Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Химия учебное пособие 2015-2016 гг.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

4. Бақылау сұрақтары:

  1. Оксид дегеніміз не? Оксидтердің қандай түрлерін білесіздер?

  2. Қышқыл дегеніміз не? Қышқылдардың қандай түрлерін білесіздер?

  3. Негіз дегеніміз не? Негіздердің қандай түрлерін білесіздер?

4. Тұздар дегеніміз не? Тұздардың қандай түрлерін білесіздер

5. Тест тапсырмалары:

1. Мыс купоросының (СuSO4·5H2O) молярлық массасы нешеге тең?

1) 70 г/моль

2) 250 г/моль

3) 235 г/моль

4) 140 г/моль

5) 325 г/моль

2. Химиялық реакция теңдеуіндегі коэффициент нені көрсетеді?

1) молекулалық массаны

2) молярлық массаны

3) эквивалент мөлшерін

4) массалық үлесті

5) реакцияға қатысқан молекулалар санын

3. Оксидтердің жалпы формуласын көрсетіңіз:

1) Ме(ОН) y

2) ЭxOy

3) Нх(Ас)

4) Мех(Ас)y

5) Ме(НСО3)y

4. Қай оксид азот қышқылының ангидриді?

1) N2O5

2) N2O3

3) NO2

4) N2O

5) NO

5. Күкірт қышқылының ангидридін көрсетіңіз:

1) Н2S

2) SO2

3) SO3

4) SО42-

5) SО32־.

6. Азотты қышқылдың ангидридіне қай формула сәйкес келеді:

1) N2O5

2) NO

3) N2O

4) N2O3

5) NO2

7. Қай оксидке негіз сәйкес келеді?

1) SO3

2) N2O

3) СО2

4) Na2О

5) Р2О5

8. Тұз түзбейтін оксидті көрсетіңіз:

1) СО

2) SіО2

3) СuO

4) K2O

5) SO3

9. Тұз түзетін оксидті көрсетіңіз:

1) NO

2) СО2

3) SіO

4) СO

5) N2O

10. Зертханада көміртек (IV) оксидін қандай реакция көмегімен алады?

1) C + H2O →

2) C + O2 →

3) CO + O2 →

4) СаСО3

5) СаСО3 + НСl →

11. Амфотерлік оксидтер орналасқан қатарды көрсетіңіз:

1) Аl2O3, ZnO

2) СО2, SіO

3) K2O, Р2О5

4) N2O, SO3

5) NO, Na2О

12. Қай формула темір қағының формуласы?

1) FeО

2) Fe2О3

3) Fe3О4

4) Fe(NO3)3

5) Fe(СО)5

13. Қышқылдардың жалпы формуласын көрсетіңіз:

1) Ме(НСО3)y

2) Ме(ОН) y

3) ЭxOy

4) Мех(Ас)y

5) Нх(Ас)

14. Күкірт қышқылындағы қышқыл түзуші элементтің валенттілігі нешеге тең?

1) V

2) VI

3) IV

4) III

5) II

15. Көмір қышқылындағы қышқыл қалдығының валенттілігі қанша?

1) IV

2) I

3) III

4) II

5) V

16. Азот қышқылы неше негізді қышқылға жатады?

1) 1

2) 5

3) 4

4) 3

5) 2

17. Метилқызғылтсары (метилоранж) және лакмус индикаторлары қышқыл ортада қандай түске боялады?

1) сары, көк

2) қызыл, көк

3) қызыл, қызыл

4) сары, түссіз

5) қызғылтсары, сары

18. Тек сілтілер орналасқан қатарды көрсетіңіз:

1) NH4OH, AgOH

2) Cа(ОН)2 , Сu(OH)2

3) Zn(OH)2 , Fe(OH)3

4) NaOH, KOH

5) Cа(ОН)2 , NH4OH

19. Қай қосылысты қыздырғанда оксид және су түзіледі?

1) KOH

2) Сu(OH)2

3) NaOH

4) NH4OH

5) LiOH

20. Қышқыл тұздың формуласын көрсетіңіз:

1) NaNO3

2) FeОНСO3

3) Na2СO3

4) Fe(NO3)3

5) NaНСO3

21. Қай формула негіздік тұзға сәйкес келеді?

