- •1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні
- •1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті, құрылымы
- •2 Қазақстан республикасы мемлекеттік бюджетін қалыптастыру және қазіргі жағдайын талдау
- •2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің заңнамалық негіздері
- •Бюджет құрылымы.
- •2.3 Мемлекеттік бюджет пайдалану мәселелері мен жетілдіру жолдары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бюджет құрылымы.
Бюджет түсімдері.
1. Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу сомалары, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер, қарыздар бюджеттің түсімдері болып табылады. 2. Салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер бюджет кірістері болып табылады. 3. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады. 4. Салықтық түсімдер Қазақстан Республикасының Салық және Кеден кодекстерінде белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып табылады. 5. Салықтық емес түсімдер негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтын, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген, бюджетке міндетті, қайтарымсыз төлемдер, байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша болып табылады. 6. Бюджетке: 1) мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан; 2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан; 3) мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге де тәсілмен өткізуден; 4) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады. 7. Трансферттер түсімдері бюджеттің бір деңгейінен басқасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері болып табылады. 8. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер болып табылады. 9. Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер. 10. Қарыздар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) қарыз шарттарын жасасуға байланысты бюджетке ақша түсімдері болып табылады.
Бюджет шығыстары.
1. Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздарды өтеу бюджеттің шығыстары болып табылады. 2. Шығындар қайтарымсыз негізде бөлінетін бюджет қаражаты болып табылады. 3. Бюджеттік кредиттер бюджеттен қайтарымды, жедел және ақылы негізде бөлінетін ақша болып табылады. 4. Қаржы активтерін сатып алу заңды тұлғалардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерін және бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталған бюджет қаражаты болып табылады. 5. Қарыздарды өтеу Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық шарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджет қаражаты болып табылады.
Бюджет құрылымы.
1. Бюджет құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: 1) кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімі; 2) шығындар; 3) таза бюджеттік кредиттеу: бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо: қаржы активтерін сатып алу; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер; 5) бюджет тапшылығы (профициті); 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): қарыздар түсімі; қарыздарды өтеу; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары.
Республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті).
1. Қарыздарды өтеудi қоспағанда, республикалық немесе мемлекеттік бюджет шығыстарын шегергендегі республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) қарыздар түсімдері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан трансферттер түсімдерін алып тастағандағы республикалық немесе мемлекеттік бюджет түсімдерінің сомасына тең. 2. Мұнайға қатысты емес тапшылық бекітілмейді және талдамалық мақсатта пайдаланылады. Бюджет шығыстарының мұнайға қатысты емес түсімдерден тәуелділігін төмендету үшін экономиканың мұнайға қатысты емес секторын нысаналы дамыту есебінен ұзақ мерзімді кезеңде мұнайға қатысты емес тапшылық мөлшері кемітілуге тиіс.
Бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең. Теріс белгісімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет профициті болып табылады.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
1. Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі алынған қарыздар, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары сомасының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде айқындалады. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сәйкес келеді. 2. Бюджет профицитін пайдалану қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджеттің пайдаланылатын қаражаты қалдықтарын жұмсау жолымен жүзеге асырылады. Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің шамасына сәйкес келеді.
Бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсыну.
1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттерді, қабылданған, төленбеген міндеттемелерді, бюджет түсімдерінің атқарылуын және (немесе) тиісті бюджеттің бюджеттік бағдарламалары бойынша төленген міндеттемелерді көрсетеді. 2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді. 3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп береді.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да есептерді береді.
Мемлекеттік қаржылық бақылау.
1. Мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын бақылау объектілерінің бұзуын анықтау, жою және оған жол бермеу мақсатында жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік қаржылық бақылау: 1) ішкі және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау; 2) бюджеттің тиісті деңгейіне байланысты республикалық және жергілікті мемлекеттік басқару деңгейінде жүргізілетін болып бөлінеді. 3. Ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау – Қазақстан Республикасының Үкіметіне, орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларына есеп бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және орталық мемлекеттік органдар мен облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері жүзеге асыратын республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау. 2.2 Мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстарының атқарылуының қазіргі жағдайын талдау
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып табылады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді; шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттiң құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:
1) кiрiстер: /1/
салықтық түсiмдер;
салықтық емес түсiмдер;
негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;
ресми трансферттер түсiмдерi;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттiк кредит беру:
бюджеттiк кредиттер;
бюджеттiк кредиттердi өтеу;
5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
қаржы активтерiн сатып алу;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
6) бюджет тапшылығы (профицитi);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану):
қарыздар түсiмi;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджет кiрiстерi салық және басқа да мiндеттi төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде берiлетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес бюджетке eceптелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады. Салықтық түсiмдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерден тұрады.
Сурет-2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түсетін салық түсімдерінің құрылымы
Диаграммадан көрініп тұрғанындай (4-сурет), Қазақстан Республикасының бюджеті кірістерінің негізгі бөлігін корпоративтік табыс салығы (орта есеппен 31,8%), ҚҚС (22,5%), әлеуметтік салық (16,2%), сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың өзге де салықтары мен төлемдері (19%) және т.б. құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджет тапшылығын қаржыландыру саласындағы саясаты елдің борышын басқарудың бірыңғай және тиімді жұмыс істейтін жүйесін құруға бағытталады.
ҚР Бюджет Кодексінде көрсетілгендей, Салықтық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілген, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар бюджет кірістері болып табылады.
Қазақстанда салықтар республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Айталық, мысалы, мұнай секторын ұйымдастырудан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы; қосымша құнға салынатын салық және т.б. республикалық бюджетке, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және басқалары – жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады.
Сурет-3. Мемлекеттік бюджет тапшылығы мен мұнайға қатысты емес тапшылықтың серпіні
Ал Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес үкіметтік қарыз алу саясаты Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына кепілдендірілген борышты ескере отырып, үкіметтік борышты 50-70-пайыздық қатынасқа қол жеткізуге бағдарланатын болады.
Сурет-4. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын үкіметтік қарыздардың есебінен қаржыландыру, млрд теңге
Үкімет ішкі қарыздарды ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін тарту ниетінде.
Сыртқы үкіметтік қарыздарды өтеу халықаралық қаржы ұйымдары, шетелдік мемлекеттердің үкіметтері, шетелдік коммерциялық банктер мен фирмалар берген қарыздар бойынша үкіметтік борышты өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Орта мерзімді кезеңдегі бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін оларға бекітілген мемлекеттік қызметтерді толыққанды ұсыну және оларға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін жеткілікті қаржы қаражатымен қамтамасыз ету болып табылады.
2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістері жаңа Салық кодексінің экономиканың шикізат секторына салық жүктемесін төмендетуді қарастыратын ережелерін есепке ала отырып, орта мезімді кезеңде макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды өлшемдері негізінде айқындалды.
Кірістер есебінде мемелекеттік басқару және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақыларын 2010 және 2011 жылдары 25%-ға, 2012 жылы 30%-ға көбейту және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударымдарды 2010 жылы 3%-дан 4 %-ға дейін және 2011 жылы 5 %-ға дейін ұлғайту нәтижесінде әлеуметтік салық түсімдерінің төмендеуі және 2010-2014 жылдары ең аз жалақыны ұлғайту ескерілді.
