болмауы, өзара қырқысулар 1045 жылы Арменияны

Византияның, ал 1071 жылы — селжук түріктерінің жаулап алуына

себеп болды.

Закавказьенің грузинтайпалары мекендеген батыс бөлігінде

феодалдық қатынастар III—IV ғасырлардан бастап қалыптасты. Ол

қатынастар IV ғасырда орнығып болды. Феодалдар азнаур деп атал-ды. Грузияда ерікті қауым мүшелері де, ерікті қызметкерлер де бол-ды. Феодалдық қоғамның едəуір категориясы ерікті емес уазнолар

еді. Жер VI ғасырдың өзінде-ақ сату, сатып алу объектісі болды. IV

ғасырда Картли патшасы Мириан христиандықты қабылдап, оны өз

жерінде зорлықпен бекіте бастады. Картли патшалары сасанилердің,

ал Эгриси (Батыс Грузия) патшалары — Византия император-ларының вассалдары болды.

Сасанилік Иранға қарсы күрес V ғасырда Картлиде Вахтанг

Горгасал («қасқыр бас») патша тұсында күшейді. 484 жылы грузин-дер мен армяндар Иран билігіне қарсы бірлесіп қимыл жасады. Бірақ

бұл күрес сəтсіздікпен аяқталды. 523 жылы жаңа көтеріліс бастал-ды. Бұл көтерілісті де талқандағаннан кейін сасанилер Картлидегі

патша өкіметін жойды.

58 59

Византия мен Иранның Грузияға ие болу үшін жүргізген

күресі VII ғасырға дейін созылды. VII ғасырдың бас кезінде

византиялықтар иран əскерлерін қуып шығып, Грузияда өз

үстемдігін орнатты. Бірақ VII ғасырдың ортасында Грузияны араб-тар басып алды. Византиялықтар ықпалы Батыс Грузияда ғана

сақталды. Грузиядағы арабтар билігі IX ғасырдың екінші жартысы-на дейін сақталды. Арабтарға қарсы күресте Грузияға албандар мен

армяндар көмектесіп отырды. Арабтар билігінің құлауына сондай-ақ халифаттың ішкі əлсіреуі (IX ғасырдың екінші жартысы) де себеп

болды.

ƏзербайжандаIII—V ғасырларда негізінен феодалдық қатына-стар қалыптасты. IV ғасырдың басында Солтүстік Əзербайжан хри-стиан дінін қабылдады. III ғасырдың ортасына қарай Əзербайжанның

оңтүстігі Иранның қол астына көшті. V ғасырдың екінші жарты-сынан бастап Əзербайжанда Иран үстемдігіне қарсы көтерілістер

жиіледі. Шаруалар салық ауыртпалығынан орман-тоғайларға, тауға

қашты; феодалдардың иеліктерін талқандады.

V—VIII ғасырларда Əзербайжанда өндіргіш күштер одан əрі да-мып, жетіле түсті. Ол елдің шаруашылығы мен мəдениетіне елеулі

өзгерістер əкелді: құнарлы жерлер мен табиғи байлықтар кеңінен

игеріле бастады, жасанды суармалы жүйелері салынды; металл

өңдеу жетілдірілді, Апшерон жарты аралында мұнай өндіру бастал-ды. Ірі қалалар — Шарбан, Шамхор, Гянджа, Барда, Тебриз дамып,

жетіле түсті. Қолөнершілер мен саудагерлер қалалардың негізгі

əлеуметтік тобына айналды.

VII ғасырдың ортасында Əзербайжанға арабтар шабуылы ба-сталды. VIII ғасырдың басында Əзербайжан араб халифатының қол

астына көшті. Жергілікті халық ислам дінін қабылдамай, христи-ан дінінде қала берген əзербайжандардың көршілері — грузиндер

мен армяндар жан басына салынатын жизья салығын төлеп тұрды.

Оның мөлшері əр отбасынан бір динар болды. Сонымен қатар ис-лам дінін қабылдаған əзербайжандар сияқты, харадж деп аталған

жер салығын да төледі. Бұл салықтарды арабтар жергілікті халықты

сыртқы қауіптен қорғап, елдің ішіндегі тəртіптің сақталуын

қадағалағаны үшін жинап отырды.

816 жылы Əзербайжанда парсылық Бабек басқарған көтеріліс

болды. Ол 837 жылға дейін созылды. Бұл көтеріліске қатысушылар

«қызыл жалаулылар» немесе «қызыл киім кигендер» деп аталды.

