- •Мысалы: aorta (аорта)-қолқа, сosta(коста)-қабырға,
- •Тақырып: Екпiн. Созылыңқы буын, қысқа буын. Екпiн қою ережесiн бiлу.
- •Тақырып: Сын есiмнiң күшейтпелi шырайы.
- •Тақырып: 3-септеудегi зат есiмдер туралы жалпы түсiнiк.
- •Тақырып: 3-септеу зат есiм. (Femininum.)
- •Тақырып: Зат есiмнiң 1-5 септеулерi және сын есiмнiң Nominativus Pluralis-сы
- •§1 Зат есiмнiң Nominativus Pluralis-тық алгоритм құрылысы
- •Тақырып: Зат есiмнiң 1-5-септелуi
- •§1 Зат және сын есiмдердiң Genetivus Pluralis-тық алгоритм құрылысы.
- •Тақырып: Бақылауға дайындық. Өздiк жұмысы.
Тақырып: Екпiн. Созылыңқы буын, қысқа буын. Екпiн қою ережесiн бiлу.
Латын тiлiнде екпiн сөздiң буындағы дауысты дыбыстың орны бойынша қойылады. Екпiн бiрiншi буынға түспейдi, ол не екiншi, не үшiншi буынға түседi. Буын ретi соңғы буыннан басталады.
3 2 1
Мысалы: la-mi-na - жұқа табақша.
Екi буынды сөзде екпiн екiншi буынға түседi. Ал көп буынды сөзде ол екiншi буынға түседi, егерде ол созылыңқы буын болса. Ал, қысқа буын болса, екпiн үшiншi буынға түседi.
Дауысты дыбыстар созылыңқы және қысқа буын болып бөлiнедi. Сөздiкте созылыңқы дауысты дыбыстың үстiнде сызықша, қысқа дауысты дыбыстың үстiнде доға белгiсi қойылады.
Мысалы: а; е; i; -созылыңқы буынның белгiсi
а; е; i;- қысқа буынның белгiсi
I. 2-шi буындағы дауысты дыбыс созылыңқы, егер:
сол буында дифтонг болса
мысалы: di-ae-ta (диета)
сол буындағы дауысты дыбыс екi немесе бiрнеше дауыссыз дыбыстардың алдында тұрса
мысалы: li-ga-men-tum (сiңiр)
“x”,”z”әрiптерiнiң алдында тұрса
мысалы: reflexus (рефлекс)
4) -al,-ar,-at,-os,-in,-ic сын есiмдердiң жұрнақтары. Олар әрқашанда созылыңқы.
мысалы: pelvinus palatinus
spinosus cubicus
articularis costalis
II. 2-шi буындағы дауысты дыбыс қысқа,егерде:
1) сол буындағы дауысты дыбыстың алдында тұрса
мысалы: regio (аймақ)
2) “h” әрпiнiң алдында тұрса
мысалы: contraho
3) келесi әрiп тiркестерiнiң алдында тұрса:
b; p; t; d; c; g + l; r
мысалы: vertebra (омыртқа)
-ol,-ul зат есiмнiң жұрнақтары. Олар әрқашанда қысқа.
Мысалы: alveolus, lobulus
Жаттығулар.
1-жаттығу. 2-шi буынның созылынқы мен қысқалығын анықтап, сөздердi дұрыс екпiнмен оқыңыз.
medulla ossium, membrum inferius, epigastrium, substantia compacta, ligamentum, processus transversus, corpus maxillae, ductus choledochus,palpebra superior, periosteum, arcus vertebrae.
2-жаттығу. Дауысты дыбысты анықтап, дұрыс екпiндi қойыңыз.
angulus mastoideus, fovea trochlearis, concha nasalis superior, lineae transversae, cranium viscerale, nucleus pulposus, ligamentum longitudinale anterius, septum nasi osseum, ramus hyoideus, nervus laryngeus inferior, os scaphoideum, fissura transversa cerebri, pediculi arcus vertebrae, diploл, foramina nutricia.
3-жаттығу. Дауысты дыбысты анықтап, екпiндi дұрыс
қойыңыз.
Unguentum, lacteus, diaeta, rabies, maxilla, mesenterium,
hyoideus, belladonna, ensiformis, coccygeus, venula, peritoneum, emplastrum, trochlea, fractura, malignus, scaphoideus, affluxus, incisura.
