Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛ Ландшафт 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Студенттердің білімін оқу-жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған материалдар

1. Ландшафттардың негізгі зерттеу объектісі. Ғылымының мазмұны.

2. Ландшафттардің даму сатылары.

3. Ландшафттану ғылымының басталуындағы В.В.Докучаевтың еңбегі.

4. ХХ ғасырдағы 20-30 жылдарындағы ландшафттану.

5. Ландшафттану екінші дүние жүзілік соғыстан кейін.

6. Ландшафттың қазіргі кездегі дамуы.

7. Территориялық табиғат кешені.

8. Ландшафттардың түрлері. Қалыптасуы.

9. Зоналық ендік.

10. Секторлық және азоналдық жүйелері.

11. Ландшафттық дифференциацияға орографиялық фактор мен биіктік белдеулердің әсері.

12. Таулар мен жазықтардағы тосқауылдық пен ярустылық.

13. Құрылымдық фактор мен морфоструктуралық дифференциация.

14. Жергілікті дифференциация.

15. Ландшафт туралы түсінік.

16. Ландшафт құрушы компоненттер.

17. Ландшафт құрушы факторлар.

18. Ландшафт шекаралары.

19. Ландшафттар морфологиясы.

20. Фация – қарапайым геосистема.

21. Мекендер және ландшафттың басқа да морфологиялық бірліктері.

22. Ландшафттың құрылымдық бөліктерінің сатыларына қарай жіктелуі.

23. Ландшафт морфологиясындағы типологилық проблемалар.

24. Ландшафттың дамуы мен құрылымы.

25. Ландшафттағы ылғал айналымы.

26. Заттардың биогендік айналымы.

27 Литосфера заттарының абиотикалық миграциясы.

28. Ландшафттар энергиясы мен даму қарқындылығы.

29. Ландшафттар дамуының жылдық циклы.

30. Ландшафттың құбылмалылығы, тұрақтылығы және өзгермелігі.

31. Ландшафттың дамуы.

32. Ландшафттың типтері.

33. Ландшафттарды жүйелеудің принциптері.

34. Өзендердің, көлдердің жағалауындағы лардшафттар, олардың түрлері.

35. Ландшафттың жазықтардағы, таулардағы кластарға, типтерге бөлінуі.

36. Арктикалық, субарктикалық ландшафттар.

37. Антарктикалық, субантарктикалық ландшафттар.

38. Тропикалық, субтропикалық ландшафттар.

39. Қоныржай белдеуінің ерекшелігі.

40. Қазақстанның жазық жерлерінің ландшафттысы.

41. Орманды дала ландшафттысы.

42. Дала зонасының ландшафттылары.

43. Шөл зонасы.

44. Шөлейт зонасы.

45. Қазақстанның таулы аймақтарының ландшафттысы.

46. Ландшафттардың биіктік белдеу заңдылығына сай өзгеруі.

47. Орташа таулардың ландшафттары.

48. Аласа таулардың ландшафттысы.

49. Биік таулардың ландшафттысы.

50. Таулы аймақтардағы ландшафттың ерекшелігі.

51. Антропогендік ландшафт түрлері.

52. Ауыл шаруашылық ландшафттысы.

53. Өндірістік ландшафт.

54. Транспорт ландшафттысы.

55. Рекреациялық ландшафттар.

56. Мәдени ландшафттар.

57. Қазақстан территориясындағы ландшафттық аймақтары.

58. Дала практикасында ландшафтты зерттеудің методикасы.

59. Территориялық табиғат кешені.

60. Адам мен табиғи ортаның байланысы.

Ландшафттану пәнінің глоссарийі

  1. АБИССАЛЬДЫ БЕЛДЕУ – тереңдігі 2500-ден 6000 м-ге дейінгі мұхит түбі.

  2. АВТОТРАФТЫ АҒЗАЛАР – қоршаған ортадағы бейорганикалық заттан фотосинтез немесе хемосинтез процесі кезінде органикалыө зат түзеді.

  3. АГРО КЕШЕН – қазіргі кездің талабына сай ірі ауыл шаруашылықты орталықтар.

  4. АДЕКВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС – ауаның горизонталь бағыттағы ауысуына байланысты болатын тұман түсу, найзағай жарқылдау, үсік ұру құбылыстары.

  5. АККУМУЛЯЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС – су, жел, т.б. әсерінен бос жатқан минерал шөгінділері мен органикалық тұнбалардың жерге жиналуы, үңілуі.

