Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.4-тәжірибелік сабақ Стом каз 2015-16.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
278 Кб
Скачать
☆

6. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде

Негізгі:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

3. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

Қосымша:

1.Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Белоктар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.

2.Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Белоктар, ферменттер, витаминдер. – Алматы, 2009 ж.

4. Клиническая биохимия учеб. пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008

  1. Бақылау:

Тесттер:

1. Төмендегі амин қышқылдарының қайсы тобы моноаминомонокарбон қышқылдарына жатады:

  1. лейцин, валин, цистеин, аланин

  2. лизин, глутамин қышқылы, изолейцин

  3. аспарагин қышқылы, оксипролин, глицин, триптофан

  4. фенилаланин, цистеин, аргинин, лейцин

  5. метионин, серин, лизин, тирозин

2. Аталған аминқышқылдарының қайсы тобы циклді амин қышқылдарына жатады:

  1. гистидин, пролин, валин, треонин

  2. изолейцин, серин, аргинин, оксипролин

  3. триптофан, тирозин,метионин, аспарагин қышқылы

  4. фенилаланин, гистидин, триптофан, тирозин

  5. метионин, фенилаланин, орнитин, лизин

3. Алмастырылмайтын амин қышқылдары:

  1. молекулаларында тармақталған радикалдар бар

  2. организмде түзіледі

  3. организмде синтезделмейді

  4. құрамында гетероциклдер бар

  5. организмде түзіледі

4. Алмастырылмайтын амин қышқылдарына жатады:

  1. глицин, цистеин, аргинин

  2. глутамин, аспарагин қышқылдары

  3. триптофан, лизин

  4. треонин, валин, лейцин

  5. фенилаланин, изолейцин, метионин

Сәйкес комбинацияны таңдаңыз:

    1. А, Б, В

    2. Б, В, Г

    3. В, Г, Д

    4. Г, Д, А

    5. Д, А, Б

5.Төмендегі амин қышқылдарының қайсысы жеңіл амидтенеді:

  1. тирозин

  2. глицин

  3. аргинин

  4. глутамин қышқылы

  5. аспарагин қышқылы

Сәйкес комбинацияны таңдаңыз:

  1. 1,2

  2. 1, 3

  3. 2, 3

  4. 2, 4

  5. 3, 5

6. Төмендегі амин қышқылдарының қайсысы зат алмасуында түзілген улы өнімдерді залалсыздандыру процестеріне активті қатысады:

  1. серин

  2. валин

  3. глицин

  4. лизин

  5. пролин

7. Метилдеу процестеріне қатысады:

  1. аланин

  2. валин

  3. треонин

  4. метионин

  5. изолейцин

8. Алмастырылмайтын циклді амин қышқылдары болып табылады:

  1. тирозин

  2. фенилаланин

  3. гистидин

  4. триптофан

  5. пролин

Сәйкес комбинацияны таңдаңыз:

    1. А, Б

    2. А, Д

    3. Б, В

    4. А, Г

    5. Б, Г

9. Белоктарға қышқылдық қасиет беретін аминқышқылдары:

  1. глицин

  2. глутамин қышқылы

  3. валин

  4. серин

  5. аспарагин қышқылы

Сәйкес комбинацияны таңдаңыз:

  1. А, В

  2. Б, Г

  3. Б, Д

  4. А, Б

  5. Б,Г

10. Белоктарға негіздік қасиет беретін амин қышқылдары:

  1. лизин

  2. валин

  3. глутамин қышқылы

  4. аспарагин қышқылы

  5. аргинин

Сәйкес комбинацияны таңдаңыз:

    1. А, В

    2. Б, Г

    3. В, Д

    4. А, Д

    5. Г, Д

11. Белок ерітіндісі коллоидты қасиеттерге ие, сондықтан оларда:

