Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемлекеттік бюджетті экономикалы мні мен рлі МАБ 2015-00 згерген жаа.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆
    1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті, құрылымы

Республикалық бюджет - салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердін міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруга арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналган республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Мемлекет республика көлемінде маңызы бар әлеуметтік-мәдени дамуды, экономика саласындағы шараларды осы республикалық бюджет арқылы қамтамасыз етеді.

Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- Қазақстан Республикасының Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға кызмет көрсету және күзету;

- Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жұмыс істеуі;

- сайлаулар мен референдумдар өткізу;

- мемлекеттік каржы бақылауы;

- кеден қызметі;

- мемлекеттің сыртқы саяси кызметі;

- іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу;

- мемлекеттің корғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

- ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көріністеріне қарсы күрес;

- әділет саласындағы қызмет;

- сот жүйесінің жұмыс істеуі;

- республикалық білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру, республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу;

- жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандар даярлау;

- жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

- сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргізу;

- ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру;

- зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері;

- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

- мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;

- арнаулы мемлекеттік жердемақылар;

- жерлеуге жәрдемакы;

- баланың туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер;

- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары, өнеркәсіп саласында республикалық маңызы бар бағдарламалар;

- облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне берілетін ресми трансферттер;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттер;

- үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу;

- мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау.

2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңда келесі негізгі көрсеткіштер бекітілген:

  • ең төменгі жалақы мөлшері – 7000 теңге;

  • ең төменгі зейнетақы мөлшері – 9200 теңге;

  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері – 971 теңге.

Республикалық бюджеттің тапшылығы жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) пайызбен шаққанда 1,7 пайыз мөлшерінде бекітілген.

Жергілікті бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

Облыстың бюджеті - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті - салықтық және басқа да түсімдер, есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдарының міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған акша қоры болып табылады.

Мемлекеттік бюджет шығыстары тиімді пайдалану үшін оларды бюджеттер арасында дұрыс таратқаны жөн. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджеттің шығыстары бюджеттер деңгейлері арасында бөлінген. Жергілікті бюджет шығыстары келесідей бөлінген.

Облыстық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- бастапқы кәсіптік білім;

- арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім беру;

- орта кәсіптік білім беру;

- республикалык бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналык көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;

- халықтың санитарлык-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;

- жетім балаларды әлеуметтік камсыздандыру; мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру;

Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту;

- арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім беру;

- бастауыш кәсіптік білім беру;

- орта кәсіптік білім беру;

- республикалык бюджеттен каржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;

- тұрғын үй көмегі;

- мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;

- белгілі бір тұрғылықты орны жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;

- жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру;

- мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру;

- халыктың жұмыспен камтылуын камтамасыз ету;

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;

- жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек;

- республикалық бюджетке берілетін ресми трансферттер;

- жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету;

- ҚР Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттер.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті - салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының міндеттері мен функцияларын каржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Жергілікті бюджеттер тиісті мәслихатардың шешімімен бекітіледі.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;

- оқытудың кешкі (ауысымдық) нысанын және интернат үлгісіндегі ұйым арқылы міндетті тегін орта білім беруді қоса алғанда, мемлекеттік оқу орындарында азаматтарға міндетті тегін орта білім беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

- тұрғын үй көмегі;

- мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;

- белгілі бір тұрғылықты орны жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;

- халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттер;

- облыстық бюджетке берілетін ресми трансферттер.

Бюджеттік жіктелудің рөлі мен мәні, оның құрылымы. Бюджеттік жіктелудің жалпы принциптері. Бюджеттік жіктелудің өзгертулері, жаңа бюджеттік жіктелудің құру принциптері.

Бюджет кірістерінің жіктелуі. Бюджет шығыстарының функционалдық жіктелуі. Бюджет шығыстарының экономикалық жіктелуі.

      Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджет түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектiлерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджет жүйесiнiң барлық деңгейдегi бюджеттерi көрсеткiштерiнiң салыстырымдылығын қамтамасыз етедi.       Бюджет процесi бiрыңғай бюджеттiк сыныптама негiзiнде жүзеге асырылады. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджеттердiң барлық деңгейлерi үшiн бiрыңғай және мiндеттi болып табылады.

Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының негiзiнде әзiрленедi.       Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.

Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама:       1) бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасын;       2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;       3) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.

Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы

      Барлық деңгейдегi бюджеттер түсiмдерiнiң белгiлi бiр сипаттамалар бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына негiзделген топтамасы бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы болып табылады.

     Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, iшкi сыныптан және ерекшелiктен тұрады.

     Санаттар түсiмдердi экономикалық белгiлер бойынша топтастыру болып табылады.      Санаттар:

    1. салықтық түсімдер

    2. салықтық емес түсімдер

    3. капиталмен жасалынған операциялардан түсетін кірістер

    4. алынған ресми трансферттер

    5. несиелерді қайтару

    6. жалпы қаржыландыру

    7. бюджеттік қаражаттардың қалдықтары

Сыныптар мен iшкi сыныптар түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтастырады.

      Ерекшелiк бюджетке төленетiн төлем немесе түсiм түрiн айқындайды.

     Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы – мемлекет функцияларының орындалуын, республикада мемлекеттiк саясатты iске асыруды бейнелейтiн функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджеттiк қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы болып табылады.

Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден:

функционалдық топтардан;

функционалдық iшкі топтардан;

бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнен;

бюджеттiк бағдарламалардан және iшкi бағдарламалардан тұрады.

Функционалдық топ - бюджет шығыстарын салалық белгiлер мен функционалдық бағыт бойынша бiрiктiру.

01 – Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

02 – Қорғаныс

03 – Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік

04 – Білім беру

05 – Денсаулық сақтау

06 – Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек

07 – Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

08 – Мәдениет, спорт және ақпарат кеңістігі

09 – Отын-энергетикалық кешені

10 – Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау

11 – Өнеркәсіп, құрылыс

12 – Көлік және байланыс

13 – Өзге

14 – Борышқа қызмет көрсету

15 – Ресми трансферттер

16 – Қаржыландыру – бюджет тапшылығын қаржыландыру көздреі көрсетіледі.

Функционалдық iшкi топ бюджет қаражатының функционалдық топ iшiнде жұмсалу бағытын нақтылайды.

Мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады. /4, 187 б/