Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Химия учебное пособие 2015-2016 гг.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Жазылған теңдеуден көрiнiп отырғандай көп қышқылды негiздер бiртiндеп иондарға ыдырайды. Бiрiншi сатысында бiр гидроксид ионы бөлiнiп шығады, екiншi сатысында қалған гидроксид бөлiнедi.

Негiздердiң аттары. Халықаралық номенклатура бойынша негiздердiң аттарын негiз түзетiн металдың атына гидроксидi деген сөздi қосып айтады. Мысалы - кальций гидроксидi.

Егер металл әр түрлi валенттiлiк көрсететiн болса, онда металдың атынан кейiн жақша iшiнде оның валентiлiгi көрсетiледi. Мысалы, -темiр (II) гидроксидi, - темiр (III) гидроксидi.

Бұдан басқа кейбiр аса маңызды негiздердiң өздерiне ғана тән аттары бар. - күйдiргiш калий, - күйдiргiш натр, - күйдiргiш кальций немесе сөндiрiлген әк, - күйдiргiш барий деп аталады.

Негiздердi алу тәñiëäåði.

Суда еритiн негіздерді, яғни сiлтiлердi сiлтiлiк және сiлтiлiк-жер металдарды немесе олардың оксидтерiн суда ерiту арқылы алуға болады:

Суда ерiмейтiн негiздердi олардың тұздарына сiлтiмен әрекет ету арқылы алады:

Суда еритiн негiздердi (сiлтiлердi) реакция нәтижесiнде ерiмейтiн тұз түзiлетiн болса жоғарыда көрсетiлген жолмен алуға болады:

Көптеген сiлтiлердi сол металдардың түздарының ерiтiндiлерiн электролиздеу арқылы алады.

Негiздердiң қасиеттерi. Негiздердiң барлығы кристалды қатты заттар. Олардың ерiтiндiлерi қызыл лакмусты көк түске, түссiз фенолфталеин ерiтiндiсiн күлгiн, қызғылтсары метилоранж ерiтiндiсiн сары түске бояйды. Сiлтiлiк және сiлтiлiк-жер металдардың гидроксидтерi қыздырғанда ыдырамайды. Дегенмен көптеген ерiмейтiн негiздер қатты қыздырғанда ыдырайды, мысалы:

Барлық негiздер қышқылдармен әрекеттеседi:

Сiлтiлер қышқылдық және амфотерлiк оксидтермен, тұздармен әрекеттеседi:

Àмфотерлiк гидроксидтер. Æàғäàéға байланысты әрi гидроксид иондарын, әрi сутек катиондарын түзе ыдырайтын қосылыстарды амфотерлiк гидроксидтер äåéäi. Îëàðғà мысал болады.

Амфотерлi гидроксидтер қышқылдармен де, негiздермен де әрекетеседi:

Амфотерлiк гидроксидтердi, суда ерiмейтiн негiздердi алғандағыдай, тұздар мен сiлтiлердiң эквиваленттi мөлшерiн (сiлтi артық болса, гидроксид онымен әрекеттесетiн тұзға айналып кетедi) әрекеттестiру арқылы алады:

Òұçäàðдың жіктелуі æәне химиялық қасиеттерi.

Òұçäàð дегенiìiç ñóäàғû åðiòiíäiëåðiнде металл катиондары мен қûøқûë қàëäûғûíûң аниондарына ыдырайтын электролиттер.

Тұздар өздерiнiң құрамы мен қасиеттерiне қарай орта мысалы, , қûøқûëäûқ және , íåãiçäiê болып бөлiнедi.

Орта тұздар қышқылдардың құрамындағы сутек иондары металдармен толық алмасқан шыққан қосылыстар.

Òұздардың аттары. Орта тұздардың халықаралық аттары металл аттарынан және латын тiлiндегi бейметалдардың аттарына - àò, èò деген жалғаулар жалғанып айтылады, мысалы: -натрий сульфаты, -калий нитраты, -кальций фосфаты, -калий дихроматы, ал оттексiз қышқылдардың тұздарының аты металл аты мен бейметалл атынан және «идi» деген жұрнақтан тұрады. Мысалы, -натрий хлоридi, -калий бромидi, -калий сульфидi, -натрий иодидi.

Егер металл айнымалы валенттi болса, онда оның валенттiлiгi металдың атынан кейiн рим сандарымен көрсетiледi, мысалы: темiр (II) сульфаты, - темiр (III) сульфаты.