Афоризмдер.
-О! tempora, o mores! – Уа, уақыттар, уа, салттар!
-Bene diagnoscitur-bene curatur! – Жақсы анықталған ауру жақсы емделедi!
-Festina lente! – Ақырын асық! (диагноз туралы)
-Medice, cura te ipsum! – Дәрiгер, өзiңдi емдеп ал!
-Etc=et cetera – Және басқалар.
Тақырып: Анатомиялық атаулардың құрылысы.
Зат есiм. Оның негiзгi грамматикалық категориялары. Сөздiк формасы.
Анатомиялық атаулардың құрылысы.
Атаулардың
түрлері
Бір
сөзден тұратын атаулар
Сөз
тіркестерінің құрамдық атаулары
Екі
сөзден тұратын
Көп
сөзден тұратын
Зат есімнің атау
септігінде жекеше немесе көпше түрінде. Мысалы:
os-сүйек;
ossa-
сүйектер
Зат
есім атау септігінде + байлаңысты
анықтауыш (сын есім): vertebra
thoracica -кеуде
омыртқасы
Зат
есімнің атау септігі+ байланыссыз
анықтауыш (зат есім ілік септігінде):
caput
costae -қабырға
басы
fovea
articularis
– жоғарғы буын шұңқыры
Анатомиялық атаулардың құрамы әр түрлi болады. Ол бiр, екi немесе бiрнеше сөзден тұрады.
Бiр сөзден тұратын атау. Мысалы: vertebra-омыртқа, sternum-төс, thorax-кеуде қуысы, radius-кәрi жiлiк т.б.
Екi сөзден тұратын атау. Мысалы: vertebra cervicalis - мойын омыртқасы.
Көп сөзден тұратын атаулар. Мысалы: processus articularis superior - жоғарғы буын өсiндiсi.
NB!
1. Анатомиялық атауларда бiрiншi орында негiзгi зат есiм тұрады, одан кейiн бiр немесе бiрнеше анықтауыш сөздер орналасады.
2. Мөлшерiне, көлемiне, түрiне және орналасуына анықтама беретiн анықтауыштар анатомиялық атаулардың құрамында ең соңында тұрады. Олар:
Superior - inferior (үстiңгi-астыңғы)
Anterior - posterior (алдыңғы-артқы)
Maior - minor (үлкен-кiшi)
Dexter - sinister (оң-сол)
rotundus (домалақ)
Мысалы: canalis palatinus major - үлкен таңдай өзегi.
Зат есiм (nomen substantivum).
Латын тiлiнде зат есiмде 3 тегi бар:
genus masculinum (m)
genus femininum (f)
genus neutrum (n)
Oлардың жалғаулары.
substantivum
masculinum
femininum
neutrum
-a;
-es;
-u;
-um; -on;
-us;
-er;
Зат есiмнiң 2 түрi бар:
1.numerus singularis (sing) - жекеше түр
2.numerus pluralis (plur) - көпше түр
Зат есiмде 6 септiк бар.
Nominativus (nom) - атау септiк (не?)
Genetivus (gen) - iлiк септiк (ненiң?)
Dativus (dat) - барыс септiк (неге?)
Accusativus (acc) - табыс септiк (неде?)
Ablativus (abl) - шығыс септiк (неден?)
Vocativus (voc) - көмектес септiк (немен?)
Сөздiк түлғасы.
Сөздiкте зат есiм 3 формада берiледi.
Атау септiк, жекеше түрi (Nom.Sing)
Iлiк септiк, жалғауы (Gen.Sing)
Тек белгiсi (m,f,n)
Мысалы:
Nominativus Gen.Sing Тек Мағынасы
l
amina
- ae
f
жұқа табақша
sulcus - i m жүлге,сай
s
ternum
- i
n
төс
Зат есiмнiң жiктелуi.
Iлiк септiгiнiң (Gen.Sing) жалғауы бойынша зат есiмдер 5 жіктеуге бөлiнедi:
Gen.Sing жалғаулары Жіктік
-ae
1
-i 2
-is 3
-us 4
-ei 5
Мысалы: vertebra, ae f – 1 (омыртқа),
humerus, i m – 2 (иық сүйегi)
ligamentum, i n – 2 (байлам)
canalis, is m – 3 (өзек)
pars,partis f – 3 (бөлiк)
foramen, inis n – 3 (тесiк)
arcus, us m – 4 (доға)
cornu, us n – 4 (мүйiз)
facies, ei f – 5 (бет)
З ат есiмнiң түбiрi.
