- •Педагогика және психология факультеті Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
- •Педагогика және психология факультеті Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы силлабус
- •Курс: 3
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Сөж мақсаттары мен орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Дәрістік кешен
- •Дыбыс қою тәсілдері
- •Дыбыс айтуды машықтандыру кезені
- •Қойылган дыбысты уқсас дыбыстардан ажырату кезеңі
- •Сигматизм туралы түсінік
- •Сигматизм түрлері
- •Ш, ж, щ, ч дыбыстарының айтылу ерекшеліктері
- •Дыбыс айту кемшіліктерін түзету
- •Р және р дыбыстарының айтылу ерекшеліктері
- •Дыбыс айту кемшіліктерін түзету
- •Л және л дыбыстарының айтылу ерекшеліктері
- •Дыбыс айту кемшіліктерін түзету
- •Қ, к’,г, г’,х ,х’ /и/-дыбыстарының айтылуы кемшіліктері
- •Дыбыс айту кемшіліктерін түзету
- •Түзету тәсілдері.
- •1.Ы дыбыстың айтылу кемшіліктері
- •2. Түзету тәсілдері
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Бақылау - өлшемдік құралдары
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Логопедия
Дәрістік кешен
№1 дәріс. Дислалия және оның түрлері
Жоспары:
1. Дислалияға анықтама және оның тарихы
2. Дислалияның түрлері
3. Дислалияның себептері
Дислалия («dis» - бұзылу,«lalia» - сөз) – бұл сөйлеу тілінің бұзылуының едәуір тараған түрінің бірі. Осы бұзылыстың ең негізгісі – сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы.«Дислалия» деген терминді Еуропада ең бірінші болып Вильнюс университетінің профессоры, дәрігер И.Франк енгізген деп саналады. 1827 жылы шыққан монографиясында бұл терминді барлық жалпы этиологиясы әр түрлі дыбыс айтуының бұзылуын атаған. Кейін 19 ғасырдың 30-шы жылдары Р.Шультес осы терминді қолданған. Бірақ ол бұл терминмен артикуляциалық аппарат мүшелерінің ауытқушылықтарының салдарынан дыбыс айтудың бұзылыстарын атады.
В.Олтушевский деген зерттеуші дислалияға керісінше, артикуляциалық аппарат мүшелерінің ақаулықтарынан емес, басқа себептерден болған дыбыстардың бұзылуын жатқызды.
20 ғасырда әр түрлі авторлар дыбыс айтудың бұзылыстарын әр түрлі атаған. Мысалы: Ф.Ф.Рау - «фонемалардың айтылуының бұзылуы», О.В.Правдина - «дислалия», М.Е.Хватцев – тіл мүкістігі(«косноязычие») деп атаған.
Дислалия – сөйлеу тіліндегі дыбыстың айтылуының дербес бұзылуы. Ол дыбысты алмастыру, дыбысты айтпай, тастап кету, бұрмалап айтумен белгіленеді. Грамматикалық құрылысы және сөздік қоры жеткілікті деңгейде болады (Ф.Ф.Рау).
Дислалия – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі жиі кездесетін дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Сөздік қоры және грамматикалық құрылысы қалыпты деңгейде (О.В.Правдина).
Бұл жастағы балалардың көбінесе жалғыз кемістігі болады.
Дислалия – есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы (Л.С.Волкова).
Дислалия жиі кездесетін ауытқушылық. Зерттеулер бойынша, мектеп жасына дейінгі балаларда 25-30% (5-6ж), мектеп жасындағы (1-2 сынып) балалардың 17-20%, ал жоғарғы сынып оқушыларын 1% дыбыс айтуының бұзылуы кездеседі.
Бұл зерттеулер осы бұзылыстардың уақытша екенін дәлелдейді. Түзету жұмысы арқылы, балалардың сөйлеу тілінің дамуына байланысты, бұл бұзылыстар жойылады деуге болады.
Сөйлемнің фонетикалық жағын меңгеру дәрежесі фонетикалық есту қабілетінің дәрежесімен тікелей байланысты болады. Фонетикалық естудің жеткіліксіздігінің нәтижесі ретінде айыру қиыншылығы, акустика нышандары бойынша жақын тіл дыбыстарын ажырату болып табылады.
