- •Дәріс комплексі
- •VI семестр
- •1902 Жылы шетел елдердің Қытайға ақша беруі
- •Д3. Токугава династиясының билігі кезіндегі Жапония
- •4. Мэйдзи революциясы.
- •XX ғасырдың басындағы Жапония.
- •Қосымша:
- •Д4. Жаңа кезеңдегі Корея мен Моңғолия елдері
- •Д5. Осман империясының құлдырауы
- •Д6. XVII-XX ғасырдың басындағы Иран
- •4. 1905-1911 Жж. Иран революциясы
- •Д7. XVII-XX ғасырдың басындағы Ауғанстан
- •Д8. XVII-XX ғасырдың басындағы Үндістан.
- •Д9. XVII-XX ғасырдың басындағы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері.
- •Д10. Жаңа кезеңдегі Үндіқытай елдері.
- •Д11. XVII –XX ғғ. Азия және Африканың Араб елдері.
- •Д12. XVII –XX ғғ. Азия және Африканың Араб елдері.
- •Д13. XVIII-XX ғғ. Басындағы Оңтүстік Африка.
- •Д14. Жаңа кезеңдегі Батыс және Орталық Африка елдері
- •Д15. Жаңа кезеңдегі Батыс және Орталық Африка елдері
- •VII семестр модуль 3. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Азия елдері. Д16. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай.
- •Модуль 3. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Азия елдері. Д17. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай.
- •Д18. Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Жапония
- •Д19. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Түркия.
- •Түркияда либералдық-конституциялық қозғалыстың басталуы. «Жаңа османдар» қоғамының құрылуы
- •Д20. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Иран.
- •Д21. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Африка елдері
- •Модуль 4. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия және Африка елдері д22. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай.
- •Д23. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай.
- •Д24. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония
- •Д25. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан.
- •Д26. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Иран.
- •Д27. Азаттық алғаннан кейінгі Пакистан. Бангладеш республикасының құрылуы.
- •Д28. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Араб мемлекеттері.
- •Д29. Қазіргі кездегі Африка елдері.
- •1980 Жылғы Қара Африка.
- •1990 Жылдардағы Қара Африка.
- •Д30. Қазіргі кездегі Африка елдері.
- •Машықтану сабақтар жоспары модуль 1. Пс1. Жаңа дәуір қарсанындағы Азия және Африка елдері
- •Пс2. Цин әулеті кезеңдегі Қытай
- •Пс3. Токугава әулеті кезеңдегі Жапония
- •Пс4. Жаңа кезеңдегі Корея мен Моңғолия.
- •Пс5. Осман империясының құлдырауы.
- •Пс6. Жаңа кезеңдегі Иран мемлекеті.
- •Пс7. Жаңа кезеңдегі Ауғанстан
- •Пс8. Жаңа кезеңдегі Үндістан.
- •Пс9. Жаңа кезеңдегі Оңтүстік-Шығыс Азия елдері.
- •Пс10. Жаңа кезеңдегі Үндіқытайдағы ағылшын және француз отарлары.
- •Пс11, 12. Африкадағы араб елдері.
- •Пс13,14. Жаңа кезеңдегі Оңтүстік Африка.
- •Пс15. Жаңа кезеңдегі Батыс және Орталық Африка елдері
- •Пс18. Үндістан халқының ұлт-азаттық күресі.
- •Пс19. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Ауғанстан.
- •XX ғасырдағы Африка елдері
- •Пс 21. Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Тропикалық және Оңтүстік Африка елдері
- •Пс22, 23. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай.
- •Пс24. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония.
- •Пс25. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан.
- •Пс26. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Түркия.
- •Пс 27, 28. Араб елдеріндегі азаттық қозғалысы.
- •Пс29,30. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ирак.
- •XXI ғасырдағы Азия және Африка елдері
- •Пән бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •VII семестр
- •Рубеждік бақылау сұрақтары
- •VI семестр
- •VII семестр
- •Оқушылардың білім жетістіктеріне бағау мен бақылауы бойынша құжаттар
- •Сабақтарды бағдарламалық және мультимедиялық тәсілдерді қолдануы
1980 Жылғы Қара Африка.
