- •Шығармашылық және инженерлік іс-әрекет
- •Инженерлік іс-әрекет процесінде техникалық объектілерді зерттеу әдістері туралы қысқаша мәліметтер
- •Салыстыру және өлшеу
- •Индукция және дедукция
- •Талдау және синтез
- •Абстракциялау
- •Модельдеу
- •Ұқсастық. Ұқсас және қарсы үлгі
- •Техниканың инвариантты ұғымдары
- •Техникалық жүйелерді функционалды талдау негіздері
- •Техникалық жүйелер элементтерінің олардың орындайтын функцияларына байланысты жіктелуі
- •Функционалды талдау әдістемесі
- •Техникалық объектілердің даму белгілері Техникалық объектінің сапасы және техникалық деңгейі туралы түсініктер
- •Техникалық объектілердің даму белгілерінің жіктелуі
- •Техникалық объектілердің даму белгілер топтарының сипаттамасы
- •Техникалық жүйелердің құрылысы мен даму заңдары
- •Техникалық объектінің буындары мен модельдері
- •Техника құрылысының заңдары мен заңдылықтары
- •Жүйе бөліктерінің толықтық заңы
- •Жүйе бөліктерінің энергия өткізгіштік заңы
- •Жүйе бөліктерінің ырғақтарының үйлесу заңы
- •Техникалық жүйенің функциясы мен құрылымының арасындағы сәйкестік заңы
- •Техниканың прогрессивті даму заңы
- •Техниканың сатылы даму заңы
- •Техникалық жүйелердің өмірлік циклі
- •Шығармашылық әрекет ойлауды жандандыру әдістері
- •«Байқап көру қателесу» әдісі
- •Эвристикалық амалдар әдісі
- •Ақылмандар талқысы әдісі
- •Синектика әдісі
- •Морфологиялық талдау әдісі
- •Бақылау сұрақтары әдісі
- •Өнертабыстық мәселелерді шешу алгоритмі
- •Вепольдік талдау
- •Функционалды – құндық талдау
- •Техникалық мәселенің қойылуы
- •Техникалық мәселе қою процесінің негізгі операциялары
- •Мәселелік жағдайдың қысқаша баяндамасы
- •Техникалық объект функциясының (қажеттігінің) баяндамасы
- •Түпнұсқаның кемшіліктерінің тізімі мен жобаланатын техникалық объектіге қойылатын талаптарды құрастыру
- •Бастапқы мәселені тұжырымдау
- •Техникалық мәселенің шешімін дәстүрлі әдістермен іздестіру
- •Түпнұсқаның функционалды талдауы әдісі
- •Бастапқы кемшіліктер пайда болу себептерін талдау әдісімен шешім іздестіру
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру Өнертабыстық мәселе ұғымы
- •Техникалық объекттердегі қайшылықтар
- •Идеалды техникалық шешім
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықтарды табу және талдау
- •Идеалды техникалық шешім негізінде мәселенің шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықты талдау әдісімен мәселенің шешімін іздестіру
- •Патенттану негіздері Зияткерлік меншік ұғымы
- •Өнертабыс объектілері
- •Өнертабысқа патент беру сұранымын рәсімдеу
- •Өнертабыс баяндамасының бөлімдеріне қойылатын талаптар
- •Өнертабысқа сұранымды сараптау
- •Өнертабысқа сұраным құжаттарын құрастыруға арналған ұсыныстар
- •Патенттік ізденіс жүргізу тәртібі
- •Өнертабыстың баяндамасын дайындау
- •Алдын ала дайындау бланктері
- •Өнерлі тұлға – экономиканың инновациялы дамуының негізі
Өнертабыс объектілері
Өнертабыстың объектілеріне құрылғы, тәсіл, зат, микроорганизмдер штаммдары, өсімдіктер мен жануарлардың клеткаларының тарамдары, сонымен қатар алдында белгілі құрылғылардың, тәсілдердің, заттардың, штаммдардың жаңа қажеттік бойынша қолдануы кіреді.