Арнайы әдебиетте сөйлеу тілі үрдісіне қатысатын психофизиологиялық механизмінің қайсысы зақымдалғанына қарай дислалияның екі түрін ажыратады. Бір қатар авторлар (К.П.Беккер, М.Совак, М.Е.Хватцев, О.А.Токарева, О:В.Правдина жәнет.б.) сенсорлы және моторлы дислалия деп бөлінеді және дислалияны осылай ажыратуын талап етеді.
Логопедияның дамуының заманауи кезеңінде ауытқудың топтастырлуы сөйлеу тілін зерттейтін әр түрлі пәндердің критерийлерінің жиынтығына сүйенеді. Сонымен қатар, логопедияда логопедиялық ықпалға ерерлік бұзылыстардың негізгі белгілерін бөлген маңызды, яғни айытқудың түрін ( фонематикалық немесе фонетикалық) ескеру.
Аталған критерийлер бойынша дислалияның негізгі үш түрін ажыратады: акустикалық – фонематикалық, артикуляторлық – фонематикалық, артикуляторлы – фонетикалық.
Акустикалық – фонематикалық дислалия- дыбысты айту ауытқушылығы, оның акустикалық сипаты бойынша дыбысты өңдеу операцияларының таңдаулы қалыптаспауымен байланысты. Бұзылу негізінде – фонематикалық естудің жеткіліксіз қалыптасуы. Ауытқушылық физиологиялық естуі сақталған баладағы кейбір дыбыстарды есту арқылы ажырату қызметі таңдаулы түрде қалыптаспайды, бұл акустикалық жақын дыбыстармен ауыстыруды білдіреді. Бұзылу сөзді қабылдау механизмінің сенсорлы бөлімімен шектеледі.
Артикуляторлы – фонематикалық дислалия – сөзді өндіруші моторлы бөлімнің артикуляторлы қасиеті бойынша фонемді таңдау операцияларының қалыптаспауымен байланысты айытқушылықты қосады. Олардың екі түрі болуы мүмкін: 1) артикуляторлы негіздің толықтай қалыптаспауымен нәтижесінде фонемді таңдауда керекті дыбыстың орнына әлі қалыптаспаған, артикуляциясы жағынан едәуір оңай, арикуляциялық нышандар бойынша ұқсас дыбыстар таңдалады.
2) Артикуляторлы негізі қалыптаспаған және баламен дыбысты шығару үшін керек барлық артикуляторлы ұстаным игеріледі. Бірақ дыбысты таңдау кезінде дұрыс шешім қабылданбайды. Кейбір жағдайларда дыбыс дұрыс айтылады, басқаларында – дұрыс айтылмайды. Яғни, дыбыс алмастырылып айтылады.
Артикуляциясы ұқсас дыбыстар алмастырылып, шатастырылып айтылады. (ц-ч,р-л,т-к,д-г,с-ш,з-ж).
Дислалияның осы түрінде баланың фонематикалық есту қабілеті толық қалыптасқан болады. Сондықтан бұл ақайлықтар түзету барысында жойылады.
Мысалы, [Р] - [Л] алмастыру 5 жастағы баланың арасында 42% кездеседі (Р дыбысы бұзылыстарының ішінде), 6ж - 34%, 7ж - 18%, 8 – 9ж - 18%,ал [Л]→ [Р] алмастыру 5ж - 9%, 6ж - 5%, 7ж –жоқ.
Мұндай мағлұматтар А.Н.Гвоздевтің, В.И.Бельтюковтың, О.В.Правдинаның жұмыстарынан кездестіруге болады. Бірақ, дыбыс айтудың бұзылуы барлық балаларда түзнтілмейді. Жалпы білім беретін мектепте 1 сынып оқушыларының ішінде фонематикалық жетіспеушілігі бар балалар саны15% көрсеткен. Бастауыш мекиепті аяқтаған кезде ондай балалар бірен – саран болады.
Дыбысты бұзып айту моторлы бұзылыстарға байланысты емес. Ол фонемаларды артикуляторлық белгілеріне байланысты іріктейтін операцияларына (әрекетіне) байланысты.
Артикуляторлы – фонетикалық дислалия – артикулятоарлы позициялары дұрыс қалыптаспауының салдарынан болған бұзылыстар.
Дыбыстар бұзылып айтылады (дұрыс айтуына жақын). Дыбыстарды тастап катуі мүмкін.