1) СаНРО4

2) КНСO3

3) ZnSО4

4) КNO3

5) АlОНСO3

22. Темірдің (ІІІ) дигидроксосульфатының формуласын көрсетіңіз:

1) FeОНS

2) [Fe(OH)2]2SО3

3) FeОНЅO3

4) FeОНSO4

5) [Fe(OH)2]2SО4

23. Мыс, темір, барий, күміс, магний, мырыш, сынап металдары берілген. Осы металдардың қаншауы тұз қышқылымен әрекеттеспейді?

1) 3

2) 4

3) 5

4) 2

5) 1

24. Қай тұз сілтімен әрекеттескенде негіз түзіледі?

1) NaСl

2) СuSO4

3) К2СО3

4) СаSiО3

5) LiNO3

25. Қай тұз қышқылмен әрекеттескенде суда ерімейтін қышқыл түзіледі?

1) Na2SiО3

2) СuSO4

3) КNO3

4) Na2SО4

5) Na2СO3

26. Қай тұз күкірт қышқылымен әрекеттескенде газ бөлінеді?

1) КН2РО4

2) К2SiО3

3) Na2СO3

4) Zn3(РО4)2

5) ВаSO4

27. Бейтараптану реакциясының теңдеуін көрсетіңіз:

1) КОН + SO3 →

2) КНСO3 + Н2SO4 →

3) СuSO4 + 2NaОН →

4) СаО + СО2 →

5) Са(ОН)2 + 2НСl →

28. Сілтімен қай қосылыс әрекеттеседі?

1) NaОН

2) КОН

3) Са(ОН)2

4) Zn(ОН)2

5) Сu(ОН)2

29. Берілген К + Н2О → реакция реакцияның қай түріне жатады?

1) айрылу

2) алмасу

3) қосылу

4) орынбасу

5) қайта топтасу

30. Қай реакция нәтижесінде тұнба түзіледі?

1) СаО + SiО2 →

2) Н2SО4 + Zn →

3) Na2СO3 + 2НСl →

4) СuО + 2НNO3 →

5) Са(ОН)2 + СО2 →

  1. дәріс. Атом құрылысы

  1. Дәрістің мақсаты:

Атомныѕ кванто-механикалыќ моделін ќарастыру, атомдыќ орбитальдар, Бор постулаттары туралы білімді ќамту Клечковский, Гунд ережелерi мен Паули принциптерін пайдалана отырып, студенттерге атомның электрондыќ, электрондық-графикалыќ формулаларын ќўрастыруды їйрету

  1. Дәрістің жоспары:

1. Ядро және электрон қауызы. Атомдық ядро құрамы

2. Атомның планетарлық моделі және Бор постулаттары

3. Сутек атомы. Атомныѕ кванто-механикалыќ моделі

4. Квант сандары. Атомдық орбитальдар және атомдық орбитальдар түрлері

5. Атомның электрон қауыздарын толтыру ережелері. Паули принципі, Клечковский, Гунд ережелері

  1. Дәрістің мазмұны:

Ядро және электрон қауызы. Атомдық ядро құрамы.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ашылған физика мен химияның ұлы жаңалықтары: катод сәулелерiнiң, электролиз құбылысының, радиоактивтiліктiң ашылуы атом құрылысының күрделi екенiн және оның құрамына электрондар кiретiнiн көрсеттi. Электрон заряды терiс, массасы протон массасының 1/1840 бірлiгiне тең бөлшек. Атом электробейтарап бөлшек болғандықтан электрондардың терiс зарядтарын бейтараптандырып тұратын атом құрамына кiретiн оң зарядтар болуға тиiс.

Атом құрамында оң зарядты бөлшектердің болатындығын 1911 жылы ағылшын ғалымы Э.Резерфорд тәжiрибе арқылы дәлелдедi.

Осы тәжiрибе негiзiнде Э.Резерфорд атомның планетарлық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша атомның ортасында оң зарядталған ядро болады, оны электрондар орбиталдар бойынша айналып жүредi.

