- •Дәріс комплексі
- •VI семестр
- •1902 Жылы шетел елдердің Қытайға ақша беруі
- •Д3. Токугава династиясының билігі кезіндегі Жапония
- •4. Мэйдзи революциясы.
- •XX ғасырдың басындағы Жапония.
- •Қосымша:
- •Д4. Жаңа кезеңдегі Корея мен Моңғолия елдері
- •Д5. Осман империясының құлдырауы
- •Д6. XVII-XX ғасырдың басындағы Иран
- •4. 1905-1911 Жж. Иран революциясы
- •Д7. XVII-XX ғасырдың басындағы Ауғанстан
- •Д8. XVII-XX ғасырдың басындағы Үндістан.
- •Д9. XVII-XX ғасырдың басындағы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері.
- •Д10. Жаңа кезеңдегі Үндіқытай елдері.
- •Д11. XVII –XX ғғ. Азия және Африканың Араб елдері.
- •Д12. XVII –XX ғғ. Азия және Африканың Араб елдері.
- •Д13. XVIII-XX ғғ. Басындағы Оңтүстік Африка.
- •Д14. Жаңа кезеңдегі Батыс және Орталық Африка елдері
- •Д15. Жаңа кезеңдегі Батыс және Орталық Африка елдері
- •VII семестр модуль 3. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Азия елдері. Д16. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай.
- •Модуль 3. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Азия елдері. Д17. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай.
- •Д18. Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Жапония
- •Д19. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Түркия.
- •Түркияда либералдық-конституциялық қозғалыстың басталуы. «Жаңа османдар» қоғамының құрылуы
- •Д20. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Иран.
- •Д21. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Африка елдері
- •Модуль 4. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия және Африка елдері д22. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай.
- •Д23. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай.
- •Д24. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония
- •Д25. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан.
- •Д26. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Иран.
- •Д27. Азаттық алғаннан кейінгі Пакистан. Бангладеш республикасының құрылуы.
- •Д28. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Араб мемлекеттері.
- •Д29. Қазіргі кездегі Африка елдері.
- •1980 Жылғы Қара Африка.
- •1990 Жылдардағы Қара Африка.
- •Д30. Қазіргі кездегі Африка елдері.
- •Машықтану сабақтар жоспары модуль 1. Пс1. Жаңа дәуір қарсанындағы Азия және Африка елдері
- •Пс2. Цин әулеті кезеңдегі Қытай
- •Пс3. Токугава әулеті кезеңдегі Жапония
- •Пс4. Жаңа кезеңдегі Корея мен Моңғолия.
- •Пс5. Осман империясының құлдырауы.
- •Пс6. Жаңа кезеңдегі Иран мемлекеті.
- •Пс7. Жаңа кезеңдегі Ауғанстан
- •Пс8. Жаңа кезеңдегі Үндістан.
- •Пс9. Жаңа кезеңдегі Оңтүстік-Шығыс Азия елдері.
- •Пс10. Жаңа кезеңдегі Үндіқытайдағы ағылшын және француз отарлары.
- •Пс11, 12. Африкадағы араб елдері.
- •Пс13,14. Жаңа кезеңдегі Оңтүстік Африка.
- •Пс15. Жаңа кезеңдегі Батыс және Орталық Африка елдері
- •Пс18. Үндістан халқының ұлт-азаттық күресі.
- •Пс19. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Ауғанстан.
- •XX ғасырдағы Африка елдері
- •Пс 21. Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Тропикалық және Оңтүстік Африка елдері
- •Пс22, 23. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай.
- •Пс24. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония.
- •Пс25. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан.
- •Пс26. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Түркия.
- •Пс 27, 28. Араб елдеріндегі азаттық қозғалысы.
- •Пс29,30. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ирак.
- •XXI ғасырдағы Азия және Африка елдері
- •Пән бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •VII семестр
- •Рубеждік бақылау сұрақтары
- •VI семестр
- •VII семестр
- •Оқушылардың білім жетістіктеріне бағау мен бақылауы бойынша құжаттар
- •Сабақтарды бағдарламалық және мультимедиялық тәсілдерді қолдануы
4. Мэйдзи революциясы.
XIX ғасырдың 60 жылдарында Жапония халқының жағдайы бір ауырлаған кез болды. 1867 жылы Жапонияның императоры тағына 15 жасар Муцухито отырды. Оның төңірегіне сегунға қарсы тұрған оңтүстіктегі самурайлар өкілдері топтасты. Олардың қолында едәуір әскери күш те болды. Олар сегуннан императорға билікті қайтарып талап етті. 1868 жылы 3 қаңтарда самурайлар қарулы күшпен көтеріліс жасап, жас императордың атынан сегун Кэйкиді орнынан кетіру жөнінде жарлық шығарып, билік императордың қолына көшті деп жариялады. сегунКэйкидің қарулы қарсылық көрсетіп, билікті сақтап қалу әрекеті нәтижесіз болды. Сегун билігі құлап, мемлекет императордың қолына көшті. Төңкеріс жасаушылар енді елдегі саяси билікті нығайтуға кіріседі. Жаңа үкіметтің негізгі міндеттері халыққа императордың бес баптық анты түрінде жарияланды. Мемлекеттің құрылымы туралы негізгі заң жасалды. Осы заңды 1868 жылы маусымда қабылданған соң, Эдо қаласының аты Токио деп өзгертілді. Муцухито императордың билік еткен кезеңі Мэйдзи деп аталды. Сондықтан да тарихта 1867-1868 жылдарындағы императорлық билікті қайта орнату әрекеті «Мэйдзи қайта қалпына келтіруі» деп аталды. 1867-1868 жылғы буржуазиялық революцияның алдында Жапонияда таптық күрес күшейе бастады. 1866 жылы шаруалардың 17 ірі көтерілісі болса, бір жылдан кейін сегунның билігі жойылып, көтерілістердің саны 48-ге жетті, ал 1870 жылғы көтерілістің саны – 31, 1873 жылғысы – 36. Осы революциялық көтерілістерге мыңдаған адамдар қатысты. Осынау көп ауқымды толқулар буржуазиялық революцияның басталғанының айқын дәлелі болды.
