Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15 Куанышев.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
782 Кб
Скачать
☆

Өнертабысқа сұранымды сараптау

Өнертабысқа сұранымды сараптау Заңның 22-бабымен және Ережелердің 77...122- тармақтарымен регламентацияланған.

Ережелерге сәйкес Казпатентке түскен сұраным материалдары олардың түсу күнін қою арқылы тіркеледі. Сұранымға номер беріледі. Мәлімдеушіге Казпатентке сұраным түсу күні мен оған берілген номері туралы хабарлама жіберіледі және де патент алынған жағдайда басымдылық күні болып есептеледі.

Сұранымды сараптау бірнеше процедураны қамтиды (сурет).

Казпатентте сұраным екі сатылы сараптаудан өтеді: немқұрайлы және мәніс бойынша сараптау.

Немқұрайлы сараптау процесінде Заңның 16-бабының 12-тармағында көзделген құжаттардың барлығы және оларға қойылатын талапдың қадағалануы тексеріледі. 12 ай мерзімінде мәлімдеуші салық бажын төлемей өзінің ынтасымен сұраным материалдарына дұрыстаулар мен түзетулер енгізуге құқығы болады.

Немқұрайлы сараптаудың ойдағыдай нәтижесі мен өнертабыс сұранымының түсу күні туралы мәлімдеуші тез хабарланады.

Немқұрайлы сараптауды ойдағыдай нәтижемен өткен сұраным түсу күнінен бастап 18 ай өткен кезде Казпатент өзінің ресми бюллетеньнінде «Өнеркәсіптік меншік» өнертабысына сұраным туралы мәліметті жариялайды. Мұндай жариялымның заңдық мәні былай түсіндіріледі, яғни мәлімделген өнертабысқа патент беру туралы мәлімет жариялану күніне дейін жарияланған формула көлемінде уақытша құқықтық қорғау беріледі (Заңның 13-бабы). Жарияланғаннан кейін кез келген тұлға сұраным материалдарымен таныса алады.

Мәніс бойынша сараптау тек қана оны жүргізу туралы мәлімдеушінің немесе үшінші тұлғалардың жазбаша өтінішінен және сәйкес салық бажын төлегеннен кейін жүргізіледі. Өтініш Казпатентке сұраным түсу күнінен бастап үш жыл ішінде кез келген уақытта берілуі мүмкін. Егер осындай өтінішкөрсетілген мерзімде түспесе, онда сұраным кері шақырылып алынды деп есептелінеді.

Мәніс бойынша сараптау мәлімделген өнертабысқа қатысты техника деңгейін және өнертабыстың патенттік қабілеттілік шартарына, яғни «жаңалық», «өнертабыстық деңгей», «өнеркәсіптік қолданушылық» белгілеріне сәйкестігін анықтау үшін ақпараттық ізденісті қамтиды.

Егер өнертабысқа сұранымның мәнісі бойынша сараптау процесінде өнертабыс патенттік қабілеттілік шарттарына сәйкестігі анықталса, онда өнертабысқа патент беру туралы өнертабыстың басымдылық күні көрсетілген шешім қабылданады.

Патент беру туралы шешім алысымен, мәлімдеуші өнертабысты тіркеуге және Қазақстан Республикасының өнертабысқа патентін алуға арналған патенттік салық бажын төлеуі тиіс. Патенттік салық бажы төленгенін растайтын құжат орныққан тіртіп сәйкес көрсетілмесе, онда өнертабысты тіркеу және өнертабысқа патент беру орындалмайды, ал сәйкес сұраным кері шақырып алынды деп танылады.

Патент беру туралы жарияланумен қатар Казпатент өнертабысты ҚР өнертабыстардың Мемлекеттік реестріне енгізеді және арызда көрсетілген тұлғаға патент береді. Егер патент бірнеше тұлға аттарына сұралса, онда оларға тек қана бір патент беріледі.

Осымен сұраным сраптауы аяқталады. Әрі қарай патентті оның барлық әсерлік мерзімінде күшінде ұстау үшін патент иесі сұраным Казпатентке түсу күнінен бастап үш жылдан кейін Тарифке сәйкес жалдық салық бажын төлеп отыру керек.

Сурет. Өнертабысқа сұранымды сараптау схемасы

14-дәріс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]