- •3.Оқыту міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •Бақылау:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау
- •2.Мақсаты:
- •Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •2. Мақсаты:
- •3. Оқыту міндеттері:
- •Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •7.Бақылау
- •1. Энергия алмасуының сатылары (ретпен орналастырыңыз):
- •2. Лимон қышқылының циклі жүреді:
- •5. Қандай қышқыл үкц-де тотығудан декарбоксилденуге ұшырайды?
- •7. Субстраттан фосфорлану реакциясына үкц-де түседі:
- •13. Бт тізбегінде атф-тің түзілуі келесі нүктелерде болады:
- •14.Тотығудан фосфорлану дегеніміз:
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Оқыту әдістері мен құралдары:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау
- •1. Тақырыбы: Липидтер алмасуы.
- •2. Мақсаты:
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау
- •Холестериннен түзіледі:
- •Мембрана липидтерінің құрамындағы холестерин келесі рөл атқарады:
- •Адам ағзасындағы липидтердің құрамына кіретін бмқ-дар:
- •1. Тақырыбы: Жай белоктар алмасуы.
- •2. Мақсаты:
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •2.Мақсаты:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •3)Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •1 Кесте – Көмірсулар алмасуына әсер етуші гормондар
- •6.Әдебиеттер:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау.
- •1.Тема: Сілекей биохимиясы
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері
- •6. Әдебиет:
- •Қосымша:
- •7.Бақылау
3.Оқытудың міндеттері:
Осы сабақ соңында студент білуі керек:
1)Метаболизмнің негізгі сатыларының жалпы сипаттамасы, көмірсулардың рөлі, көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуінің молекулалық механизмі, бауырдың глюкостатикалық қызметі, анаэробты гликолиз, глюконеогенез және Кори циклін білу
2) Осы тақырыптан алған білімдерінреквизитінен кейінгі және биохимияның басқа тақырыптарын оқып білуге пайдалану
3)Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдайларды шешу
4) Көмірсу алмасуының бұзылыстарында және өмір сүру мен тамақтанудың алдын алу шараларының ұсынысын негіздеу
5) Ағылшын және екінші тілде кәсіби коммуникацияға кіруге қабілеттеніп, тақырыптың негізгі терминдерінде пайдалану
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Метаболизм, оның негізгі сатылары.
Тағам көмірсулары, олардың жіктелуі және маңызы.
Көмірсулардың қорытылуы.
Моносахаридтердің сіңірілу механизмдері мен сіңірілу жылдамдығы
Көмірсу алмасуындағы бауырдың рөлі.
Гликогеногенез, түсінік, осы үрдістің биологиялық маңызы.
Гликогенолиз, гликогенолиз жолдары, маңызы.
Бауырдың глюкостатикалық қызметі (ағылшын немесе орыс тілінде)
Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Глюкоза үшін бүйректік шегі.
Тіндердегі глюкозаның өзгерістерге ұшырауы: анаэробты гликолиз, глюконеогенез, Энергетикалық баланс.
5. Оқыту әдістері мен құралдары:
Ауызша сұрау, жазбаша бақылау, кейбір сұрақтарды және глоссарийді ағылшын және басқа екінші тілде талдау, тест
6. Әдебиеттер:
Негізгі:
1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.
2.Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Белоктар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.
3. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Белоктар, ферменттер, витаминдер. – Алматы, 2009 ж.
Қосымша:
Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. - 125-127; 167; 193-195; 798 б.
Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.
Орыс тілінде:
1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.
2. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009
3. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.
7. Бақылау
Жаттығулар:
Амилаза қандай ас қорыту сөлдерінде кездеседі? Ол қандай реакцияны катализдейді?
Мальтаза,сахараза, лактаза ферменттері катализдейтін реакцияларды жазыңыз. Осы ферменттер қандай асқорыту сөлдерінде кездеседі?
Қанмен бауырға келетін қан құрамындағы моносахаридтердің сапалық және сандық құрамы тұрақты ма? Ол неге байланысты?
Бауырда өтетін гликоген фосфоролизі басқа ағзалар мен тіндердегі гликоген ыдырауына қарағанда немен ерекшеленеді?
Глюкоза неліктен гликоген түрінде қорға жиналады?
Сүйек тіні үшін глюкозаның маңызы қандай?
Жағдайлық есептер:
Қан құрамындағы глюкозаның мөлшері
1) 2,0 ммоль/л
2) 8,5 ммоль/л тең.
Осы жағдай қалай аталады? Аталған глюкозаның мөлшерінде бауырда қандай үрдіс - гликогеногенез немесе гликогенолиз - күшейеді?
Неге лактаза ферментінің активтілігі төмен болатын адамдарда сүт ішкенде іші өтетін болады, ал айран ішсе – өтпейді?