Көтеріліс хурремиттер ілімінің жамылғысында өтті. Əлемнің екі

негізінің (құдай мен жын-перінің, ізгілік пен зұлымдықтың) күресін

60 61

мойындаған жəне жекеменшік пен əлеуметтік теңсіздікке негізделген

қоғамдық құрылысты зұлымдық негіздің туындысы деп есептеген

секталар хурремиттер деп аталған.

Бабек өзін құдай деп жариялап, халифаттағы биліктің шииттер

қолына көшуін талап етті. Оның бұл талабына халиф əл-Əминнің

уəзірі Фадл жасырын түрде қолдаушылық білдіріп, көтеріліске итер-мелеп отырды. Ат-Табари Əзербайжандағы Бабек билігі кезінде 150

мың мұсылман өлтірілді дейді.

Бабекке қарсы соғысты халиф əл-Мамун 827 жылы бастады.

Исфахандық бүлікшілер қол жинап, Əзербайжандағы Бабекке

көмекке аттанды. Оның үстіне Əзербайжан мен Арменияның

наместниктері де Бабектің көтерілісіне қарсы күреспей, бейқам қала

берді. Тіпті Əзербайжандағы көтерілістен халифаттың назарын өз

жағына аудару мақсатымен Византия арабтарға соғыс ашты. 837

жылы Византия императоры Феофил Евфрат өзенінің бойындағы екі

қамалды басып алып, Дамаскіге дейін жетті. Бірақ византиялықтар

Бабекті құтқара алмады.

837 жылдың аяғына жуық арабтың отыз мыңдық əскерінің

қолбасшысы Афшин жүз мыңдық көтерілісшілерді айлакерлікпен

жеңіп, Бабекті тұтқынға алды. 838 жылы қаңтарда Бабек Бағдадқа

жеткізілді. Өлтірілерінің алдында халиф: — Не үшін, ит, бүлік

шығарып, соншама мұсылманды қырдың?,— деп сұрағанда Бабек

ырылдаумен ғана жауап беріпті.

Араб халифаты əлсірегеннен кейін IX ғасырдың екінші жартысы

мен X ғасырдың бірінші жартысында Əзербайжанда бірнеше дер-бес мемлекеттер құрылды. Олардың ішіндегі қуаттысы астанасы

Шемаха қаласы болған Ширваншахтар мемлекеті болды.

Закавказьедегі арабтар билігі IX ғасырдың екінші жартысында

құлатылды. Бірақ 1071 жылы Закавказьені түріктер басып алды.

Орта Азия. Ерте орта ғасырлық Орта Азия туралы мəліметтер

«Авестада» тұжырымдалған. Ол б.з.д. бір мың жылдықтың I

жартысында жазылған. Ирандықтардың зороастриялық діни

шығармаларының жинағы III—VII ғасырларда толықтырылып,

қайта өңделген, 21 кітаптан тұрады.

IV—V ғасырларда Орта Азияда тəжік, түркмен, қырғыз, өзбек

халықтарының арғы ата-бабалары тұрды.

Мемлекеттердің шекараларында қос дуалды берік қамалдар

тұрды. Олар көгалды алқаптарды көшпелі тайпалардың шабуылы-нан қорғады. «Авестада» б.з.д. бірінші мың жылдықтың бірінші

жартысында Орта Азияда «күн елі» деп аталған Хорезм, қасиетті

Согдиана, таулары желкілдеген Бактрия мемлекеттері болғандығы

айтылады. Жаңа дəуірдің басында да, яғни ерте орта ғасырларда осы

мемлекеттер өмір сүріп жатты.

Бактриямемлекеті Амударияның жоғарғы жəне орта

ағысының алқабын, қазіргі Түркменстан, Солтүстік Ауғанстан,

Өзбекстан мен Тəжікстанның оңтүстік аумағын алып жатты.

Солтүстігінде Согдымен, оңтүстігінде Арахосиямен, батысында

Маргианамен шектесті. I—III ғасырларда Кушан патшалағы кезінде

өз дамуының ең жоғарғы сатысына көтерілген. Біздің заманымыз-дың IV ғасырының ортасында, Канишка патшаның билігі кезінде

құлдырай бастады.

