- •Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
- •ИиДәріс №2 Тақырыбы: Саяси ғылымдардың негізгі қалыптасу кезеңдері
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Дәріс №3 Тақырыбы: Қазақстан саяси ойларының қалыптасу тарихы
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Дәріс №4 Тақырыбы: Қоғамның саяси жұйесі
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Дәріс №5 Тақырыбы: Саясат қоғамдық өмір жүйесінде
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Саяси элита және саяси көшбасшы
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Дәріс №10 Тақырыбы: Саяси процесс және саяси қызмет
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Дәріс №11 Тақырыбы: Саяси режимдер
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Дәріс №12 Тақырыбы:Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Пысықтауға арналған сұрақтар:
- •Дәріс № 14 Тақырыбы: Әлеуметтік-этникалық қауымдастық және ұлт саясаты.
- •Дәріс № 15 Тақырыбы: Саяси технологиялар. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар. Қазіргі заманның жаһандық мәселелері. Саяси технология ұғымы, мәні, ерекшеліктері, құрылымы.
- •Этникалық-демографиялық ерекшелігі:
- •Экономикалық ерекшеліктер:
- •Саяси-иделогиялық ерекшеліктер:
Пысықтауға арналған сұрақтар:
Саяси сана түсінігіне анықтама беріңіз?
Саяси элита түсінігі?
Саяси мәдениет түсінігі және оның қалыптасу ерекшеліктері?
Саяси мәдениеттің қызметі?
Саяси көшбасшыға қойылатын талаптарды көрсетіңіз?
Саяси көшбасшы жіктеу түрлері?
Дәріс №10 Тақырыбы: Саяси процесс және саяси қызмет
Сұрақтар:
1.Саяси процесс ұғымы, оның мәні, құрылымы. Саяси процесс сатылары.
2.Саяси процестің типологиясы.
3.ҚР саяси процестер.
1. Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.
Саяси процестің өмірге келуі белігілі бір ойдан, идеядан туындайды да оның теорияға айналуына процестің субъектісі (үкімет, лидер және т.с.с.) оны теория дәрежесіне жеткізеді. Процесс элементтерінің өзара сәйкестілігі анықталады. Олардың билік субъектісі мен мақсат-міндеттері, әдіс-тәсілдері арасындағы үйлесімділік болуы керек. Орындаушылардың алға қойған талаптарына жауап бере алуымен қатар, олардың жеткілікті қаржылары болуы керек. Саяси процестің әрбір кезеңі мұқият ойластырылғанда ғана табысты болады.
Қоғамдық өмірдің бір саласы саяси өмір. Саяси өмір саяси байланыстың қарапайым формасы саяси қатынастардан көрінеді. Онда өмір сүріп жаткан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат-мүдделері кейде үйлесіп, кейде келіспей жатады. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайга келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т. с. с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Сондыктан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.
Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады:
1.Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау.
2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.
4.Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау-екі жолмен жүргізіледі: біріншісі-мемлекеттік мекемелер, партия органдары, қоғамдық ұйымдар мен козғалыстардың белгілі бір құрылымдары арқылы жүзеге асады. Мұнда мемлекет аппаратына қарасты тексеру, қадағалау қызметтері, партиялық бақылау, ресми баспасөз органдары енеді. Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға барлық азаматтардың қатысуына мүмкіндік жасалады. Мұның екінші атауы-«төменнен бақылау». Бұл үшін қоғам демократиялық жолмен дамуы керек.
Сонымен саяси поцесс дегеніміз әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардың, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан екінші жағдайға келіп өзгеруі, қозғалуы.
Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне карай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді:
Ішкі саяси процесс азаматтардың саяси белсенділігінің институцияланған түрлерінен, олардың іс-әрекетінен, билік құрылымының ұйымдасуынан және т. б. белгілі болады. Олар азаматтарды саяси іске тарту, жұмылдырудың амал-әрекеттерін, басқару түрлерін айқындайды. Саяси ұйымдардың жаңа талаптарға сай жұмысын, құрылымын өзгертіп, бейімделе, икемделе білуі оның әлеуметтік ортаға етер ықпалының деңгейін көрсетеді. Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына карай демократиялық және антидемократиялық саяси процесс етіп бөледі. Демократиялық түрінде халық (тікелей немесе өкілдері арқылы) билейді. Антидемократиялық процесте билік авторитарлык көсем, монархтың, бір билеуші партияның, әскери топтың қолында болады. Атқаратын кызметінің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады. Ашығында азаматтар, топтар билік институттарымен үздіксіз кездесіп, мақсат-мүдделерін білдіріп отырады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талаптарын ескеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізеді. Жасырын түріне тоталитарлык тәртіпті жатқызуға болады. Онда бүкіл билік орталықтың қолыңда, жергілікті жердің мүддесімен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шететтіледі. Адамдардың барлық өмірі қатаң бақылаудың астына түсіп, еркіндіктері мен бостандықтары шектеледі.
2. Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне, билік субъектілерінің қызмет ықпалдылығы және өзара катынастарының тиянақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз етіп бөледі:
Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді, сенімді жұмыс істейді, азаматтар да саяси іске белсенді катынасады. Саяси шешімдер дәстүрлі демократиялык жолмен қабылданып жатады. Әлеуметтік түсінбеушілік, кикілжіңдерді азаматтық ұйымдар өздері реттейді. Мемлекет олардың ісіне араласа бермейді. Жалпы халықтың жағдайы жақсы елде заңды тәртіп орнайды. Көпшілік жұрт билік институттарынын іс-қимылын қанағаттанғандықпен қабылдайды.
Тұрақсыз жағдай әдетте қоғам өмірі күйзеліске ұшырап, тығырыққа тірелген шағында пайда болады. Оған халыкаралық қатынастардағы шиеленістер, соғыстағы жеңіліс, өндірістің ұзак уақыт құлдырауы, көпшілік халықтың әл-ауқатының нашарлап, төмендеуі және т.с.с. әлеуметтік кикілжіңдер себеп болады. Қайшылықтардың күшейіп, асқынуы, дер кезінде шешілмеуі көпшілік жұрттың наразылығын тудырады. Мұндайда саяси бағытты өзгертуге тура келеді. Оны реформалық және революциялық жолмен жүзеге асыруға болады. Реформада жаңа заң актілері арқылы сол қоғамның шеңберінде өзгерістер енгізіледі. Онда алға қойған мақсатқа ақырын, кейде бірнеше кезең арқылы жетеді, өзгерістер біртіндеп жасалады. Революция-қоғамдағы биліктің, саяси жүйенің толық, түбегейлі езгеруі. Ол әлеуметтік-саяси өмірдің, терең дағдарысынан туады. Мемлекет басындағы топтар өздігінен билікті бере қоймайтындықтан онда күштеу, зорлау кен орын алады. Саяси жүйеге ықпал жасау үшін көтеріліс те жасалады. Оны ұйымдастырушылар алдына белгілі бір мақсат қояды. Саяси өмірде бүлікшілік (бунт) те кездеседі. Ол саяси үстемдік етуші топтың, мемлекет органдарының шектен тыс іс-әрекетіне жауап ретінде тууы мүмкін. Көтеріліспен салыстырғанда ол ұйымдаспаған, стихиялы түрде келеді, анық-айқын мақсаты болмайды. Қатысушылар саны да азырақ, ұрандары не тым кең көлемді, не тым тар шеңберді қамтиды. Бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекетін бүлік (путч) дейді. Оны көбіне әскери топ өз диктатурасын орнату үшін пайдалануға тырысады. Ол халықтан қолдау таппайды және оның жағдайды терең ойланған бағдарламасы болмайды.
Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйенің шенберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді. Өкілдік органдар аркылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді. Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісі- институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу аркылы өз көзқарастарын білдіреді. Қазіргі демократиялык қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі-сайлауға қатысу. Ұйымдастырылу және өткізу жағынан сайлауға ұқсас келетін-референдум. Оған қатысушылар азаматтар сол арқылы өздерінің мемлекеттік билікке және т.б. маңызды мәселелер бойынша пікірлерін білдіреді. Оның қорытындысы заңдастырылған саяси шешімге айналады.
Саяси процеске қатысудың бұқаралық жиналыс, шеру, ереуіл сияқты билікке ықпал ету түрлері бар.
Сонымен қоғамдағы азаматтардың саяси белсенділігі елдегі ішкі жағдайға, саяси институттардың ықпалы мен әрекеттілігіне, қоғамдық күштердің ара салмағына, демократиялық дәстүрлердің жетілу деңгейіне тікелей байланысты.
Қоғам дамуының қазіргі замандағы әлеуметтік жаңарудың жоғарғы қарқыны, өмірдің барлық саласына сай қоғамдық қатынастардың өрлеуі саяси процестің жан-жақты жетілдірілуін, мейлінше үйлесімділігін қажет етеді.
3. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшеммен көп уақыт өте қоймаса да, жаңа мемлекеттің саяси дамуының кейбір қорытындыларын шығаруға айтарлықтай негіз бар.