Науқас үйреншікті емес ауыр жұмыс жасағандықтан, бұлшық еттері ауырады. Неліктен? Ауырсыну сезімін жеңілдету үшін не істеу керек?
Шамадан тыс гликолиз кезінде бауырдағы глюконеогенез жылдамдығы қалай өзгереді?
Тесттер
1.Гликозидазалар ас қорыту жолдарының мына бөлімдерінде түзілмейді:
а) ащы ішекте
б) ауыз қуысында
в) ұйқы безінде
г) асқазанда
2. АТФ энергиясын пайдалана отырып (активті транспорт) сіңіріледі:
а) пентоза мен глюкоза
б) глюкоза мен галактоза
в) фруктоза мендезоксирибоза
г) фруктоза мен глюкоза
д) рибоза мен галактоза
3. Жай диффузия арқылы сіңіріледі:
а) глюкоза мен рибоза
б) галактоза мен пентоза
в) фруктоза мен глюкоза
г) пентоза мен фруктоза
д) дезоксирибозамен галактоза
4. Глюкозаның заттар алмасуының аралық өнімдерінен түзілу үрдісі былай аталады:
а) гликолиз
б) гликогенолиз
в) глюконеогенез
г) гидролиз
д) фосфоролиз
5. Гликогенолиз -амилаза ферментінің қатысуымен басымырақ өтеді:
а) мида
б) ішек қабырғасында
в) май тіндерде
г) бүйректе
д) бауырда
6.Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері құрайды:
а) 0,5-1,0 мМ/л
б) 20-30 мМ/л
в) 3,4-6,0мМ/л
г) 45-55 мМ/л
д) 9-12 мМ/л
7.Бауырда глюкозо-6-фосфатаза бар, сондықтан бұл жерде осы үрдіс қарқынды жүреді:
а) гликогенолизбосглюкозаға дейін
б) гликогеногенез
в) гликолиз
г) глюконеогенез
д) гликоген гидролизі
8. Бауырдың глюкостатикалық функциясы дегеніміз:
а) БМҚ-дан глюкозаның тузілуі
б) Қанда аминқышқылдарының мөлшерін бір деңгейде ұстап тұру
в) Қанда глюкозаның мөлшерін бір деңгейде ұстап тұру
г) Белоктарды синтездеу
д) Гликопротеиндерді түзу
9.Шеткі қан тамырында қандай көмірсу кездеседі:
а) глюкоза
б) гликоген
в)фруктоза
г) крахмал
д) лактоза
10. Гликогенолиздің фосфоролиз жолы бауырда мына фермент арқылы жүзеге асады:
а) лактаза, сахараза
б) фосфорилаза, глюкозо-6-фосфатаза
в) мальтаза, амилаза
г) нуклеаза, сахараза
в) гликогенсинтетаза,липаза.
11.Төмендегі заттардың қайсысы анаэробты гликолиздің соңғы өнімі болып табылады?
1. янтар қышқылы
2. сүт қышқылы
3. пирожүзім қышқылы
4. май қышқылы
5. лимон қышқылы
№4 тақырып бойынша глоссарий
Қазақ тіліндегі терминдер |
Ағылшын тіліндегі терминдер |
Орыс тіліндегі терминдер |
Бауырдың глюкостатикалық функциясы –бауырдың перифериялық қандағы глюкоза деңгейін реттеу қабілеті. |
Glucostatic function of liver is a capacity of liver to regulate the level of glucose in the blood |
Глюкостатическая функция печени – способность печени регулировать уровень глюкозы в периферической крови |
Гликогеногенез–гликогеннің түзілу үрдісі |
Glycogenolysis is a process of formation of glycogen |
Гликогеногенез – процесс образования гликогена |
Гликогенолиз –гликогеннің ыдырау үрдісі |
Glycogenolysis is a process of cleavage of glycogen |
Гликогенолиз – процесс распада гликогена |
Глюконеогенез– заттар алмасуының аралық өнімдерінен глюкозаның түзілу үрдісі. |
Gluconeogenesis is a process of formation of glucose from intermediaries |
Глюконеогенез – процесс образования глюкозы из промежуточных продуктов обмена веществ |
Анаэробты гликолиз–глюкозаның анаэробты жағдайда лактатқа дейін тотығу үрдісі |
Anaerobic glycolysis is a process of glucose oxidation in anaerobic conditions to lactate |
Анаэробный гликолиз – процесс окисления глюкозы в анаэробный условиях до лактата |
Кори циклі – анаэробты гликолиз бен глюконеогенездің өзара байланысы, ол қандағы глюкоза мен лактаттың қалыпты деңгейін ұстап тұруға бағытталған және глюкоза молекуласында жиналған энергияны үнемдейді.
