Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Маханов Жандос бизнес жоспар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
947 Кб
Скачать
☆

4.2 Нарықты саралау

Сурет 1 - Павлодар облысы бойынша турбазалар нарығын саралау

Демалу базаларында адамдар болуының орташа ұзақтылығы 4-15 күнді құрайды. Бір адамнан орташа чек 56 000 – 110 000 теңгені құрайды.

Кесте 4 – Қазақстанның туристік базаларының қызметтері бойынша орташа чек

Туристік база типі

Адамнан тәуліктік тұрудың орташа құны, теңгемен

А Классы

20 000 – 23 000

В Классы

20 000 – 23 000

С Классы

8 000 - 11 000

Аталған салада әрекет ететін кәсіпорындардың бағалық саясаты икемді, осындай кәсіпорындардың көбісі арнайы салықтық режимде немесе шағын кәсіпорын ретінде салық салу кезінде жеңілдуктерді қолданып, патент негізінде жұмыс істейді. Орта есеппен нарық демалу үйлерінің үш классымен келтірілген. «А»

классты демалу үйлері қызмет етудің жоғары сервисымен, емдік және СПА шараларының болуымен, фитнес орталықтардың, тамақтанудың болуымен, нұсқаушылар, мәдени бағдарламалардың болуымен сипатталады, қысқы және жазғы демалу түрлері мен т.с.с. болуына байланысты маусымдық жабылуларға ұшырамайды. «В» классты демалу үйлері жоғарыда айтылған белгілердің бірқатарының болмауымен сипатталады. «С» классты демалу үйлері жоғарыда айтылған параметрлердің кем дегенде жартысы болмауымен сипатталады. Павлодар облысының жерінде әрекет ететін туристік орталықтардың негізгі массасы клиенттерге арналған қысқы-жазғы бағдарламалардың болмауына байланысты маусымдық азаюға ұшырайды. Туристік базалардың орташа даналық саны – 15 - 20 адам. Жұмыс ауысыммен атқарылады. Туристік базалар жұмыс істейтін ұйымдастырушылық құқықтық форма көбінесе ЖШС, 20% жағдайларда берілген бизнесте ЖК субъектілері әрекет етеді. Қосымша қызметтерсіз тұру орнын ұсынуға мамандандырылған кейбір объектілер ұйымдастырушылық құқықтық форманы жасамай-ақ жұмыс атқарады, бұл осы объектілерді автоматты түрде коммерциялық қызметті заңсыз атқаратындар санатына жатқызады. Кәсіби туристік базаларға бәсекелестердің енгізетін жаңалықтарымен бәсекеге түсуге қиынға соғуда. Қазіргі уақытта бұл нарыққа капиталдандыру дәрежесі жоғары, және салыстырмалы түрде қолайлырақ сервисті ресейлік компаниялар ене бастады. Модульді ағаш шегендерді салу бойынша қызмет көрсететін бірқатар ресейлік компаниялар бар (ЖШҚ "АльтЛогик", "МодульДом" Құрылыс компаниясы). Жоба әкімшісі аталған өнімді пайдалануды жоспарлауда. Берілген өнімнің артықшылығы жылдам құрылуында, экологиялылығында және салыстырмалы төмен өзіндік құнында. Объектің техникалық қалпын сақтауға арналған шығыстар, жұмыскерлер еңбегінің міндетті сақтандырылуы және салықтарды төлеу берілген бизнес субъектілеріне заңсыз құрылыстармен бір бағалық текшеде болуға жол бермейді. Осы мәселені шешу үшін үкімет жекеменшік заңсыз құрылыстарға тыйым салу бойынша шаралар жүзеге асыруда. Осылайша жақын арада заңсыз құрылыстардың, олардың кейінгі бұзылуымен немесе жабылуымен және қайта жабдықталуымен, жоспарлы мониторингі жүргізіледі. Берілген салада осы нарықта кәсіби жұмыс атқаратын компаниялар ғана қызмет көрсете алады. Нарықта бекіп қалу және жемісті жұмыс атқару үшін әр объект белгілі бір текшеден орын алуы тиіс. «Жұмбақтас пансионатты», «Оқжетпес», «Мойылды» және «Жосалы» санаторийі сынды ірі компаниялар корпоративтік клиенттерге үміт артқан. Бұдан басқа, өте кең тараған тәжірибе – ол тендерлы және келісімдік негізде ұйымдаға қызмет көрсету. Берілген қызмет саласындағы ірі компаниялардың барлығы дерлік ұқсас қағидаттар бойынша жұмыс істейді.