- •1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні
- •1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті, құрылымы
- •2 Қазақстан республикасы мемлекеттік бюджетін қалыптастыру және қазіргі жағдайын талдау
- •2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің заңнамалық негіздері
- •Бюджет құрылымы.
- •2.3 Мемлекеттік бюджет пайдалану мәселелері мен жетілдіру жолдары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.3 Мемлекеттік бюджет пайдалану мәселелері мен жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi экономикалық қатынастарға және тиiстi құқықтық нормаларға негiзделген әртүрлi денгейдегi бюджеттердi қамтиды. Қазақстан Респубикасының бюджет жиынтығында мемлекеттiк бюджеттi құрайтын респубикалық бюджетпен жергiлiктi бюджеттер дербес жұмыс iстейдi. Бюджет жүйесiнiң жұмыс iстеуi бюжеттердiң әртүрлi денгейiнiң өзара байланысына негiзделген және оларды әзiрлеу, қарау, бекiту, атқару, бақылау тәртiбiмен сондай-ақ респубикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етiледi.
Бюджеттiк процес мемлекеттiк кiрiстерi мен шығыстарын баланстайды, теңдестiредi. Бiрақ қазiргi кезде барлық елдерде дерлiк мемлекеттiң шығыстары, оның кiрiстерi мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Оның себебептерi көп, олардың iшiндегi ең бастылары өмiрдiң сан түрлi салаларындағы мемлекет рөлiнiң үздiксiз артуы, оның экономикалық және әлеуметтiк қызметiнiң кеңеюi, мемлекет аппараттары көлемiнiң өсуi және тағы басқа себептер. Бюджеттiк шығындардың көбеюi салық түсiмдерiмен сәйкес келмейдi, сондықтан бюджеттiң тапшылығы үздiксiз өсiп, оның көлемi ұлғаяды. Бюджет тапшылығы барлық мемлекеттерде абсоллюттi мөлшерi бойынша да жалпы ұлттық өнiмнiң қатынасынан да артық көрiнедi.
Мемлекеттiк бюджеттiң тұрақты тапшылығының негiзiнде көптеген сабептер жатыр. Оның қатарына жоғарыда көрсетiлген құрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк қызметiнiң ұлғаюы және осы мақсатқа шығынның көбеюiне байланысты. Артық өндiрудiң кезеңдiк дағдарыстары кезiнде бюджетке түсетiн салықтар азаяды. Бюджеттiк тапшылық мемлекеттiк қаржылардың терең сәйкессiздiгiнiң салдары. Сонымен қатар, олар ақша айналысының айтарлықтай берекесiздiгiмен де байланысты. Бюджеттiк тапшылықтарды реттеу қазiргi мемлекеттiң экономика саласындағы ең күрделi проблемасына айналды[24].
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау кезiнде бақыаудың мынандай үлгiлерi пайдаланады:
1) сәйкестiктi бақылау – бақылац обьектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының талаптарына сәйкестiк дәрежесiн бағалау;
2) қаржылық есептiлiктi бақылау- бақылау обьектiсiнiң қаржылық есептiлiктiлiктi жасауы мен беруiнiң дұрыстығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;
тиiмдiлiктi бақылау – бақылау обьектiсiнiң бюджеттiк бағдарламаны оның паспортына сәйкес атқаруын бағалау.
Мемлекеттiк бюджеттiң 2011 жылмен 2012 жылдың көрсеткiштерiн салыстыру арқылы мемлекеттiк бюджетке түскен түсiмiнiң 13,1 пайызға артқанын көруiмiзге болады. Оның iшiнде бюджеттiң табыс бөлiгiне келетiн болсақ, салықтық түсiмдер 96611 млн теңгеге, яғни 13,2 пайызға, оның iшiнде: заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы- 43390 млн. тенгеге, яғни 25,6 пайызға; жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы-38440 млн. тенгеге, яғни 56,0 пайызға; әлеуметтiк салық-28486мн. тенгеге, яғни 22,9 пайызға; қосылған құн салығы-40451 млн. тенгеге, яғни 25,4 пайызға; акциздер-8532 млн. тенгеге, яғни 39,0 пайызға; мүлiк салығы-6284 млн. тенгеге, яғни 30,0 пайызға артқан; ал жер салығы-3578 млн. тенгеге, яғни 65,8 пайызға кемiген.