|
Cori cycle is an integration of anaerobic glycolysis and gluconeogenesis directed on maintanence of normal level of glucose and lactate in the blood and economy of energy of glucose |
Цикл Кори – взаимосвязь анаэробного гликолиза и глюконеогенеза, направленная на поддержание нормального уровня глюкозы и лактатав крови и экономию энергии, заключенной в молекуле глюкозы |
ГЛЮТ-белоктары–мембрана арқылы глюкозаның тасымалдаушылары, глюкозаның жеңілдетілген диффузиясына қатысады. |
GLUT-proteins are transporters of glucose through membranes, participating in facilitated diffusion of glucose |
ГЛЮТ-белки – это переносчики глюкозы через мембраны, участвуют в облегченной диффузии глюкозы |
Гликозидазалар–гидролазаның тобы, құрамындағы ферменттердің қатысуымен,тағам көмірсуларының қорытылуына қатысады |
Glycosidases is a subclass of hydrolases, including enzymes, participating in digestion of food carbohydrates |
Гликозидазы – подкласс гидролаз, включающий в себя ферменты, участвующие в переваривании углеводов пищи |
Фосфоролиз – бұл гликогенолиздің бір жолы, гликоген молекуласы бейорганикалық фосфаттың әсерінен және фосфорилаза ферменттің қатысуымен ыдырайды. |
Phosphorolysis is a pathway of glycogenolysis under action of phosphorylase and inorganic phosphate |
Фосфоролиз – это путь гликогенолиза, при котором молекула гликогена распадается под действием неорганического фосфата с участием фермента фосфорилазы |
Гликогеннің гидролизі – бұл гликогенолиз жолы, амилаза ферментінің әсерінен, судың қатысуымен жүреді. |
Hydrolysis of glycogen is a pathway of glycogenolysis with participating of water under action of amylase |
Гидролиз гликогена – это путь гликогенолиза с участием воды под действием фермента амилазы |
Аэробты гликолиз – аэробты жағдайда глюкозаның гликолитикалық жолмен ыдырау үрдісі (аэробты жағдайда глюкозаныңСО2мен суға дейін толық тотығуы) |
Aerobic glycolysis is a process of glycolytic cleavage of glucose in aerobic conditions (full oxidation of glucose to CO2 and water in aerobic conditions) |
Аэробный гликолиз – процесс гликолитического распада глюкозы в аэробных условиях (полное окисление глюкозы до СО2 и воды в аэробных условиях) |
Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы– анаэробты жағдайда пентозофосфат арқылы глюкозаның тотығу үрдісі |
Pentose phosphate cycle is a process of glucose oxidation through pentose phosphates in anaerobic conditions |
Пентозофосфатный цикл окисления глюкозы – процесс окисления глюкозы через пентозофосфаты в анаэробных условиях |
Шөрнек механизмі –сутегіні цитозольдік НАДН2-ден митохондрияға тасымалдау үрдісі (цитозольдік НАДН2-нің аэробты жағдайда тотығуы) |
Shuttle mechanisms are processes of transport of hydrogen atoms into mitochondrions from cytosolic NADH2 (oxidation of cytosolic NADH2 in aerobic condtions) |
Челночные механизмы – процессы транспорта водородов от цитозольных НАДН2 в митохондрии (окисление цитозольных НАДН2 в аэробных условиях) |
Малат-шөрнек механизмі – бұл цитозольдікНАДН2-нің тотығу үрдісі, сутегіні цитозольдік НАДН2-ден малаттың құрамына тасымалдау |
Malate shuttle mechanism is a process of oxidation of cytosolic NADH2 and transport of hydrogen atoms into mitochondrions from cytosolic NADH2 by malate |
Малатный челночный механизм – это процесс окисления цитозольных НАДН2 и переноса водородов от цитозольных НАДН2 в составе малата |
Глицерофосфатты шөрнек механизмі – бұл цитозольдік НАДН2-нің тотығу үрдісі, сутегіні цитозольдік НАДН2-ден глицерофосфаттың құрамына тасымалдау. |
Glycerophosphate shuttle mechanism is a process of oxidation of cytosolic NADH2 and transport of hydrogen atoms into mitochondrions from cytosolic NADH2 by glycerophosphate |
Глицерофосфатный челночный механизм – это процесс окисления цитозольных НАДН2 и переноса водородов от цитозольных НАДН2 в составе глицерофосфата |
Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері – бұл заттар,глюкозаның толық тотығуынан (СО2 мен су) түзілуі |
End products of carbohydrate metabolism are substances formed in full oxidation of glucose (CO2 and water) |
Конечные продукты обмена углеводов – это вещества, образуемые при полном окислении глюкозы (СО2 и вода) |
№5 Сабақ
