Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15 Куанышев.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
782 Кб
Скачать
☆

Вепольдік талдау

Өнертабыстық мәселелерді шешу алгоритмнің әрі қарай дамуы болып Г. Альтшуллер ұсынған өнертабыстық мәселелерді шешу теориясы табылады, сонда бұл теорияда техникалық жүйенің жұмыс жасауының жеңілдетілген схемасы пайдаланады.

Техникалық жүйенің немесе оның бөлігінің жұмыс жасауының жеңілдетілген схемасын В әрпімен белгіленетін өзара әрекеттесуде болатын екі «зат» түрінде көрсетеді. Қандай да болмасын әсерге душар болатын бірінші затты В1 бұйымы, ал екіншісі В1 бұйымына әсер ететін В2 құрал-сайманы деп атайды. Бұлардың арасында дәнекер болып қандай да болмасын П өрісі болады, сонда оның энергиясы В1 және В2 жағдайларын анықтайды немесе В1-дің В2-ге әсерін қамтамасыз етеді. Бұл үш компонент – В1, В2 және П – пайдалы әсер алу үшін керекті және жеткілікті болып табылады. Мұндай ең кішкентай жүйе веполь деп аталады. Өнертабыстық мәселелерді шешкенде вепольді пайдалану үшін келесілерді ескерген жөн (вепольдік талдау):

1) «Зат» деп кез келген объектіні олардың күрделілік дәрежесіне қарамастан қабылдайды, мысалы, шплинт пен гайкадан бастап ұшаққа дейін. Мұздағы мұзжарғыштың қозғалыс жылдамдығын жоғарылату туралы мәселені қарастырғанда бірінші «зат» ретінде мұз (В1), ал екінші «зат» ретінде мұзжарғыш (В2) алынады;

2) «Өріс» ұғымы электромагниттік, гравитациялық әлсіз және күшті әрекеттестіктерді, сонымен қатар заттар арасындағы әрекеттестіктердің басқа да түрлерін қамтиды, мысалы, механикалық, жылулық, акустикалық және т.б. Мұзжарғыш туралы мысалда өріс П ретінде мұзжарғыш пен мұз арасындағы әрекеттестікті есептейді. В1, В2 және П арасындағы өзара байланысты көрсету керек болған жағдайда вепольдік формула (модель) істейді және мұнда байланысты, әрекеттесуді, әрекеттесудің нәтижесін графикалық көрсетеді (2-сурет).

а б в г д е ж

2-сурет. Байланыстардың, әрекеттесулердің түрлерінің графикалық көрсетілуі

2-суретінде (а) мәселенің шартынан (берілгені) нәтижеге (алынды) өту көрсетілген. Затардың бір бірімен әрекеттесуі (әрекеттесу) 2-суретінде (б) көрсетілген. Бір компоненттің екінші компонентке істейтін әрекеті 2-суретінде (в) көрсетілген. Мәселенің шарты бойынша әсер немесе әрекеттесу 2-суретінде (г) көрсетілген. Қанағаттандырмайтын әсер немесе әрекеттесудің өзгертілуін талап етілуі 2-суретінде (д) келтірілген. Байланыстың бұзылуы 2-суретінде (е) көрсетілген. Зат пен өрістің байланысы 2-суретінде (ж) келтірілген.

Мысал ретінде екі вепольдік формула қарастырамыз (3-сурет).

а б

3-сурет. Вепольдік формуланың көрсетілуі

Бұлай көрсету жүйенің үш компоненттерінің арасындағы әрекеттесудің сипатын көрнекі сипаттайды.

3-суретіндегі (а) формуласы мынаны көрсетеді: В1 заты В2 затына әсер ете отырып, оны өзгертеді және осының нәтижесінде П өрісі пайда болады, мысалы, жылу, электромагниттік (көрінетін жарық) немесе басқа өріс.

3-суретіндегі (б) формуласы П1 өрісі В2 затын П2 өрісіне айналдырады, сонда В2 заты В1 затымен байланысқан (мысалы, онымен бірге қозғалады).

Вепольдік формула көмегімен өнертабыстық мәселені белгілеу және оны басқару үшін қажетті нәтиже алуға арналған жүйеде керекті өзгерістер жүргізу жолы белгіленеді. Дегенмен мынаны ескерген дұрыс, яғни вепольдік формулалар (модельдер) техникалық объектінің құрылысын көрсетпейді, олар тек қана мәселенің құрамын, бағытты, оның шешу тәсілін (амалын) көрсетеді.

Қайшылықтарды шешу мақсатымен вепольдік модельдеуде екі негізгі вепольді өзгерту ережесі пайдаланады.

Шындықты салып бітіру ережесі зат немесе өріс жетпеген толық емес жүйе кездессе қолданады. Бұл жағдайда мәселені шешу толық вепольге жеткенше жүйені салып бітіруге айналады, яғни оған зат немесе өріс, немесе екеуінде енгізуге айналады.

Вепольді бұзу ережесі объектілердің зиянды әрекеттесуін жою керек болған жағдайда қолданады. Сонда оларды ажырату керек, мысалы, олардың арасына осы техникалық жүйеде жаңа болатын үшінші зат қою керек, әлде екі заттың біреуінің түрін өзгерту керек, әлде оларды үйлестіру керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]