  6. АКТИНОМЕТР – атмосферада, гидросферада және құрлық бетінде күн сәулесінің таралуын, түрленуін есептейтін геофизикалық құрал.

  7. АЛЛЮВИЙ – үйінді жыныстардың өзен суымен шайылып, өзен арналарына жиналатын шөгіндісі.

  8. АЛЬПІЛІК ТЕКТОГЕНЕЗ – жер қыртысының неоген дәуірінен осы кезге дейінгі тауларды жаратушы қозғалысы.

  9. АЛЬБЕДО – жер бетінің күн сәулесін шағылыстыруы қабілетін сипаттайтын фотометриялық шама.

  10. АНТИЦИКЛОН – атмосферадағы ауа қысымды жоғары аймақ.

  11. АНТРОПОГЕНДІ ДӘУІРІ – жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі, бұдан 1 млн. жыл бұрын басталған деп шамаланады.

  12. АНТРОПОГЕНДІ ЛАНДШАФТ – адам әрекетінен түлеп, қайта түзілген ландшафт.

  13. АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОР – ландшафтылардың пайда болуындағы адам әрекеті.

  14. АРЕАЛ – жер бетінің жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір түрлері тіршілік ететін бөлігі.

  15. АРИДТІ ЛАНДШАФТ (қуаңшылық ландшафт) – құрғақ, жылы немесе ыстық континенттік климат жағдайында қалыптасатын ландшафт.

  16. АУА ЦИРКУЛЯЦИЯСЫ – жер бетіндегі ауаның әр түрлі және ондағы қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі.

  17. АЭРОТЕРМИКАЛЫҚ ГРАДИЕНТ – ауа температурасының белгілі бір өлшем айырмасы байқалатын биіктік.

  18. БАТОЛИТ – жер қыртысының беткі қабатына қатқан интрузивті жыныс.

  19. БЕДЛЕНД (шөл адыр) – эрозияның нәтижесінде құрғақ климат жағдайында пайда болған аласа таулы жер бедерінің күрделі түрі.

  20. БИОГЕНДІ КЕШЕН – территориялық табиғат кешендерінің топырақ жамылғысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.

  21. БИОКЛИМАТТЫҚ БЕЛГІ – белгілі бір климат пен үйлескен биоценоздардың жай күйі.

  22. БИОНИКА – тірі ағзалар құбылысының заңдылықтары туралы ғылым.

  23. БИОТИКАЛЫҚ ФАКТОР – ландшафтылардың пайда болуына тірі ағза тіршілігі әрекетінің тигізетін әсері.

  24. БИОФИЗИКА – биоценоздың физикалық процестерін зерттейтін ғылым.

  25. БИОХИМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС – тірі ағзаның қоректі заттарды сіңіруінен бастап олардың толық ыдырауына дейінгі реакциялар.

  26. БИОЦЕНОЗ – тіршілік жағдайларында азды-көпті біркелкі болып келетін аймақты мекендейтін микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар бірлестігі.

  27. БОРЫҚТЫ СОР – тұзы шығып жатқан жер.

  28. ГАЛОФИТТЕР – тұзды топыраққа өсетін өсімдіктер.

  29. ГАМАДА – тасты шөлдердің араб тілінде аталуы. Солтүстік Африка мен Алдыңғы Азияда тараған.

  30. ГЕОДЕЗИЯ – жердің пішіні мен көлемін зерттейтін, оның бетін планмен картада бейнелеу үшін жергілікті жерде өлшеу жұмыстарын жүргізумен айналысатын ғылым.

  31. ГЕОМАССА – территориялық табиғат кешендерінің барлық болмысының массасы.

  32. ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕН – жердің ішкі және сартқы күштері әрекетінен түзілетін жер бедері пішінінің кешен бірлігі.

  33. ГЕОСИНКЛИНАЛЬ – жер қыртысының ұзынынан созылып жатқан тектоникалық қозғалымы ойпаң учаскелері. Мұнда сейсмикалық процестер күшті байқалады.

  34. ГЕОФИЗИКА – жердің ішкі құрылысын, физикалық қасиеттерін, оның қабаттарында өтіп жатқан процестерді зерттейтін ғылымдар кешені.

  35. ГЕОХИМИЯ – жердің химиялық құрамын, ондағы химиялық таралуы мен орын алмастыруын зерттейтін ғылым.