Мемлекеттiк бюджеттiң 2011жылы 2010жылға қараған кем орындалуының бiрден бiр себебi әлеуметтiк салықтың ставкасының төмендеуiнен, яғни 26 пайыздан 21 пайызға төмендеп, бюджеттiк түсiмдегi салық көлемi бiршама төмендедi.
Мемлекеттiк бюджеттiк түсiмдерiң соңғы жылдардығы,яғни 2012 жылы артығымен орындалғанымен оның iшiнде мүлiк, көлiк құралдар салықтары толығымен орындалмаған. Мүлiк және көлiк құралдар салығының толығымен орындалу үшiнм жергiлiктi жердегi мүлiк салығына тартылуға тиiс, барлық мүлiк және көлiк құралдар түгел есепке алынуы тиiс. Жылжымайтын мүлiктi тiркеу орталығының жұмысын жандандыру керек. Барлық заңды және жеке тұлғалардың мүлкi түгелдей осы орталықта тұруы тиiс.
Бұрын соңды салыққа қатысты заңдар бiр жүйеге түсiрiлмегенде оның үстiне аталған салық жүйесiнiң тұгелдей iргетасын қалаудан, яғни бәрiн жаңадан бастадық. Салық заңдарын дайындау, оны қалыптастыру, кез -келген мемлекетте болатын күрделi процесс. Өйткенi, онда қоғамның барлық тобының мүддесiн тепе-тең жағдайда қарастыру талап етiледi. Елiмiздегi салық заңдарының қалыптасуы қоғамдық түпкiлiктi реформалау уақыты мен түспа түс келедi. Осының бәрi жинақталып келiп, салық заңдарының көп жағдайда талас тартыс шеңберiнде өрбуiне әкеледi.Әу баста салық жүйесiнде жiберiлген кемшiлiктер де, қателiктер де жеткiлiктi болады. Оған үкiметтiң рүқсатымен салықтан босатылған ұйымдардың қызметi де өзiнiң зардабын тигiзбей қойған жоқ [27].
Қазiргi кезде экономика тұрақтады. Ең алдымен, ол негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiң тұрақтануы мен, iшкi жалпы өнiмнiң өсуiмен сипатталады. Өндiрiстiк өнiмнiң өсуi де мұнайға дүниежүзiлiк бағаның өсуi де, салық жүйесiнiң бiр арнаға түсiрiлуiне ұйытқы болады. Бұрынғы кеңестiк елдер аумағында Қазақстан мен Ресейде iшкi өнiм өндiрiсiнiң көлемi бiртiндеп ұлғайып келедi. Қазақстан ТМД аумағында орташа айлық мөлшерi жағынан бiрiншi орынға шықты. Осы оң нышанды қалыптасқан жағдайлар жиынтығы жаңа Салық Кодексiн қабылдауға мүмкiндiк берiп отыр.
Салық кодексiнiң жобасын талқылау барысында Парламент депутаттары тарапынан әлеуметтiк салық пен қосымша құн салығына байланысты ұсыныс көтергендi.Әлеуметтiк салық 26 пайыздан -21 пайызға, қосымша құнға салынатын салық ставкасы 20 пайыздан 16 пайызға төмендетiлдi. Салықтық жүктеменi осылайша төмендету бiздiң елiмiзде реформаны жүзеге асырудан берi тұңыш рет қолданып отырғандығын айта кету керек.Әрине, бұл үлкен қадам. Өйткенi бұл кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қажеттi жағдай жасауға көмектеседi. Кәсiпкерлiктi қодап оларға жағдай жасасақ бюджетке түсетiн түсiмде ұлғаяды.Әлеуметтiк салық ставкасын төмендету еңбек ақы мөлшерiне де оңтайлы ықпал жасайды.
