- •Педагогика және психология факультеті Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
- •Педагогика және психология факультеті Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы силлабус
- •Курс: 3
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Сөж мақсаттары мен орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Дәрістік кешен
- •Дыбыс қою тәсілдері
- •Дыбыс айтуды машықтандыру кезені
- •Қойылган дыбысты уқсас дыбыстардан ажырату кезеңі
- •Сигматизм туралы түсінік
- •Сигматизм түрлері
- •Ш, ж, щ, ч дыбыстарының айтылу ерекшеліктері
- •Дыбыс айту кемшіліктерін түзету
- •Р және р дыбыстарының айтылу ерекшеліктері
- •Дыбыс айту кемшіліктерін түзету
- •Л және л дыбыстарының айтылу ерекшеліктері
- •Дыбыс айту кемшіліктерін түзету
- •Қ, к’,г, г’,х ,х’ /и/-дыбыстарының айтылуы кемшіліктері
- •Дыбыс айту кемшіліктерін түзету
- •Түзету тәсілдері.
- •1.Ы дыбыстың айтылу кемшіліктері
- •2. Түзету тәсілдері
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Бақылау - өлшемдік құралдары
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Логопедия
Ш, ж, щ, ч дыбыстарының айтылу ерекшеліктері
Дыбыс айту кемшіліктерін түзету
Әдетте төмеңгі артикуляцияда бұл дыбыстар бұл дыбыстар елеулі жұмсарады.
Ш , Щ , Ч дауыссыздарды /әсіресе Ш мен Ж/ айту кемшіліктерінің тууына шарт болатын
сөйлеу артикуляциясының аномалиясынан басқа , тіл асты сіңірінің қысқалығы , тандайдың биік-жіңішке болуын атауға болады. С, Ц, З дыбыстары мен Ш, Ж, Ч, Щ дыбыстарын қатар қамтитын сигматизм жағдайында кейбір ерекшеліктерде болмаса алдыңғысынан (ысқырық дыбыстардан) бастаған тиімді.
Ал бүкіл Ш, Ж, Ч, Щ дыбыстарын қамтитын сигматизмде әдетте түзетуді Ш дыбысынан бастайды.
Мектепке дейінгі немесе төменгі сынып балаларының тіл кемшілігін түзету жұмысы еліктеу негізінде жүргізіледі, төңіректегі дыбыстарды есту қабылдау қабілетіне негізделеді /паровоздың пышылығы, күшті желдегі ағын шуылығы т.б./. Еліктеу негізін құрайтындар тіл қалпын айнадан көрсету/ аздап ашылған ауызбен, оның формаларын қол бетімен бейнелеу/. Сонымен қатар қолмен, кең, жылы ауа ағының сезіндіру де қолданылады (23-сурет).
Егер бұлар нәтиже бермесе, арнаулы тәсілдер пайдалану керек. Егер Ш дыбысы бұзылып айтылған жағдайда , Р дыбысы дұрыс айтылатын болса, соңғысын қажет артикуляцияға негіз етіп алуға болады. Ол үшін балаға Р дыбысын үнсіз немесе сыбырлап созып айна алдында айтқызады, сосын бәсең дыбыстар пайда болғанша тербеліс тоқтағанша дем шығару үшін жайлата түседі.
Р дыбысын айту кезінде шпательді немесе №5 зондты, тілдің төмеңгі ұшына тигізіп, алдыңғы шетінен тербелісін тежесе, дыбыстауды жайлатпай да алуға болады. (24-сурет). Ауызды ашып, оған механикалық әсер ететін бірнеше жаттығу жасап, қажетті артикуляцияны қайталау дағдысын қалыптастырған соң алынған дыбысты тісті қысып айтуға болады /дыбыстұңшығып төмендеп шығады жаттығулар сериясының ең соңында артикуляцияны ерінді дөңгелектеумен толықтырады/дыбыс тұңшыға түседі / , сонда Ш дыбысы дұрыс айтылатын болады.
Келесі тәсіл Т дыбысын негізге алуды көздейді. Балаға айна алдында Т дыбысын 3-4 секунд интервалмен бірнеше рет айтқызады. Сосын жаттығу өзгертіліп, артикуляция жақындалған тістермен емес, жартылай ашылған ауызбен қайталанады, бірақ тілдің алдыңғы шеті тіске емес, альвеолаға жабысатыны ескертіледі.
Сонан соң альвеоларды Т дыбысын аспирациямен / шұғыл дем шығару/ айтылады, алғашқы сияқты. Осы кезде дыбысқа жеңіл қысқа шу қосылады. Әрі қарай бұл шу созылып айтылады. Онан соң тек тілді ауыз қуысына қарай тереңірек жылжытып тістерді жақындатып, ерінді дөңгелектеу керек.
Ш дыбысын қалыптастырудың келесі тәсілі-зонд қолдану. Оған негіз болатын С дыбысының дұрыс артикуляциясы. Балаға С дыбысы бірнеше рет дауыстысы ба рбуын құрамында /С-С-А/ создырып айтқызады. Ізінше ашық жағдайда тіл астына №5 зонд қойылады, сосын тілді қысып айтқызады /25-сурет/.Баланың осыны орындауға талаптануы /механикалық әсерінен/шудың түрін өзгертеді.