  36. ГЕРБИЦИД – адам шөптерді жою үшін қолданылатын химиялық қосылыс.

  37. ГЕРЦИНДІК ТЕКТОГОНЕЗ – девонның аяғы мен триастың басында болған қатпарлық.

  38. ГЕТЕРОТРОФТЫ АҒЗАЛАР – дайын органикалық заттармен қоректенетін ағзалар, бұларға ұсақ ағзалар, кейбір бактериялар, жануарлар мен адам жатады.

  39. ГИДРОТЕРМИЯЛЫҚ ГРАДИЕНТ – ылғал және жылу балансының белгілі бір өлшем айырмасы байқалатын биіктік сатысы.

  40. ГИДРОТЕРМИЯЛЫҚ КОЭФФИЦИЕНТ – ылғал балансын жылу балансына бөлгендегі баға. Территориялық табиғат кешендерінің құрамдық бөліктерінің жетіліп кемелденуіне қаншалықты өлшемде ылғалдың немесе жылудың жетіспейтінін, артық екенін көрсететін өлшем.

  41. ГИДРОХИМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС – судың химиялық жай-күйінің түрлі әрекеті.

  42. ГИДРОФИЗИКА – өзен, көл, жер асты суының, теңіз, мұхит суының физикалық құбылыстарын, процестерін зерттейтін ғылым.

  43. ГЛЯЦИАЛЬДЫ-НИВАЛЬДЫ ЗОНА – көпжылдық омбы қар мен мұздық ландшафттылары тараған жер.

  44. ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС – заттардың салмақ күші әсерінен орын алмастыруы.

  45. ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС – заттардың түрліше гравитациялық қозғалыстарына байланысты дамитын құбылыстар мен процестер. Мысалы: сел тасқыны, қар көшкіні қорым тастардың беткейінен сусып түсуі т.б.

  46. ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ЭНЕРГИЯ – заттардың гравитациялық қозғалысының күші. Мысалы: су, жел күшінен электр қуатының жылу алуы.

  47. ГУМИДТІ ПРОЦЕСС – тірі ағзалардың өлгеннен кейінгі шіруіне байланысты болатын құбылыстар, процестер.

  48. ГУМИДТІ ЛАНДШАФТ – климаты жылы және ылғалды жердегі ландшафт.

  49. ДЕНУДАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС – тау жыныстарының үшілуі және пайда болған үйінділердің биік жерден су, жел, мұздың әрекетінен сырғып ойысқа шығуы.

  50. ДЕПРЕССИЯ – жер бетінің немесе жер қыртысының ойыс жері.

  51. ДЕПРЕССИЯЛЫҚ ЛАНДШАФТ ӨЗГЕРІСІ – ландшафттың құнарсыздануы.

  52. ДРЕНАЖ – жер асты суының деңгейін төмен түсіру үшін қазылатын канал.

  53. ЖЕР БЕТІ ЖЫНЫСТАРЫНЫҢ АЭРАЦИЯСЫ – жер беті жыныстары мен ауаның төменгі қабатындағы зат алмасуы.

  54. ЖОҒАРҒЫ МАНТИЯ – жердің ішкі құрылысының 900 км-ге дейінгі бөлігі.

  55. ЗООМАССА – территориялық табиғат кешендеріндегі жануарлар дүниесіне түзілген масса.

  56. ЗООЦЕНОЗ – биоценоз құрамындағы жануарлар тобы.

  57. ИНВЕРСИЯ – биіктік ландшафт белдеуінің таралу қатарының бұзылуы.

  58. ИНСОЛЯЦИЯ – күн радиациясының жер бетіне сәуле болып түсуі.

  59. ИНСОЛЯЦИЯЛЫҚ БЕТКЕЙ – күнгей беткей.

  60. ИНТРУЗИЯ – жер қыртысы қойнауындағы магмалы жыныстар.

  61. КАЙНОЗОЙ ЭРАСЫ – жердің геологиялық тарихындағы ең жас эра, бұдан 60-70 млн.жыл бұрын басталған. Үш дәуірге бөлінеді: палеоген, неоген, төрттік немесе антропоген.

  62. КАЛЕДОНДЫҚ ТЕКТОГЕНЕЗ – кембрий, ордовик, силур дәуірлеріндегі қатпарлық, Сарыарқаның батысы мен Солтүстік Тянь-Шань түзілген.