1980 жылы экономикалық жағдай күрт төмендегіне байқалды, саяси жанжалдар, азаматтық түсінніспейшілік көбейді. 1980 жылғы Африкадағы экономикалық дамуға кейбір факторлар теріс әсер етті. 1970 жылы энегетикалық кризис кәсібі дамыған елдерде құрылымдық өзгеруге жол берілді. Одан кейін көп кешікпей энерго және материалды төзімді кәсіптер шығарылды. Осыдан кейін сыртқа тауарды импортқа сату төмендеді.
Африкалық елдердің әлемдік саудада қатынасы төмендей бастады. Саудалық баланстың дефицитінен олар сырттан қарыз алуға мәжбүр болды.
1980 жылдың аяғына дейін берешек 230 млрд. долларды құрады, ал ВНП жан басына шаққанда 4 пайызға төмендеді.
Салыстырмалы түрде АҚШ жан басына шаққанда кіріс – 16 490 долларды құраса, Эфиопияда - 110 доллар, Араб эмираттарында – 19 020 доллар, Шфейцарияда – 14 200 доллар, Малида – 130доллар, Чадта – 90 доллар болды.
1980 жылы Африка. бала өлімі, демографиялық өсіммен, қалалық халқының өсуі, жұмыссыздықтың көбеюі сауда- саттықтың артта қалуы, экономикалық жағдайдың нашарлауы жағынан бірінші орын алды
Елдегі жағдай батыс елдерінің келісімшартқа отырғанымен ушықты. Ол келісімшартта былай делінген: Африка еліндегі 23 млн. тонна керемет улы қалдықтарды жер астына көміп тастау. Мысалы, Еуропада мұндай зиянды, улы қалдықтарды жер астына көму құны 1 мың доллар тонна үшін болса, АҚШ-та – 205. Ал Африкалықтарда 1 тоннаға – 40-50 доллар ұсынған.
Халықтың ең кедей жақтары қорғалатындай жағдай жасалмаған, бағалар өсе бастаған. Ұлттық денсаулық сақтау және оқу-ағарту бағдарламалары теріске шығарылға, шетел инвесторлары жағынан қаржылай көмек көрсетілмеген, халық шеруге шыққан. 1980жылдың ортасында экономикалық және социалдық құлдырау Қара Африкада шиеленісе түскені сондай, БҰҰ африкалық регионға өзінше статус берілді, жаңадан бағдарлама жасалынды.
1990 Жылдардағы Қара Африка.
ХХІ ғасырдың басында әлемдік рынокпен қатар Африкада түрлі процестер жүріп жатты.
Батыс елдерінің моральдық міндеттері көмек көрету жағынан Батыс елдерінің 0,7 пайызы ВВП кедейлікті, артта қалушылықты жою үшін сақталған жоқ. 90 жылдардың аяғында өз дамуында артта қалаған Африка елдеріне 80 жылдардың аяғына қарағанда, 0,2 пайыз ВВП кем берілді.
90 жылдары Қара Африкадағы әлемдік экспорттағы шығарған өнімі 10 жылға қарағанда 2,4-19 пайыз төмендеді.
1991 жылы Генералдық Ассамблея «Африканың 90 жылдары дамуы туралы» бағдарлама қабылдайды: бұл құжат нақтырақ Каир бағдарламасында суреттелген. Оны Африкалық біріккен ұйым (АБУ) ,1995 жылы финанстік планда 1995-2005ж., Африка жөнінде экономикалық ұйым БҰҰ.
Бұл шешімдер Африканы тығырықтан шығарады деп шешілді.
Мұндағы шешуші роль МВД мен МБРД берілді.
Әдебиет:
История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.
Новейшая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2000.
Сейдхан К., Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.
Д30. Қазіргі кездегі Африка елдері.