Дислалияда тек қана дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады.
Дыбыстардың бұзылуының 4 түрі кездеседі:
дыбысты мүлдем айтпауы;
дыбысты алмастырып айтуы;
дыбысты бұзып айтуы;
дыбысты шатастырып айтуы.
Дыбысты мүлдем айтпауы және дыбысты бұзып айтуы – бұзылыстың антропофониялық түрі, ал дыбысты бұзып айтуы мен шатастырып айтуы – бұзылыстың фонологиялық түрі деп ажыратылады.
Дыбыстардың бұзылыстарын атау үшін халықаралық терминдер қолданылады. Олар грек алфавитінің әріптерінен құралған.
Олар: 1. сигматизм – ызың, ысқырық дыбыстарының айтылуының бұзылуы (с - с', з - з', ц,ш,ч,щ,ж) – 22%
2. ротоцизм (р - р') – 26%
3. ламбдацизм (л - л') – 10%
4. каппацизм (к - к', г - г', х - х') – 1%
5. йотоцизм (j) – 1,5%
6. ұяң дауыссыз дыбыстарының ауытқушылығы ( ұяң дауыссыздар өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастырады б – п, д – т, в – ф, з – с, ж – ш, г – ғ,к – қ)
Мұндай ауытқушылықтар құлағы нашар еститін, керең балаларда жиі кездеседі.
7. жіңішке дауыссыз дыбыстардың ауытқушылықтары. Сөйлеу тіліндегі жіңішке дайыссыздардың өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастыру ауытқушылықтары: д' – д, п' – п, к '– к, р' – р.
Дыбыс айтудың пайыздық көрсеткіштері ресейлік автор М.А.Александровскаяның деректері бойынша берілген, ал Л.Г.Парамонованың (1990) зерттеулері бойынша бұл көрсеткіштер әлде қайда жоғары: ротацизм – 71,6%; ламбдацизм – 54%; ысқырық дыбыстардың айтылуының бұзылуы – 42%; ызың дыбыстардың айтылуының бұзылуы – 45,4%. Қазақ тілді қалыпты дамыған мектеп жасына дейінгі ( 5-6 жас ) балалардың дыбыс айтуын тексеру нәтижесінде келесі көрсеткіштерді атауға болады: ызың дыбыстардың айтылуының бұзылуы – 47,9% (5 жас), 45% (6жас): ысқырық дыбыстардың айтылуының бұзылуы – 38% (5жас), 33,3% (6жас); Р дыбысының айтылуының бұзылуы – 30,5% (5жас), 29,9% (6жас) (Төлебиева Г.Н.,2010). Осы деректерден мектеп жасына дейінгі балалардың арасында дыбыстардың айтылуының бұзылуы әр түрлі жиілікте көрінетіні байқалады.
Қорытынды: Сонымен, дыбыс айтудың бұзылуы сөйлеу тілінің бұзылуының ерекше түрі. Бұл бұзылыс функционалды және органикалық болады.
К.П.Беккер және М.Совак дыбыстық, буындық және сөздік дислалияны ажыратады. Бірақ, Л.С.Волкова дислалияны түрлері бойынша емес, деңгей бойынша бөлген жөн деп санайды. Өйткені, ауытқудың әр түрінде дағдылардың қалыптасуының деңгейі жайында айтылады. Жоғарыда аталған дислалияның әр түрінде дағдылардың қалыптасуының әр түрлі деңгейі байқалуы мүмкін.
Жай және күрделі дислалия
Бұзылған дыбыстың санына байланысты дислалия жай (мономорфты) және күрделі (полиморфты) болып бөлінеді.
Мономорфты дислалияда бір немесе артикуляциясы бірыңғай дыбыстардың айтуы бұзылады, ал полиморфты дислалияда әр түрлі топтағы (ысқырық және сонор) дыбыстардң айтылуының бұзылуы байқалады.