  63. КАРБОНАТТЫ ШӨГІНДІ – құрамында көмір қышқылының қоспалары болатын жыныстар.

  64. КАППИЛЛЯРЛЫҚ СУ – топырақ пен топырақ асты жыныстарының қыл түтікшесінен жер қазған кезде топырақ астынан жер бетіне қарай көтерілетін су.

  65. КИММЕРЦИЯЛЫҚ ТЕКТОГЕНЕЗ – мезозой эрасындағы қатпарлық. Маңқыстау таулары түзілген.

  66. КЛИМАКС НҮКТЕСІ – ландшафттының дамуындағы шарықтау шегі.

  67. КОНГЛОМЕРАТТЫ ЖЫНЫС – жаратылысы мен түйірі әр түрлі жыныстардың қайтадан жаңа қабат құрап, тастанған түрі.

  68. КОНСЕРВАТИВТІ ЛАНДШАФТ – барлық кешендері динамикалық тепе-теңдік тапқан ландшафттылар.

  69. КОНСУМЕНТТЕР – органикалық заттармен қоректенуші тірі ағзалар.

  70. КОСМОФИЗИКА – ғарыштағы физикалық құбылыстар мен процестерді зерттейтін ғылым.

  71. КҮН АКТИВТІЛІГІ – күннің түрлі қабаттарында байқалатын құбылыстардың жиынтығы.

  72. КҮН РАДИАЦИЯСЫНЫҢ ИНТЕНСИВТІЛІГІ – күн сәулесіне перпендикуляр қойылған, абсолют қара денеден жасалған, 1 см2 бетке 1 минут ішінде күннен келетін жылу мөлшері.

  73. КҮННІҢ ТІК РАДИАЦИЯСЫ – күннен жер бетіне тік түсетін сәуле.

  74. КОРРЕЛЯЦИЯ – өзара байланыстылық, арақатынастылық.

  75. КСЕРОФИТТІ ӨСІМДІКТЕР – құрғақшылыққа төзімді, ылғал балансы кем жерлерге өсетін өсімдіктер.

  76. ҚАЛҚАНДЫ ЖАЗЫҚ – тасты қатты жыныстан түзілген жазық. Ежелгі таулы аймақтардың үгітіліп тегістелген аймақтарында кеңінен тараған. Бұған Сарыарқа мысал бола алады.

  77. ҚАТҚЫЛ – беткі қабаты қабыршықтанып қатып жататын сор.

  78. ЛАНДШАФТ КАРТАСЫНЫҢ ТҮСІНІКТЕМЕСІ – ландшафт карталарында шартты белгілердің көмегімен көрсетілген территориялық табиғат кешендері кескінінің ландшафттылық мазмұны.

  79. ЛИТОГЕНДІ НЕГІЗ (литомасса) – ландшафттының жыныс қабаттары.

  80. МОЛАССА – тасты жынысты жердегі тектоникалық жарықтардың ізіне жиналған үгінділі үйінділер.

  81. МОРТМАССА – өсімдіктер мен жануарлардың қурап қалған қалдықтары.

  82. МОРФОМҮСІН – сыртқы күштер (су, жел, мұздық т.б.) әрекетінен түзілетін жер бедері пішінінің кешені (өзен аңғары, құмды шағыл т.б.).

  83. МОРФОҚҰРЫЛЫМ – ішкі және сыртқы, әсіресе ішкі күштердің басым әрекет етуінен түзілген жер бедері пішіндерінің кешені. Мысалы, тау жотасы, тау іші жазығы, т.б.

  84. НАНОПЛАКАТ – тақтадай тегіс жазық.

  85. НЕОГЕН ДӘУІРІ – жердің геологиялық тарихындағы кайнозой эрасының жаңа дәуірі, қазіргі өтіп жатқан антропоген дәуірінің алдында өткен.

  86. НЕОТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС – неоген, антропоген дәуірлеріндегі жер қыртысы қозғалысы.

  87. НИВАЛЬДЫ БЕЛДЕУ – таудағы мәңгі қар басқан белдеу.

  88. ОАЗИС (жазира) – шөл мен шөлейттегі тұщы суы бар көгалды алқап.

  89. ОРГАНОГЕНДІ ШӨГІНДІ – органикалық жолмен тараған тау жынысы.

  90. ОПЫРЫҚ – жер қыртысының жарықтар арқылы төмен түскен бөлімі.

  91. ОРҚАШ ТАУ – жер қыртысының жарықтары арасынан көтерілген бөлігі.

  92. ОРФОГРАФИЯЛЫҚ БЕЛГІ – жер бедерінің пішіні, биіктігі, ені, ұзындығы, орналасу бағыты.

  93. ПАЛЕОАРКТИКАЛЫҚ БИОГЕОГРАФИЯЛЫҚ АЙМАҚ – Евразияның Гималай тауының солтүстігінде жатқан бөлігі.

  94. ПАЛЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ – өткен геологиялық дәуірдегі жер бетінің жаратылыс жағдайы.

  95. ПАЛЕОГЕН ДӘУІРІ – жердің геологиялық тарихындағы кайнозой эрасының ескі дәуірі, неоген дәуірінің алдында өткен.

  96. ПАЛЕОЗОЙ ЭРАСЫ – жердің геологиялық тарихындағы ескі өмір кезеңі. Қазіргі кезеңнен 570 млн. жыл бұрын басталып, 340-350 млн. жылға созылған. Өсімдіктер дүниесі балдырлардан ірі-ірі орман ағаштарына дейін дамыған. Жануарлар дүниесі омыртқасыздардан ірі бауырымен жорғалаушыларға дейін дамыған.

  97. ПЕДОМАССА – топырақ пен топыраққа айнала бастаған жер беті жыныстарының массасы.

  98. ПЕРЬМ ДӘУІРІ – палеозой эрасының ең соңғы дәуірі, 55 млн. жылға созылған. Орал – Тянь-Шань геоциклиналында герцин қатпарлануы аяқталған.

  99. ПЕНПЛЕН – сыртқы күштер әрекетінен таулы аймақтың тегістеліп, жазыққа айналған жері.

  100. ПЛАКОР – жонды су айырық жотасы.

  101. ПЛАТФОРМА ЖАЗЫҒЫ – іргетасы қатпарланбаған қатты жыныстардан түзіліп, жер бедері жазық болып келген тектоникалық тұрақты аймақ.

  102. ПЛИТАЛЫ ЖАЗЫҚ – шөгінді жамылғысы қалың жазық.

  103. ПОЛЯРЛЫҚ АССИМЕТРИЯ – Солтүстік полярлық белдеудегі табиғат жағдайының оңтүстік полярлық белдеу табиғат жағдайына ұқсас болып келмеуі.

  104. ПРЕРИЙ – Солтүстік Америкадағы дала немесе саванна өсімдігіне ұқсас, шөбі биік, жазық жер.

  105. ПРОГРЕСТІК ЛАНДШАФТ ӨЗГЕРІСІ – ландшафттыны өнімділік қабілетін арттыру бағытындағы түрленуі.

  106. ПРОДУЦЕНТ – органикалық заттар түзетін тірі ағзалар.

  107. ПРОЛЛЮВИЙЛІ ЖАЗЫҚ – қысқа мерзімді сел тасқындарының сағаларына конус пішіндес сипатта үйілген ысырынды жыныстардан түзілетін тау алды жазық.

  108. ПСАМОФИТТІ ӨСІМДІК – құмды жерде өсетін өсімдік. Бұлардың тамыры әрі шашақты, әрі ұзын болып келеді, құмға сіңген суды бойына сіңіруге бейімделген. Жапырағы мен сабағы да қатты, тікенекті болады. Бұл өсімдік бойындағы суды үнемдеп жұмсайды.

  109. РАДИАЦИЯЛЫҚ БАЛАНС – жер бетіне келіп түскен жиынтық радиация мен жер бетіне тараған эффективті сәуленің арасындағы айырма. Бир мунаттегі ДЖ/см өлшемімен анықталады.

  110. РАДИАЦИЯЛЫҚ ЖЫЛУ – күн сәулесінің жылуы.

  111. РАДИОАКТИВТІ ЗАТТАР – құрамында радий, уран сияқты радиоактивті элементтері бар заттар. Атомдық өндіріс кешендерінің қалдықтарында жиі кездеседі.

  112. РЕДУЦЕНТ – органикалық заттарды ашытып, шірітіп ыдыратушы тірі ағзалар.

  113. РЕГРЕССИЯ – теңіз, көл деңгейінің қайтуы, ландшафттының құнарсыздану бағытындағы өзгерісі.