Кесте-1
ЖІӨ-ге мемлекеттік бюджет кірістері %-бен
ЖІӨ-ге мемлекеттік бюджет кірістері %-бен |
|||||
Көрсеткіштер атауы |
2010 жыл |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
Кірістер |
13,4 |
12,0 |
11,5 |
11,2 |
10,9 |
Салықтық түсімдер |
12,7 |
11,3 |
10,9 |
10,6 |
10,3 |
Салықтық емес түсімдер |
0,4 |
0,4 |
0,3 |
0,3 |
0,3 |
Негізгі капиталды сатудан түсімдер |
0,3 |
0,3 |
0,3 |
0,3 |
0,3 |
Ескерту - www.minplan.gov.kz |
|||||
2010-2014 жылдарға арналған Ұлттық қорға бағытталатын бюджетке түсетін түсімдер көлемінің болжамы макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдаған өлшемдері негізінде құралды: мұнай өндіру, мұнайдың әлемдік бағасы, АҚШ долларына теңге бағамы, сонымен қатар өткен жылдарға түсімдер серпіні, ағымдағы жағдайды талдау.
Орта мерзімді кезеңдегі бюджет саясаты макроэкономикалық тұрақсыздық, күш пен ресурстарды жұмылдыру, барынша тиімділікті іздеу жағдайында Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларын іске асыруға, яғни елдің дамуының стратегиялық бағамын бақылай отырып ортамерзімді кезеңде мақсатқа жетудің барынша төмен шығынды жолдарына бағытталған [36].
Шығыстар саясаты алдағы кезеңде мынадай бірқатар шектеулерді ескере отырып, анықталатын болады:
бюджет шығыстарының теңгерімділігін қамтамасыз ету;
ішкі нарықты жеткілікті деңгейде борышқорлық құралдармен қамтамасыз ететін көлемде бюджет тапшылығының орнын толтыруға бағытталған қарыз алуды жоспарлау;
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарының бірінші дәрежелі рөлі.
Ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор активтерінің «сарқылуына» жол бермеу саясаты жалғасатын болады, соған сәйкес кепілді трансферт мөлшері республикалық бюджет әзірленетін алдыңғы жылдың жыл соңына Ұлттық қор активтерінің үштен бір бөлігінен аспайды.
Мемлекеттік бюджет тапшылығының өлшемдері мұнай емес тапшылықтың болжамды көлемдеріне сүйене отырып бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету қажеттігін есепке ала отырып айқындалған.
Кесте-2
2010 – 2014 жылдары Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілді трансферттердің көлемі
Көрсеткіштер атауы |
Жылдар |
||||
2010 ж |
2011 ж |
2012 ж |
2013 ж |
2014 ж |
|
Республикалық бюджетке кепілді трансферт, млрд. теңге |
843,1 |
1075,7 |
1089.9 |
1000,4 |
1 000,0 |
республикалық бюджетті әзірлеудің алдындағы жылдың қаржылық жыл аяғындағы Ұлттық қордың активтеріне қарағандағы үлесі, % |
30,8 |
32,9 |
33,3 |
30,6 |
27,7 |
Ұлттық қордан берілетін мақсатты трансферттер |
347,9 |
273,2 |
|
|
|
Ескерту - www.minplan.gov.kz |
|||||
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орта мерзімді перспективаға арналған қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына сәйкес үкіметтік қарыз алу саясаты Ұлттық қордың активтерінің нарықтық құнына қатысты кепілді борышты есепке ала отырып үкіметтік қарыздың 50 – 70 пайыздық арақатынасына қол жеткізуге бағдарланған.
Жалпы 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет шығыстары
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған іс- шараларды және халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге, шағын және орта бизнесті қолдауға, агроөнеркәсіп кешенін, салалық бағдарламаларды дамытуға бағытталатын мемлекеттің басқа да басымды міндеттерін іске асыруға бағытталған.
Бюджет тапшылығы 2014 жылға 918,6 млрд. теңге сомада немесе ЖІӨ-ге қатысты - 2,3 %, 2015 жылға – 977,7 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге қатысты - 2,2%, 2016 жылға – 963,5 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге қатысты - 1,9 % болып айқындалды.
Сурет 5. Республикалық бюджеттің тапшылығы/профицит
Республикалық бюджеттің жалпы шығыстарында әлеуметтік саланың шығыстары негізгі үлесті құрайды.