Зондтың көлбеуі мен ауыз ішіне сұғыну тереңдігін реттей отырып, жұмысты осы сатыда, ең дұрыс акустикалық тиімділігін беретін қалыпты таңдап алу керек. Тіл артикуляциясы бекітілісі болмайынша баланың есіне Ш дыбысы нсаоуға, оған осы әріпті көрсетуге, жаттығуларға осы дыбыс бар сөздерді қосуға болмайды. Материал ретінде са, со, се, сы, аса, асо, ас, асе, асы, ос,эс буындарын алуға болады. Барлық жағдайда дауыссыз дыбыс созылып айтылуға тиіс. Жаңа артикуляция қалыптасқан соң балаға қандай дыбыс алынғаның айтуға Ш әріпін көрсетуге, осы дыбыс ба рсөздерді жаттығуларды қосуға болады. Өте қиын жағдайда Ш дыбысын қоюды тілдің қажетті формасы мен қалпын қалыптастыруға бағытталған артикуляциялық әзірлік жаттығулардан бастау керек . Оған тілді «күрекке» ұқсатып шығару, тіл ортасындажырашық жасап үрлеу жатады, одан әрі тілді жоғарғы еріндіжалау оған тілді жапсыру, осы қалыпта қағазға үрлеп, оның қиғаш жоғарғы желбіреуін бақылау жүзеге асады. Егер тілдің жоғарғы ерінге өздігінен көтерілуі, сол қалыпта тұруы мүмкін болмасаоған шпательді немесе саусақты пайдалану керек. Тілді жоғарғыерінге тигізіп үрлейді. Ол жүзеге асқан соң тілді жоғарғы тістердің сыртына қозғауға болады. Осы қалыпта үрлегенде ағылшынның дыбысын еске салатын шу шығады.
Жаңа артикуляцияны бекіткен соң кезекпен жұмыстың ақырғы сатысына көшеді. Әр сатыға сөйлеу органдарының тиісті қалпы бекігенше қанша уақыт қажет болса, сонша кідіру керек. Бұл сатылартілдің таңдайға қарай, одан әрі жылжуын, тістердіңң айқасуын, ақырында еріннің дөңгелеуінен тұрады.
Одан кейін міндет- артикуляцияны Ш дыбысы бар буындармен сөздерге бекіту, қажет болғанда оны жасалу механизмі, айтылуы ұқсас дыбыстармен дифференциялау. Ш дыбысын қалыптастыру мен бекітуге байланысты жаттығуларды мөлшерлеу қажетін атап көрсету керек, себебі бұл жаттығулар тыныс аппаратын тез шаршатады.
Ш дыбысының артикуляциясының /сондай-ақ ж,р,л/қысқарғантіл асты желбезегінің қимылын қиындатқан жағдайда, логопедиялық жұмыстан бұрын тіл желбезегін айыру операциясы өтуге тиіс. Алайда тәжірибеде бұл әдісті операцияны қажет етпейтін баларға қолдану орын алып жүр. Көбінесе аздап қысқарған желбезегін жаттығу көмегімен де созуға болады.
Өте сирек жағдайда, тіл ұшынан механикалық әдіспен көтеруге болмағанда ғана операция қажет болады.
Ш артикуляциясын меңгерген жағдайда Ж дыбысының айтылу кемшілігін түзету қиынға түспейді. Бала Ш дыбысын созып айтып, оған дауысын қосса жеткілікті. Оны логопедтің өзі жасап көрсетеді, ол үшін баланың қолын аузына тақайды /ауа ағының сезіну үшін/, екінші қолын тамағына тигізіп ұстайды /тербелісті сезіне үшін/,содан кейін бала өзінің Ш және Ж дыбыстарын айтуын өзі тексере алады.
Нәтижеге жеткен соң буын, сөз, сөз тіркесі материалдармен дыбыстың дұрыс айтылуын бекітеді, оны Ш дыбысынан ажыратып алады.
Егер 3 дыбысы дұрыс болса №5 зонд көмегімен С дыбысынынң Ш дыбысын қалыптастырған жолмен Ж дыбысын түзету қиын емес.
Ш дыбысы болса Щ, Ч дыбыстарын айтуға қателік бола бермейді. Ол тек Щ мен С, Ч мен Ц парасигматизмі жағдайында ғана кездеседі.
Щ дыбысын түзету үшін, ол С түрінде айтылса №5 зонд немесешпатель қолданылады. Онда тілді механикалық құралмен аздап көтеріп және кейін ығыстырып /жоғарғы артикуляция/ немесе тек ейін ығысқан /төмеңгі артикуляция/ дыбысты дұрыс айтуға қол жеткізеді, одан соң әуелі механикалық көмектен кейін оның жаттығулармен бекітеді.
Ч дыбысы Ц / немесе Ц/ дыбысымен алмасқанда Щ дыбысын түзеткендей механикалық әдіс ұсынылады. Бұл дыбысты түзету үшін Т дыбысы негіз болатын тәсілді де ұсынаға болады. Егер тіл астына №5 зонд көмегімен дыбыстыайтқан кезде, тіл шетін аздап көтеріп, сәл шегіндірсе төмендегісі пайда болады. Щ дыбысынан Ч дыбысы ғана шығып қоймайды, егер Ч буын меңгерілген болса одан Щ дыбысын алуға болады. Бұл жағдайда әуелі ұзартып алып, содан соң біріккен дыбыстан оның фриктигі бөлігін ажыратса жетеді /ЧЩ-ЧЩ, Щ.
№ 5 дәріс. Р және р. дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету жолдары.