Құрылғыларға құрылымдар мен бұйымдар жатады.
Өнертабыс объекті ретінде қарастырылатын тәсіл деп материалды құралдар көмегімен материалды объекті үстінен жүргізілетін әрекеттік процесті түсінеді.
Заттарға, жекелеп айтқанда, химиялық қоспалар (нуклеин қышқылдары мен ақуыздарды қоса есептегенде); композициялар (құрамдар, қосындылар); ядролық айналдырудың өнімдері жатады.
Микроорганизмдер штаммдарына бактериялардың, вирустардың, бактериофагтардың, микро балдырлардың, микроскопиялық саңырау құлақтардың штаммдары, микроорганизмдер консорциумыдары кіреді.
Өсімдіктер мен жануарлардың клеткаларының тарамына клетка ұлпаларының, өсімдіктердің немесе жануарлардың органдарының тарамдары; плазмидтер; микроорганизмдердің, өсімдіктер мен жануарлардың және басқа генетикалық құрылымдардың тұрақты тасымалданған клеткалары жатады.
Өнертабысқа патент беру сұранымын рәсімдеу
Қорғайтын құжат (патент) алу үшін сұраным рәсімделеді және ол мыналардан тұрады:
- патент беру туралы арыз;
- өнертабысты жүзеге асыруға жеткілікті оның толық баяндамасы;
- өнертабыстың баяндамасына негізделген және оның мәнін түсіндіретін өнертабыстың формуласы;
- өнертабыстың мәнін түсіндіруге арналған сызбалар мен басқа материалдар;
- реферат.
Берілген мөлшерде салық бажы төленуін растайтын құжат сұраным құрамына кіреді.
Өнертабыс баяндамасының бөлімдеріне қойылатын талаптар
Өнертабыс атауы. Өнертабыстың атауы қысқа және дәл болуы керек және өнертабыстың мәніне сәйкес болуы тиіс. Ол өнертабыс қандай объектіге (құрылғы, тәсіл, зат, штамм, тарам, қолдану) жататынын көрсетуі тиіс және оның жарнамалық сипаты болмауы керек.
Өнертабыс атауына өнертабыстың ерекшелік белгілер кірмеуі керек, яғни оның мәнін ашпауы тиіс.
Өнертабыс қарайтын техника саласы және өнертабыс пайдалануының басымды саласы. Алдымен кең мағынадағы техника саласы (мысалы, металлургия, машина жасау,металл өңдеу және т.б.) көрсетіледі. Сонан соң өнертабыс пайдалануының басымды саласы келтіріледі.
Техника деңгейі. Бұл бөлімде сұраным берушіге белгілі мәлімделетін объектімен тиімділік бойынша салыстырылатын өнертабысқа жақындау және өнертабыс қолдану саласындағы прогрессивті аналогтардың техникалық шешімдері туралы мәліметтер келтіріледі. Сонда Ресейде, АҚШ-та, Англияда, Жапонияда, Францияда, Германияда, Швейцарияда белгілі өнертабыстардың патенттік зерттеулері туралы ақпарат пайдаланады.
Аналогтар туралы мәліметтерде мәлімделетін өнертабыстың белгілеріне ұқсас аналогтардың маңызды белгілері көрсетіледі. Техникалық нәтижеге әсерін тигізетін белгілер маңызды белгілерге жатады, яғни олар көрсетілген нәтижемен себеп-салдар байланыста болады.
Мәлімденетін өнертабыста жарым-жартылай немесе толық жойылатын аналогтардың кемшіліктері көрсетілуі қажет.
