- •Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
- •ИиДәріс №2 Тақырыбы: Саяси ғылымдардың негізгі қалыптасу кезеңдері
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Дәріс №3 Тақырыбы: Қазақстан саяси ойларының қалыптасу тарихы
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Дәріс №4 Тақырыбы: Қоғамның саяси жұйесі
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Дәріс №5 Тақырыбы: Саясат қоғамдық өмір жүйесінде
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Саяси элита және саяси көшбасшы
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Дәріс №10 Тақырыбы: Саяси процесс және саяси қызмет
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Дәріс №11 Тақырыбы: Саяси режимдер
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Дәріс №12 Тақырыбы:Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Дәріс № 14 Тақырыбы: Әлеуметтік-этникалық қауымдастық және ұлт саясаты.
- •Дәріс № 15 Тақырыбы: Саяси технологиялар. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар. Қазіргі заманның жаһандық мәселелері. Саяси технология ұғымы, мәні, ерекшеліктері, құрылымы.
- •Этникалық-демографиялық ерекшелігі:
- •Экономикалық ерекшеліктер:
- •Саяси-иделогиялық ерекшеліктер:
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1.Саяси жүйенің түрлерін атаңыз.
2.Саяси жүйенің қызметі?
3.Саяси жүйеге не жатады?
4.Саяси жүйедегі саяси мәдениет ұғымына түсінік беру?
Дәріс №5 Тақырыбы: Саясат қоғамдық өмір жүйесінде
Сұрақтар
Саясат ұғымы және оның пайда болуы.
Қоғамның саяси саласының ерекшеліктері.
1. Алғашқы қауымдық қоғамда жалғыз адам жеке-дара өмір сүре алмайды. Себебі, айналада жыртқыш аңдар болды, басқарудың адамдарды да жат көзбен қарады. Сондықтан ұжымдасып ру-ру, тайпа-тайпа болып тұрудың арқасында ғана табиғаттын дүлей күшіне қарсы тұра алды, өздерінің қауіпсіздігін және күн көрісін қамтамасыз ете алды.
Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды:
1) саяси институттар
2) саяси қатынастар
3) саяси ережелер
4) саяси мәдениет.
Саяси институттарға (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с.байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады.
Солардың ішіндегі ең негізгісі – мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу, зорлау органдары (әскер, сот, полиция, милиция және т.б.) болады. Солардың көмегімен ол адамдардың жүріс-тұрыс, іс-әрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.
2. Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың басқа (экономикалық, ұлттық, діни, жанұялық және т.с.с) қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді. Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып саяси ережелер (нормалар) есептеледі. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады.
Оларға белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін мемлекет тарапынан шаралар қолданылады. Сонымен қатар саяси қызметті атқару үшін қоғамдық ұйымдар жасаған және солардың ішіндегі қатынастарды реттеуге арналған ережелердің де маңызы зор. Оларға ең алдымен сол ұйымдардың жарғылық ережелері жатады. Саяси жүйенің төртінші белгісі – саяяи мәдениет. Ол саяси сана мен іс-әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. Саяси мәдениеттің реттеушілік қызметі адамдардың іс-әрекетіне және олардың ұйымдарына ететін әсерінен білінеді. Сонымен бірге бұрынғы және қазіргі саяси жүйе және оның элементтеріне, саяси қызметкерлер, басқару ақпараттының лауазымды адамдарына, саяси-басқару шешімдерін дайындау және қабылдау процесіне және т.б. ықпал етуінен де байқалады. Саяси жүйенің көрсетілген бұл төрт бөлігі үздіксіз дамып отырады. Олар өздеріне тән арнайы әдіс-тәсілдерді пайдаланып отырып, белгілі бір мақсаттар мен қызметтерді атқарады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты болады. Саяси жүйенің басты қызметі – қазына, байлықты бөлу саласына бақылау жасау. Олардың дұрыс бөлінбеуі ел ішінде әр түрлі әлеуметтік топтар арасында алакөздік, дау-дамай тудыруы мүмкін. Саяси жүйе оған жібермей, қайшылықтарды қиюластырып, келістіріп, шиеленістерді өршетпей, өрбетпей, жан-жақты бітістіріп отырғанда ғана өз рөлін ойдағыдай атқарады. Саяси жүйе қоғамдық өмірдің барлық салаларының дамуына бағыт беріп, ықпал етеді, оларды басқарады. Қоғам дамуының мақсатын айқындайды. Мақсатына байланысты саясат экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ұлттық, ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Әдетте, мақсаттарды саяси партиялар зерттеп дайындайды. Парламенттік сайлауда женген партияның саяси бағыты мемлекеттің еріксіз мәжбүр ететін күштеріне (әскер, милиция) сүйеніп жалпыға міндетті мемлекеттік жарлық сипаттын алады. Мемлекеттік басқару органдары қоғамды қабылдаған шешімдерді орындауға жұмылдырады, қоғамдық процестерге әсер ететін негізгі тетікке айналады.
Біз осыған дейін бір мемлекеттің ішіндегі саяси жүйе туралы сөз еттік. Сонымен қатар саяси жүйе дүниежүзілік (БҰҰ), аймақтық (Еуропалық одақ, НАТО және т.б.), екі жақты («Шығыс пен Батыс» қатынастары) болуы да мүмкін.
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1.Қоғамның әлеуметтік құрылымы деген не?
2.Қоғамның әлеуметтік құрылымы қалай жіктеледі?
3.Республикамыздағы әлеуметтік құрылымның даму үрдісін қалай түсінесіз?
4.Ұлттық саясат деген не?
5.Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны қандай?
Дәріс №6 Тақырыбы: Билік саяси феномен ретінде
Сұрақтар:
1.Билік ұғымы мен түсінігі.
Билік қызметі мен оның түрлері.
1. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар. Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады . Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат әләмінің мәнін түсініп білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік үшін күрес және биләкті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн – Халдун (1332 - 1406) адамның басқа жан – жануарлардан ерекшелігі – ол билік үшін күреседі деген екен.
Ағылшынның ең ірі фәлсафашыларының бірі, қоғам қайраткері болған Бертран Рассел (1872 - 1970) физикада басты ұғым энергия болса , қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады ддеп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902 - 1979) экономикалық жүйеде ақша ақша қандай орын алса , саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы басқа тақырыптардың бәрі билікке байланысты келеді.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетейік.
Телеологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгіленген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын фәлсафалшысы Т.Гоббс (15881679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.
Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс тұрысын , өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкінділігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.
Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану , қолдану мүмкіндігі деп біледі.
Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл , басқарғысы келіп тұратын болады.
Конфликтілік анықтама билікті дау жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік , шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіріледі.
Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларңа тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.
П. Моррис, А.Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс әрекет дейді.
Америка саясаттанушылары Г.Лассуэлл мен А.Каплан «Билік және қоғам» деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.
Биліктің
қызметтері
мен жіктелуі
Биліктің субъектісіне жеке адам немесе партиялар, ұйымдар жатады делік. Бірақ олар бәрі бірдей билік жүргізе алмайды. Сондықтан мұндай құқық адамдардың, ұжымдардың, партиялардың, топтардың, белгілі бір бөлігіне ғана беріледі. Бұдан келіп билік етуге сенім білдіру мәселесі туады.
