- •Шығармашылық және инженерлік іс-әрекет
- •Инженерлік іс-әрекет процесінде техникалық объектілерді зерттеу әдістері туралы қысқаша мәліметтер
- •Салыстыру және өлшеу
- •Индукция және дедукция
- •Талдау және синтез
- •Абстракциялау
- •Модельдеу
- •Ұқсастық. Ұқсас және қарсы үлгі
- •Техниканың инвариантты ұғымдары
- •Техникалық жүйелерді функционалды талдау негіздері
- •Техникалық жүйелер элементтерінің олардың орындайтын функцияларына байланысты жіктелуі
- •Функционалды талдау әдістемесі
- •Техникалық объектілердің даму белгілері Техникалық объектінің сапасы және техникалық деңгейі туралы түсініктер
- •Техникалық объектілердің даму белгілерінің жіктелуі
- •Техникалық объектілердің даму белгілер топтарының сипаттамасы
- •Техникалық жүйелердің құрылысы мен даму заңдары
- •Техникалық объектінің буындары мен модельдері
- •Техника құрылысының заңдары мен заңдылықтары
- •Жүйе бөліктерінің толықтық заңы
- •Жүйе бөліктерінің энергия өткізгіштік заңы
- •Жүйе бөліктерінің ырғақтарының үйлесу заңы
- •Техникалық жүйенің функциясы мен құрылымының арасындағы сәйкестік заңы
- •Техниканың прогрессивті даму заңы
- •Техниканың сатылы даму заңы
- •Техникалық жүйелердің өмірлік циклі
- •Шығармашылық әрекет ойлауды жандандыру әдістері
- •«Байқап көру қателесу» әдісі
- •Эвристикалық амалдар әдісі
- •Ақылмандар талқысы әдісі
- •Синектика әдісі
- •Морфологиялық талдау әдісі
- •Бақылау сұрақтары әдісі
- •Өнертабыстық мәселелерді шешу алгоритмі
- •Вепольдік талдау
- •Функционалды – құндық талдау
- •Техникалық мәселенің қойылуы
- •Техникалық мәселе қою процесінің негізгі операциялары
- •Мәселелік жағдайдың қысқаша баяндамасы
- •Техникалық объект функциясының (қажеттігінің) баяндамасы
- •Түпнұсқаның кемшіліктерінің тізімі мен жобаланатын техникалық объектіге қойылатын талаптарды құрастыру
- •Бастапқы мәселені тұжырымдау
- •Техникалық мәселенің шешімін дәстүрлі әдістермен іздестіру
- •Түпнұсқаның функционалды талдауы әдісі
- •Бастапқы кемшіліктер пайда болу себептерін талдау әдісімен шешім іздестіру
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру Өнертабыстық мәселе ұғымы
- •Техникалық объекттердегі қайшылықтар
- •Идеалды техникалық шешім
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықтарды табу және талдау
- •Идеалды техникалық шешім негізінде мәселенің шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықты талдау әдісімен мәселенің шешімін іздестіру
- •Патенттану негіздері Зияткерлік меншік ұғымы
- •Өнертабыс объектілері
- •Өнертабысқа патент беру сұранымын рәсімдеу
- •Өнертабыс баяндамасының бөлімдеріне қойылатын талаптар
- •Өнертабысқа сұранымды сараптау
- •Өнертабысқа сұраным құжаттарын құрастыруға арналған ұсыныстар
- •Патенттік ізденіс жүргізу тәртібі
- •Өнертабыстың баяндамасын дайындау
- •Алдын ала дайындау бланктері
- •Өнерлі тұлға – экономиканың инновациялы дамуының негізі
Идеалды техникалық шешім негізінде мәселенің шешімін іздестіру
Идеалды техникалық шешімге қойылатын талаптар әртүрлі және өте қатал болады. Әртүрлі қажеттікті жүйелерге келтірілген талаптардың кейбіреулері қойылуы мүмкін. Басымдылықтарды орын-орнына қоюға дамудың негізгі магистральін анықтау көмектеседі және де талаптардың өздері дамудың негізгі магистральін анығырақ анықтауға көмектеседі. Нақты тарихи-экономикалық себептер туындататын сол немесе басқа техникалық жүйелердің даму тарихының бұлтарақтауына қарамастан кез келген техникалық жүйе ғаламдық аспекте идеалдылық дәрежені жоғарылату жағына дамиды, ал алдында келтірілген идеалдылықтың сегіз белгісі нақты техникалық жүйе дамуының негізгі магистральін табуға көмектесе тұрмай, мүмкіндік техникалық шешімдерді талдағанда күшті (тиімді) шешімдерді нашар шешімдерден бөліп алуға көмектеседі. Идеалды шешімге қойылатын негізгі талап болып берілген функцияны қосымша материалдық (қосымша техникалық құрылғы), энергетикалық (осы құрылғыны іске қосу үшін) және басқа ресурстар шығындарысыз, яғни алынған техникалық шешім берілген функцияны ресурстардың қосымша шығындарысыз (өздігінен берілген функцияны қосымша басқаруды, қосымша құрылғыны, қосымша энергияны талап етпей орындауды қамтамасыз етуі тиіс) орындау табылады.
Идеалды техникалық шешім көмегімен мәселені шешу өте күшті вариантты ұстап, одан мүмкіндігінше аз бұлтақтамау болады.Идеалды техникалық шешімді қарапайым схема бойынша тұжырымдайды: қарсылас жұп элементтерінің біреуі өздігінен зиянды әсерді жойып, негізгі әрекетті іске асырыратын мүмкіндігін сақтайды. Шешімнің идеалдылығы болып керекті тиімділік қандай да болмасын құралдарды пайдаланбай босқа қол жеткізу қамтамасыз етілуі табылады.
Техникалық қайшылықты талдау әдісімен мәселенің шешімін іздестіру
Таңдап алынған жүйе қайшылықтарды анықтау мақсатымен оның жұмыс істеуінің ішкі заңдылықтары мен қоршаған ортамен байланысы анықталады және талданады. Жүйенің ойдағыдай жұмыс істеуін қиындататын негізгі өте маңызды қайшылықты анықтау керек.
Анықталған қайшылықты еңсеру жолдары мен құралдарын іздестіру ойлаудың ең маңызды кезеңі болады. Техникалық жүйелер үшін бұл жерде белгілі физикалық әсерлер фонды, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері пайдаланады. Бұл кезеңде бастапқы жүйеге өзгерістер енгізу керек болуы мүмкін (мысалы, оны қосымша элементтер енгізу арқылы кеңейту). Бұл кезеңде табылған негізгі қайшылықты табысты еңсеретін идея тапқан дұрыс. Бұл идеяның «тиімділік қоры» үлкен болса тіпті жақсы, сонда оның 10...15 % маңыздығы аздау қайшылықтарға жұмсап, керекті жетістікті қамтамасыз етуге болады.
Қайшылықты еңсерудің қабылданған вариантына сүйене отырып, жүйе құрылымын қалыптастыруға, оның мүмкін болатын варианттарынан ең жақсысын таңдауға кірісуге болады. Мұнда белгілі әртүрлі шешім қабылдау әдістерін қолдану пайдалы болады (ақылмандар талқысы және басқалары).
Шығармашылық ізденіс циклін қабылданған шешімді бағалаумен аяқтайды. Қабылданған шешімді бағалаумен қатар осы шешімді іске асырғаннан кейін пайда болатын проблемаларды қарастыру керек. Бір проблеманы шешімі жаңа проблемаларды тудыратынын естен шығармау керек.
12-дәріс
