- •Мысалы: aorta (аорта)-қолқа, сosta(коста)-қабырға,
- •Тақырып: Екпiн. Созылыңқы буын, қысқа буын. Екпiн қою ережесiн бiлу.
- •Тақырып: Сын есiмнiң күшейтпелi шырайы.
- •Тақырып: 3-септеудегi зат есiмдер туралы жалпы түсiнiк.
- •Тақырып: 3-септеу зат есiм. (Femininum.)
- •Тақырып: Зат есiмнiң 1-5 септеулерi және сын есiмнiң Nominativus Pluralis-сы
- •§1 Зат есiмнiң Nominativus Pluralis-тық алгоритм құрылысы
- •Тақырып: Зат есiмнiң 1-5-септелуi
- •§1 Зат және сын есiмдердiң Genetivus Pluralis-тық алгоритм құрылысы.
- •Тақырып: Бақылауға дайындық. Өздiк жұмысы.
Тақырып: 3-септеудегi зат есiмдер туралы жалпы түсiнiк.
3-септеу (masculinum).
Зат есiмнiң грамматикалық тегi туралы жалпы мәлiметтер.
Зат есiмнiң 1-шi және 5-септеуге femininum кiредi
1-септ.
(a)
f
5-септ. (es)
Зат есiмнiң 2-шi және 4-шi септеуiне masculinum және neutrum кiредi
2-сеп.
um
us
m
2-сеп.
4-сеп.
on
n
u
4-сеп.
3-септеу зат есiмдерi туралы
жалпы түсiнiк.
1. Бұл септеуге үш род бойынша зат есiмдер жатады (m,f.n). Олар iлiк септiгiнде (Gen.Sing) “-is” жалғауын жалғайды.
2. Атау септiгiнде (Nom.Sing.) оларда әр түрлi жалғаулар болады. Мысалы: radix, pulmo, pars, crus, animal және т.б.
3. Бұл зат есiмдердiң түбiрлерi атау және iлiк септiктерiнде әр түрлi. Мысалы:
Nom. cortex radix pes
Gen. corticis radicis pedis
4. Бұл септеудегi зат есiмдердiң түбiрi iлiк септiгi (Gen.Sing) бойынша анықталады, ол үшiн -is жалғауын алып тастайды.
Мысалы:
pars,partis f - түбiрi part-
os,ossis n - түбiрi oss-
pulmo,onis m - түбiрi pulmon-
5. 3-септеудегi зат есiмдердi бiрдей және әр түрлi буынға бөледi:
а) Егер атау және iлiк септiгiнде буын саны бiрдей болса, олар онда бiрдей буынды зат есiмдер
ә) Егер атау және iлiк септiгiнде буын саны әр түрлi болса, ол онда әр түрлi буынды зат есiмдер
Мысалы:
Бiрдей буынды Әр түрлi буынды
зат есiм зат есiм
Nom.Sing. Gen.Sing. Nom.Sing. Gen.Sing
rete retis apex apicis
canalis canalis dens dentis
pubes pubis pars partis
Буын саны бойынша зат есiмнiң тегi анықталады. Бiрдей буынды зат есiмдер әрқашан да femininum, ал әр түрлi буынды зат есiмдер не masculinum, не neutrum болады.
3-септеудегi зат есiмнiң masculinum-дағы
жалғаулары
Бұл текке Nom.Sing. келесi жалғаулары бар зат есiмдер жатады: -o; -os; -or; -er; -ex; -es.
r r
-o
-o
e
s
s x
m a s c u l i n u m
Nom.Sing. -os -o -or -es -ex -er
Gen.Sing. -oris o/i+nis -oris d/t+is -icis -eris
Ескертпелер:
os,oris n - ауыз
os,ossis n - сүйек
cor,cordis n - жүрек
tuber,eris n - төмпек
gaster,tris f - асқазан
mater,tris f - ми қабықшасы
pia mater - мидың жұқа қабықшасы
dura mater - мидың қатты қабықшасы
Жаттығулар.
1-жаттығу. Зат есiмдердi Gen.Sing. қойып, түбiрiн анықтаңыз.
pulmo; carbo; vertex; apex; pollex; tuber; trochanter; sphincter; dolor; calor; liquor; paries; flos; mos.
2-жаттығу. Сын есiмдi зат есiммен байланыстырыңыз. Әрбiр терминдi Gen. Sing.қойып, аударыңыз;
paries (anterior,ius; jugularis,e; mastoideus,a,um); tuber (ischiadicus,a,um; frontalis,e; parietalis,e); venter (posterior,ius; frontalis,e); cor (adiposus,a,um).
3-жаттығу. Сөз формасын берiп, аударыңыз.
мишық қыртысы; үлкен және кiшi ұршық; оң және сол жақ өкпе; өкпенiң медиальды бетi; көз шарасының латеральды қабырғасы; шүйде сүйегiнiң латеральды бөлiгi.
Үй жұмысы.
1-жаттығу. Сөздiк формасын берiп, терминдердi аударыңыз.
аша сүйегi; мидың жұмсақ қабығы; өкпенiң сол жақ жүрек ойығы; маңдай төмпегi; барабанды қуыстың төстiк қабырғасы; жүректiң үстiңгi ойығы; бет сүйегiнiң самай өсiндiсi.
Лексикалық минимум.
3-септеу masculinum.
apex,icis m - ұш, бас жақ
cortex,icis m - қыртыс
liquor,oris m - сұйықтақ
paries,etis m - қабырға
pulmo,onis m - өкпе
venter,ntris m - қарынша
vertex,icis m - шың
vomer,eris m - желбезек
index,icis m - сұқ саусақ
humor,oris m - ылғал
pes,pedis m - табан
pollex,icis m - бас бармақ
uter,eris m - несепағар
Ескертпелер.
os,oris n - ауыз
os,ossis n - сүйек
cor,cordis n - жүрек
tuber,eris n - төмпек
gaster,tris f - асқазан
mater,tris f - ми қабықшасы
dura mater - мидың қатты қабықшасы
pia mater - мидың жұмсақ қабықшасы