Қышқылдық тұздар қышқылдардың құрамындағы сутек иондары металдарға толық алмаспауынан шыққан заттар. Сондықтан олардың құрамында металл иондары мен қышқыл қалдықтарынан басқа сутек иондары болады. Қышқыл тұздарды көп негiздi қышқылдар ò.á.) òүçåäi.

Қышқыл тұздардың халықаралық аттары сәйкес орта тұздардағы бейметалдың латын тiлiндегi атының алдына «гидро» деген сөздi қосып айтудан шығады. Егер тұздың құрамында бiр сутек ионы болса «гидро», екi сутек ионы болса «дигидро» , үш сутек ионы болса «тригидро» деген сөздер қосылып айтылады. Мысалы: - натрий фосфаты, - натрий гидрофосфаты, - натрий дигидрофосфаты, - натрий тригидросиликаты.

Негiздiк тұздар көп қышқылды негiздердiң гидроксид иондары қышқыл қалдықтарымен толық алмаспауынан түзiледi. Сондықтан олардың құрамында металл катиондары мен қышқыл қалдықтарының аниондарынан басқа гидроксид иондары болады.

Негiздiк тұздардың халықаралық аттары сәйкес орта тұздардағы бейметалдардың латын тiлiндегi атының алдына «гидроксо» деген сөз қосылып айтылады. Егер негiздiк тұздың құрамында бiр гидроксид-ионы болса, онда «гидроксо», екi гидроксид ионы болса, онда «дигидроксо» деген сөздер қосылып айтылады. Мысалы: Al(OH)Сl2 - алюминий гидроксохлоридi, -алюминий дигидроксохлоридi.

Тұздарды алу тәсiлдерi.

Металл мен бейметалдың қоспасын қыздырғанда тұздар түзiледi:

Металдардың кернеу қатарында сутектен бұрын орналасқан металдар сутектi қышқылдардан сутекті және өзiнен кейiн орналасқан металдарды тұздарынан ығыстырғанда тұздар түзiледi:

Негiздiк оксидтер қышқылдық оксидтермен, қышқылдармен әрекеттесiп тұздар түзедi:

Негiздер қышқылдық оксидтермен және қышқылдармен әрекеттесiп тұздар түзедi:

Көп қышқылды негiздер қышқылдың жетiмсiз мөлшерiмен әрекеттессе негiздiк тұздар, ал негiздер көп негiздi қышқылдың артық мөлшерiмен әрекеттессе қышқылдық тұздар түзiледi:

Тұздар қышқылдармен немесе негiздермен әрекеттескенде тұздар түзiледi:

Көп қышқылды негiздiң тұздары сiлтiнiң жетiмсiз мөлшерiмен әрекеттессе негiздiк тұздар, ал көп негiздi қышқылдардың тұздары қышқылдың жетiмсiз мөлшерiмен әрекеттессе қышқылдық тұздар түзiледi:

Тұздар тұздармен әрекеттесiп жаңа тұздар түзедi:

Амфотерлiк металдар немесе бейметалдар сiлтiлермен әрекеттесiп тұздар түзедi:

Òұздардың қасиеттерi. Тұздар кристалды қатты заттар. Судағы ерiгiштiгiне қарай оларды жақсы еритiн, нашар еритiн және iс жүзiнде ерiмейтiн деп үш топқа бөледi. Орта тұздардың металдармен, негiздермен, қышқылдармен, тұздармен әрекеттесетiнi жоғарыда тұздарды алу әдiсiнде айтылды.

Қышқылдық тұздардың құрамында металға алмаса алатын сутек иондары болғандықтан олар қышқылдар сияқты негiздермен әрекеттесiп қышқылдық немесе орта тұздар түзедi:

Қышқылдық тұздар күштi қышқылдармен әректтесiп жаңа тұз және әлсiз қышқыл түзедi:

Негiздiк тұздардың құрамында қышқыл қалдығымен алмаса алатын гидроксид иондары болғандықтан олардың кейбiр қасиеттерi негiздерге ұқсас болады. Олар негiздер сияқты қышқылдармен әрекеттесiп негiздiк немесе орта тұздарға айналады:

Негiздiк тұздар сiлтiлермен әрекеттесiп негiз және жаңа тұз түзедi:

Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс

Бейорганикалық заттар кластарының арасындағы байланысты сызбанұсқа арқылы көрсетуге болады:

Металл  Негiздiк оксид  Негiз

Òұç

Бейметалл  Қышқылдық  Қышқыл

оксид

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]