  1. диффузия жылдамдығы баяу

  2. жартылай өткізгіш мембраналардан өтпейді

  3. нағыз ерітінділер түзеді

  4. Тиндаль конусын береді

  5. гель түзеді

12. Белоктың ерітіндідегі тұрақтылығы тәуелді:

  1. белок молекуласы көлемінің үлкен болуына

  2. әр түрлі функционалдық топтардың болуына

  3. диализге қабілетілігі

  4. молекула бетінде зарядының болуына

  5. молекулада гидратты қабаттың болуына

13. Белоктың құрылымы мен оны қамтамасыз ететін байланыс арасындағы сәйкестікті табыңыз:

А) Біріншілік а) екі немесе одан көп полипептидтік тізбектердің тығыз орналасуы

Б) Екіншілік б) амин қышқылдарының полипептид тік тізбекті түзуі

В) Үшіншілік в) полипептидтік тізбектің спиральдануы немесе ширатылуы

Г) Төртіншілік г) бір полипептидтік тізбектің тығыз жинақталуы

Сәйкес комбинацияны табыңыз:

    1. А-б, Б-в, В-г, Г-а

    2. А-б, Б-г, В-в, Г-а

    3. А-а, Б-г, В-б, Г-в

    4. А-б, Б-а, В-в, Г-г

    5. А-г, Б-б, В-а, Г-в

14. Құрылым мен оны тұрақтандыратын байланыс арасындағы сәйкестікті табыңыз:

1) Біріншілік а) дисульфидті, сутекті, иондық, гидрофобты.

2) Екіншілік б) сутекті

3) Үшіншілік в) пептидтті

Сәйкес комбинацияны табыңыз:

  1. А-б, Б-в, В-а

  2. А-б, Б-а, В-в,

  3. А-в, Б-б, В-а,

  4. А-а, Б-б, В-в,

  5. А-в, Б-а, В-б,

15. Денатурация бұл:

  1. белоктың біріншілік құрылымының бұзылуы

  2. белоктың екіншілік құрылымының бұзылуы

  3. белоктың үшіншілік құрылымының бұзылуы

  4. белоктың төртіншілік құрылымының бұзылуы

  5. белоктың гидраттық қабаттың бұзылуы

16. Денатурациялаушы агент пен денатурация түрі арасындағы сәйкестікті табыңыз:

  1. Жоғары температура а) гидрофобты әрекеттесудің бұзылуы

  2. Ауыр металл тұздары б) сутектік байланыстардың үзілуі

  3. Гуанидин, мочевина в) иондық байланыстардың үзілуі

  4. Тиолды қосылыстар г) дисульфидтік көпіршенің үзілуі

  5. Органикалық еріткіштер д) сутектік байланыстардың түзілуі

Сәйкес комбинацияны табыңыз:

  1. А-б, Б-д, В-г, Г-а, Д-в

  2. А-б, Б-г, В-в, Г-а, Д-д

  3. А-б, Б-в, В-д, Г-г, Д-а

  4. А-а, Б-б, В-в, Г-г, Д-д

  5. А-г, Б-б, В-а, Г-д, Д-в

17. Тұнбаға түсіруші мен тұнбаға түсу механизмі арасындағы сәйкестікті табыңыз:

  1. Минералды, органикалық қышқылдар а) зарядтың нейтралдануы

  2. Алкалоидты реактивтер б) ерімейтін тұздардың түзілуі

  3. Ауыр металл тұздары в) дегидратация

Сәйкес комбинацияны табыңыз:

  1. А-б, Б-в, В-а

  2. А-б, Б-а, В-в,

  3. А-в, Б-б, В-а,

  4. А-а, Б-б, В-в,

  5. А-в, Б-а, В-б,

18. Тұздалу – бұл ерітіндіден белокты тұнбаға түсіру.