Түбiр – сөздiң негiзгi түпкi мағынасы. Латын тiлiнде зат есiмнiң түбiрi iлiк септiгi формасы бойынша анықталады.
М
ысалы:
costa,
ae f,-
costae
foramen,
inis n, -
foraminis
Жаттығулар.
1-жаттығу. Келесi сөздердiң жіктеуiн және түбiрiн анықтаңыз:
Scapula,ae f; scabies,ei f; corpus,corporis n; genu,us n; collum,i n; musculus,i m; vertebra,ae f; arcus,us m; tympanum,i n; olecranon,i n; rabies,ei f; pulmo,onis m; sulcus,i m; cochlea,ae f; cor,cordis n; canaliculus, i m; canalis, is m; cornu,us n; manubrium, i n; zygoma,atis n; corpus,oris n; mandibula,ae f; amnion,i n; ala,ae f.
2-жаттығу. Келесi сөздердiң (Gen.Sing) жалғауын берiңiз:
Nominativus
Genetivus Жіктік
sulcus sulc- 2
spina spin- 1
facies faci- 5
corpus corpor- 3
collum
coll-
2
genu gen- 4
clavicula clavicul- 1
musculus muscul- 2
pulmo pulmon- 3
meatus meat- 4
fossa foss- 1
radix radic- 3
3-жаттығу Зат есiмнiң түбiрiн анықтаңыз:
Оleum,i n; sinus, us m; costa, ae f; scabies, ei f; cornu, us n;
cerebrum,i n; foramen,inis n; dens,tis m; crista,ae f; septum,i n; pectus,oris n; articulatio,onis f; tempus,oris n, sternum, i n; os, ossis n.
4-жаттығу Сөздiк формасын толтырыңыз:
A. concha…; dorsum…; recessus,us…; digitus,i…; encephalon…; fossa…; ramus,i…; brachium…; squama…; nervus,i…; ala…; cerebrum…; facies…; maxilla…; processus,us…; ganglion,i…; humerus,i…; acromion…; clavicula…; arcus,us…; oculus,i…; scapula…; tuberculum…; genu…; lamina…; aquaductus,us…;
C. cementum…; enamelum…; lingula…; dentinum…; bucca…; gallus,i…; glandula…; frenulum…; labyrinthus,i…; papilla…; malleolus… .
5-жаттығу Сөздiк формасын берiп, келесi атауларды аударыңыз: А. fossa cranii, incisura scapulae, cavum nasi, cavum abdominis, caput mandibulae, septum nasi, angulus sterni, skeleton membri.
C. sulcus papillae, crista galli, corpus linguae, dorsum nasi, frenulum labii, septum nasi, fibra cementi.
6-жаттығу. Сөздiк формасын берiп, келесi сөздердi аударыңыз.
А. Омыртқаның доғасы, қабырғаның басы, жауырынның мойыны, төменгi жақтың ойығы, мойынның бұлшық етi, жоғарғы жақтың төмпегi, бас сүйектің тігiсi.
С. Цементтің талшығы, таңдайдың бұлшық етi, бездің денесi, тiлдің пердесi, ерiннің үзбесi.
Мақал-мәтелдер және афоризмдер
-Habitus aegroti - науқастың жалпы жағдайы
-Horrible dictu - айту қиын
-In statu quo ante - болған қалпында
-Lapsus calami - қалам қателiгi
-Lapsus linguae - тiл қателiгi (байқамай сөйлеу)
Лексикалық минимум.
Зат есiмдер.