Салық кодексi кәсiпкерлiктi дамытуға да өзiндiк үлес қосатын болды. Бүрын салықтан жалтарғандар өте көп болғандығы жасырын емес. lшкi табыстың 40 пайызына жуығы өткен кезеңде көлеңкелi экономикаға жұмыс iстегенi де белгiлi. Сол себептен қабылданғалы отырған кодекстiң бiр ерекшелiгi, салықтан жалтарғандарды айқындап отырады.Салық жинау тәсiлдерiн жетiлдiру жолдарында енгiзетiн тағы да бiр өте маңызды жаңалық, декларация экономикалық қызметтiң кодтары көзделген және салық төлеушiлер кәсiпорын қызметiнiң үш түрiнiң проценттiк арақатынасын көрсетуге тиiстi болады.
Мысалға, металлургия кәсiпорны металлургия өнiмдерiн шығарады, мұнымен қоса, онда жолай химия өндiрiсi және машина жасау өнiмдерiн шығарудың қандай да бiр түрi бар. Экономикалық қызметтiң негiзгi түрлерi туралы мәлiметтер бұларды одан әрi электрондық өңдеу мен талдау үшiн ақпарат легiне жиналатын болады. Осы мәлiметтердi талдау негiзiнде экономикалық қызметтiң нақтылы түрiне тән салық жүктемесiнiң деңгейi, жалақы көлемi, капитал көлемi,айналым көлемiне қосымша құнға салық үлесi және басқалары сияқты орталандырылған өлшемдер айқындалды.
Мұның өзi салық әкiмшiлiшгiнiң бүкiл жүйесi мен салық тексерулерi тәртiбiн түбiрiнен өзгертетiн немесе мүлде жаңа құбылыс, яғни мәнi мынада: белгiлi бiр қызмет саласындағы кәсiпорыннның өлшемдерi орташа немесе орташадан жоғарыға жақын болса, онда мұндай кәсiпорынды салық органдары ең болмағанда бiрiншi кезектегi тәртiппен тексермейдi. Іызметтiң осы саласы үшiн қабылданған орташадан төмен көрсеткiштерi бар кәсiпорындар салық тексерулерiне жатқызылады және экономикалық қызмет түрлерi бойынша декларацияларды электрондық талдау ұқыпты және ұқыпсыз салық төлеушiлер арасындағы беделдi неғұрлым дәл айқындауға мүмкiндiк бередi. Яғни жүйе былайша көрiнiс табады: салық төлеушiнiң қызмет салалары бойынша орташаландырылған өлшемдерге қатысты оның салық төлемдерiнiң мөлшерi көп болған сайын салық инспекторы соншалық сирек, мүмкiн бiрнеше жыл iшiнде тексеруге келедi. Осыған байланысты қызмет сапалары бойынша тоқсандық, жарты жылдық және жылдық ағымдағы орташаландырылған өлшемдердi жариялап отырған тиiмдi. Мұндай шаралар ұқыпсыз салық төлеушiлердiң бизнестi неғұрлым адал жүргiзуiне итермелейдi.
Осының бәрi салық төлеушiлердiң қалыптасқан ортасын салық мәдиниетiн арттыру жағына қарай байыпты түрде өзгертуге тиiс және салық есептiлiгiнiң электрондық талдауы фискалдық саясатты жүргiзуге байыпты түрде әсер ете алады. Ол уақыттың қысқа аралығында сол немесе өзге салық көрсеткiшiнiң кәсiпорындардың экономикалық жағдайына және бюджетпен өзара есеп айырысуларына әсер етуiн бағалауға мүмкiндiк бередi.
