Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азия и Африка тарих лекция.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
938 Кб
Скачать
☆

Пс6. Жаңа кезеңдегі Иран мемлекеті.

  1. Англияның, Францияның, Ресейдің Иранға ықпал жүргізу үшін күресі.

  2. Орыс-Иран соғыстары (1804, 1826-1828 жж.): алғышарттары мен салдары, келісімдердің шарттары.

  3. Иранға шетел капиталдың енуінің салдары.

  4. 1848-1852 жж. бабидтер көтерілісі: сипаты, жеңілу себептері.

  5. Иран «Азия оянуы» қарсанында

Әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар

Практикалық сабақтың нәтижесінде студенттер таризхи деректермен жұмыс істейді. Практикалық сабақтың мақсаты жаңа кезеңдегі Иран мемлекеиінің пайда болуын, сыртқы және ішкі саясатын білуі деп санаймыз. Бұл мақсатты жету үшін студенттер қосымша материалмен танысу керек, ғылыми мақалаларды оқу керек.

Практикалық сабақтың барысында студенттер контурлық картаға Иранның жалықаралық қатынастары мен соғыстарын көрсетіңіз.

Практикалық сабақтың екінші сұрағына жауап бергенде бұл кезеңдегі Ресейдің жағдайы мен соғыстың себептеріне көңіл аударып, соғыстардың салдары мен келісімшарттарының шарттарын толық қарастырыңыз.

Практикалық сабақтың төртінші сұрағына жауап бергенде бабидтер көтерілісінің тарихнамасына көңіл аударыңыз.

Қосымша әдебиет

  1. Агаев С.Л. Иран в прошлом и настоящем. М., 1981.

  2. Агаев С.Л. Иранская революция 1905-1911 гг. (к типологии революций эпохи «прообуждения Азии») // Народы Азии и Африка. 1974. № 4. 55-68 бб.

  3. Зарождение идеологии национально-освободительного движения. М., 1973.

  4. Иванов М.С. Иранская революция 1905-1911 гг. М., 1957.

  5. История Ирана. М., 1977.

Пс7. Жаңа кезеңдегі Ауғанстан

  1. Ауғанстандағы ағылшын-орыс бәсекелестігі.

  2. 1839-1842 жж. ағылшын-ауған соғысы: себептері мен салдары. 1878 жылғы ағылшын-ауған соғысы.

  3. 1895-1897 жж. пуштун тайпаларының көтерілісі.

  4. Ауғанстан Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында.

Әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар

Практикалық сабақта студенттер бұл сұрақтар бойынша коллоквиумды тапсырады. Коллоквиум тапсыруының барысында студенттер тарихи карта мен контурлық картамен жұмыс жасайды да картаның алдына шығып сұрақтарға жауап береді де сөздік, терминологиялық диктантты жазады.

Практикалық сабақтың бірінші-екінші сұрақтарына жауап бергенде неліктен Ресей мен Англия Ауған территориясына өз әсерін енгізуге талап етті, себептері мен алдарын көрсетіңіз. Бұл бәсекелестіктің нәтижесінде қол қойылған келісімдердің шарттарына назар аударыңыз.

Соңғы сұраққа жауап бергенде Ауғанстан Бірінші дүниежүзілік соғыстағы рөлін және қатуысуын көрсетіңіз және Ауғанстанның экономикалық жағынан артта қалуының себептерін ашыңыз.

Практикалық сабақтың барысында қосымша материалды пайдаланып, баяндамаларды дайындалып, қорғауға болады.

Пс8. Жаңа кезеңдегі Үндістан.

  1. Жаңа кезеңдегі Үндістан қалалары мен экономикалық жағдайы. Аграрлық қатынастары.

  2. Үндістандағы діни және ұлттық қатынастар. Касталық құрылыс.

  3. Индиядағы ағылшын-француз бәсекелестігі. Бенгалияны Ост-Үнді компаниясының басып алуы. 1905 жылы «сварадж» мен «свадеши» қозғалысының дамуы.

  4. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Үндістан.

Әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар

Практикалық сабақ конференция түрінде өтеді. Студенттер тақырыптарды алып жаңа кезеңдегі Үндістанның саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени тарихын ашады да негізгі проблемаларды көрсетеді.

Практикалық сабақтың бірінші сұрағына жауап бергенде орта ғасырдағы Үндістаннің қалалары мен аграрлық қатынастарымен салыстырып, жаңа кезеңде пайда болған өзгерістерді көрсетінңіз. Бұл өзгерістердің себептері мен салдарын ашыңыз.

Практикалық сабақтың соңғы сұрағына жауап бергенде Үндістан Ұлы Британияның отары болғандықтан Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі орны мен рөлін көрсетіңіз.

Қосымша әдебиет

  1. Национально-освободительное движение в Индии и деятельность Тилака. М., 1965.

  2. Новая история Индии. М., 1996.

  3. Революционный процесс на Востоке. История и современность. М., 1982.

  4. Юрлова Т.Р. Народное восстание 1857-1859 гг. в Индии и английское общество. М., 1991.