1 жіктік
A. ala, ae f - қанат
arteria, ae f - сала тамыр
concha, ae f - кеуiлжiр
costa, ae f - қабырға
crista, ae f - қырқа
lamina, ae f - жұқа табақша
lingua, ae f - тiл
mandibula, ae f – астынғы жақ
maxilla, ae f - үстінгі жақ
orbita, ae f - көз шарасы
scapula, ae f - жауырын
vertebra, ae f - омыртқа
sutura, ae f – тiгiс, жік
valvula, ae f - қатпар
C. bucca, ae f - ұрт
gingiva, ae f - қызыл иек
lingula, ae f - тiлше
papilla, ae f - емiздiк
protuberantia, e f - дөң
pulpa, ae f - ұлпа
2- жіктік
A. angulus,i m - бұрыш
brachium,i m – иық
cavum,i n - қуыс
cranium,i n - бас қаңқасы
digitus,i m – саусақ
humerus,i m - иық сүйегі, тоқпақ жiлiк
incisura, ae f - тілік, ойық
ligamentum, i n – байлам
manubrium,i n - тұтқа
musculus,i m - бұлшықет
septum,i n - перде
sulcus,i m - жүлге
sternum,i n - төс
radius,i m – кәріжілік, шыбық сүйегі
C. alveolus,i m - альвеола
frenulum,i n – үзбе, жүгеншік
jugum,in - төмпешiк
labium,i n - ерiн
3- жіктік
corpus,oris n - дене
foramen,inis n - тесiк
os,ossis n - сүйек
crus,cruris n - сирақ
4- жіктік
arcus,us m - доға
cornu,us n - мүйiз
ductus,us m - түтік
meatus,us m – тесiк
plexus, us m - өрім
processus,us m - өсiндi
sinus,us m - қойнау
textus,us m - ұлпа
genu,us n - тiзе
5 жіктік
facies,ei f – бет
Тақырып: Сын есiм. Сын есiмнiң грамматикалық категориялары. Сын есiмнiң екi тобы. Сөздiк формасы. Зат есiммен байланысуы.
Сын есiм. Грамматикалық категориялары. Сөздiк формасы.
Латын тiлiнде сын есiм зат есiмдi анықтайды. Медициналық атауларда ол зат есiмнен кейiн тұрады. Мысалы:
os longum-ұзын сүйек, vertebra cervicalis - мойын омыртқасы.
Сын есiмде зат есiмдегi сияқты 4 грамматикалық категориялары бар: тек категориясы
түр категориясы
септiк категориясы
жiктiк категориясы
Латын тiлiнде сын есiмдер 2 топқа бөлiнедi.
1
топтың жалғаулары: 2 топтың
жалғаулары:
Nom.Sing. m -us,-er Nom.Sing. m -is
f -a f -is
n -um n -e
“-er’’-мен аяқталатын сын есiмдер Nom.Sing. mаsculinum-де “e” әрпiн сақтайды, ал femininum және neutrum-де ол түсiп қалады.
Мысалы: m f n
latus lata latum
dexter dextra dextrum
frontalis frontalis frontale
Сөздiк формасы. Сөздiкте сын есiмдер 3 формада берiледi.
Nom.Sing. masculinum формасында толық жазылады
femininum жалғауы
neutrum жалғауы
Мысалы: latus,a,um
dexter,tra,trum
frontalis,e
Сын есiмнiң септелуi.
Бiрiншi топтың сын есiмдерi зат есiмнiң 1 және 2- септеулерi сияқты септеледi (masculinum және neutrum 2- септеуi сияқты, ал femininum 1-септеуi сияқты).
Мысалы: m f n m f n
Nom.Sing. longus longa longum dexter dextra dextrum
Nom.Sing. longi longae longi dextri dextrae dextri
Екiншi топтың сын есiмдерi зат есiмнiң 3 септеуi сияқты септеледi. (- is жалғауы)
m,f n
Nom.Sing. frontalis frontale
frontalis frontalis
Сын есiмнiң зат есiммен байланысуы.
Анатомиялық атауларда сын есiм зат есiмдi анықтайды.
Егер анықтауыш зат есiммен бiрдей тек, түр, септiк категориясында тұрса, ол қиылысқан (бағынған) анық-тауыш деп аталады.
musculus transversus - Nom.Sing. m
vertebra thoracica - Nom.Sing. f
ligamentum cervicale - Nom.Sing. n
Анатомиялық терминдердiң жасалу тәртiбi.
Зат есiмнiң сөздiк формасы, тегi, түрi, септiгi анықталады.
Сын есiмнiң сөздiк формасы, тегi, түрi, септiгi анықталады.
Зат есiм бойынша сын есiм бiр септiкте, түрде, текте қойылады.