Объектінің (аналогтың, өнертабыстың) белгілері ретінде мыналарды түсінеді:
- құрылғы (тораптар, тетіктер және құрылымның басқа элементтері) сипаттағанда мыналар берілуі тиіс: олардың орындалу пішіні (атап айтқанда, геометриялық), өзара орналасуы, араларындағы байланыстар барлығы; элементтердің параметрлері мен сипаттамалары және олардың өзара байланысы; элемент немесе біртұтас құрылғы жасалған материал; элемент қызметін атқаратын орта;
- тәсілді (операциялар мен амалдар) сипаттағанда мыналар берілуі тиіс: өңдеу, өндіру, орнату, өлшеу, бақылау тәртіптерінің параметрлері; уақыт бойынша әрекеттерді орындау реті (ретпен, қатар, әртүрлі үйлесімдерде); заттар мен құрылғыларды пайдалану (шикі зат, катализаторлар, құрал-саймандар);
- заттарды сипаттағанда мыналар берілуі тиіс: ингредиенттердің сапалық және сандық құрамы; композиция құрамы; ингредиенттер құрылысы.
Аналогтардың ішінен өнертабысқа техникалық мәні мен қол жеткізілетін жағымды тиімділік бойынша ең жақын аналог таңдалады. Оны түпнұсқа ретінде қарастырады. Мәлімделетін өнертабыстың белгілерімен бірдей болатын түпнұсқаның барлық белгілері және өнертабыспен жойылатын түпнұсқаның кемшіліктерін келтіреді.
Өнертабыстың мәні. Бұл бөлім өнертабыстың мақсатын баяндаудан басталады. Өнертабыстың мақсаты қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыруға бағытталған және түпнұсқаның кемшіліктерін жоятын техникалық нәтиже (жағымды тиімділік) түрінде тұжырымдалады.
Техникалық нәтиже өнімділік, ПӘК жоғарылауы, материалдар үнемділігі, өнім сапасының, еңбек жағдайларының жақсартылуы түрінде көрсетілуі мүмкін.
Өнертабыстың мақсаты баяндалғаннан кейін техникалық шешім жаңалығын сипаттайтын барлық маңызды белгілер жинағы түрінде өнертабыстың мәні баяндалады.
Суреттер, сызбалар және басқа материалдар тізімі. Керек болған жағдайда өнертабыстың мәнін түсіндіретін әрбіреуінде көрсетілгендерді қысқаша түсіндіретін графикалық суреттер келтіріледі.
Өнертабысты жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтер. Бұл бөлімде өнертабыстың мәнін сипаттайтын барлық белгілер және оны жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын барлық белгілер толық баяндалады. Сонда өнертабыстың түпнұсқа белгілерімен бірдей болатын белгілерімен қатар мәлімденетін өнертабыстың түпнұсқадан өзгешелігін растайтын белгілер көрсетіледі. Осы жерде өнертабыстың мәнін түсіндіретін сызбаларға, схемаларға және басқа материалдарға сілтеме жасалады.
Құрылғыны баяндағанда алдымен оның статикалық күйіндегі құрылымы баяндалады, яғни өнертабыстың осы құрылымы мен сызбаларды (схемаларда) графикалық және цифрлік белгілермен көрсетілген барлық белгілері (тораптар, тетіктер, өзара орналасуы және т.б.) көрсетіледі. Мәтінде көрсетілуіне қарай толассыз номерлер пайдаланады. Құрылғының барлық тораптары мен тетіктерін жай санап шықпай, оларды өзара байланыстыра береді.
Құрылғыны статикалық күйінде баяндаудан кейін оның жұмысының баяндамасы келтіріледі (құрылғының динамикалық баяндалуы). Сонда оның жұмысқа қабілеттілігімен қатар жеке элементтердің (тораптар, тетіктер) әрекеттесуінде болатын жағымды тиімділік алынуы дәлелденеді.
Тәсілді баяндағанда өнертабыс мақсатына қол жеткізетін орындалатын амалдар, әрекеттер, операциялар келтіреді. Процесс жүргізу тәртіптерінің параметрлері (температура, қысым, қойылатын күштердің шамалары, қозғалу жылдамдығы және т.б.), пайдаланатын жабдықтар, аспаптар, олардың сипаттамалары (керек болған кезде) көрсетіледі.