Қазіргі кезеңдегі Африканың саяси картасы. Ерекшеліктері.
Қазіргі кездегі Африка елдердің экономикалық дамуы.
1. 1975 жылдың аяғында Испания өз отары Рио де Оро жерін тастап шыққанда екі ел өзара бөліске салды. 2/3 бөлігін Марокко,1/3 бөлігін Мавритания иеленді. Бірақ батыс-сахаралық ұлтшылдарының ПОЛИСАРИО ұйымы құрылып, бұл территория тәуелсіздігі үшін күресті.Олар көрші мемлекеттер – Алжир және Ливия көмегіне сүйене отырып, 1976 ж. Сахара Араб Демократиялық Республикасын жариялады.
ПОЛИСАРИО КСРО-дан (Алжир арқылы) ал Марокко АҚШ пен Франциядан көмек алу нәтижесінде ұзаққа созылған соғыс басталды.
Экономикалық күрделі жағдайға тірелген Мавритания 1979 ж. Рио де Оро жеріндегі өз үлесінен бастартты. Ол территорияға мароккалық әскерлер өз бақылауын орнатты. Алайда соғыс барған сайын тығырыққа тіреп, Марокко бақылауындағы территориялардың шекарасы өң бойына көлемді дуал тұрғызуға, 100-мыңдық армияны ұстап тұруға күнделікті шығындар – 750 мың доллар қаржы жұмсауға мәжбүр болды.
1983 ж. король Хасан П М.Каддафимен келісім жасауы нәтижесінде Ливия ПОЛИСАРИО майданын қолдаудан бастартты. Есесіне Чад ісіне араласпауға уеде берді. Бірақ 1986 ж. Хасан П Ливиямен келісімнің күшін жоюға мәжбур болды. Себебі аталған келісім АҚШ үкіметінің наразылығын туғызды.
Дегенмен 1987 ж. Алжирмен келісімге келіп, ПОЛИСАРИО майданын қаржылық қолдауы тоқтатылды. Оның көсемдері арасында келіспеушілік пайда болды. Осы кезенде барлық саяси жағдай өзгеріп, Шығыс- Батыс қарама-қайшылығы артта қалды және бұл Батыс Сахарадағы қарулы қақтығыстарды шешу үшін қолайлы жағдай туғызды. Алайда бұл территориялардағы халықтардың өз тағдырын өзі шешу туралы референдум ұйымдастыру мүмкін болмай отыр , бірақ бұрынғыдай әскери қақтығыстар жок.
Келесі бір ірі әскери қақтығыс Чад мемлекетінде алғашқы президент Француа Томбал-бай кезінде басталды. Оған 1966 ж. штаб-пәтері Ливияда орналасқан ФРОЛИНА ұйымы қарсы шықты. Францияның әскери араласуымен байланысты Ф.Томбалбай билігі сақталғанымен, 1975 ж. ол қаза тауып, соғыс жалғаса берді.
Осы кезенде француздар кетіп, ФРОЛИНА көсемдері арасындағы келіспеушіліктің нәтижесінде Гукуни Уэддей және Хиссен Хабре бастаған екі топ қалыптасты. Алғашкысы ливиялықтардың қолдауымен 1980 ж. Чад астанасы Нджамена бағытында шабуылға шығын, Гукуни Уэддей билікті басып алды. Оның есесіне Ливияға сый ретінде бай уран қоры бар деп болжанған Ауза жерін беруге уеде етілді.
Соғыс жалғасын тапты. 1986 ж. ливиялықтар Г.Уэддейді қолдаудан бастартқандықтан, 1987 ж. Х.Хабре билікке кілді. Бірақ 1990ж. Ливия Хабренің серіктесі Идрис Дубиді қолдауының нәтижесінде соңғысы билікті қолына алды.