2 1
1) кеуде омыртқасы
1) омыртқа - зат есiм
2) кеуде - сын есiм
1 vertebra,ae f
2 thoracicus,a,um
vertebra thoracica (Nom.Sing f)
2 1
2) самай бұлшық етi
1) бұлшық ет - зат есiм
2) самай - сын есiм
1 musculus,i m
2 temporalis,e
musculus temporalis (Nom.Sing. m)
2 1
3) тас тәрiздi сүйек
1) сүйек - зат есiм
2) тас тәрiздi - сын есiм
1 os,ossis n
2 petrosus,a,um
os petrosum (Nom.Sing. n)
Жаттығулар.
1-жаттығу. Сын есiмнiң тобын анықтап, сөздiк формасын берiңiз:
transversus, costalis, zygomaticus, profundus, medialis, verus, verticalis, medius, pulmonalis, dexter, liber, asper, distalis.
2-жаттығу. Сын есiмге neutrum тегiн берiп, аударыңыз:
pelvinus, cerebralis, articularis, palatinus, ventralis, internus, proximalis, longus, lateralis, sinister, osseus, medianus, dexter.
3-жаттығу. Сын есiмге femininum тегiн берiп, аударыңыз:
medianus, spongiosus, transversus, rectus, internus, externus, cervicalis, dorsalis, intermedius
4-жаттығу. Анатомиялық атауларға грамматикалық талдау жасап, аударыңыз.
columna vertebralis, dorsum palatinum, vena cava, cornu sacrale, substantia spongiosa, os nasale, processus palatinus, fossa articularis, foramen sacrale pelvinum, os temporale, sutura profunda, facies articularis.
5-жаттығу. Келесi сын есiмдердi Gen.Sing.-те берiңiз:
spinosus, a, um; ethmoidalis, e; transversus, a, um; osseus, a, um; costarius, a, um; costalis, e; lateralis, e.
6-жаттығу. Анатомиялық атауларға грамматикалық талдау жасап, аударыңыз.
arteria temporalis media, sulcus arteriae temporalis mediae, pars petrosa, facies partis petrosae, crista occipitalis externa, lamina medialis processus pterygoidei.
7-жаттығу. Сын есiммен зат есiмдi байланыстырыңыз.
көлденең (жүлге, сызық, байлам); омыртқа (өзегi, тілігі, тесiгi); таңдай (өсiндiсi, сүйегi, жүлгесі); буын (өсiндiсi, бетi, төмпешігi).
8-жаттығу. Сөздiк формасын берiп, латын тiлiне аударыңыз.
iшкi капсула, бетсүйек доғасы, қырлы тесiк, орталық самай артериясы, самай сүйегі.
9-жаттығу. Келесi сөздердiң сөздiк формасын берiп, терминдердi латын тiлiне аударыңыз.
жоғарғы жақтың таңдай өсiндiсi, омыртқаның буынды өсiндiсi, мұрынның сүйектi пердесi, шүйде артериясының жүлгесi, мойынның терең лимфа түйiнi.
Үй жұмысы.
1-жаттығу. Келесi терминдерге ауызша грамматикалық талдау жасап, аударыңыз.
arteria sacralis mediana, substantia alba medullae spinalis, processus medialis tuberis calcanei, processus palatinus maxillae.
2-жаттығу. Сөздiк формасын берiп, латын тiлiне аударыңыз.
қырлы өсiндiсі, мұрынның кiлегейлi қабығы, омыртқа доғасының табақшасы, тандай сүйегінің перпендикулярды табақшасының көз өсіндісі
Лексикалық минимумы.
Зат есiмдер.
1- жіктік
clavicula,ae f - бұғана
squama,ae f - қабыршақ
fibula,ae f - кәрi жiлiк шыбығы, кіші жіліншілік
tibia,ae f - кәрi жiлiк, үлкен жіліншілік
tonsilla,ae f - бадамша без
ulna,ae f - шынтақ
2- жіктік
gyrus, i m - қатпар
nasus,i m - мұрын
palatum,i n - таңдай
vestibulum,i n - босаға
3- жіктік
caput,itis n - бас
os,oris n - ауыз
Сын есiмдер
1-топ
aegrotus, a, um
dexter,tra,trum – оң
sinister,tra,trum - сол
incisivus, a, um
ischiadicus,a, um
obliquus,a.um - қиғаш,қисық
osseus,a,um - сүйектiк
palatinus,a,um - таңдай
pterygoideus,a,um - қанат тәрiздi
rectus,a,um - тiк
thoracicus,a,um - кеуде
transversus,a,um - көлденең
zygomaticus,a,um - шықшыт
albus,a,um - ақ
niger,gra,grum - қара
sacer,cra,crum - сегiзкөздiк
durus,a,um - қатты
2-топ
alaris,e - қанатты
cerebralis,e - ми
cervicalis,e - мойын
ethmoidalis,e - тор сүйектiк
frontalis,e - маңдай
mandibularis,e - төменгi жақтық
maxillaris,e - жоғарғы жақтық
nasalis,e - мұрын
occipitalis,e - шүйде
orbitalis,e - көз
sphenoidalis,e - сына тәрiздi сүйек
temporalis,e - самай
vertebralis,e - омыртқа
jugularis,e - мойын
sacralis,e - сегiзкө
Тақырып: Сын есiмнiң шырайлары. Салыстырмалы шырай. Сөздiк формасы.