Мәселен, әлеуметтік қамсыздандыруға (білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт) жалпы сомасы 8 754,6 млрд. теңге, оның ішінде 2014 жылы – 2807,2 млрд. теңге қаражат көзделген, бұл республикалық бюджеттің жалпы шығыстарының 39,4%-ын немесе ЖІӨ-нің 7,1%-ын құрады.
2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар 4 931,5 млрд. теңгені, оның ішінде 2013 жылға қарағанада 254,3 млрд теңгеге немесе 19,8%-ға өсумен, 2014 жылы – 1 539,1 млрд. теңгені құрады.
Осы қаражаттың басым бөлігі (шамамен 92,0%) зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақыларға жұмсалады. Бұл мақсаттар үшін үш жылдық бюджетте 4 552,8 млрд. теңге, оның ішінде 2014 жылы – 1 411,2 млрд. теңге көзделген.
Кесте 3. Республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға арналған шығыстары
млн. теңге
Аталуы |
2013 жыл, есеп |
2014 жыл |
2015 жыл |
2016 жыл |
||
Бекітілген бюджет |
Нақтыланған бюджет |
Ауытқу |
||||
Білім беру |
456 169 |
463 388 |
488 898 |
25 510 |
472 220 |
501 176 |
шығыстардың үлесі (%) |
7,6 |
6,9 |
6,9 |
6,6 |
6,4 |
|
ЖІӨ-ге қатысты %-бен |
1,4 |
1,2 |
1,2 |
|
1,1 |
1,0 |
Денсаулық сақтау |
501 430 |
647 302 |
663 866 |
16 564 |
675 022 |
688 623 |
шығыстардың үлесі (%) |
8,4 |
9,6 |
9,3 |
9,4 |
8,8 |
|
ЖІӨ-ге қатысты %-бен |
1,5 |
1,7 |
1,7 |
|
1,5 |
1,4 |
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру |
1 284 797 |
1 485 816 |
1 539 086 |
53 270 |
1 620 922 |
1 771 498 |
шығыстардың үлесі (%) |
21,4 |
22,1 |
21,6 |
22,5 |
22,6 |
|
ЖІӨ-ге қатысты %-бен |
3,8 |
3,8 |
3,9 |
|
3,6 |
3,5 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
93 892 |
114 410 |
114 976 |
566 |
121 365 |
96 640 |
шығыстардың үлесі (%) |
1,6 |
1,7 |
1,6 |
1,7 |
1,2 |
|
ЖІӨ-ге қатысты %-бен |
0,3 |
0,3 |
0,3 |
|
0,3 |
0,2 |
БАРЛЫҒЫ |
2 336 287 |
2 710 916 |
2 806 826 |
95 911 |
2 889 529 |
3 057 937 |
шығыстардың үлесі (%) |
39,0 |
40,4 |
39,4 |
40,1 |
39,0 |
|
ЖІӨ-ге қатысты %-бен |
7,0 |
7,0 |
7,1 |
|
6,5 |
6,1 |
2014-2016 жылдар кезеңінде денсаулық сақтау жүйесіне республикалық бюджеттен медициналық қызметтерді алуда азаматтардың қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында 2 027,5 млрд.теңге, олардың ішінде 2014 жылы – 645,6 млрд.теңге, 2015 жылы - 660,3 млрд.теңге, 2016 жылы - 668,7 млрд. теңге бөлінетін болады.
Қазақстанда өмір сүретін барлық этностардың тiлдерiн сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымда қолданылуын қамтамасыз ететін үйлестірілген тіл саясатын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы әзірленген (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама).
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін 2014-2016 жылдарға республикалық бюджетте 10,2 млрд. теңге (2014 жылға – 3.4 млрд. теңге, 2015 жылға – 3.4 млрд. теңге, 2016 жылға – 3.4 млрд. теңге) сомасындағы шығыстар көзделген.