Жаңа жүйенi енгiзуге орай келешекте мемлекеттiк бюджетке түсiмдер көбеюге тиiс және нәтижесi ретiнде – барлық салық төлеушiлер үшiн салық жүктемесi одан әрi азайтылмақ. Салық кодексi шеңберiнде енгiзiлетiн тағы бiр жаңалық шот фактуралар тiзiмi болып табылады[28].
Таяудағы уақытта заң жүзiнде тiзiм нысаны енгiзiлмек. Іазiр бұл құжат Қазақстан Республикасы әдiлет министiрлiгiнде құқықтық сараптама мен тiркеуден өтуде. Ол қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн салық органдары шот—фактуралар тiзiмдерiнiң есебiн жүргiзетiн болады. Бұл жүйе қосылған құн салығына қатысты әкiмшiлiк жүргiзудi жақсартпақ. Тiзiмде әрбiр шот—фактурада тiркелген мынадай деректер көрсетiледi: төлеушiнiң атауы, СТТН, тауар түрi, өткiзу көлемi, қосымша құнға салық және басқалары. Осынау тiзiмдердiң бәрi қағазбен, сондай-ақ электрондық түрiнде қабылданатын болады. Осыдан кейiн барлық тiзiмдер арнайы машинаға салынады және компьютерлiк өңдеу көмегi мен әр түрлi айқындамалар бойынша жанаспаушылық анықталмақ.
Мысалы, сатушы өткiзген өнiмдерi көлемiнiң сатып алушы алған осы өнiмдер көлемiмен сәйкес келмеуi, шот—фактуралары әдейi терiс есептеу есебiнен дебет сальдосын асырып жiберу, қосымша құнға салық бойынша төлемдердiң мерзiмiн ұзарту амалы –мiне, осындай айлакерлiктер көп ұзамай ашылатын болады. Шот—фактуралар тiзiiмдерiнiң есебiн алу жүйесi, сөйтiп, қосымша құн салығын бақылауды жақсартады және экспортаушыларға қосымша құн салығының орнын толтырылуын бақылауды жеңiлдетедi.
Нақты салаға салық жеңiлдiгiн орнату тәжiрибе көрсетiп отырғандай қамқорлық пен қолдаудың керемет бiр тиiмдi әдiсi деуге келмейдi. Жеңiлдiк берiлiп отырған кәсiпорындар мен жеке тұлғалар жеңiлдiк жүрмейтiн экономикалық қызмет салаларындағы кәсiпкерлiкпен айналысып жүгендерге салық әмiрiн пәрмендi қолдануда қиыншылық тудырады. Оның үстiне жеңiлдiктердi салық төлеуден б ұлтару үшiн арсыз пайдаланатындар да аз емес. Преференция түрiнде жататын салық каникулының ұлттық қорды қолдануда берекесiздiк тудырып, түбiнде кiрiстiң жоғалуына соқтыратын халықаралық тәжiрибе көрсетiп отыр.
Бюджеттiң кiрiс бөлiгiн 85-90 пайызын салықтар мен салықтық емес түсiмдер құрайды.
Бюджет жүйесін жетілдіру.
Орта мерзімді перспективада бюджеттің теңгерімділігіне мұнай емес түсімдердің есебінен біртіндеп көшу саясаты жалғасатын болады, ол мемлекеттің ағымдағы шығыстарын мұнай секторынан түсетін түсімдердің көлеміне қарамастан оңтайлы деңгейде қолдауды білдіреді.