  1. Ауыр металл тұздарымен

  2. Сұйытылған қышқылдармен

  3. Сұйытылған негіздермен

  4. Бейтарап тұздармен

  5. Алкалоидты реактивтермен

19. Ауыр металл тұздары белокты ерітіндіден тұнбаға түсіреді, себебі бұзады:

  1. Гидратты қабатты

  2. Белоктың үшіншілік құрылымын

  3. Белок зарядын

  4. Молекула формасын

  5. Белоктың екіншілік құрылымын

20. Концентрлі қышқылдар белокты ерітіндіден тұнбаға түсіреді, себебі бұзады:

  1. Гидратты қабатты

  2. Белоктың үшіншілік құрылымын

  3. Белок зарядын

  4. Молекула формасын

  5. Белоктың екіншілік құрылымын

Сұрақтар:

  1. Белоктардың атқаратын функциялары.

  2. Белоктардың жалпы қасиеттері.

  1. элементтік құрамының ұқсас болуы

  2. жоғары молекулалық массасының болуы;

  3. белоктардың белгілі бір пішінде болуы және көлемінің үлкен болуы;

  4. ыдырау өнімдерінің ұқсастығы;

  5. белок молекуласындағы байланыс түрлері және олардың белок молекуласын тұрақтандыруға қатысуы,

  6. белоктарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарына арналған реакциялар. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

  7. Белоктардың амфотерлік қасиеті. Орта рН-ының белок зарядына әсері.

  8. Белоктардың коллоидты қаситтері. Белоктың ерітіндідегі тұрақтылығы, тұрақтылық факторлары.

  9. тұнбаға түсу реакциялары және белоктардың тұздалуы. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

  10. Белок молекуласының құрылымдары (структуралары). Денатурация, ренатурация.

Пікірталасқа арналған мәселелік жайттар:

1) Ауыр металдар және олардың тұздарымен уланғанда неліктен жедел жәрдем келгенше, зардап шегушіге көп мөлшерде су (сүт немесе жұмыртқаның ақуызын) ішкізу керек?

2)Альбумин ерітіндісі қандай мақсаттарға қолданылады? Оны медицинада қолдану неге негізделген?

3) Зертханалық жағдайда белоктардың жеке фракцияларын қалай алуға болады?

Блиц-сұрақтар:

1)Белок құрамына қандай химиялық элементтер кіреді?

2)Белоктардың ыдырау өнімдерін атаңыз.

3) Белок молекуласындағы ковалентті байланыстарды атаңыз.

4) Белок молекуласындағы ковалентті емес байланыстарды атаңыз.

5) Моноаминомонокарбон қышқылдарын (2-3 мысал) атаңыз?

6) Гидрокси амин қышқылдарын атаңыз?

7) Құрамында күкірті бар амин қышқылдарын атаңыз?

8)Моноаминодикарбон қышқылдарын атаңыз?

9) Диаминомонокарбон қышқылдарын атаңыз?

10) Имин қышқылдарын атаңыз?

11)Ароматты амин қышқылдарын атаңыз?

12) Гетероциклді амин қышқылдарын атаңыз?

13) Қандай амин қышқылдары алмастырылатын деп аталады?

14) Қандай амин қышқылдары алмастырылмайтын деп аталады?

15) Алмастырылмайтын амин қышқылдарын атаңыз белгілі?

16) Қандай амин қышқылдары шартты түрде алмастырылатын деп аталады?

17) Неліктен белоктар амфотерлік қасиет көрсетеді?

18) Белоктардың амфотерлігі оның құрамындағы қандай функционалдық топтың болуына тәуелді?

19)Белоктың қандай күйі изоэлектрлік деп аталады (ИЭК)?

20) Изоэлектрлік нүкте (ИЭН) дегеніміз не?

21) Бейтарап белоктың ИЭН-сі неге тең?

22) Белок заряды қандай факторларға тәуелді?

23)Егер белок құрамында МАМҚ басым болса, белок (бейтарап, қышқылды, негіздік) қандай қасиетке ие?

24) Егер белок құрамында МАДҚ басым болса, белок (бейтарап, қышқылды, негіздік) қандай қасиетке ие?