Чад мемлекетінде тұрақсыздық жағдай сақталды. Себебі бұл елге қалайда ықпал жасауға тырысқан Ливия, Франция, АҚШ, Израиль елдері оның ішкі ісіне үнемі араласуы жағдайды күрделендірді. Алайда Чад мемлекетіндегі әскери қарамақайшылық ұлғайды, Ауза жерінде уран жоқ болып шықты. Сөйтіп 1989 ж. Ауза сызығына қатысты Чад және Ливия арасындағы дау Халықаралық сотқа берілді.
1990 ж. Батыс Африкадағы Либерияда басталған азамат соғысы кезеңінде және оның көрші Сьерра-Леоне республикасына таралуы мүмкін кезеңде африкалық 5 мемлекет біріккен карулы күштерін құрды (ЭКОМОГ). Бұл күштер өзара қақтығыстарға нүкте қоюы қажет болды.Құрамында негізінен нигериялықтар мен ганалықтар енген 5 мың әскер Либерияға аттандырылды. Көп күш жұмсаудың нәтижесінде 1995 ж. елде биліктің ара-жігін айыру туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл басқа державалардың араласуынсыз алғаш рет африкалықтардың қақтығысты табысты шешуге әрекеттері болып табылды. Бірақ 1978 ж. Заирде француз және бельгиялық десанттарын Марокко, Сенагал, Піл сүйегі жағалауы, Того және Габон елдерінің аралас әскерлерімен алмастырылған еді.
Шығыс Африкадағы Менгисту Хайле Мариам режимін КСРО-ның қолдауы көрші – Сомали мемлекетінде дағдарысқа әкелді. 1982 ж.басталған құрғақшылық, аштық және аурулар мемлекеттің ыдырауын тездетті. Сомалиде 1980жж. 20-ға жуық халықаралық ұйымдар жұмыс істегеніне карамастан, жағдай тұрақсыз және дұрыс ұйымдастырылмады.
1991 ж. Сомали президенті Сиад Баре биліктен тайдырылып, елде тәртіпсіздік орнады. 1992 ж. Сомалиге Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі боиынша БҰҰ Күштері бейбітшілік орнату мақсатында аттандырылды. Осы кезенде ел жауласуши әулеттерге бөлініп кетуі, оларды қарусыздандыру кажеттігін туғызды.
2. Мозамбикте бейбітшілік орнауы нәтижесінде өндіріс өнеркәсібі өсіп, 90-жылдардың аяғына қарай жылына 10% қарқынмен дамыды. Алайда 1999 ж. желтоқсанда жаңа сайлау өткізіліп, Мозамбик ұлттық қарсыласу күштерінің ыкпалы өсе түскендігі байқалды. Бірақ ол көпшілік дауыска ие бола алмады. Сөйтіп сайлау барысы билеуші партия Мозамбик азат ету майданы мен Мозамбик ұлттық қарсыласу күштері, әсіресе олардың көсемдері Жоаким Чиссано және Альфонсу Длакомо арасында қарама-қайшылықты шиеленістірді.
Қазіргі кезенде Мозамбик үлттық қарсыласу күштері өз позициясын Мозамбиктің солтүстік және оңтүстік бөлігінде көбірек сақтады, бірақ ел біртіндеп ұзақ соғыстан кейін қатарға қосылып келеді.
Анголада 80-жж. азамат соғысы жалғасып, АҚШ УНИТА-ны қолдап, Ж.Савимбиге маңызды көмек көрсетсе, КСРО 1979 ж. А.Нето өлген соң билікке келген президент Эдуард душ Сантуш үкіметін қолдады. Соғысқа Куба және Оңтустік Африка қарулы күштері де тартылды. Келіссөздер нәтижесінде 1988ж. кубалық және оңтүстік африкалық әскерлерді шығару шығару туралы бітімге қол қойылды.
1991 ж. Португалия, АҚШ және КСРО делдалдығымен Бисесск келісіміне қол қойылды. Келісім нәтижесінде Анголада белгілі бір уақытқа азамат соғысы тоқтатылды. 1991 ж. наурызда саяси партиялар туралы заң қабылданды. Елде 100-ге жуық партиялар құрылды. Конституцияда көп партиялық демократия принципі бекітілді.