Атом электробейтарап болғандықтан ядродағы оң зарядтардың саны, оны айналып жүрген электрондар зарядтарының санына тең. Электрондардың массасы өте аз шама болғандықтан атомның барлық массасы ядроға шоғырланған. Ядроның көлемi атомға қарағанда өте кiшкентай. Егер атом, ядро, электрон шар тәрiздi пішінде болады десек, онда атомның диаметрi 10-10 м, ал ядроның диаметрi 10-15 м болады, яғни ядро атомынан 100 000 есе кiшi болады.

Бұдан былай зерттеулер ядродағы оң зарядтардың саны Д.И. Менделеевтiң периодтық жүйесiндегi элементтiң реттiк нөмiрiне тең екенiн көрсеттi.

Сонымен, элемент атомы ядросындағы оң зарядтардың саны және оны айналып жүретiн электрондардың саны элементтiң реттiк нөмiрiне тең. Мысалы, кальцийдiң периодтық жүйедегi реттiк нөмiрi 20. Бұдан кальций атомының ядросында 20 оң заряд бар екенiн және оны 20 электрон электрондық қабаттарда айналып жүретiнiн бiлуге болады.

Атомның планетарлық моделi және Бор постулаттары

Э. Резерфордтың атом құрылысының планетарлық теориясы атомның оң зарядты бөшектерi мен негiзгi массасы көлемi өте кiшкентай ядроға жинақталғанын, ал электрондар электрондық қабаттарда ядроны айналып жүретiнiн көрсеттi. Э. Резерфорд теориясының мынадай кемшiлiктерi болды: бiрiншiден, электродинамика заңдарына сәйкес, ядроны айналып жүрген электрон үздiксiз энергия бөлудiң нәтижесiнде энергия қорын тауысып ядроға құлап түсер едi, атом жойылар едi, бiрақ атом жойылмайтын тұрақты жүйе. Екiншiден, электрон спираль бойынша қозғалғанда атом энергиясы да үздiксiз азайып, атомның спектрi де үздiксiз болу керек, бiрақ тәжiрибе барлық атомдардың спектрлерiнiң сызықша тәрiздес екенiн дәлелдеп отыр. Бұл айтылғандардан классикалық физиканың заңдары атом құрылысының құбылыстарын түсiндiре алмайтынын көрсеттi.

1913 жылы Дания ғалымы Нильс Бор сутек атомы құрылысының теориясын ұсынды. Бұл теорияны жасауда ол Э. Резерфордтың планетарлық моделiн және М. Планктың сәуле шығарудың кванттық теориясын негiзге алды. Кванттық теория бойынша заттар энергияны жеке-жеке порциялар-кванттар түрiнде сiңiредi немесе бөлiп шығарады:

Бордың I постулаты. Электрон ядроның маңайында кез келген орбиталар бойынша емес, тек тұрақты орбиталар бойынша айналады. Бұл орбиталар бойынша айналғанда электрон энергия бөлiп шығармайды.

Бордың II постулаты. Электрон бiр тұрақты орбитадан екiншi тұрақты орбитаға көшкенде атом квант түрiнде энергия сiңiредi немесе бөлiп шығарады:

ìұíäàғû - тербелiс жиiлiгi.

Электрон жақын орбитадан алыс орбитаға көшкенде атом квант түрiнде энергия сiңiредi, ал электрон алыс орбитадан жақын орбитаға өткенде атом энергия бөлiп шығарады.

Сутек атомы үшiн болса, оны атомның қалыпты күйi дейдi, ал болғанда, атомның қозған күйi дейдi.

Қозған күйде электрон өте аз уақыт болады да квант түрiнде энергия бөлiп шығарып, қайтадан қалыпты (тұрақты) күйге көшедi. Бор электрон тек материалдық бөлшек, ол ядроны белгiлi орбита бойынша айналып жүредi деп есептедi. Бұл Бор теориясының кемшiлiктерi едi.

Сутек атомы. Атомның кванто-механикалық моделi

Кванттық механика – микробөлшектердiң - молекулалардың, атомдардың - қозғалыстары мен әрекеттесулерiн көрсетедi.

Оның материалдық бөлшек сияқты белгiлi массасы болады, қысым туғызады, сонымен бiрге электрондар қозғалғанда толқындық құбылыстар байқалады.

