Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемлекеттік бюджетті экономикалы мні мен рлі МАБ 2015-00 згерген жаа.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Қорыта келгенде, бюджет- мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Осы орталықтандырылған қаржылар арқылы мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық маңызды функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты мемлекеттің шығыстарын қамтамасыз етуге арналады.

Сөйтіп, жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің экономикалық процесін реттеуде аса маңызды рөл атқарады. Рынокқа өтпелі кезеңде бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің құндық арақатынастарын жақсартуға ықпал етеді, нарықтық инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың әлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлудің белсенді құралы болуы тиіс. Бұл шаралар тек салықтардың ынталандырушы рөлін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдану жолымен бюджет ресурстарын қалыптастырып, жұмсау кезінде жоғары тиімділікке қол жеткізу жағдайында ғана мүмкін болады.

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде. Республикалық деңгейдегі білім беруді, денсаулық сақтауды, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыруды және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын тікелей шығындар барлық шығыстардың 60 пайызынана асып отыр. Сонымен бірге өнімсіз мақсаттардың: басқаруға, армияға, құқық қорғау органдарына, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге, дипломатиялық жұмыстарды атқаруға, дүниежүзілік қауымдастықтағы біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша жарналарға жұмсалатын шығындарда күннен-күнге өсуде. Бұл мақсаттарға жыл сайын бюджет қаражаттарының 1/3 бөлігі жұмсалады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында:

«Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз» - деді.

Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Сонымен, экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.

Мемлекеттік бюджет біздің елімізге қажетті және маңызды. Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар. Әлеуметтік саясаттағы басымдықтар - халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған от бастарын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.

Мемлекеттік бюджеттің негізінде жүргізілетін шаралар арқылы дағдарыстық жағдайда одан шығуға байланысты қызметтер, қолдау мен ынталандыру саясаттары жүргізіледі. Осындай дағдарыстық кезеңдегі негізгі бюджеттік қолдау шараларын ескере отырып, келесідей ұсыныстарды топтастыруға болады:

  • Экономиканы реттеудің, ынталандырудың бірден-бір көзі салық болғандықтан, ал салық мемлекеттік бюджеттің кірісінің негізгі көзі ретінде экономиканы бюджеттік-салықтық реттеу саясаты, яғни ынталандырушы және тежеуші бюджеттік-салық саясаттары жүзеге асырып отыру;

  • Әлеуметтік саланы қолдау, елдің білім беру, денсаулық сақтау мен қарулы күштерін қызметін үздіксіз жүргізуге, ұстап тұруға байланысты оларды қаржыландыруда ең тиімді бюджеттік шараларды іске асыру, әлеуметтік саланың әлсіз жақтарына нақты көмек көрсетіп отыру;

  • Экономиканың өндіріс секторларын, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, технологияны және шағын бизнесті дамыту мен қолдауға байланысты оларға бюджет тарапынан жеңілдікті несиелер беру, субсидиялар тағайындау, жеңілдікті салық режимдерін пайдалану болып табылады.