V—VI ғасырларда Бактрияда эфталиттер (Эфталиттер — ақ

ғұндар. V—VI ғасырларда Орта Азияда, Ауғанстанда, Солтүстік —

Батыс Индия мен Шығыс Түркістанның біраз бөлігінде мемлекет

құрған. Эфталиттер бірлестігі индиялық, сасандық, түріктік елдер-дің соққысынан: Индияда — 530 ж., Орта Азия мен Ауғанстанда —

560 ж. құлады.) үстемдік құрды. VIII ғасырдың бірінші жартысында

Тохаристанды (Бактрияның кейінгі аты) арабтар жаулап алды. Кейін

Тахирилер, Саффарилер, Саманилар мен Гурилер билігінде болды.

Согды (Согдиана) мемлекеті Зеравшан мен Кашкадарья өзен-дерінің аралығын алып жатты. Астанасы Самарқанд қаласы бол-ды. Біраз уақыт Кушан патшалығының құрамына кірді. V—VIII

ғасырларда қалалар қатары тез өсті. Екі-үш қабатты үйлер ою-өрнектермен əшекейленді. Қолөнері жете дамыды.

Хорезммемлекеті Амударияның төменгі ағысындағы алқапты

алып жатты. Б.з.б. IV—III ғасырларда экономикалық жəне мəдени

дамуы өте жоғары дəрежеде болған. Жаңа Базар қала, Жанбас

қала, Қой қырылған қалалар салынды. Бируни 305 жылы таққа

Афригтың отырғанын, ол жаңа əулеттің негізін қалағанын, Қият

қаласында (қазіргі Бируни қаласының маңы) цитадель — резиден-ция тұрғызғанын хабарлайды.

IV—V ғасырларда Хорезмде феодалдық қатынастар қалыптаса

бастайды. Хорезмнің экономикасының, мəдениетінің дамуына

көрші көшпелі халық көп ықпал етті.

712 жылы Хорезмді арабтар жаулап алды. Арабтар əскерінің

қолбасшысы Кутейба өкімет билігін жергілікті афригид əулетінің

өкіліне берді. Сөйтіп X ғасырға дейін өкімет басшылары

хорезмдіктерден тағайындалып отырды. Солтүстік Хорезмдегі

астана Өргеніштің маңызы зор болды. Оның басшысы Мамун ибн-Мұхаммед 995 жылы Хорезмді біріктірді.

62 63

Орта Азия халықтары қолдан суарылатын егіншілікпен айналы-сты, каналдар қазылды. Суландыру жүйесін жасау өте көп адамның

бірлескен еңбегін талап етті. Дəнді дақылдан арпа, бидай, тары

егілді; мақта өсірілді. Бау-бақша шаруашылығы кең қанат жайды.

Бау-бақшаларда шабдалы, өрік, бадам, жүзім, алма, алмұрт өсті.

Сонымен қатар, бұл мемлекеттерде мал шаруашылығы да дамыды.

Орта Азия елдерінде жібек өсіру де белгілі болды.

Орта Азияда феодалдық қатынастардың дамуы шамамен VII

ғасырға, көшпелілердің қысымы біршама əлсіреген кезге жатады.

Диқандар өздерінің суармалы жерлерін ұсақ учаскелерге бөліп, жері

аз шаруаларға берді. Оларға қарызға тұқым беріп тұрды. Сол үшін

шаруалар жинаған өнімнің төрттен үшін өз пайдасына алып отырды.

Жер иемденуші диқандардың əскери отрядтары болды. Шонжар

сословиесінің белгісі — алтын қынабы бар қанжар тағылған алтын

белбеу болды.

IV—VII ғасырларда Орта Азияда саяси бытыраңқылық орын

алды. Каспий теңізі мен Сырдария аралығында отызға жуық тəуел-сіз князьдықтар тұрды. Əр аймақтың орталығы қала болды. Қала

шахаристанға (ішкі қала, бекініс) жəне рабадқа (шеткі қала) бөлінді.

Орта Азия шеберлері қытайлықтарға əйнек жасау өнерін үйретті.

VI ғасырдың 80- жылдарында Согдадашаруалардың Абруй

(қазіргі Бұқара облысы) бастаған көтерілісі болды. Наршахидің

(899—959 жылдары Бұқара маңында өмір сүрген Орта Азиялық

тарихшы) мəліметі бойынша Абруй Пайкендті басып алып, мұнда

қатігез билік орнатты. Жеңілген пайкендтік басшылар Жетісуға

қашып барып, түріктер басшысы Қара Чуриннен көмек сұрады.

Түркі əскерлерінің көмегімен көтеріліс 586 (585) жылдары басылған.

Абруй азапталып өлтірілді (оны қызыл басты аралар толтырып

салынған қапқа отырғызған).

651—712 жылдар аралығында Орта Азияны толығымен Арабтар

басып алды. Олардың билігіне қарсы 728 жылы Согдада ірі көтеріліс

басталып, он жылға дейін басылмады.

Деректерде «ақ киімді адамдардың» қозғалысы деп аталатын

үлкен қозғалыс Мавераннахрда (Амудария мен Сырдария ара-сы) 776—783 жылдары болды. Оны Муканна (бетін бүркенішпен

бүркеген) деп аталып кеткен Хашим ибн-Хаким басқарды. Бұл

көтеріліс Бабек көтерілісі сияқты, хурремиттер ұранымен өтті. «Ақ

киімді адамдар» қозғалысының дəстүрі Тəжікстанда XII ғасырға

дейін сақталды.

Орта Азияда араб халифатының құлдырауы нəтижесінде Сама-нилердің тəжік феодалдық əулеті (819—999 жылдары) нығайды.

Орталығы — Бұхара қаласы болды.

Саманилер атын Балхтағы (Солтүстік Ауғанстан) Саман селосы-нан шыққан феодал Саман-худаттан алған. 806—810 жылдардағы

Рафи ибн Ляйс басқарған арабтарға қарсы көтерілісті басудағы көме-гі мен ерлігі үшін Саманның балалары мен немерелері Мауераннахр-дың ең жақсы жерлерін басқаруға алды. 893 жылы Саманилер əскері

Таразды басып алды. «990 жылы Хасен Боғыра хан бастаған қарахан

əскерлері Исфиджапты, 992 жылы саманилердың астанасы Бұхараны

алды. 1005 ж. Мауераннахр біржолата қарахандардың қолына көшті.

Бұрынғы саманилер патшалығына қарасты ел мен жерді қарахандар

мен ғазнауилер бөлісіп алды. Олардың арасындағы бөлістің шекара-сы Амудария болды».

Орта Азияда тұрып жатқан қырғыздардың ата-бабалары IV—V

ғасырларға қарай құл иеленушіліктен феодалдық қоғамға аяқ ба-сты. V ғасырда қазіргі Қырғызстанның солтүстігінде көшпенділер

де отырықшылыққа көше бастады. VI—VII ғасырларда Қырғызстан

аумағы Батыс Түрік қағанатының орталығы болды. Оның астанасы

Суяб Шу алқабында (Тоқмақ қаласының маңы) орналасты.

VI — VIII ғасырларда көшпелі түрік тайпалары орхон-енисей жа-зуын қолданды. Халық шаман, зороастра, будда, христиан діндерін

ұстанды. VIII ғасырдың басында қазіргі Қырғызстан аумағындағы

саяси билік түркештердің қолына көшті. VIII ғасырдың ортасында

Тянь-Шаньға Алтайдан қарлұқ тайпалары қоныс аударды. Олардың

билігі X ғасырдың ортасына дейін сақталды.

Тянь-Шаньдағы қырғыз тайпалары туралы алғашқы деректер

X ғасырға жатады. X ғасырдың ортасынан XII ғасырдың ортасы-на дейін Қырғызстан Қарахандар мемлекетінің орталық үлесі бол-ды. Шу алқабында мемлекеттің астанасы Баласағүн қаласы (қазіргі

Боран елді мекені) орналасты. XI ғасырдың ортасынан Қырғызстанда

шартты жер иелігі — ихта өмірге келді.

Мəдениеті. Ерте орта ғасырларда Орта Азия мен Закавказье

халықтарының жоғарғы дəрежедегі мəдениеті қалыптасты. IV—V

ғасырларда олардың əрқайсысының дербес жазулары қалыптасты,

өз оқымысты жазушылары шықты. 396 жылы (405 жыл деп те ай-тылады) Месроп Маштоц армян алфавитін жасады. VII ғасырда

Анания Ширакаци «Сұрақтар мен жауаптар» деген есеп кітабын

жазды. Ғұмырнамалық, тарихи, діни əдебиет өркендеді. IX ғасыр-да жазылған Г. Нарекацидің «Қайғылы жырлар кітабы» деген

лирикалық-философиялық поэмасының арқауына армян қайта

өрлеу идеясы алынды.

Армян халқының шет елдіктер үстемдігіне қарсы ерлік күресін

жырлайтын көрнекті əдеби ескерткіштің бірі «Давид Сасунский»

64 65

дастаны. Ол 851 жылғы армяндардың арабтарға қарсы көтерілісін

баяндайды. Дастан шамамен 939 жылы жазылған. Армян ақыны

Мовес Хоренаци (шамамен 410—483) «Армян тарихы» деген еңбек

жазган. Онда армяндардың арғы атасы Айктен бастап, Аршакилердің

құлдырауына дейінгі тарихты қамтыған.