Толқындық қасиеттерi бар электрон өте шапшаң қозғалып ядро төңiрегiндегi кеңiстiктiң кез келген бөлiгiнде бола алады. Сондықтан, қазiргi көзқарас бойынша электрон ядро төңiрегiнде белгiлi тығыздығы бар терiс зарядтардың электрон бұлтын түзедi.

Электрон бұлтының мөлшерiн, пiшiнiн және кеңiстiктегi орналасу бағытын көрсететiн электронның күйiн атомдық электрондық орбиталь деп атайды. Сондықтан, бұдан былай орбита, электрон бұлты деген терминдердiң орнына орбиталь деген термин қолданылады.

Сутек атомының ядросын дара, жалғыз электрон айналады. Электрон ядроны толқын түрiнде, ядроға бiрде жақындап, бiрде алыстап белгiлi бiр толқын ұзындығы және жиiлiкпен айналып отырады. Электрон толқын сияқты қозғалып ядро айналасында электрондық бұлт түзедi. Оның ядродан белгiлi бiр қашықтықта тығыздығы жоғары болады.

Сонымен электрондық бұлт – атомдағы электрон күйiнiң квантомеханикалық моделi.

Квант сандары. Атомдық орбиталдар және атомдық орбиталдар түрлерi

Орбиталдар бiр-бiрiнен өздерiнiң энергиялары, пiшiндерi және кеңiстiктегi орналасу бағыттары арқылы ажыратылады және бұл жағдайлар электрон қасиеттерiнiң кванттық сипатын көрсетедi. Сондықтан электронның атомдағы күйiн 4 квант сандарының мәндерi сипаттайды.

Бас квант саны n. Бас квант саны электрондардың жалпы энергия қорын және электрондар орналасқан деңгейлердiң ядродан қашықтығын көрсетедi.

Бас квант санының мәндерi бүтiн сандармен, ал оларға сәйкес келетiн энергетикалық деңгейлердi латынша бас әрiптермен белгiлейдi:

бас квант сандары 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7

энергетикалық деңгейi К, L, М, N, O, P, Q.

Электрондар орналасқан деңгейлердi электрондық қабаттар дейдi. Бас квант сандарының өсуiне байланысты ол деңгейлерде орналасқан электрондардың энергия қорлары да өседi. Бас квант саны болғанда, оған электрондардың энергиясы ең аз болатын К қабат сәйкес келедi, болғанда бұған сәйкес келетiн қабаттағы электрондардың энергия қоры көбiрек болады. Сонымен бiрге бас квант санының мәндерi электрондық орбиталдардың мөлшерлерiн де анықтайды. Бас квант санының мәндерi өскен сайын оған сәйкес келетiн энергетикалық деңгейлерде орналасқан орбиталдардың мөлшерлерi де үлкейе бередi.

Орбиталь квант саны . Энергетикалық деңгейдегi деңгейшелердiң санын орбиталдық квант санының мәндерi анықтайды. Электрондар орналасқан деңгейшелердi қабатшалар äåéäi.

Орбиталь квант саны осы энергетикалық деңгейдегi орбиталдардың мүмкiн болатын пiшiндерiн және сол пiшiндерге сәйкес келетiн деңгейшелердiң сандары мен түрлерiн анықтайды. Орбитал квант саны бас квант санына тәуелдi болады және бас квант санының ìәíiíå ñәéêåñ 0-äåí ге дейiн бүтiн сандар болып келетiн мәндерi болады және оларға деңгейшелер сәйкес келедi:

0, 1, 2, 3…

,

Сонымен ге сәйкес келетiн бiрiншi энергетикалық деңгейде (К) бiр деңгейшесi болады, оның бiр орбиталының пiшiнi шар тәрiздi болады. Екiншi энергетикалық деңгейде åêi ( æәíå ) деңгейшелер бар, ал оларға сәйкес келетiн s-орбиталдың пiшiнi шар тәрiздес, p-орбиталдарының пiшiнi гантель тәрiздес болады. Ұшiншi деңгейде үш деңгейше , төртiншi деңгейде төрт деңгейшелер болады.