1991 ж. қыркүйекте БҰҰ бақылауымен Анголада парламенттік және президенттік сайлау өткізілді. Парламентте Анголаны азат ету үшін халық қозғалысы – 129 орынға, УНИТА 70 орынға ие болды. Президент сайлауында Эдуард душ Сантуш 49,5 % дауыс, ал Ж. Савимби 40 % дауыска ие болғандықтан, сайлудың екінші турын өткізу қажеттігі туындады. Бірақ Савимби сайлау нәтижелерін мойындаудан бастартып, азамат соғысын қайта жандандырды. Тек 1994 ж. қазанда азамат соғысын тоқтату және бейбіт келіссөздерді жаңғырту туралы келісімге қол қойылды.
Қазіргі кезенде африкааралық бейбітшілік орнату күштерін кұру туралы мәселе күн тәртібінде тұр. АҚШ, мысалы, Сенегал және Уганда қарулы күштерінен бір-бір батальон дайындады, ал Гана, Малави, Мали, Тунис және Эфиопия батальондары дайындалуда.
Бұл жағдай әскери қарама-қайшылық деңгейін төмендетіп, әскери шығындарды қыскартуға көмеғін тигізуі мүмкін. Африкалық мемлекеттер, әсіресі экономикалық және саяси тұрғыда тұрақсыз елдер жылына әскери кажеттіліктерге 15 млрд.доллардан астам қаржы жұмсайды. Африканың 12 мемлекеті әскери мақсатта ішкі ұлттық өнімнің 5 % жұмсаса, тіпті бірқатар елдер (Ангола, Марокко, Кабо-Верде) 12 %-ке дейін шығындауы НАТО-ға мүше елдермен салыстырғанда бірнеше есе артық..
Африкалық бір сарбазды қамтамасыз етуге кажетті қаражат 364 жай азаматтардың емделуіне, әлеуметтік қамсыздандырылуына және білім алуына жұмсалатын қаржымен тең келеді. Аса көлемді әскери шығындар халықаралық қақтығыстар қауіпін туғызып ғана қоймай, оңсыз да шектнулі Африканың қорларына зияның тигізуде.
Қорыта айтқанда, Африканың 40-жылдық иәуелсіз дамуы уақытында афропессимизм, яғни тәуелсіздік нәтижесіне көңілі толмады. Соңғы жылдардағы бірқатар онды өзгерістерге қарамастан (қайта жаңғырған экономикалық өсу, халықаралық қақтығыстар санының азаюы), қазіргі кезде қамкорлықмандаттық жүйесін жаңғыртудың турлі жолдары қарастырылуда.
Алайда басқа да ұстанымдар бар, соның шінде, «африкалық ренессанс» тұжырымының авторы қазіргі ОАР-ның президенті Табо Мбеки пікірі бойынша,континенттің қайта өрлеуінен көреді. 2000 ж. Лом қласында (Того астанасы) Африкалық одақ кұру туралы пактіге қол қойылды. Бұл ұйым біртіндеп Африканың бірлігі ұйымын ауыстыруды көздеген. Африкалық одақ кұру ауқымды күш жұмсалып, 2002 ж. ол кұрылды. Төрағасы ретінде ОАР-ның президенті Табо Мбеки сайланды. Сөйтіп африкалық мемлекеттердің тәуелсіздігі үшін көп істер атқарған Африканың бірлігі ұйымы қызметін тоқтатты. Бұл істерден қантай шығатынын алдағы уақыт кқрсетеді.
Қалай болғанда да Африка төтенше жағдайда қалып отыр: тұрғындардың жан басына шаққандағы табысы әлемде ең сонғы орында, балалар өлімінің ең жоғарылығы, СПИД-тің таралу қарқынының үрей туғызарлығы, жұмыссыздық т.б. Сондықтан Африка халықаралық көмекке мұқтаж.
Әдебиет:
История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.
Новейшая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2000.
Сейдхан К., Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.