25) Егер белок құрамында ДАМҚ басым болса, белок (бейтарап, қышқылды, негіздік) қандай қасиетке ие?

26) Белок ерітіндісінің тұрақтылық факторларын атаңыз.

27) Жалпы түсті реакциялар қандай мақсатқа пайдаланылады?

28) Жеке амин қышқылдарына арналған түсті реакциялар қандай мақсатқа пайдаланылады?

№1 тақырып бойынша глоссарий

Қазақ тіліндегі терминдер

Ағылшын тіліндегі терминдер

Орыс тіліндегі терминдер

Құнды белоктарға-құрамында барлық алмастырылмайтын амин қышқыл бар белоктар жатады.

Fullvalue protein is a protein with all essential aminoacids

Полноценный белок – это белок, в составе которого имеются все незаменимые аминокислоты

Құнсыз белок -егер белок құрамында алмастырмайтын амин қышқылдарының ең болмағанда біреуі болмаса

Unfullvalue protein is a protein, in which there is no even one essential aminoacids

Неполноценный белок – это белок, в составе которого нет хотя бы одной незаменимой аминокислоты

Алмастырылмайтын амин қышқылы- бұл амин қышқылы ағзада синтезделмейді .

Essential amino acid is an aminoacid which is not synthesized in the body

Незаменимая аминокислота – это аминокислота, которая не синтезируется в организме

Алмастырылатын амин қышқылы- бұл амин қышқылдары ағзада синтезделеді.

Non-essential amino acid is an aminoacid which is synthesized in the body

Заменимая аминокислота – это аминокислота, которая синтезируется в организме

Шартты түрде алмастырылатын амин қышқылы - бұл амин қышқылы ағзада әсіресе балаларда жеткіліксіз мөлшерде түзіледі

Semiessential aminoacid is an aminoacid which is synthesized in the body in small quantity, particularly in childhood

Условно-заменимая аминокислота – это аминокислота, которая синтезируется в недостаточном количестве, особенно в детском возрасте

Денатурациялаушы агент- бұл фактор, денатурацияны тудырады

Denaturating agent is a factor which causes denaturation

Денатурирующий агент – это фактор, который вызывает денатурацию

Белоктардың денатурациясы– белок молекуласындағы екіншілік, үшіншілік, төртіншілік құрылымдарды ұстап тұруға қатысатын байланыстардың бұзылуы.

Denaturation of proteins is a process of derangement of bonds supporting secondary, tertiary and quaternary structures of proteins

Денатурация белка – это нарушение связей в молекуле белка, поддерживающих вторичную, третичную и четвертичную структуры

Белоктардың ренатурациясы– бұл денатурациядан кейін белоктардың құрылымдарының қалпына келуі

Renaturation of proteins is a process of restoration of protein molecule after denaturation

Ренатурация белка – это восстановление структур белка после денатурации

Тұздалу- бұл бейтарап тұздарды қан сары суына қосу жолымен жай белоктардың (альбуминдер мен глобулиндердің)бір-бірінен бөлу әдісі.

Salting-out method is a method of separating of simple proteins (albumins and globulins) by dint of addition of neutral salts to the blood serum

Высаливание - это метод разделения простых белков (альбуминов и глобулинов) путем добавления к сыворотке крови нейтральных солей

Электрофорез – бұл қан сары суының белоктарын электр өрісінде бөлу әдісі.

Electrophoresis is a method of separating blood serum proteins into fractions in the electric field

Электрофорез – это метод разделения белков сыворотки крови в электрическом поле

№2 САБАҚ

1.Тақырыбы: Ферменттер. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттер активтілігіне әсер ететін факторлар. Зертханалық сабақтар: крахмал декстринизациясы (№26 жұмыс), ферменттердің субстраттық арнайылығы (№30 жұмыс), фермент активтілігіне орта рН, ферменттердің активтілігіне эффекторлардың әсері (№32 жұмыс)