Сонан соң өнертабыстың техникалық – экономикалық артықшылықтары туралы мәліметтер көрсетілген өнертабыс қолдануының нақты мысалдарын келтіреді.
Өнертабыс формуласы. Өнертабыс формуласы деп белгіленген ережелер бойынша құрастырылған объектінің маңызды белгілері түрінде өнертабыстың техникалық мәнін көрсететін және өнертабыстың мән-мағынасын логикалық анықтайтын қысқаша сөздік сипаттамасын түсінеді. Өнертабыс формуласы патентке берілетін құқықтық қорғау көлемін анықтайтын болғандықтан, оны құрастырғанда келесі талаптарды ескеру керек:
- ықшамды және жалпы схема бойынша құрастырылуы тиіс, яғни оның ішінде өнертабыстың атауы, шектейтін және ерекшелейтін болуы керек;
- өнертапқыштың жеке орындалумен қатар мүмкіндігінше кеңірек шектерде, барлық мүмкіндік түрлерінде құқығы анықталуы тиіс;
- өнертабысты анықтайтын барлық маңызды жалпы және жеке белгілері кіруі тиіс;
- айқындалған, екі талай түсінік бермейтін анық, өнертабыстың құқықтық шегін анықтауы керек;
- тек қана бір өнертабысқа жасалуы тиіс.
Формуланың шектейтін бөлімі түпнұсқаның белгілерімен бірдей болатын өнертабыстың маңызды белгілерінің жинағы болады, сонда бұл белгілер болмаса, өнертабыстың жүзеге асуы мүмкін болмайды.
Формуланың ерекшелейтін бөлімі өнертабыстың түпнұсқадан өзгешелігін растайтын оның тек қана жаңа белгілерінен тұрады. Атауы мен шектейтін бөлім ерекшелейтін бөлімнен былай бөлінеді: «...ол былай ерекшеленеді, яғни...».
Өнертабыс формуласы бір тармақ түрінде құрастырылады (бір звенолы формула), не екі немесе одан да көп тармақтар түрінде құрастырылуы мүмкін (көп звенолы формула).
Бір звенолы формула өнертабыс объектісінің маңызды белгілері оның негізгі техникалық сипаттамасын толық тауысады және кейінге тармақтарда оны әрі қарай дамытудың керегі болмаған жағдайда қолданады.
Көп звенолы формула формуланың бірінші тармағында көрсетілген белгілер жинағын жеке орындалу жағдайларына арнау үшін немесе өнертабысты пайдалану үшін немесе бір шығармашылық түпкі оймен байланысқан өнертабыстар тобын сипаттау үшін дамыту немесе түзету керек болған жағдайда қолданады.
Реферат. Реферат өнертабыс баяндамасының мазмұнын қысқаша баяндау болады, сонда оған мыналар кіреді: өнертабыстың атауы, өнертабыс қарайтын техника саласы, егер өнертабыс атауынан бұл тікелей шықпаса, онда оның қолдану саласы, қол жеткізілетін техникалық нәтиже көрсетілген өнертабыс мәнінің сипаттамасы. Рефераттағы өнертабыс мәнін өнертабыстың формуласын еркін баяндаумен сипаттайды, сонда оның барлық маңызды белгілері сақталады. Керек болған жағдайда рефератқа сызбаны немесе химиялық формуланы кіргізеді.
Реферат қосымша мәліметтер қамтуы мүмкін, атап айтқанда, өнертабыс формуласында тәуелді тармақтар, графикалық суреттер, кестелер бар екендігі және олардың саны көрсетілуі мүмкін. Реферат мәтінінің орташа көлемі 1000 басылым таңбасынан аспайды.
Сұраным құжаттарында ақпарат түпнұсқаларының библиографиялық мәліметтерін ақпарат түпнұсқасын тез табуға болатындай кылып жасайды.