Қазақ тiлiндегi сияқты латын тiлiнде де сын есiмде келесi шырайлар бар: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелi шырай.
Тек сапалы сын есiмдерге шырайлар тән. Мысалы: кiшкене, терең, ақ, домалақ және т.б.
Салыстырмалы шырай. Заттың бiртектес сапасы мен белгiсiнiң арасындағы сәл кем немесе артықты- ғын бiлдiретiн шырайды салыстырмалы шырай деп атайды.
Салыстырмалы шырайдың көрсеткiшi -ior, -ius жұрнақтары.
Салыстырмалы шырайдың құрылуы.
Жай шырайдағы сын есiмдердiң түбiрiне, егер ол masculinum және femininum болса, -ior жұрнағы, ал neutrum болса, -ius жұрнағы жалғанады. Мысалы:
жай
шырай түбiр
салыстырмалы шырай
latus,a,um
lat-
latior(m,f)
кеңiрек
latius(n)
dexter,tra,trum dextr- dextrior(m,f) оңырақ
dextrius(n)
brevis,e brev- brevior(m,f) қысқарақ
brevius(n)
Сөздiк формасы.
Салыстырмалы шырайдағы сын есiмдердiң сөздiк формасы 2 құрам бөлiктен тұрады.
Мысалы: latior (m,f), ius (n)
dextrior (m,f), ius (n)
brevior (m,f), ius (n)
“Үлкен”, “кiшi”, “жоғары”, “төмен”, алға”, “артқа”
сын есiмдерiнiң салыстырмалы шырайы.
Медициналық атауларда жоғарыда аталған сын есiмдер өте жиi пайдаланылады. Осы сын есiмдердiң өзгешелiктерi бар.
1.“Үлкен”, “кiшкене” сын есiмдерi жай және салыстырмалы шырайда әртүрлi формада қолданылады.
Жай
шырай
Салыстырмалы
шырай
magnus,a,um-үлкен major
parvus,a,um-кiшкене minor
a) қос анатомиялық атауларда magnus,a,um; parvus,a,um сын есiмдерi салыстырмалы шырайда пайдаланады да, қазақ тiлiне жай шырайда аударылады. Мысалы:
ala major-үлкен қанат, ala minor-кiшкене қанат, trochanter major-үлкен ұршық, trochanter minor-кiшкене ұршық.
в) Жекеше атауларда жай шырайдағы формасын қолданады. Мысалы:
linea parva-кiшкене сызық.
2.“Алға”, “артқа”, “жоғары”, “төмен” сын есiмдерi латын тiлiнде салыстырмалы шырайда ғана пайдала-нылады. Мысалы: superior (m,f), ius (n) - жоғары; inferior (m,f), ius (n) - төмен; anterior, ius - алға; posterior, ius - артқа
Cалыстырмалы шырайдағы сын есiмдердiң
зат есiммен байланысуы.
Салыстырмалы шырайдағы сын есiмдер зат есiммен текте, түрде, септiкте байланысады. Мысалы: anterior (m,f), ius (n)
arcus,us m arcus anterior - алдыңғы доға
fossa,ae f fossa anterior - алдыңғы шұң-
қыр
tuberculum,i n tuberculum anterius - а л д ы ң ғ ы
төмпек
Салыстырмалы шырайдағы сын
есiмдердiң септелуi.