Тәжірибеде дислалияның «таза» түрлерімен қатар акустикалық – фонематикалық, артикуляторлық – фонематикалық және артикуляторлық – фонетикалық дислалиялардың құрама түрлері кездеседі. Бұндай бұзылыстарды М.Е.Хватцев жалпы тіл мүкістігі («косноязычие») деп атап, сөйлеу тілі бұзылыстарымен байланыстырған. Бұндай құрамалар сөйлеу тілінің дыбыстық жағының жеке бұзылыстарына жатпайтын ерекше топ құрайды. Олар сөйлеу тілінің басқа жағының жетіспеушілігімен үйлеседі және орталық жүйке жүйесінің, психикалық дамуыны, органикалық зақымдалуында байқалады. Себебіне байланысты дислалия функционалды және табиғи (оргоникалық) деп бөлінеді. Соңғы термин перифериялық сөйлеу аппаратында морфологиялық өзгерістердің барлығына нұсқайды.
Механикалық (оргоникалық) дислалия – сөйлеу тілінің перифериялық аппаратының (артикуляциялық мүшелерінің) анатомиялық ақаулары салдарынан дыбыс айтудың бұзылуы.
Механикалық дислалияның себептері: 1) жақ – сүйек жүйесінің ақаулары, алдыңғы тістер арасындағы диастемалар; 2) күрек тістердің жоқ болуы немесе олардың ақаулары; 3) тістену ақаулары. Бұл дамуының ақаулары немесе әр түрлі жарақаттар, тіс аурудары немесе адамның жасына байланысты өзгерістерінің салдарынан жүре пайда болған ақаулары болуы мүмкін. Осы бебептерден пайда болған дыбыс айтуының бұзылуы жиі кездеседі. Кейбір жағдайда қатты таңдайдың ақаулары (биік орналасуы) кездеседі. Бұндай жағдайда ызың, ысқырық, еріндік – тістік, тіс алды дыбыстарының бұзылыстары жиі кездеседі.
Бірақ, кез келген тіс ақаулары дыбыс айтуының бұзылуына әкелмейді. Кейбір кезде тістердің деформациясы кезінде дыбыс айтуы қалыпты болып қалады.
Тілдің патологиялық өзгерістерінің (өте үлкен, көлемді немесе кішкентай тіл, тіл асты желбезегінің қысқа болуы) салдарынан дыбыс айтуының бұзылуы таралуы бойынша екінші қатарда тұр. Бұндай ақаулықтарда ызың, ысқырық және вибрант дыбыстардың айтылуы бұзылады. Кейбір жағдайда сөздің жаопы анықтығы бұзылады.
Бірақ, лингвистер (Р.О.Якобсон, М.В.Панов) және арнайы мамандардың (Г.Гутцман, Р.А.Юрова және т.б.) айтуы бойынша тілдің патологиялық кемістіктері айтуына барлық жағдайда әсер ете бермейді.
Тіл және тіс ақаулары бола тұра баланың дыбысты дұрыс айтуы компенсаторлы мүмкіндіктерді дәлелдейді.
Еріннің ақауларынан дыбыс айтуының бұзылуы сирек кездеседі. Өйткені туа біткен ерін жарықтары хирургиялық жолдармен ерте жаста емделеді. Сондықтан, логопед өз жұмысында жарақаттардан кейін болған деформация салдарымен кездеседі. Осындай жағдайда еріннің толық қалыптаспауынан еріндік дыбыстардың айтылуы бұзылады. Сонымен қатар ерідік – тістік дыбыстардың да айтылуы бұзылады.
Механикалық дислалия функционалды және фонематмкалық дислалиямен қосарлануы мүмкін. Механикалық диялалияның барлық жағдайында хирург және ортодонт мамандарының кеңесі, ал кейбір жағдайда емделуі қажет.
Функционалды дислалияның табиғи негізі болмайды. Мысаоы, еліктеушілікпен дамыған дыбыстардың дұрыс айтылмауы. Себебісөйлеу өзінің бастапқы даму кезінде еліктеу негізінде айтарлықтай дәрежеде қалыптасады, сонымен қатар оның бұзылу себебінің бірі ретінде баланы қоршаған адамдарда дыбысты айту кемшілігі бар болуы мүмкін.
Ұсынылған әдебиеттер:
Григоренко Н.В.,Синяева М.Л. логопедические и медицинские аспекты органической дислалии и способы ее коррекции. Дефектология,2000,№4.
Логопедия. Л.С.Волкаваның ред.- М.,2007.
Основы теории и практики логопедии. Р.Е.Левинаның ред. – М,.1968.
Өмірбекова Қ.Қ., Серкебаев Қ. Логопедия. – Алматы,1996.
Парамонова Л.Г. Логопедия для всех. М.,2009.
№2 дәріс. Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері
