- •Дәріс комплексі
- •VI семестр
- •1902 Жылы шетел елдердің Қытайға ақша беруі
- •Д3. Токугава династиясының билігі кезіндегі Жапония
- •4. Мэйдзи революциясы.
- •XX ғасырдың басындағы Жапония.
- •Қосымша:
- •Д4. Жаңа кезеңдегі Корея мен Моңғолия елдері
- •Д5. Осман империясының құлдырауы
- •Д6. XVII-XX ғасырдың басындағы Иран
- •4. 1905-1911 Жж. Иран революциясы
- •Д7. XVII-XX ғасырдың басындағы Ауғанстан
- •Д8. XVII-XX ғасырдың басындағы Үндістан.
- •Д9. XVII-XX ғасырдың басындағы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері.
- •Д10. Жаңа кезеңдегі Үндіқытай елдері.
- •Д11. XVII –XX ғғ. Азия және Африканың Араб елдері.
- •Д12. XVII –XX ғғ. Азия және Африканың Араб елдері.
- •Д13. XVIII-XX ғғ. Басындағы Оңтүстік Африка.
- •Д14. Жаңа кезеңдегі Батыс және Орталық Африка елдері
- •Д15. Жаңа кезеңдегі Батыс және Орталық Африка елдері
- •VII семестр модуль 3. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Азия елдері. Д16. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай.
- •Модуль 3. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Азия елдері. Д17. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай.
- •Д18. Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Жапония
- •Д19. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Түркия.
- •Түркияда либералдық-конституциялық қозғалыстың басталуы. «Жаңа османдар» қоғамының құрылуы
- •Д20. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Иран.
- •Д21. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Африка елдері
- •Модуль 4. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия және Африка елдері д22. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай.
- •Д23. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай.
- •Д24. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония
- •Д25. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан.
- •Д26. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Иран.
- •Д27. Азаттық алғаннан кейінгі Пакистан. Бангладеш республикасының құрылуы.
- •Д28. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Араб мемлекеттері.
- •Д29. Қазіргі кездегі Африка елдері.
- •1980 Жылғы Қара Африка.
- •1990 Жылдардағы Қара Африка.
- •Д30. Қазіргі кездегі Африка елдері.
- •Машықтану сабақтар жоспары модуль 1. Пс1. Жаңа дәуір қарсанындағы Азия және Африка елдері
- •Пс2. Цин әулеті кезеңдегі Қытай
- •Пс3. Токугава әулеті кезеңдегі Жапония
- •Пс4. Жаңа кезеңдегі Корея мен Моңғолия.
- •Пс5. Осман империясының құлдырауы.
- •Пс6. Жаңа кезеңдегі Иран мемлекеті.
- •Пс7. Жаңа кезеңдегі Ауғанстан
- •Пс8. Жаңа кезеңдегі Үндістан.
- •Пс9. Жаңа кезеңдегі Оңтүстік-Шығыс Азия елдері.
- •Пс10. Жаңа кезеңдегі Үндіқытайдағы ағылшын және француз отарлары.
- •Пс11, 12. Африкадағы араб елдері.
- •Пс13,14. Жаңа кезеңдегі Оңтүстік Африка.
- •Пс15. Жаңа кезеңдегі Батыс және Орталық Африка елдері
- •Пс18. Үндістан халқының ұлт-азаттық күресі.
- •Пс19. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Ауғанстан.
- •XX ғасырдағы Африка елдері
- •Пс 21. Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Тропикалық және Оңтүстік Африка елдері
- •Пс22, 23. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай.
- •Пс24. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония.
- •Пс25. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан.
- •Пс26. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Түркия.
- •Пс 27, 28. Араб елдеріндегі азаттық қозғалысы.
- •Пс29,30. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ирак.
- •XXI ғасырдағы Азия және Африка елдері
- •Пән бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •VII семестр
- •Рубеждік бақылау сұрақтары
- •VI семестр
- •VII семестр
- •Оқушылардың білім жетістіктеріне бағау мен бақылауы бойынша құжаттар
- •Сабақтарды бағдарламалық және мультимедиялық тәсілдерді қолдануы
VII семестр модуль 3. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Азия елдері. Д16. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай.
Бірінші дүниежүзілік соғыс аяғына қарай Қытайдың саяси және экономикалық жағдайы.
Қытайда партиялардың құрылуы. Гоминдан мен Қытай коммунистік партиясы. Сунь Ятсен.
XX ғасырдың басында Қытай аграрлы ел болды. Шаруалар жер иеленудің қауымдық нысаны болды. Бірақ XX ғасырдың 20 жылдарында ауылда жекешелендіру (приватизация) процесі басталды. Ұлттық капитал күшті болмаған. Барлық кәсіпорындардың иелері Батыс Еуропа мемлекетерінен шыққан кәсіпкерлер болды. Батыс еуропаның капиталы Қытай экономикасында негізгі орын алды. Қытайдағы жұмысшылар табының саны көп болмады: 20 жылдардың басында Қытайда 2,5-3 млн жұмысшы болды, яғни бұл елдей халықтың 2 пайызға жуығынан да аз еді. Фабрика-зауыт жұмысшылары негізінен елдің өнеркәсіп орталықтарына шоғырланды.