Бас квант саны мен қосымша квант санының қосындысы деңгейшенiң энергиясын анықтайды. Бұл қосынды неғұрлым көп болса, энергетикалық деңгейшенiң энергиясы да соғұрлым көп болады.

Магнит квант саны пiшiндерi бiрдей орбиталдардың кеңiстiкте орналасу бағытын көрсетедi. Магнит квант саны орбитал квант санына тәуелдi болады және осы орбитал квант санының мәнiне сәйкес шегiнде болатын бүтiн сандармен көрсетiлген мәндерге ие болады. Магнит квант саны деңгейшелердегi орбиталдардың сандарын да анықтайды Сонымен болғанда оған сәйкес келетiн -деңгейшеде шар тәрiздi бiр орбиталь кеңiстiкте бiр бағытта орналасады, болғанда оған сәйкес келетiн деңгейшеде әр түрлi бағытта орналасқан 3 орбиталдар, сәйкес келетiн -деңгейшеде әр түрлi бағытта орналасқан 5 орбиталдар, ал -ке сәйкес келетiн деңгейшесiндегi 7 орбиталдар бар екенiн көремiз.

Спин квант саны электронның өз осiнен қай бағытта қозғалатынын көрсетедi. Электрон өз осiнен сағат тiлiнiң бағыты бойынша немесе оған қарсы бағытта қозғалуы мүмкiн. Осыған сәйкес спин квант санының æәíå болатын мәндерi болады. Графикалық түрде электрон спинiн жоғары немесе төмен бағытталған бағдаршама арқылы белгiлейдi.

Электрондардың квант деңгейшелерiнде орналасу нұсқасы төмендегі кестеде берiлген.

Энергетикалық деңгейлер

ò

Ê

1

0 s

0

L

2

0 s

1 p

0

+1, 0, -1

M

3

0 s

1 p

2 d

0

+1, 0, -1

+2, +1, 0, -1, -2

N

4

0 s

1 p

2 d

3 f

0

+1, 0, -1

+2, +1, 0, -1, -2

+3, +2, +1, 0, -1, -2, -3

Àòîìнûң электрон қàóûçдарын толтыру ережелерi. Паули принципi. Клечковский, Гунд ережелерi.

Электрондардың деңгейлерде орналасуы олардың энергиясына байланысты. Электрон ядроға жақсы тартылып, энергиясы неғұрлым аз деңгейде орналасуға тырысады. Электрондардың деңгейлерде орналасу ретi осы ережелерге бағынады:

Паули принципi: атомда төрт квант сандарының ìәндерi бiрдей болатын екi электрон болмайды.

Гунд ережесi: электрондар атомдарда спин сандарының қосындысы максимал болатындай орналасады

Клечковский ережесi: элементтердiң ðåòòiê íөìiði àðòқан сайын атомдардың электрондық äåңгейлерi n+l қосындысы мәíiнің өñói бойынша электронға толады, егер n+l қосындысы тең болса, онда электрон l-ң ìәíi æîғàðû болатын орбиталға орналасады.

Мысалы: 1) Калий элементiнiң соңғы он тоғызыншы электроны үшiн 3d және 4р орбиталдары бос. Егер электрон 3d-орбиталға барады десек, ол үшiн n+l – дiң мәнi 3+2 = 5, ал 4s орбиталi үшiн n+l = 4+0 = 4 болады. Демек, калийдiң соңғы электроны 4s орбиталiне орналасады: 1s22s22ð63s23ð64s1.

2) Ендi осы ереженi пайдаланып скандий элементiнiң соңғы электроны 3d немесе 4р орбиталдарының қайсысына орналасатынын есептеп көрелiк. Скандий үшiн 3d = n+l = 3+2 = 5, àë 4ð = n+l = 4+1= 5 болады екен. Демек, бұл жағдайда, яғни n+l – дiң қосындысы тең болғанда, l – дiң мәнi жоғары орбиталға электронның орналасуы тиiс: l – äiң ìәíi жоғары болады 3d (l=2) орбиталда. Сонымен, скандий элементiнiң электрондық конфигурациясы мынадай болады: 1s22s22ð63s23ð63d14s2.

Осы мысалдарға қарай атомдағы электрондардың деңгейлер мен деңгейшелерде мынадай ретпен орналасатынын көруге болады:

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]