Ұлттық қорға жіберілетін түсімдер өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдерімен және мұнай операцияларынан және шикі мұнай мен газ конденсатынан түсетін басқа да түсімдермен, оның ішінде бұрын бюджеттік бюджеттік кіріс бөлігіне түскен мұнай келісім-шарттың талаптарын бұзудан түсетін түсімдермен толықтырылды. /15/
2012 жылдан бастап үш жылдық бюджеттік жоспарлауға көшу іске асырылады. 2012-2013 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу экономика дамуының бюджет кірістері мен шығыстарын орта мерзімді болжамдауда бар тәжірибеге және бюджет процесінің жетілдірілген әдістеріне негізделетін және қолданылатын болады. /15/
Орта мерзімді кезеңде салық саясаттың негізгі мақсаты ел экономикасының өсуін мемлекеттік басқарудың институционалдық негізін нығайту және жаңғырту жолымен жеделдетуге жәрдемдесетін, шығыстардың деңгейін ұлғайтпай оның тиімділігін арттыру есебінен мемлекеттің қаржылай мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу мынадай негізгі міндеттерді шешуге ықпал ететін болады:
1) Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу әдісін енгізу мақсатында бюджет заңнамасын жетілдіру, бұл мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, бюджеттің жоспарларымен стратегиялық, орта мерзімді даму жоспарларын үйлестіру жүргізуге, бюджеттің әлеуметтік және инвестициялық құрамдауыштарын күшейту үшін қаржа ресурстарын оңтайландыру есебінен оларды босатуға мүмкіндік береді;
Халықаралық есеп беру стандарттарына көшуіне байланысты салықтық және бухгалтерлік заңдылықтарды үндестіру;
Адами капиталдың, инфрақұрылымның, мемлекеттік басқарудың, иновациялардың өсуінің барынша жоғарғы көрсеткіштерін ынталандыру есебінен бәсекеге қабілеттілікті орнықты түрде арттыру;
Қадағаланбайтын экономиканың деңгейін оның барлық құрамдауыштары бойынша жасырын және заңсыз қызметті тудыратын және оны ынталандыратын экономикалық жағдайларды жою, «көлеңкелі» қызмет түрлерін құқықтық тетіктермен жолын кесу арқылы төмендету;
Макроэкономикалық тұрақтылықты елдің жалпы сыртқы борышының көлемін қысқартуға және мемлекеттік борыштың тұрақты деңгейін қолдау жолымен сақтау. [39]
Салық саясатта орта мерзімді перспективада бюджеттің теңгерімділігі мұнай емес түсімдердің есебінен біртіндеп көшу саясаты жалғасатын болады, ол мемлекеттің ағымдағы шығыстарын мұнай секторынан түсетін түсімдердің көлеміне қарамастан оңтайлы деңгейде қолдауды білдіреді.
Бюджет процесін реформалау қаржы менеджментінің қағидаттарын енгізу алғышарттарын жасайды, яғни, орындайтын функцияларды әкімшілендірілетін бағдарламалардың тиімділігі жөнінде мемлекеттік органның қызметі туралы пікір айтуға мүмкіндік беретін нақты мүмкіндіктерге бейімдеу жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілеттіктерін кеңейту.
2014 жылдан бастап үш жылдық бюджеттік жоспарлауға көшу іске асырылады. 2014-2015 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу экономика дамуының бюджет кірістері мен шығыстарын орта мерзімді болжамдауда бар тәжірибеге және бюджет процесінің жетілдірілген әдістеріне негізделетін және қолданылатын болады.
Трансферттер – бұл бюджетке өтеусіз және қайтарымсыз түсім немесе бюджеттен болатын шығын. Трансферттер жалпы сипаттағы трансферттер, ағымдағы нысаналы трансферттер және дамуға арналған нысаналы трансферттер болып бөлінеді.
6-сурет. Түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-әрекеті
Қазақстан Ресубликасы бюджет жүйесінің түрлі деңгейінің табысын реттеу тетігі салық саясатында анықталады және Салық пен Бюджет кодекстерінде бекітілген. Барлық билік деңгейі өз өкілеттігі мен жауапкершілігін дербес іске асыруы үшін олардың әрқайсысына салықтық және салықтық емес табыс көздері бекітіледі және бюджетаралық қарым-қатынасты реттеудің тиісті нысаны анықталған.
Қорыта келгенде, мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет.