1917 жылдың 3 қазанында Гуанчжоуда Қытай Республика парламентінің мәжілісі ашылды. Осы мәжілісте Сунь Ятсенді «Солтүстікке бағытталған армияның генералиссимусі» деп тағайындалды. Оның мақсаты – солтүстік дуцзюндерге (провинциялардағы жалданған армиялардың басшылары) соғыс ашу. Бірақ өкімет осы уақыттан бастап дуцзюндердің қолында болды. Сондықтан Қытайда дуцзюнат жүйесі құрылды. Осы жүйе 1925-1927 жж. революцияға дейін әрекет етті.
«1919 жылдың 4 мамырдағы» қозғалыста студенттер ғана қатысты. Осы қозғалыстар бүкіл Қытай территориясында өтті. Студенттер Париж бітім конференцияның шешіміне қарсы шықты, яғни бұрынғы Германияның жері Шаньдун Жапонияның ықпалында болды. Студенттер «Отан қауіпте!», «Мемлекеттік тәуелсіздікті қорғаймыз!» және басқа ұранмен демонстрацияларға шықты. Осы екі апталық демонстрациялардың нәтижесінде Қытай үкіметі өз еркімен қызметтен кетті.
Қытайдың саяси партиялары:
Қытайдың Коммунистік партиясы.
ҚКП бағдарламасы бойынша капиталистік және феодалдық таптарды құлатып, пролетариат диктатурасын орнату керек. ҚКП бағдарламасы:
жеке меншікті жою;
өндіріс құралдарын тәркілеу (конфискация);
қоғамдық меншікті құру.
ҚКП-ның басшылықтары нақты марксизмді білмеді, Маркс және Ленин кітаптарын оқыған жоқ. ҚКП жетекшілерінің негізгі қатесі – партия тек қана жұмысшылардан құрылды. Ал Қытайда жұмысшылар өте аз болды.
Ұлттық партия – Гоминьдан
Гоминьдан партия 1912 жылы Сунь Ятсеннің (1866-1925) ықпалымен құрылған. Партия (ГМД) ұлттық буржуазияның және оның жақтастарының мүддесін қорғады. ГМД басшылығы ұлттық зиялы қауымның өкілдерінен құрылды. Олар: дәрігерлер, мұғалімдер, студенттер және т.б. Партияға банкирлер, фабрика-зауыт иелері, көпестер де қатысты. 1920 жылы ГМД партия мүшелерінің саны бір мыңнан асты.унь Ятсен 1923 жылы елдің оңтүстігінде орналасқан антиимпериалистік қозғалыстың орталығына айналған ірі қалалардың бірі – Гуанчжоу (Кантон провинциясында) құрылған революциялық үкіметті басқарды.
Сунь Ятсеннің «үш халық қағидасы»:
ұлтшылдық: Қытайдағы жатжерлік маньчжур үстемдігін құлатып, Қытайдың тәуелсіздігіне қол жеткізу;отаршылдықты жою; Батыс Еуропа елдері Қытайдың егемендігін тануға міндетті болады;
демократизм қағидасы: Қытайда монархиялық биліктен бас тартып, демократиялық республика құру;
халық игілігі принципі – жер иеленудің біртұтас мемлекеттік салыққа негізделген түрін енгізуді, яғни агарарлық мәселені көздеді.
1924 жылдың басында ГМД партиясының бірінші съезі өтті. Осы съездің нәтижесінде ГМД өкілдері ҚКП-мен біртұтас майдан құру және «үш халық қағидасын» өгерту керек деген шешімге келді. Осы уақыттан бастап ұлтшылдық қағидасы – ол Қытайдағы шетелдердің ықпалын жою және елде тұратын барлық халықтардың, ұлттардың теңқұқықтығы; демократизм» қағидасы – халықтарға тең құқытар және бостандықтар беретін мемлекетті құру; халық игілік қағидасы – ірі капиталдарды шектеп, барлық еңбекшілердің жағдайын жақсарту, жұмысшыларға әлеуметтік қорғау беру және т.б. Сунь Ятсен өзінің «үш халық қағидаларын» «үш саяси тұжырымдарымен» толтырды. Олар: КСРО-мен одақтасу; ҚКП-мен біртұтас майдан құру; жұмысшы-шаруа бұқарасын өзінің тірегіне айналдыру.
1923 жылы жазда ҚКП үшінші съезі өтті. Съезде ҚКП мүшелері екі топқа бөлінді:
1. «солшылдар» - ГМД-мен біріктіруге қарсы болғандықтар кірді;
2. «орташылдықтар» - ГМД-мен бірігу керек.
1924 жылының қаңтар айында Гоминьдан мен ҚКП біріккен мйданның бірінші съезі өтті. Съезде Орталық атқару ұйым құрылды және Сунь Ятсеннің «үш халық қағидаларынан» құрылған манифест өндірілген. Орталық атқару ұйымы ҚКП және Гоминьдан партиясының өкілдері кірді. 1925 жылдың қаңтар айында Шанхай қаласында ҚКП-ның төртінші съезді өтті. Съезде 950 коммунист қатысты. Осы съездің негізгі мәселесі – ол Гоминьдан партиясымен бірігу және болашақ революцияның сипты. Съезд шетел және ұлттық буржуазияға қарсы бағытталған пролетарлық революцияны өткізу шешімі қабылданды. Бірақ 1925 жылы Сунь Ятсен дүниеден кеткен соң Гоминьдан партиясы екі бағытқа бөлінді:
«солшылдар» (өкілдері- ұлттық буржуазия, студенттер);
«оншылдар» (өкілдері – жер иеленушілер, ірі шенеуніктер, компрадорлар; басшысы –Чан Кайши).
Әдебиет:
История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.
Новейшая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2000.
Сейдхан К., Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.