  114. РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ – көрікті, саялы жерлер.

  115. РЕЛИКТІЛІ ҰСАҚ ШОҚЫ – қатты жынысты жерде, сақталған ұсақ шоқылы ежелгі таулы аймақтың үгіліп тегістелуінен кейін түзілген жазық (мысалы Сарыарқа).

  116. САПРОФАГ – шіріп ыдыраған органикалық заттармен қоректенетін тірі ағзалар.

  117. СИНКЛИЗА – жыныс қабаттары ойысты болып келетін аймақ (мысалы, Каспий маңы ойпаты).

  118. СУ БУЫНЫҢ СУБЛИМАЦИЯЛАНУЫ – ауадағы су буының төмен температуралық ортада мұз кристалдарына айналуы.

  119. ТАКСОНОМИЯЛЫҚ БІРЛІК ЖҮЙЕСІ – географиялық кешендер жүйесі. Зоналы фактордың әрекетінен типті (географиялық белдеу, зона, зона бөлігі), зоналы фактордың әрекетінен аймақтық (физикалық-географиялық аймақ, физикалық-географиялық облыс, физикалық-географиялық аудан ландшафт) бірлік қатарлары құрастырылады.

  120. ТАҚЫР – шөл, шөлейт жердегі топырақ, өсімдік жамылғысы нашар дамыған, жер беті жарылып кеткен алаң.

  121. ТАРТПА СОР – шөл, шөлейт және дала зоналарының ащы (тұздылығы 1%-тен жоғары) жынысты алаң. Көбіне тартылып қалған көл табанында тараған, топырақ жамылғысы нашар дамыған. Өсімдік жамылғысы сораң шөптерден тұрады.

  122. ТАУ БЕТКЕЙІНІҢ ИНСОЛЯЦИЯЛЫҚ ӘРЕКЕТІ – бау беткейінің күн сәулесін тосып қалу әрекеті.

  123. ТЕКТОНИКАЛЫҚ ЖАРЫҚ – жердің ішкі күшіне байланысты болатын жер қыртысының қозғалысы.

  124. ТЕКТОНИКАЛЫҚ РЕЖИМ – жер қыртысы қозғалысы қарқынының артуы немесе көміп кетуі.

  125. ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ ИНВЕРСИЯ – ауаның жоғары қабатындағы температураның жылы болуы. Таулы аймақта байқалады. Суық ауа тау шатқалдарын басып қалады, ал жылы шатқал беткейлері, бойымен суық ауаның үстіне шығып кетеді.

  126. ТЕҢІЗ ТРАНСГРЕССИЯСЫ – теңіз суы деңгейінің көтеріліп, құрлықты басуы.

  127. ТЕРМОКАРСТАЛЫ ОЙЫС – көпжылдық тоңның еріп ойылып түскен жері.

  128. ТЕРАССА – өзен аңғары мен тау беткейіндегі текшелер.

  129. ТЕРИГЕНДІ ЖЫНЫС – құрлық бетінен су, жел т.б. Күш әрекетінен үгіліп көл, теңіз табанына үйілген жыныс.

  130. ТІК РАДИАЦИЯ – ғарышта, ауада шашырамай күннен жер бетіне тікелей келіп түскен сәуле.

  131. ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ – күн сәулесінің, су буының физикалық құбылыстар мен процестер арқылы түрленіп, бір күйден екінші күйге ауысуы.

  132. ТРАНПИРАЦИЯ – судың өсімдік арқылы булануы.

  133. ТРИАС ДӘУІРІ – мезозой эрасының юрадан кейінгі бордан бұрынғы өткен дәуір. 35 млн. жылға созылған. Табиғи жағдайы континентті болып келеді.

  134. ТРОГТЫ ШАТҚАЛ – тау басындағы тілшелі мұздықпен қазылып түзілген шатқал. Көлденең қимасында пішіні астау тәріздес болып келетін тік беткейлі, ойыс түпті аңғар.

  135. ТУРБУЛЕНТТІ ҚОЗҒАЛЫС – ауа мен судың құйын тәрізді қозғалысы. Ауа мен су тубулентті қозғалыс барысында күрделі траектория бойынша жүйесіз алмасады да, түгелдей араласады.

  136. ТУРБУЛЕНТТІ ЖЫЛ АЛМАСУ – ауа мен судың турбулентті қозғалысы арқылы алмасатын жылу.