Қазақстан егемендігін алғаннан кейін саяси жүйесін демократиялық тұрғыда ұйымдастыруды негізгі заңында көрсетті.
1991-1995 жылдары-нақты тәуелсіздік сәтімен егемен Қазақстанның Конституциясы қабылданға дейін қазақстандық мемлекеттіліктің іргетасы қалыптастырылып, бір партиялық өктемділіктен саяси плюрализмге көшуге, демократиялық даму негіздерін құруға күш жұмсалды. Бұл кезеңде «Тұрақты да күшті экономика болмайынша саяси даму ауырда баяу жүретінін, жалпыхалықтық наразылыққа, елді тұрақсыздандыруға соқтыруы мүмкін». «Алдымен экономика, кейін саясат» деген ұстанымдар басты назарда болды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Ата заң қабылданған күн-мемлекеттік мереке-Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні деп жарияланды. Қазақстанның мемлекеттік құрылымының жаңа моделі-президенттік республика осы Конституциядан бастау алады.
Саяси және экономилық даму 7 қазандағы 1998 жылғы өзгерістерді әкелді, яғни Президентті кезектен тыс сайлау туралы 48 баптың 1 пункті алынып тасталды.Өзгеріс бойынша Президенттің өкілеттілігі бірінші кезекте Сенат төрағасына, екінші кезекте Мәжіліс төрағасына, Үкімет төрағасына беріледі. Президент міндетін уақытша атқарушы Парламентті таратуға, Үкіметті отставкаға жіберуге, референдум өткізуге, Конституцияға өзгерістер енгізуге құқығы болмады. Мәжіліс депутаттарының саны 67-ден 77 ұлғайып, партиялық тізім бойынша сайлау енгізілді. Үкімет мүшесінің жауапкершілігі арттырылды. Сонымен қатар Мәжіліс 5 жылға, Сенет 6 жылға, Президент 7 жылға сайланатын болды.
1995-2000 жылдары президенттік республика басқару нысанын таңдап алу арқылы елді посткеңестік экономикалық және саяси дағдарыстан шығарды. Саяси тұрақтылық сыртқы инвесторлар үшін экономикалық тартымдылықты қамтамасыз етті.
Қазақстан 2001-2006 жылдары әлеуметтік-экономикалық серпінді секірісті қамтамасыз етіп, өңірлік көшбасыға айналды. Бұл аралықта Үкімет мүшелерінің кандидатуларын талқылау, әкімдердің халық алдында есеп беруі, сайлау заңнамасын жетілдіру, судьялар мәртебесін көтеру сияқты бірқатар шаралар жүзеге асырылды.
2007 жылы Қазақстанда елдің саяси жүйесін мұнан әрі қарай жаңарту тұжырымдамасына негізінен сәйкес келетін бірқатар айтулы оқиғалар болды. Біріншіден, 2007 жылдың 28 ақпанында Президент Н.Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына жолдауында елдің әрі қарай дамуының жалғыз дұрыс бағыты деп жан- жақты жедел жаңғырта жаңарту жолын атады. Екіншіден, 2007 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Конституциясына саяси алаң мен саяси ойын ережесінің пішін үйлесімін өзгерткен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Ол мемлекет басшысының жекеленген өкілеттіктерін Парламентке беру, саяси партиялардың рөлін нығайту, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту, сот жүйесін жетілдіру, ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету және Қазақстан халықтары Ассамблеясын нығайту, азаматтық қоғам институттарын одан әрі нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайту мәселелерін қамтыды. Үшіншіден, 2007 жылдың 18 тамызындағы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне өткізілген сайлау елдің саяси жүйесінің дамуының жаңа кезеңінің басталғандығын көрсетті. Парламенттің төменгі палатасының құрамы пропорционалдық сайлау жүйесі арқылы «Нұр Отан» партиясымен жасақталды, бұдан басқа, Мәжілістің тоғыз депутаты Қазақстан халықтарының Ассамблеясынан сайланады. Соған сәйкес, бүгінде төменгі палата құрамы 107 депутаттан тұрады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы өзінің алдынғылардан мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікті және Қазақстан халықтарының толық билігін алғашқы рет баянды етуімен ерекшеленеді. Онда дүниежүзілік талаптарға сай келетін азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, халық билігін жүзеге асырудың демократиялық тетігі, экономикалық саяси қатынастардың жұмыс істеу алуандығы көрініс тапқан.
ХХ ғасырдың соңында қалыптасқан Қазақстан Республикасының саяси құрылымының Конституциялық сипаты осындай.