Жапонияда императордың билігі формальды түрде ғана болды, ал шын мәнінде билік сегунның қолында жиналған болды, ол бакуфу деген ставкасынан Жапонияны басқарып отырды. Мемлекетті ірі дайме деген феодалдар бөліп алған, олар Токугава деген сегунге тәуелді болды. Сегун бүкіл феодалдық әскерлерді басқарды. Оның қызмет орны мұрагерлікпен берілетін. Төңкеріс кезінде Жапонияны Токугава сарайының сегуны басқарды. 1867 жылы Жапонияның сегуны Иэмоти және императоры Комэйки қайтыс болғаннан кейін императорлық орынға қойылған 14 жастағы Муцухито еді. Жапонияны Кэйки империяның шын императорына берілсін деп ультиматум қойды. 1869 жылы азаматтық соғыс басталды, Токугава руы жеңіліп, сегун басқару процесінен ығыстырылды да, Жапонияны жас император басқара бастады. Осы өзгерістер Мэйдзи төңкеріс деп аталып, ал бұл дәуір Мэйдзи дәуірі деп аталатын болды. Бұл революцияның белгісін билік дайме мен сегуннан жартылай феодалдық помещиктерімен буржуазияның одағына көшті. Бұл одақты да басқарған Жапонияның имеператоры. Император прокламация қабылдап, халыққа өзінің саясатын мәлімдеді, оның уәделерінің ішінде халық жиналысын жинаймын, елдің пікірімен санасамын, жаман әдет-ғұрыптарды жоямын, әділетті сотты құрамындеген сөздер болды. Жапонияның жаңа үкіметі сол императордың туысқандарынан құрылды.
XIX ғасырдың 70 жылдарында Жапонияда буржуазиялық реформалар жүргізіліп, елді басқару орталықтандырылабастады. Феодалдық бытыраңқылық жойылды да, феодалдық ұсақ князьдердің мемлекеттерінің орнына астаналық үш префектура Токио, Киото, Осака құрылды. Бәріне ортақ ақша енгізілді, пошта, кеден шекаралар жойылды. Бұл шаралар феодалдық князьдардың биліктерін шектеп, капитализмнің дмуын нығайтты. 1872 жылы Жапония жұртшылығы: жоғары дворяндар ақсүйектер (кадзоки), самурайлар (сидзоку) және қарапайым халық (хэймин) болып үш тапқа жіктелді. Жалпыға бірдей әскери міндеттілік негізінде императорға бағынатн тұрақты әскер құрылды. Бұл өзгеріс самурайлардың бұрынғы ықпалын әлсіретсе де, толық жойған жоқ. Олар мемлекеттік тұлғалар ретінде қызмет етті, қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша әскер мен флотты екі князьдіктің өкілдері: Сацуманың адамдары – флотты, Тесю - әскерді бөліп басқарды. 1873 жылы Токио қаласында Әскери Академия ашылып, онда ағылшын және француз офицерлері сабақ бере бастады. Жапонияның әскерлері Еуропа әскеріне ұқсас құрылса да, оның әскери дәстүрлерін құрайтын самурайлардың әдет-ғұрыптары болды. Синтоизм, бусидо, патернализм саналары кеңінен қолданылды. Осы кезде Жапонияда бірыңғай валюта иена енгізілді. 1869 жылы көктемде император астанасы мүлгіген ортағасырлық Киотадан Токиоға көшірілді.
XIX ғасырдың 80 жылдарында Жапонияда буржуазиялық помещиктердің алғашқы саяси партиялары құрыла бастады. 1881 жылы Либералдық партия (Дзиюто), 1882 жылы Кайсинто реформалар партиясы, 1901 жылы Социалистік партия құрылды. Бұл кезде Жапонияда либералдық оппозицияның күшейгені айқын. Сондықтан Жапонияның үкіметі халыққа уәде беріп, оның арасында Жапонияның Конституциясы қабылданады деген ант берді. Буржуазияның саяси құқықтарын кеңейту және өнеркәсіптің дамуын жеделдету үшін шара қолдануды талап еткен буржузиялық либералдық партияға да жазалау шаралары төнді.
Осы партиялардың біріктірген негізгі мақсаты – Конституцияны қабылдату. Сол Конституцияны жазу үшін князь Ито басқарған делегат комиссия мүшелері шетел конституцияларымен және мемлекеттік құрылыспен танысу үшін Еуропа мемлекеттеріне барды. Олар Еуропа және АҚШ Конституцияларымен танысты. Басқа Еуропа мелекеттерінің Конституцияларынын арасында Пруссияның әскери-полицейлік режимді бекіткен 1850 жылғы Конституциясы да болды. Жапонияның үлгі ретінде қолданғаны Бисмарктың Конституциясы.
Конституцияның бірінші тараунда «Жапон империясы үздіксіз мәңгілік императорлық династия басқаруында болады»деп айтылған.