  137. ФЕНОЛОГИЯ – маусымдық табиғат құбылыстарын зерттейтін ғылым.

  138. ФИТОЦЕНОЗ – биоценоз құрайтын өсімдіктер тобы.

  139. ФОТОСИНТЕЗ – жасыл өсімдіктегі көмірқышқыл газдың жарық энергиясы және су жәрдемімен бейорганикалық заттардан органикалық зат жасау процестері.

  140. ЦИКЛ – жуық шамамен өлшенетін көпжылдық табиғат құбылысының ырғағы.

  141. ЦИРКТІ ОЙЫС – аса биік тау беткейіндегі мұздықтар жатқан жердегі ойыс. Олар беткейдегі мұздықтардың біресе еріп, біресе қатуының нәтижесінде шұңқырланып түзіледі.

  142. ШАШЫРАНДЫ РАДИАЦИЯ – күн сәулесінің ауа қабатынан өткенде ауаны құрайтын зат түйіршіктеріне шағылысып шашырауынан түзілген радиация жиынтығы.

  143. ШЫҚ НҮКТЕСІ – ауадағы су буының су тамшысына айналатын температура шегі.

  144. ЫЛҒАЛДАНУ КОЭФФИЦИЕНТІ – нақтылы жердің жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланғыштық мөлшеріне қатынасы.

  145. ХЕМОСИНТЕЗ – кейбір ұсақ ағзалардың қоректену тәсілі.

  146. ЭКЗОГЕНДІК ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС – сыртқы күштер әрекетіне байланысты болатын геоморфологиялық процесс.

  147. ЭКОЛОГИЯ – тірі ағзалардың айналадағы ортамен қарым-қатынасы туралы ілім. Экология ортаның өсімдіктер мен жануарлар ағзаларына, сондай-ақ олардың ортаға тигізетін әсерін зерттейді.

  148. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ – айналадағы ландшафт ортасының жаратылыс жағдайына ықпал ететін фактор.

  149. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР – айналадағы ортаның тірі ағзалардың тіршілік ету жағдайын анықтайтын сыртқы күш.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015

3 басылым

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы

Ф.4.09-33

28.05.2015 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы

Ландшафтану және физикалық-географиялық аудандастыру

(пәнің атауы)

Кафедра Жаратылыстану пәндері

Тьютор Карбозова Ж.Ж.

Мамандық 5В011600 География

Кредит саны 2

Пән циклі Базалық

Студенттер саны 6

Әдебиет түрі

№

Шифр

Әдебиет атауы

Бар болуы

Ескерту

Кітапханада

және кафедрада

%

Негізгі

1

ОГ5

Исаченко А.Г. Ландшафтоведение и физико-географическое районирование. Учебник. – М.:Высшая школа, 2001.

5

100

2

ОГ6

Молдагулов Н. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафт географиясы. – Алматы: Рауан, 2004.

2

50

3

ОГ7

Ландшафтоведение. – М.; 2002.

3

0,1

4

Д8

Ш18

Мильков Ф.Н. Физическая георгафия. Учение о ландшафте и георграфическая законность. – Воронеж 2006.

2

50

5

Д8

Мильков Ф.Н. Человек и ландшафты. – М., 2003.

6

100

6

Д8

Ш17

Армонд Д.Л. Наука о ландшафте. – М.,2005.

7

100

7

Д7

Гелдыева Г.В., Веселова В.К. Ландшафты Казахстана . Алма-Ата: Рылым 2002.

10

100

Қосымша

1

Б41

1.Арманд Д.Л. И др.Зарубежная Азия.М.,2006

3

75

2

Д8Г

С8

2.Богданов Д.В.География Мирового океана.М., Наука,2008.

2

50

3

Д82г

Г89

3.Богданов Д.В.Тропический океан. М.,Наука,2005.

2

50

4

Д8Г

С53

4.ВласоваТ.В.Физическая география материков.М.,Просвещение,2006.,т.1-2

2

50

5

Д8Г

С53

5.ЕрамовР.А.Физическая география Зарубежной Европы.М.,2003

2

50

Электрондық Интернет ресурсы

ru.wikipedia.org/wiki/

www.relief.pu.ru

www.ocean.ru

rgo.ru/geography/fiz_geography/slovar

Демонстрациялық материалдар

Географический атлас.М.,ГУГК.2003.

1

25

Атлас Казахстана

3

75

Географический атлас мира

2

50

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]