Əзербайжандағы алғашқы мектептер туралы мəліметтер V-

ғасырға жатады. VII ғасырда мешіттерде мектептер ашыла бастады.

Əзербайжанның батырлық дастандарының ішіндегі ең көрнектісі

— «Көроғылы». Бұл дастан Таяу Шығыс, Орта Азия елдерінде кең

тараған.

Ерте орта ғасырлардағы грузин мəдениеті шығыс халықтары

мен грек-рим мəдениеттерімен араласу нəтижесінде қалыптасты.

Грузияда IV ғасырдың бірінші жартысында жоғарғы шешендік

мектебі — Колхида академиясы құрылды. V ғасырда шіркеулер

жанынан алғашқы мектептер ашыла бастады. Х—ХІ ғасырларда

алғашқы жоғары оқу орындары — Галат, Икалтой академиялары

дүниеге келді. V—XI ғасырларда шіркеулік діни əдебиет дамыды.

Орта Азияда хорезм, согды, руни алфавиттері болды. VII ғасырдың

аяғына қарай араб алфавиті үстемдік құра бастады. Жергілікті

ақын-жазушылардың, тарихшылардың, т.б. оқымыстылардың шы-ғармалары араб тілінде жазылды. Əбу-бакр Наршахи (899—959)

«Бұхараның тарихын» жазды. Оны 1128 жылы əл-Кубави тəжік

тіліне аударды.

Орта Азиядағы саманилер билігі кезінде тəжік-парсы классика-лық поэзиясының негізін қалаушы Рудаки Абу Абдаллах Жапар

(860—941) өзінің əлемге əйгілі касыдалары мен рубайларын жазды.

Ұлы тəжік-парсы ақындарының бірі ФирдоусиƏбілқасым /932 (935,

940) — 1020 (1030)/ Дакики деген ақын бастап жазған «Шахнамэ»

поэмасын аяғына жеткізді. Ол поэма тəжік, парсы халықтарының

ұлттық дастаны, əлемдік маңызы бар əдеби ескерткіш. X ғасырда

аты-жөні көрсетілмеген тəжік географы «Худуд аль-əлем» («Əлемнің

шекаралары») деген еңбек жазып қалдырған. IX ғасырда матема-тика мен астрономия саласындағы еңбектерімен түркі халқының

көрнекті ғұламасы Ахмед əл-Фергани белгілі болды. Математик

Мұхаммед ибн Мұса əл-Хорезми /IX/ логарифмдерді жасады.

Əбу Насыр əл-Фараби /X ғасыр/ Шығыстың ең ірі философтары-ның бірі болды. Данышпан ойшыл, əрі ғалым Əли ибн-Синаның /

Авиценнаның/ (988—1037) қызметінің зор маңызы болды. Ол ме-дицина, филисофия, физика жəне т.б. ғылымдар саласында жүзге

жуық кітаптар жазды. Əсіресе оның «Емдеу ғылымының каноны»

жəне «Емдеп жазу кітабы» деген еңбектері айрықша белгілі. Ол

«шейх-ур-райс», яғни «Медицина падишасы» деген зор құрметке ие

болған. Хорезмнен шыққан ұлы ғалым Əбу-Райхан əл-Бируни (973-1048) жаратылыстанумен, астрономиямен, математикамен, геогра-фиямен, тарихпен шұғылданды.

Ə д е б и е т т е р:

1. Ирмияева Т. Ю. История мусульманского мира.— Пермь, 2000.

188 б.

2. Қазақтың көне тарихы.— Алматы, 1993.— 144—145 бб.

3. СССР тарихы. I том.— Алматы, 1970.— 83—89 беттер.

4. Всемирная история. Т III.— М., 1957.— 126—139 бб.

5. Гафуров Б. Г. Таджики. Древнейшая, древняя и средневековая

история.— Душанбе, Ирфон, 1989.

6. История Востока. Т. 2: Восток в средние века.— М.; Восточная

литература РАН, 1995.— 34—41; 60—66 бб.

7. Васильев Л. С. История Востока: В II-х т. Т. I.— М.: Высшая

школа, 1998.— 259 б.

8. История Узбекской ССР. В 4-х т. Т. I.— Ташкент, 1967.— 165—

174 бб.

9. Очерки истории Грузии. В 8 т. Т. II.— Тбилиси, 1988.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]