Сын есiмдер салыстырмалы шырайда iлiк септiгiнде
3-топтағы зат есiм сияқты септеледi.
m,f n
Nom.Sing. -ior; -ius
Gen.Sing. -ioris; -ioris
Mысалы:
Nominativus singularis Genetivus singularis
major(m)
major(f) majoris
majus(n)
posterior(m)
posterior(f) posterioris
posterius(n)
Nota bene! Салыстырмалы шырайдағы сын есiмдердiң түбiрi iлiк септiгiнiң формасы бойынша анықталады. Мысалы:
Nom.Sing. major (m,f) majus (n)
Gen.Sing. majoris (m,f) majoris (n)
Түбiрi:
major- major-
Жаттығулар.
1-жаттығу. Салыстырмалы шырайда тұрған сын есiмдердiң сөздiк формасын аяқтаңыз.
major, superior, anterior, posterior, minor, inferior.
2-жаттығу. Сын есiмдердi зат есiмдермен байланыстырыңыз.
жоғарғы (өскiн, ойық, өзек), артқы (доға, бет, байлам), алдыңғы (төмпек, сай, айдар, байлам, өзек).
3-жаттығу. Барлық 3-тектегi сын есiмдердi салыстырмалы шырайда Gen.Sing-ке келтiрiп, түбiрiн анықтаңыз.
major,ius; inferior,ius; posterior,ius; superior,ius; minor,ius.
4-жаттығу. Сөздiк формасын берiп, терминдердi Nom. et Gen.Sing-те аударыңыз.
төменгi мұрын кеуiлжiрi, кiшi тасты жүйке, төменгi қалқан тәрiздi томпақ, үлкен бронх, үлкен және кiшi мүйiз.
5-жаттығу. Сөздiк формасын берiп, латын тiлiне аударыңыз.
жоғарғы буынды өciндi, үлкен ортан жiлiк бұлшықетiнiң артқы сiңiрi, тобық сүйектiң артқы өскiнiнiң ортанғы төмпегi
Үй жұмысы.
1-жаттығу. Терминдердi Nom. et Sing. жазыңыз
жоғарғы мойын ганглиясы, таңдайдың үлкен сайы, үлкен тасты жүйке, артқы торлы өзек, алдыңғы медиальдi бет.
2-жаттығу. Сөздiк формасын берiп, терминдердi аударыңыз.
балтыр сүйегi басының алдыңғы байламы, өкше сүйегiнiң алдыңғы буынды бетi, үлкен тасты синустың сайы, үлкен қанаттың самай бетi, төменгi мұрын кеуiлжiрiнiң өскiнi.
Лексикалық минимум.
Зат есiм.
1-септеу. А. bursa,ae f - қалта
pleura,ae f - плевра
valvula,ae f - жапқыш
vena portae - қақпа венасы
2-септеу.
А. cerebellum,i n - мишық
cerebrum,i n - үлкен ми сыңары
nervus,i m - жүйке
nodus,i m - түйiн
encephalon,i n - ми
ganglion,i n - жүйке түйiнi
oculus,i m - көз
ostium,i n - кiре берiс
Сын есiм.
1-топ.
А. cavus,a,um - қуыстық
laryngeus,a,um - көмейлiк
magnus,a,um - үлкен
parvus,a,um - кiшi
pharyngeus,a,um - жұтқыншақтық
profundus,a,um - терең
Б. cutaneus,a,um - терiлiк
ischiadicus,a,um - шонданайлық
latus,a,um - жалпақ
longus,a,um - ұзын
mastoideus,a,um - емiздiк тәрiздi
squamosus,a,um - қабыршақты
trapezoideus,a,um - трапеция тәрiздi
2-топ.
А. auricularis,e - құлақты
dorsalis,e - арқалық
facialis,e - беттiк
muscularis,e - бұлшықеттiк
parietalis,e - төбелiк
ventralis,e - алдыңғы
C. lacrimalis,e - көз жастық
lingualis,e - тiлдiк
Салыстырмалы шырайлық сын есiмдер
А. anterior,ius - алдыңғы
inferior,ius - төменгi
major,ius - үлкен
minor,ius - кiшi
posterior,ius - артқы
superior,ius - үстiңгi
Афоризмдер және атаулар.
1. Status idem - Бұрынғы қалып.
2. Tabula rasa! - Сүртiлген немесе таза тақта!
3. Si vis amari, ama! - Егер сүйiктi болғың келсе, сен оны сүй!
4. Terra incognita.-Белгiсiз, тексерiлмеген жер.
